Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2015 в 12:17, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Ғылыми бағыттың өміршеңдігі уақытпен өлшенеді. Ғалымның ғылыми тұжырымдары мен бағыттары көзі тірісінде қолдау тауып немесе келіспеушіліктерге кездессе, ғалым дүниеден өткеннен кейін оның ғылыми бағыты өзінің негізгі сынағы – уақыт сынағынан өтеді. Бітіру жұмысында академик Нығмет Сауранбаевтың лингвистикалық мұраларына, атап айтқанда, алфавит пен орфография, терминология, тіл тарихы, диалектология, морфология мен құрмалас сөйлемдерге қатысты еңбектері жинақталып, оларға талдау жасалды.

Содержание

1. Н.Т.Сауранбаевтың қазақ тілі оқулықтарын жазудағы және теориялық негіздеудегі қызметі
1.1. Қазақ алфавиті мен орфографиясының дамуындағы ұстанған бағыты.
1.2. Терминология мәселесіне қосқан үлесі
1.3. Оқулықтар мен программалар жазудағы қазақ тіл біліміне сіңірген еңбектері
2. Н.Т.Сауранбаевтың іргелі ғылыми зерттеу еңбектері
2.1. Тіл тарихы мен әдеби тіл жайындағы көзқарасы
2.2. Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен қызметі жайлы еңбегі
2.3. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі жайлы еңбегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сауранбаев Н.doc

— 829.50 Кб (Скачать документ)

Қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесін Н. Т. Сауранбаев басты-басты үш топқа бөледі: іргелес құрмаластар, салалас құрмаластар және сабақтас құрмаластар [48.13б] Іргелес құрмалас сөйлемнің бойында, автордың айтуы бойынша, салаластың да, сабақтастың да белгісі болады. Салалас құрмалас сөйлемдерге тән белгі – іргелес құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдердің грамматикалық жағынан бір-бірімен тең дәрежеде құрмаласатындығы және сөйлемнің баяндауышы тиянақты қалыпта болатындығы. Сабақтаса құрмалас сөйлемдерге тән белгі – іргелес құрмалас сөйлемдердегі жай сөйлемдер ішкі мағына жағынан бірін-бірі сипаттап,           біріне-бірі тәуелді болып байланысады. Іргелес құрмаластар – жалпы құрмалас сөйлемдердің ең алғашқы көне түрі, ол – салалас құрмалас пен сабақтас құрмалас сөйлемдердің даму тарихының тоба қазығы, негізгі базасы. Ол көбінесе ауыз әдебиетінде, ескі жазу нұсқаларының тілінде жиі қолдакнылады. Стильдік жағынан алып қарағанда, іргелес құрмалас сөйлемдердің екі түрін ажыратуға болады: жайылыңқы іргелес және қойылыңқы іргелес. Мысалы, жүнді су көтерді, жүйірікті ду көтереді, қайғыны ер көтереді, құрылықты дария көтереді, арысты ай көтереді, өлімді сай көтереді (жайылыңқы іргелес); бір жерде күш, бір жерде өнер, бір жерде мінез (қойылыңқы іргелес). Қойылыңқы іргелес жайылыңқы іргелестің ықшамдалып, қысқара түсуінен барып жасалады: бір жерде күш көрсетіледі, бір жерде өнер көрсетіледі, бір жерде мінез көрсетіледі  (жайылыңқы іргелес) [46.27-29б]

Құрмалас сөйлемдердің зерттелу тарихында Н. Т. Сауранбаев келтіріп отырған «іргелес құрмалас» сөйлемдерді әдетте «жалғаулықсыз салалас» деп атап жүр. Н. Т. Сауранбаев еңбегіне дейін де осылай аталушы еді, қазіргі уақытта да осы термин қолданылады. Кейінірек жазылған еңбектерінде (мысалы, 1954 ж. басылып шыққан «Қазіргі қазақ тілі» грамматикасының «Құрмалас сөйлемнің синтаксисі» деген бөлімінде) автор «іргелес құрмалас» деп атайды да, «қойылыңқы іргелесті» «сиысыңқы іргелес» деп береді. Бірінші жағынан, қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлемдер жүйесін зерттеу тарихының жол-жосығын аңғарту үшін, екінші жағынан, Н. Т. Сауранбаев зерттеулерінің диалектикалық тынысын тең бақылап, бағдарын айқын аңғарту үшін біз осы келтіріліп өткен мәселеге әдейі тоқталып отырмыз [49.113-158б]

Салалас құрмалас сөйлемдердің өзара байланысу тәсілдерін суреттей отырып, ғалым олардың аналитикалық тәсілмен және белгілі жалғаулықтар арқылы не болмаса сол жалғаулықтар орнына жүретін көмекші сөздер арқылы құрмаласатынын айтады. Әрбір грамматикалық категориялар мен морфологиялық тұлғаларға, синтаксистік қатынастар мен қалыптасқан сөздердің формасына ылғи да тарихи өлшем тұрғысынан қарайтын                      Н. Т. Сауранбаев әрбір жалғаулықтардың бір кезде толық макғыналы жеке сөздер болып, осы күнгі қалпына ғасырлар бойы өзгеру үстінде барып қана ауысқанын әңгіме етеді. Жеке мағыналы сөздердің «жалғаулыққа (кейде демеулікке) айналуының негізгі себебі – сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасындағы синтаксистік қатынас» негізінде ғана қалыптасады.

Салалас құрмалас сөйлемдер жүйесін Н. Т. Сауранбаев мынадай түрлерге бөледі:

  1. мезгілдес салалас құрмалас сөйлемдер
  2. қарсылас салалас құрмалас сөйлемдер
  3. себептес салалас құрмалас сөйлемдер
  4. салалас сөйлемдердің басқа түрлері.

Мезгілдес салалас құрмалас сөйлемдерге жай сөйлем аралары  және, да, де жалғаулықтары мен еді, екен көмекші етістігі арқылы байланысыды. Мысалы, Жошы хан құланға садақ атып еді, олар қашпады.

Қарсылас салалас бірақ, әйтсе де, дегенмен, алайда, сонда да тәрізді қайшы мәнді жалғаулықтар арқылы байланысады. Мысалы, қуып жеткен Көккептер қоянды екі-үш рет шалып еді, бірақ қояны құрғыр акуызға түсе қоймады.

Себептес салаластың көрсеткіші - өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті тәрізді жалғаулықтар. Автор олардың қалыптасу тарихына экскурс жасайды.

Салалас сөйлемдердің басқа түрлері я, не, немесе, болмаса, әйтпесе, әлде, немесе, мейлі, әрі сияқты көмекші сөздер мен жалғаулықтар арқылы құрмаласады. Салалас құрмалас сөйлемдердің жоғарыда көрсетілген үш түрінен басқасы, автор ойының бағдарына қарағанда, әлі де қалыптасып жетілмеген, олар сиыспалы жайылма сөйлем ретінде әрқилы байланыста қолданылады [50.88-90б]

Салалас құрмаластың осы үш түрі Н. Т. Сауранбаев еңбегіне дейін де әңгіме болып жүретін. «Бұл саладағы автордың өзіндік табысы – салалас сөйлемнің аталған әр түрін кеңірек баяндауында» (Т. Р. Қордабаев) [49.45б]

Сабақтас құрмалас сөйлемдер туралы баяндауларын Н. Т. Сауранбаев сабақтас құрамындағы жай сөйлемдердің арасында болатын қарым-қатынас жодарын ашудан бастайды. Одан әрі бағыныңқы сөйлемдердің басыңқы сөйлемдердің байланысу жолдарын көрсетеді де, өз еңбегін сабақтастардың жіктелуі, яғни олардың түрлері туралы мәселені талдаумен аяқтайды. Сабақтас құрмаластың құрамында қолданылатын бағыныңқы сөйлем,                                 Н. Т. Сауранбаевтың анықтамасы бойынша, - басыңқы сөйлемде берілген тұтас бір ойды, не ондағы бір мүшені сипаттау, толықтыру үшін сол басыңқы мен өзінің дербес бастауышы бар баяндауыш арқылы құрмаласқан жай сөйлем. Ал, үйірлі мүше болса, ол - өзіне қатысты мүшелерімен бірге өз бастауышына (субъектісіне) анықтауыш болып кеткен я есімше, я көсемше арқылы сөйлемнің ерекшеленген толықтауышы, пысықтауышы болып кеткен етістіктен болған логикалық баяндауыш. Сабақтас құрмалас сөйлемдер жүйесіндегі бағыныңқы сөйлемдер басыңқы сөйлемдермен, Н. Т. Сауранбаев зерттеулеріне қарағанда, мынадай жолдармен байланысады:

  1. көсемшелер арқылы құрмаласады,
  2. есімшелер арқылы,
  3. шартты рай арқылы,
  4. изафет арқылы.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің мыныдай түрлері зерттеледі:

  1. анықтауыш бағыныңқылы сабақтас сөйлем,
  2. толықтауыш бағыныңқылы сабақтас сөйлем,
  3. пысықтауыш бағыныңқылы сабақтас сөйлем,
  4. шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем,
  5. қайшы сабақтас құрмалас,
  6. салыстырмалы сабақтас.

Әрине, бұл аталған мәселелер бірлі-жарым болса да бұрын-сонды айтылып жүрген жайттар. Басты жаңалық – изафет құрылысының бағыныңқы мен басыныңқы сөйлемдерді өзара байланыстыру құралдарының бірі есебінде көрінуі. Автор келтіріп отырған мысалда, яғни мал дегендегі жалғыз шолақ торы аттың жұмысы ауыр болып, арқасы жауыр болып,  мойнына жал бітпеді деген сөйлемде жұмысы, арқасы, мойыны деген сөздердің өз айналасындағы тіркестермен (ат сөзі мен) іліктесіп, матаса келіп тұрғаны рас. Бірақ дәл осы іспеттес байланыстарда изафет формасынан гөрі басыңқы мен бағыныңқы сөйлемдердің өзара көсемше тұлғасы – п (-ып, -іп) арқылы құрмаласуы әлдеқайда күштірек. Осыны байқаған болуы керек, кейінірек жазылған еңбектерінде 1954 ж. Н. Т. Сауранбаев изафет арқылы байланысу тәсілін жалпы есептен шығарып тастайды [48.14-18б]

Нығмет Тінәліұлы келтірген «салыстырмалы сабақтас» сөйлемдерді осы күні кейбір зерттеушілер «амал бағыныңқылы» сабақтас сөйлемдердің қатарына жатқызып жүр. Қалай аталған күннің өзінде де оның берер мағынасы мен синтаксистік құрылысы бәз-баяғы бір қалпында танылады: бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы –дай қосымшалы есімше формаксымен тұлғаланады:

Исі мұрын жарғандай,

Қоңырсып киіз жанғандай,

Жігіттер көзден жас алды –

Шын бір сұмдық болғандай,

Кейбіреуі ойбайлай берді –

Айдалада қалғандай,

Жүректері қысылды –

Тарылып дем алғандай,

Біреуі сонда сөйледі:

«Біздер болдық сор маңдай!»,

Осы түн естен танғандай,

Секілденіп сезілді

Құрығын ажал салғандай

(Ж. Жабаев).  

 

Мұнда келтіріліп отырған анықтауыш бағыныңқылы, толықтауыш бағыныңқылы деген сабақтас құрмалас сөйлемдерді осы күнгі кейбір зерттеушілер «үйірлі мүшелі жай сөйлемдер» деп қарайды [51.79-81б].                          Н. Т. Сауранбаев өзінің соңғы жазған еңбегінде (1954 ж.) оларды «үйірлі мүшелі сабақтастар» деп екіге бөлген: анықтауыш үйірлі мүше, толықтауыш үйірлі мүше. Үйірлі мүшелер, автордың анықтауы бойынша, басыңқыдағы бір мүшеге кейде анықтауыш болып келеді де, енді бірде толықтауыш қызметін атқарады. Жалпы үйірлі мүше туралы кейбір ойларын автор осы әңгіме болып отырған «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі» деген еңбегінде де айтып өткен болатын. Мысалы, ол «үйірлі мүше» деп «етістік баяндауыштың өздеріне қарасты мүшелерімен өз бастауышының (өз субъектісінің) анықтауышына я жалпы сол сөйлемнің толықтауышына, пысықтауышына айналған түрін» айтады. Үйірлі мүше құрамында өзіндік бастауыш болмайды, ал егер бола қалса, Н. Т. Сауранбаев оны үйірлі мүше емес, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының ішіндегі жай сөйлем есебінде қарастырады. Анықтауыш үйірлі мүше туралы автор былай деп жазады: «жай сөйлемдегі дағдылы анықтауыштан басқа екі түрлі анықтауыш болатындығы белгілі..., оның бірі – есімше анықтауыш үйірлі мүше, екіншісі – анықтауыш бағыныңқы сөйлем».

Үйірлі мүше туралы мәселемен өзектес болған соң автор «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесінің» соңында «Көсемше үйірлі мүше» деген топқа тоқталған. Арнайы келтірілген материалдарды талдай отырып, автор көсемше құрылысымен жақындастырады, оларды өзара ұқсас бір синтаксистік топ деп табады. Көсемше үйірлі мүшелер – көсемше арқылы құрмаласқан сөйлемдердің бір ортақ бастауышқа ие бола отырып, өз ара сиыса айтылған түрі. Оны автор «сиыспалы сөйлем» деп атайды. Сиыспалы сөйлемдердің арасы көсемшенің -п жұрнағы арқылы байланысып келсе, ол бағыныңқы сабақтас сөйлеммен үйлеседі [2.174-186б]

Пысықтауыш бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді                       Н. Т. Сауранбаев мынадай топтарға жіктейді.

  1. мезгіл пысықтауыш бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер,
  2. себеп пысықтауыш бағыныңқылы сабақтас,
  3. амал пысықтауыш бағыныңқылы сабақтас [48.19б]

Пысықтауыш бағыныңқылы сабақтастардың бұл түрлері күні бүгінге дейін тиісті оқу орындарында осы қалыпта оқытылып жүр.

Құрмалас сөйлем жүйесін Н. Т. Сауранбаев өмірінің ең ақырғы уақыттарына дейін зерттеді. Қалам құрғатпай жазып отырды. Материалдар жинады, бұрынғы айтқандары мен жазғандарын қайта қарады. Кейбір тұжырымдарын өзгертіп, кейбір жерлерін толықтырды. Ой желісінің орнын өзгертіп, сипаттау сарынына да мән беріп көрді. Қалай да – талмай істеді, еңбек жазды. 1948 ж. «Құрмалас сөйлем туралы тағы бір сөз» деген мақаласы жарыққа шықты. 1958 ж. түркі тілдеріндегі етістік видтер мен сабақтас құрмалас сөйлемдер жүйесі туралы проблемаға арналған Бүкілодақтық координациялық жиналыста «Сабақтас құрмалас сөйлемдер құрамының негізгі байланысу жолдары» деген тақырыпта баяндама жасады, шығып та сөйледі. Алайда, Н. Т. Сауранбаев ойының құрмалас сөйлем туралы ең соңғы жиынтығы – 1954 ж. жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» грамматикасының (жоғары оқу орындарына арналған оқулықтың) «Құрмалас сөйлемнің синтаксисі» деген бөлімі. Жоғарыда ол туралы айтып та кеттік. «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі» деген еңбек пен бұл бөлімнің арасында азын-аулақ айырмашылықтар да бар. Мысалы, бұрын «іргелес құрмалас сөйлемдер» жалпы құрмаластың бір түрі есебінде берілген болса, енді мұнда ол «салалас құрмалас сөйлемнің» аясында қарастырылған [52.72-76б]

Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлеріне байланысты кейбір атаулар жаңартылған: «Ыңғайлас салалас» бұрынғы еңбекте келтірілген «мезгілдес салалас» дегеннің орнына және «салалас сөйлемдердің басқа түрлері» деген жалпы атаудың орнына «талғамалы салалас» деген жалпы атаудың орнына «талғалмалы салалас» деген тіркестер қолданылған. Бұлардың жасалу жолы мен жұмсалу орнына бұдан басқа ешқандай өзгешелік жоқ [47.255б].                            Н. Т. Сауранбаевтың сөз болып отырған еңбегінде салалас құрмалас сөйлемдердің қай түрі болса да «дербес бастауышты салаластар» және «ортақ бастауышты салаластар» болып екіге бөлінген. Автор бұрын осылай бөлмегенмен, сөйлем құрау үстінде, оның ішінде құрмалас сөйлемдерді түзу барысында, бастауыштың ролін айта отырып, әрдайым осындай ойға саятын. Енді мынау – тек соның қорытындысы ғана.

Сабақтас құрмалас сөйлемдер жүйесіндегі бұрынғы «анықтауыш бағыныңқылы сабақтас сөйлем» мен «толықтауыш бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер» мұнда өзара біріктіріліп «үйірлі мүшелі сабақтастар» деген бір атпен берілген. Сонда бұрынғы, «көсемше үйірлі мүше» деген тақырып та осы тараудың ішіне кіреді.

Соңғы еңбектің тағы бір жаңалығы – мұнда «сиыспалы сөйлем және қайырмалы сабақтастар» мен «аралас құрмалас сөйлем» деген тақырыптар. Сиыспалы сөйлем деп автор бір бастауышы бәріне бірдей ортақ болып келетін бірнеше баяндауышы бар сөйлемді айтады. Сиыспалы сөйлемнің құрамы кейде осыған керісінше болып та келе береді: бірнеше бастауышқа ортақ бір-ақ баяндауыш қолданылады. Осыған орай автор өз оқушыларына сиыспалы сөйлемнің екі түрін уағыздайды. Ортақ бастауышты сиыспалы жай сөйлем және ортақ бастауышты сиыспалы сабақтас сөйлем. Сиыспалы сабақтас сөйлем құрамындағы компоненттер (сыңарлар) өз бастауышының алдына шығып, сол арқылы басқа түрлі сөйлем құрылысынан ерекшеленіп келсе, онда ол қайырмалы сабақтастардың қатарына жатады. Автордың айтуынша, ол да екі түрлі болады: көсемшелі қайырма (ерекшеленген компоненттің баяндауышы көсемше формасында тұрады) және есімшелі қайырма (ерекшеленген компоненттің баяндауышы есімше формасында тұрады).

Аралас құрмалас сөйлемдердің құрамында салалас сөйлемдер мен сабақтас сөйлемдер іліктес келіп, тізгіндесе жүреді. Автордың бұл ойы, әрине, ешбір күмән туғызбайды. Ол – көпшілік зерттеушілер арасынан қолдау тапқан заңды құбылыстың айғағы [48.19-22б]

Сонымен, Н. Т. Сауранбаевтың қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің құрамы туралы ең соңғы рет жазып келтірген схемасы мынау:

 

Құрмалас сөйлемнің синтаксисі

 

І. Ж а л п ы  б ө л і м

 

  1. құрмалас сөйлем туралы түсінік,
  2. құрмалас сөйлемдердің даму жолдары,
  3. сөйлемдердің құрмаласу тәсілдері,
  4. құрмалас сөйлемдердің түрлері.

 

ІІ. С а л а л а с  қ ұ р м а л а с т а р 

 

  1. іргелес салаластар,
  2. жайылыңқы, сиысыңқы іргелестер,
  3. жалғаулықты салалас құрмаластар,
  4. салалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтар,
  5. салалас құрмаластардың түр-түрі.

 

ІІІ. С а б а қ т а с  қ ұ р м а л а с т а р

 

  1. сабақтастағы жай сөйлемдердің өзара қатынастары,
  2. бағыныңқы сөйлемнің басыңқымен байланысу жолдары,
  3. бағыныңқының көсемшелер арқылы құрмаласуы,
  4. бағыныңқы сөйлемнің есімшелер арқылы құрмаласуы,
  5. бағыныңқы сөйлемдердің шартты рай формасы арқылы құрмаласуы.
  6. сабақтастардың жіктелуі,
  7. мезгіл пысықтауыш бағыныңқы,
  8. себеп пысықтауыш бағыныңқы,
  9. амал пысықтауыш бағыныңқы,
  10. мақсат пысықтауыш бағыныңқы,
  11. шарт бағыныңқылы сабақтас құрмалас,
  12. қарсылықты сабақтас құрмалс,
  13. салыстырмалы сабақтас құрмалас,
  14. үйірлі мүшелі сабақтастар,
  15. сиыспалы сөйлем және қайырмалы сабақтастар,
  16. аралас құрмалас сөйлем.

Информация о работе Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері