Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2015 в 12:17, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Ғылыми бағыттың өміршеңдігі уақытпен өлшенеді. Ғалымның ғылыми тұжырымдары мен бағыттары көзі тірісінде қолдау тауып немесе келіспеушіліктерге кездессе, ғалым дүниеден өткеннен кейін оның ғылыми бағыты өзінің негізгі сынағы – уақыт сынағынан өтеді. Бітіру жұмысында академик Нығмет Сауранбаевтың лингвистикалық мұраларына, атап айтқанда, алфавит пен орфография, терминология, тіл тарихы, диалектология, морфология мен құрмалас сөйлемдерге қатысты еңбектері жинақталып, оларға талдау жасалды.

Содержание

1. Н.Т.Сауранбаевтың қазақ тілі оқулықтарын жазудағы және теориялық негіздеудегі қызметі
1.1. Қазақ алфавиті мен орфографиясының дамуындағы ұстанған бағыты.
1.2. Терминология мәселесіне қосқан үлесі
1.3. Оқулықтар мен программалар жазудағы қазақ тіл біліміне сіңірген еңбектері
2. Н.Т.Сауранбаевтың іргелі ғылыми зерттеу еңбектері
2.1. Тіл тарихы мен әдеби тіл жайындағы көзқарасы
2.2. Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен қызметі жайлы еңбегі
2.3. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі жайлы еңбегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сауранбаев Н.doc

— 829.50 Кб (Скачать документ)

Осы сияқты колхоздардың, қыстақтардың атының қоғам қайраткерлерінің атымен аталуы – шаруашылықтың, мәдениеттің жаңа социалистік жолмен өркендеуіне, жаңа мақсатқа, жаңа ниетке байланысты.

Ескі опонимика мен жаңа топонимиканың айырмашылығы – олардың тарихи мәнісінде. Ескі топонимикалар көбінесе белгілі жердің табиғи қасиетіне қарай, я онда болған оқиғаға қарай қойылатын болған. Ал жаңа топопнимикалар көбінесе жаңа өмірдің салтымен байланысты қойылады. Бұл екі тарихи заманның идеялық өзгешелігін көрсетеді. Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры жайы осындай.

Сөздік қор мен сөздік құрам-белгі жалпыға бірдей біртұтас тілінің лексикасының тарихи екі жағы, тарихи екі қабаты. Сөздік құрамға негізгі сөздік қор ұйтқы болады. Сондықтан сөздік құрамға негізгі сөздік қор да енеді. Тілдің сөз байлығы сан жағынан да, сапа жағынан да барлық заманда бірдей болмайды. Жоғарыда қазақ тілінің негізгі сөздік қоры сыйпатталды. Сөздік қордың саны аз, сапасы, яғни мағыналық шеңбері тар болады. Ал қазіргі қазақ тілінде қолданылатын сөздердің саны сөздік қордан әлдеқайда мол сапасы, яғни мағыналық шеңбері, түрі әлдеқайда кең, бай. Тілдің сөздігі ылғи өзгеріп, байып отырады. Олай болса,  лексиканың белгілі дәуіріндегі сандық, сапалық қалпы сөздік құрам болады. Қазір қазақ тілінің сөздік құрамы революциядан бұрынғы сөздік құрамнан әлдеқайда нәрлі. Ол байлық тек қазір қолданылатын сөздердің санынының көптігінде ғана емес, әсіресе сапалық шеңберінің кеңдігінде, мағыналық түрінің әр алуан екендігінде. Революциядан бұрынғы, әсіресе, Абай, Ыбырай дәуіріндегі қазақ тілі сөздік құрамдағы сөздер мағына жағынан тек мал шаруашылығына, әдет-ғұрыпқа, салтқа, аздап жер кәсібіне, одан кейін жаратылыс құбылыстарына, кейде сауда-саттыққа байланысты шенеулі болғандығы айқын. Бұрынғы сөздік қорда өнеркәсіпке, техникаға, ғылымға, көркем-өнерге, саясатқа байланысты сөздер тіпті жоқтың қасы еді. Бүкіл техника тарауынан сөздік құрамда: машина, телеграмма сияқты бірен-саран сөздер ғана кездесетін.

Қазіргі сөздің  құрамның бұрынғыдан белгілі сапалық айырмашылығы, оның өркендеген өмірдің әр саласына сай сөздік құрамының салалануында.

Автор қазақ тілінің қазіргі сөздік құрамын мынадай салаларға бөледі:

1) Негізгі сөздік қор; 2) саяси-әлеуметтік, мәдени термин сөздер; 3) ғылыми  термин сөздер; 4) өнеркәсіп, техникамен байланысты термин сөздер; 5) ауыл шаруашылығымен байланысты термин сөздер; 6) көркем-өнерге байланысты термин сөздер.

1. Негізгі сөздік қор. Бұл туралы жоғарыда толық айтылды. Негізгі сөздік қор – қазіргі сөздік құрамның негізгі ұйытқысы. Жаңа сөздер, басқа тілдерден енген халықаралық сөздер осы негізгі сөздік қорға қосылып оны байытты. Сонымен бірге, жаңа сөздер мен халықаралық сөздердің грамматикалық заңына, дыбысталу заңына бағынып кеткен.

2. Саяси, мәдени сөздер, терминдер. Бұрынғы сөздік құрамда қоғамның саяси, мемлекеттік өміріне байланысты сөздер тым аз еді. Оның үстіне олар сол уақыттағы кері саясатқа, ескі қоғамның құрылысына сәйкес еді. Мәселен, болыс, ояз, губерния, губернатор, дуан, би, сұлтан, дума, старшын, жасауыл сияқты ғана еді. Қазір сөздік құрамының келелі және әдеби тілді байытқан бір саласы мемлекеттік өмірмен байланысты сөздер мен терминдер. Олардың көпшілігі халықаралық түрде, кейбіреулеі қазақша қалыптасып кеткен. Мәселен, республика, комитет, конференция сияқты терминдер халықаралық түрінде қалыптасты. Ал, аудан, орынбасар, сайлау, үкімет, өкімет, бесжылдық, қызылбұрыш сияқты жаңа ұғымдар қазақша түрінде қалыптасты.

Саяси терминдердің бір саласы – жалпы ұлт мәдениетімен байланысты сөздер болып саналады. Мектеп, оқу құралы, көрнекті құрал, класс, техникум, клуб, спорт, дене шынықтыру, бокс, футбол, сияқты сөздер қазіргі мазмұны социалистік, түрі ұлттық жаңа мәдениеттің түрлі саласына байланысты пайда болды. Саяси, мәдени термин сөздер көбінесе саяси публицистикада көп қолданылады.

3. Ғылыми термин сөздер. Ғылыми термин сөздер дегеніміз қазіргі қазақ тілі сөздік құрамындағы ғылымға, техникаға байланысты ұғымдарды білдіретін сөздер. Ғылыми атаулар – қазақ тілінің совет тұсында тапқан жаңалығы. Бұрынғы сөздік құрамда лексиканың бұл тарауы мүлдем жоққа жақын еді. Қазіргі әдеби тілде: академия, университет, институт, кафедра, профессор, академик, доцент, ассистент, лаборант, филология сиқяты ғылыми таулар сөздік құрамның негізгі бір саласы. Бұл сөйлеу тілінен гөрі әдеби тілде, әсіресе ғылыми шығармаларда, сол сияқты ғылым жолындағы оқығандарды сөйлеу тілінде көп қолданылады. Ғылыми термин сөздердің барлығы дерліктей халықаралық, орысша түрінде алынды. Мұның себебі – бұрынғы сөздік құрамда ғылыми атаулардың болмауынан. Сондықтан ондай ғылыми ұғымдарды сол халықаралық түрінде қолдану дұрыс болады.

4. Өнеркәсіптік, техникалық  атаулар. Өнеркәсіптік, техникалық атаулар дегеніміз -  қазіргі қазақ тіліндегі сөздік құрамындағы өнеркәсіппен, техникамен байланысты атаулар, сөздер. Лексиканың бұл тарауы социалистік қоғамда өнеркәсіптің, техниканың кең етек алып дамуына байланысты шыққан. Олар өнеркәсіп құралдарын, оның заттарын және өндірістік процестерді білдіреді. Өнеркәсіп, техникалық атауларға мынадай атаулар жатады: завод, фабрика, шахта, рудник, тас көмір, мұнай, молибден, никель т.б.

Өнеркәсіптік, техникалық сөздердің  көпшілігі халықаралық не орысша түрінде қолданылады. Сөйтсе де кейбір техникалық, өнеркәсіптік заттар сөздік қордағы қазақша байырғы сөздермен аталып жүр. Мұндай қазақша атаулардың мағынасы кеңейді, жаңарды. Уатқыш – дробилка, қопарғыш – запальщик, взрывник, токалғыш – токоприемник т.б. Өнеркәсіптегі, техникадағы кейбір ұғымдарды қазақша атау – заңды нәрсе. Орысша дробилка сөзі дробить деген сөзден шыққан. Сондықтан уатқыш деген «дроблика» ұғымын толық бере алады. Уатқыш сөзінің жасалуы қазақша қырықтық, тұтқыш сияқты байырғы сөздердің жасалуымен бірдей.

Өнеркәсіптік, техникалық атаулар ғылыми терминдер сияқты емес, әдеби тілде де, өнеркәсіппен, техникамен айналысқан инженер, техник және жұмысшылардың тілінде де көп қолданылады.

5. Ауыл шаруашылығымен байланысты атаулар. Қазіргі сөздік құрамның кең бір саласы – ауыл шаруашылығына байланысты лексиканың тарауы. Мал шаруашылығына және жер кәсібіне байланысты сөздер негізгі сөздік қорда бұрыннан бар. Ол туралы жоғарыда сөз болды. Жаңадан қосылған сөздер – ылғи ауыл шаруашылық құралына, жер кәсібінің іс процесіне байланысты сөздер. Мәселен, агротехника, ауыспалы егіс, трактор, молотилка, шөп машинасы сияқты толып жатқан сөздер.

Қазақстанның кейбір облыстарында ауыл шаруашылығына, жер кәсібіне байланысты сөздерде кейбір айырмашылықтар бар. Оңтүстік облыстарда жер суармалы болғандықтан, бақша дақылдары көп егіледі, жеміс және техникалық дақылдар да көп өсіріледі. Осымен байланысты бұл облыста тұрушы елдің сөйлеу тілінде бақша, жеміс, техникалық мәдени өсімдіктер туралы ерекше атаулар бар. Мәселен: күріш, күрмек, қауын, әңгелек,жаңғақ, алша, алмұрт, қызылша, мақта, бұршақ, қарақат, шие, жүзім т.б. сияқты қыруар сөздер бар. Олар Совет тұсында қазақ даласының әрбір бұрышы бір-бірімен тығыз байланысты болуы арқасында және біртұтас әдеби тілдің даму нәтижесінде бұл сөздер жалпыға бірдей түсінікті болып кетті.

Жер суарумен байланысты ерекше сөздер бар: мұрап, құлақ су, көмен, атыз, арық, таған, бал (күріш аңызы), басарық т.б. сияқты.

6. Көркемөнерге байланысты  сөздер. Қазіргі формасы ұлттық, мазмұны социалистік мәдениеттің өскен, дамыған тарауы – көркемөнер. Қазақтың әдеби тілінің сөздің құрамындағы бір жаңалық – осы көркемөнерге байланысты сөздер. Мәселен, театр, опера, балет, роман, поэма, драматургия, актер, режиссер, музыка, консерватория, хореография т.б.

Қазіргі қазақ тілі сөздік құрамының салалары бұл көрсетілген алты тараумен бітпейді. Бұдан басқа да толып жатқан салалары бар. Сөздік құрамдағы сөздердің санын, сапасын сөздік (луғат) арқылы ғана толық көрсетуге болады.

Сөйтіп бұл айтылғандар – сөздік құрамның түрленіп, салаланып баюы туралы мәлімет. Енді сөздік құрамның баю, жетілу, сұрыпталу заңына тоқталуымыз керек болады.

Қоғамдық, экономикалық жағдайға, өндіріске, мәдениетке байланысты адамның рухани дүниесі де дамып отырады. Адам өзінің өндіру ісінің нәтижесінде қоғамдағы, жаратылыстағы құбылысты терең тани береді, шаруашылықтың жаңа тәсілдерін, мәдениеттің жаңа түрін ашады.

Сөздердің мағынасы әр алуан көп болса, кең болса, ол тілдің сөздік құрамының байлығын, орамдылығын білдіреді. Бұл процесс, яғни сөз мағыналарының кеңейіп, көбеюі, әсіресе, әдеби тілдің дамуына байланысты, өйткені әдеби тіл ғылымға, техникаға, жалпы өнер-білімге тығыз байланысты, әрі соны дамытудың құралы. Ал әдеби тіл жалпы ұлт тілі болып, қоғам мүшелеріне бірдей қызмет ететіндіктен, ондағы мұндай жаңалық жалпы халыққа түсінікті болып кетеді.

Ондағы сөздер мәселен, ақсақал, бай, жолдас, қатшы, ілім, ауыл, жоспар, аудан, партия, өндіріс, шопан, одақ, одақтас т.б. сөздердің қазіргі мағыналары олардың бұрынғы мағынасынан әлдеқайда кең, жаңа. Ол жаңа мағыналары халыққа түсінікті. Ақсақал бұрын кәрия деген сөздің синонимі, ал кәрия жасы үлкен адам. Қазірде ақсақал жасы үлкен адамға ғана айтылмайды, халық тілінде қызметі жоғары, білім дәрежесі артық, жасы кіші адамға да құрмет көрсету ретінде де айтыла береді. Ақсақал сөзінің ең алғашқы мағынасы ру басы.

Сөзік құрамның байып, жетілуінің тағы бір саласы бар. Ол сөз тіркесінің түрленуі, жаңа сөз тіркесінің шығуы. Мәселен, социалистік құрылыс, партия ұйымы, социалистік отан, жеңіс туы, еңбек ері сияқты сөз тіркестері – қазіргі әдеби тілдің табысы. Бұлардың кейбіреулері байырғы сөздердің тіркесуі арқылы, ал қайсы біреулері халықаралық сөздердің байырғы сөздерімен тіркесуі арқылы жасалған. Бұрынғы ескі сөз тіркестерінен айырмашылығы олардың мағынасында. Мәселен, партия ұйымы дегенде, партия сөзі мен ұйым сөзі мүлдем жаңа ұғымда айтылған. Бұрынғы қазақ тілінде партия сөзі ел ішіндегі, ру, тайпа ішіндегі адамдардың мансап үшін, я үстемшілік үшін өзара, бірі-біріне қарсы күресуші тобын білдірген Абайдың: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деген өлеңіндегі сурет, сол сияқты Мұхтар Әуезовтің «Абай» романының І бөліміндегі тобықтылар арасындағы оқиға осы партия сөзінің ескі мағынасын айқын көрсетеді. Ал ұйым сөзі ескі ұю дегенмен (сүттің ашуымен) байланыстың қарапайым ұғымды білдірген. Қазір партия ұйымы деген тіркестік мағына – белгілі таптың бөлімінен құралған, сол таптың мүддесін қорғайтын саяси ұйым.

Қазіргі қазақ тілі сөздік құрамының совет тұсында байып, дамығанын көрсететін бұл жаңалықтар оның кілт өзгеріп кеткендігін, яғни ескі сөздік жойылып, жаңа сөздік құрам жасалғандығын көрсетпейді. Қазіргі қазақ тілі сөздік құрамының баю процесі бұрынғы сөздікті әлеуметтік құрылыстың өзгеруіне байланысты, өндірістің дамуына байланысты, мәдениеттің, ғылымның, т.б. дамуына байланысты туған жаңа сөздермен толықтыру арқылы өзгеріп, дамығандығын көрсетеді. Қазіргі қазақ тіліне толып жатқан жаңа сөздер, жаңа мағыналы сөз тіркестері қосылды. Сүйтсе де қазақ тілінің негізгі сөздік қоры толық сақталып, қазіргі сөздік құрамның негізі болып отыр [15.211 -305б ].

Қазақ тіліндегі сөз жасаудың семантикалық заңдылықтарын талдау бірлі-жарым  мақаланың көлеміне сыймайды. Н.Т.Сауранбаев бұл жерде тек мәселенің қойылысын ғана айтып отыр. Ол мәселенің түбегейлі шешілу жайы Н.Т.Сауранбаев мақаласында шегіне жете, нықталып айтылмаған.

Негізгі сөздік қорға жататын сөздер лексикалық жағынан, шамамен алғанда, мынадай тарауға юөлінеді:

  1. Табиғат құбылысы туралы жалпы сөздер (мысалы, күн, түн, кеш, ай т.б.).
  2. Әлеуметтік-қоғамдық тұрмыспен байланысты сөздер (мысалы, ел, кісі, бала, ана т.б.).
  3. Шаруашылық құбылысқа байланысты сөздер (ауыл шаруашылығы, аңшылық, мал шаруашылығы т.б.).
  4. Адамның анатомиялық құрылысына байланысты сөздер (бас, құлақ, көз, қол т.б.).
  5. Жан-жануар, өсімдік әлемімен байланысты сөздер (ағаш, терек,табылғы, арыстан, түлкі т.б.).

Сөз байлығын осылай семантикалық топтарға бөліп қарау қай тілде болса да қолайсыз, өйткені оларды ешқандай рамкамен шектеп, арақатынасын белгілеп беруге болмайды. Осы тәрізді әрі қарай қалай болса солай созып әкету қиын емес. Әдетте мұндай жіктеулер ешқандай принципке негізделмейді, әр автордың өз еркіне қарай түзіледі. Сондықтан Н.Т.Сауранбаевтың бұл схемасын қате деп қарамағанмен, тиісті заңдылықтарды түгел қамтитын жоба деп түсіну ыңғайсыз болар.

Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мынадай элементтерден құралады:

  1. Көне заманнан, ескі түркі тілдерінен бері желісі үзілмей келе жатқан сөздер.
    1. Басқа тілдерден енген сөздер:

а) Күншығыс тілдерінен (араб, парсы, монғол) алынған сөздер; ә) басқа тілдерден келген сөздер. Уақыт жағынан алып қарағанда, олар қазіргі қазақ тіліне Октябрь революциясына дейін де (араб, парсы, монғол тілдерінің элементтері) және одан кейінгі кездерде де (орыс тілінің элементтері) келген, олар тіпті күні бүгін де ауысып отыр (мысалы, «спутник» деген сөзді алыңыз). Бұл жерде мынадай бір нәрсені есте ұстаған жөн: Негізгі сөздік қорымызда қолданылып жүрген кейбір сөздер (мысалы, әкім, әрекет, қырман, алма, сүт, арқа, арыстан т.б.) бағзы бір тілдердегі (мысалы, монғол, араб, парсы) осындай сөздермен түбірлес келіп, қатар қолданылады. Осыған орай оларды бөгде сөздер деп қарауға болмайды. Бұл іспеттес сөздер ескі түркі тілдерінде, ескі қыпшақ тілінің (ескі түркі тілінің) қалыптасу дәуіріне дейін қолданылған да, қазіргі қазақ тілі оларды көне қыпшақ тілінің (көне түркі тілінің) сөздік құрамынан мұраға алған. О бастағы негізі бөтен болып келетін мұндай сөздер көне қыпшақ тілінде олар қолтума сөздердің қатарына жатады.

Негізгі сөздік қордың тарихи даму арнасы деп Н.Т.Сауранбаев мынадай жолдарды көрсетеді:

1) Өзінің ішкі даму заңы бойынша негізгі сөздік қордың баюы.Байырғы түбірден жасалған туынды сөздердің жасалуы осы әдіске жатады (мысалы, біл-білім, жем-жемтік, кем-кемтар, су-сулық т.б.).

2) Басқа тілдердің әсері. Қазақстан  территориясында бұрын-соңды жасаған елдер мен көрші отырған немесе тарихи тағдыр ізімен бір кездерде аралас-құралас жүрген халықтардың тілінен қазіргі қазақ тіліне мирас болып қалған элементтер де жоқ емес. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы V-IV ғасырларда жасаған сақтар мен аландар, біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ-ІІ ғасырларда үстемдік еткен үйсіндер мен қаңлылар, көрші отырған қытай мен гундер, ирандықтар мен согдалықтар, арабтар мен монғолдар, славяндар мен орыстар осындай халықтардың қатарына жатады. Бірақ олардың тілінен енген элементтер әлі күнге дейін зерге алынып, зерттеліп көрген жоқ. Дегенмен олардың қазақ тілінің негізгі сөздік қорын байытуда азды-көпті үлесі болса керек-ті.

Информация о работе Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері