Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Августа 2013 в 21:23, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі: Бүгінде тәуелсіз ел болған қазақ халқының қиын жол, қиын тағдырымен бірге жасасып, оның тарихы мен тағдыр-талайының көркем шежіресі болып келе жатқан қазақ әдебиеті қазір барлық жанрда дамып, тақырыптық-мазмұндық тереңдігімен, көл-көсір көркемдік-эстетикалық қуатымен халқымыздың мәдени-рухани әлемінде ерекше орын алып отыр. Бұл құбылыс әдебиетші ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан әр қырынан қарастырылып, әдебиетіміздің сан-салалы мәселелерімен байланыста жеке ақын-жазушылардың шығармашылығын зерттеуде де ғылыми мәнділігімен ерекшеленеді.

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................3-5
І. Көркемдік ойлау жүйесіндегі әдеби әдістер және қазақ әдебиетіндегі романтизм........................................................................................................6-35
І.1. Романтизм және көркемдік ойлау ..........................................................6
І.2. Қазақ романтизмі және оның даму тарихы мен зерттелуі...................21
ІІ. О.Бөкей романтизмінің өзекті мәселелері мен суреттелу ерекше-
ліктері ..........................................................................................................36-48
ІІ.1 О.Бөкей романтизміндегі дәуірдің өзекті мәселелері .........................36
ІІ. 2. О.Бөкей романтизміндегі болмыс, ұлт, адам образдарының суреттелу ерекшеліктері ................................................................................................42
ІІІ. О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық, көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы......................................................................................49-74
ІІІ.1 О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық сипаттары..................49
ІІІ. 2. О.Бөкей романтизмінің көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы...........................................................................................................53
Қорытынды....................................................................................................75-76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................77-79

Прикрепленные файлы: 1 файл

О.Бокей романтизм.doc

— 551.50 Кб (Скачать документ)

   Шығармада Қонқай  атты жұмбақ шал суреттеледi. Ол  қалың елден алыс Айыртаудың  бауырында қар басып қалған  жалғыз үйде жеке өзi оңаша  өмiр сүредi. Бiздiң қоғамдық тiршiлiгiмiзден  безiп, қоршаудан қашып қашып  шыққан бұғыдай, саяқ ғұмыр  кешiп келе жатқан жан. Қыста аң аулауды, жазда омарта ұстайды. Қоңқайдың өз ұғымы, өз философиясы бар. Өз басының, өз мекенiн еркiндiгiн күтпейдi. Қонқай бейнесiне жазушы ақындық та сипат бередi.

Қар қызының шығының  да оның зорлығымен байланыстырады. Алайда Қоңқай аңыз емес, реалды түрiмде повесте сәттi шыққан. Ол ешкiмге жақсылық тiлемейтiн, залым жау. Қоңқайды зұлымдықтың символы ретiнде суреттей отырып, Оралхан оған екiншi бiр мейрiмдi қартты қарсы қояды. Айыртау беткейiнде кездескен қарт; «Ол адастырады, мен тауып аламын. Молданақтай жердiң бетiн бiр жақсы, бiр жамандық жайлаған. Ал, егер мен осы Айыртаудан көшiп кетсем, Қоңқай залымның жеңгенi ғой»- дейдi. Фадихадан Айыртауға тура асып түсетiн жол жоқ. Екiншi бiлетiн қарт Қоңқайдың өлiм жолына сiлтегенiне қарамай, жол тапқай жiгiттер қылығына ризалық бiлдiредi. «Бiздiң жақта қыс ұзақ».деген атпен бiрiктiрiлген екi повесть Алтай малшыларының қиын да қызғылықты өмiрiн, тау жайлаған ел тiршiлiгiнiң өзiндiк романтикасын, адамдардың бойындағы азаматтық ерлiк, өрлiк мiнездердi жарқын суреттеген туындылар. Жазушы ауыл өмiрiн, оның адамдарын жақсы бiледi.

Оралхан повестерiнде  символ, халықтың аңыз әңгiмелердi көбiрек  пайдаланады. Ол шығарма мазмұнын реалистiк  образдар арқылы дамыта отырып, көркемдiк  формаға келгенде, тұспалдап айтуға, аңыздық хикаяларға көбiрек мойын ұсынады.

Мыңдаған жылдар бойы шыңдалған халықтық қасиеттерді  бойына сіңірген қоғамның жетекші тобының  характері – ұлттық характердің  ең үздік көрінісі. Аса маңызды мәдени категорияларды оыслайша түйсінуге де, ендігі жерде өз жазуымыздың даму процестерін  осы тұрғыдан парықтауға да тиіспіз. Психологиялық түлеу, ой-санамыздағы күні өткен жаттандылықтан арылу – бүкіл идеологиялық жүйеміз, ең алдымен әдебиет міне осыған бағытталуы тиіс. Бұл тұрғыда әр жазушының өзінің авторлық түсінігінен  туындайтын өз пайымы  бар. Осы тұрғыдан алғанда Оралхан Бөкеев  арозасы романтизм әдісімен жазылып, кейіпкерлері оқшау, тосын мінезді болып келеді Оралхан да кейіпкерлерін көбіне аналитикалық тәсілмен сомдайды.  Оралхан повестерінде адам мен табиғат үндестігі баса айтылады. Оның кейіпкерлері өршіл, рухы асқақ. Олар қиыншылықпен күресе жүріп, мақсатына жетеді. Оралхан ешкімге еліктемей, бірден өз қолтаңбасын танытқан қаламгер.

 

 

ІІ.2. О.Бөкей  романтизміндегі  болмыс, ұлт, адам образдарының суреттелу ерекшеліктері

 

Образ – эстетикалық  мәні бар адам өмірінің жинақталған  суреті ретінде қаламгердің ашып көрсетуге талаптанған не ана, не мына идеалына қызмет етеді. Адамның  өмір сүру жағдайының үздіксіз өзгеруі, эстетикалық норманы айналып  кетпейді, соған байланысты қаламгер өз бағалауын білдіреді. Эстетикалық талап өмірді бағалау арқылы тарихи қалыптасқан эстетикалық норма негізінде  жүзеге асады. Оны өнер белгілі бір өткірлікпен өмірдің жағымсыз жағы ретінде көрсетеді немесе шартты образ арқылы астарлап беріп, аталған эстетикалық норманың ығына жығылады. Сол себепті, өнердің көшіруші, қайыра сомдаушы бастау көзі үнемді түрде өзара қарым – қатынасқа түрлі формада түсіп, өмір шындығын образды түрде бейнелейді. Кейде олар бір – біріне қарсы келетін жағдайларда болып тұрады, бірақ бұл қайшылықты принципті түрдегі қарсылық деп есептеуге болмайды. Қайта туғызу, ең бастысы, шынайы өмір құбылысы заңдылықтарын танып білуге арқа сүйейді. Өмірді көшіру шынайы да, ұтымды болып, тенденциялық дамуға жуықтап, оның үстіне ескі форманы ауыстырады. Осы көзқарас тұрғысынан реализм мен романтизм ұғымдарын (кең және көмескі мәнінде қолданылатынын айтып өттік) өмірді образды түрде бейнеленудің ортақ белгілерімен байланыстырамыз.

Оралхан Бөкей шығармашылығы алпысыншы жылдардан басталады.  «Кербұғы», «Ардақ», «Айпара-ана», «Апамның астауы», «Құмар қол бұлғапты», «Тортай мінер ақбоз ат», «Тоқадан қалған  тұяқ», «Күлпәштің  ұршығы», «Құлашаның шоты еді», «Қасқыр ұлыған түнде», «Жесірлер»[46] әңгімелері мен «Бәрі де майдан», «Сайтан көпір», «Қар қызы», «Атаукере», «Қайдасың, қасқа құлыным»[47] повестерінің авторы.

Қуанышбай Құрманғали О.Бөкей  шығармашылығы туралы алғы сөзде  былай дейді:

«Оралхан Бөкейұлы - әдебиетке  бірден өз бетімен, өз жолымен келген жазушы. Ол ешкімге еліктеген, солықтаған жоқ, яғни шәкірттік кезеңді аттап өтті. Оралханның өңделген, өзгерген, қайта  жазылған не жарамсыз, жарияланбай қалған бірде-бір шығармасы  болмауы осы пікірімізге толық дәлел. Бұл – оның әдебиетке таланты толысып, дарыны дараланған тұста келгендігінің нақты  көрінісі,  Оралханның  әдебиетке үлкен даярлықпен келуінің бір сыры,  оның ел  ішінде көбірек.  Алматыға - әдеби ортаға жазушылық көзқарасы,  дүниетанымы әбден қалыптасқан шақта қосылғаннан да болар.

Бөкейұлының  барлық шығармаларында кездесетін тұрақты тақырып, ортақ желі бар. Ол адам мен табиғат, олардың әлімсоқтан туыстығын, тұтастығын жазушы тап болып тани біледі, сүйсіне суреттеп, жарқырата жазады. Оралханның көптің көкейіндегісін тап басып, айрықша сүйіспеншілігіне бөленуі, атының алыс елдерге  танылуы да осынау шығармашылық шеберлігінің нәтижесі.

Қаламгердің көптеген шығармаларынан жолығатын кісілер типтік кейіпкерлер  галереясын құрайды. Олар бір-біріне мүлде  ұқсамайтын, мінездері де, көзқарастары да, іс-әрекеттері де  әр алуан адамдар. Өздері қалай өзгеше болса, тағдырлары да сан тарау. Жазушының ерекшелігі, өзінің қолтаңбасы деген осы болар.

Жазушының тағы бір қыры – оның романтика мен реализмді  шебер қиюластырып, оқырманның жан-дүниесін байытатын, көңілінің қалауын табатын тамаша әдеби тәсілді шебер меңгергендігі. Бұл да Бөкейұлының бір өзіне ғана тән шығармашылық ерекшелік»[48, 9].

Оралхан секілді ешкімге  еліктемей, өз стилін қалыптастырған жазушы сирек кездеседі. Көбісі шетел немесе қазақ әдебиетінің классиктеріне  еліктейді. Оның повестеріндегі кейіпкерлер романтикалық әдіспен сомдалады. Романтикалық дегеніміз жатып алып, бір нәрсені қиялдай беру емес, мінезі, іс-әрекеттері оғаш, қоғамға наразы, екінің бірі емес, сирек кездесетін адамдар. Мысалы, «Қайдасың, қасқа құлыным» повесін алайық. Повесть бірінші жақтан, автордың өз атынан баяндалады. Бұл повесть те жанры жағынан лирикалық-философиялық. Бала атынан әке бейнесі ашылады. Әкесімен жолға шыққан баланың бар ойы әкесі туралы. Аналитикалық тәсіл арқылы (оймен сезім арқылы) әкесі – Бөкеш бейнесі ашылады. «Дүниедегі ең мықты, әрі ақылды, әрі мың жасайтын тек қана менің әкем екенін, менің әкемнен асқан адамды осы жасыма дейін көрмегенімді, талай ауылды, талай қаланы аралап сандалсам да таптағанымды, тіпті енді мың жылдан соң да таба алмайтынымды, өйткені әкем мені дүниеге әкелгенін, өйткені менің әкем. - Биенің екі өкпесін тепкілеп,  тебіне берме, қызбай келеді ғой, былай шыққан  соң көсемсіп аяңына басар»[49,115], - деді.

Әкемнің иығындағы осынау бас маған ес білгеннен  бермен таныс, көз алдымнан күн-күн сайын кетпейтін жұмыр жердің өзі сықылды.  «Ақырын жүріп, анық бассаң ғана алысқа барарсың», - дейтін. Білесіз бе, оған үнсіздік жарасатын. Білесіз бе, оған көсіле сөйлеу, көсемси сөйлеу жарасатын, оған бәрі жарасатын. Ол көріп білгеннің бәр-бәрін маған айта бермейтін, мүмкін жас жүрегін жаралап, ауыр әңгіме айтып қайтейін дейтін де шығар. Әйтеуір, әкемнің үлкен бір тірі кітапхана екенін сезінетінмін»[49, 135]. Әр бала үшін  өз әкесі өзіне асқар тау секілді, әр ұл өз әкесін өзінше пір тұтады. Мұндағы кейіпкер үшін де жер бетінде әкесіне  тең келетін ешкім жоқ. Оның әкеге деген құрмет, сүйіспеншілігін, балалық сезімін көреміз. «Маған әкем: найзалы шың, жақпар-жақпар тас қоржындаған кәрі таудың – табиғаттың тағы құбылыстарының қалтарысында оқыстан туып қалған, жез топшылы қаршығаға тым ұқшасатын; маған әкем: Алтайдың арда еркесі, бұғысы сықылданатын» [49, 136]. Оралдың әкесінің тұлғасы осылай біртіндеп биіктей береді. Ол әкесін Алтай табиғатына ұқсатады. Алтайдың қаршығасына, еркіндікті  сүйетін тағы  бұғысына ұқсатады. Жоғарыда айтылған адам мен табиғат  үндестігі туралы меңзеп отырғанын аңғарамыз.

«Біздің шешемізден  гөрі Бәкемді әлдеқайда жанымыздай жақсы  көретініміз талай жұртты таң  қалдыратын. Бірақ әкемді ғұмыр бойы сүйіп өтуді сол айналайын анамыздың өзі үйреткен еді. Көңілі қалып, сезімі суымайтын, қайта ерінің амандығын  мойнына бұршақ салып тілейтін, ерінің алдында бұл дүниеден аттанып-ақ кетуін тілейтін, өз күйеуінің ғана ма, иісі ер адамның амандығын тілейтін. Анам айтатын: еркектер болмаса, қай-қай дұшпанның күңі болып кетер едік, қай-қай елдің етегіне жабысып, етігін жалап кетер едік; ерлер болмаса, батқан күніңнен, атқан таңыңнан не пайда, ерлер болмаса, тар құрсағың кеңи ме, тас емшегің жіби ме…

Әрине, әкем бұл пәниден қателеспей, сүттен ақ, судан таза  өмір кешуде десем, онда ол тіпті де адамнан  гөрі періштеге ұқсар еді. Ал менің әкем періште емес,  қуана да, қайғыра да білетін, әрі қателіксіз жүрмейтін Адам ғой! Ендеше, жығылды, сүрінді, бірақ түңілген жоқ»[49, 146].

Орал әкесін құрметтеуді  анасы үйреткенін айтады. Баяғының әйелдері әйел секілді,  еркектері  еркек қасиеттерінде болды. Сыйлауға тұрарлық ері болса, оны қандай әйел сыйламайды. Қазақ ғұрпында әйелі  күйеуінің  бетіне тіктеп қарамаған, атын атамаған, алдын кесе көлденең өтпеген. Оралдың  әкесі мен шешесі сол баяғы жақсы ғұрыптың жұрнағы секілді. Қазір  ондай адамдарды сирек кездестіресің және Орал әкесін періште сияқты етіп көрсетуден аулақ, әкесінің талай қателесіп, сүрінгенін  біледі, мына өмірде қай пенденің болсын сүрінбей өмір сүруі мүмкін емесін  түсінеді,  бірақ, әкесі – адал адам. Орал Қаршығаға былай дейді: «Бүгінгі біздің қуанышымыз солардың қайғысынан, қанынан көктеген гүл секілді [49, 172].

Орал әкесінің соғысқа  барғанын, одан кейін де талай қиындықтар көргенін, өздерінің өмірі оған қарағанда әлдеқайда жеңіл екенін бейнелі сөздермен түйіндейді. Қуаныш  қайғы мен қаннан көктеген гүлге ұқсатылады. Орал толғанысы арқылы табиғаттың адам өміріне  ықпалы айтылады: «Мен ойлаймын: Ғашық болуды тек  табиғаттан ғана  үйренуіміз керек- ау; жүз кітап оқығаннан, жүздеген елді аралағаннан  туған жердің топырағына аунап,  далаға түнеген әлдеқайда озық-ау» [49, 178].

Жазушы барлық шығармаларында Алтайдың әсем  табиғатына табынып  отырады. Сол табиғат аясындағы  адамдарды суреттейді. Осы табиғаттың еркін жүрген еркесі – бұғыға адамдардың қатыгездік жасап отырғанын, олардың еркіндігін алып, ағаш қоршауда қамап ұстап отырғанын былай суреттейді: «Арбиған аша мүйіздің  түбінен дырылдатып кескенде, мүйізім жоқ менің төбе құйқам  шымырлап кетті. Мен үшін бұғының мүйізін  кесуден қатыгездік жоқ болып сезілді. Кербұғының бүкіл басы қан, ал  көзінен, жаудыраған тұнық қара көзінен – Аналықтың көзі іспетті өте әдемі жанарынан жас ағып тұр; және мен осынау жасқа толған  аяулы да ардақты көздің аясынан өзімді, әкемді, Қаршығаны көрдім» [46, 161].

Талай жылдан бері адамдар  табиғатқа үстемдік етіп, аздырып-тоздыруда. Мұны Ш.Айтматов «Жан пида» романында  да айтқан.  Оралдың бұғының жанарын  Аналықтың  жанарына ұқсатуы, оның жанарынан өздерінің  бейнесін көруі бұғы да бірдей табиғат перзенті, оған қатыгездік жасағаның  анаға қатыгездік жасағаныңмен  бірдей дегенді білдіреді. Бұғылар  емін-еркін өмір сүру үшін жаралған, олар да – табиғатты көріктендіріп тұрушы сұлулық, еркіндік символы. Бірақ адамдардың  көзі қанталап, ештеңені көрмейді. Бұғыларды мүйізіне бола қамауда ұстайды. Мұның бәрін жазушы «Кербұғы» әңгімесінде өте шеберлікпен айтып кеткен.

Осы повестегі Қаршығаның  атасы Сарқынды шалдың өзі ерекше  кейіпкер. Тоқсандағы шалдың сипаты былай беріледі. «Шал бері аунағанда, менің жүрегім біз сұғып алғандай дір ете қалды. Аппақ боп сұлаған аруақ көргендей сезіндім. Маған шал әлдеқашан өлген, тек рухы ғана жарық дүниені қимай, қиналып жатқандай еді.  Әдемі, әрі таза аппақ сақал бүкіл өңірін жауып, ол көзі қартайған қыранның жанарындай тым-тым шыңырау тереңнен жылтырайды.  Мынау көз, дәл осы қалпында, сарғайған сары даладағы  жалғыз құдықтың әбден суалып, тек түбінде ғана бір ұрттам суына оқыстан нұр  түсіп, жылтырағаны секілді еді. Мүмкін мынау қаңсыған ақсақал Алтайдағы ең кәрі адам ғана емес, жүзге шығар енді қалған ең ақырғы шал шығар» [49,149].

Жазушы Сарқындыны бұрынғы  қазақ өңірінің, бұрынғы байлық, еркіндіктің сарқындысы ретінде  беріп отырған секілді.  Сарқынды өзін өліп қалған ретінде көрсетіп, соғысқа да бармаған. Ол – хан тұқымы. «Сырбаз қимыл, тәкаппар да кербез қылықтарының жұрнағы-ақ шалдың жас шағында сал-сері  болғанын аңғартса, әкем екеуміз әрең көтерген алпамсадай денесі атан жілік сіңірлі батыр болғанына куә іспетті» [49, 151].

Сарқынды – баяғы  батырлардың соңы. Оның ішінде шемен  боп қатып  жатқан шер бар. Ол Бөкештерге былай дейді: «Баяғыда  осы өңірге кержақтар көшіп келгенде аузын аққа жарытып, етегін жапқан біз едік. Кейін жетіліп алған соң, өз асыраған текешігіміз өз басымызға қарғыды емес пе. Ақ патшаның атына арыз жазып,  Алтайдағы әкемнің ең құйқалы жерін кесіп-кесіп алды да,  ауласына аттаған малымыз бен жанымызды  бытырлатып атты-ай дейсің, әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ» [49, 152].

Сарқынды қайғысының, өкінішінің басы патша заманында аталарының қонысынан айрылғанында  жатыр екен. Кеңес үкіметі орнаған соң хан тұқымының не көргенін жазушы жазбаса да белгілі.  Сарқынды тірісінде  ала алмаған өшін о дүниеге барғанда алмақ. Ол өлерінің алдында былай ойлады: «Заман! Кімді жарылқады, кімдердің төбесін көкке жеткізді? Кімдерді қуантты, кімдерді қуартты? Жаңа заң, жаңа заманның бетіне  «Сен сондайсың» деп қарағаным жоқ,  іштей арпалысып, ойша күрестім. Өйткені, мен жалғыз едім, заман да залым екен, қырық жылғы қырғында жақсысын да, жаманын да айдап-байлап жатқанда, менің қаныма ортақ болған жоқ, арғы дүниедегі ата-бабасына айта барсын деген шығар-ау. Мен қаралы күй тартып зарласам, ата-бабамның ақ бөкендей жосылған, жер қайыстырған жылқысын, қолында қаршыға,  соңында құмай тазысы бар әкемді, сол әкемнің қырық нарға тартқан зерін,  қойдай өріп, жылқыдай жусайтын момақан елін елестетем. Ертең мен өлемін! Айласын асырған Кержақпен махшар сәтінде жекпе-жекке шығармын. Сонда менің астымда ақтабан ат, қолымда заһарға суарылған исфахан қылыш, үстімде бадана көзді кіреуке болар. Сонда мен қазы жауырын жебемен қырық жыл қырқысып, ақ патшаға арқа сүйеп, жайылымымды тартып алған Кержақтың әкесін көздер едім»[46, 184].

Информация о работе Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм