Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2015 в 12:17, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Ғылыми бағыттың өміршеңдігі уақытпен өлшенеді. Ғалымның ғылыми тұжырымдары мен бағыттары көзі тірісінде қолдау тауып немесе келіспеушіліктерге кездессе, ғалым дүниеден өткеннен кейін оның ғылыми бағыты өзінің негізгі сынағы – уақыт сынағынан өтеді. Бітіру жұмысында академик Нығмет Сауранбаевтың лингвистикалық мұраларына, атап айтқанда, алфавит пен орфография, терминология, тіл тарихы, диалектология, морфология мен құрмалас сөйлемдерге қатысты еңбектері жинақталып, оларға талдау жасалды.

Содержание

1. Н.Т.Сауранбаевтың қазақ тілі оқулықтарын жазудағы және теориялық негіздеудегі қызметі
1.1. Қазақ алфавиті мен орфографиясының дамуындағы ұстанған бағыты.
1.2. Терминология мәселесіне қосқан үлесі
1.3. Оқулықтар мен программалар жазудағы қазақ тіл біліміне сіңірген еңбектері
2. Н.Т.Сауранбаевтың іргелі ғылыми зерттеу еңбектері
2.1. Тіл тарихы мен әдеби тіл жайындағы көзқарасы
2.2. Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен қызметі жайлы еңбегі
2.3. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі жайлы еңбегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сауранбаев Н.doc

— 829.50 Кб (Скачать документ)

Соңғы уақыттарда жазған бір есебінде Н.Т.Сауранбаев қазақ тілінің тарихы туралы және оның көне қыпшақ тілімен байланысты жөнінде арнайы бір еңбек (көлемі 10 б.т.) дайындап беруге ниеттеніп жүргенін айтады. Онда былай деп көрсетеді: «қыпшақтар тек қазақстандық, алтынордалық және қырымдық болып қана бөлінбейді екен. Кіші Азия мен басқа түрлі ықылымдарда тұрған қыпшақтарды да еске алып, мен ойларымды қайта қорытайын деп жүрмін. Сондықтан Сондықтан әлі монография жазуға кіріспей  отырмын», — деп жазады (Қазақ ССР Ғылым академиясының Орталық архив қорындағы Н.Т.Сауранбаев жазбаларын кара). Қазақ тілі мен қыпшақ тілі туралы ойларын Н.Т.Сауранбаев сарқып айтып, тауыса алмады. Үлгермей кетті. Жоғарыда бiз келтірген ойлар Н.Т.Сауранбаев пікірінің алғашқы конспектісі, жұмыс жоспары ғана icпeттi.

Тіл тарихын зерттеу жұмыстарын әдетте екі түрлі бағытта жүргізуге болады. Бipiншi бағыт бойынша тipi тілдің өзіндік ерекшелік қасиеттері екшеп алынады да, ертеден жазба нұсқалар тiліне байланысты сол ерекшеліктердің көріну тәсілдері зерттеледі. Н.Т.Сауранбаев өз мақалаларын осы бағытпен жазды. Екінші бағыт бойынша көне түрік жазбаларының тіл ерекшеліктерін барлай отырып, грамматикалық категориялардың өзгеpyi мен өсу жолдарын анықтайды, олардың қазіргі тipi тілдермен астарлас жатқан тарихи байланысын ашады. Осы күнгі бірсыпыра мамандар өз жұмыстарын eкінші бағыттың ықпалымен жүргізіп жүр. Қай бағыттың болса да мақсаты бipey— тipi тілдің тарихи тағдырын шешіп беру. Eкi бағыттың eкeyi де осы мұратқа қызмет етеді. Соңғы жылдары Н.Т.Сауранбаев ecкi түpкi тілдерінде жазылған ескерткіштердің тілін зерттеуге ден қоя бастап еді. «Кодекс куманикус» (1957 ж.). «Ecкi түpкi тілдерінің кейбір жазу нұсқалары туралы деректер» (1958 ж.) деген мақалалары—соның айғағы болғандай. Бipaқ автор көне түркі жазба нұсқаларына байланысты зерттеу объектілерінің молая түсетіндігін айтып, соны көрсеткені болмаса, бұл мақалаларында олар туралы не теориялық, не практикалық тұжырым жасап, кеңес берген емес. Н.Т.Сауранбаевтың соңғы мақалаларының сарынында ғибрат аларлықтай бip жай бар. Онда автор Орхон-Енисей жазуының ескерткіштері мен ecкi үйғыр жазуының нұсқалары туралы тарихи мәліметтер келтіреді, олардың тіл ерекшеліктері жөнінде суреттейді: «Құтадғу бiлік» (1069—1070 ж.), «Алтун яруқ»   (X ғасырда қытай тілінде   жазылып, ХVII ғасырда ұйғыр тіліне аударылған) нұсқалары туралы жазады. «Диван луғатит тюрк» (1072 ж.) пен «Кодекс куманикус» (XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басында жазылған) жазбаларына   да тоқталып өтеді. Бipaқ осылардың бәрін автор «қазақ тілінің тарихи материалдары» есебінде емес, мақаланың өз аты көрсетіп тұрғандай, «ecкi түpкi тілдерінің жазу нұсқалары» деп қарайды. Бұл өзі орынды да. Осы күнгі кейбір тюркологтар сияқты, «анау ескерткіш ана тілдің тарихына жатады», «мына нұсқа мынау тілдің тарихына қарасты» деп, алдын ала өлшеп-пішіп қоюдан аулақ болғанымыз жөн. «Ecкi түркі тілдерінің ескерткіштері» деген ұғымға ертедегі жазба нұсқалардың бәpi де сияды. Қайсыбір жазба болса да, ең әуелі осы ауқымда қарап алғанымыз жөн [25.8б ].

Әдеби тіл тарихы жайында. Н.Т.Сауранбаев мұраларының осы тақырыпқа жазылған бөлігін өзара сұрыптап қарайтын болсақ, олардың негізгі мазмұны мынадай проблемалық мәселелерге арналғандығын көреміз:

  1. «Әдеби tіл» дегегніміз не және оның анықтамалары.
  2. Қазақ әдеби тілі және оның даму, қалыптасу тарихы.
  3. Қазақ әдеби тілінің жасалу арналары.
  4. Қазақ әдебитілінің жасалу барысындағы Абайдың ролі.

Қазіргі қазақ тіл білімінде (тіпті қазақ филологиясында бұл icпеттес проблемалардың қай-қайсысының болса да басы ашылып, бояуы қанған жоқ. Әр түрлі пікір етек алып, алуан түрлі жорамалдар айтылып жүр. Н.Т.Сауранбаевтың осы салада жазылып қалған қайсы бip ойы мен пікірін алсақ та, олардың күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей, түбегейлі мәселелермен астасып жатқандығын көру қиын емес.

Әр жерде, әр ортада филологиялық ғылымдардың, әcipece лингвистика ғылымының өсу дәрежесі мен методологиялық қағидаларына байланысты «әдеби тіл» түсінігіне деген көзқарастар да әрқилы болып келеді. Бұрынырақ уақыттарда, мысалы, әдеби тілді, Н.Т.Сауранбаевтың сөзімен айтқанда, «тек жазумен ғана байланыстырып, оны тек «кітаби жазба тіл» деп анықтаушылық орын алған. Орыстың ecкі лингвистикалық әдебиетіндегі дәстүр де мәселені осылай түйіндейді. «Қытайдын, ecкi «Вэньянь» (я «Вэньли») деп аталатын көне жазба тілі, Индияның ecкi «санскрит» тілі, орта ғасырларда Европа халықтарының арасында қолданылған латын тілі, Россиядағы ecкi шіркеу — славян тілі, Орта ғасырларда шығып, бірнеше түpiк халықтарының арасына мол тараған «Орта Азия түрік әдебиет (я шағатай) тілі» деп аталатын осындай «кітаби жазба тілдерді» көпшілік зерттеушілер «әдеби тіл» деп түсінген. Осы әліптес зерттеушілер айтып жүрген жазба әдебиет тілін Н.Т.Сауранбаев: «Қазіргі әдеби тілдердің негізгі белгілерін, оның әр алуан көpiнiciн, оның қоғамдық ролін қамти алмайды» деп бағалайды. «Қазіргі заманда әдеби тілді жазу тұрғысынан ғана қарап анықтау дұрыстыққа жатпай-ды»,—деп жазады («Қазақтың әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы» деген ең соңғы мақаласында).

Кейбір лингвистер мен әдебиетшілер әдеби тілді «жалпы халықтық тіл» деп те түсіндіріп жүр. Н.Т.Сауранбаев мұндай ұғымның да дәл айқын еместігін дәлелдейді. Жалпы халықтық тілдің мазмұны мен мақсаты, жаратылу табиғаты мен қолданылу аясы әдеби тілге қарағанда мүлдем бөтен: одан әлдеқайда кең көлемде қолданылады. Бірыңғай ұлттық тілмен бipгe жалпы халықтық тілдің диалектілері (жергілікті говорлары), қарапайым сөйлеу тілі және жазба әдебиет тілі сияқты тарам-тарам өpicтepi болады. Жалпы халықтық тіл—әдеби тілдің өзі емес, оның өciп-өнер көзі. Сондықтан, жалпы халықтық тілге қатынасы бар нәрсенің әдеби тілге тікелей байланысты болуы міндетті емес, ал енді әдеби тілге қатынасы бар кейбір нәрселердің халықтық тілмен де астарлас келуі ықтимал.

Бip тұтас жалпы халықтық тілдің негізi мен құрылысы, Н.Т.Сауранбаевтың анықтамасы бойынша, бip болады, бірөңкей қалыпта, бipcыдырғы қолданылады. Сол тілде сөйлейтін коллектив мүшелерінше түгел ортақ болады. Қай ортада, қай жерде айтылса да барлығына бірдей түсінікті болумен бipгe, ол сол ортада айтылатын барлық ерекшеліктерді өз бойына ciңipiп, қарауына алып отырады. Белгілі бip қоғамдық өмірдің өкілдері сөйлейтін тілге байланысты қандай да болмасын барлық құбылыс осы халықтық тілдің өзіндік характеріне тән болып табылады. Н.Т.Сауранбаев сөзімен келтіріп, оны былайша   айтқанда, бip тұтас халықтық тілдің «белгілі жерде, әрқилы мақсатта қолданылуына сәйкес бірнеше көpiнici, түрлері болады». «Шын мағынасындағы әдеби тілімен салыстырғанда, — деп жазады Н.Т.Сауранбаев, — жалпы халықтық қарапайым тіл көркемдігі, стильдік, дәлдік, орамдылық жағынан сұрыпталмаған, шыңдалып жетілмеген, олпы-солпы жақтары көп тіл». Автордың бұл cөзi A.M.Горькийдің қарапайым халықтық тілге байланысты айтылған «речевой хаос» деген анықтамасының негізінде жазылған. Екінші сөзбен айтқанда, бұл — «қарапайым халық тілінде әдеби тілге тән ерекшелік қасиеттер жоқ» деген сөз. Демек, халықтық тілдің ең басты сипаттамасы: ол — қарапайым тіл, яғни халықтың ауызекі сөйлеу тілі. Оны халықтың өзi тудырған, ол көркем сөз шеберлерінің өңдеуінен өтпеген. Халықтық тілдің жетілуі мен дамуы, баюы мен әрленуі өз өкілдеpiнiң өмірлік практикасына байланысты.

Әдеби тіл белгілерінің бipi — онда сөйлеу тілінде (не «кітаби тілде») болмайтын, кездеспейтін қасиеттердің орын алуы. Халықтық тілдің шеберлер қолына түсіп өңделуі, сұрыпталуы осы қасиеттердің қатарына жатады. Сонда, әдеби тілдің халықтық тілден басты бip айырмасы— оның көркем сөз шеберлері мен өнерлі сөз иелерінің қаламынан туғандығында ғана. О бастапқы туған тeгi бip болғандықтан, бұл екеуінің арасында басқа түрлі бөтен айырмашылық болуы мүмкін де емес. Әдеттегі әдеби тілге тән деп жүрген әр алуан сипаттамалар мен белгілер (жанрлық, стильдік ерекшеліктер, образды ойлар, жарасымды тіркестер, әдемі теңеулер, әрлі сөйлемдер мен жанды сөздер т.б. толып жатқан суреткерлік амалдар) әдеби тілдің дәл осы қасиетінен келіп шығады.

Қарапайым сөйлеу тілі мен әдеби тілдің ара-қатынасына және олардың сөз қолдану тәсілдері мен өзара ерекшеліктерін айқын таныту үшін Н.Т.Сауранбаев мынадай екі түрлі үзінді келтіреді. Қарапайым колхозшының сөйлеу тип: Менің Тоқтасын деген ағам бар eдi. Шаруашылық тұрмысы нашар, кедей eдi. Біздің елде, керей iшiндe Сырбай дейтін бай болды. Сол байға менің ағам жалшылыққа тұрды. Оның егінін екі қоспен айдады. Ақысына бай бip десет жер берді. Тұқымды да беретін болды. Тоқтасын ол жерді көpin, күні бұрын белгілеп алды. Түбінде   егін шыға қалса, бай бермей қояр деп, десет жерді кicігe көрсеткен болатын. Көркем сөз шeбepi F.Мүсіреповтің жазуы бойынша («Оянған өлке» романынан): Үйдің шын ажары iшiнe кірген соң көpiнeдi. Төрт жерден салбыраған аспалы шамдар жаңа үйдің жайын айтқызбай баяндап тұр. Бәpi де қазақ даласына бұрын келмеген,   жарығы мол үлкен шамдар. Қара барқытпен оюланған туырлықтың иығын шығара кернеп тұрған алтын бояулы уықтар, шам жарығында бұрын біp көрмеген салтанат сияқтанады. Бірімен бipi бөлінбей астасқан, алтын-күміс араласқан бояулар, қызыл-жасылды терме бояулар, түкті кілемдер, күміс жаптырған адалбақандар бұл үйдің жасауына бірталай-ақ ой кеткендігін айтып тұр. Бipінe-бipi сай асыл нәрселер жарасымын тауып, жымыңдасып тұрғандай.

Салыстыра берілген екі үзіндіден не көруге  болады? Екеуінің де сөздік құрамы бірдей: екеуі де бүкіл қазақ баласына ортақ мейлінше түсінікті сөздерден құралған. Екеуінің де сөз орамы бірдей: сөйлемдердің құрылу жүйесі мен синтаксистік тәсілдері байырғы қазақ тілінде берілген. Бұл —олардың ұқсастық жақтары. Енді олардың өзара айырмашылығы неде? Екінші үзіндінің «тіл ұстартып, өнер шашқан» адамның қаламынан шыққандығы көрініп-ақ тұр. Бipiншi үзіндіден ол байқалмайды. Онда болған ic пен өткен жайды тұп-тура айтып, нақтылы баяндап беру бар да, әр алуан теңеулер мен неше түрлі сипаттаулар жоқ, суреттеп, сырлап айту, ой желісін күрделендіріп, сөйлемдердің көлемін күлтелеп беру бұл үзіндінің сөз саптау қасиеттерінен тыс қалады. Сөз тipкeci қысқа, жинақты да қарапайым. Мұндағы автор өз сөзін нақыштап, әрлеп жатпайды. Ол — қарапайым сөйлейтін халық тілінің өкілі. Осы принципті сақтамаса, ол жазушы, яғни әдеби тілдің жаршысы болған болар еді. Екінші үзінді тілінің алғашқы келтірілген үзінді тілінен айырмасы мынада: айтылар ой мен суреттелетін нәрселер толық қамтылып, олар әсерлі сөздер мен әдемі сөйлемдер арқылы берілген. Түрлі-түрлі теңеулер, айшықты тіркестер, ажарлы сөз орамдары, автордың өзі айтқандай, тауып-ақ тұр. Мұндағы, «туырлық» — әдетте айтыла беретін жай ғана туырлық емес, «қара барқытпен оюланған туырлық». Ал, «уықтар—туырлықтың иығын шығара кернеп тұрған алтын бояулы уықтар»... Бipiн-бipi қолтықтап, бipiмeн-бipi іліктес осындай жарқын сөйлемдер астасып кете береді. Оқыған адам еліктеп, сол сөйлемдердің жетегінде желісіне жетем деп желіп отырады, желпініп кете барады. Көркем әдебиет тілінің ең басты эмоциялық қасиеті осында. Ал енді оның тілдік, грамматикалық ерекшелштерін атайтын болсақ, ол —сөз тіркестерінің (мейлі ол күрделі болсын, мейлі жай болсын) орынды келіп, өзара іштей үйлесім таба білуі. Әр сөздің өз орнын табуы мен олардың iшкi байланысы айтылар ой мен берілер идеяның дәл табылған нағыз көpiнici бола білce, көркем сөз тілінің басты бip шарты icкe асатын сияқты. Сонымен, бip сөзбен айтқанда, ешнші үзіндінің ең нeгiзгi ерекшелігі—оның тілінің көркемдігінде. Олай болмаған күнде осы үзіндінің авторы әдеби тілдің емес, қарапайым сөйлеу тілінің өкілі болып табылған болар еді. Демек, әдеби тіл ең алдымен көркем тіл болып жазылуға тиісті. Осы үзіндіге тән көркемдік қасиеттердің өз дәрежесіне лайықты болып тұрғаны — оның жазбаша түрде берілуінде. Ауызша сөйлеу кезінде дәл осылай суреттеп жеткізудің өзі екіталай. Үзіндіні әдейілеп жаттап алған кici болмаса, бip оқып шыққан адамның өзi де оның бояуын бұлжытпай   айтып бере   алуы қиын.

Ауызша айтуға келгенде осы үзіндіде ауызға ілігер нәрсе табудың өзі де күшке түсетін сияқты: «Шам бар, уық бар, жарасып тұр». Одан басқалардың бәрі де—ауызекі сөйлеуі тіл практикасы үшін емес, жазба тілдің эстетикалық мүддесі үшін беріліп отырған сөздер. Олай болса, әдеби тілдің ендігі бip ерекшелігі оның жазба тіл болып, жазу дәстүрімен астасып жататындығында. Н.Т.Сауранбаевтың «Әдебиет тілі дегеніміз жазумен байланысты болады, әдебиет тілінің жалпы ауыз тілінен бip өзгешелігі — бұл жазу арқылы қалыптасады, жазу арқылы қолданылады»,—деп түюі де осыған байланысты болса керек («Қазақ тілінің совет дәуірінде дамуы және оның келелі мәселелері» деген мақаласында).

Әдеби тілдің қолданылу механизмін Н.Т.Сауранбаев «тілдік материал арқылы көрінеді» деп дәл тұжырымдайды. Тілдік материалдардан белгілі тәсіл жасалады да, сол «материалдар мен тәсілдердің жиынтығы әдеби тілдің нормасы болып саналады». Ондай нормаларды фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және стильдік нормалар болып қалыптасады деп жазады автор. Біздің ойымызша, грамматикалық, фонетикалық, лексикалық, синтаксистік материалдардың барлығы да белгілі бip стильдік нормаға бағынып отыратын сияқты. Бұл, әрине, қазақ стилистерінің салиқалы ой айтар саласы ғой. Н.Т.Сауранбаев сияқты бiз де оған тоқталмаймыз. Айта кетейік, ғалым—қазақ тіліндегі стиль мәселесі ғана емес, әдеби тілдің нормалары туралы да арнайы сөз етпеген. Әдеби тіл нормалары жайында ол бұл жерде тек сөз арасында ғана ескертіп отыр [26. 14-15б].

«Әдеби тіл» деген ұғым мен «Қазақ әдеби тілі» деген терминнің совет дәуірінде пайда болғандығын, әрине, теріске шығаруға болмайды. Бірақ әдеби тiлдiң өзі аты айқындалып, тиicтi термині жасалмай тұрғанның өзінде-ақ қалыптаса бастаған. Оның даму тарихын Н.Т.Сауранбаев мынадай кезеңдерге бөліп қарайды.

  1. XIX ғасырдың екінші жартысына дейінгі дәуір.
  2. XX ғасырдың 20-жылдарына дейінгі дәуір.
  3. Советтік дәуір.

Бipiншi дәуірді Н.Т.Сауранбаев қазақ әдеби тілінің жасала бастаған сәбилік дәуірі деп атайды да, советтік дәуірді қазақ әдеби тілінің қалыптасып біткен, нағыз кемеліне келіп, жетілген кезеңі деп таниды. Әдеби тілдің XIX ғасырдың екінші жартысында жасала бастауын көпшілік зерттеушілер әдетте Ыбырай мен Абай творчествосымен байланысты қарастырады. Н.Т.Сауранбаев та қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихын осы Ыбырай шығармаларын талдаудан бастайды (Қазақ ССР Ғылым академиясының 1947 жылғы юбилейлік сессиясында жасаған «Қазақ әдеби тілінің тарихына» деген баяндамасында). Әлеуметтік тақырыптары мен идеялық мазмұнын талдай келіп, автор олардың (Ыбырай шығармаларынын) қазақ даласында бұрын болып көрмеген жаңалықтарға ие болып отырғандығын көрсетеді. Осыған дейін проза   жанрының   етек алып, кең жайылмағандығына қарамастан, Алтынсарин шығармаларының тілі жатық та қарапайым   келеді. Ол халық тілімен барынша қабысып жатады және айтайын деген ойын тап басып, дәл түсіреді. Халық тіліне сай әдіс-тәсілдердің бәрін Ыбырай жете меңгерген. Оның шығармаларының тілі, Н.Т.Сауранбаевтың суреттеуі бойынша, екі түрлі жолмен қалыптасқан: 1) халықтық ауызекі сөйлеу тілін жіті пайдаланған; 2) халық ауыз әдебиетінің бай мүмкіншгіліктерін өз мүддесіне бағындыра   білген. Сол арқылы проза жанрында   қолданылатын неше алуан үлгілер жасап, әдеби тілдің дамуына атсалысқан. «Қырғыз (яғни қазақ)   хрестоматиясы» (1879 ж.), «Орынбор     қазақтарының  құдалыққа  бару мен әйел алу    тойындағы әдет-ғұрыптар» (1870 ж.), «Қырғыздарды орыс тіліне үйретудің алғашқы бастамасы» (1879 ж.), «Мұсылманшылықтың тұтқасы» (1884 ж.) тәрізді еңбектері Ыбырай заманындағы қазақтарды зерттеп, қазақ әдебиеті мен қазақ тілін оқып үйренуге арналған. Абай творчествосын Н.Т.Сауранбаев «қазақтың жаңа сапалы әдеби тілінің» негізін салушы деп бағалайды. Ол өз заманындағы тіл байлығын саралап, творчестволық жолмен өзінше қорытып шығарған әдеби тілде жазды да, жалпы әдебиет тілінің ipгe тасын қалады. Абай өз шығармаларының тілін сомдап шығаруда мынадай мәдени мұралардың көмегіне қол артып отырған:

Информация о работе Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері