Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Августа 2013 в 21:23, дипломная работа
Диплом жұмысының өзектілігі: Бүгінде тәуелсіз ел болған қазақ халқының қиын жол, қиын тағдырымен бірге жасасып, оның тарихы мен тағдыр-талайының көркем шежіресі болып келе жатқан қазақ әдебиеті қазір барлық жанрда дамып, тақырыптық-мазмұндық тереңдігімен, көл-көсір көркемдік-эстетикалық қуатымен халқымыздың мәдени-рухани әлемінде ерекше орын алып отыр. Бұл құбылыс әдебиетші ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан әр қырынан қарастырылып, әдебиетіміздің сан-салалы мәселелерімен байланыста жеке ақын-жазушылардың шығармашылығын зерттеуде де ғылыми мәнділігімен ерекшеленеді.
Кіріспе ............................................................................................................3-5
І. Көркемдік ойлау жүйесіндегі әдеби әдістер және қазақ әдебиетіндегі романтизм........................................................................................................6-35
І.1. Романтизм және көркемдік ойлау ..........................................................6
І.2. Қазақ романтизмі және оның даму тарихы мен зерттелуі...................21
ІІ. О.Бөкей романтизмінің өзекті мәселелері мен суреттелу ерекше-
ліктері ..........................................................................................................36-48
ІІ.1 О.Бөкей романтизміндегі дәуірдің өзекті мәселелері .........................36
ІІ. 2. О.Бөкей романтизміндегі болмыс, ұлт, адам образдарының суреттелу ерекшеліктері ................................................................................................42
ІІІ. О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық, көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы......................................................................................49-74
ІІІ.1 О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық сипаттары..................49
ІІІ. 2. О.Бөкей романтизмінің көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы...........................................................................................................53
Қорытынды....................................................................................................75-76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................77-79
« Кербұғы » мен « Бура » өзегі бір, рухтас әңгімелер, олар бір-бірімен наурызға дейінгі тоң астындағы тамырдай байланысып жатыр. Ол асылдықтың жалғыздығы, асыл ердің жалғыздығы, келер ұрпақтың азғындауы мүмкін бе деген қауіп, дүниенің жалғандығы, тегінде қас жақсының жалғыздығы болып сыңсып тұрады, сыңсығанда күзгі жел өтіндегі Алтайдың қалың орманындай қалың мұң жамылып бақылдасатындай ма қалай. Бураның басындағы тіршіліктің лаңы ұлттық бейнеге ұласып кетердей қазақтың жүрегін қариды: « Қазақбай ауылының ең соңғы түйесі осылайша ит жемі болып қазаға ұшыраған ». Бура поезға соғылып өлді, өйткені Кербұғы тәрізді нәпсінің иірімі де мұнда түпсіз тақырып. Малы ырысы болған қазақ даласын енді көк темірдің уыты басқан, ол көкке полтгон болып зәр шашып, өлім бүркер еді. Өркениет көш ілгері озғаны қазақ даласына теміржолдың табаны болып келіп, от арба – поездың дүрсіліне айналған, оны әу баста көшпенді нәсіл сайтан арба деп неге атады дейсіз, ол өзінің өмір салты бұзыларын сезген соң айтқан. « Қамшыгер » атты әңгімесіндегі қазақы тіршіліктің де еш жақсылығы жоқ, бірақ онда шынайы азаттық, құстай еркіндік бар сияқты.
Оралханның прозасы өзінің терең өміршеңдігімен құнды. Ол - өз оқырманын ешқашан жоғалтып алмайтын шын бақытты жазушы. Әдебиет үшін бұдан артық идеал болмаса керек.
«Әдебиетке бойындағы қасиетіне, дарынына, біліміне, бірлігіне қарап емес, құрғақ тәуекелшілдікпен келген және осы құрғақ тәуекелдің қу емшегін зорлықпен тарта-тарта оқушы қауымға уыз орнына жалқаяқ сарысу беріп жүрген»[55,24] бейталанттардың сапынан емес, Оралхан Бөкей – қатпарлы, ұлтанды, ұтқыр жазушы. Мұндай жазушыны толық ашу үшін органикалық сын керек.
Шын жазушыны сүйіндіретін, өтірік жазушының құтын қашыратын органикалық сын қажет.
Білімпаздардың сөзіне сенсек, әдеби сын іштей төрт түрге бөлінеді: публицистикалық сын, ғылыми сын, эстетикалық сын, органикалық сын. Бізде жоғы да, бізге жетпей жүргені де – органикалық сын. Яғни, жазушының шғармасын әрі көркемдік, әрі ғылыми, әрі пәлсапалық, әрі эстетикалық, әрі Ақиқаттану тұрғысынан (имани ілім тұрғысынан) саралайтын сарабдал сын.
Күні ертең-ақ қазіргідей қауқарсыз , дәрменсіңз сынды ысырып тастап, жазушының өзі мен көзіне қарап емес, оның сөзіне, білімі мен білігіне, «каллибрі» мен «категориясына», тапқаны мен танығанына қарап таразылайтын, таразылай алатын сыншылар қауымы түлеп, өсіп-жетіліп, Оралхан Бөкей шығармаларының қасиетін барша қырынан жарқыратып ашып көрсетеріне де күмән келтірмесек керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Әлемдік әдебиеттану ғылымында сөз өнерінің алғашқы бастауынан бүгінгі күнгі дейінгі даму тарихын зерттеуде негізінен үш сала айрықша қарастырылатыны белгілі. Олар әдебиет теориясы, әдебиеттің тарихы және әдебиет сыны. Осы салалардың бәрінде де басты нысана көркем туынды, оның тілі, стилі, идеясы мен мазмұны, композициялық құрылымы, сюжеттік байланыс және көркемдік ойлау жүйесіндегі әдеби ағым мен бағыттарға қатысы десек, сөз өнерінің туысы, қалыптасып, өсу жолында болмыс пен адам образын бейнелеуде әдебиет тарихы қаншалықты қиын да күрделі асулардан өткеніне көз жеткіземіз. Осы мәселелердің бірі жалпы әдебиеттегі тек пен түр, бет пен бағыт және образ жасау жайымен байланысты. Бұл орайда әдебиеттануда әдеби бағыттар мен әдеби ағымдардың тарихы адамзат қоғамының саяси-әлеуметтік жағдайлары мен сөз зергерлерінің сол қоғамдық орта мен адамды суреттеудегі көркемдік ой ортақтастығынан туғаны анық. Сөйтіп әлем әдебиеті эпика, лирика, драма жанрларының сан алуан түрлерінде жүздеген әдеби бағыттар мен мыңдаған ағымдарды дүниеге әкелді. Осы сан-салалы көркемдік әлемнің туындылары болмыс пен образды сомдауда екі түрлі әдеби әдіспен жазылған.
Оның бірі – реализм, екіншісі – романтизм. Өмірді шындық қалыпта суреттеу, адамзат тарихын танытса, көркемдік қиялмен бейнелеу, адам арманы мен сезімінен хабар береді. Күллі әлемдік әдебиеттің көркем туындылары осы екі әдеби әдіспен жазылғаны аян. Десек те, әр елдің әдебиет тарихында романтикалық және реалистік туындылардың өмірге келу жолы әр түрлі. Соның бірі қазақ әдебиетінде де бұл әдістер қилы кезеңдерде туды. Жалпы ұлт фольклоры, ежелгі және төл әдебиетте бар романтизм Абай шәкірттернің шығармаларынан бастап, жазба әдебиетте нақты әдеби әдіс түрінде ғана емес, әдеби образ сомдаудың көркемдік тәсілі ретінде де туып, қалыптасты.
Осы дәстүрді, яғни қазақ әдебиеті тарихындағы романтизмді кеңес әдебиетінде әдеби әдіс және әдеби-көркемдік тәсіл ретінде өрістеткен О.Бөкей болды. Әрине жазушы бұл орайда дәстүрді жалғастыра отырып, кеңес әдебиетіне қойылған саяси-идеологиялық шеңбер қыспағынан тыс кете алмады. Дегенмен өз прозасында романтизмді кең қолдана отырып, заман тынысын, адам болмысын суреттеуде биік көркемдік жетістіктерге қол жеткізді. Диплом жұмысында біз осы жайларды, нақты саралап айтқанда, романтизм әдісінің әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетіндегі тарихы, оның зерттелу жайы, романтикалық туындылардың ұлт әдебиетіндегі бастаулары мен кеңес әдебиетінің көркем туындыларындағы көріністерін талдай отырып, О.Бөкей шығармаларындағы романтизмді жан-жақты қарастырдық. Сол негізде мынадай тұжырымдар жасадық:
О.Бөкей – кеңес әдебиетінде ұлттық нақышты, адамдық асыл қасиеттерді, адам әлемін романтикалық көркемдік әдіс және романтикалық образдар негізінде әдеби-эстетикалық келбетін кемеліне келтіріп бейнелеген суреткер. Жазушы қаламынан туған мұралардың композициялық құрылымы мен сюжеттік байланыстары, шығарма шешімі қаламгерлік шеберлікпен жазылып, автордың позициясы ұлттық таным, адамдық гуманизм идеаларының көркемөнердегі насихатшысы болды. О.Бөкей прозасының көркемдік тіл айшығы, сөз қолданысы қазақ эпика жанрындағы жазылған көркем шығармалардың тамаша үлгілері қатарынан орын алатын мұралар ретінде әдебиет тарихына енді.
Күллі шығармашылығы адамзаттық гуманизмді, әлем, болмыс, адамды ардақтау, ұлтты сүю, оның құндылықтары мен ұлылықтарын ұлықтауға арналған О.Бөкей прозасы – қазақ әдебиеті тарихының алтын қорына қосылған асыл туындылар.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Информация о работе Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм