Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2015 в 12:17, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Ғылыми бағыттың өміршеңдігі уақытпен өлшенеді. Ғалымның ғылыми тұжырымдары мен бағыттары көзі тірісінде қолдау тауып немесе келіспеушіліктерге кездессе, ғалым дүниеден өткеннен кейін оның ғылыми бағыты өзінің негізгі сынағы – уақыт сынағынан өтеді. Бітіру жұмысында академик Нығмет Сауранбаевтың лингвистикалық мұраларына, атап айтқанда, алфавит пен орфография, терминология, тіл тарихы, диалектология, морфология мен құрмалас сөйлемдерге қатысты еңбектері жинақталып, оларға талдау жасалды.

Содержание

1. Н.Т.Сауранбаевтың қазақ тілі оқулықтарын жазудағы және теориялық негіздеудегі қызметі
1.1. Қазақ алфавиті мен орфографиясының дамуындағы ұстанған бағыты.
1.2. Терминология мәселесіне қосқан үлесі
1.3. Оқулықтар мен программалар жазудағы қазақ тіл біліміне сіңірген еңбектері
2. Н.Т.Сауранбаевтың іргелі ғылыми зерттеу еңбектері
2.1. Тіл тарихы мен әдеби тіл жайындағы көзқарасы
2.2. Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен қызметі жайлы еңбегі
2.3. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі жайлы еңбегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сауранбаев Н.doc

— 829.50 Кб (Скачать документ)

а) халық тілінің қаймағын сыпырып, сөлін алған;

ә) ауыз әдебиетінің сан салалы байлығын пайдаланып, сөз жасау, сөйлем құрау, образ тудыру амалдарын игерген;

б) Шығыс пен Батыс елдері әдебиеттерінің сөз 
қолдану ерекшеліктерін өз оқырмандарының психологиялық ұғым санасына   бейімдеп, оларды 
творчестволық жолмен іске асыра білген.

Қазақ әдеби тілінің тарихында Абай тек поэтикалық емес, ғылыми-дидактикалық публицистика жанрының да стильдік негізін жасап берді. Н.Т.Сауранбаев Абайдың «Ғақлия» қара сөздерін тілдік элементтері мен стильдік ерекшеліктері жағынан Пушкин прозаларымен, қазақтың ауызекi сөйлеу тілімен және ортазиялық кітаби тіл материалдарымен іштей үйлесім табатын шығармалар деп таниды. Жоғарыда осы тақырыптың басында көрсетілген тезиске байланысты біз Н.Т.Сауранбаевтың Абай туындыларының тілі туралы айтқан пікіріне жеке тоқталамыз. Бұл жерде айта кетейік дегеніміз Ыбырай мен Абай негізін салған қазақтың жаңа сапалы әдеби тілінің Абай дәуірінен кeйінгі даму барысына әсер еткен кейбір жағдайлар туралы болмақ.

Патша самодержавиесінің мемлекет құрамындағы бұратана халықтары үшін, олардың рухани-мәдени өмipiне 1905 жылғы революция үлкен әсер етті. 1909—1910 жылдардан бастап Қазан, Орынбор, Троицк, Уфа, Ташкент сияқты қалаларда қазақ тілінде жазылған көптеген шығармалар басылып шығып, халық арасына тарап кетті. Бірнеше газеттер мен журналдар жарияланып тұрды. Абай бағытын ұстанып, бостандық туын көтеріп, идеясын жыр еткен демократ ақын-жазушылар дүниеге келді. XIX ғасырдың екінші жартысына қарағанда, XX ғасырдың бipiншi ширегінде қазақтың жазба әдеби тілі әлдеқайда мол тарап, кең шарықтады. Қазақ аулын аралап, ол үй-үйдің босағасына жетті, төрінен орын алды. Ақсақалдың аузынан есітетін сөздерін енді қазақ кітаптан оқитын болды. «Ауыздан шыққанда өңі қашатын көрікті oй» сөз тізбегіне оралып хатқа түсті, тасқа басылды. Қалам құдіретінің қармағына ілінген қазақтың қарапайым сөздері зергерлер соққан маржандай құлпырып қайта жаңғырды. Сөз ұсталары іске кipiciп кетті... [27. 65-128б].

Бұдан әрі Н.Т.Сауранбаев Қазақтың Советтік Социалистік Республикасының құрылуына байланысты қазақ халқының социалистік ұлт болып қалыптсу тарихын және осымен іліктес қазақ тілінің дербес мемлекет тілі дәрежесіне дейін көтерілгендігі туралы жан-жақты баяндап өтеді. Октябрь революциясынан кейінгі қазақ халқының тарихи зор табыстары, оның өмірінде болып жатқан саяси өзгерістер мен мәдени жетістіктер, сан салалы асулар мен қилы қиын межелер – бәрі-бәрі де қазақ әдеби тілінде өрнектеліп, өзгеше сипатпен тіл байытып, қорлана берді. Н.Т.Сауранбаев қазақ әдеби тілінің тарихы туралы жазылған еңбектерде мұндай «ғылымсымақ» пікірлерді барынша сынай отырып, былай деп жазады: «Москваның әдебиет институтында және Делидің азия аралық институтында қазақ тілі дербес пән есебінде оқытылып жүр». Қазіргі бірсыпыра социалистік елдерде (мысалы, Болгария, Польша) қазақ тілі оқытылады. Көптеген шетел ғалымдары оны жан-жақты зерттеп, ғылыми еңбектер жазуда, сөздер шығаруда. Қазіргі қазақ жазба әдеби тілінің тарих сахынасына шығуы, оның ұлттық мемлекет тілі ретінде қазақ халқына қызмет етіп отырғаны бүкіл дүниежүзіне аян. Оған ешкім күмәндана алмайды. Сондықтан, біз Н.Т.Сауранбаевтың «қазақтың толық мағынасындағы әдебиет тілі совет заманында ғана қалыптасты» деген қағидасын өмір шындығынан алынған ғой деп ойлаймыз.

Қазақ әдеби тілінің совет дәуіріндегі даму жолдарын Н.Т.Сауранбаев бірнеше жүйеге бөліп қарайды:

  1. Қазақ әдеби тілі лексикасының баюы.
  2. Қазақ әдеби тілі синтаксистік құбылысының дамуы мен толысуы.
  3. Қазақ әдеби тіліндегі әдеби стильдердің қалыптасуы.
  4. Қазақ алфавиті мен орфографиясының жетілуі (яғни, қазақ жазуының даму).

Мал шаруашылығы мен әдеттегі қарапайым өмірде ғана қолданылатын қазақ тілінің лексикалық байлығы Октябрь революциясынан кейін жан-жақты жетіліп, орасан байыды. Ғылыми-техникалық терминология жасалып, қоғамдық-экономикалық білімнің сан түрлі тарауларына байланысты атаулар пайда болды. Саяси-шаруашылық жаңа өмірге лайықты толып  жатқан жоқ сөздер туды. Көптеген сөздер жаңадан жасалып, алуан сөздер қазақ тіліне аударма арқылы кірді. Байырғы сөздердің ұғымы жаңарды. Кейбір сөздердің құлашы кеңіп, үстеме мағынаға ие болды.

Совет дәуірінде қазақ әдеби тілінің синтаксистік құрылысы да үлкен-үлкен өзгерістерге ұшырады. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдердің жаңа түрлі типтері шықты. Жай сөйлем структурасының «есім мүшелі жайылма сөйлем» (орысша айтқанда, «развернутые именные предложения»), «атаулы сөйлем» («названные предложение»), «көсемше тұлғалы тіркес» («причастные обороты»), «анықтауыш тіркес» («определительные обороты») сияқты жаңа категориялары жарыққа шығып, қолдануға түсті. Н.И.Мещаниновтың айтуына қарағанда, құрмалас сөйлемдердің барынша шарықтап, кең дамитын кезеңі әдеби тілдің қалыптасуымен іліктес келеді. Қазіргі қазақ әдеби тілінде де солай. Революцияға дейін қолданылып келген жай сөйлемдердің паратаксис (құрмалас сөйлемдердің бір-бірімен формальдық байланысы жоқ жеке сөйлемдерден құрылуы) және гипотаксис (құрмалас сөйлемдер құрамындағы бір сөйлемнің екінші сөйлеммен байланысып, тәуелді тәртіппен келуі) түрлері енді құрмалас сөйлемнің күрделі құрылысына (конструкциясына) айналды. Құрмалас сөйлем жүйесі үздіксіз шыңдалу үстінде. Кейбір дербес мағыналы жеке сөздер шылаудың қызметін өтеп құрмалас сөйлемдердің құрамында қызмет атқарып келеді.

Қазақ әдеби тілінің ХІХ ғасырдың ортасынан басталатын дәуірін Н.Т.Сауранбаев Ыбырай мен Абай заманы деп қараса, оның Октябрь революциясынан кейінгі дәуірін, совет дәуірін ол осылай суреттейді. XIX ғасырдың   екінші жартысына дейінгі дәуірді, яғни жоғарыда көрсетілген оның «сәбилік», балаң дәуірін, Н.Т.Сауранбаев XVIII ғасырдың екінші жартысынан басталады деп шамалайды. Бұл дәуір әдеби тілдің алғашқы бастамасын құраған, сондықтан ол әдеби тілді жасауға атсалысқан арналар туралы тиісті мәлімет бере алады. Н.Т.Сауранбаев былай деп жазады: «Совет дәуірінде қалыптасқан қазақ әдебиет тілінің революциядан бұрын жасалған бірнеше  заттың, ұлттық нeгiзi болды. Олар: 1) XVIII ғасырдың екінші жартысынан басталып, XIX ғ. мен XX ғасырдың басында ipгeci қалана бастаған жазба әдебиет дәстүрі; 2) көп ғасырлар бұрын шығып қалыптасып, қазақ халқымен бipгe келе жатқан ауыз әдебиетінің дәстүрі. Міне, осы екі дәстүр тоғысып, жаңа дәуірдегі жаңа жағдайдың әсepiмен өзгеріп, қазақ халқының әдебиет тілінің негізі болып отыр»   («Қазақ тілінің совет дәуірінде дамуы және оның келелі мәселелері» деген мақаласында). Бұл жерде автор қазақ әдеби тілінің даму тарихы туралы емес, сол әдеби тілінің жасалу арналары жайында сөз етіп отыр. Әңгіме әдеби тілдің тарихы жөнінде болатын болса, онда жоғарыда көрсетілгендей, совет дәуіріне дейінгі уақыт Aбaй заманы және Абай заманына дейінгі дәуір болып екіге бөлінер еді. Бұл жердегі, мәселе совет дәуірінде қалыптасқан әдеби тілдің қандай-қандай табиғи арналардан нәр алып шыққандығында. Ол арна, Н.Т.Сауранбаевтың жазуына қарағанда, екеу:

  1. Қазақтың революцияға дейінгі жазба әдебиеті.
  2. Қазақтың ауыз әдебиеті.

Жазба әдебиет XVIII ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ауыз әдебиеті—одан да бұрын жасаған ecкi мұра. Қазақтың жазба әдебиеті деп автор мынадай источниктерді айтады.

  1. Ауыз әдебиетінің арнасынан шығып, жазба әдебиеттің дәстүріне түсе бастаған, сол замандағы қоғамдық өмip туралы сюжетті бірнеше әдеби шығармалар қалдырған Бұхар, Дулат, Нысамбай сияқты ақындардың шығармалары.
  2. Шығыс әдебиетінің дәстүрін қазақ жеріне таратып, оны дәріптеген кітаби ақындардың—Шайхысламның, Шәдінің, Ақмолданың т.б. шығармалары.
  3. Абай, Алтынсарин бастаған ағартушылық, демократияшыл бағыттағы жаңашыл ақындардың шығармалары.

Жазба әдеби тілінің бipiншi дәуірінде жасаған ақындардың тілін Н.Т.Сауранбаев «Орта Азия түріктерінің тілі», яғни «шағатай тілі» деп аталатын тарихи белгілі тілмен астарлас еді деп табады. XII ғасырдан бастап шағатай ұлысын жайлаған түріктердің арасында жұмсалып жүрген тіл бертінірек кездерде «шағатай тілі» деп аталып кеткен де, ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының арасына кең тараған. «Қазақ арасындағы сауатты ақындар, - деп жазады Н.Т.Сауранбаев, - қиссаларды, кейбір әңгімелерді шығыс дәстүрі деп осы тілде жазған, бірақ қазақ тілінің ерекшеліктерін көп ендірген... Мысалы, М.Жүсіп Көпеевтің, Нұржан Наушабаевтың, Ақмолданың т.б. шығармаларының тілі—осындай тіл». Абай Құнанбаев өзінің ақындық өнерінің алғашқы жылдарында осы «шағатай тілінің» дәстүріне бipaз еліктеп, бірқыдыру өлеңдер жазғаны мәлім. Абай заманының алдында жазған осындай ақындардың тілін, ic қағаздары мен хан жарлықтары, сұлтан мен бидің бұйрық хаттары, т.б. яғни «Орта Азия түріктерінің жазба әдеби тіліне» еліктеп жазылған туындылардың тілін, Н.Т.Сауранбаев «кітаби тіл» деп атайды да, оның «қазақ әдеби тілінің жалпы тарихын зерттеуде 6елгілі маңызы бар» деп бағалайды.

Жазба әдебиет тілінің қатарына көркем шығармалармен қатар әрегідік басылып жүрген газет-журналдардың тілі де жатады. Мысалы, «Дала уалаятының газеті», «Айқап журналы» т.б. Н.Т.Сауранбаев жазба әдеби тілінің «қалыптасу үлгісі—«Айқап» журналының тілі» деп жазады. «Айқап» беттерінде жарияланған «материалдардың тіл тарихы үшін маңызы өте зор», — деп көрсетеді автор.

Жазба әдеби тілдің дамуына, қазақ тілін зерттеуге арналып жазылған бірнеше ғылыми еңбектер де өз дәрежесінде тиісті әсер етті. Н.И.Ильминскийдің (1861 ж.),  И. М.Мелиоранскийдің (1894, 1897 ж.) т.б. грамматикалық зерттеулері осы іспеттес шығармалардың қатарына жатады.

Қазақтың жазба әдеби тілі тарихына азды-көпті қатысы бар ескерткіштерге Н.Т.Сауранбаев жалпылай шолу жасаған. Түбегейлеп келгенде, олардың санын арттырып, түрлендіре түсуге болады. Мысалы, P.F.Сыздықова өзінің «Абай шығармаларының тілі» (1968 ж.) деген монографиялық еңбегінде «Абаймен тұстас, іргелес өмip сүрген әдебиет түрлерінің басты-бастылары» деп 12 топ нұсқалар келтіреді (16—18, т. б. беттер). Әрине, бұл — дұрыс та, сындарлы да. Бipaқ Н.Т.Сауранбаевтың ойы жазба әдеби тіл нұсқаларының тізімі мен санында емес, сондай тілдің өмip сүргендігін атап көрсету принципінде ғана болса керек.

Жазба әдебиет дәстүрі шығып, өpic алғанға дейін қазақ халқы өз өнepi мен рухани табысын ауызша шығарып, ауызша жырлаған, ауызша таратып, ауызша үйренген. Осыдан барып ол ауыз әдебиетінің үлгілері туған, оның да арнайы жетік тілі болған. Өзіне тән стильдік, лексикалық, грамматикалық қолданылу тәсілдері мен айтылар ойды жеткізер әр алуан амалдары болған. Мысалы, Н.Т.Сауранбаевтың бақылауларына қарағанда, батырлар жырының тілінде грамматикалық құрылыс үдетпелі сарынмен келеді, лексикасы әскери ұғымдарға байланысты қару-жарақ, атысу-шабысу, жорық әрекеттерін білдіретін сөздермен астасып жатады. Лирикалық поэмалардың тілінде, көбінесе, махаббат туралы, әдет-ғұрып, салт-санаға байланысты лексика басым болады. Жырлардағы ежелден қалыптасып кеткен сөздер мен сөз тіркестері осы күнге дейін қолданылып жүр. Кейінірек шыққан жазба әдебиет осы ауыз әдебиеті нұсқаларының тілінен көп қорек алған [28. 96- 133б].

Қазақ әдеби тілінің ұзынырғасын барлай келіп, Н.Т.Сауранбаев оның совет дәуіріне дейінгі желісі Абай творчествосына келіп тіреледі деп шешеді. Абай шығармаларының тілі бүкіл тарихтың (әдеби тіл тарихының) ұшар биігіне шыққан, шырқау шыңында тұр деп есептейді ғалым. Абайды мұндай дәрежеге жеткізген факторлардың бipi деп ол оның ана тіліне деген шексіз сүйіспеншілігін айтады. Айтайын деген ойын Абай ең алдымен шындыққа жаныған. Ал, шындық дегеніміз—тілдің өзi ғой! Абайдың тілге шебер болатын бip себебін Н.Т.Сауранбаев осыдан табады. «Қазақ әдеби тілінің негізін Абай қандай жолмен салды» деген сауалға Н.Т.Сауранбаев мынадай тоқтам келтіреді. Абай халық тілінің бай қазынасын барынша жақсы білді де, оны сарқа пайдаланды. Kipшiкciз таза маржанын тағынып, сөлін iштi. Халық тілі негізінде ол көркем әдебиеттің тілін жасады, оның «жүрекке жылы тиетін» стилін жетілдіріп, жұп-жұмыр етіп шығарды. Абай поэзиясының тілі өзінің қарапайым күштілігімен, алмастай өткірлігімен, жүректің тынысындай дәлдігімен, ән әуезіндей тәттілігімен өзіне әрдайым тартып тұрады. Ол әдемі сөздердің жиынтығы, тіркестердің түйіншегі емес. Абай поэзиясындағы әр сөзде әлеуметтік тамырдың соғысы жатыр. Терең мағына көркем форманы талап етеді. Абай—ең алдымен «Сөз» деген «мырзаны» қатты қастерлеген ақын. Оның сөзге деген ілтипатында шек жоқ. Дүниедегі ең қиын жауапкершілікті Абай сөз қолдану саласында деп біледі. Ол «сөз өнepi дертпен тең» деп ұғады. Сөз өнерімен айналысқан ақындарға қоятын басты талабын Абай өзінің әйгілі «Өлең—сөздің патшасы, сөз сарасы» деген шығармасында айқын айтып кеткен болатын. Табан аудармай осы позицияда отырып қалған Абай халық тіліндегі кейбір сөздерді көркем әдебиетте, поэзия тілінде қолданғанда, оларға лексика-семантикалық жаңа мағына бepiп отырды. Халықтың ауызекі сөйлеу тілін әр алуан стильдік тәсілдерге салып, әрлеп іс қолданды. Халық тілі мен поэзия тілдерінен жаңа тіркес құрап, оларды байытып, толықтыра түсті. Көздеген ойдың образына, типтеріне, характерлік ерекшеліктеріне қарай халық тілінің сөз қолдану тәсілдерін өзгертіп, құбылыс тауып,  құлпыртып жіберді. Мысалы, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»   деген өлеңінде ащы күлкінің уытын қоюландыра түсу үшін Абай еліктеуіш сөздерді әдейі қолданған деп Н.Т.Сауранбаев мынадай үзінді келтіреді:

 

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді

Аузымен орақ орған, өңкей қыртың.

 Кірсе қызар келеді байлауы жоқ,

 Бip күн тыртың етеді, бip күн

бұртың.

Ағайын жоқ нәрседен етер бұлтың.

Оның да алған жоқ па құдай

құлқын?

Баста ми, қолда малға талас

қылған,

Күш сынасқан күндестік бұзды-ау

шырқын.

Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,

Әр жерде-ақ жазылмай ма,

жаным, тарқың?

Қай жеріңнен көңілге қуат қылдың,

Қыр артылмас болғансоң мінсе

қырқың?

 Тиянақсы, байлаусыз, байғұс

қылқың,

Не түсер құр күлкіден

Жыртың-жыртың.

 

 

Халық тілінің қаймағын – мақал мен мәтелдерді, қанатты сөздер мен тиімді сөз орамдарын Абай өз орнын тауып пайдалана білді. Оларды қалай болса солай ала салмай, мәнеріне келтіріп, сұрыптап отырды, поэтикалық тілге көшіріп, жаңадан нақыл тапты, стильдік бедер бітіріп, жандандырып жіберді. Олардың эстетикалық күші мен бейнелеу құдіретін арттырады. Мысалы, Н.Т.Сауранбаевтың көрсетуінше, қазақ тіліндегі «ел бұзылса, шайтан жол табады», «түлкі алпыс екі айлалы болады», «қарағайды талға жалғады», «қайтып келер есікті қатты жаппа» сияқты мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді Абай былай қолданған:

Ел бұзылса, табады шайтан өрнек,

Періште төменшіктеп қайғы жемек.

 

Құсы да, иесі де қоразданар

Алпыс екі айлалы түлкі алғанда.

 

Амалдап, қарағайды талға жалғап,

Әркім жүр алар жердің ебін ойлап.

 

Қайтып келер есікті

Қатты серіппе, жарқын-ау!

Абай ауыз әдебиетінің үлгілерін де мол пайдаланады. Фольклор сюжетінде жазған оның бірнеше шығармалары да бар.

Ауыз әдебиетіне тән тіркестер мен теңеулер тәрізді сөз қолдану ерекшеліктері Абай творчествосынан кеңінен орын алып отырды. Мысалы, көргейсің, батыр емен, атанған жаудан қайта алман сияқты сөздер – қазақтың ауызекі сөйлеу тіліне (көргейсің), тұрмыстық поэмалар (емен) мен батырлар жырларының тіліне (алман) тән элементтер.

Бөгде тілдерден алынған сөздерді Абай әдеби тілді байыта түсу мақсатымен қолданады. Ана тілінде жоқ сөздер мен ұғымдардың орнын толтырып, өріне шығарып тастайды. Кейде оларды стильдік мән беру үшін де пайдаланады. Мысалы:

Орыс тілі, жазуы –

Білсем деген таласы.

Информация о работе Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері