Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2015 в 12:17, курсовая работа
Диплом жұмысының өзектілігі. Ғылыми бағыттың өміршеңдігі уақытпен өлшенеді. Ғалымның ғылыми тұжырымдары мен бағыттары көзі тірісінде қолдау тауып немесе келіспеушіліктерге кездессе, ғалым дүниеден өткеннен кейін оның ғылыми бағыты өзінің негізгі сынағы – уақыт сынағынан өтеді. Бітіру жұмысында академик Нығмет Сауранбаевтың лингвистикалық мұраларына, атап айтқанда, алфавит пен орфография, терминология, тіл тарихы, диалектология, морфология мен құрмалас сөйлемдерге қатысты еңбектері жинақталып, оларға талдау жасалды.
1. Н.Т.Сауранбаевтың қазақ тілі оқулықтарын жазудағы және теориялық негіздеудегі қызметі
1.1. Қазақ алфавиті мен орфографиясының дамуындағы ұстанған бағыты.
1.2. Терминология мәселесіне қосқан үлесі
1.3. Оқулықтар мен программалар жазудағы қазақ тіл біліміне сіңірген еңбектері
2. Н.Т.Сауранбаевтың іргелі ғылыми зерттеу еңбектері
2.1. Тіл тарихы мен әдеби тіл жайындағы көзқарасы
2.2. Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен қызметі жайлы еңбегі
2.3. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі жайлы еңбегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
ч мен ш дыбыстарының қолданылу ерекшеліктерімен салыстырғанда л—д дыбыстарының айтылуындағы ең басты ерекшелік, біздің ойымызша, мынада болса керек: ч дыбысы жергілікті тұрғындардың ауызекі сөйлеу тілінде біртегіс жаппай айтылады: чекеме чық ете қалды; чыр етіп чіркей ұшпайды; чарқ ұрып, чіркін-ай, чырқыңды чығарады-ау! л дыбысының айтылуы мұндай бір тұрақты заңдылыққа бағынбайды. Біріншіден, ол жоғарыда көрсетіліп өткендей азды-көпті (санаулы) сөздердің құрамында ғана кездеседі, екіншіден, өзінің әдеби тілдегі д вариантымен қосақтала жүріп, қатар айтылады. Жергілікті адамдардың бірі маңлай десе, екіншісі маңдай деп сөйлейді. Бір кісінің өзі-ақ кейде тірілей, кейде тірідей деп айта береді. Бұл формалардың фонетикалық айырым-белгілеріне сөйлеуші кісі ешқандай мән беріп жатпайды. Бұл айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады: д дыбысының айтылуы — қазіргі қазақ тілінің халық тілі болып қалыптасу дәуірінде пайда болған өзіндік (басқа түркі тілдерінен өзгеше) жемісі. Ол—қазақ тілінің өзіндік сипаттамаларын көрсететін басты ерекшеліктердің бірі. л дыбысының айтылуы—ескіден, көне түрік, тілдерінен мұра болып келе жатқан тарихи құбылыс. Ол кейбір сөздердің құрамында ғана кездесетін рудименттік ерекшеліктердің қатарына жатады.
с мен ш, т мен д, п мен б, м мен б және д мен йдыбыстарының бірін-бірі қудалап, бірінің орнына бірі жұмсалуы туралы автор жоғарыда көрсетілген ойларын айтып, оларды бұл жерде нақтылай, толықтыра түседі. ч мен л дыбыстары сияқты бұл іспеттес ерекшеліктердің (с—ш, т—д, п—б, м—б)қолданылатын арнаулы территориялық шегі жоқ. Оларды Қазақстанның қай бұрышы мен қай өлкесінен болса да кездестіре беруге болады. Мысалы, с—ш дыбыстарының алмасуы, автор келтіріп отырған материалдарға сүйенетін болсақ, Қостанай (Обаған, Торғай аудандары) мен Талдықорған (Қаратал, Ақсу аудандары), Жамбыл мен Қарағанды, Қызылорда мен т.б. облыстар территориясының тұрғындары тілінде ұшырасады.
Бірінші топта аталған дыбыстар (ч, л) тұрақты шегі бар кең аймақты қамтитын болса, екінші топтағы дыбыстардың (ш, д, п, м) қолданылу орны әрқилы, ал енді үшінші бір топтағы дыбыстар, мысалы, о, у, п, т дыбыстары, белгілі бір аудандар аясында ғана жұмсалады да, тар шеңберде кездеседі: сора (сұра), оқсат (ұқсат), оқсас (ұқсас)—Солтүстік Арал маңында; құртынды (қортынды), құлдану (қолдану), мақсұт (мақсат), құлдау (қолдау)— Орал өңірінде; пейнет (бейнет), полат (болат), әтейі (әдейі), таяр (даяр) — Түркстан төңірегінде, т.б. [31. 96-102б].
Қазақ тілінің ауызекі сөйлеу практикасында кездесетін ерекшеліктерді талдай отырып, оларды қолдану аясына қарай Н.Т.Сауранбаев басты-басты екі топқа бөледі.
1) ш мен д дыбыстарын қолданатын диалект (шай, тірідей). Бұл диалектіде сөйлейтіндер – солтүстік-батыс өлкелерін мекендейтін қазақтар.
2) ч мен л дыбыстарын қолданатын диалект (чай, тірілей). Бұл – оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірін жайлайтын қазақтардың тіліне тән.
Әр түрлі аудандар мен белгілі бір жерлерге ғана тән фонетикалық құбылыстар осы аталып отырған екі түрлі диалектілердің құрамына кіреді де, солардың әр алуан говорлық ерекшеліктерін түзеді. Сонымен, Н.Т.Сауранбаев қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді топтаудың негізгі фонетикалық принципі етіп ч мен л дыбыстарының қолданылу позициясын есепке алады. Қазақстан территориясын автор осы тұрғыдан алып екіге бөледі екі түрлі диалект бар деген тоқтамға келеді. Шын мәнінде, Қазақстан көлемін ч мен л айтылатын бөлегін ғана бір диалект деп қараған жөн, өйткені ч мен л дыбыстарының қолданылмайтын жері, яғни олардың орнына ш мен д дыбыстарының айтылуы - әдеби тілдің әдетте қалпы, оны «бір диалект» деп өз алдына бөліп қарау лингвистикалық заңдылыққа сия бермейді.
Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктердің лексикалық байлығын зерттей келе, Н.Т.Сауранбаев ч мен л дыбыстарын қолданатын, яғни қазақ тілінің оңтүстік-шығыс диалектісін төрт түрлі говорға бөледі:
Осы аталып отырған көрсеткіштер говорлық сипаттамалар беруге негізгі критерий бола ала ма, жоқ па, әрине, ол өз алдына мәселе. Бұл жерде айтылуға тиісті қорытынды мынадай: қазақ тілі жергілікті ерекшеліктерінің Н.Т.Сауранбаев ұсынып отырған классификациясы – осы мәселе бойынша айтылған Ж.Досқараев, С.Аманжолов, Ш.Сарыбаев сияқты диалектологтардың жасаған классификациясы қатарында ғана қолданылып келе жатқан жорамал. Қазақ диалектологиясын зерттеу мәселелері қазақ тіл білімінде әлі де болса бір ізге түсіп, бір тоқтамға келіп үлгермегендіктен, Н.Т.Сауранбаев пікірі туралы кесімді сөз айту, дау жоқ, қиын нәрсе. Басқа түрлі зерттеушілерден гөрі Н.Т.Сауранбаев принципінің басты бір ерекшелігі – оның негізгі критерийі етіп алып отырған фонетикалық құбылыстарды (ч мен л дыбыстарының жұмсалуын) тарихи тұрғыдан зерттеп, олардың ескі түркі тілдерімен байланысын ашуы, соған сүйенуі. Грамматикалық қандай құбылыс болса да, тарихи өмірден пайда болады. Ғалым сол тарихи өмірдің бетін ашуға тырысады.
Жалпы түркі тілдерінің, соның ішінде көне қыпшақ тілінің аса көрнекті білімпазы Польша Ғылым академиясының кореспондент-мүшесі, профессор марқұм А.А.Заенчковский түркі тілдерінің диалектілерін зерттеуге арналған ең алғашқы бүкіл одақтық кординациялық кеңесте (1958 жыл, 10-13 декабрь) «Ескі түркі шығармаларын оқып үйренудің диалектология үшін өте зор маңызы бар» деп бағалаған еді. Н.Т.Сауранбаев бағытының өміршең өлшемі қазақ диалектологиясында ғана емес, дүниежүзілік тюркология әлемінде де айқын танылатыны осындай бір ғана мысалдан-ақ белгілі болса керек [32.301-369б ].
2.2. Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен қызметі жайлы еңбегі
Н.Т.Сауранбаевтың грамматика мәселелеріне арнап жазған еңбектерін мынадай топтарға бөлуге болады:
а) морфология (есімдіктердің түрлері, етістіктердің мағыналары мен жасалуы, рай категориясы және көсемше формасы);
ә) жай сейлемдер синтаксисі;
б) құрмалас сөйлемдер синтаксисі.
Морфология жайында Н.Т.Сауранбаев жазған еңбектер онша көп емес. Негізгі қағидалары мен істелер істің ауқымын ол педучилищеге арналған оқулығында айтқан болатын. Одан басқа «Қазақ тіліндегі сөз таптары және олардың таптастырылуы туралы» (1939 ж.) «Есімдік» (1939 ж.), «Етістік» (1939 ж.), «Шылауыштар туралы» (1939 ж.), «Бұйрық райдың жақ категориясы жайында» (1954 ж.) тәрізді ғылыми мақалалар жариялады.
Қазіргі қазақ тіліндегі есімдіктерді ерекше сөз табына жатқызуға екі түрлі жағдай себеп болады деп көрсетеді Н.Т.Сауранбаев. Оның бірі — есімдіктердің мағынасы, екіншісі — олардың грамматикалық формасы. Есімдіктердің өздеріне тән дербес мағынасы болмайды, олар басқа сөздердің орнына жүріп, сол сөздердің өзіндік ұғымын береді. Жұмсалу мағынасына қарай есімдіктерді Н.Т.Сауранбаев мынадай түрлерге бөледі:
1) жіктеу есімдігі,
Қазіргі грамматикалық оқулықтарда тәуелдеу есімдігінің орнына есімдіктердің «жалпылау есімдігі» және «белгісіздік есімдігі» деген түрлері (не бәрі олар жетеу) аталып жүр.
Жіктеу есімдігі иелік қатынасты білдіреді. Тәуелдеу, өздік есімдіктері де осы мағынаны беру үшін қолданылады. Сілтеу есімдіктері кеңістік ұғым береді. Н.Т. Сауранбаев түбір есімдіктерінің морфологиялық құрамын суреттеп, олардың әр алуан өзгеріп отыратын жайттарын бағдарлайды. Мысалы, үшінші жақтың жекеше түрі (ол) көптік жалғауын қабылдау үстінде түбірдегі л дыбысынан айрылып қалады (олар). Барлық есімдіктер -лар (-лер) жалғауы арқылы көптелмейді (мен-мендер емес). Сол сияқты жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктері жекеше түрінде септелгенде түбірін өзгертіп жібереді. Мақалада есімдіктердің морфологиялық көрсеткіштері де сөз болады. Н.Т.Сауранбаев келтірген фактылардың барлығы да қазіргі мектеп грамматикаларында түгелдей айтылып, түбегейлі оқытылып жүр [33.6б ].
Етістік категориясын Н.Т.Сауранбаев құрмалас сөйлемнің синтаксисімен байланысты көбірек қарастырады. Көсемшелер тұлғалары туралы жазған мақалалары түптеп келгенде осыған саяды. Онысының иіні де бар сияқты: етістіктер сөйлем құрамында, әдетте, баяндауыш қызметін атқарады да, құрмалас сөйлем ішіндегі жай сөйлемдерді өзара жалғастыруға дәнекер болып тұрады. Сондықтан жай сөйлемдердің өзара құрмаласу амалдарына байланысты етістік тұлғаларының әңгіме болуы орынды да. Етістік туралы жазылған мақаласында Н.Т.Сауранбаев оның «формасы көп, мағынасы сатылы болады» деп көрсетеді. Етістіктің негізгі қызметі — басқа сөз таптарын сөйлем ішінде өзара байланыстырып, бірлікте ұстау. Ол мағыналық жағынан үш түрлі қатынасты білдіру үшін қолданылады:
Бұйрық райды автор «тіке бұйрықт рай» және «тілек бұйрықты рай» деп екі түрге бөледі: ал, бер, алшы, берші, алсайшы, берсейші, алсашы, берсеші, ала ғой, бере ғой, ала қойсайшы, ала берші, алсаң нетті. Н.Т. Сауранбаевтың басқа райлар туралы айтқан суреттемелері—мектеп грамматикаларында сөз болып жүрген жайттар.
Қазақ тіліндегі есімшелер мен етістіктердің тұйық рай түрін сөз ете отырып Н. Т. Сауранбаев оларды «атауыш сөздердің» (яғни есім сөздерінің) қатарына жатқызу керек деген пікір айтады: «Тұйық рай — атауға» (зат есім сөзіне), есімше — сын» анықтауышқа (сын есім сөзіне) жатады». Автордың бұл пікірі қазірде өз қолдауын тауып та жүр.
Етістіктің көсемше формасын Н.Т. Сауранбаев «амал атауышқа» (яғни үстеуге) айналған сөздер деп табады, өйткені олар «істің, қимылдың қалай, қайтіп болғанын білдіреді». Көсемше қызметінің ролін автор бұл жерде дәл айтып отыр. Бipaқ оны бiз қазір қимыл-сын пысықтауыш деп атаймыз.
Н.Т.Сауранбаевтың шылау сөздеріне берген анықтамасы мектеп грамматикаларында айтылып жүрген анықтамалармен бірдей: олар жеке тұрып ешқандай мағына бермейді, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлем арасын байланыстыру үшін жұмсалады. Олар eкiгe бөлінеді: жалғауыштар (жалғаулық) және қосымшалықтар (демеуліктер). Жалғаулықтар салалас байланыста да, сабақтас байланыста да қолданылады. Демеуліктер өздері жалғасқан сөздерге үстеме мағына береді.
Сөз соңында Н.Т.Сауранбаев былай деп ескертеді: «Мұнда сөз таптарының жорамалы ғана айтылды, мұндағы айтылған пікірлерді әлі де зерттеу материалымен толықтыра бермекшіміз». Дегенмен, автордың жалпы морфология саласына (сөз таптарына) байланысты жазған мақалалары мектеп грамматикаларының шеңберінде қалып қойды. Кейінгі уақыттарда автор басқа түрлі проблемалармен (тіл тарихы, синтаксис, диалектология, т.б.) шұғылданып кеткендіктен, бұл мәселеге қайтып орала алған жоқ. Осы тақырыпқа арнап ол кейінірек бip-aқ мақала жазды. Онда ғалым етістіктің рай категориясын «ic-әрекет пен қимылдың шындық дүниеге қатынасын білдіретін грамматикалық категория» деп суреттейді. Қазақ тіліндегі рай кaтeгopиясын автор теориялық тұрғыдан зерттей келіп, жалпы етістік формалары мен (соның ішінде рай категориясы мен) шындық дүниеге деген қарым-қатынас арасында «абсолюттік сәйкестік жоқ, олар барынша бара-бара келіп, өз ара қабысып жатпайды» деп шешеді. Рай категориясы қимыл-әрекеттің icкe acap уақытын, оны жүзеге шығаратын жақты, жекеше мен көптікті білдіреді. Рай категориясын уақыт тұрғысынан қарап зерттеген жөн. Уақыт көрсеткіші барлық райда бірдей емес, әр түрлі. Әр райда жақ көрсеткiшi де түрленіп келеді. Жақ көрсеткіштері сөйлемде баяндауыш формантының қызметін атқарады. Қалау рай формасында ол бастауышпен осы жақ көрсеткіші арқылы байланысады. Аналитикалық формада жіктік жалғауы арқылы жақтасады. Баяндауыш форманты сөйлем құрамында предикативтік қызметте жұмсалады да, бұйрық райдың жақ көрсеткіші ic-әрекет иесін көрсетеді, пассивті қызмет атқаратын субъект болып танылады.
Бұйрық формасының негізгі мағынасын Н.Т.Сауранбаев: «Сөйлеушінің ic-әрекетін белгілі бip субъектіге бағыттай отырып, оны бұйрық пен тiлек түрінде ұсыныс пен шешім арқылы icкe қосу» болып табылады деп белгілейді. Кейбір мамандардың бұйрық рай eкi-ақ жақта (II—III жақтарда) қолданылады деген пiкipшe ол қосылмайды. Ол бұйрық рай үш жақта жекеше-көпше түрінде бipдей жұмсалады деп шешеді де, бағзы бip оқулықтарда қалау рай формасында көрсетіліп жүрген -йын (-йін), -йық (-йік) тұлғаларын бұйрық райдың I жақ көpceткiшi деп санайды. Бұйрық рай формасында тұрған сөз тіркестерінің жақтық форманттары мен олардың грамматикалық қызметтеpi H.Т.Сауранбаевтың: «Бұйрық райдың жақ категориясы жайында» деген мақаласында жан-жақты әңгіме болады. Нақтылы талданған бай материалдар автор ойының ғылыми дәлдігін дәлелдеп, оқушы кезін жеткізіп отырады. А.Хасенованың «Қазақ тіліндегі туынды түбip етістіктер» деген кітабын редакциялау да ғалымның қазақ тіліндегі етістіктер саласына байланысты жүргізген жұмыстарының қатарына жатады. [34. 32 -96б].
Н.Т.Сауранбаевтың қaзipгi қазақ тілінің проблемалық мәселелеріне арналған монографиялық еңбектерінің бipi — 1944 ж. орыс тілінде басылып шыққан «Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен функциялары» деген кітап (жауапты редактор С. Жиенбаев). Сөз таптарының үлкен 6ip тарауы болып танылатын етістік категориясына байланысты жазылған бұл зерттеу жұмысы тек қазақ тіл білімінде ғана емес, бүкіл совет тюркологиясында зор жаңальқ, мол табыс еді. Keйінірек туысқан түркі тілдеріндегі осы icпeттec еңбектердің туындай түсіп, молыға беруіне Н.Т.Сауранбаевтың кітабы, сөз жоқ, тұп-тура мұрындық болды. Өміршең тақырып туралы өзгелердің пiкip айтуы қажеттігін ic жүзінде дәлелдеп, басқа түрлі зерттеушілердің ой толғантып, тұжырым қорытатын бағыттарына жол ашты. Дүниежүзілік тюркологияда көрнекті ғалым саналатын Н.К.Дмитриев өзінің «Құмық тілінің грамматикасы» (1940 ж., Ленинград) деп аталатын өте бағалы еңбегінің «Көсемшелер» деген тарауын Н.Т.Сауранбаевтың осы кітабын әңгіме етуден бастап, сөз ететiн проблемасының тоба қазығын да онымен өзектестіре отырып қарайды, оның сөзін келтіріп, пiкiрін қолдайды. Сөз арасында айта кету керек, кезінде Н.К.Дмитриев, Н.Т.Сауранбаев ұстаздарының бipi болған еді. Н.Т.Сауранбаев өз еңбегінің алғы сөзінде С.Е.Маловқа, Н.К.Дмитриевке және Э.В.Севортянға арнайы алғыс жолдап, өзiнің рақметін айтуы да осындай творчестволық тығыз байланыс негізінде туған болар.
Информация о работе Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері