Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2015 в 12:17, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Ғылыми бағыттың өміршеңдігі уақытпен өлшенеді. Ғалымның ғылыми тұжырымдары мен бағыттары көзі тірісінде қолдау тауып немесе келіспеушіліктерге кездессе, ғалым дүниеден өткеннен кейін оның ғылыми бағыты өзінің негізгі сынағы – уақыт сынағынан өтеді. Бітіру жұмысында академик Нығмет Сауранбаевтың лингвистикалық мұраларына, атап айтқанда, алфавит пен орфография, терминология, тіл тарихы, диалектология, морфология мен құрмалас сөйлемдерге қатысты еңбектері жинақталып, оларға талдау жасалды.

Содержание

1. Н.Т.Сауранбаевтың қазақ тілі оқулықтарын жазудағы және теориялық негіздеудегі қызметі
1.1. Қазақ алфавиті мен орфографиясының дамуындағы ұстанған бағыты.
1.2. Терминология мәселесіне қосқан үлесі
1.3. Оқулықтар мен программалар жазудағы қазақ тіл біліміне сіңірген еңбектері
2. Н.Т.Сауранбаевтың іргелі ғылыми зерттеу еңбектері
2.1. Тіл тарихы мен әдеби тіл жайындағы көзқарасы
2.2. Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен қызметі жайлы еңбегі
2.3. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі жайлы еңбегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сауранбаев Н.doc

— 829.50 Кб (Скачать документ)

Бipiншi тәсіл арқылы құрмалас сөйлемнің паратаксис (салалас) түpi жасалады: Құнанбай округты басқаратын приказдың бастығы, Майбасар оның орынбасары болатын.

Жай сөйлемдердің орын тәртібі арқылы анықтауыш бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасалады: Қасқыр талаған қойдай қызыл жон болған ауыл адамдары басқа паналар жер жоқтай, полицейский сабап айдап шыққан қораларына ығысып, қайта-қайта тығыла бepeдi. Мұндай тіркесте бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің алдында келеді. Салалас құрмалас құрамында кездесетін тәртіп осыған керісінше — басты рольдей сөйлем әуелі келеді де, оның себеп-салдар жағдайын көрсететін сөйлем соңында тұрады. Мұндай тәртіптер — жай сөйлемдердің функциялық қызметі. Олардың нeгiзгi болмысы осындай қызмет арқылы іске асып отыр.

Етістіктің түрлері (көсемше, есімше формалары) және олардың шылау сөздер мен демеуліктер, септік жалғаулары сияқты қосымшалармен тipкeciп келуі сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалуына ұйтқы болады. Шылау мен шылау орнына жүретін сөздер арқылы байланысқан жай сөйлемдер құрмалас сөйлемнің салалас түрін құрайды.

Жай сөйлемнің өзара байланысу түpлepiнiң бәpi де қазақ тiлiнiң аналитикалық құрылысынан келіп шығады. Сонымен бipгe қазақ тіліндей құрмалас сөйлемдер жүйесінде синтетикалық құрылыстың да элементтері бар. Мысалы, изафет конструкциясы арқылы байланысқан сөйлем     мүшелері осының айғағы бола алады.

Қорыта келгенде, қазақ тіліндегі жай сөйлемдер әр алуан тәсілдер арқылы өзара байланыса келіп, құрмалас сөйлемнің түрлерін жасайды, 
олардың өзіндік жүйесін түзеді.

Жай сөйлемдердің өзара тipкeciп келу ережелеріне лайықты Н.Т.Сауранбаев олардың стильдік ерекшеліктері мен грамматикалық мақсат -қызметін кең талқылайды. Жай сөйлем мүшелерінің (мысалы, толықтауыштың, анықтауыш пен пысықтауыштың) синтаксистік функциясын, олардың жасалу жолдарын әңгімелейді. Сөйлем мүшелері мен олардың ролі туралы мәселені ол жоғарыда аталған мақалаларында ғана емес, көптеген еңбектерінде әрдайым қарастырып отырады (мысалы, көсемше туралы, құрмалас сөйлем туралы, т.б. жөнінде жазылған жұмыстарында). Ғалымның жай сөйлем құрылысы мен оның мүшелері туралы жалпы айтқан тұжырымдары осы күнгі оқулықтардан түгелдей орын алып жүр. Демек, ол біріншіден, бұл мәселе туралы оқулық талабынан асып кетпеген, екіншіден, көпшілік зерттеушілер арасынан қолдау таппайтындай басы артық пікір де айтпаған. Сондықтан біз жай сөйлем синтаксисі туралы осындай қысқаша ғана шолу айтумен шектеліп отырмыз. Синтаксис мәселесінің қай тарауын алып, қандай типі туралы сөз қозғаса да, Нығмет Тінәліұлы оны көбінесе құрмалас сөйлемдер тұрғысынан қарайды. Төменде бiз құрмалас сөйлемдер жүйесіне көбірек көңіл аудардық [37.179-256б].


2.3 Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі жайлы еңбегі  Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеу кешеуілдеп басталған салалардың бірі. Қазан төңкерісіне дейін жай сөйлемдер синтаксисінен аз да болса зерттеу еңбектері болса, құрмалас сөйлем синтаксисі жөнінде олай айтуға болмайды. Бұл кезеңге дейінгі зерттеулерде құрмалас сөйлемдер жүйесі өз алдына жеке қарастырылмаған. Берілген кезеңдегі зерттеулерде «сложное предложение» «подчиненное предложение» деген лингвистикалық терминдерді кездестіреміз, бірақ бұнда бұлар құрмалас сөйлемнің сырын ашу мақсатында емес, есімше, көсемше және етістік райларының синтаксистік қызметтерін анықтау мақсатында берілген. Ал құрмалас сөйлемнің басқа құрылымдық, семантикалық түрлері тұралы сөз қозғалмаған десек те болады. Түркологияда құрмалас сөйлемдер жөніндегі алғашқы зерттеу еңбек ретінде П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах-киргизкого языка», В. Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка» деген еңбектерді атай аламыз. Аталған еңбектерде құрмалас сөйлемдердің грамматикалаық табиғатын табуда көптеген кемшілектер мен олқылықтар болғанымен, сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің жасалу жолдары және басыңқы мен бағыныңқы компоненттерінің арасындағы синтаксистік қатынастар жөнінде алғашқы мағлұмат береді. Мәселен, шартты рай сабақтас құрмалас сөйлемнің мезгіл, себеп, шартты, қимыл-сын, амал, маөсат бағыңқылардың баяндауыштары бола-алатындығын дұрыс көрсеткен [38.5-18б]

Қазақ тілі құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелу тарихының отызыншы жылдармен тығыз қарастырамыз. Құрмалас сөйлемге арналған оқулық, барнамалар осы отызыншы жылдары, ал 40-жылдардан бастап құрмалас сөйлемдерге арналған бірнеше ғылыми мақалалар мен жеке еңбектер жазылып, құрмалас сөйлемдер жүйесің зерттеу ғылыми арнаға түсе бастады. Бұл жылдардағы құрмалас сөйлемдерге байланысты зерттеулерден Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, С.Жиенбаев, М. Балақаев, А.Ысқақов пен Ғ.Бегалиев еңбектерін атауға болады.

 Қазақ тілі құрмалас сөйлемнің  зерттелу барысында 1956 жылы Алматы қаласында түркі тілдеріндегі етістік түрі мен сабақтас сөйлем проблемаларына арналған координациялық кеңестің зор маңызы болды. Өйткені бұл кеңесте жалпы түркі тілдеріндегі сабақтас құрмалас сөйлемнің табиғаты әңгіме болумен қатар, осы мәселе жайында қазақ тілінің өзіндік заңдылықтары да қамтылды. Құрмалас сөйлемдерге қатысты мәселелерді шешу мақсатында 1958-1959 жылдар аралығында «Қазақ тілі мен әдбиеті» журналы ұйымдастырылған құрмалас сөйлем жөніндегі дисскусиялық материалдар жарияланды. Құрмалас сөйлем жайында осы журналдағы айтыстың келесі бір ұшы 1960 жылы «Қазақстан мектебі»  журналында қайтадан жандандырылды.

Н.Т.Сауранбаев өз шығармашылығының нағыз шарықтау кезеңінде құрмалас сөйлем синтаксисі мәселелерін зерттеумен шұғылданды. Ғалым құрмалас сөйлемдердің табиғатын танып, тарихына көз жүгіртумен бірге, ішкі сыртқы заңдылықтары мен ерекшеліктерің, жасалу жолдары мен жұмсалу аясын қарастырып, синтаксистік қызметін саралады.

 Құрмалас сөйлемдерді зерттеуде даулы мәселелердің бірі-жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді айырудың китерийдері қандай деген мәселе. Бұл мәселе жөнінде ғалым «жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің арасындағы айырмашылық жай сөйлем жеке сөздерден, сөз тіркестерінен құралса, құрмалас сөйлемдер бірнеше жай сөйлемдерден (синтаксистік компонеттерден) құралады. Яғни, әрқайсысының өзіне тән дербес бастауышы, баяндауышы және тұрлаусыз мүшелері бар, әр сөйлем бөлек тұрған қалпында бөлек-бөлек ойды білдіре алады».  Н.Сауранбаев қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің негізгі белгілері ретінде мыналарды береді: 1.Құрмаластағы синтаксистік компоненттерде айтылатын ойдың дербестігі; 2. Компонентте дербес бастауыш пен баяндауыштың болуы; 3.Құрмаластағы әрбір компоненттердің интонациялық жігі айқын болуы [39.235 -269б]

Құрмалас сөйлемде берілген ой бірнеше оқиға, құбылыстар көлемінде құрылып, олар бір-бірімен ұштасып, логикалық жағынан бір-біріне ұласаайтылады. Ғалымның пікірінше, компоненттердегі бірнеше ойдың дербестігін компоненттің тұлғалық дербестігімен шатастырмау керек. Құрмаластағы жай сөйлемдер өзінің тұлғалық дербестігін сақтауы да, сақтамауы да мүмкін. Н. Сауранбаев құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерден құралатындықтан, ондағы синтаксистік компоненттерде бастауыш пен баяндауыштың болуы құрмалас сөйлем деп танудың басты критерийі болғанымен, ғалым бұл екі мүшенің синтаксистік рөлі бірдей еместігін, бастауыштан баяндауыштың рөлі басым екендігін, сондықтан құрмалас сөйлем компоненттерінің бастауыштары кейде ортақ болып, тіпті болмауы мүмкіндігі көрсетеді. Мәселен, ғалым «Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар» деген сөйлемнің мағыналық жағын басшылыққа алған болу керек. Өйткені берілген сөйлем себептік қатынасқа құралған.

Көптеген түркітанушылар (Н. Дмитриев, Ш. Ширалиев т.б.) құрмалас сөйлемнің компоненттерінің баяндауыштары жақтасуын басты шарт деп есептесе, ал Н. Сауранбаев құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттерінде баяндауыш бастауышпен жақтасып, тиянақты қалыпта тұруы, қазақ тілі үшін де, жалпы түркі тілдері үшін де шарт емес. Ғалымның бұл пікірімен келіспеуге болмайды.

Н. Сауранбаев құрмалас сөйлемдердегі синтаксистік компоненттердің ара жігі бірнеше тәсілдермен ажыратылады деген қорытындыға келеді. Олар: интонация, баяндауыштың тиянақты формасы, жалғаулықтар, септеуліктер немесе солардың қызметін атқаратын жалғаулық сөздер. Сондықтан «сабақтастарда компоненттердің жігін көрсетуші көбінесе интонация болады да, ал салаластарда үш тәсіл (баяндауыштың тиянақты формасы, жалғаулық, демеулік, интонация) бірдей қолданылады» деп, әрқайсысына талдау жасаған. [40.306-388б] Бұл түркологияда бұрын сонды айтылмаған пікір.

Ғалым тұжырымдарын 1939 жылы С. Аманжоловпен бірігіп жариялаған «Қазақ тілі грамматикасының» синтаксис бөлімінде толықтырып, жетілдіре түседі. Құрмалас сөйлемдер салалас, сабақтас және аралас деп үш топқа бөлініп, аралас құрмалас сөйлемдер жеке зерттеу нысанасы ретінде алынған. Салалас жалғаулықты және жалғаулықсыз салаластар деп екіге бөлінген де, жалғаулықты салалас жеті түрге жіктелген: тіркесті, қарсылықты, үдетпелі, талғаулы, себепті, кезектес, бейтарап салалас сөйлемдер. Ал сабақтас құрмалас сөйлемдер; себеп салдар, мезгіл мәнді, шартты мәнді, салыстырмалы, мақсатты, қарсылықты, нұсқаулы, іргелес, аяулы, сілтеулі сабақтастар деп бөлінген. Қазіргі грамматикада «үдетпелі салалас» пен «тіркесті салалас» - ыңғайлы салалас, «бейтарап салалас» - талғаулы салалас деген атаулармен берілсе, «іргелес салалас» сабақтас құрмалас сөйлемдер қатарынан «үлектес сабақтас» деп танылған. Ал сабақтастардың ішінде «нұсқаулы сабақтас», «аяулы сабақтас», «сілтеулі сабақтас» дегендерден басқасының барлығы қолданылып жүр.

Жай сөйлемнің құрама енген сөздер бір-бірімен қандай грамматикалық тығыз байланыста болса, құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер де сондай тығыз байланыста тұрады. Құрмалас сөйлемдер арасындағы теңдік қатынасқа негізделген салаласа байланысу не біріне-бірі меңгеріле бағыну негізіндегі сабақтаса байланысу болады. Құрмалас сөйлемдер құрамындағы жай сөйлемдердің байланысының әр түрлі болуы – оларды байланыстырушы дәнекерлердің, амал-тәсілдердің әр алуандығы.

Н. Сауранбаев құрмалас сөйлемдерді ұйымдастырудың амалдары ретінде интонация, компоненттердің орын тәртібі, шыраулар, етістіктің есімше, көсемше, шартты рай тұлғалары, изафеттік тіркестер қатыса алады дейді. Бұнда ғалымның жаңалығы – құрмалас сөйлемнің компоненттерінің изафеттік тіркестер арқылы құрмаласуы.

Қай тілде болмасын, адамның айтайын деген ойының аяқталғанын немесе аяқталмағанын білдіруде интонацияның атқарар қызметі өте зор. Тіл-тілде интонация тиянақты және тиянақсыз болып екіге бөлінеді. Тиянақты интонация сөйлемнің соңында келеді де, айтылған ойдың аяқталғанын білдіреді. Бұл қағида – тек жай сөйлемге ғана тән емес, сонымен қатар құрмалас сөйлемдерге де ортақ қасиет. Н. Сауранбаевтың айтуынша, интонация құрмалас сөйлемнің грамматикалық табиғатының негізгі критерийлерінің бірі. Ғалымша, құрмалас сөйлем тиянақты ойды білдіретін екі я одан да көп жай сөйлемдерден емес, біршама аяқталған ойды білдіріп, өзара предикативтік қатынаста тұратын жеке компоненттерден жасалады. Құрмалас сөйлемнің әрбір компоненті тиянақсыз немесе біршама тиянақсыз үнмен айтылады да, тиянақты интонация сөйлемнің соңында келеді. Сондықтан ол тек құрмалас сөйлемге ғана емес жай сөйлемге тән құбылыс. Құрмалас сөйлемдердегі интонацияның бұл түрінің қызметі сол, оларды синтаксистік бір бүтін етіп тұрады. Н. Сауранбаев: «интонация имеет различные ритмика-мелодические разновидности, которые инспользуется в почеркивании эмоциональной окраски стилистических и смысловых оттенков предложений» [41.14-19б] Бұл үстеме мағына жалғаулықтарды қолдану арқылы жүзеге асатынын ғалым дұрыс көрсеткен.

Құрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдердің тіліміздегі қалыптасқан орын тәртібі бұзылса, жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысы, сөйлемнің құрмаластық қасиеті жойылады. Сондықтан құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орын тәртібі жай сөйлемдерді құрмаластырудың елеулі бір тәсілінің бірі болып есептелінеді. Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасуында мынадай заңдылықтар болады: 1) салалас құрмалас сөйлемде, сабақтас құрмаласта да мағына және тұлғалары жағынан тиянақсыз компоненті тиянақты компоненттің алдынан келеді; 2) поэзияда құрмаластардың тиянақты компоненттерімен тиянақсыз компоненттерінің орын тәртіптері өзгері, өлең үйлесіне қарай түрленіп айтылады. Бұлай болып келу тілімізде қалыптасқан заңдылық; 3) сабақтас құрмалас сөйлемнің тиянақсыз компоненті тиянақты компоненттің ішінде келеді. Бірақ бұл тілімізде – кең жайылған құбылыс емес, өте сирек кездеседі. Бұнда сөйлемнің интонациялық жағынан ғана өзгермесе, оның компоненттерінің байланысы менмағынасына ешқандай нұсқа келмейді. [42.146-189б] Н. Сауранбаевтың көрсетуінше, анықтауыш бағыныңқылы, толықтауыш бағыныңқылы және мезгіл, себеп және шартты бағыныңқы сөйлемдер басыңқы сөйлемнің алдында тұрады. Сондай-ақ, құрмалас сөйлемдерде байланыстырушы элементтердің де белгілі орын тәртібі бар. Мысалы, септеуліктер бағыныңқы сөйлем, ал жалғаулықтар басыңқы сөйлем құрамында келеді де: «в сложном предложении твердый порядок расположения простых предложений используется как один из способов связи» [41.19-20б] деп қорытады.

Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластырып, құрмалас сөйлем жасауда жалғаулықтардың атқарар рөлі зор. Әрбір грамматикалық категорялар мен морфологиялық тұлғаларға, синтаксистік қатынастар мен қалыптасқан сөздердің формасына тарихи өлшем тұрғысынан қарайтын ғалым, әрбір жалғаулықты бір кезде толық мағыналы жеке сөздер болған, олардың «жалғаулыққа (демеулікке) айналуының негізгі себебі – сөзбен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасындағы синтаксистік қатынас» деген пікір айтады (бірақ – бір+ақ, дегенмен – де-ген+мен, алайда - алай+да, сөйтіп – солай етіп, сондықтан - солай+болғандықтан, біресе - бір+есе, сөйтсе – солай етсе). Ғалымның бұл болжамын проф. Р.Әміров қолдайды: «Қазақ тіліндегі әйтсе де, әйткенмен, сүйтседе деген қарсылықты жалғаулықтар алғаш жеке сөйлем болған. Бұлардың –се, -де, дегенмен  деген морфологиялық құрамының өзі осы жайды аңғартады. Бұл тұлғалар қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің баяндауышының формасы болып саналады. Аталған жалғаулықтар олай етсе де, олай еткенмен, солай етсе де деген сөйлемдерден ықшамдалып жасалған. Бұл топтар екі сөйлемнің аралығында жұмсалып, соларды өзара байланыстырып тұрған. Бұл аталған синтаксистік қызмет оларды кейін бірыңғай жалғаулық қызметі атқару күйіне ауыстырды... Біресе жалғаулығы бір және есе деген екі сөзден құралған. Бір – сан есім. Есе сөзі жалғаулықтың құрамына енбестен бұрын мағына беретін сөз болған болу керек деп ойлаймыз... Біресе сөзі осындай мәнде қолданылып жүрді де, кейін абстрактыланып жалғаулық болып шықты» [43.12-13б] Н. Сауранбаевтың пікірінше, кейбір жалғаулық мәнде қолданылатын сөздер толығымен жалғаулыққа айналмаған. Мәселен, болмаса сөзі екі макғынада қолданылады: негізгі және жалғаулық мағынасында. Мысал ретінде Бұл үйді салып бітіру керек, болмаса тіпті қою керек – Олай болмаса қайтесің деген сөйлемдерді келтіріп, болмаса жалғаулығы бірінші сөйлемде өзінің негізгі мағынасында қолданылған деп түсіндіреді. Осыған орай, қазақ тіліндегі жалғаулықтарды екі топқа бөледі. Бірінші топқа таза жалғаулықтар, яғни үстеме мағына беретін жалғаулықтарды жатқызса, екінші топқа лексико-семантикалық және грамматикалық мағынада жұмсалатын жалғаулық мәнді сөздер: болмаса, себептен, болғандықтан, дегенмен жатқызылған.

Информация о работе Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері