Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Августа 2013 в 21:23, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі: Бүгінде тәуелсіз ел болған қазақ халқының қиын жол, қиын тағдырымен бірге жасасып, оның тарихы мен тағдыр-талайының көркем шежіресі болып келе жатқан қазақ әдебиеті қазір барлық жанрда дамып, тақырыптық-мазмұндық тереңдігімен, көл-көсір көркемдік-эстетикалық қуатымен халқымыздың мәдени-рухани әлемінде ерекше орын алып отыр. Бұл құбылыс әдебиетші ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан әр қырынан қарастырылып, әдебиетіміздің сан-салалы мәселелерімен байланыста жеке ақын-жазушылардың шығармашылығын зерттеуде де ғылыми мәнділігімен ерекшеленеді.

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................3-5
І. Көркемдік ойлау жүйесіндегі әдеби әдістер және қазақ әдебиетіндегі романтизм........................................................................................................6-35
І.1. Романтизм және көркемдік ойлау ..........................................................6
І.2. Қазақ романтизмі және оның даму тарихы мен зерттелуі...................21
ІІ. О.Бөкей романтизмінің өзекті мәселелері мен суреттелу ерекше-
ліктері ..........................................................................................................36-48
ІІ.1 О.Бөкей романтизміндегі дәуірдің өзекті мәселелері .........................36
ІІ. 2. О.Бөкей романтизміндегі болмыс, ұлт, адам образдарының суреттелу ерекшеліктері ................................................................................................42
ІІІ. О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық, көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы......................................................................................49-74
ІІІ.1 О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық сипаттары..................49
ІІІ. 2. О.Бөкей романтизмінің көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы...........................................................................................................53
Қорытынды....................................................................................................75-76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................77-79

Прикрепленные файлы: 1 файл

О.Бокей романтизм.doc

— 551.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей мемлекеттік педагогикалық  институты

Филология  факультеті

Қазақ әдебиеті кафедрасы

 

 

 

Қорғауға жіберілді:

   Кафедра меңгерушісі: 

                                                                                    ___________Ақтанова А.С.

                                                      (доцент, филолог.ғ.к.)

  «___» _____________2010 ж.

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

Тақырыбы:  О.БӨКЕЙ РОМАНТИЗМІ

 

 

 

 

 

 

 

Диплом жұмысын орындаған:    ____________       

 

Ғылыми жетекшісі:  __________________ Тоқсанбаева А.С.доцент, ф.ғ.к.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей

2010

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе ............................................................................................................3-5

 

І. Көркемдік ойлау жүйесіндегі әдеби әдістер және қазақ әдебиетіндегі романтизм........................................................................................................6-35

І.1. Романтизм және көркемдік ойлау ..........................................................6

І.2. Қазақ романтизмі және оның даму тарихы мен зерттелуі...................21

 

ІІ. О.Бөкей романтизмінің өзекті мәселелері мен суреттелу ерекше-

   ліктері ..........................................................................................................36-48

ІІ.1 О.Бөкей романтизміндегі дәуірдің өзекті мәселелері .........................36

ІІ. 2. О.Бөкей романтизміндегі болмыс, ұлт, адам образдарының суреттелу ерекшеліктері ................................................................................................42

 

ІІІ. О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық, көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы......................................................................................49-74

 

ІІІ.1 О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық сипаттары..................49

ІІІ. 2. О.Бөкей романтизмінің көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы...........................................................................................................53

 

Қорытынды....................................................................................................75-76

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................77-79

 

КІРІСПЕ

 

Диплом  жұмысының  өзектілігі: Бүгінде тәуелсіз ел болған қазақ халқының қиын жол, қиын тағдырымен бірге жасасып, оның тарихы мен тағдыр-талайының көркем шежіресі  болып келе жатқан қазақ әдебиеті қазір барлық жанрда дамып, тақырыптық-мазмұндық тереңдігімен, көл-көсір көркемдік-эстетикалық қуатымен халқымыздың мәдени-рухани әлемінде ерекше орын алып отыр. Бұл құбылыс әдебиетші ғалымдар мен зерттеушілер  тарапынан әр қырынан қарастырылып,  әдебиетіміздің сан-салалы  мәселелерімен байланыста жеке ақын-жазушылардың шығармашылығын зерттеуде де ғылыми мәнділігімен ерекшеленеді.

Қазақ әдебиетінің  өзге жанрлары сияқты проза да  барған сайын даму үстінде. Әсіресе, өткен  ғасырдың 60 жылдарынан бастап, бірқатар қаламгерлеріміз  негізінен осы  жанрда қалам тартып, мол көркем шығармалар шоғырын дүниеге әкелді.

Бұл орайда қазақ әдебиетінде прозаның дамуына зор үлес қосқан О.Бөкей, М.Мағуаин, Қ.Ысқақов, Р.Сейсенбаев, Ш.Мұртаза, Ә.Кекілбаев, Д.Исабеков, т.б. шығармалары қай елдің де өрелі туындыларынан кем түспейтін, идеялық-көркемдік тұрғыдан аса құнды еңбектер болды.

Солардың бірі мен бірегейі О.Бөкейдің қазақ әдебиетінің  эпика  жанрының проза саласына қосқан үлесіне баға беру – бүгінгі күннің уақыт талабы. Осы талап тұрғысынан қарағанда қазақ повестерінің бүтін бір кезеңін жасауға ат салысқан қаламгер шығармашылығын жан-жақты зерттеудің қажеттілігі туады.

Өйткені О.Бөкей қаламынан туған туындылар өзінің жазылу стилі, көркемдік әдістерді синкретті қолдануы жағынан ерекшеленеді. Жалпы көркемдік әдіс әдебиет теориясында тұрақты категория деп есептелгенмен, қаламгердің шығармашылық шеберлігі, көркемдік ойлау көкжиегі және жазушы шығармашылығында өзгермелі немесе өзара бірліктегі қырларымен  көрінеді. Әрине, мұндай өзгешелік нағыз шебер дарынға тән қасиет. Сондықтан көркем мазмұнды құрайтын объективтік және субъективтік факторларды ескере отырып, қоғамдық идеология мен болмысқа өзінің идеялық-эстетикалық танымын көркемдік мәнде жеткізе білген Оралхан Бөкей шығармашылығы қазіргі әдебиеттанудың кеңестік кезеңін зерттеуде зор мәнге ие. Заманның кереғар кесепаттарын, ел мен жеке адамның жан әлеміндегі тоқырауды, социалистік қоғам идеялары мен ұлт нақышының адамзаттық құндылықтар мәселесіндегі қайшылықтарын көркемөнерде асқан парасатталықпен суреттеген жазушы мұраларындағы ой-таным өзектерін білу үшін О.Бөкей шығармашылығындағы әдеби әдістер мен әдеби көркемдік тәсілдер, ағымдар көрінісін бағамдау қажет. Диплом жұмысының өзектілігі осы жайлар негізінде танылады.

Диплом  жұмысының нысаны: диплом жұмысында О.Бөкейдің әр кездері баспасөз беттерінде, әр түрлі жинақтарда және жеке жинақтарында жарық көрген прозалық туындылары зерттеу нысанына алынды. Сонымен бірге, қазақ прозасын әр қырынан қарастырған зерттеушілер тарапынан біз нысанаға алып отырған қаламгердің шығармашылық шеберлігі жайында жазылған еңбектері мол. Біз олардағы жазушы прозасының романтикалық сипаттарына қатысты тұжырымды ой-пікірлерді өз жұмысымызда пайдалануға күш салдық.

Диплом  жұмысының мақсаты мен міндеттері: жұмыстың негізгі мақсаты - О.Бөкей прозасын жүйелі талдап, жазушы шығармашылығындағы романтизм, образ сомдаудағы, портрет жасаудағы, кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін суреттеудегі қадамгер шеберлігі, шығармаларының көркемдік қуаты мен әдеби әдіс-тәсілдерін ашып талдау. Осы мақсат үрдісінен шығу жолында жұмыста төмендегідей міндеттерді шешуді көздедік:

    • прозалық  туындылардың тақырыптық-идеялық сипатын анықтау арқылы қаламгердің образ сомдаудағы өзіндік ерекшеліктеріне баға беру;
    • О.Бөкей шығармашылығындағы романтизм әдісі мен әдеби бағыт, ағымдардың көркемдік әдіс тәсілдерін қолдану ерекшеліктерін талдау;
    • әрбір шығарманың композициялық құрылымы мен көркем тілін саралау арқылы, олардағы романтикалық сипаттарды ашып көрсету;
    • қаламгер прозасындағы романтикалық бейнелердің жасалу ерекшеліктерін жазушы туындыларындағы образдар жүйесін, олардың ішкі жан әлемін талдау негізінде айқындау;
    • О.Бөкейдің роман,  повесть, әңгіме, новелла, т.б. көркем шығармаларын идеялық-мазмұндық тұрғыда қарастыра отырып,  автордың қаламгерлік позициясын, ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы көркемдік таным көгжиегін айқындау;
    • О.Бөкейдің әдеби әдістер мен көркемдік тәсілдерді шығармашылық шеберлікпен қолдану, қоғам мен адам әлемін суреттеу, жалпы әдебиеттің көркемдік критерилерін өз шығармаларында суреттеу ерекшеліктерін ашып көрсету;
    • қазақ прозасын өркендетудегі қаламгердің әдебиет тарихында алар орнын дәйектеу.

Диплом  жұмысының зерттеу әдістері: Зерттеу әдістері мен тәсілдері жұмыстың алдына қойылған мақсат пен міндеттеріне сәйкес тарихи-салыстырмалы, сипаттау, тұжырымдау, жинақтау, саралау, талдау әдістері негізінде жүргізілді.

Диплом  жұмысының ғылыми жаңашылдық сипаттары мен қорғауға ұсынылатын тұжырымдары: жұмыстың ғылыми жаңашылдық сипаттары О.Бөкей прозасының арнайы қарастырылып, ондағы романтизм әдісі мен романтикалық көркемдеу тәсілдері, шығармаларындағы тақырыптық-идеялық, көркемдік, образ жасау, типтендіру сынды қаламгер шеберлігіне тән әдеби бейнелеу амалдарының жүйелі саралануымен тұжырымдалады. Осы негізде жұмыстың ғылыми жаңашылдық сипаттары төмендегі тұжырымдар аясына топтастырылып ұсынылды:

    • О.Бөкей – қазақ әдебиеті тарихындағы романтизм әдісін ұлттық прозада өркендеткен жазушы;
    • қаламгер прозасында болмыс пен заман, образдар әлемін суреттеуде  романтикалық әдеби әдіс-тәсілдер шығармашылық шеберлікпен қолданылған;
    • суреткер туындыларының композициялық құрылымы, стильдік тіл айшығы романтикалық көркемдік ойлау тәсілі негізінде автордың ұлттық, гуманистік ой-танымына қызмет етеді;
    • ол – адамның ішкі әлемін романтикалық образдар жүйесінде терең бейнелеу арқылы, ұлт әдебиетіндегі романтизмді көркмдік биіке көтерген жазушы;
    • О.Бөкей – ұлттық прозада тың жол салып, өзіндік әдеби-эстетикалық көркем дәстүр қалыптастырған қаламгер;
    • О.Бөкей жазушылық стилі, көркемдік тіл айшығы, сөз қолданысы жағынан қазақ эпика жанрында тың көркемдік өрнектер тудырған суреткер.

Диплом  жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы: диплом жұмысының теориялық тұжырым-қағидаларын мектепте, колледждер мен жоғары оқу орындарында қарастырылып отырған автор жайлы тақырыптарды өткенде қосымша материалдар ретінде қолдануға болады. Сондай-ақ, арнайы курстарда студенттерге пайдасын тигізе алады.

Диплом  жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан(ішкі тараушалары бар) және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 І. КӨРКЕМДІК ОЙЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӘДЕБИ ӘДІСТЕР ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ РОМАНТИЗМ

 

І.1. Романтизм және көркемдік ойлау

 

 

Бәрімізге белгілі жайт белгілі бір әдеби әдіске сүйеніп  жазылған әдебиет қазақ халқының өнер тарихындағы зор рухани құбылыс  болған ұлы туындылар негізінде  жасалды десек, оны дүниеге әкелген  әдебиет алыптары қазақ әдебиетінің  жетекші күші, сусындаушы нәрі ретінде өзін филологиялық кең ауқымда зерттейтін ғалымдар мүдделестігін, одақтастығын түзді. Жалқыны танымай жалпыны тани алмайтындығымызды Қ. Өмірәлиев: «Әрине, бұл жолдың өзі әдеттегі даңғыл жол да емес, өте қиын жол. Қиын болатыны – Абай сияқты бірінші объектінің өзі ауыр жол, осы жолды өзге әдіспен, өзге бір формамен зерттеп, суреттеп шыққан, біріне – бірі байланысты, өзектес, шарттас тағы бір қос жол – Әуезовтей ірі зерттеуші, ұлы суреткер салған екінші жол бар. Мекемтас осы жолдарды еркін, талықпай өтіп келіп отыр. Осы жолда өзі де Абайтану саласынан келіп барып Мұхтартану жолын бастаған. Біз осы жолда авторға сәт сапар тілейміз»[1] – деп, атап көрсетеді.

Міне сондықтан да әдебиеттегі романтикалық жалпылықты кеңес әдебиетінде өрістеткен бірегей тұлға О.Бөкей – Ақылбай, Мағауия, Әсет және Мағжандар т.б. сияқты таза романтикалық туындылар жазса да, өзінің шығармашылық процесінде романтизм әдісін тұтынған қаламгер. Біздің алдымызға мақсат – О.Бөкейден таза әдеби романтик жасап шығу емес, жазушы туындыларында кездесетін ауыз әдебиеті, шығыстың әдеби дәстүрлерінің, сондай – ақ, Жуковский, Рылеев т.б. орыс романтиктері үрдісінің нышан-белгілерін кеңестік дәуірдің әдеби процесінде орын алған көркемдік әдіс тұрғысынан саралау.

Жалпы О.Бөкейдің шығармашылығындағы дәстүр жалғастығы үлкен – үлкен төрт арнадан тұрады: біріншісі – ауыз әдебиеті үлгілерін жаңартып, оны өз туындыларында молынан пайдалануы; екіншісі – проза үрдісін жаңа тарихи жағдаймен байланыстыра трансформацияландыруы; үшіншісі – шығыс классиктері мен түркі суфизмін шығармаларына серік етуі; төртіншісі – орыс әдебиетінің романтиктері: Жуковский, Рылеев, Одеевский т.б. түп нұсқадан оқып білуі және өз шығармашылығында ондағы идеяларды жөнімен орынды кәдеге жаратуы.

О.Бөкейдің өзінен бұрынғы жазушылармен шығармашылық байланыстарын сөз еткенде екі түрлі мәселеге назар аудару қажет: оның бірі – олардың артында қалған мұраларын жинастырып, дәстүрлерінен тәлім – тәрбие алу; екіншісі - өзінен бұрынғылардың романтизміне енгізген жаңалықтары. Өмірде де, әдебиетте де ғайыптан ешнәрсе пайда болмайтыны аян, сондықтан, олардың романтикалық ізденістерін О.Бөкей кеңінен пайдалана отырып, дамытты.

Осы себепті де О.Бөкей  романтизмін талдаудан бұрын  жалпы қазақ романтизмнің өзіндік ерекшеліктерін, басқа елдердің романтиктерімен ұқсастықтарын танып білу қажет.

Сонымен әлемдік әдебтиеттануда, әсіресе, орыс әдебиет зерттеушілері  арасында туындаған орыс романтизмінің  типологиялық жіктелуі төңірегіндеігі ғыллыми дау әлі күнге дейін  толастамауда. Романтизм ұғымы туралы көптеген дау-дамай туындады. Осылардың бәрі бір ауыздан  «романтизм» ұғымында айқындықтың жетіспейтіндігін: «... Сауалы шешімін таппағандықтан, романтизм әлі күнге тылсым да, беймәлім»[2,VII,144] – деп ауызға алады. Аполлон Григорьев болса: « Иә, не романтизм деп аталса, оған әзірше, айқын да, тұжырымды жауап бере алмаудамыз. Жуковскийдің поэмалары – романитзм. Гюго – романтик... Бәрі де романтизм осының бәрі тіптен әр қилы»[3,206]. Ал, өткен ғасырдың 20 – шы жылдары Максим Горький: «Романтизм формуласы жетіп артылғанымен, нақты да, бәрін қамтитын формула, әдебиет тарихын зерттеушілердің бәрі құптайтын формула әзірше жоқ, жасалынбаған» [4,XXIV,471] – дейді өкінішпен.

Араға аттай 40 жыл салып, өткен ғасырдың 60 – шы жылдары  әдебиеттануға арналған кеңестік әйгілі журнал «Вопросы литературы» бетінде романтизм төңірегіндегі дау – дамай тағы бір өрістеді. Кезіндегі М.Горький шағынуын  осы пікірталасқа араласқан әр түрлі авторлар мақаласынан сезінуге болады. Солардың бірі А. Гуревич: «Біз әлі күнге, шын мәнінде, ең басты сауалға: романтизм деген не, оның өте маңызды ерекшелігі мен белгілері қандай, аталған термин қандай тарихи – әдеби құбылыс аясын қамтуға тиістілігіне жауап бере алмаудамыз»[5,133] – дейді. Сонымен, романтизм туралы әдебиеттанушы ғалымдар оның пайда болу кезеңінде де, оның өркен жайған тұсында да, құлдырауға ұшыраған сәтінде де дауласты. Осы талас күні бүгінге дейін толастамай келеді[6]. Бізге керегі – оттай лаулаған дауға май құю емес, романтизмнің барша табиғатын танытатын бірізге түскен ортақ  мәмілегершілікке шақыратын формуланы табу. Тап осы арда  егер оны таба қалсақ, ол әдебиеттану ғылымына не береді? деген орынды мәселе туындайды.

Барлық елдің осы  тақырыпқа қалам тартушы зерттеушілері  бірауыздылыққа келіп, ортақ байлам жасар болса, онда бәрін мақұлдататын нәрсе тарихилық принципіне сүйеніп, мазмұн мен көркемдікті екінші кезекке ысырып қарастыруға қол жеткізу. Өйткені, романтизм – бір елде бұрынан келе жатқан, екінші елде сюжет ауысып алу негізінде дамыған, үшінші бір елде ғылымиланған тарихи процестің көрінісі.  Осының негізінде  туындайтын даусыз да, жүйелі түрдегі ғылыми  мақсат – тарихи –  әдеби тұрғыдан романтикалық бағыттың белгілі бір тарихи кезеңде, белгілі бір ұлттық әдебиетте қалай қалыптасқандығын зерттеу болып табылады.

Информация о работе Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм