Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Августа 2013 в 21:23, дипломная работа
Диплом жұмысының өзектілігі: Бүгінде тәуелсіз ел болған қазақ халқының қиын жол, қиын тағдырымен бірге жасасып, оның тарихы мен тағдыр-талайының көркем шежіресі болып келе жатқан қазақ әдебиеті қазір барлық жанрда дамып, тақырыптық-мазмұндық тереңдігімен, көл-көсір көркемдік-эстетикалық қуатымен халқымыздың мәдени-рухани әлемінде ерекше орын алып отыр. Бұл құбылыс әдебиетші ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан әр қырынан қарастырылып, әдебиетіміздің сан-салалы мәселелерімен байланыста жеке ақын-жазушылардың шығармашылығын зерттеуде де ғылыми мәнділігімен ерекшеленеді.
Кіріспе ............................................................................................................3-5
І. Көркемдік ойлау жүйесіндегі әдеби әдістер және қазақ әдебиетіндегі романтизм........................................................................................................6-35
І.1. Романтизм және көркемдік ойлау ..........................................................6
І.2. Қазақ романтизмі және оның даму тарихы мен зерттелуі...................21
ІІ. О.Бөкей романтизмінің өзекті мәселелері мен суреттелу ерекше-
ліктері ..........................................................................................................36-48
ІІ.1 О.Бөкей романтизміндегі дәуірдің өзекті мәселелері .........................36
ІІ. 2. О.Бөкей романтизміндегі болмыс, ұлт, адам образдарының суреттелу ерекшеліктері ................................................................................................42
ІІІ. О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық, көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы......................................................................................49-74
ІІІ.1 О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық сипаттары..................49
ІІІ. 2. О.Бөкей романтизмінің көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы...........................................................................................................53
Қорытынды....................................................................................................75-76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................77-79
Де Ла – Барт, романтиктердің қоспа өнер құруға ұмытылысын атап көрсете отырып, олар өздеріне дейінгі барлық көркемдік жүйелердің басты ерекшеліктерін өзеріне сіңіріп алғылары келеді дейді де: «Ерекше күшпен түрлі негіздердің басын бір арнаға тоғыстыра отыра, оларды қайта тудырып және қайта өңдеуді романтиктер шығармашылық қызметінің данышпандық «Мені» деп санады». Орыс әдебиеттанушысы И.Ф. Волков өз кезегінде Гете мынаны аңғарған дейді. Байрондық немесе романтикалық поэзияның түп негізі тоқтатуға болмайтын жеке бастың шексіз еркіндігінің қоғаммен толық ат құйрығын кесісуі. Бұл Гегельде субъективтіліктік романтизмнің айырымдық белгісі деп есептелінеді. «Романтиканың» шынайы мазмұны болып, абсолютті ішкі өмір қызмет етеді. Рухани субъективтіліктің өзіне лайық пішіні оның өз дербестігі мен тәуелсіздігінен аңғарылады. Осылайша, романтизм өнерде тұлғаның қайталанбас сыртқы белгілерімен қатар ішкі мазмұнын да ашып бере алады. Батыстағы Байрон мен Гетенің «Манфреді» мен «Фаусы» – осының куәсі. Осыны жете аңғарған неміс әдебиетінің классигі өзінің 1817 жылдың қазанындағы Кнебельге жазған хатында өзінің «Фаусының» бүткіл сарыны өзгергені соншалық жаңа сапалық әуезділікке ие болып, пафосы «шексіз де, ұлы торығудың жабыңқы шаңына бөккен» екен деп мұң шағады. Кейінірек Гете осы ойын «Өнер және ескілік» журналындағы «Манфредке» жазған ренцензиясы мен Байрон қазасынан кейін жарық көрген «Байронға қатысты» мақаласында өткен күндер тұрғысынан баға берудің керексіздігін, өйткені, оған сай дүние бұрындары болмағандығын айтып, бұрынғы ойын одан әрі сабақтайды.
Неміс зерттеушісі К.Шмид «Саяси романтика» кітабында қоғамдық сананың түрлі саласында – философия, саясат, адамгершілік, дін, эстетикалық жақтан – романтизмге берілген еуропалық ғалымдардың көптеген анықтамаларын тізбектеп келеді де, осыған байланысты бірін – бірі жоққа шығаратын қайшылықты анықтамалар туындауда деп орынды ой айтады. Өйткені, әдебиеттану іргелі ғылымдар саласына жатпағандықтан ондағы әр айтылған ой шынайы ақиқатты нақты ашып бере алмайды, зерттеуші ғалым қанша жерден ғұлама, асқан данышпан болса да, тек оның шартты белгісінің бірін ғана қамти алады. Оның бұл пікірі араға уақыт салып, жарамсыз болып қалуы да, не басқалар таратынан түсіндірілуде (Мысалға:Ф.Ницшенің «Асқан адамының» Хитлерлік Алманияға идеологиялық негіз болғаны сияқты) адам танымастай өзгеріске ұшырауы да әбден мүмкін. Өмірдегінің бәрі бір құдайдың қолындағы дүние деп есептейтін окказионалистер мен романтиктерді бір қатарға қойған Шмид: «Романтизм дегеніміз – субъектіленген окказионализм, басқаша айтар болсақ, романтикада субъекті әлемге түрткі немесе романтикалық бой көрсетудің қолайлы жағдайы ретінде көз тігеді »[16, 215 - 216]. Бұдан біздің аңғарарымыз қаламгерлердің өмірді романтикалық жеке бастық қабылдаудағы тұлғаның ерекше рөліне ден қойып, оны: «соңғы инстанция, әлемнің абсолюттік кіндігі» деп қабылдаудың жатқандығын еш жоққа шығармаймыз. Философиялық ой дамуынан өздеріне идеялық күш – жігер мен қуат алған романтиктерге Фихтенің субъектілік идеализмі басты үлгі – өнеге болды. Адамдық «Мен» дүниедегі бірден – бір, әрі жалғыз шындық ретінде шығармашылық күштің жасампаздығы ретінде танылып, тұлғалық бір тектілік ақыр аяғында бүкіл адамзаттың өзіндік таным – түсінігімен үйлесетіндігі романтиктерді имандай ұйытты. Ол Ислам әлемінде – Мұхаммед пайғамбарға, Алманияда – Хитлерге деген, Францияда – Бонапартқа деген, Рессейде – Ленинге деген сенім саяси романтизмде Бонапартизмді туғызды, осы ұстаным саясиланған ерекше тұлғаларды жырға қосуға кедергі бола алмады. Осыны орынды аңғарған М. Горький: «Романтизм... тұлғаны қоғамнан жоғары қойып, оны ерекше тылсымға орантып, адамның ерек қабілетімен марапаттап көрсетуге тырысады»[20,43] – деп атап көрсетті.
И.Волков шығармашылық принципті, романтикалық өнердің әдісін жалпы алғанда былайша түйіндейді: «романтизм өмірді көркемдікпен қайыра сомдауды оны бағалаушы тұлғаның өзін қоршаған ортаны өз ығына жығып, шартты – бейнелілік түрінде қарастырады»[16]. Осылайша өзін танытқан романтизмнің адамзаттың көркем мәдениетіндегі үстемдігі ХІХ ғасырдың ортасында әлсірей бастады. Бұдан романтизмнің дамуы тоқырап қалды деген ұғым тумауы керек. Батыста күні батқан романтизм Шығыста жаңа қарқынмен дами бастады. Оның дамуына әрдайым қоғамдық жағдайлар, күштер түрткі болып, отарлық ортадан аулақтаған, тек өз парасатына сенген жеке тұлғалар түркі халықтары әдебиетінде, араб елдері әдебиетінде ескі көркемдік әдісті жаңаша қырынан тудырды. Романтиктердің жеке тұлғаны өсіре бағалауы, романтизмнің ұлы көркемдік жасампаздығы ретінде танылып, шынайы өмірде әр тұлғаның өздік мінезі, сол тұлғаға ғана тән, оның өмірімен және адамдармен жеке қарым – қатынасының айнасы болып, әдебиетімізде сәулеленді. Сондықтан, әрбір жеке адамның мінезі – бір мезгілде сол адамның өзіндік игілігі ғана емес, адамды қоршаған ортаның, қоғамның да игілігі. Романтиктер осы мәселенің екі ұшының бірі адам табиғатының жеке басына күш түсіріп, оны көркемдікпен асқақтатты, соның негізінде өздерінің романтикалық әлемін дүниеге әкелді. Осы жайт романтизмнің ары қарай өркендеуіне себепші болып, керек кезінде адам рухының әдеби күн тәртібіндегі өзектілендірілуін үдетіп отырды. Енді осыны романтиктердің жүзеге асыру жолында қолданған көркемдік тәсілдерін тізбектеп, келтіре кетелік:
І. Ажалға қатысты ұстаным мен көркемдік шешім;
ІІ. Миф функциясына басымдық бермеу амалы;
ІІІ. Туынды композиция бойында реалдық пен фантастикалықтың алмасып, кезектесіп келіп отыруын Жан Поль Рихтер жан – жақты сөз етті[16,76-77]. Неміс романтиктерінің фантастиканың жөнсіз туынды сюжетіне араласуының жолын бөгеп, оны жаңаша түрлендіре композиция тініне енгізулеріндегі көркемдік шешім табуларының әдеби тәжірибесі қазақ романтизмінде де қолдау тапты. Көмескіленген фантастика қаламгерлеріміз тарапынан игеріліп, қазақ әдебиетінің кезеңдік әдеби жетістіктерінің біріне саналады. Жан Поль Рихтер «кереметті қолданудың» екі түрлі тәсілін атап көрсетеді.Біріншісі – материалдық, екіншісі – оған қарсы фантастикалық. Осы екі әдіс Мәшһүр – Жүсіптің дастандарында жиі ұшырасады.Ақынның оны қалай қолданғанын дастандарының романтикалық табиғатын сөз еткенде кеңінен тоқталатын боламыз. Ал, қазір мысал ретінде ауызға алып отырмыз. Неміс романтиктері фантастикалық емес, оғаш фантастика ұғымын әдебиеттануға енгізіп кетті.Осы көркемдік ұғым екіге бөлінеді:1) композициялық суретттеудегі оғаштық; 2) сюжеттік кейіптеудегі оғаштық. Енді осыларға жататындарды атап өтелік:
1) композициялық бейнелеудегі оғаштық:
а) Туынды бөліктерінің әдеттен тыс орналасуы;
ә) Қимыл дербестігінің бұзылуы;
б) Әңгімеші (‘’Ich - Erzählung’’ – бірінші жақтан баяндаушы) сөзіндегі қайшылық.
2) сюжеттік кейіптелудегі оғаштық:
а) Заттардың оғаш қылығы;
ә) Мүліктің оғаш сыртқы түрі;
б) Жан – жануарлардың әдеттен тыс сюжетке араласуы;
в) Жолдағы келеңсіздік;
г) Кейіпкерлердің ерекше оғаш мінез – құлығы, жүріс – тұрысы;
ғ) Кейіпкерлердің оғаш, әдеттен тыс ой түюі;
д) Ат пен Есімдердегі
оғаштық қазақ әдебиетінде
XVIII және ХІХ ғасырдағы
ағылшын романтизмін екіге
Романтик қаламгерлер өздерінің идеалын (аңсарын) іздеуде өте жиі тарих өткеніне жүгініп отырады да, белгілі бір әлеуметтік сипаттағы қаһармандармен табысады. В.Скотта бірінші орында серілер (Айвенго, Квентин Дорвард), ханзада, патшалар (Арыстан Жүрек Ричард т.б.) болса, Шәкәрімде тобықты елінің батырлары: Кебек, Қалқаман, Қодар; Мәшһүр – Жүсіпте Ислам бұхадірлері, О.Бөкейде кең жүректе ауыл еңбеккерлері т.т.тұрады. Сондықтан, аталған романтикалық туындыларды үш қырынан алып қарастырамыз:
1) Мәселелік (прблематика);
2) Өзектілік;
3) Идеялық – эмоциялық бағасын беру. Осы орайда, тақырыптама (тематика) – әлдененің түп негізі, бастауы ретіндегі ұғымдық таным. А.Я.Эсалнек: «Мәселелік – айтылған сөзде немесе шығармада өнер туындысында, жекелей атағанда көркем әдебиетте не ана, не мына түрінде айшықталған өмір құбылысы» болып табылады деген ой айтады. Романтиктер өз туындыларында суреттеу нысаны ретінде адам өміріндегі түрлі құбылыстарды алумен қатар, кейде фантастикалық (Мәшһүрдегі «мешіт, қылыш, алтын табақ т.б. оғаш оқиғалары») мақұлықтарға – сөйлейтін және ойлайтын, әр түрлі аруақтар, құдайлар, дәу – перілер т.т. бейнеленеді. Сонымен қатар романтиктер көбіне жеке адам өмірінің мәнін (О.Бөкей) таным нысаны етіп алады. Сұлтанмахмұттың лирикасында әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтан шыққан шәкірт жігіттің ішкі сезім торығуы, ой – толғамының дамуы, көңіл ауанының құлазуы басты тақырыптардың бірі болып жырланады. Ақын өлеңдерінде сомдалған әлеуметтік характер не ана, не мына тұлға аясында өзінің индивидуалдық белгісі мен ерекшелігіне сай толыға түсіп отырады. Сонымен, ақын шығармашылығындағы кез келген жекелік көзге ұратын сипатымен оншалықты бөлектене бермейді. Характер дегеніміз – өз бойына әлдебір жалпылықты сыйдырған адамдардың әлеуметтік өміріндегі айырмашылықтарға сай келетін жеке дербестік пен айқын белсенділіктің нышаны.
Сұлтанмахмұт лирикасында пафос түрлілігі ерекше көзге ұрады. Олай болса, сентиментальдық пен романтикалық пафостардың арасында өзара ұқсастықтарымен бірге контрастылықтары да бар. Адам көңіл – күйінің ауанын суреттеу – бірлікке апарса, кейіпкердің күрескерлігі мен жоғары идеяға ұмытылушылдықтары бөлектеуге апарады. Адамның бүкіл ішкі сезімдік өміріндегі жан мен жүрек тылсымынан бастау алған асқақтыққа, жарқындыққа деген айқындалмаған талпынысы, ұшқыр қиялы тудырған аңсарларынан қанағат табады[2,VII,145– 146]. Әдеби аңсар біз атаған суреткерлерде:
1. Діни романтикалық аңсар;
2. Саяси романтикалық аңсар;
3.Азаматтық романтикалық аңсар;
4.Философиялық аңсар
тұрпатында бірін – бірі
Писарев «Жетілмеген ойдың келеңсіздігі» деген мақаласында реакционистік романтизм мен прогрессивтік романтизм бар деген ой айтады да, арманның да екі түрі бар: бірі – адамзатқа пайдалы, екіншісі – кесірлі деп ойын түйіндейді[22,124 - 125]. Писарев бастаған, Горький қостаған осы пікірді кеңестік әдебиет зерттеушілері прогрессивтік романтизмнің жоғары сатысы – революциялық романтизм деген ғылыми терминді қолданысқа енгізді[23,234].
Адамның сана – сезімі романтика өнерінің өркендеу кезеңінде кемеліне келіп, адамның қайталанбас тұлғалық қасиетіне ерекше көңіл бөліп, шығармашылық, имандылық талабына, адамның жанының түпкіріндегі құпия әрекеттерге сезімталдықпен назар аударады. Осы жолда белгілі бір таңба символданып, романтиктің шығармашылық мұрат – мүддесін танытуға қызмет етеді. Таңба жасам көркем әдебиетте үнемі болып тұратын құбылыс шартты түрде екі бастау көзі бар:
1) Басқа сала (гуманитарлық
емес) таңбаларының әдебиетте
2) Поэтика тілінің символы болып табылады.
Көркемдік ұғымы өнердің ерекшелігін ашуға қызмет етеді. Оның мазмұны болып, аталған тектің қызметін (ойлау тәсілі, мәдени өресі) философиядан және діннен, ғылым мен көсем сөзден т.б. өнердің ерекшелік негізін оның эстетикалық табиғаты құрайды. Атап айтсақ, О.Бөкей шығармашылығы дегеніміз тұлғаның рухани өміріндегі эстетикалық қарым – қатынасты қалыптастыру қызметі болып табылады. Осы қаламгердегі әдеби – көркемдік – қазақтың өмірге деген, дүниеге деген эстетикалық қатынасының жоғары мәдени пішіні: «эстетика өзін тек өнерде ғана толық жүзеге асырады»[24,22] деген М.М.Бахтин пікірімен тоғысады.
Әдебиеттануда логикалық
субъекті мен логикалық объекті
жеке дара бөлшектеніп алынса, субъекті
мен объекті эстетикалық
1) Тұтастық заңы. Осы
тұрғыдан келгенде, Сұлтанмахмұттың
«қала ақыны мен дала ақының
айтысы» аяқталмаған, осындай
шығармалар ұлттық
Информация о работе Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм