Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2015 в 12:17, курсовая работа
Диплом жұмысының өзектілігі. Ғылыми бағыттың өміршеңдігі уақытпен өлшенеді. Ғалымның ғылыми тұжырымдары мен бағыттары көзі тірісінде қолдау тауып немесе келіспеушіліктерге кездессе, ғалым дүниеден өткеннен кейін оның ғылыми бағыты өзінің негізгі сынағы – уақыт сынағынан өтеді. Бітіру жұмысында академик Нығмет Сауранбаевтың лингвистикалық мұраларына, атап айтқанда, алфавит пен орфография, терминология, тіл тарихы, диалектология, морфология мен құрмалас сөйлемдерге қатысты еңбектері жинақталып, оларға талдау жасалды.
1. Н.Т.Сауранбаевтың қазақ тілі оқулықтарын жазудағы және теориялық негіздеудегі қызметі
1.1. Қазақ алфавиті мен орфографиясының дамуындағы ұстанған бағыты.
1.2. Терминология мәселесіне қосқан үлесі
1.3. Оқулықтар мен программалар жазудағы қазақ тіл біліміне сіңірген еңбектері
2. Н.Т.Сауранбаевтың іргелі ғылыми зерттеу еңбектері
2.1. Тіл тарихы мен әдеби тіл жайындағы көзқарасы
2.2. Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен қызметі жайлы еңбегі
2.3. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі жайлы еңбегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Прошение жазуға
Тырысар келсе шамасы –
дегендегі орыс кеңес тілінің жаргонында айтылатын «прошение» сөзі ирониялық мақсатта айтылып тұр.
Абайдың классикалық бір сіңірген еңбегі – жаңа сөздер мен сөз тіркестерін туғызуы. Осы орайда Н.Т.Сауранбаев Абай шығармаларының тілінен алып, мынадай фактылар келтіреді: бұлбұл қағу, көсем жүру, жеңісқойлық, малға бөгу, аларман болу, төменшіктеу, өршілдену, мақсаткөйлеу, сымпас т.б. Бұл алуандас сөздер қазақ тілі грамматикасының барлық амал-тәсілдері арқылы (морфологиялық және синтаксистік жолдармен) жасалған.
Халық тілінің грамматикалық құрылысын Абай әдеби тезден өткізіп, жетілдіре түсті. Грамматикалық кейбір формалардың қызметін анықтап, мазмұны мен рөлін тиянақтап берді: қолдану аясын кеңітіп, жаңа мағынаға ие етті. Халық тілінің грамматикалық мүмкіншілігін күшейтті. Өрісі кеңейіп, стильдік мәні артқан жұрнақтардың бірі –мақ, (-мек) деп көрсетеді Н.Т.Сауранбаев. Ол Абай шығармаларының тілінде өте көп кездеседі. Болар істің бағдарын белгілеп, міндетін айқындау үшін бұл жұрнақ Абай өлеңдерімен бірге қара сөздерінде де жиі ұшырайды. Халықтың қарапайым сөйлеу тілінде –мақ қосымшасы болжалды келер шақ мағынасын білдіреді. Синтаксис саласынан Абайдың бір енгізген жаңалығы – салыстырмалы мағынада қолданылатын анықтауыштардың қызметін күшейтіп, олардыкең арнаға алып шықты. Халық тілінде қолданылатын құс тұмсық, түйе табан тәрізді анықтауышты тіркестердің беретін мағынасы ерекше. Тіркес құрамындағы сөздер мұнда бірін-бірі анықтамайды (мысалы, ағаш көпір деген сияқты), екеуі жиылып, бір ұғым тудырады да, ол ұғым үшінші бір нәрсемен салыстырылады. Н.Т.Сауранбаев мұны «салыстырмалы анықтауыш» деп атаған жөн болар деп ойлайды. Абайдың «Аттың сыны», «Қыз сұлуы» секілді өлеңдерінен осы тіркес жиі байқалады:
Шоқпардай кекілі бар,
қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ,
бөкен қабақ.
Теке мұрын, салпы ерін, ұзын
тісті,
Қабырғалы, жотасы болса күшті.
Абай творчествосы туралы жазылған еңбектерінде Н.Т.Сауранбаев Абай шығармаларының тілін жеке алып, жан-жақты зерттеу емес, сол шығармалар негізінде Абайдың жазба әдеби тілдің негізін қалап, оны дамыту үстіндегі ролін айқындауды мақсат етті. Сондықтан ол әрбір ойдың жетегіне қарай жеке мысалдармен ғана шектеліп отырады. Н.Т.Сауранбаевтың ойынша, Абайдың биік деңгейін, бірінші жағынан, өзінен бұрын жасаған әдебиет пен сол әдебиет өкілдерін Абаймен қатар қойғанда білеміз. Екінші жағынан, осы күнгі ақын-жазушыларымыз Аба йшығармаларының тілі мен тілдік құдіретін «тәңірісіндей табынып», үлгі етеді. Осыдан танимыз. Әргі-бергі әдебиет шығармаларын талдай отырып, Абай шығармаларының әдеби тіл тарихындағы теңдесі жоқ ролін аңғара қою қиынға соқпайды. Абай шығармаларының тілі жөнінде Н.Т.Сауранбаев жазған уақыттардан бері осы алуандас тақырыпта бірсыпыра еңбектер жарияланды. Олардың көбі Абай шығармаларының тілдік ерекшеліктерін терең талдап, кең қамтыды. Алайда, ғалым айтқан кесімді пікірлерді ешкім де жоққа шығарған емес. Қайта, олар, бұған керісінше, Н.Т.Сауранбаев айтқан ойларды одан әрі жалғастырып әкетіп, ілгері дамытушы болды.
Қазақ әдеби тілінің тарихы туралы «айтылатын өнегелі ой, қызықты пікірлер көп-ақ» - деп жазды ол. Бірақ Нықаң ол айтатын ойына жетпей кетті. Ең соңғы мақаласының қорытындысында қазақ әдеби тілін зрттеушілерге арнап мынадай міндеттерді атап көрсетіп еді:
1) Әдеби тілдің өзіндік
а) Ең әуелі тіл тарихын зерттеудегі жалтақтықтан, бір жақтылықтан аулақ болу керек;
ә) қазақ әдеби тілінің тарихын басқа халықтардың әдеби тілінің тарихы үлгісімен зерттеуден де қашқан ләзім, өйткені әр халықтың әдеби тілінің шығуы, қалыптасуы және дамуы бірдей емес (мысалы, қытай, үнді, араб, француз, орыс, украин, грузин, армян тілдерінің тарихы мен қазақ, қырғыз, башқыр т.б. сондай халықтардың әдеби тілдерінің тарихы бірдей емес). Әрине, басқа тілдер туралы жазылған әдебиеттерді пайдалануға болар, бірақ онда көрсетілген принциптерді мызғымас үлгі есебінде тұтынуға болмайтын шығар.
2) Қазақ әдеби тілінің әр
3) Әдеби тіл тарихын, сонымен қатар жалпы халықтықтіл тарихын зерттеу үшін өте қажетті нәрсе – ескі әріптерді құйдыру, әсіресе араб алфавитінің барлық варианттарын жасау. Олай етпейінше, әдеби тілдің тарихын зерттеу мүмкін емес [29. 205- 299б].
Диалектология туралы. Қазақ тіліндегі диалектілер туралы мәселе ұзақ жылдар бойы оны екі жаққа жүгіріп, әлі де бір тыңғылықты шешім тауып үлгерген жоқ. Бірқатар зерттеушілер «қазақ тілінде диалектілер бар» десе, енді бірқыдыру мамандар «қазақ тілінде диалект жоқ» деген тоқтмады уағыздады.
Қазақ тілінің мамандары 1937 жылға дейін жергілікті ерекшеліктер (не диалектизмдер) жоқ деп келді. 1937 жылдан бастап арнаулы экспедициялар ұйымдастырылып, халық тілінің сөйлеу ерекшеліктерін, сонымен бірге белгілі бір жерлерге тән диалектілік ерекшеліктерді жинау жұмысы жүргізілді. Іріктелген материалдар негізінде жазылған алғашқы мақалалар 1946 жылдан бастап жарық көре бастады (Ж.Досқараев). Қазақ диалектологиясы жөнінен диссертациялар да қорғалды, зерттеулер де жазылды, сөздіктер де түзілді, монографиялар да дайын болды. Әсіресе, елуінші жылдардан бастап бұл салада жүргізілуге тиісті жұмыстар қатты жанданды.
Қазақ тіліндегі диалектілер туралы мәселеге Н.Т.Сауранбаев алғаш рет өзінің «Көне қыпшақ тілінің кейбір сипаттамалары» деген мақаласында (1948 ж.) аз да болса бір тоқталып өткен болатын. Ол кейбір түркі тілдеріндегідей (мысалы, өзбек, қырғыз тілдеріндегідей) жік-жік болып бөлініп тұрған диалектілер қазіргі қазақ тілінде жоқ деп ұғады. Алтай тауларынан Каспий теңізіне дейін, Петропавлск қаласынан Бостандық ауданына дейінгі кең атырапты жайлаған қызықтардың ауызекі сөйлеу тілінде бірлі-жарым айырмашылықтар Н.Т.Сауранбаевтың ойынша, болмай тұрмайтын сияқты. Ол айырмашылықтар тілдің фонетикалық жүйесі мен лексикалық қорында болады. Пайда болу тегі жағынан оларды ғалым ескіден қалған тарихи мұра деп қарайды. Кейбір дыбыстардың өзара алмасып келу заңдылықтарына мысалдар келтіреді.
Бұл іспеттес дыбыстардың алмасуы Орхон-Енисей жазу ескерткіштері мен орта ғасырда жасаған көне қыпшақ тілінің нұсқаларында да кездеседі. Ол туралы жоғарыда айтылып, мысалдар келтірілді. Автордың «қазақ тілінде қолданылатын жергілікті ерекшеліктер – ескінің көзі» деп отырғаны да осы жағдайға байланысты: мұндай ерекшеліктер – жалпы түркі тілдерінде сонау V ғасырдан үзілмей өмір сүріп келе жатқан фонетикалық құбылыс. Алдын ала айта кетейік: қазіргі қазақ тіліндегі қандай бір ерекшеліктерді алып қарасақ та, олар жалпы түркі тілдерінің өмірінде болып жататын грамматикалық заңдылықтар шеңберінен шығып кетпейді, солардың аясында болады, солармен астарлас жатады, тамырлас келеді, өзектесе жүреді. Мәселенің ең қиыны мынада: қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерін біз басқа түрлі тілдерден бөліп алып, жеке қараймыз, тар тезге салып, тізгіндеп ұстаймыз. Олардың тарихи тегі мен өзгеру өрістеріне көз жіберіп, ой жүгіртпейміз. Осыдан барып көп нәрсенің беті ашылмай, беймәлім қалады.
Н.Т.Сауранбаевтың әдісі дұрыс: жергілікті ерекшеліктердің табиғатын тану үшін оларды тарихи тұрғыдан қарап тексеру қажет. Ондай ерекшеліктер – тіл өміріндегі ең алдымен тарихи құбылыстардың жемісі. Диалектизмдер мен жергілікті ерекшеліктер тарихи тұрғыдан зерттеліп тіл тараихын байымдауға қызмет етуге тиісті. Негізгі мақсат осында болса керек-ті.
Н.Т.Сауранбаев өзінің екінші бір «Революцияға хат» деген мақаласында (1951 ж.) қазақ тіліндегі диалектілер XV-XIX ғасырлардың арасында жасалмаған, одан гөрі еретерек уақыттарда пайда болған деп жазады. Сонда бұл диалектілер қазақтың халықтық тілі сомдалып, өз алдына шықпай тұрғанда өмір сүрген тілдік элементтер болып табылады. Қазіргі қыпшақ тілдерінің ата тілі болып саналатын көне қыпшақ тілінің қалдықтары болып танылуға тиісті. Олар, демек, қазіргі тілдер емес, есік тілдер тудырған продукциялардың қатарына жатады. Жоғарыда біз айтып өттік, Н.Т.Сауранбаев X-XV ғасырда жасаған негізгі тілді («язык-основа») қыпшақ тілі деп атайды да, қазіргі қыпшақ тілдерін сол тілдің ру-тайпалық диалектілері негізінде пайда болған деп қарайды.
Қазіргі қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктердің XV-XIX ғасырлар арасында жасалмайтын себебі, Н.Т.Сауранбаевтың айтуы бойынша, мынада жатыр: көшпелі өмір мен мал бағу шаруашылығы қазақ жүздерінің арасындағы қарым-қатынас түрлерін нығайтып, олардың саяси-экономикалық өмірін біріктіріп отырды. Н.Т.Сауранбаев қазақтың жүзге бөлінуінде ешқандай экономикалық мән жоқ еді деп табады. Қазақтың жүзге бөлінуі – ағайын арасындағы айқас пен төбелестер кезінде өз беделін көтере түсу үшін бай-манаптардың әдейі үйлестіріп қойған жасанды әрекеті. Үш жүздің қазақтары барлығына бірдей ортақ бір-ақ тілде сөйлеген. Қазақ тіл құрамында үш жүзге байланысты ешқандай өзгешелік болмаған. Жергілікті кейбір ерекшеліктердің жасалуына үш жүздің ешбір қатысы жоқ. Ондай ерекшеліктер жүз-жүздің тарабына қарап емес, әр жердің мәдени-шаруашылық өміріне, айналасы мен ортасына қарай құрылған. Н.Т.Сауранбаев қазіргі қазақ тілінде кездесетін фонетикалық, лексикалық және грамматикалық бағзы бір құбылыстарды әдеттегі нормадан тыс айтылатын ерекшеліктер деп санайды. Халық тілінің жергілікті ерекшеліктерін тани білудің теориялық пайдасы қазақ тілінің тарихын зерттеуге көмегін тигізеді, - деп жазады Н.Т.Сауранбаев өз мақаласының қорытындысында, ал енді оның практикалық пайдасы кейбір формаларды дұрыс жазып, дәл айтуға үйретеді. Оқушы көпшіліктің сауатын көтереді.
Келесі бір еңбегінде («Қазақ тілінің жасалуы туралы мәселеге», 1954 ж.) жергілікті ерекшеліктер құрамында өзара алмасып кететін дыбыстардың санын Н.Т.Сауранбаев көбейте түседі.
Жоғарыда айтылғандарға қосымша ретінде Н.Т.Сауранбаев бұл жерде л – д дыбыстарының алмасуы ертеден келе жатқан заңдылық екендігін ескеріп өтеді: Күлтегін ескерткіштерінде – тыңла, «Кодекс куманикусте» - аңла.
Осы айтылып отырған үш мақаланың үшеуі де – қазіргі қазақ тілінде қолданылатын жергілікті ерекшеліктер туралы арнаулы пікір айту үшін жасалған дайындық курстары сияқты алдын ала жазылған ой жоспары. Соның өзінде де Н.Т.Сауранбаевтың жергілікті ерекшеліктер проблемасына деген көзқарастарының қалыптасу процестері осыдан аңғарылып тұр. Мысалы, автор бірінші мақааласында жергілікті ерекшелікте ауызекі сөйлеу тілінің фонетикалық, жүйесі мен сөздік қорын қамтиды деп жазса, екінші мақаласында олардың қатарына грамматика саласын да қосады. Ал енді үшінші мақаласында фонетикалық ерекшеліктердің ұзын-ырғасын молайта түседі. Осының бәрі 1948 жыл мен 1954 жылдардың арасында болады. Сонымен 7 жыл ішінде Н.Т.Сауранбаев қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктердің басты-басты сипаттамаларын қысқаша түрде болса да түгел суреттеп шығады.
Н.Т.Сауранбаев қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер жөніндегі бар байламы «Қазіргі қазақ тіліндегі диалектілер» деген көлемді мақаласында айтылған (1955 ж.). Автордың мұнда ұстанған теориялық негізі 1952 жылғы қазақ тіл білімінің мәселелеріне арналған дискуссиясының шешімдері еді. Ол шешімдердің ішінде былай делінген: «Қазақ тілінде диалектілер бар ма, жоқ па деген мәселені айқындау үшін материалдар жинап, зерттеу жұмыстарын үдете беру керек. Диалектілерді зерттеу мәселесін қазақ жүздері мен ру-тайпалық жіктердің құрамымен байланыстырмаған жөн. Оларды халық тарихымен, әр аймақты жайлаған халықтардың мәдени-шаруашылық ерекшеліктерімен және ауыс-түйіс отырған көрші елдердің өмірімен қабыстыра отырып қарастырған абзал» [30.233-256б ].
«Диалектілер мен говорлардың саны менсапасы тіл даму тарихының барлық жағдайында бірдей болмайды», - деп көрсетеді Н.Т.Сауранбаев. Әрине, тіл де,ол тілдің диалектілік тармағы да қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-шаруашылық өміріне қарай өзгеріп отырады: тайпалар мен тайпалық одақтардың кезінде қолданылған диалектілер мен ол диалектілер тараған аймақтар біртекті халықтық тілдің тұсында жұмсалатын диалектілердің дәрежесімен сәйкес келе бермейді. Ру-тайпа тіліндегі диалектілердің кейбір элементтері халықтық тіл кезінде де бой көрсетіп қалғанмен, бұл екі дәуірдің диалектілік құрамдары басқа-басқа, олар сан жағынан да, сапа жағынан да бөтен-бөтен болып келеді.
Н.Т.сауранбаев қазіргі қыпшақ тілдерінің пайда болу жолдарына тоқталады: монғолдар үстемдігі кезінде негізгі тіл («язык-основа») құрылмай, жасай берген де, монғол үстемдігі құлағаннан кейін мемлекет системасы ыдырап, біртекті халық («единная народность») бөлініп тарап кеткен. Автордың өз сөзімен айтқанда, «вследствие государственного распада народности, говорившей на языке-основе, родоплеменные диалекты ее ожили и дали начало образованию отдельных самостоятельных языков, какими являются казахский, киргизский, каракалпакский, ногайский и кумыкский языки». Осыдан кейін «В период же между XV-XIX веками диалекты образоваться не могли» деген абзац басталады. Онда жоғарыда айтылған көшпелі өмірге байланысты жайттарды баяндайды.
Н.Т.Сауранбаевтың бұл айтып отырған диалектілері, сонымен үйсін тайпасынан бастап қазіргі қыпшақ тілдерінің негізін қалаған диалектілер туралы болып отыр. «XV ғасырдан кейін жасалмайтын диалектілер» деп автор осындай диалектілерді айтатын болу керек. («XV ғасырдан кейін пайда болды» дейтін диалектілері – ол қазіргі тілде қолданылып жүрген диалектілер жайында шығар). Басын ашып айтпаған соң, дүдәмал ойлар шырматылып, әрдайым туындап жатады.
Енді автордың қазіргі диалектілер туралы жазғандарына келейік. Негізгі ерекшеліктер, Н.Т.Сауранбаевтың зерттеулеріне қарағанда, тілдің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жүйесінен байқалады. Бұрынғы-соңғы зерттеушілердің (М.Қашқари, В.Бартольд) материалдарына сүйене отырып, Н.Сауранбаев Ескендір Зұлқарнайын заманында жасаған бір қамалдың басқа түркі тілдеріндегідей «Чу» емес, қазіргі қазақ тіліндегі сияқты «Шу» болып аталғандығын осының айқын дәлелі ретінде келтіреді. Қамал Шу өзенінің бойынан кейінірек салынған Баласағұн қаласының маңында болған. Демек, Шу бойы қазақтарының тілінде айтылып жүрген ч дыбысы – ш дыбысына қарағанда кейінірек пайда болған фонетикалық ерекшелік. Н.Сауранбаев шешімдерінің бірі – осы. Оның үстіне мынаны айту керек. Көне түркі халықтарының тілінде айтылатын ч мен ш дыбыстарының өзара алмасып келуі — ескіліктің көзі: V—VIII ғасырларда жазылып қалған эпиграфиялық ескерткіштерде, яғни Орхон, Енисей және Талас өзендерінің алқабын мекендеген түріктердің тілінде кічі – кіші (кіші), күч —күш (күш), қач — қаш (қаш), ечі — еші (апа, әпке) сияқты, бірінде ч, бірде ш фонемаларымен айтылатын сөздер толып жатыр. И.А.Батманов осыған орай Енисей түріктерінің тілін «ч» дыбысымен сөйлейтін диалект» және «ш» дыбысымен сөйлейтін диалект» деп екі топқа бөледі. Жоғарыда Н.Т.Сауранбаев айтып отырған Шу бойының түріктері Енисей жағасындағы ш дыбысымен сөйлейтін түріктермен тектес, «диалекттес» болса керек.
Ауызекі сөйлеу тілінің ендігі бір басты ерекшелігі Н.Т.Сауранбаев зерттеулеріне қарағанда, д мен л дыбыстарының өзара алмасып келуі. Солтүстік Арал аймағынан бастап Зайсан өңіріне дейінгі аралықты мекендейтін, бүкіл Қазақстан территориясының оңтүстік алабын алып жатқан қазақтар әдеби тілде айтылатын әдеттей д дыбысының орнына әрдайым л дыбысын айтады. Мұндай фонетикалық құбылыс барлық уақытта емес, сөз құрылысының кейбір позициялық шектерінде ғана сақталады. Атап айтқанда, л дыбысы (д дыбысының орнына) н, ң дыбыстарынан кейін келгенде ғана және де кейбір интервокальдық позицияда (екі дауысты дыбыстың арасына қыстырыла келгенде) айтылады. Мысалы, мацлай (маңдай), тацлай (таңдай), тыңла (тыңда), аңлы (аңды), аңла (аңда), тірілей (тірідей), оңлы (оңды), қаралай (қарадай), қоңлану (қоңдану), түңлік (түндік), теңлік (теңдік). Көне түркі тілдерінің тұрғысынан алып қарасақ, л дыбысының дәл осы позицияда айтылуы—жаппай қолданылатын заңды құбылыс. Мысалы, автор келтіріп отырған мысалдар бойынша, VIII—XIV ғасырлар арасында жазылып қалған ескерткіштер тілінде осы іспеттес сөздер ылғи л дыбысы арқылы берілген: тыңла («Күлтегін ескерткіші», VIII ғ.), аңла («Кодекс куманикус» ескерткіші XIII ғ.). т.б. Қазіргі түрік тілдерінің басым көпшілігі мен негізгі топтарында қазақ тілінде айтылатын д дыбысының орнына л дыбысы жұмсалады.
Информация о работе Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері