Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2015 в 12:17, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Ғылыми бағыттың өміршеңдігі уақытпен өлшенеді. Ғалымның ғылыми тұжырымдары мен бағыттары көзі тірісінде қолдау тауып немесе келіспеушіліктерге кездессе, ғалым дүниеден өткеннен кейін оның ғылыми бағыты өзінің негізгі сынағы – уақыт сынағынан өтеді. Бітіру жұмысында академик Нығмет Сауранбаевтың лингвистикалық мұраларына, атап айтқанда, алфавит пен орфография, терминология, тіл тарихы, диалектология, морфология мен құрмалас сөйлемдерге қатысты еңбектері жинақталып, оларға талдау жасалды.

Содержание

1. Н.Т.Сауранбаевтың қазақ тілі оқулықтарын жазудағы және теориялық негіздеудегі қызметі
1.1. Қазақ алфавиті мен орфографиясының дамуындағы ұстанған бағыты.
1.2. Терминология мәселесіне қосқан үлесі
1.3. Оқулықтар мен программалар жазудағы қазақ тіл біліміне сіңірген еңбектері
2. Н.Т.Сауранбаевтың іргелі ғылыми зерттеу еңбектері
2.1. Тіл тарихы мен әдеби тіл жайындағы көзқарасы
2.2. Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен қызметі жайлы еңбегі
2.3. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі жайлы еңбегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сауранбаев Н.doc

— 829.50 Кб (Скачать документ)

Қазақ тіл біліміндегі соны тақырыпқа жазылған «Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен функциялары» деген еңбек теориялық толғамдары мен практикалық маңызы жағынан, материал байлығы мен оның талдануы тұрғысынан, түйінділері мен қорытындылары жағынан алып қарағанда сол кездегі тюркология ғылымына қосылған жаңа үлес болып табылады. Бұл — қазақ тіл білімінің, әрине, мақтанышы.

Бipep ауыз сөз енді осы еңбектің өзi туралы болмақ.

Еңбек—филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін осы тақырыпта жазылған қолжазбаның ықшамдалып алынған қысқаша варианты. Ол үш бөлімнен құралады: бipiншi бөлім қазақ тіліндегі етістік тұлғаларының жасалу жолдары туралы тарихи шолу жасауға арналған, екінші бөлімде көсемшелердің   формалары мен мағыналары талданады, үшінші бөлімде олардың синтаксистік қызметі қарастырылады.

Қазақ тіліндегі көсемшелерді зерттеу проблемасының маңызы туралы Н.Т.Сауранбаев мынадай пiкip айтады: Қайсыбір тілдің болса да ғылыми грамматикасы (яғни оның ғылыми курсы) сол тілдің нақтылы бip грамматикалық категорияларын жекелеп алып, жан-жақты қамтып, терең зерттеп, толық талдап алғаннан кейін ғана жасалады. Қазақ тіліндегі көсемшелер етістік категорияларымен (әcipece оның вид категориясымен), күрделі етістіктердің жасалу жүйесімен және eтicтіктің тұлғалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Ycтey сөздерінің қалыптасу тарихында да көсемшелер peтi аз емес. Мысалы, екеулеп, үшеулеп, жақсылап, бүйтіп, сүйтіп сияқты формалар—көсемшелер көмегімен жасалған сөздер. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдердің құрылыс жүйесінде де көсемшелердің өзіндік орны бар. Морфологиялық категорияның синтаксис құрамында ғана қолданылып, тарихи шығу жағынан алып қарағанда оның сөйлемнің белгілі бip мүшесі ретінде ғана дами алатындығы, мiнe, осыдан айқын көpiнеді. Демек, қaзipгi қазақ тіліндегі көсемшелер өз алдына қатып қалған, оқшау тұрып, оңаша қолданылатын категория емес, ол басқа түрлі грамматикалық категориялармен астаса келіп, аралас жүретін, тұтаса келіп, тіркес жұмсалатын нәрсе, ол— грамматиканың жанды ткані. Н.Т.Сауранбаевтың айтуына қарағанда, қазақ тіліндегі көсемшелер бөгде түркі тілдерімен салыстырғанда практикалық аспектіде әлдеқайда жиі қолданылатын көpiнeдi.

Қазақ тіліндегі етістік жалғаулары мен олардың мағыналық ерекшеліктерін ашу барысында Н.Т.Сауранбаев былай деп жазады: жіктік жалғаулары мен көптік жалғаулары түп-төркіні жағынан жіктеу есімдіктерімен іліктес. Жіктеу есімдіктері коллектив мүшелерінің өзара қоғамдық қатынастарының айнасы icпeттi. Олар коллектив мүшелерінің жеке-жеке индивидиумдарға бөлініп, жекеменшіктіктің пайда болу тарихынан елес береді. Дүние-мүлік пен еңбек құралдарының жеке басты адамдарға басыбайлы тән болып табылуы немесе ic пен әрекеттің жеке бip субъектінің тарапынан пайда болуы жіктеу есімдіктерінің жасалуына әкеліп соғады және солар арқылы ғана тіл практикасының пайдасына жаратылады. Жалпы айтқанда, жіктік жалғауларының жіктеу eciмдіктерімен генетикалық іздестігі бар екендігін осы күнгі тюркология ғылымы да мойындап жүр.

Н.Т.Сауранбаевтың шешімдеріне қарағанда, етістік категориясының ең нeгiзгi қасиеті—әрекет пен қимыл процесін (соның идеясын) көрсету. Қимыл процестері ең алдымен шақ категориясы мен вид категориясы арқылы көрінеді. Tүбip eтicтiктердің бәрінен бұрын шақ жалғауларын қабылдап тұратын ерекшеліктері осыдан барып туады. Бөтен түрлі тұлғалар (мысалы, жіктік жалғауы) шақ көрсеткіштерінен кейін жалғанады: ал+а+мын (осы шақта), ал+ып+пын (өткен шақта), ал+а+р+мын (келер шақта).

Мұндағы -а, -ып және -ар формалары—қимыл-әрекеттің icкe асу мерзімін көрсететін жалғаулар (шақтық тұлғалар). Жасалу жағынан алып қарағанда, олар — көсемшенің жұрнақтары. Демек, бұл жерде етістіктің шақтық мағынасы көсемше формалары арқылы жүзеге асып отыр. Дәл осы формаларда сонымен бipгe вид мағынасы да бар. Жіктік жалғаулары шақ пен вид категориясының көрсеткіштері сияқты етістік категориясының негiзгi бip элементі болып саналмайтын болғандықтан, бағзы бip түркі тілдерінде олар қaзipгi қазақ тіліндегідей міндетті түрде тұлғаланып тұрмайды. Мысалы, татар мен башқыр тілдеріндегі құш ұша (құс ұшады). Біз Н.Т.Сауранбаевтың бұл ойы тиicті мамандар пiкipiн тюркологиялық аренаға жетелейтін жемісті қағида ғой деп есептейміз.

Етістік формасының үшінші жақтық жекеше түрдегі көрсеткішін (-ды жалғауын) Н.Т.Сауранбаев о баста жеке тұлғалы тұр сөзінен пайда болған деп жорамалдайды. Кейбір түркі тілдерінде (мысалы, түрік, әзербайжан, түрікпен т.б.) ол күнi бүгінге дейін -дыр, -dip, -дур, -дүр күйінде жұмсалады (қaзipri қыпшақ тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде т дыбысы қолданылатын ыңғайда оғыз тілдерінде, яғни осы аталып отырған үш тілдің үшеуінде де д дыбысы айтылады: -тұр>-дур т.т. Бұл өзi—тұрақты фонетикалық заңдыльқ). Н.Т.Сауранбаев мынадай мысалдар келтіреді: қазақ тілінде кел+е+ді, қырғыз тілінде кел+е+т, азербайжан тілінде гел+ір, түрікпен тілінде гел+е+дур (қыпшақ тілдерінде қатаң к қолданатын жерде оғыз тілдерінде ұяң г айтылады).

Қазақ тіліндегі -ды жалғауы р дыбысының айтылмай түсіп қалуы арқылы жасалған (тур — ту—тұ—ды). Қазақ тіліндеі сөздер әдетте у дыбысына аяқталмайтын болғандықтан, тұлғаның соңғы дыбысы ы формасына ауысқан (тұ-ды). Өзi жалғанатын тү6іp сөздің соңғы дыбысына қарай бұл жалғау -ты болып та өзгереді және тү6ip сөздің жуан, жіңішке айтылу әуеніне қарай -di не -ті болып та келе береді Н. К. Дмитриевтің айтуы бойынша (1855 ж.). ала+турур, ала+дур, ала+ды болып өзгеру схемасы түркі тілдерінде классикалық формула болып есептеледі. Оның үстіне, көне түркi тілдеріндегі кейбір сөздердің морфологиялық құрамында айтылатын р дыбысы қaзipri қазақ тіліне келгенде айтылмай, түcin қалып отырады. Мысалы, қaзipri eдiм (мен едім) сөзінің, арғы түбіpi epдiм (V—VIII ғасырларда жазылған орхон-енисей жазу ескерткіштерінің тілінде). Р дыбысының айтылмай түсш қалуы — көптеген түркі тілдеріне ортақ заңдылық. Мысалы, түрікпен тілінің кейбір диалектілерінде болъя (әдеби тілінде боляр — қазақша болар), гезйә (әдеби тілінде гезйәр — қазақша кезер). Tүpiк тілінде аслан (арыслан деудің орнына, қазақша арыстан), вeдi (вepдi — деудің орнына, қазақша 6epдi), құмық тілінде йоланы (йолларны дегеннің   орнына, қазақша жолдарды), қарашай- балкар тілінде –лар, -лер көптік жалғауы –ла, -ле тұлғасында жұмсалады т.т. Демек, тұр сөзіндегі р дыбысының түсіп қалуы — қазақ тіліндегі табиғи заңдылық, ол тілдің ішкі даму ерекшелігінен туған. Н. Т. Сауранбаев соны тап басып, дәл тауып айтқан. Қазақ тіліндегі тарихи фонетикасына байланысты осы заңдылықты әлі де болса өрістетіп, тиісті материалдар арқылы оның дәлдік қорын байыта түсуге болады.

Семантикалық жағынан зерттей отырып, Н.Т.Сауранбаев қазақ тіліндегі көсемшелерді етістік түбірден жасалған баяндауыш тұлғасының ең негiзгi (уақыт жағынан алып қарағанда, ең бастапқы) формасы деп есептейді де, олар етістік түбipден сөз тудырып, сөз жасайтын аффикстер жалғанатын база болып қызмет атқарады деп қарайды.

Етістік тудыратын жұрнақтар, рай категориясын жасайтын жалғаулар, күрделі етістіктердің құралу жолдары (конструкциялық типтері) туралы автор келтірген материалдар осы күнгі көптеген оқулықтардың бетінен орын алып жүр. Әрине, бұл саладан «Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен функциялары» деген монография өз кезінде жазылып жүрген ірілі-уақты оқу құралдарына өз ықпалын тигізбей қалған жоқ.

Қазақ тіліндегі көсемшелер жұрнағы жалғану арқылы жасалған үстеу сөздерін зерттеу үстінде Н.Т.Сауранбаев үстеу сөздерінің жаратылу табиғатын ашады, олардың нeгiзгi түбін тексеріп, тегін екшейді. Мысалы, ол үстеу сөздерінің ecім түбірлерінен, есімдік сөздерінен және етістік нeгiзiнен пайда болатын жолдарын көрсетіп, олардың мағынасын жүйелейді. Он+да+п, көп+те+п (көн-дipдi, отыз+да+п, екеу+ле+п (eciм түбірлерінен), солай, бұлай (есімдік сөздерінен), жүре-жүре, ілешала, қарап-қарап (таба алмадым) (етістік тубірден) тәрізді мысалдар автор ойының желісіне арқау болған. Ғалымның осы тарауда келтірген материалдары мен тұжырымдары ешқандай күдік туғызбай, қаз-қатар тұрған  қалпында  арнаулы оқулықтар беттерінен орын алатын дәрежеде. Қaзақ тіліндегі үстеу сөздері жайында айтылған ең алғашқы болжамдардың бipi есебінде оның қорытындылары қазақ  лингвистерінің  арасында  әрдайым еске алынып отырады. Ол өзінен соңғы талапкерлерге, жас зерттеушілерге өpic бepiп, жөн сілтеп, бағдар көрсетті. Соның ішінде Н.Т.Сауранбаевтың есімдік сөздерінен жасалған үстеулер туралы талдаулары   қызық-ақ. Жалпылай  алып қарағанда, есімдік сөздерінің жасалуы мен қалыптасу тарихы туралы қазақ тіл білімі былай тұрсын, бүкіл   дүниежүзілік   тюркологияда   әр алуан пікірлер айтылып   жүр. Мәселенің түйіні әлі де болса шешілмей, көп   нәрсенің көкейтесті жерлерi шиеленісе түсу үстінде. Ғалымның   кейбip ойлары осы күнгі атақты тюркологтардың айтқандарымен астасып жатса, енді бірде олар өзіндік бip бөтен шешім тауып, жаңалық жаршысындай іздене түсу жолына меңзейді. Мысалы, солай сөзін сол- ла- й Мұндағы Сол—сілтеу есімдігі, -ла етістік тұлғасын тудыратын аффикс, ал -й көсемше тұлғасының көрсеткіші. Олай, бұлай (былай) сөздері де осы іздес. Ал енді сөйтіп (сүйтіп), бүйтіп, өйтіп (үйтіп) сөздері солай eтin, бұлай eтin және олай етіп деген тіркестердің көптен 6epi қолданыла жүpin өзара кipiгin кетуіне байланысты жасалған. Тек қазақ тілінде ғана емес, көптеген түркі тілдерінде л дыбысы, кейбір позициялық қолданылу тұрғысынан алып қарағанда, кейде тұрақсыз келеді, айтылмай түсіп қалады. Қазіргі тюркологияда бұл да белгілі заң (салыстыр: әдеби тілдегі алсам қайтеді? деген сөзді кейбір кісілер ауыз екі сөйлеу үстінде асам қайтеді? деп те айта береді). Бұйрық райдың үшінші жақтағы жекеше жалғауы -сын (-cін), мысалы, алсын, о бастағы сен (екінші жақтағы жекеше жіктеу есімдігі) сөзінен пайда болған деген топшылауын Н.Т.Сауранбаев мынадай фактілермен дәлелдейді: тіл тарихының ертерек даму шағында есімдік сөздері екі-ақ түрлі жақта айтылатын болған (бірінші жақта мен, екіншi жақта сен). Бірінші жақ қимыл-әрекет иeci (актив субъект) болып есептелген де, екінші жақ қимыл-әрекетке ешқандай қатынасы жоқ, қалыс қалып отырған жақты (пассив субъектіні) көрсететін болған. Қимыл-әрекет иесінен басқаның бәpi бip жақ (пассив субъект) ретінде танылып, бipiншi жақтан басқаның барлығы екінші жақтың өкілдеріне жатқан, яғни осы күні біз айтып жүрген грамматикалық екінші жақ пен үшінші жақ ол кезде бip-aқ есепке кipiп, бip атанған. Ресми түрде аталатын үшінші жақ жоқ болған. Үшінші жақ тілдің даму тарихында кейінірек барып жарық көрген де, екінші жақтың жіктеу есімдігін (сен) өзіне төлеу етіп ала шыққан. Содан ол (сен деген сөз) үшінші жақтың жіктік жалғауы болып қалыптасқан. Академик В.В.Радловтың айтуына қарағанда, -сын аффиксі сын (бip нәрсенің түр, түс болмысы, салыстыр: «сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді.») деген жеке түбірлі сөзден жасалған. Бұлардың қай-қайсысы болса  да — зерттей   беруге  жетелейтін  тұжырымдар [35.13б ].

Міне осылай, қайсы тақырып, қайбір мысал болмасын Н.Т.Сауранбаев оларды ылғи да тарихи даму тұрғысынан қарап, сөз бен тұлға өмірінің бұрынғы мен бүгінгісін тұтастыра отырып бipiктіреді, бipгe зерттейді. Олардың тұлғалық өзгepyi мен мағыналық өлшемін егіз қозыдай бipгe телітеді, бip жерден шығарады. Тарихи түбipi ашылған мәселенің ең жақсы зерттеліп, жетіле түскен мәселе ретінде қаралатыны, әрине, дау тудырмаса керек.

Көсемше категориясының мағыналық ерекшеліктері әңгіме болып отырған еңбекте жан-жақты тексеріліп, кең суреттелген. Етістік видтерінің жасалу жолдары мен ондағы көсемше формаларының ролін айта келіп, Н.Т.Сауранбаев «законченный вид», «продолжительный вид» және «неопределенный вид» деген терминдерді қолданады да, олардың қазіргі қазақ тілінде қалай айтылып, қандай орындарда жұмсалатындығы туралы мәселені қарастырады. Осы аталған терминдер күні бүгінге дейін қазақ тіліне дәл аударылмай жүр. Кейде мұны «сыпат категориясы» ( « созылыңқы сыпат», «аяқталған сыпат» ) деп те атайды. Ондай жағдайда Н.Т.Сауранбаев көрсеткен «неопределенный вид» атаусыз қалады. Бұл топқа автор -ғалы (-гелі), -қалы (-келі) формалары арқылы жасалған сөздерді жатқызады: көргелі келді, сұрағалы барды, жүргелі отыр т. б. Мәселе тек осы терминдердің аударылуында ғана емес, жалпы вид категориясының қазақ тіліндегі алатын орны жайында. Қазақ лингвистері түгіл, басқа түркі тілдерін зерттеушілер арасында да бұл мәселе туралы бірауыздылық жоқ. Мысалы, жоғары оқу орындарына арналып жазылып, осы күні оқытылып жүрген қазақ тілінің грамматикасында (1967 ж. басылған) -ғалы, -қалы формасы «етістіктің мақсатты көсемше деп аталатын түрін жасайды» деп көрсетілген де, оның вид категориясына қатынасы жайлы ештеңе айтылмаған. Осыдан барып мынадай ой туады: қазақ тіліндегі көсемшелердің өзіндік мән-мағынасын зерттей отырып, Н. Т. Сауранбаев, біріншіден, әлі күнге дейін шешілмей келе жатқан үлкен бip проблемалық мәселенің бетін ашқан және ол туралы өзінің бас байлар пікірлерін батыл айтқан. Екіншіден,   қaзipгi қазақ тіл білімi сол Н.Т.Сауранбаев айтқан ойлардан артып кете алмаған, табан тipep жер таппай жүрген сияқты. Басқаша айтқанда, қaзipгi қазақ тіліндегі вид категориясын зерттеу жұмысының әлі де болса буыны қатып, бұғанасы бeкiмей келеді.

Қазақ тіліндегі көсемшелердің жай сөйлем құрамында келіп атқаратын қызметі мен олардың құрмалас сөйлем тобындағы функциялары жөнінде Н. Т. Сауранбаев пікірлері осы күнгі айтылып жүрген оқулық қағидаларымен үлкен үйлестік табады. Сабақтас құрмалас пен салалас құрмалас сөйлемдер жүйесіндегі көсемшелер орны мен олардың қызметі жайлы келтірілген материалдар мен толғамдар кейінгі буын ұрпақтар еңбектерінде өзіне лайықты орнын тауып отыр. Әр түрлі сөйлем құраудағы айтулы конструкциялардыц бiрін — «деп» деген сөздің көмегімен, яғни көсемше формасында тұрған «де» сөзінің көмекші етістік қызметін атқарып тұрғанда беретін мағынасын автор айырықша талдап айтып кеткен болатын. «Деп» формасын автор «грамматикалық аты жоқ» форма деп айтады да, оның синтаксистік қызметі әр қилы, өте күрделі де көп деп шешеді, оны өз алдына жеке алып, дара зерттеу қажет деп есептейді. Кейінгі. жылдары осы тақырыпта арнайы еңбектер жазып, жеке зерттеген ғалымдар Н.Т.Сауранбаев айтқан тұжырымдардың дұрыстығын көрсетіп отыр. Демек, автор мәселенің осы бip шет пұшпағынан өзінің бастамашы (инициатор) ғалым екендігін танытып кетті.

Сонымен, Н.Т.Сауранбаев «Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен функциялары» деген еңбегінде көсемшелерге байланысты мәселелердің барлығын түгел қамтып, оларды жан-жақты терең зерттеді де, қазақ тілін оқып-үйренуге байланысты жазылатын кейбір ғылыми жұмыстардың теориялық та, практикалық та базасын қалап, нeгiзiн салды. Сөйтіп, ол қазақ тіл білімінде үлкен жаңалық жасады, оған зор еңбек сіңірді. Болашақта атаққа шығар ғалымның аяқалысын оқушы қауым жұртшылық оның осы еңбегінен-ақ байқап біліп отырды.

Әңгіме болып отырған еңбектің барынша сәтті шығуы кездейсоқ нәрсе емес еді. Көсемшелер автордың көптен бepi-aқ ой елегінен өткізіп, талайдан талқылап жүрген тақырыбы болатын. Дайындық жұмыстары да аз болған жоқ. Бұдан бұрын жарияланып, оқушы көпшіліктің назарына түскен «Қазақ тіліндегі көсемшелер» деген кітапшасы (1940 ж.) мен «Көсемшелер туралы» деген көлемді мақаласы (1939 ж.) — осыған айғақ бола алады. Н.Т.Сауранбаевтың қазақ тіліндегі көсемшелер жайындағы зерттеулері морфология мен синтаксис салаларының басын бipiктipiп, оларды бip арнада түйістіріп тұратын дәнекер eceптi болды. Басқаша айтқанда, Н.Т.Сауранбаев көсемшелердің морфологиялық тұлғалары мен олардың синтаксистік қызметін қатар талдады [36. 9б]. Келесі беттер де әңгіме болатын жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдер жүйесіне байланысты бұл мәселені есте ұстау керек.

Н.Сауранбаевтың синтаксис саласына байланысты жүргізген зерттеу жұмыстарын eкі тарауға бөліп қарауға болады: 1) жай сөйлемдер синтаксисі және 2) құрмалас сөйлемдер синтаксисі.

Жай сөйлемдер синтаксисі жайында Н.Т.Сауранбаевтың әр алуан оқулықтарында жазылып жүрген арнаулы тарауларынан бөтен «Қазақ тілінің синтаксис мәселелері» (1941 ж.) «Жай сөйлемдердің нeгiзгi байланысу тәсілдері» (1946 ж.), «Жанама толықтауыш пен пысықтауыш мүшелер» (1957 ж. Ж.Болатовпен бipгe) т.б. сияқты ғылыми мақалалары бар. Жай сөйлемдердің өз ара байланысу тәсілдері мен ол тәсілдердің түрлерін Н.Т.Сауранбаев құрмалас сөйлем синтаксисінің ең негізгі мәселесі етіп қояды, өйткені құрмалас сөйлем бірнеше жай сөйлемдердің өзара қосындысынан құралады. Ол жай сөйлемдерді өз ара бip-бipiмeн байланыстырып тұратын мынадай тәсілдерді атап көрсетеді:

  1. Интонация және ритмика-мелодиялық амалдар арқылы байланысу.
  2. Жай сөйлемдердің орналасу тәртібі, яғни олардың өз орындары арқылы бip-бipiнe қатынасы.
  3. Қосымшалар арқылы байланысу (есімнен тудыратын қосымшалардың шылау сөздермен, септік жалғауларымен тipкeciп келуі арқылы байланысу).

 Жалғаулықтар мен жалғаулықтар қызметін атқарып жүрген әр қилы сөздер арқылы байланысу.

Информация о работе Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері