Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Августа 2013 в 21:23, дипломная работа
Диплом жұмысының өзектілігі: Бүгінде тәуелсіз ел болған қазақ халқының қиын жол, қиын тағдырымен бірге жасасып, оның тарихы мен тағдыр-талайының көркем шежіресі болып келе жатқан қазақ әдебиеті қазір барлық жанрда дамып, тақырыптық-мазмұндық тереңдігімен, көл-көсір көркемдік-эстетикалық қуатымен халқымыздың мәдени-рухани әлемінде ерекше орын алып отыр. Бұл құбылыс әдебиетші ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан әр қырынан қарастырылып, әдебиетіміздің сан-салалы мәселелерімен байланыста жеке ақын-жазушылардың шығармашылығын зерттеуде де ғылыми мәнділігімен ерекшеленеді.
Кіріспе ............................................................................................................3-5
І. Көркемдік ойлау жүйесіндегі әдеби әдістер және қазақ әдебиетіндегі романтизм........................................................................................................6-35
І.1. Романтизм және көркемдік ойлау ..........................................................6
І.2. Қазақ романтизмі және оның даму тарихы мен зерттелуі...................21
ІІ. О.Бөкей романтизмінің өзекті мәселелері мен суреттелу ерекше-
ліктері ..........................................................................................................36-48
ІІ.1 О.Бөкей романтизміндегі дәуірдің өзекті мәселелері .........................36
ІІ. 2. О.Бөкей романтизміндегі болмыс, ұлт, адам образдарының суреттелу ерекшеліктері ................................................................................................42
ІІІ. О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық, көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы......................................................................................49-74
ІІІ.1 О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық сипаттары..................49
ІІІ. 2. О.Бөкей романтизмінің көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы...........................................................................................................53
Қорытынды....................................................................................................75-76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................77-79
Будандасу
арқылы өзінің табиғи
Жергілікті араларға қарағанда әрі ірілеу, әрі ширақтау будан аралар сияқты Еріктің де бой – басы бүтін: келісті, көркем. Денсаулығы да темірдей. Бірақ жансаулығы жоқ: ұлттық сипаттан, ұлттық санадан, ұлттық болмыстан жұрдай ...
Будан ара секілді
Ерік те ешкімді аямайды.
Орлаханның көркемдік тұрғыдан әдіптей отырып көтерген проблемасы бел қайыстырады. Шынында да ұлтымызды сақтау, ұлттық генофондымызды сақтау, Оралханша айтқанда «гендік шынжыр – тізбегімізді үзіп алмау», ұлтымыздың гендік сабақтастығын (генетическая преемственность) таза сақтау – ұлттығымыздың кепілі емес пе. Ұлттығымыздың кепілі – тек тілдің тұтастығы, территорияның тұтастығы ғана емес, сонымен біргегеннің де тұтастығы. Генетикалық тұтастық. Демек аралас некені, «ұлтаралық», «халықаралық», «құрлықаралық», «мұхитаралық», «еуроазиялық» некелерді насихаттаудың, әспенсітудің еш жөні жоқ.
Оралхан Бөкейдің бізге парыз ететіні де, мойнымызға қарыз ететіні де – осы.
Повесть былай аяқталады: Еріктің шешесін будан ара шағып өлтіреді...
Повестің бір тұсында жазушы былай дейді: «Апталық алыс жол, мыңдаған шақырымдық қашықтықты аттап өтіп Алтайға қоныс аударған будан ара, «қауіпті гибрид» бүгінде қаулап өсіп келеді...»
Ал енді бұл – жазушының қаупі. Уайымы. Ескертпесі.
Әрине, біздің жоғарыда
сөз еткеніміз – «Атау-кере (Қауіпті
будан)» повесінің тек бір
О. Бөкейдің осындай ізгі, көлемді де күрделі прозаларын жазудағы алғашқы шығармашылық көрігінен құйылып туған әңгімелері мен олардың идеялық – мазмұндық сипаттарының өзі бір әлем. Мәселен,оның «Ауыл хикаялары» деп аталатын әңгімелер топтамасы өмірдің өзінен бұзбай алынған мөлтектігімен, жан тазалығымен, шындыққа қылдай қиянаты жоқ әділдігімен оқырманын баурап алады. «Оралхан, сөз жоқ, романтик суреткер, бірақ оның өмірге исүйіспеншілікпен өрілетін тұңғиық романтизмі реализмге қиғаш келмейтін тектілігімен қымбат, қызыл сөздің шылауында адасып, лағып кетуден аулақ мағыналылығымен құнды.»[53].
Орлханның прозасының бағыты реалистік болғандықтан, тіптен бұл шағын әңгімелерді очерк деуге болар ма еді, бірақ оған олардың көркемдік қасиеті рұқсат етпейді. Орыс әдебиетінің классикалық үлгілері И.С. Тургенев, А.П. Чехов, И.А. Бунин прозасындағы қысқа жанрдағы дәстүрден бастау алып, төл әдебиетіміздегі Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов сынды үлкен жазушылардың шығармашылығында дамып жетілген көркемдік тәсіл Оралхан Бөкей прозасында көрініс табуы тегін болмаса керек. ХХғ. Екінші жартысындағы орыс әдебиетінен Оралханды өзінің жерлесі, Алтайдың арғы жағында, туған Катон-Қарағайына қол созым жер тиіп тұрған жерде туып-өскен Василий Шукшиннің деревнялық прозасымен тамырлас, өзектес, рухани туыс деу артықшылық етпейді. Тағы бір тамаша орыс жазушысы Юрий Казаков тәрізді осынау екі жазушы да қарапайым жандардың адамшылыққа толы ұмтылмас бейнелерін сомдады, бұл үшеуінің де кейіпкерлері жан тазалығымен, өркениеттің тасжүрек есепқой қыспағына көнбеген табиғи жаратылысқа адалдығымен ерекшеленер еді.
«Ауыл хикаяларының» негізгі қозғаушы күші жарқын күлкі, кәдімгі өмірсүйгіш, жарасымды күлкі. Жазушы қаламының жұмсақтығына, шеберлігіне жан сүйінеді, тіпті, бір қарағанда, өкініші күштірек, күлкіге татымайтын оқиғаны юмордың жасампаз, саф таза керуен сарайына айналдырып дөңгелентіп жібереді.
«Әдебиетке бойындағы қасиетіне, дарынына, біліміне, бірлігіне қарап емес, құрғақ тәуекелшілдікпен келген және осы құрғақ тәуекелдің қу емшегін зорлықпен тарта-тарта оқушы қауымға уыз орнына жалқаяқ сарысу беріп жүрген»[55,24] бейталанттардың сапынан емес, Оралхан Бөкей – қатпарлы, ұлтанды, ұтқыр жазушы. Мұндай жазушыны толық ашу үшін органикалық сын керек.
Шын жазушыны сүйіндіретін, өтірік жазушының құтын қашыратын органикалық сын қажет.
Білімпаздардың сөзіне сенсек, әдеби сын іштей төрт түрге бөлінеді: публицистикалық сын, ғылыми сын, эстетикалық сын, органикалық сын. Бізде жоғы да, бізге жетпей жүргені де – органикалық сын. Яғни, жазушының шғармасын әрі көркемдік, әрі ғылыми, әрі пәлсапалық, әрі эстетикалық, әрі Ақиқаттану тұрғысынан (имани ілім тұрғысынан) саралайтын сарабдал сын.
Күні ертең-ақ қазіргідей қауқарсыз , дәрменсіңз сынды ысырып тастап, жазушының өзі мен көзіне қарап емес, оның сөзіне, білімі мен білігіне, «каллибрі» мен «категориясына», тапқаны мен танығанына қарап таразылайтын, таразылай алатын сыншылар қауымы түлеп, өсіп-жетіліп, Оралхан Бөкей шығармаларының қасиетін барша қырынан жарқыратып ашып көрсетеріне де күмән келтірмесек керек.
ІІІ. 2. О.Бөкей романтизмінің көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы
Біз көбірек тәлімін алған орыс романтизмі ХІХ ғасырдың бірінші жартысында әр түрлі ағымдарды тудырды: элегиялық мектеп, «Любомудрлар» да, басыбайлы қоғамды сын сүзгісіне алды. Шығармашылығында мистика орын алған жоқ, ағартушылық идеямен біте қайнасып жатуы қазақ әдебиетіндегідей болып келіп, адамға деген сенімді жырлады.
Бізге ұнамайтыны орыс романтиктері «жергілікті колоритті» қорғау идеясын ұстанудағы парасаттылықты жоққа шығарулары болды. Осыны негізге алған олардың теоретиктерінің басты ұстанымы тек ұлттық айшықтағы нақыш негізінде парасатылықпен емес, шабыт қамшылауымен толық қанды шығарма дүниеге келеді дегенге саяды. Біз олардың ұлттық негізде дегенімен келісе отырып, парасатсыздық дегенімен келісе алмаймыз.
Әдеби процесс кезінде оңай аңғаруға болатын жайт оның көптеген элементтерінің қайталанушылығы болып табылады. Бұған бір қаламгердің бірнеше шығармасын оқығанда көз жеткіземіз. Осы қайталанушылық негізін біз қаламгердің стилі деп атар едік. Дәлірек айтсақ, оның шығармашылығына тән (идеялық позициясы, характерлер тобы, сюжет түзуі және тілдік ерекшелігі) идеялық – көркемдік өзгешелігі негізінде айқындалады. Қаламгер стилінің ең бастысы оның жекешелігімен, өзіне ғана тән талантымен, өмір тәжірибесімен, мәдени ой – өрісімен, тілдік ерекшелігімен тығыз байланыста болады. Сонымен қазақ тіл білімінде көркем шығармадағы баяндау туралы, оның құрылымы туралы мәселені алғаш айтқан, ғылыми негізін салған- А.Байтұрсынов. Ол баяндау мен оның үлгілерін әдебиет теориясы тұрғысынан қарастырған. Ғалым қара сөз әуезе, әліптеме, пайымдама болып үш салаға бөлінеді дейді. Болған уақиғадан бастан-аяқ болған түрінде, ретінше мезгілін, мекенін көрсете мазмұндап, мағлұмат беру әуезе болатынын, бір нәрсенің тұрпатын реттеп айтып, әлібін суреттеп шығару әліптеме болатынын, яғни, суреттеме, ал белгілі бір пікірді қуаттап, толықтырып баяндаса, баяндауын түрлі сипаттармен дәлелдесе пайымдама деп аталатынын айтады[56,397].
Профессор Шалабай Б. Көркем баяндау түрлерін - әңгімелеу, суреттеу, ойталқы деп үшке бөледі[57]. Әрі оларға сипаттама береді. Осы аталған формалардың барлығы да өздеріне тән автор бейнесін жасайды. Әңгімелеуде оқиғалардың дамуы туралы хабар берілсе, ойталқыда алдыңғы болып өткен не кейінігі болатын сондай-ақ болып жатқан оқиғаларға, құбылыстарға қатысты автордың не кейіпкерлердің ой-пайымдаулары, өзіндік тұжырымдары, ішкі толғаныстары сөз етіледі. Ал суреттеуде бір мезгіл ішіндегі сол оқиға қатысатын бейнелердің, оқиғаның өтетін орнының, мезгілінің, қалыптасқан жағдайлардың тұрақты не өзгермелі сипаттамасы беріледі. Ғалымдардың әңгімелеу, суреттеу, ойталқы деп көрсеткен формалары - авторлық баяндауда қолданылып жүрген формалар.
Әңгімелеу-көркем прозаның негізгі баяндау түрі. А.Байтұрсыновтың әуезе деп атағаны осы әңгімелеу. Ғалым әуезені үш тақтаға бөліп көрсетеді: мәлімдеу, мазмұндау, қорыту.
Әңгімелеу тәсілі О.Бөкейдің барлық шығармаларында қолданылады. Жазушының «Қамшыгер» әңгімесінде кейіпкер сөзінен гөрі авторлық баяндау басым. Авторлық баяндаудың барлық түрін кездестіреміз. Осындағы әңгімелеу әдісі:
Садақбайдың жарасы қанша ауыр болса да көңіл-күйі сергек-тін. Жарқаштана жарылған басын ырғайды жібіттіріп құрсаулап тастады. Бес-алты қабат шыттың сыртынан буылса да шекесін қысып, шыбын жанын шырқырататын. Самай тамыры оқтаудай боп, білеуленіп, көгеріп шыға келген. Қамшыгер бас жарасын сезбеуші де еді, сол жақ ортан жілігі быт-шыты шығып, жәнеки оңбай мертіккенді[47, 324].
Садақбайдың тәні жаралы болса да, көкірегі сайрап жатыр. Жас шамасы өзінен үлкен ақсақалдар келсе, басын көтеріп, сынған аяғын бұлғаңдатып әкеп, малдас құрып отыратын[47, 325].
Қамшыгер ит қорлығын көріп ұзақ жатты.
Садақбайдың көңілін арғы беттегі Керей азаматтары да сұрап қайтқан.
Біреулер қуанған.
Біреулер мұңайған[47, 325].
Әңгімелеу тәсілі жазушының бір ғана «Қамшыгер» әңгімесінен алынды. Осы әңгіме бойынша әлі де көп мысал беруге болады. Ол әңгімелеулерде жазушының пікірі, тебіренісі, кейіпкер үшін қиналуы т.б. қасиеттері көрініп отырады. Сонымен қатар жазушының әңгімелеу шеберлігі мен тілдік ерекшелігі байқалып отырады. «Қамшыгер» әңгімесі қазақ халқының ертеректегі тұрмысын суреттейді. Әңгіме тақырыбы барымта, ел арасындағы ұрлық. Үнемі жортуылда жүретін қамшыгердің мінезін терең сомдаған. Қазақтың ескі тұрмысын көрсететін шығарма. Жазушы сол кезеңнің тілімен сөйлеген және қазақ халқына тән этностық ерекшелікті көрсетуге тырысқан.
О.Бөкейдің «Қамшыгер»
әнгімесінде әңгімелеуші
Садақбайдың тәні жаралы болса да, көкірегі сайрап жатыр. Жас шамасы өзінен үлкен ақсақалдар келсе, басын көтеріп, сынған аяғын бұлғаңдатып әкеп, малдас құрып отыратын. Малдас құрып мәжіліске көшкенде, сынған санын бармағымен қысып-қысып:
-Атаңның аузын ұрайын. Өзі уақ боп сынған-ау, мыжысам күтір-күтір етеді, -деп, қарқ-қарқ күлетін.
Ауырсынып
отырғанын қаншама білдірмейін,
сездірмейін деп сүйекке
Кейіпкер сөзі авторлық баяндаулардың ортасында келген. Осылайша кейіпкер сөзі мен авторлық баяндау алмаса келіп отырады. Аталмыш әңгімеде көбінесе авторлық баяндау басымырақ келеді. Автор-бақылаушы әңгімеленуші жайларға өзіндік пікірін, көзқарасын танытып отырады.
О.Бөкей шығармаларына тән ерекшелік - оқиға барысын тәптіштеп бүге-шігесіне дейін баяндау. Ол баяндау қарапайым емес, шешен тілмен шебер баяндалған. Оқырманды бірден өзіне баурап алады.
О.Бөкей шығармаларындағы негізгі баяндау формасы -әңгімелеу. Көбінесе оқиғалар автордың өз атынан, яғни, 1-жақтан баяндалады. Оқиғаның 1-жақтан баяндалуы да оқырманға жақсы әсер етеді. Жазушының «Көк тайынша», «Маңдайдан бағың шайқалса», «Бес тиын», «Мәшәбинә», «200 грамм энергия», «Биғаң», «Апамның астауы», «Күлпаштың ұршығы», «Құлашаның шоты еді» және тағы басқа да әңгімелері 1-жақтан баяндалады. Мысалы, «Көк тайынша» әңгімесінде:
Мен бүгін ауылдан хат алдым. Тасқа басылғандай әп-әдемі жазу- бұл хатты қарындасым Мәнсия жазғанын айнытпай танытып тұр еді. Ел-жұрт, ауыл-аймақ, бота-тайлақтың амандығын айта келіп, үстіміздегі жылы аудан бойынша өсек-аяңның тым қораш болып, керісінше өлім-жітімнің тым көбейіп кеткенін, көрші ауылда оныншы класта оқитын қыз баланың күйеуге тиіп, оқу ісінің меңгерушісі орнынан алынып, ал мектеп директорының өскенін ғана сөз арасында айтып өтіпті. Ең соңғы жаңалық, депті үшбу хатының аяғында, біздің үйдің керіскедей көк тайыншасын Ұзақ тауының бауырында ұрлап, сойып әкеткен. Тек терісі, төрт сирағы, алайған басы ғана қалған. ... Мал ашуы-жан ашуы деген ғой, әке-шешеміз қатты қапаланып, қайғырғаны болуға керек, үш күн сүт қатпай қара шай ішіпті[47, 326].
Оқиға 1-жақтан баяндалып өрбиді. Автордың өзіне тән сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы бар. Ол оқырманның сеніміне кіріп сөйлейді, онымен әңгіме –дүкен құрғандай өзін емін-еркін ұстайды. Мұндай қалыпты жасайтын тілдік тәсілдер: ауызекі сөйлеу тіліне тән сөздер, сөйлеу орамдары, қарапайым сөздер және т.б. Авторлық баяндау шешен тілмен берілген. Онда мысқыл, зәрсіз күлкі сезіледі. Автор сөздерді тура мағынасында қолданып отырып –ақ күлкі тудырады. Мысалы, үстіміздегі жылы аудан бойынша өсек-аяңның тым қораш болып, керісінше өлім-жітімнің тым көбейіп кеткенін, көрші ауылда оныншы класта оқитын қыз баланың күйеуге тиіп, оқу ісінің меңгерушісі орнынан алынып, ал мектеп директорының өскенін ғана сөз арасында айтып өтіпті деген жолдар мен
Мал ашуы-жан ашуы деген ғой, әке-шешеміз қатты қапаланып, қайғырғаны болуға керек, үш күн сүт қатпай қара шай ішіпті деген жолдар оқырманға бірден күлкі шақырып, өзіне баурап алады. Бейнелі тұрақты тіркестер де орнымен қолданылған.
Оқырманды бірден ұйытып, өзіне тарта білу шеберлікті қажет етеді. Біз О.Бөкей осы шеберлік сырларын терең меңгерген деп санаймыз.
О.Бөкейдің табиғат құбылыстарын суреттеуі:
Күзгі
аспан сынаптай толықсып, аумалы-төкпелі
боп тұрады. Әлгінде ғана балық
көз бұлт жоқ әуе әп-сәтте –ақ
тұлан тұтып түнере қалған. Құбыладан
жел тұрды. Қарағай басы сусылдап,
дүние әлем-тапырық күйге
Таудың салқын тымырсық кеші басталды. Ұясына қонған күннің алтын нұры шоқылардың таз басын қызыл торғын орамалмен бүркеп тұр. Тамыз айы орталап қалса да, тау қойнауы жауын шашынсыз жылы еді. Тек кешке қарай түстіктен қонылтақ самал есіп, бұлақ бойы дымқыл тартатын. Шық та қалың түспей, ат тұяғын бірыңғай жылтыратып емес, шашыранды сулайтын. Биылғы жаздың жадыраңқы қабағы әлденендей ырыстың ұшығын сездірген-ді. Бұлттан ада шымырқай көк аспан жақпар тастан тәж киген көгілдір тауға қаяусыз телміріп, кеседей төңкеріледі де тұрады[47, 378].
О.Бөкей табиғатты суреттеуде асқан шеберлік танытады. Оны жанды адам бейнесінде суреттейді. Табиғатқа адамға тән әрекеттерді береді. Мысалы:
Табиғат аяқ астынан осылайша толғатты. Толғағы қатты болды. Енді от қамшының соққысына шыдай алмай, ағыл-тегіл жылауы ғана қалды. Ағыл-тегіл жыласа, жаны тазарады. Жаны тазарса, қабағы ашылып, зобалаң тиіп жүрген әлемді шуаққа бөлейді. Жүдеп- жадаған әлем дастарханын қайта жайып, маңдайы жіпсіп шайын ішеді. Өзен- бұлақтар той жасайды. Моншаға түсіп шыққан орман бұрқырап бусанады [47, 331]. Автор табиғатты жанды адам бейнесінде берген. Табиғат толғанады, жылайды. Адам қиналған, күйзелген сәттерде жылайды. Жыласа шері тарқап, жеңілдеп қалады. Адамның осы психологиялық қасиетін табиғатқа берген. Күннің күркіреп, найзағай ойнауы, артынан жаңбырдың жаууы, жаңбырдан кейінгі ашылған күн, бусанған табиғат көрінісін адамға тән сезімдермен берген. Табиғат құбылысында болып жататын қасиеттерді адамдардың жан- дүниесін бейнелеу үшін пайдалану автордың көркем суретті айшықтай салуына септігін тигізген. Табиғат көрінісін жансызға жан бітіріп, адам әрекетімен астастыра бейнелеу - О.Бөкейдің бір ерекшілігі деп танимыз. Мысалы: «Сүт пісірім уақыттан кейін, қаспақ-қаспақ бұлттар быт-шыт айырылып, бей-берекет тыраңдай қашты. Жер бетіне моншақ шашып тастағандай – аппақ беткейдің алты айрығынан тер сорғалап, бұршақ теңдеген бұлақтар бағанағы әумесер қылығына ұялғандай қызараң қақты. Ал, орман-тоғай, бұта-қараған, шөп-шалам болса сілікпесі шығып, әлі де есін жия алмай есеңгірейді»[47, 324]. Осындағы бұлттардың тыраңдай қашуы, беткейдің алты айрығынан тер сорғалауы, күннің күліп жіберуі, бұлттың ұяла қызараң қағуы – көркемдігі күшті жанды суреттер. Жазушының тіл көркемдігі пейзаждарынан айқын көрінеді. Автор табиғат сұлулығын, оның тылсым күшін кейіпкердің көңіл күйімен алмастырып, адамның ішкі әлемін, жан сырын ашуға пайдаланады. Суреткердің салған пейзаждары құбылмалы, қимыл-қозғалысқа толы. Осы пейзаждық суреттеулер берілген «Жасын» әңгімесіндегі автордың басты мақсаты - табиғат құбылысы арқылы басты кейіпкер Қиялханның ішкі жан дүниесін, сезім иірімдерін, алай-дүлей аласұрған жан арпалысын көрсету. Сол үшін табиғаттың тыныш қалпын көрсетпей, оның тынымсыз, жойқын кезін көрсетеді. Табиғаттың қалыпты кезінен гөрі осындай тынымсыз қозғалыстағы сәттерін көрсетуде кейіпкердің ішкі жан дүниесі, сезім арпалысы ашыла түскен. Кейіпкердің ішкі дүниесіндегі арпалысты суреттеуде оған табиғат қосылады да, ол бұрынғысынан да күшейе түседі.
Информация о работе Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм