Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Августа 2013 в 21:23, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі: Бүгінде тәуелсіз ел болған қазақ халқының қиын жол, қиын тағдырымен бірге жасасып, оның тарихы мен тағдыр-талайының көркем шежіресі болып келе жатқан қазақ әдебиеті қазір барлық жанрда дамып, тақырыптық-мазмұндық тереңдігімен, көл-көсір көркемдік-эстетикалық қуатымен халқымыздың мәдени-рухани әлемінде ерекше орын алып отыр. Бұл құбылыс әдебиетші ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан әр қырынан қарастырылып, әдебиетіміздің сан-салалы мәселелерімен байланыста жеке ақын-жазушылардың шығармашылығын зерттеуде де ғылыми мәнділігімен ерекшеленеді.

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................3-5
І. Көркемдік ойлау жүйесіндегі әдеби әдістер және қазақ әдебиетіндегі романтизм........................................................................................................6-35
І.1. Романтизм және көркемдік ойлау ..........................................................6
І.2. Қазақ романтизмі және оның даму тарихы мен зерттелуі...................21
ІІ. О.Бөкей романтизмінің өзекті мәселелері мен суреттелу ерекше-
ліктері ..........................................................................................................36-48
ІІ.1 О.Бөкей романтизміндегі дәуірдің өзекті мәселелері .........................36
ІІ. 2. О.Бөкей романтизміндегі болмыс, ұлт, адам образдарының суреттелу ерекшеліктері ................................................................................................42
ІІІ. О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық, көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы......................................................................................49-74
ІІІ.1 О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық сипаттары..................49
ІІІ. 2. О.Бөкей романтизмінің көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы...........................................................................................................53
Қорытынды....................................................................................................75-76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................77-79

Прикрепленные файлы: 1 файл

О.Бокей романтизм.doc

— 551.50 Кб (Скачать документ)

Ал, Таған болса –  маскүнемдік өмірді кешкен жан. Ол жалғыз. Өмірдің талай қиыншылықтарын басынан өткізген. Алматыда бес жыл қатар оқыған, аспиратураны тауысқан,  жігіт сұлтаны, қыз – келіншектің сырттаны болған. Оның есіл дерті – маскүнемдік. Ішімдік Таған  үшін  осынау  лас  дүниеден  жиіркенген  жүрегін  жұбату  үшін керекті  сусун іспетті.  Таған  - сол  дәуірдегі  қазақ  зиялыларының типтік  жиынтығы.  әрине,  сол  кезеңдегі  бар  қазақ элитасы  ішімдікке салынып  екетті  деукден  аулақпыз. Олай  десек  сыңаржақтылыққа  ұрынарымыз  анық.  Алайда, Таған бейнесі  қазақ әдебиетінде  бұрын соңды кездеспеген  шығар  жол  таппай адасқан  қазақ  оқығандарының, өнерпаздарының жиынтық тұлғасы  екендігі  сөзсіз. Тағанның адамдық ағзасы азған, әбден шамасынан айрылы шалдыққан. Енді тірі қалудың амалын ойлап, Еріктің айтқанын орындап, көмектесуде. Бұл Ерікке өте қолайлы. Алдап арағын беріп, жұмысының бәрін істеткізіп алады. Еріктің Тағанды өз қолына  алып,  басқаруы,  құл орнына  ұстауы арқылы автор қазақ даласындағы   интелегенцияны бюракрат, дүниеқоңыз  жандардың билеп –төстегені  жұмбақталады.

Таған адамзатқа ренжулі. Шындығында  адамзат балсына  емес,  сол  адам баласын  иектеген нәпсі мен дүниеқоңыздық  сынды  кесірлі қоғам  індеттеріне  бар  жүрегімен  қарсы.

 «Мен осы бір  нәрсеге таң қаламын. Неге біз  осы … жанымызда жанып тұрған  отты не су құйып өшіреміз, не болмаса май құйып лаулата өртеп жібереміз. Неге біз осы бұл дүниенің барлық мүлкін арғы дүниеге арқалап кетердей, мұрнымыздан қан аққанша дүние-боқ жиямыз. Айтыңдаршы, ағайын, салт басым, сабау қамшымнан басқа түгім жоқ менің сендерден қай жерім кем? Кімнің тұнығын шайқаппын, кімдердің ырысын ішіп тауысыппын. Соншалықты неге жек көресіңдер. Мен – талантпын.  Менің білетінімнің бес процентін игерсеңдер, әлдеқашан данышпан болып әлемнің билігін қолдарыңа алмайсыңдар ма?» Таған сөзінің жаны бар. Захар мен Таған диалогынан күйзелген, өкінген адам бейнесін көреміз.  Ол маскүнемдікті тастайын десе, тастай алмайды. О.Бөкей шығармаларының сөз өрнектерін, стильдік тіл айшықтарын танытар осындай көркемдік сипаттар жазушының прозалық мұраларының өнбойында молынан ұшырасады.

Қарт Алтайдың Қатынқарағайында дүниеге келген қаламгер (өзгелердей «Катон», «Катон-Қарағай», «Катон-Қарағай» деп емес, О.Бөкей өз шығармаларында ұдайы   «Қатынқарағай», «Қатынқарағай  ауданы» деп жазады. Сөз төркінін терең танитын Оралхан Бөкейдің  осы қолданысында тілдік, тарихи, ғылыми дәлдік бар! )

    Оралохан Бөкейдің  сөзінің бағасы мен бәсін, қасиеті  мен қадірін де біз күн өткен  сайын айқынырақ сезіне бастағандаймыз.Қаламының  қут-нәрін дүние ақиқатын,өмір  шындығын, болмыс шындығын ашу мен іздеуге бағыштаған жазушының жан шырылын, астарлы ойларын, ескертпелерін де есімізге жиі-жиі түсіре бастағандаймыз.

     Оралхан  Бөкейдің оқырманға ең соңғы  ұсынған шығармасы – «Атау  кере (Қауіпті будан)» повесі. «Повесть»  деп аталғанымен, шын мәнінде бұл туынды – повесть-ескертпе (повесть-предупреждение).

      О.Бөкей  бізге, яки тірілерге нені ескертіп  еді? Нені қауіп етіп айтып кеткен еді? Енді осыған назар аударалықшы.

      У.Керр  дейтін американдық генетик-селекционер  бал арасының тұқымын жақсарту ниетімен америкалық ара мен африкалық араны қолдан будандастырып, өзгеше бір тұқым өсіріп шығарады. Бұл аралар аса еңбекқор, тынымсыз, әрі балды да көп беретін болып шығады. Бірақ бір жаманы, будан аралар – аса қатыгез. Ұясына жақындағанды жабыла талайды. Және уы да өте зәрлі. Шаққанын сеспей қатырады. Осы мысал-деректі өз повесіне кіріктіре отырып Оралхан ғажап параллель жасайды. Есіл-дерті – «ақша тапсам, мал тапсам», мұнан басқа мұңы да, сыры да жоқ Ерік деген омарташы жігіт (Еріктің әкесі – қазақ, шешесі – орыс. Биологиялық тұрғыдан алып қарар болсаңыз, бұл да – «будан») пайдаға шаш-етектен батып қалуды көздеп, балды көп жинайтын әлгі будан араларды Америкадан Алтайға алдыртады. Ауылдастарының «Жат жұрттық ешқашан жарытқан да, жерсінген де емес, бүгін балын берсе, ертең уын ұсынады» деген ескертуіне де құлақ аспайды. Осы жерде О.Бөкей біз ұдайы «ұмытып» кете беретін факторға, генетикалық факторға, генетикалық сыр-сипатына айрықша түбегейлеп үңіледі. (Кезінде Сталин бізге жан-жануарлардың генетикасын оқытты да, адамның генетикасын оқытуға тыйым салды ғой. Мұнда да сұмдық саяси есеп жатқан-ды!)

     Будандасу  арқылы өзінің табиғи түйсігінен, табиғи өрісінен ажырап, өзгешелеу,  қатігездену, қатқылдау түрге  енген будан аралар секілді  Еріктің іс-әрекетінде де ешқандай ұлттық сезінім, ұлттық түйсінім, ұлттық исінім жоқ...

     Жергілікті  араларға қарағанда әрі ірілеу, әрі ширақтау  будан аралар  сияқты Еріктің де бой –  басы бүтін: келісті, көркем. Денсаулығы  да темірдей. Бірақ жансаулығы  жоқ: ұлттық сипаттан, ұлттық санадан, ұлттық болмыстан жұрдай ...

 Будан ара секілді  Ерік те ешкімді аямайды. Туған  үйін де. Туған ауылын да. Туған  анасын да...

Орлаханның көркемдік  тұрғыдан әдіптей отырып көтерген проблемасы бел қайыстырады. Шынында да ұлтымызды  сақтау, ұлттық генофондымызды сақтау, Оралханша айтқанда «гендік шынжыр – тізбегімізді үзіп алмау», ұлтымыздың гендік сабақтастығын (генетическая преемственность) таза сақтау – ұлттығымыздың кепілі емес пе. Ұлттығымыздың кепілі – тек тілдің тұтастығы, территорияның тұтастығы ғана емес, сонымен біргегеннің де тұтастығы. Генетикалық тұтастық. Демек аралас некені, «ұлтаралық», «халықаралық», «құрлықаралық», «мұхитаралық», «еуроазиялық» некелерді насихаттаудың, әспенсітудің еш жөні жоқ.

Оралхан Бөкейдің бізге  парыз ететіні де, мойнымызға қарыз ететіні де – осы.

Повесть былай аяқталады: Еріктің шешесін будан ара  шағып өлтіреді...

Повестің бір  тұсында  жазушы былай дейді: «Апталық алыс жол, мыңдаған шақырымдық қашықтықты аттап  өтіп Алтайға қоныс аударған будан  ара, «қауіпті гибрид» бүгінде қаулап өсіп келеді...»

Ал енді бұл – жазушының  қаупі. Уайымы. Ескертпесі.

Әрине, біздің жоғарыда  сөз еткеніміз – «Атау-кере (Қауіпті  будан)» повесінің тек бір қатпары  ғана. «Атау-кере» сынды күрделі  шығарманы көркемдік, пәлсапалық, эстетикалық тұғыдан талдап – тарқату үшін аса қуатты әдеби сын керек.

О. Бөкейдің осындай ізгі, көлемді де күрделі прозаларын жазудағы алғашқы шығармашылық көрігінен  құйылып туған әңгімелері мен  олардың идеялық – мазмұндық  сипаттарының өзі бір әлем. Мәселен,оның «Ауыл хикаялары» деп аталатын әңгімелер топтамасы өмірдің  өзінен бұзбай алынған мөлтектігімен, жан тазалығымен, шындыққа қылдай қиянаты жоқ әділдігімен оқырманын баурап алады. «Оралхан, сөз жоқ, романтик суреткер, бірақ оның өмірге исүйіспеншілікпен өрілетін тұңғиық романтизмі реализмге қиғаш келмейтін тектілігімен қымбат, қызыл сөздің шылауында адасып, лағып кетуден аулақ мағыналылығымен құнды.»[53].

Орлханның  прозасының  бағыты реалистік болғандықтан, тіптен бұл шағын әңгімелерді очерк  деуге болар ма еді, бірақ оған олардың көркемдік қасиеті рұқсат етпейді. Орыс әдебиетінің классикалық үлгілері И.С. Тургенев, А.П. Чехов, И.А. Бунин прозасындағы қысқа жанрдағы дәстүрден бастау алып, төл әдебиетіміздегі Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов сынды үлкен жазушылардың шығармашылығында дамып жетілген көркемдік тәсіл Оралхан Бөкей  прозасында көрініс табуы тегін болмаса керек. ХХғ. Екінші жартысындағы  орыс әдебиетінен Оралханды өзінің жерлесі, Алтайдың арғы жағында, туған Катон-Қарағайына қол созым жер тиіп тұрған жерде туып-өскен Василий Шукшиннің деревнялық прозасымен тамырлас, өзектес, рухани туыс деу артықшылық етпейді. Тағы бір тамаша орыс жазушысы Юрий Казаков тәрізді осынау екі жазушы да қарапайым жандардың адамшылыққа толы ұмтылмас бейнелерін сомдады, бұл үшеуінің де кейіпкерлері жан тазалығымен, өркениеттің тасжүрек есепқой қыспағына көнбеген табиғи жаратылысқа адалдығымен ерекшеленер еді.

«Ауыл хиекаяларының»  негізгі қозғаушы күші – жарқын күлкі, кәдімгі өмірсүйгіш, жарасымды  күлкі. Жазушы қаламының жұмсақтығына, шеберлігіне жан сүйінеді, тіпті, бір қарағанда, өкініші күштірек, клкіге танымайтын оқиғаны юмордың жасампаз, саф таза керуен сарайына айналдырып дөңгелентіп жібереді. Өйткені автордың адам баласына деген мейірі артық, ол адам баласын ең жаман әлсіздігі  мен қылығы үшін де ақтап алғысы келеді. Әдетте бұл қасиет үлкен суреткерлерге тән қасиет, адам баласына деген айырықша мейірім шығармашылықтың негізі болса керек.

Осы әңгімелердің басында  тұрған «Көк тайынша» атты дүниесі  қазақ әдебиетінде еліктеу мен қайталауды сөзсіз тудырмай қалмаған аса тұщымды, тамаша әңгіме.

Әңгіме жанры бір  ғана көңіл-күйдің, эмоцияның, бір идеяның  жемісі. «Көк тайыншада» ұлттық мінез, психология, салт-сана жарқырап көрінуімен тәнті етеді. Оралханнан кейде бір  қос мәнді, астары терең сөйлемдер ұшырасатыны қызық: «Осы шақта қаладағы қаламдастарымның әліне қарамай қолымды мыжғылайтыныесіме түсті» («Маңдайдан бағың шайқалса»). Бұны тура мағынасында болмаса құпия мағынасында қабылдасаңыз де ерік өзіңізде. Оралхан –жазушы. Жазушыға тап осы бір өзін зор тұту мінезі ана сүтімен берілмесе ол қалам ұстап тумаған да болар еді-ау. Яғни өзімшілік пен менмендіктің творчествосына тигізетін еш зияны жоқ: сірә, жазуға, сомдауға келгенде бұл қасиетте обал, сауап деген атымен болмайды. Немесе «Көк тас көк тайыншаның қанына былғанған. Көзі алайып, күзгі ашық аспанға тесіле қарап көсілген бас, серейіп төрт сирақ жатыр». Бұл сөйлемді тұтасымен трагокомедиялық сарында десек қателеспейміз. Бұзаулы сиыр болып, сүтке қарқ қылады, тұқымы асыл деп мәз болып жүрген тайыншаны күтпеген жерден ұры-қары ұрлап сойып алғаны, тіпті «бастаудың суын ластап, ішек-қарнына дейін аршып» әкеткен басынған қылығы иесінің қабырғасына қатты батады. Әңгімеегі санаулы кейіпкердің барлығы да өзіне лайық емес бір ауыз сөз айтпайды, жасандылық, сөз ойнату, жалған эпизот мұнда ырымға жоқ. Ең тамашасы, осы әңгімедегі жоғалған малды жеті ай іздегенде бар бітірген шаруасы шалдың үйіне кеп ет жеп, шай ішіп, үй иелерін тергеп аттанумен шектелетін аудандық милиционер де кемпір мен шал да, қыл аяғы тайыншаны өз құдасынан ұрлап жеген құдай бейнесі де кең пейіл, бауырмал, адамшылық қалыптарынан асатын сұмдыққа жоқ адамдар.

    Жазушы өмірдің  тап сондай ақжарқын келбетін  сүйіп ұнатып, соны қызықтайтынын  жасырмайтын тәрізді. Тегінде  Оралханның қаламы суреттесе кәдімгі картоп жеудің өзі таңғажайып картинаға, Бальзак әлемге мойындатқан адамдық комедияға айналып кете береді. Мысалы, «Иғаң» аталатын әңгімесінде бір көрінгенде осы бер күлкіге лайық картоп жеу эпизодының астарында орасан зор трагедия тұнып жатыр. Мұндағы Иғаң, палуан деген әншейін аты, өзі өлмеген құл демесең барып тұрған шірік, нашар адам. Ол да бір Қарабай, Қарынбайлардың сарқыты сияқтанады, бірақ ол сараңдықтың кесірінен емес, алып денесін жындай жайлаған жалқаулығынан кедейшілікке бала-шағасын қамап, мүсәпір еткен жан. Мұндай масқара еріншекті Құдай ешкімнің басына бермесін деңіз.

Ал «Бес тиын» атты әңгімесінде бас кейіпкер Гогольдің  шинелінен шығып, Чеховтың «Құндақтаулы адам» атты әңгімесінде рухани туыс, жамағайын десе де болады, яғни әдебиеттегі «кішкентай адам» тақырыбын қамтиды. Сонда Оралханның шағын әңгімелеріндегі әрбір кейіпкер бір-біріне мүлде ұқсамайды, әрқайсысы бір төбе, дара. Оның «Қияли» атты әңгімесіндегі кейіпкері Саршатамыз деген жас жігіт әу баста орыс ертегісіндегі әлгі Иванушка нақұрыс атты жолы болғыш персонажға ұқсайтын сияқтанғанмен, ол да жалқау Иғаң тәрізді түбі опық жегізетін бос белбеу, кещелеу екні ашылып қалды. Ел болған соң кездесе беретін жан, сондықтан да жазушы оны дәріптеуден, әсірелеуден аулақ.

    Ауыл хикаяларының  тағы бір кереметі, бұл жазушының  өзі туралы да, дүние, өірбаяндық  прозаның элементтері көп, кей  тұсы күнделік беттеріне ұқсап  кетеді. Оралхан Бөкейдің туған  жеріндегі бастан кешкен кейбір  жайттарынан бұл әңгімелер үлкен  мәлімет береді, мұндағы тірі адамдардың галериясы жазушының өзімен қоян-қолтық араласқан, сыралғы, ағайын-туыс жандар, балалық шақтың суреттері де үздік-үздік жарқырайды.

     «Қазақ  прозасындағы эссе тәрізді прозаның  Оралхан қаламына да тиесілі  болғаның аңдаймыз» [54,38]. «Апамның астауы» - көркемдігі ерең күшті әңгіме, бұл жазушының балалық шағының суреті. Осындағы апасы, ана бейнесі эпосқа тән телегей-теңіз ішкі қуатымен, таңғажайып штрихтарымен қайран қалдыратын образ. Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» атты классикалық әңгімесінде Құрмаш ауылға бөлтірікті алып келген күні апасының қасына жатпай, бөлек шығып кетуші ғой. Мына әңгімеде соған ұқсас эпизод бар. Ол енді жазушының өз хикаясы мен адамға тән қызғаншақ мінезі, балалығын жасырмай, боямасыз әшкерелеуімен күшті эпизод. Әпкесі күйеуге қашып кеткен соң, құдалар жағы «апама торқадан көйлек кигізіп, менің қолыма он сом ақша ұстатты. Мен мәз болдым. Өзім-өз болып қолыма ақша тигелі сол еді, ышқырымдағы асық салатын қалтаға жымқырып жүгіртіп жібердім де, үйге апамды тастап жаяу қашып кеттім. Апам кештетіп өзі келді. Сол күні түнде мен апамнан мүлде бөлініп шығып, қойнына жатпай, шалбарымды жамбасыма басып жеке ұйықтадым. Ондағы жымсыма ойым – апам құдалар берген он сом ақшаны сұрап алып қояды деген қауіп. Сонда маған «Әпкеңді үйге қайтарамыз, он сом ақшаны бер» десе, азар да безер қарсы болар едім-ау; сонда мен әпкемді он сомға сатып жібергендей едім». Он бес жасар, жасөспурум баланың шынайылығында қылдай дақ жоқ. М.Ю. Лермонтовтың «Біздің заманымыздың кейіпкері» атты әйгілі романында да жасөспірім бала Азамат апасы баланы бір ағымаққа бола сатып жіберуші еді ғой. Сонда бұл эпизодтан ешқашан  өзгермейтін адамның психологиясын тану қиынға соқпайды. Әрі бұл өзі әлеуметтік ахуалды да әйгілейтін, ел тұрмысын әшкерлеуге татитын деталь.

Осы циклдағы Оралханның хайуанат туралы жазылған қос әңгімесінің  де негізгі тақырыбы, басты идеясы – жалғыздық. Бұл енді жас Оралханның басына түспеген, уақыт есейткенде жанын күйзелткен сезім. Сол ауыр сезім жалғыздықты жазушы ерен поэтикалық сарын бере білгені жан тебірентеді. Асылы мұндағы жалғыздық суреткерлердің табиғатына келіп тірелсе керек. “Кербұғы” – сивол. Бұл әңгімеде дүниеде аң дүниесі иен адам дүниесі жер мен көктей астасып, тұтасып кетеді Кербұғы - өлімнің ақиық шыңына мойынсұну, өмірдің қимастықты қиянатқа қимау; өмірді сүю өлімді мойындауға барып тірелетін қорқытшылдық идеяның мәңгілігі шығар. Әдебиетте аң бейнесін сомдау барлық жазушылардың асыл арманы, бірақ оны ұғыну оңай емес, аң бейнесі ашу тіптен қиын, хайуанаттар әлемінің өз философиясы мен таным-зердесі өткізбейтін асу тәрізді. Дуниежүзілік әдебиетте осы асудан өткен жазушылар нағыз суркткерлер. Оралхан Кербұғысына тіршілік философиясын салып жіберуге жаны құмартып, сол сүйіспеншілігінің арынын баса алмай алқынатынын оқырман жүрегі сезбей және қалмайды. Кербұғы – дүниедегі ең асыл қазына аң баласы үшін бостандық, еркіндік болса, автор сол бостандықтың да шектеулі, әншейін ашкөздіктің құрбандығына шалына беруге үкім етілген жалғандығына шағынады. Маралдардың мүйізін отап, қан қылып кесіп алатын адамдардың қылығы бұл әңгімеде астары терең символға ұласар еді. Сол « Кербұғыдағы » қат-қабат астарды адамзат қоғамына да телісе болады. Сонда ойлайсың, осы адам баласы қашан шын азат күйін бастан кешеді деп. Осы әңгімедегі маралдарды қоршау, Кербұғының қоршауды бұзып, қарғып өтіп өлім табуы – ол нендей қоршау, жазушы онымен не айтқысы келеді? Осы әңгіме қоғамдық, әлеуметтік өмірге наразылық емес деп толық илана алар ма едік.

Информация о работе Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм