Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Августа 2013 в 21:23, дипломная работа
Диплом жұмысының өзектілігі: Бүгінде тәуелсіз ел болған қазақ халқының қиын жол, қиын тағдырымен бірге жасасып, оның тарихы мен тағдыр-талайының көркем шежіресі болып келе жатқан қазақ әдебиеті қазір барлық жанрда дамып, тақырыптық-мазмұндық тереңдігімен, көл-көсір көркемдік-эстетикалық қуатымен халқымыздың мәдени-рухани әлемінде ерекше орын алып отыр. Бұл құбылыс әдебиетші ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан әр қырынан қарастырылып, әдебиетіміздің сан-салалы мәселелерімен байланыста жеке ақын-жазушылардың шығармашылығын зерттеуде де ғылыми мәнділігімен ерекшеленеді.
Кіріспе ............................................................................................................3-5
І. Көркемдік ойлау жүйесіндегі әдеби әдістер және қазақ әдебиетіндегі романтизм........................................................................................................6-35
І.1. Романтизм және көркемдік ойлау ..........................................................6
І.2. Қазақ романтизмі және оның даму тарихы мен зерттелуі...................21
ІІ. О.Бөкей романтизмінің өзекті мәселелері мен суреттелу ерекше-
ліктері ..........................................................................................................36-48
ІІ.1 О.Бөкей романтизміндегі дәуірдің өзекті мәселелері .........................36
ІІ. 2. О.Бөкей романтизміндегі болмыс, ұлт, адам образдарының суреттелу ерекшеліктері ................................................................................................42
ІІІ. О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық, көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы......................................................................................49-74
ІІІ.1 О.Бөкей романтизмінің идеялық-мазмұндық сипаттары..................49
ІІІ. 2. О.Бөкей романтизмінің көркемдік сөз өрнектері мен стильдік тіл айшығы...........................................................................................................53
Қорытынды....................................................................................................75-76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................77-79
Романтизмнің әдеби бағыт ретінде өркен жаюы – XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басы. Сол кезде романтизм термині дүниеге келді. Бірақ та осы терминнің әдеби бағыттың атауы болып танылуы әрі кездейсоқ, әрі нақты емес. Пайда болысымен ол түрлінше түсіндіріліп, әр түрлі мағына мен мәнді білдіріп отырды. «Романтизм» сөзінің шығу тарихын біреу «роман» сөзімен байланыстырса, келесі біреулер роман тілінде сөйлейтін елдердің «Серілік» романымен байланыстырады. Романтизм теоретиктерінің алғашқыларының біреусі саналған Фридрих Шлегель «романтизм» ұғымы мен терминіне былайша түсінік береді: «Мен романтикалық рухты іздеймін және оны ең қарт әрі жас ақындардан табамын – Шекспирден, Сервантестен, италиялық поэзиядан, серілік дәуірден, махаббат пен ертегіден, міне, солардан романтизм ұғымы мен түсінігі бастау алған. Ескіліктің классикалық дүниесіне әлі күнге сол ғана жалғыз қарсы тұрып келеді»[7,207].
«Романтизм», «романтикалық» сөзі арнайы тарихи термин ретінде қолданылуына дейін – ақ, кең тараған болатын. XVIII ғасырда Англияда «романтикалық» сөзі Орта ғасыр мен Қайта Өрлеу әдебиетін білдірсе, кейін сол XVIII ғасырдың екінші жартысында яғни ілкі романтизм (преромантизм) дәуірінде осы елдегі «романтикалық» сөзінің қолданысы әлдебір тылсым, оғаш, ғажайып деп ұғынылып, сол уақыттағы эстетикалық таным тұрғысынан бейнелілік (поэтикалық) пен поэзияның бөлінбес бір бөлшегі саналды. Осы пайымдау кейін «романтизм» сөзіне терминдік мағына берушілерге азды – көпті қозғау салды.
«Романтизм» термин және бүтін әдеби бағыттың атауы ретінде ең алғаш XVIII ғасырдың аяғында Алманияда бой көрсетті. Немістің «Иен мектебінен» шыққан ағайынды Шлегельдер, Новалис, Тик, Ваккенродер т.б. бірінші болып, тыңғылықты түрде романтизм теориясын дүниеге әкелді. Осылайша, неміс романтизмінің теориясы мен практикасы Еуропа елдерінің бәріне ықпалын тигізіп, ХІХ ғасырдың басында әр түрлі ағымдарға тарамдалып, кеңінен тарай бастады. Романтизм жаңғырығы орыс әдебиеті арқылы қазақ топырағына да келіп жетті.
Неміс философы Шеллинг романтик ақындарға іш тартып, Алманияны романтикалық идея дүр сілкіндірген уақыттағы жастығын былайша еске алады: «Ғаламат шақ еді... Адам рухы бұғаудан босанып, барша болмысқа өзінің шынайы еркіндігін қарсы қоюға құқылымын деп санап, бар нәрсені емес, болуы мүмкін нәрсені сұрайды...»[7,12]. Ғұламаның тебірене еске алған естелігінен романтикалық бейнеліліктің терең түсіндірмесін, дүниеге деген романтикалық көзқарасты аңғарамыз. Болмыс пен арман арасындағы қарсы тұрушылық романтизмнің елеулі мәнін ашып, оның пафосындағы тереңдікті айырады. Романтиктер тектен – тек ескіше өмір сүруге, ескіше ойлануға қарсы шықпайды. Шынайы, олар қабыл алмайтын болмысқа романтизмді / әр түрлі тұрпатта, түрлінше ұғылатын /, «жоғарғы», поэтикалық болмысты қарсы қояды.
Әлбетте, осындай болмыс идеалының қарсы тұрушылығы тек қана романтикалық сана мен романтикалық өнердің нышандары болып табылмайды. Сонымен бірге басқа бағытта жазатын суреткерлерге де тән ерекшелік, ал бұл романтизмде айырықша, бірінші дәрежедегі мәнге ие. «Арман мен шындық» антитезасы романтиктер үшін жемісті болып, романтиктің көркемдік әлемін құрып, бір мезетте әрі басты идеологиялық, әрі басты эстетикалық принцип болып табылады.
«Шындық пен арман» антитезасы – романтикалық өнер түрінің тек қана сипаты мен нышаны ғана емес, оны әдеби бағыт ретінде өмірге әкелген бастау көзі. Рухани және материалдық нақты шындықты жоққа шығару романтизмнің ерекше бағыт ретіндегі әлеуметтік – дүниетанымдық алғышарты болып табылады. Г.В. Плеханов өзінің «Адрессіз хаттар» мақаласында мәңгілік адамзат негізі болып келе жатқан екі психологиялық бастауды тарихи және әлеуметтік тұрғыдан қарастыруға ден қойып, осылардың мәдениет даму кезеңдеріндегі алатын орнын анықтайды. Осы екі бастау көз «еліктеу» мен «антитеза» адамзат қоғамында кезектесе басымдыққа ие болып отыратындығын айтады[8, 52 - 59]. Плехановтың осы ой – пікірін негізге ала отыра, Е.Маймин романтизм мәдени – тарихи құбылыс ретінде пайда болғанын дәлелдейді[9,7]. Романтизм шындық өмірден бойын аулақтатып, ағартушылық дәуірдегі үстем идеялар мен түсініктердің көпшілігінен бас тартып, классицизмнің әдебиет теориясы мен үрдісінен сырт айналды.
Бұл бой тартушылық неден?
Антитезаның психологиялық
Психология заңдары еліктеу мен антитеза сияқты мәдениет, өнер, әдебиеттегі не ана, не мына, не басқа қозғалыстардың өзіндік мүмкіндіктерін пайымдайды. Қозғалыстың бет алысына аталған тарихи нақты жағдайда қандай заңдылық , яғни еліктеу, әлде жоққа шығарудың бірі әсер етіп, оған қоғамдық, әлеуметтік сипаттағы жағдайлар себепші болуы қарастырылғанын баса айтпақпыз. Романтикалық терістеу жазушылардың әрқайсысының психологиясы, жеке бастық ерік – жігері негізінде ғана емес, қайта ең алдымен, тарихи - әлеуметтік жағдайлардан, қоғамдық өмірден туындайтыны белгілі. Сондықтан, романтизм бағытының әдебиет пен өнердегі бастау көзін алдымен қаламгер өмір сүрген қоғамдық өмір жағдайынан іздеуге тиіспіз.
Батыстық романтизм XVIII және ХІХ ғасырлардың тоғысында аяқ астынан пайда бола салған жоқ. «Ғасыр ұланының тәубесі» жинағында Мюссе өз замандастарының әм қайғылы, әм романтикалық «қос әлемділігінің» екі себебін былайша атап көрсетеді: «Біздің ғасырымыздағы дерт екі себептен шығуда: 1793 және 1814 жылды бастан кешкен халық өз жүректерінде екі бірдей жара табын сақтауда...»[10, 30] – деп, өз дәуірінің кескін – келбетін танытады. Ресейдегі үш революция 1793 және 1814 жылғы Франциядағыдай қазақ қоғамындағы әр қаламгерге, әр адамға ел тұрмыс – тіршілігінде туындаған өткір де, шешілмеген мәселелерді алға тартып, ескі ұғымдар мен түсініктерді қайта қарауға мәбүр етті. Қазақ ақындары да бұл мәселеге өз таным – түсініктері тұрғысынан келіп, өз шығармаларын арнады. Біз өзіміз жоғарыда келтірген А. Мюссе пікірін одан әрі өрбітсек: «Бұл – ғарыш пен әлемді қоса терістеу болды. Осы бір терістеуді түңілу немесе егер қажет болса, үмітсіздік деуімізге болады. әлем екіге бөлініп, романтиктердің көзқарасы бойынша әлем «жан» мен «тәнге» айырылып, бір – біріне қаны қараюда. Бір жағынан, шаттанған ақылдар, албырт та, шерлі көңілдер,.. басын салбыратып, дертті елестің тұтқынына түсіп, азалы мұхиттың бетіндегі әлсіз қамыс сабағындай күйге түссе, екінші жағынан, тәні мықтылар аяғынан тік тұрып, шынайы өмір ләззатына тапталмай, бір ғана жұмысты – ақша санауды ғана білді. Тек өксу мен қарқылдаған күлкі үні естіліп: жан күңіреніп, тән сақылдауда»[10,26].
Әлеуметтік – тарихи
мәнінде романтизм екінші кезеңге
аяқ басты, жаңа буржуазиялық қоғамдағы
келеңсіздік олардың қайта
Романтикалық шындық тұрғысынан өмірді терістеуді және парасаттың құдіреттілігін жоққа шығару романтизмнің басты ерекшелігі мен нышанына жатады. Ең бастысы – ерекше қаһарман екені белгілі. Романтизмнің қазақ топырағында пайда болуының жалпы себебімен қатар ішкі өзіндік себептері болуы оның, яғни ұлттық романтизмнің ерекше, қайталанбас әлпетін қалыптастыруға бастайды демекпіз. Қазақ романтизмнің орыс, батыс романтизміне қарағанда мүлде кереғар болып келетін тұстары аз емес. Біздің қаламгерлердің ешқашан ағартушылық пен ағартушылық философияны абсолютік ақыл ырқына жеңдірмегені назар аудартады. Эстетикалық ұстанымы жағынан қазақ романтиктері көбінесе «реалист» болғандығы көркем әдіс түрлерінің арасында қытай қорғаны жоқтығын дәлелдей түседі.
Қазақ романтикалық өнері мен кеңес қазақ романтикасын қарастыруда екі нәрсеге көңіл бөлген дұрыс. Үрдіс пен жаңашылдықты бірлікте ала отырып, осы екеуінің белгілі бір дәуірдегі орын алған тарихи – әдеби процесс кезіндегі өзара қарым – қатынасы тұрғысы негізінде қарастыру қажет. Осы тұрғыдан келгенде ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетінің даму тарихын терең зерттеген А.Н.Соколовтың көптеген құнды пікірлері табиғаты жағынан қазақ романтизміне берілер бағалаулармен іштей қабыса үндесетіндігіне бей – жай қарауға болмайды. Сонымен, романтизм кез келген әлемдік тарихи, не ұлттық нышандағы төңкерістік үлкен өзгермелік жағдайымен, қоғамдық сана – сезімнің көтерілуімен және қоғамның бір бөлшегі болып табылатын тұлғаның азаматтық сана – сезімінің оянуымен тығыз байланысты болып келеді.
Романтикалық өнер түрі белгілі бір дәуірдің шеңберінде тұйықталып қалмайды, қайта өткенге араға уақыт салып, қайыра бір соғып отырады деген тұжырым жасағанымыз орынды. Осылайша суреткерлер тарапынан өздері таңдап алған өнер түрінің табиғатына, эстетикалық сұранысына орай романтизмге деген көркемдік қажеттілік жаңадан, қайтадан туындап отырады. Орыс әдебиетінде көрініс тапқан осы қажеттіліктің орнын М.Горькийдің өткен ғасырдың басында қалай толтырғанын және әлем әдебиетіндегі романтизм дамуына қосқан қаламгерлік қомақты үлесін орыс ғалымы Б.В.Михайловскийдің жан – жақты ашып беруі, көп жағдайда әдебиетіміздегі Мағжан, Сәкен және Ілияс әкелген соны романтикалық леппен өзектестігіне сай келеді[11,ч1,гл 1 - 3]. Жаңа жағдайда бұл бұрынан келе жатқан яғни Абайдың ақындық мектебі негізін салған көркемдік әдістің жалына қайыра жабысу емес, қоғамдық даму нәтижесінде дүркіндеп бой көрсететін өнердің әлсін – әлсін туындап отыратындығын танытатын нышан. Осыған байланысты көркемдік жаңалық пайда болады, бірақ ол ұлттық салт – санада бұрынан бар түсініктердің (Сәкеннің «Домбыра», «Тұлпар» т.б. революциялық символдары) ел өміріндегі қалыптасқан жаңа жағдайға орай қайыра жаңғыруы болып табылады. Қалыптасқан көркем уақыт пен шартты кеңістікті игеруге лайықты ізденіс жолында кейде суреткер романтиктерімізді бұрынан бар бейнелілік құралдары өздеріне ынтық етсе, кейде Ақылбай, Мағауия дәстүріндегі романтикалық тұлғалану өз ырқына тартқанымен, әрдайым қаламгердің поэтикалық таңдауын айқындауда оның қоғамдық ұстанымы, эстетикалық принципі, өмір тәжірибесі жетекші рөл атқаратынын естен шығармауымыз керек.
Романтизмнің әдеби бағыт ретінде әдебиетімізде алғаш пайда болу кезеңінде Байрон, Пушкин және Лермонтов ақындарымызға көп әсер етсе, жаңа қалыптасқан әдеби процесс кезінде М. Горький мен В.Маяковский өз әсерін молынан тигізге бастады. Есте ұстайтын жайт орыс әдебиетін зерттеуші Л.И.Тимофеевтің және т.б. ғалымдардың ұстанған «образды ойлаудың екі типі» концепциясы революция жылдарындағы шығармаларды ғылыми зерделікпен қарастыруда көп көмегін тигізеді[12]. Аталған ғалым өнердің объективті заңы: әрбір көркемдік құбылыстың негізінде объективтілік пен субъективтіліктің қоспасы бар, олардың арақатынасы түрлі дәрежеде болады деген түйіндеу жасайды[13]. Осыны негізге ала отырып, мынаны есте ұстауға тиістіміз: субъектілік өнерде бел алып, табиғи құбылысқа айналады сол жағдайда, егер ол объективті заңдылықтармен тығыз байланысқа түсіп, өмірдің шындығын ашып бере алатын болса.
Горькийдің алғашқы әңгімелерін ерекшелігін сипаттаған орыс әдебиет зерттеушісі Е.П.Любарева т.б. оны – «реалистік романтизмге» жатқызады[14,3]. Біз Қазан төңкерісі жігерлендірген С.Мұқанов, Ә.Тәжібаев т.б. 1920 – 1930 жылдары жазған прозалары төңірегінде осындай пікір айта аламыз. Олардың Горькиймен ортақтастығы ел аузындағы аңызды шығармаларына тақырып етіп алып, терең шынайылықпен, өмірмен байланыстыра реалистік мәнде, шындықтың романтикалық жинақталып символдық көрініс беруін ұшыратамыз. Ондай белгі – кеңес әдебиетініндегі О.Бөкейдің прозасындағы романтикалық бейнелер.
«Романтика» термині
адамның ерекше сезімдік көңіл –
күйіне байланысты, оны «Кеңестік
дәуірдегі әдебиет туралы»
Шындық өмірдегі жағдайлар
романтикасы кеңес қазақ
Романтизм проблемасымен көп айналысқан ғалым А.Н.Соколов өзінің «Романтизм туралы дауға орай» мақаласында әрқайсы романтизмнің бір белгісінің мәнін айқындайтын 8 түрлі (А.Н.Веселовский «либерализм»; И,И,Замотин «идеализм»; В.В.Сиповский, П.С.Коган, Г.А.Гуковскийлер «индивидуализм» және «субъективизм»; П.Н.Сакулин «шындық болмыстан қол үзу»; Б.С.Мейлах «арман», Н.К.Гей «идеалды пайымдау»; А.М.Гуревич «шындық өмірде мүлде жүзеге аспайтын аңсардың (идеалдың) абсолюттік характері») тұжырымдарды келтіреді[17,26 – 31]. У.Р.Фохт романтизмнің негізгі өзгеше белгісі «шынық болмысқа түйсіктік таным» болып табылатындығын ауызға алады. Г.Геттнердің «романтикалық мектебі» романтизмнің мәні фантазия деп есептеп: «Фантазия және шексіздік тағы да айнала толы фантазия – романтиктердің құпия белгісі» - деген ұйғарымдарын алға тартады. Ф.де Ла – Барта «ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Батыстағы әдеби қозғалыстар» кітабындағы өзінің романтизмге берген анықтамасында: «Романтизм – бәрінен де ұлығ ақылға сенім мен ашық сезімге бой алдыру сеніміне негізделген жаңа әдіс» – деп пайымдайды. Басындағы Соколов пікіріне қайтып оралсақ, берілген әрбір анықтама белгілі бір негізге сүйенгенімен ешқайсы көңілге қона қоймайды дей келе, мақала авторы: «Романтизм нышандарының жүйесін аша білу қажет және осы жүйе негізінде зерттелінетін құбылысты айқындау керек» деген кесімді ой түйіндейді. Әрине, романтизм туралы толық түсінік беру үшін оның барша ерекшеліктерін, тек осы өнер түріне ғана тән ортақ сипаттарын, сондай – ақ, романтизмнің жеке түрлеріне, бағыттарына және ағымдарына, әрбір романтиктің шығармашылығына тән жекелікті қамтып көрсету қажет. Сонымен, романтикалық өнер түрімен жазылған шығармалар бойында оларды біріктіретін әлдеқандай тұтастыратын бастау негіздің бар екендігі айқындалады. Ол – негіз көркемдік әдіс дер едік. Бірақ әдіс проблемасына қарағанда, романтизмнің жеке белгілерін басшылыққа алатын әдебиеттанушылардың ойлары бір арнаға тоғыса бермейді. Егер әдістің астарында қоғамдық өмірдің сипатын, адамдар мінезін т.с.с. көркем көшірмесінің принципі жатыр деп ұғынар болсақ, онда романтизмді шығармашылық әдіс ретінде бағалайтын зерттеушілер романтизмдегі тұлға мен қоғамның ерекше қарым – қатынасы сипатына назар аударып, адам индивидінің шығармашылықта әрі объекті, әрі субъекті сипатында зор рөл атқаратынына айырықша көңіл қояды. Осыны басты ерекшелікке көп жағдайда жатқызып жүрміз. Оны бұдан басқа да белгісі бойынша айыратындар да жоққа шығармайды. Жоғарыда Соколов мақаласында аттары аталған зертеушілер ойына кезек берсек, А.Н.Веселовский романтикалық әдебиеттегі «либерализмді» адам тұлғасының өзін тани білу еркіндігі идеясымен байланыстырады [18,517]. Замотин романтизмді әдебиеттегі «идеализм» ретінде өз түсінігінше былайша дәлелдейді: «Романтизмнің негізгі уәжі... жоғарғы жеке бастың марапасына (культіне) дейін... көтерілген индивидуализм»[19,20]. Ал, Геттнер романтизмнің басты ерекшелігінің бастау көзі – ырыққа көнбейтін шу асау фантазия, субъектінің рөлін романтиктер өз шығармашылығында көкке көтереді деп есептеп, дүние оған қарсы объекті ретінде оның әміріне бағынып, қолындағы ойыншығына айналады дегенге саятын ой айтады.
Информация о работе Оралхан Бөкей шығармаларындағы романтизм