Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Августа 2013 в 21:23, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі: Бүгінде тәуелсіз ел болған қазақ халқының қиын жол, қиын тағдырымен бірге жасасып, оның тарихы мен тағдыр-талайының көркем шежіресі болып келе жатқан қазақ әдебиеті қазір барлық жанрда дамып, тақырыптық-мазмұндық тереңдігімен, көл-көсір көркемдік-эстетикалық қуатымен халқымыздың мәдени-рухани әлемінде ерекше орын алып отыр. Бұл құбылыс әдебиетші ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан әр қырынан қарастырылып, әдебиетіміздің сан-салалы мәселелерімен байланыста жеке ақын-жазушылардың шығармашылығын зерттеуде де ғылыми мәнділігімен ерекшеленеді.

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................3-5
І. Көркемдік ойлау жүйесіндегі әдеби әдістер және қазақ әдебиетіндегі романтизм........................................................................................................6-35
І.1. Романтизм және көркемдік ойлау ..........................................................6
І.2. Қазақ романтизмі және оның даму тарихы мен зерттелуі...................21
ІІ. О.Бөкей романтизмінің өзекті мәселелері мен суреттелу ерекше-
ліктері ..........................................................................................................36-48
ІІ.1 О.Бөкей романтизміндегі дәуірдің өзекті мәселелері .........................36
ІІ. 2. О.Бөкей романтизміндегі болмыс, ұлт, адам образдарының суреттелу ерекшеліктері ................................................................................................42
ІІІ. О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық, көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы......................................................................................49-74
ІІІ.1 О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық сипаттары..................49
ІІІ. 2. О.Бөкей романтизмінің көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы...........................................................................................................53
Қорытынды....................................................................................................75-76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................77-79

Прикрепленные файлы: 1 файл

О.Бокей романтизм.doc

— 551.50 Кб (Скачать документ)

Оралхан көркемдеу тәсілі кейіптеуді де, эпитет пен теңеуді  де орынды қолдана білген. Қараша үйдің белдеуіне кейде тұрықты, есік пен төрдей ат байланатын. Қызыл іңірден намаз шамға дейін суынып, сонсоң үйдің өр жағындағы көкорайға арқандалатын. Атты жауырыны еңкіштеу келген атанжілік адам арқандайтын. Бұдан соң қараша үйдің жыртық тесігінен жылтылдаған от сәулесі, түндігінен сыздықтап болар-болмас түтін шығады. Түйетастан лық етіп оқыстан асып қалған қоңылтақ самал қараша үйден қаңғырып шыққан жас еттің иісін лып еткізіп іліп ала жөнелер[47, 316].  

  Жылдар дегеніміз – киімге  түскен қара күйе секілді ғой,  адамның да  жасын кеміктеп, жанын  білдірмей тоздыра бастайтыны  рас-ты. Ауылымыздың жиырма бес жылдан бергі почта бастығы Зәкең де қартайыңқырап, бала-шағасын өсіру әуресімен қажыңқырап жүр екен. Табиғатынан салмақты, көпіртіп көп сөйлемейтін, ал анда-санда «Ұрттап – алса, ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін; көп күлмейтін, зәуімен бір күлсе, ішек-сілесі қатып жас балаша мәз болатын; кім-кімдерге тас кескір сараң, кім-кімдерге жалғыз дәнді жарып берер жомарт; кеңсесінде отырған кезде, алдымен келсе тістеп, артынан келсе тебетін кезеп; ғұмыр жалғанда қара бақырдан қате жібермейтін сауысқаннан сақ, үй шаруасының қиюын қашырып алар олақ – міне солай да солай біздің Зәкең [47,234].

Осында айшықтау түрлері эпитеттер мен теңеулер, образ тудыратын тұрақты тіркестер  үйлесімді қолданылған.

Берілген  мысалдардан байқағанымыз,  О.Бөкейдің суреттеу әдісін қолданудағы ерекшелігі - табиғатты, кейіпкер түс-әлпетін, киім-киісін, іс-әрекетін, мінез-қылығын  суреттеуде     ештеңенің бүге-шігесін қалдырмай баяндауы.  Жазушы

- табиғат  құбылыстарын суреттеуде,

- кейіпкер  портреті мен мінезін беруде,

- кейіпкердің психологиялық жағдайы мен көңіл күйін көрсетуде,

-  белгілі  бір затты сипаттап анықтауда, 

- оқиға мен  құбылысты дамыта тереңдетіп  көрсетуде  суреттеу әдісін тиімді қолдана білген.

Оралхан өскелең, iздену  үстiндегi жазушы. Жоғарда айтылғандар оның  үздiксiз iзденумен келе жатқанының айғағы. Оның табыстары талассыз, тапқаны да, таба алмай жүргенi де ойландырады, оқырманға ой салады. Ол тiл өрнегiн жақсы меңгерген. Шығармалары образдары тiлге, бейнелi суретке бай. Оралхан Бөкей көркемдiк әлемi ерекшелiгiн айқындайтын сипаттың бiрi - адам мен табиғат қарым-қатынасы мәселесiн суреттеуде шеберлiк танытты . Оралхан  Бөкей табиғат әлемiн кең көлемде бейнеледi. Оқиғаларды дамыту, шығарманың мәнiн ашу, айтылатын ойды өткiрлеу, қаһармандардың тағдырын таразылау, осылармен қатар көркем туындыны эмоциялық әсер-қуатын арттыру мақсатында табиғат көрiнiстерiн жанды етiп суреттеуге, сөйтiп табиғаттың эстетикалық образын жасауға ұмтылып отырады.

«Алақаншықтан абасталып, абалап үрген қарлы боранда қан түкiртерлiк қатыгездiк бар. Әлемдегi әр затты, әзiрше болса да, жалмап жұтып, жоғалтып жiберген. Айқай дүниенiң бар билiгi өзiне тиген, сол өзiне тиген аз сәттiк билiкке масаттанған қарлы боран мың-миллион қамшысын үйiрiп, оң жанбасына келгеннiң бәрiн осқылап, көк айыл долылық қысып, өзгеше өкпелi қатыгез мiнезбен осқырынады. Жолында кезiккеннiң жон арқасынан таспа тiлiп, табанына салып тастап, езуiн айырын, езгiлеп тастамақ зiл-зала ашуға мiнген»[47,83].

«Боран басылайын дедi. Аспаннан адасып келiп, қашып үлгермей қалған қар ұшқындары ғана ерiншектене қылаулайды. Төңiрек түгел көрiнiп, құлаққа Бұқтырманың сарыны талып жеттi. Дүние, табиғаттағы бар зат дүр сiлкiне серпiлiп, азынаған пәледен құтылғанына қуанғандай жарқырап, аса бiр асау сағынышпен жамырай табысып жатыр. Ақ түтектiң ар жағында тұтқында қор болып тұрған күн жарықтың боран салған лаңнан әлi де сауыға алмай, бозамық аспандағы шаңытқан шарбы перденiң артынан жасқана сығалайды. Ұзақ көкжөтелден ептеп сүргiген Алтай қарағай, самырсындарын арқалап алып, ол да бүлкiлдеп, ұлы зұлматтан тiрi қалғанына масаттанғандай» [47,84].

Бұлар-қыс суреттерi. Қысқы  боран мен бұлыңғыр тартқан ауа-райының  кейбiр көрiнiстерi. Күзгi ауылдың  бiр әдемi көрiнiсiн жазушы былай  берiптi; «Киiнiп сыртқа шықса, таудың арғы қанатында тұрған күннiң сәулесi шоқылардың ұшар басына алқызыл кимешек кигiзiп үлгерген екен. Ұйқысы қашқан кәрi-құртаңдар болмаса, ауыл әлi таңның тәттi ұйқысынан ояна қоймапты. Бұйра бас ормандардың арасынан бозторғай шырылдады. Өзеннен шашбау таққан сай табанынан елiк әупiлдедi. Ептеп бойды шымырлатып, «Шу-ай!»- дегiзер шымшым салқын бар ауада. Таңғы  шық мөлдiреп-мөлдiреп, көзi жаудырай әлi тiрi жатыр, адам басуға аяйды. Желке тұстағы тауды екiге шудалатып жатқан тұман күнi кеше ғана сылаңдап жүрген бұлттың асығыста ұмыт қалдырып кеткен аппақ орамалы iспеттi. Айналаның барлығынан да терең бiр ойшылдық, бой жазып тыныштыққа бастаған ақылдылық аңғарылады».

Бұл да жазушы суреткерлiгiнiң  дәлелi үшiн алынған мысал. Оралхан  өмiрдi, табиғатты өзiнше тануға тырысады. Сондықтан да оның образдары тың, қайталау емес. «Қас қарайып, қара шашын жайып түн келгенде», «Айсыз түн албастыдай басып жатыр», «Әрқайсысы өз ойын малта ғып, сорып отыр» деген тiркестегi образдар жаңа, жауыр болмаған дүниелер.

 «Елең-алаңдағы» кейiпкер  Зарлық та бiрбет, алғыр жастықтың, ойшыл жастық кейпiн танытады. Мiнезiмен, сөзiмен, характер-қарекетiмен «Қайдасың, қасқа құлынымдағы» Оралға ұқсайды. Зарлықтың бұл өңірдің кәрі-жасында бола да, дари да бермейтін өзгеше, оғаш қылықтары бар еді. Бала боп көп ойнамайтын, әлімжеттіге қаны қас, оңаша өсті.

Артық кеткен қытымыр  қылығы болса, үлкен-кіші демей, мінін  баттитып апарып бетіне басатын; немесе жаңсақ, жарамсақ сөздердің бықсығы  кімнен шықса да, атой сап ,  адақтап  қарсы тұратын. Қара көйлектің ақ өңіріндей сонадайдан мен мұңдалап, айшығын айқындап тұратын бөтен мінездің түпкі бір сыр-сипатына бойлай алмаған жұрт: «Момын, мамыржай үйдің бірі еді. Ұл тумады-жалмауыз туды десеңші», - десті де. Зарлықты мектептен шығартқан да-осы жұмбақтығы[47,98]. Бiлiмсiз, надан Бөстекбаевқа:- Педогогикаға «білмегенін сұрағаны үшін мектептен қуылсын, алпыстағы шалды сүйрелеп келсін» деген заң кіргізіңіз… Сонда әкелейін әкемді» -деп сөз таластырған Зарлықты қауырсынын қатайтпай мектептен қуып жібереді. Зарлықтың осы сөзінен оның турашыл, бірбеткей екені танылады.

Әдебиеттегі адамның  ішкі бітімі тек мінездеу немесе жанама мінездеу я болмаса күйініш-сүйінішін  суреттеу жолымен ғана жасалмайды, оның өзін сөйлету арқылы да мінез-құлқынан талай сыр төгуге болады. «Адам  сөйлессе» дегендей әркімнің сөзі арқылы өзін танимыз. Өйткені әркімнің сөйлеген сөзінде оның бүкіл ішкі болмысы, өзіне тән психологиялық өзгешелігі – ақылы, ойы, сезімі, ұғымы, нанымы, танымы, түп-түгел тұнып тұрады[56, 117].

  Мектептен шыққаннан  кейін Зарлық әкесіне еріп  пішенге барған сәтін өтіп бара жатқан күндерінің бақытты, әмсе рақатты минутына балайтын. Ол шөп арбаның артынан ерген сайын, мынау өмірді, мынау жер бетінде жүргенін ұмытып, бұл ортадан әлдеқайда алысқа қашықтап көңіл шіркіннің еркіне бағынып, мұңлы әрі қаяулы ойдың айдынында малтығатын. Күзгі шақта жалғыз аяқ сүрлеумен шөп сүйреткен әке артынан еру, тәтті, маздаған қиялға иектетпей,  көлеңкелі жуас сезімге бастайтын. Ол қолқасын қапқан піскен шөптің иісін, анау тыраулап,  қайтып бара жатқан қаздардың ұзатылған қыздай сұңқылдаған қоштасу үнін сезетін, еститін, бірақ сезбеген,  естімеген қалыпта болатын. «Ол жалғыз. Тонның ішкі  бауындай мұңдасы жоқ-ты; көбіне, көп жалғыз, мына қым-ғуыт өмірден алыстағандай құлазығандай күйде сезінуі әлгі дос-жарандардың тапшылығы ма….»-деп автор сұрақ қояды[47]. Повесте анасынан айырылып,  көңілі құлазыған Зарлық ана қабіріне мойыл ағашын егіп, қабір топырағына ұзақ қарап: «Анашым,  мен сенің басыңа  ескерткіш орната алмадым. Кеш. Алыс сапарға аттанайын деп тұрмын. Ақ батаңды бер. Мен саған сан рет ораламын. Өйткені сен туған жерімнің топырағына оранып жатырсың. Туған жер,  ол-сен. Әкем екеуің күндіз-түні құдайдан менің қара басымның қамын тілеуші едіңдер. Шіріген жұмыртқа болдым ба деп қорқамын. Ауылдан жеріп бара жатқаным жоқ. Ат айналып қазығын таппай ма. Ал аяулы ана қош бол!» - дейді.   

Зарлықтың мұндасы жоқ, қазiр ендi жалғыз Қарлығашқа көмекшi боп, қой бағып жүрген күндерде ертелi-кеш  ойлайтыны-адам тағдыры, әсем Алтайдың табиғаты, адам мiнезi, жақсылық-жамандық. Ол әдiлетсiздiк туралы ойланса-өзiне мұғалiм Бостекбаевтiң iстеген қиянатын кешпейтiндiктен, егер табиғат сұлуды тамашаласа- ол сүйкiмдi Мәриясын есiне алады. Жалғыз қалған Зарлық жүрегі қалаған Мәрияға хат жазады. Кездесіп, көңілін білдіріп: «Мен сені Іңкәр деп атасам қайтеді? Осы бір сөзді кереметтей ұнатамын. Сағыныштың жиынтығы секілді»-дейді. Зарлық Марияның бойынан анасына ұқсастықты іздегенмен ұяңдық қасиеттің болуын  қалайтын еді.

Жазушы Зарлық бейнесін көбіне монолог арқылы танытады. «Мария. Іңкәрім менің… Артық кеткен ағаттығым болса, сен кеш. Алысжолға аттанайын деп тұрмын. Егер адам бұл пәниде бір-ақ жанды шын сүйетін болса, ол-сен. Тілеп жат тілеуімді, жаным Сен менің жұдырықтай жүрегімді мәңгі маздатушысың. Ағарып таңым атса,  ол сенің таның; қызарып күнім батса, ол сенің күнің»-деп елжірейді[47]. Қапелімде Зарлық көтеріліп талма ауруына шалдығады. Қасында басын сүйеп Қарлығаш отыр. «Құдай-ай осы жігіттен көп үміт күтуші едім, жақсыны алла көп жасата ма… Жаны қалса, талай елді аузына қаратар. Мұндай қазақтардың өлмегені мерей»-деп құдайға жалбарынады. Ауырған Зарлықтың шарасы кең қара көздері бұрынғыдай от шашпайды. Талма ауруына шалдыққан Зарлық әрi емделу үшiн, әрi оқып бiлiм алу үшiн қалаға аттанады. Оны Мәрияның анасы да, өз әкесi де, абзал жеңгесi қарлығаш та жақсы тiлеумен-ақ тiлекпен алысқа шығарып салады. Зарлықтың осы кейпін жазушы баяндап жеткізеді. 

Сонымен «Елең-алаң» повесіндегі кейіпкер Зарлық реалистік және эпикалық образ арқылы бейнеленген. Реалистік образ - әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Мұның сымбаттылығы да, шынайлығы  да шыншылдығында; бұл – кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын-соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғи жаңарып отыратын тип.

Дұрысында, образ атаулының  айрықша  мағыналы,  мәнді түрі де осы – реалистік образ. Өйткені бұл образдың  эстетикалық идеалы – романтикалық образдағыдай бұлыңғыр емес, анық, адам қолы жетпейтін тым асқақ, алыс емес, қолмен ұстап, көзбен көргендей затты әрі жақын нәрсе. Сондықтан реалистік образдың  эстетиклық – тәрбиелік мәні де,  қоғамдық - өзгертушілік күші де айрықша үлкен. Эпикалық образда портрет пен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше  сезімдер  мен  харакеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп – көп амал тәсілдері бар. Оқырман эпикалық образдың  тек түсін танып ғана қоймайды, енді оның ішін білгісі келеді. Бұл ретте эпикалық жанр оның мінез – құлқын танытуға, ойын, сезімін оқырман алдына жайып салуға мүмкіндік береді[45].          

Оқушыны «Өліара» хикаясындағы қойшының образы ойландырады. Сонда адал бейiлiмен, жақсылыққа үйiрiлгенiмен ойландырады. 70 жылдардағы саясаттан да хабардар боламыз. Мектеп бітірушілердің арман мақсаты есепке алынбай совхоз басшылары «оқушылардың өзіне баспа көтерткізіп» жеке бригада құрып, жұмысқа алып қалатын. Он жылдықты бітірген жастар оқу орындарына жіберілмей қой бағып, пішен дайындап совхоз үшін жүмыс істейтін. Қойшы әйелі де бұл саясаттың арбауында болды.

 Шығармада әйелдің  өкінішін жазушы монолог арқылы  жеткізеді: «Менің де арман-мақсұтым, таңдаған өмір жолым болған, менің де жарық дүние туралы өз көзқарасым, түйсік-түсінігім болған. Көзімізді ашып көргеніміз – оқу, қой; адамға, жас адамға керегі осы ғана ма... біз көп нәрсені, көп қымбаттарымызды күлкітоқтықпен ерте жоғалттық. Орта мектепті мен де төрт пен беске бітірдім. Бізді әлі жас деген жоқ, бірден ауыр жұмысқа салды».   Сол оқиға арқылы жазушы дәуір проблемасын көтерген. Қойшы егер қой бақпаса, үлкен суретші болар ма еді. Мектепті жақсы оқыған, үлкен арман арқалаған жас жігіттің тағдырына қойшымен бірге күйзелеміз, бірге өкінеміз.

Шығарманың өн бойында  Қойшы «Қара мысықша тырналған» өкінішті өмірін үнемі ой елегінен өткізеді. Ол жалғыз. Сырласар, ішкі уайымымен бөлісер жан жоқ. Сырласар аты ғана бар. « Хайуан болып жаралған қандай бақыт!» деген қойшы сөзінен өмірден бір дос таба алмай, баз кешкен, түңілген адам бейнесін көруге болады.   Ол от басында мүлде қанағатшыл. Сонда оның қанағатшылдығы момын, көнбiстiгiнен. «Қойшы бейнесiнiң Зарлыққа ұқсайтын бiр жерi-iшкi сезiмнiң тереңдiгi, төңiрегiне үңiле, ойлы көзбен қарайтыны. Ол сонау мектепте оқып жүргенде-ақ суретке бейiм - бейiлiн танытса, қазiр қой жайып, өрiсте оңаша жүрген кезiнде Тургеневтiң «Дворяндар ұясын», сол бойынша түсiрлiген киноны ойлап, өзiнше талдап кетедi. Ол көп оқып, көп ойланады. Газет-журналды да құр жiбермейдi, әсiресе, сурештiлер жайлы том-том әдебиеттердi көп оқиды. «Менiмше-деп ойлайтын Қойшы,- менiң дүниедегi ең пайғамбар жазушым-өз ана тiлiнде жазған әлеми аспанға көтерiлу өз елiмнiң жiлiктi де, сiңiрлi дәстүрi мен бар керемет қасиетiн, кесепат мiнезiн тарамыстап қойып суреттеу. Өйткенi, менiң ұлтым арқылы-ақ жалпы адамдық қадыр қасиеттi паш етуге болады ғой, өйткенi ол да-адам!». Мiне Оралханның Қойшысы осылайша тебiренедi.

Қойшы мектепте қабырға газетінің редакторы болады. Әдебиет пәнінің мұғалімі «Кім болам?» деген тақырыпқа шығарма жазғызады. Қойшы «Суретші болам» дейді де, «Не жазу керек?» деген оймен отырып тау, таудың ар жағында күлгін тартып батар күн, сол таудың етегінде тігілген киіз үй, жалғыз ат, жалғыз еркектің суретін салып береді. Мұңдылау сурет.

Қойшының бүкіл өмірін меңзеу сияқты. Жан жалғыздығын түсіндік. Қойшы: «Мың күн сынбас шөлмектің  бірі күні сары хақ қой, - деп күбірлейді. Жазушы қойшының өз тағдырын өз мінезін  күбірлеп айтқызып тұр: «Мен саған сенемін, менің екі-ақ асыл дүнием бар, үшіншісінің тағдыры соған байланысты. Бірі –сенім, ол-сен; екіншісі үміт, ол-тұңғыш ұлым; үшіншісі-төзім; алғашқының бірі жоғалса, төзімім де құрымақ. Маған бәрібір, ұшып ұшпаққа шығып жатқан емен. Арық қойдай тыртысып жүріп-балаларымды оқытып, жеткізсем болды. Айнам, біз бақытты ғұмыр кешпеген шығармыз. Өйткені, біз өліара кезінде табысып едік. Бірақ, маған тағдырдың берген осы сыйы да – мол олжа; семьям, таусылмас шаруам, бала-шағам бар». Қойшының күйінішін суреттеу қойшының өз сөзімен берілген. Монолог Қойшының ішкі сырын ашу үшін қажет болды. Қойшы жан толқыныстары бізге қатты әсер етеді.

     Қойшының  ішкі болмысын түгел талдай  отырып, кім кінәлі? Деген сауал  қоямыз. Толғаныстарынан Қойшының  мінезін ұқтық, таныдық. Демек, бұл әдеби шығрмадағы адам мінезін жасаудың, типтік тұлға қалыптастырудың бір тәсілі. Қойшы образын толықтыра түсетін тәсіл-табиғат көріністері: «Не ыстық, не суық емес дүбәра жылымық күнді шуақтап, киіз үйдің іргесінде отыра бергің келеді. Кейде жыланша ирелеңдеген жалғыз аяқ сүрлеумен бүлк-бүлк желіп келе жатқан жолаушы көрінер ме деп, көз талдыра ұзақ қарайсың; кейде жалғыз аяқ ирелеңдеген соқпаққа түсіп жапырақтары әлі сарғаймай, сары жасылданып тұрған орманға беттегің келеді»[47,189]. Ол табиғатты сүйедi, оны тамашалайды, танып тамашалайды. Оның өмiрге құштарлығы өзiнше. Ол тыныштық тiлейдi. Туған ұлын өнерлi адам етiп тәрбиелегiсi келедi. Ол сонымен бiрге өмiрден баз кешiп, мәңгiп кеткiсi келедi. Әйелiне, анау тоғышар зоотехникке қападар болған шағында қай-қайдағысы қозғады. Ол от басының тыныштығын көздеп, әйелiнiң бетi ашылған бетпақтығына да ләм демейдi. Ол мұғалима  қызға қарап, iшпей бiр белгiсiз себеппен енгiзiп, өмiрге елти ғашық болады.

Информация о работе Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм