Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Августа 2013 в 21:23, дипломная работа
Диплом жұмысының өзектілігі: Бүгінде тәуелсіз ел болған қазақ халқының қиын жол, қиын тағдырымен бірге жасасып, оның тарихы мен тағдыр-талайының көркем шежіресі болып келе жатқан қазақ әдебиеті қазір барлық жанрда дамып, тақырыптық-мазмұндық тереңдігімен, көл-көсір көркемдік-эстетикалық қуатымен халқымыздың мәдени-рухани әлемінде ерекше орын алып отыр. Бұл құбылыс әдебиетші ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан әр қырынан қарастырылып, әдебиетіміздің сан-салалы мәселелерімен байланыста жеке ақын-жазушылардың шығармашылығын зерттеуде де ғылыми мәнділігімен ерекшеленеді.
Кіріспе ............................................................................................................3-5
І. Көркемдік ойлау жүйесіндегі әдеби әдістер және қазақ әдебиетіндегі романтизм........................................................................................................6-35
І.1. Романтизм және көркемдік ойлау ..........................................................6
І.2. Қазақ романтизмі және оның даму тарихы мен зерттелуі...................21
ІІ. О.Бөкей романтизмінің өзекті мәселелері мен суреттелу ерекше-
ліктері ..........................................................................................................36-48
ІІ.1 О.Бөкей романтизміндегі дәуірдің өзекті мәселелері .........................36
ІІ. 2. О.Бөкей романтизміндегі болмыс, ұлт, адам образдарының суреттелу ерекшеліктері ................................................................................................42
ІІІ. О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық, көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы......................................................................................49-74
ІІІ.1 О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық сипаттары..................49
ІІІ. 2. О.Бөкей романтизмінің көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы...........................................................................................................53
Қорытынды....................................................................................................75-76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................77-79
Оралхан Бөкеев қойшының орыналмас арманын шығармада былай кестелеген: «Енді қыздың бейнесі жоғалып, көз алдын қалың мұнар басты, тым қою мұнар. Сол қою мұнар арасынан мұғалима қызды көп іздеді, таба алмады; ендігі сәтте сезімін сипалаған жанашыр сәуле, қыз көзінен тараған сәуле де адастырып кетті. Мұғалима қыз қойшы үшін «мәңгі – бақи ұстатпайтын сағымға айналды. Ақырында әйелiнiң қорлығына, қарлығына көзi жеткенде бұ дүниеден баз кешiп, бетi ауған жаққа қаңғырып, лағып кете барады. Бұл –момын, көбiс кiсiнiң шамырқанып, шарт сынғаны. «Апыр-ау, момын кiсiнiң ашуы, момын кiсiнiң намысы қандай қатты, бiлсемшi…»-дейдi әйелi Қойшы қағынан безген құлындай үйiнен шығып кеткенде.
Жазушы қойшы қимылын жеке дара алмай, оның сөйлеген сөзімен ұштастыра суреттеп, оған өзінің авторлық көзқарастарын (эстетикалық бағасын) білдірген, бұл Қойшының кім екенін, қандай мінез құлықтың адамы екенін тасқа таңбалағандай білдік те алдық. Әдебиеттегі адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Жалғыз-ақ, жазушы шын мәніндегі шебер, зергер болуы шарт, сонда ол қолданған әрбір амал адам образын ашуға қызмет етеді[56]. Өліараны толқымай, тебіренбей оқу мүмкін емес. Оқырманды толқыту, баурап алу –тек шебер суреткердің ғана қолынан келеді.
Оралхан осы «Өліара» хикаясында өзiнше, өзгеше шешiм тапқан. Хикаясының композициясынан сартапболған, ишар болған үлгi-пiшiмдi емес, қайта, момын мiнездiң селт етiп, кенет бiр сiлкiнгенiн, жалған адамгершiлiкке қолды бiр-ақ сiлтей, өз сенiмен, жоғалған сенiмiн iздеп кеткенiн көремiз. Әңгiме -хикаяның шешiмiндегi соңылық оның осылайша бiтiсiнде жатыр.
Оралхан Бөкей – суреткер. Табиғат пен адам жанын ақындық көзбен жiтi тiнтiп, екiнiң бiрi байқай бермейтiн тылсым құпияларды өрнектейдi. Және де сол суреттерi өзi көрегендегiдей тылсым күйiнде, жұмбақ қалпында тұңғиығына сыр бүгiп тұрады. Оралхан Бөкейде жансыз сурет, қансыз бейне жоқ. Табиғат пен адам жаны алашаның өрнегiндей астасып, бiтiсiп кететiнi соншалық, кейде табиғаттың салқын қабағынан-ақ кейiпкердiң мұңлы көңiл-күйiн, жан айқайын аңғарып отырасыз.
«Ардақ» әңгiмесiнде қазақтың ескі өмірі, ағайын араздығы, кемпірдің соңғы сапарға аттануы баяндалады. Қожаның шешесінің мақалдап сөйлеп, үлкен ой түйінін жасайды. Ақылды, көпті көрген ана: « Есің барда елің тап, - деген арыздасып жатқан кемпір. – Біздікі әншейін битке өкпелеп, тонымызды отқа салу екен. Кең дүниенің кемшілігі болмай тұрмайды. Басқа тепсе де жұртыңның қасында жүрсең, басың ауырып, балтырдың сыздағанындай болса, қол ұшын беруге жарар. Алғашқы ашумен аттанып кетсек те сол ел – жұртты сен де, мен де көсемей жүргеніміз жоқ. Несін жасырайын, пенде дегенің егер өлерінде бар шыны мен сырын айтар болса – балам, менен көп ағаттық кеткен екен. Иті жесе де, қайтып еліңе бар… еліңе бар… Қалың жамиғаттан бір уыс топырақ бұйырмаған соң – басқа біткен ырыздықтың молдығынан не пайда. Біле білсең сүйегімді орар кебің де жоқ – ау, бұл айдаладағы адасқан үйде. Қарызға ала қоятын қоңсыласың жоқ. Құдайдың тартырған жазасы да… «жалғыздық» атты суық сөздің қауіпті екенінен ана жүрегімен егіле жылап айтып отыр. Осы «жалғыздық» немересі Ардаққа да үлкен қатар әкелді. Ол ешкіммен бала болып ойнамайды. Тілі сақау. Жалғыздықтың кесірі. Анасы: « Ауыл-аймақтың ортасында өссе, бүйтіп сақау болып қалмас еді» – деп баланың мінін қатты уайымдайды.
Қожа монологынан кейіпкер күйзелісін танимыз. « Қариясы сұлап жатқанда сол елден, сол ағайын- туғаннан жаназаға бірде-бірінің қатысып, бір уыс топырақ салмағаны, бірде-бірінің төбесін көрсетіп көңіл айтып, бата оқырға келмегені елжіреген ет-жүректі суыта, мұздата түсетін». Ол мәңгі -бақида сол ауылға қайтып көшіп бармайтынын түйген көкірегіне. Шешесінің мүдіресін тастап қайда бармақ… Тіріде сыйласпаған, өлгенде жыласпайды дегені тегі рас та. Заман дегенің қандай ала- құйын едің. Мынау күздің аласапыраны секілді, мынау күздің қатал да, қатқыл суығы секілді, мынау күздің өңменен өтер ызғары секілді.
Қожаның жалғыз қызы Ардақ, ғұмырында әке-шешесінен өзге жан, торшолақтан басқа ат көрмеген бойжеткен қыздың, қиын да жұмбақ өмірі басталады. Табиғи құштарлық, ақсаулар қызды алапат өрт күйге түсірген. « Жар сабалап жарысып жатқан тоқпейіл толқындар дүлей, қыз мұның, қыз әнін тыңдай алмады. Телегейі мен тереңі бірдей салхар көл Ардақ алдында таңғажайып көрініс беріп, кербез керіліп жатты. Ол самаладай саулап төгiлген ай сәулесiмен анау айнадай жарқырап, ауыр тыныстаған көл тiлсiз табысып, құшақтасып жатыр-ау деп ойлайды. Көл шолп-шолп сүйiсiп мазасын алды. Ай қорғалапты. Қараңғы. Құлаққа Марқакөлдiң бiр қалыпты сылп-сылп етiп, таңдайын қаққаны ғана естiледi. Жұлдыздар тiптi жақын тұр. Көлден ескен самал бар. Көктемгi ауадан жас балаусаның исi шығады. Ақшоқы жақтан ат кiсiнедi. Үйiрiн сағынған торы шолақ болар. Мал екеш мал да жалғыздықтан құлазиды екен-ау. Обалың жер қойнына итше ырылдасып кiретiн адамдарға шығар[47,185]. « Марқакөл Ардақты тұнжырап, томаға-тұйық қарсы алды. Өкпелеп жатыр. Бетi қарабарқынданып көрiнбейдi».
Осы шағын үзiндiден орта мен адамның жан дүниесiнiң байланысы ашық байқалады. Ақшоқы осы жасына дейiн аттың кiсiнеуi, оның да адамдармен араласа алмаған iшкi мұңымен астасып жатыр. Марқакөлдiң Ардақты тұнжырап, томаға-тұйық қарсы алуынан алда осы көлдiң мұндай мiнез танытарлық бiр тосын оқиғаға куә болатынын оқырман сезiнгендей болады. «Шығармада кейіпкерді қоршаған заттық дүние бар, табиғат бар. Жазушы бұл көркемдік детальдарды да тегін алмайды. Олар кейіпкердің мінез-қылығын ашуға көмектеседі. Табиғатты жазушы кейіпкердің сол сәттегі көңіл күйіне, жан толғанысына, қуаныш-қызығына, қайғы-қасіретіне, басына түскен үлкен қатерге, ашу-ызасына, қайрат-қажырына орай бейнелейді. Жазушы табиғатты сөйлете отыра, кейіпкердің жан толғанысын тереңдете түседі, оқушыға әсерін арттырады» [54,83]. Алтайдың кербез табиғатын Оралхан асыра жырлаған ешкiм жоқ шығар.
Оралханның алғашқы да және талант бастауы да «Қамшыгер» әңгiмесi едi. Бұл бiр қазақтың ескi тұрмысынан кесек ойылған өмiр суретi. Тақырыбы қарабайыр, қазақтың талай-талай қайратты ұлдары «берсең-қолыңнан, бермесең-жолыңнан», деп өмiр сүрген. Бозбаяғы барымта, ел-елдiң арасындағы қымқа ұрлық. Қамшыгер характерi мiнсiз жонылған. Ер тұрғысы қандай, ерлiк қандай!
Оралхан ескi өмiрде бағзы заман өмiр құралдарын қатыстырады. Үнемi жортылуда, үнемi ат үстiнде жүрген азамат тым сабырлы. Соңғы уақытта жолы бола бермеген, жалғыздық елегiзеткен. Қамшыгер тынышсыз түс көредi. «Керегеде салбырап iлулi тұрған бұзау тiс он екi өрiм қамшының ұшынан сүт ағып тұр… Не де болса дәмiн татып көрейiн деп аузын ашып, қып-қызыл қан дәмi таңдайына бақ ете қалды. Адамның қаны ма, малдың қаны ма айыра алған жоқ». Бұл көрiнiс тектен-тек емес, ол сюжеттiң ширай түсуiне қызмет етедi. Ол ол ма, барымта үстiнде қамшыгер тұлан тұтады, iсi оңынан туып тұрғанда: «Сақ-сақ күлiп, ғайып ирен-қырық шiлтеннiң пiрiн шақырады» майданға кiрiседi. Бұл жолғы түспен басталған өмiр тағы да тұспалды түспен аяқталады: «керегеде iлулi тұрған он екi баспа қамшының ұшынан бiр жылы су ағып тұр… Ындыны құрып қомағайлана жұтып-жұтып жiберiп едi. Тым-тымудай ащы, кермек татиды. Көздiң жасы екен…»
Әңгiме финалы да ащы, оны да Оралхан әдемi әдет-ғұрып кестесiмен көмкередi. Артында қалған баласы бар ма, қамшы ұстау қатынның iсi емес. Жан досы ғой. Бiрге кетсiн өзiмен»-дейдi зайыбы Қамқа. Шариғат заңы бұзылып, Қамшыгер қамшысы ақыретке бірге барады. Садақбай өлерінде қатты қиналады. « Тіршіліктің мынау қолындағы қамшының сабындай келте, сабындай жылпылдақтығын әрі ермен шөптей ащылығын ойлады ма, құйрық-жалсыз жалғыздығын енді ғана сезді ме… Ол ішек-қарыны ақтарыла қатты… аса қысастықпен еңкілдеп жылап жіберді. Жылап тұр. Сыңар аяғына ғана сүйеніп еңіреп тұр… Еңіреп тұр. Сонсоң дауыл қопарған бәйтеректей гүрс етіп сұлап түсті[47,28]. Кейіпкердің өкінішін жазушы Садақбайдың ішкі ой толғанысы арқылы береді.
Ауыз әдебиетiндегi тәңiрге, сосын құдай сиыну, олар иман-дәрiсiнiң ұшқындары ырым-жырым, тату-тартыс, жұмбақ мезгеу, атаулы белгiлерi өмiр ықылымынан туса керек. «Қамшыгердi» талай түтек боран, қақтан сан рет аман етiп жүрген Садақбай өмiрi соңында Қараоба кезеңiндегi түйетас маңындағы «қылкөпiрден» өте алмай қалады. Себебi жоқ емес, ұзақ-қаурыт жортуылдарда адам қанын көп iшкен қамшыгер-күнәқор. Ал күнәқордың күндердiң күнiнде әйтеуiр қылкөпiрден құлайтыны анық.
Оралхан Бөкеевтің үлкен, көлемді шығармаларын былай қойғанда, кез – келген ұсақ әңгімесінен туған жеріне, тіпті, оның әр бұта қарағанына деген, жалпы адамзат баласына деген алапат сағынышы аңқылдап тұрады. Сағынышсыз адам –құр тұлып. Ал, Оралхандікі тым ерекше. Туған жерінің төсінде ойнақтап жүріп – ақ әр тал ағашын, әр тал жусанын мың сан еңірей құшады.
Оралхан шығармашылыққа өмірдің өзінен дайын келді. Ол шығармашылығының бастауы ретінде « Сарыарқаның жаңбыры » атты ұзақ әңгімесін атап жүрміз. Оралханды өз биігіне шығарған « Бөкеев – нағыз талант» дегізген шығармасы – « Мұзтау» повесі. Міне, дәл осы шығармасынан бастап Оралхан Бөкеев қоғаммен, оның кереғарлығымен, адамзатқа қасірет әкелетін сойқанды іс - әрекеттермен шайқасқа түседі.
Аршалы. Қазақ жерінің күншығыстағы сіргежинар пұшпағы. Жұрты екі – ақ күнде көр-жерін буып-түйіп бел асып, балалап кеткен, әдірем қалған мекен. Мылқау шешесімен Ақтан ғана қалған. Тағы да бір Ақтанның мұңдасы, тіршілік иесі бар. Ол-арса-арсасы шыққан Шағырқасқа. Оның да терісі қанжар жүзіндей боп жұқарған. Жүдеген. Мынау мүлгіген мылқау тірліктен Шағырқасқа да әбден зәрезеп болған: алқа-салқасы шығып жылағысы, белгісіз бір шулы өмірге күңірене кісінеп еніп кеткісі келетін. Бірақ ондай шылбыр үзер тентектікті Шағырқасқаға кім беріпті?! Қайта мынау меңіреу тайгада өзі салған, өзі мың сан таптаған сүрлеуімен митың-митың тапырақтағанына, тірлік етіп жүргеніне риза болсын.
Шағырқасақаның үстіндегі иесі-Ақтан да жалқы. Жалғыз. Жартылай аң , жартылай адам. Табиғилығына түрен түспеген пенделердің соңғы тұяғы. Өрелдегі өңезкеуделердің аң атып жүргені де сондықтан. Олардың ойыншы қулық, сұмдық, аярлық, алаяқтылықты меңгермеген жан- аң.
Ақтанның бар еңбегі – ой. Санасына мәңгі тыныштық бермейді. Оралхан өзін шаршатқан, санасын сансыратқан, жауабын табу қияметқайым сандаған сұрақтарын Ақан арқылы жарыққа шығарады. Ақтан мен аңды пікірталасқа түсіру арқылы жауап іздейді. Ақтан - әділетсіздік пен аярлықтың ордасы-күлкітоқ қоғамнан қашып, Алтай тайгасының тағылар ғана мекендейтін түкпірінде табилығын сақтап қалу үшін жансауғалап жүрген қияли, ойсоқты адам. Совхоз орталығы Өрелге зәуімен бір бара қалса, жиреніште лас өмірден түңіле қашып тауымен, жалғыздылығымен еңіреп табысады. Бұл еркіндігі, еркелігі қаншаға созылары бір Аллаға ғана аян. Жазушы Ақтанның ішкі тұңғиық тереңін, адам психологиясының көзге ілінбес нәзік қалтарыстарын, адамға тән құштарлықтың жан түсінбес қиын құпиясын жарқ еткізіп ашып, қопара көрсеткен осынау керемет зергерлік – образ жасаудың тағы бір тамаша тәсілі – озғын үлгісі арқылы бейнелейді.
Повесте қосалқы бейне есебінде үнемі көрініп қап отыратын кейіпкер-өтірікші Асан шал. Бұл кейіпкер Оралханның алмас алдаспаны. Оны әрі шежіреші, әрі өтірікші етіп алуы-саясат. Міне, осы жерде Оралхан екінің қолынан келе бермейтін әдеби қулыққа барды. Тәңірқоймасындағы ұлы Қаһанның күзетшісі ұлы бабасы туралы бар шындықты жайып салады. Оған Асан шал тарапынан (ол шал кеңестік дәуірге берілген адам ретінде алынған) әлсіз қарсылық көрсетіледі. Күзетшінің шынайы марапаттауын Асан шал арқылы әлсіз дәлелдермен жоққа шығару «ойыны» өткізіледі.
«Өгізді де өлтірмеу, арбаны да сындырмау» шеберлігі деген осы.
«Мұзтау» повесінің көтерген ең ауыр жүгі-оның адами мораль мен этикасының жиынтығы екенінде. Оралхан осы шығармасында арамдық пен аярлықтың бетін қан жосасын шығарып, аймаңдай етеді. Адамдарды ізгілікке үндейді. Етегі толы еңірей отырып адам боп қалуға шақырады.
Жалпы «Мұзтау» повесі – Мұзтаудай биікке шыққан шығарма. Ол аласаруы мүмкін емес. Ол ерлік пен өрлікке толы хикаят. Әсілі Бөкеевтің қара сөздің інжу-жұқытымен өрілген жырларынан әменде ерлік рухы атқақтап, шарасына симай асып-төгіліп жатқан асқақтың лебі өн-бойыңызды тоқ соққандай қалшылдатады[57]. «Мұзтау» адам жаннының алынбас қамал, ішкі сырын түксие ішіне бүккен томағалықты дәл көрсетіп автор шығармашылық ізденістің жаңа бір биігіне көтеріледі. Сондайлық жемісті ізденістің іргелі табысы – «Атау –кере».
«Атау – кере» повесінде жастар өмірінің қыр – сыры мен оның проблемалары, Алтай тауындағы өмір-тіршілігі қамтылған. Бас кейіпкер Еріктің, оның шешесі Нюраның, жұбайы Айнаның арасындағы оқиға психологиялық ауанда өрбиді. Сондай-ақ бас тұлғаның бірі Таған атты атпал жастың талантын таптаған маскүнемдік дертке душар болу себептері де сезімталдықпен суреттелген. Автор сонымен бірге сонау ашаршылық, жеке басқа табынушылық кезіндегі ел ішіндегі нәубәтті дәл көрсетіп, көңілге қозғау салады.
Алматыдағы дене тәрбиесі институтын бітірген, күрестен спорт шебері Еріктің жалпақ дүниенің барлық қызығынан жеріп, атты адам араға бір қонып, әрең жетер ит өлген жерге кетуінің сырын ешкім білмейді. Ерік образы повесте жақсы талданған. Ерік мінезін жазушы былай деп баяндайды: «Бұл жігітке әзіл айту жараспайды, балшықтан төртбұрыштан қолапайсыз соға сомған секілді. Өзге өзекті жан ішек-сілесі қатып күліп жатқанда, миығынан ғана сәл жымиып тұрып жүре беретін. Сонымен қатар Еріктің мінезін Бекзаттың (Айнаның) мына сөздерінен байқаймыз: «Сен қатты қуана да, қатты қорқа да алмайтын секілдісің. Қанша құмар қондыра аймаласаң да тұла бойыңнан салқындық сезем. Дүниеде балдан да тәтті, балдан да қымбат нәрселер бар» - дейді Бекзат Ерікке.
Ерік Айнаны сүймейді. Оның ойлайтыны тек өзінің шаруасы. Ол анасы-Нүркенің де сөзін тыңдамайды. Ол-дүниеқоңыз, тас жүрек адам. Ол өзінің кластас досының маскүнемдікке салынғанын өзінің пайдасына жаратқысы келді. Еріктің табиғатқа жаны ашымайды. Баю үшін ол қолынан келгеннің бәрін істейді. Оралхан Ерікті «жауыз араға» теңейді. Өз ғұмырында ұйықтауды білмейтін «бел жазып» дем алуды білмейтін шыбын руынан шыққан Араның сана-сезімі, түйсігі-түсінігі болмаса да, табиғат жаратқан, біздер үшін беймәлім әрекеті әрқашанда адамдар ақыл –ойынан асып ектер еді; ал қант жеген бейшаралардың тұқымы барған сайын кетеуі кете, азып – тозып барады; ең ғажабы – еріншек тартып, үй айналасындағы қоқыстан қоректенуге үйреніп алар еді; өздері берген қантты өздеріне қайтадан беріп, бал емес көпке бармай беріш болып қатып қалар езілген қант жеген кісілерге миығынан «күліп» қарар еді. Әсірісе «қауіпті будан», яғни ғылыми тілде «жауыз ара» деп аталар араның жаңа тұқымы алапат еңбекқор еді. Оны бір кезде Африка елінен алып келген, жергілікті аралармен будандастырылған. Соның нәтижесінде пайда болды. Сондықтан да өз арамыздың кейінгі балаларының мінез-құлқы өзгеріп, африкалана бастаған. Мұның өзі байқап қарасақ, адамдар бойындағы шет елге дегенқызығушылық психологиясын еске салушы еді. Адамдар арасында ондайлардың барын көзіміз көріп жүр. Жазушы бұл образды тектен – тек беріп отырған жоқ. Мұнда араның рөлін – адамзат атқаруда. Адам мен араны пікірталасқа қою арқылы, дәуір проблемасын ашық суреттеген. Ерік осы кезеңнің құрбаны.
Информация о работе Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм