Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Августа 2013 в 21:23, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі: Бүгінде тәуелсіз ел болған қазақ халқының қиын жол, қиын тағдырымен бірге жасасып, оның тарихы мен тағдыр-талайының көркем шежіресі болып келе жатқан қазақ әдебиеті қазір барлық жанрда дамып, тақырыптық-мазмұндық тереңдігімен, көл-көсір көркемдік-эстетикалық қуатымен халқымыздың мәдени-рухани әлемінде ерекше орын алып отыр. Бұл құбылыс әдебиетші ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан әр қырынан қарастырылып, әдебиетіміздің сан-салалы мәселелерімен байланыста жеке ақын-жазушылардың шығармашылығын зерттеуде де ғылыми мәнділігімен ерекшеленеді.

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................3-5
І. Көркемдік ойлау жүйесіндегі әдеби әдістер және қазақ әдебиетіндегі романтизм........................................................................................................6-35
І.1. Романтизм және көркемдік ойлау ..........................................................6
І.2. Қазақ романтизмі және оның даму тарихы мен зерттелуі...................21
ІІ. О.Бөкей романтизмінің өзекті мәселелері мен суреттелу ерекше-
ліктері ..........................................................................................................36-48
ІІ.1 О.Бөкей романтизміндегі дәуірдің өзекті мәселелері .........................36
ІІ. 2. О.Бөкей романтизміндегі болмыс, ұлт, адам образдарының суреттелу ерекшеліктері ................................................................................................42
ІІІ. О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық, көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы......................................................................................49-74
ІІІ.1 О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық сипаттары..................49
ІІІ. 2. О.Бөкей романтизмінің көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы...........................................................................................................53
Қорытынды....................................................................................................75-76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................77-79

Прикрепленные файлы: 1 файл

О.Бокей романтизм.doc

— 551.50 Кб (Скачать документ)

2) Шарттылық заңы. «Қодардың  өлімі» мен «Абай жолындағы» Қодар бейнесі.

3) Ішкі арнау заңы. Әдебиеттану ғылымында соңғы  кезде бой көрсете бастаған  термин. «Ол тұтастық ретінде  қашанда не жуық, не алыс болашақтағы  ақын өмірге келетіндігіне еш  күмән тудырмайтын белгісіз адрестатқа бағыт ұстанады»[25,54]. Асан Қайғы мен Бұқар жыраудың орыс отарлауынның келешекке тигізер зардабын абыздана жырға қосуы, Мәшһүрдің коммунистік тәртіп құлайды, мен көрмесем де, сендер көресіңдер деген мағынада жазылған астарлы өлеңдері ішкі арнау заңының қазақ әдебиетінде барлығынан хабардар етеді. Сыртқы арнау әдеби мәтіннің (арнау, оқырманға хабарлама) бөлек алғысөз түрінде(Сәкеннің «Қызыл сұңқарлары») беріледі. «Өнер дегеніміз – дейді Потебня, – суреткердің тілі. Сөз арқылы өз ойыңды басқа біреуге жеткізу мүмкін емес, тек оқырман (тыңдарман) санасына қозғау салып, оның өзіндік пікірін оятасың, сол себепті көркем шығармада да өз ойыңды жария ете алмайсың... сондықтан, көркем туындының мәні мен күші автордың не ойлағанында емес, оның оқырман мен көрерменге әсері...»[26,181]. Эстетикалық арнаудың көркем тұтастығы кейбір даяр мағынаны хабардар етуден тұрмайды, оқырманды мағына тудырудың белгілі бір тәсіліне араластырады. Туынды адерстаттың жобалап түсінуіндегі көркем қабылдауы ішіне сырын бүккен автор ойының шешуін табу емес, қайта өз жөнімен ортақ пікірге тоқайласуға бастап әкеледі. Сондықтан, көркемдікті эстетикалық қатынастың тар аясында қарастырмай, оның жаңа (көркем) шындық тудырушылығын, сондай – ақ, өмір туралы ерекше тұлғадағы (форма) білім бере алатындығы өнердің қалған екі заңдылығында көрініс тапқан.

4) Индивидуация / шығармашылық  сонылық / заңдылығы. Біз қарастырып  отырған О.Бөкей шығармашылығы ешкімді қайталамайтын сонылығымен қазақ әдебиеті тарихында мәңгіге қалды. Ф.В.Шеллинг: «Көркемөнердің басты заңы - сонылық»[27,149] – дегенін басшылыққа аламыз. Көркем туындының сонылығы суреткердің жеке тұлғасын даралауға ғана жәрдем етпейді, сондай – ақ, оқырманның  өздік бітімін белсенділендіріп, ойын ояты, сезіміне қозғау салады.

5)Шығармашылық типтендіру  заңдылығы (В.И.Тюпа генерализация заңдылығы деген терминді ұстанады). Шеллингтің: «туынды қаншалықты соны болса, соншалықты әмбебап» дегені – адамның «Менінің» қоршаған ортаға қатысылығына орай сыртқы шындыққа іштей қатысуының көркемденген көрінісі. Кейде көркем мәтін аңдар мен өмір туралы әр түрлі (соның ішінде ғылыми) білімді беруге қабілетті, бірақ оның бәрі өнер үшін тіптен де қажет емес.

Әрбір «Мен» ерек және сонымен қатар әмбебап, бәрімен туыстас, әрі барлық тұлға «Мен Ортада» болып табылады. Ешкімге ішкі «Меннің» құпиясы (психологиясы, мінез – құлқы, әлеуметтік әрекеті) логикалық таным жағынан танылмайды. Сондықтан кейіпкердің көркем болмысы дегеніміз – тағы бір (ойдан шығарылған, шартты) жекелік, оның құпиясының кілті оны дүниеге әкелуші суреткер қолында болады. Гегель: « рухани құндылыққа иелік ететін әлдебір оқиға, жеке характер, әрекет... Күнделікті көркем емес болмысқа қарағанда, көркем шығармада таза да мөлдір болады»[28,І,35] – деген қисынды ой айтады. Мағынаның осы таза көркем қосындысы дегеніміз – жекенің генерализациясы, яғни шығармашылық типтендірілуі болып ұғылады.

Романтикалық сарындағы О.Бөкей шығармаларынан өнердің барлық заңдылығына жауап беретін көркемдікті аңғарамыз. Олардың оқырманға бағышталуы түрлінше болып келеді: күлкілі, қайғылы, асқақ т.т. Кез келген тіпті ең жарқын индивидуалдық шығармашылық қандайда болмасын белгілі бір типке жатады. Сондай – ақ, барша өнер туындысы белгілі бір модуспен (заңдылықты жүзеге асыру тәсілімен) сипатталады.

«Модус» ұғымын қазіргі  әдебиеттану ғылымына Н. Фрай енгізді[29]. Аталған ғалым ендігі жерде әдеби жанрлар мен көркемдік типтерін жеке қарастырудың керегі жоқ деген идеяны алға тарты.

Ежелгі риторикалық  пафос терминін қолданған Гегель көркемдік тұтастықтың эстетикалық  модальдылығы турасында: «Пафос шынайы жинақылықпен шынайы өнер патшалығын тудырып, оның көрініс табуы өнер туындысында ғана басты емес, соңғы да, түпкі көрермен қабылдауында да басты болып, көңіл қылын шертіп, әр адамның жүрек қалауын табады» [28,І,241]. Көркемдіктің дәні «тұлғалар мен оған қарсы тұратын сыртқы дүниеден тұрады»[30,46]. Осы эстетикалық ұстанымды берік ұстанған қаламгерлердің туындыларын теориялық жағынан саралау енді – енді ғана қолға алына бастады. Соның бірі – қазақ романтизмі, сол негізде О.Бөкей шығармашылығы көркемдік әдіс табиғатын танып білу болып табылады.

 

І.2. Қазақ романтизмі және оның даму тарихы мен зерттелуі

 

Отандық әдебиеттану  ғылымында түрлі бағыттар мен  ағымдар, көркемдік әдіс – тәсілдер мәселесі төңірегінде көкейкестілік  зерттеушілер назарын әлі күнге  өздеріне аударып келеді. Соның ішінде қазақ әдебиетіндегі, әр дәуірдегі романтизмнің дамуы күрделі де, жүйелі зерттеуді қажет етеді. Әдебиетіміздегі романтизм элементтерінің жыраулар поэзиясында ұшырасуы, Махамбет шығармаларында алатын орны, Абайдың ақындық мектебінің қазақ романтизміне тікелей және жанама түрде тигізген әсері, Мағжанға дейінгі, Мағжан тұсындағы және Мағжаннан кейінгі романтизм дамуының ерекшелігі мен дәстүр жалғастығы өз кезегінде сөз етілуде.

ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасыр басындағы қазақ  әдебиетіндегі романтизм өзінің мазмұнына қарай:

1. төңкерісшіл немесе ілгерінді;

2. әлеуметтік – консервативтік;

3. элегиялық – философиялық

4. діни - өсиетшіл;

          5. индвидуалдық романтизм болып келетін қазақ әдебиетіндегі бұл  ағымдарын зерттеу күрделі, әрі зерттеушісін күтіп жатқан қызғылықты проблема[31,64]. Біздің бұған алып – қосарымыз, азаматтық, психологиялық романтизм. Романтизм ағымдарының қилы белгілерін осы кезеңде әдеби ғұмыр кешкен қазақ қаламгерлерінің барлығынан жолықтырамыз.  Осы қаламгерлердің ішінде О.Бөкей романтикалық өнер түрін өз шығармашылығында неғұрлым мол пайдаланды. Қазан төңкерісінен кейінгі алма – ғайып кезеңде осы шығармашылық түр әдебиетімізде жетекші рөлге ие болды.

Қазақ романтизмінің  даму кезеңдерін белгілі әдебиет зерттеушілері Қ.Мәшһүр – Жүсіп пен Б.Майтанов т.б. екіге бөліп қарастыруда. Мағжанға дейінгі романтизм және Мағжаннан кейінгі романтизм.

1) Мағжанға дейінгі  романтизм дамуын шартты түрде  екіге бөлуге болады:

а) Абайдың ақындық  мектебінің романтизмі;

ә)Жеке қаламгерлер шығармашылығындағы романтизм.

2) Мағжаннан кейінгі  романтизм дамуын шартты түрде  екіге бөлуге болады: 

а) 30 – 50 жылдардағы романтизм;

ә) Қазіргі қазақ романтизмі.

Қазіргі қазақ романтимінің өкілі О.Бөкей шығармаларын талдаудан  бұрын, жалпы романтимздегі идеалға  тоқталып, қазақ романтизмінің тарихына шолу жасау қажет. Сонымен суреткер идеалы, оның қоғамдық идеалмен біте қайнасуы кез келген шығармада төбе көрсетсе де, оның осы бой көрсетуі әр түрлі болып келеді. Нақты – реалистік туындыларда идеал кейіпкердің әрекетін, өзара қарым – қатынасына, барлық көркемдік кестелеуге нұр шашатын жасырын жарық көзі ретінде не ана, не мына қаһарманның іс – әрекетін ашып береді. Бірақ табиғилық бұзылмауға тиіс. Жасандылыққа жол жоқ. Романтикалық шығармада бәрі де басқаша болып келеді. Мұнда идеал образдар харектері мен жүйесіне үлкен әсер етеді. Көркемдік өрнегінен айқын көрініп, өзінің бейнелі таңбасын басады.

Романтикалық өнер  - көркем мәдениет тарихында ерек құбылыс. Оның қазақ әдебиетіндегі мәні мен  орнын анықтап алмай, көркемдік дамуының  заңдылықтарын тыңғылықты зерттеу мүмкін емес.

Сонымен ұлттық әдебиеттің бір орында тоқырап қалмай үздіксіз дамып отыруы, әр дәуірдегі  көркем өнердің өзіне дейін қол  жеткізген табыстарын өз жаңалығымен байытып, үлкен көркемдік жетістіктерді енгізіп отыруына байлаулы болады. Бұрынғы лиро – эпостардағы, шағын жанрлардағы ұлттық романтизмнің даму барысындағы ілгерлеушілікті он жылдықтар, жүз жылдықтардың ғана ауқымынан іздемей, тұтас түркі рухани мәдениетіндегі кезеңдік өзгерістер ауқымынан іздестіргеніміз орынды. Ежелгі дәуір, Орта ғасыр, мұсылман рессенансы, жадитизм сияқты әдеби кезеңдер қолтаңбасы көркемөнерде қалайша таңбаланды, соны саралай білуіміз қажет – ақ.

Ұлы Жібек жолы арқылы таралған әдеби –  мәдени байланыс, ортақ түркілік мұрадан ірге ажыратудың алғашқы дәуіріндегі жыраулар поэзиясына  қандай өзгерістер әкелді, не қосты, несімен байытты, міне, осы төңірегінде сөз еткен дұрыс сияқты.

Әдебиет пен өнерді қоғамдағы  өмірдің қазығына байлап қоюға әсте болмайды. Қаламгерге өзіне дейінгі  әдеби дәстүр, басқа халықтардың көркемдік тәжірибесі үлкен әсер етеді. Барлық данышпан түркі қаламгерлері қайталанбас өзінше біртуар тұлға болып табылады десек те, оларды жақындастыратын жайт шығармаларындағы азаткер әскери рух пен еркін қазақылық өмірді бейнелеу принциптерінегі ортақтастық Күлтегін мен Шәкәрім, Шортанбай мен Сұлтанмахмұт, Баласұғни мен Мәшһүр – Жүсіпте айқын аңғарылып, аталған әдебиет алыптары бір – бірімен идеялық – көркемдік  (өз дәуірлеріне деген көзқарастары) жағынан және эстетикалық үндесулері (образ сомдаудағы ұқсас тәсілдері) жағынан біте қайнасып, әдеби кіндіктестіктері көзге ұрып, мен мұндалап тұрады. Олар сүйенген көркемдік әдіс үш китке: жартылай көшпелі өмір шындығы туралы тұрандық дүниетаным, түркі көркемдік ойлау жүйесі, ақынның поэтикалық ерекшелігіне байлаулы.  Сонымен көркемдік әдіс дегеніміз – санаткердің өмір шындығын түсінуі мен қабылдауындағы өзіндік көркем ойлау санасы мен мұрат тұтқан эстетикалық аңсары. Егер қаламгер дүниетанымы – туындының жаны дейтін болсақ, көркемдік ойлау –  оның көзге көрініп тұратын тәні. Әрбір атақты қаламгер болмыспен бетпе – бет келген шақта, оны көркемдей игерудің жолын өздерінше: объективті түрде ме, субъективті түрде ме, әлде объективті – субъективті түрде ме? Қайсысына бүйрегі бұрады, сонысын басшылықа ала отыра шешеді.

Көркем ойлаудың қос  түрі: реалистік және романтикалық  әдістер, медальдың екі жағындай әдеби процесс үстінде бірін – бірі толықтырып отырады. Оларды саф алтындай таза күйінде ешбір туындыдан кездестіре алмайсыз. Оларды бөліп суреттеуге әуестену модернизмнің түрлі ағымдарын тудырғаны әдебиет тарихынан мәлім жайт. Бірақ солай бола тұрғанымен, тұлғаның еркін көркемдікке бағындыра суреттеуде еркіндіктің болуы мен мәжбүрлеудің болуы – екі әдістің ара – жігін ашатын жалғыз ғылыми өлшеуіш.

Шындық өмірдің романтизммен өрнектелуі әлем әдебиетінің барлығына  тән әдеби тәсіл болғанымен, түркі  әдебиетіндегі бағзыдан бері келе жатқан бұл көркемдік әдіс болмысты суреттеудің  өзіндік әдісі ретінде ХІХ  – ХХ ғасырлардағы  қазақ әдебиетінде  де Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Мәшһүр –  Жүсіп, кеңес әдебиетінде О.Бөкей, т.б. шығармашылығында бой көрсетті. Бұл арада мынаны атап өткен жөн: көркем ойлау түрі тұрақты болғанымен оның ішіндегі көркем ой бір орында тұрып қалмайды.

«Тоныкөк», «Күлтегін», «Оғызнама» т.б. ортақ түркілік әдеби мұраларда да ескі шамандық түсінік, түркі мифологиясы адам характерімен астасып жатса, жыраулар шығармашылығында әскери романтантикалық рух жеңіс пен жеңіліс төңірегіндегі жорық жырларында осы бір көркемдік әдіс өз дәуіріне орай өзіндік шешімін табады. Осы туындыларда лирикалық «Мен» адамдық психологизмге тұнып тұр: түркілік тәкәппарлық, бастан сөз асырмау т.т. Біз көркем ойлаудың романтикалық түрін қарастырғанда, орыс және ТМД әдебиеттанушылары атап көрсеткен шығармашылық процестегі көркем ойлаудың рөлін асыра көрсетуден аулақ болғанымыз абзал.

Әу баста Еуропа елдерінде XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында  туып, неміс, ағылшын, француз романтикалық әдебиетін өмірге әкелген романтикалық әдіс біз отарында болған орыс әдебиетіне де дендеп еніп, сол арқылы онымен таныс болған Абай ақындық мектебінің өкілдері осы жаңа көркемдік әдісті ағым ретінде қазақ әдебиетіне енгізді.

Ұлттық әдебиеттану  ғылымына жақсы белгілі жайт бір  бойынан ағартушылық та, философтық та, мұсылманшылық та табылатын Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Мәшһүр –  Жүсіп өздерінің шығармашылық әдеби тәжірибелерінде түрлі жанрда қол жеткізген табыстары отандық ғалымдар тарапынан жан – жақты зерделенді. Ислам дінін өлеңмен тәпсірлеп, алашына ұқтыруда  Мәшһүр –  Жүсіп өз тұстары арасында алдына жан салмаса, ХХ ғасыр басында қазақ қоғамында орын алған әлеуметтік теңсіздіктің себебін поэзия тілінде  Сұлтанмахмұт әділдікпен өрнектеп шырқау көкке көтерді, мұсылман философиясын әлемнің негізгі діндерімен байланыста алған Шәкәрім шығармашылығы жалғыз қазақ емес, ислам әлеміндегі соны құбылыс болғандығын енді ғана ауызға алып жүрміз. Осы пікірлерімізге дәлел ретінде көркемдік әдіс – эстетиканың ең маңызды категорияларының бірі екенін атап айтқанымыз ләзім. Осыған байланысты оны философтар мен әдебиеттанушылар қазбалай көңіл аударады. Көркемдік әдіснаманы індете зерттеген орыс әдебиеттанушылары пікірі екіге жарылған: біреулері оны – өмірдің көшірмесі десе, екіншілері – қаламгердің дүниетанымдық ұстанымымен теңдестіре қарауды ұсынады. Біздіңше, осы екі көзқарасты бірлікте алған орынды сияқты. Өйткені, суреткердің әдісі туралы тек туындысының әдеби құндылығына байланысты сөз ете аламыз.

Отаршылдық қысым үдеп тұрған кезде көркем ойлаудың бірлігіне  орай романтизм мен реализм өзара астасып, ара – жігін тап басып айыру қиын әдеби әдістің синтезін түзді. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуына ат салысқан қаламгерлердің барлығы да идеологиялық ұстанымдары жағынан әр қилы көзқараста болғандарымен, рухани-эстетикалық, ағартушылық ұмтылыстары жағынан бір үдеден шығып отырғандығы да содан.

 Әлемдік деңгейге  көтерілуге талпынған ұлттық  жаңа әдебиеттің шырқау басында  тұрған Абай өзінің әдеби –  эстетикалық көзқарастары негізінде  ағартушы реализмге жуық келетін  әдеби ағымды өмірге әкелді. «Әлдебір  әйгілі қаламгердің шығармашылық ізбасарлары ұстанатын әдеби ағым, әдетте әдеби мектеп деп аталып, оған жататын әдебиет өкілдері әдеби шығармашылықтағы барша мәселелер бойынша оның  шәкірттері болып табылады» [32, 180] – деген Н.А.Гуляев пікірін кәперге ала отыра, шетел әдебиетіне көз жіберсек,  француз романтизмі екі жікке бөлінгені әдебиет тарихынан белгілі: либералды бағыт ұстанған – В. Гюго мен Ж. Санд, консервативтік бағыт  ұстанған Шатобриан мен Ламартиндер. Біздегі романтизмнің әдеби көркемдік тәсіл ретінде тууына Абайдың өз шәкірттеріне берген әдеби тапсырмасы түрткі болды. Оған дейін діни кереғар екі көзқарастың басын біріктірген, яғни христиан мен мұсылман әдеби құндылықтарын қазақ әдебиетінің кезеңдік дамуына пайдаланудың іс – тәжірибесі жолға қойылмаған еді. Ағартушы әдеби кезеңге аяқ басқан кез келген ұлттың әдебиеті өзінен тілі де, діні де, ділі де басқа алдыңғы қатарлы елдердің мәдени – рухани жетістіктерін игеруді әуелі аударма арқылы, кейін келе рухани бейімдей сіңіру арқылы жүзеге асырады. Бұрын тар ұлттық шеңберде ғана шығармашылық процесте пайданылған көркемдік ойлаудың реалистік және романтикалық әдістері: ағартушы реалистік (Абайдың Ричердсонмен үндесетін «Қара сөздері»), сентименталистік – романтикалық (бұқаралық әдебиетке айналған қисса – дастандар легі) сипатта көрініс тауып, қаламгерлердің кәсіби шеберлігін ұштай түсті. Философиялық және азаматтық романтизм ағымдары өмірге келіп, қаламгерлер арасынан өз қолдауын тауып, патшаның цензорларына жақпаған туындылар мен авторлар қарасы көбейе түсті.

Қазақ романтизмін биік деңгейге көтерген Ақылбай Құнанбаевтың «Зұлыс», «Дағыстан» және Мағауия Құнанбаевтың «Медғат - Қасым» поэмалары жазылып, осы бір көркемдік әдістің  қазақ әдебиетінде жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашты.

Мағжанға дейінгі романтизм турасында сөз еткенде қазақ әдебиеттанушы ғалымдары Б. Майтанов пен Қ. Мәшһүр – Жүсіптердің пікіріне ден қоямыз. Алғашқы ғалым –  әдеби даму процесіне сай қазақ романтизмінің даму кезеңін: Мағжанға дейінгі қазақ романтизмі; Мағжаннан кейінгі қазақ романтизмі деп шартты түрде екіге бөледі. Келесі ғалым – екі тәсілдің синтездену көрінісі мен ара – жіктері айырғысыз тәсілдер тоғысы екендігін алға тартады да, кеңес үкіметі кезінде ат үсті зерттелінген романтизм туралы, Мағжансыз, Шәкәрімсіз зерттелінген қазақ лирикасының стилі мен бейнелілігі төңірегіндегі ғылыми өкінішіті былайша білдіреді: «... Тіпті ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне үңілгенде, оны Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мәшһүр – Жүсіп Көпеев т.б. тәрізді ақындарсыз алудың өзі қазақ әдебиетінің, оның ішінде қазақ лирикасын жан – жақты, толық қамту ісін қиындатқаны белгілі»[33]. Кеңестік үкіметі кесірінен отандық романтизмнің тууы мен дамуы Мағжансыз қарастырылды. Сондай – ақ, белгілі себептермен өз шығармаларында романтизм элементтерін тиімді пайдаланған Шәкәрім, Мәшһүр – Жүсіп т.б. әдебиет өкілдерінің әдеби процестегі орнын ашып көрсетпей шала – пұшық зерттеулер жазуға дәуір тынысы мәжбүр етті. Кеңес үкіметті ресми мойындаған С. Торайғыровтың ХХ ғасыр басындағы әдеби үдерісте маңызды рөлге ие туындыларының бірсыпырасы коммунистік табу салынып, әдебиет сүйер қауым назарынан тыс ұсталынды. Көркемдік танымның бір түрі негізіндегі әдеби туындылар бірдей немесе әр қилы көзқарастар тұрғысынан дүниеге келсе де,  көркем пішінді түзуде пайда болатын бір қатар ортақ белгіні бойларына сіңіреді. Осы эстетикалық ортақтастық – романтикалық стиль деп аталады.

Информация о работе Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм