Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2015 в 12:17, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Ғылыми бағыттың өміршеңдігі уақытпен өлшенеді. Ғалымның ғылыми тұжырымдары мен бағыттары көзі тірісінде қолдау тауып немесе келіспеушіліктерге кездессе, ғалым дүниеден өткеннен кейін оның ғылыми бағыты өзінің негізгі сынағы – уақыт сынағынан өтеді. Бітіру жұмысында академик Нығмет Сауранбаевтың лингвистикалық мұраларына, атап айтқанда, алфавит пен орфография, терминология, тіл тарихы, диалектология, морфология мен құрмалас сөйлемдерге қатысты еңбектері жинақталып, оларға талдау жасалды.

Содержание

1. Н.Т.Сауранбаевтың қазақ тілі оқулықтарын жазудағы және теориялық негіздеудегі қызметі
1.1. Қазақ алфавиті мен орфографиясының дамуындағы ұстанған бағыты.
1.2. Терминология мәселесіне қосқан үлесі
1.3. Оқулықтар мен программалар жазудағы қазақ тіл біліміне сіңірген еңбектері
2. Н.Т.Сауранбаевтың іргелі ғылыми зерттеу еңбектері
2.1. Тіл тарихы мен әдеби тіл жайындағы көзқарасы
2.2. Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен қызметі жайлы еңбегі
2.3. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі жайлы еңбегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сауранбаев Н.doc

— 829.50 Кб (Скачать документ)

Шын мәнінде, соңғы параграфты төртінші тарау ретінде былай орналастырған жөн болар еді:

 

ІV. А р а л а с  қ ұ р м а л а с т а р

 

өйткені ол, салалас пен сабақтас сияқты, құрмаластың жеке бір тарауы ғой. Сонда құрмалас сөйлем үш түрге бөлінеді. Дәл осы тұрысында аралас құрмалас сөйлемдер сабақтас құрмалас түрлерінің қатарына кеткен. Бұл жағдай, әрине, техникалық қателік болуы да мүмкін. Зер сала қараған кісіге аралас құрмаластың салалас құрмаласқа да, сабақтас құрмаласқа да қатынасы бар дербес тақырып екені көрініп-ақ тұр.

Құрмалас сөйлемдердің құрылысы туралы Н. Т. Сауранбаев қалдырған ғылыми мұралардың жалпы саны мен сыр-сипаты осындай. Әрине, біз ғалым қаламынан туған болжамдар мен қорытындылардың барлығы бірдей мінсіз еді деген пікірден аулақпыз. Ол әрдайым өзгертіп, өз пікірін қайта-қайта қарап, жаңартып, жетілдіре түсуді өзіне міндет көруші еді. Жоғарыда біз оны айтып өттік. Сонымен бірге, Н.Т.Сауранбаев өз әріптестерінің пікірімен қатты санасатын, олардың ойын аялап, ортаға түскен пікірін үлкен ыждағаттылықпен бақылап отыратын, қадағалап қарайтын.

Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесін зерттеу мәселесі мектеп оқулықтарының аясынан аса алмай жүрген кезде (1940 жылға дейін)                   Н. Т. Сауранбаев осы істі алғаш қолға алушылардың бірі болды. Танымалы тілшілеріміз Қ. Жұбанов, Х. Басымовтармен, өз қатары С. Аманжолов,                 М. Балақаев, С. Жиенбаевтармен үзеңгілес қатар істеді. Солармен пікір алысты, бірге жүріп, тізе қағысты. Ғылыми мақалалар мен монографиялық еңбектер бұл салаға байланысты қазақ тіл білімінде қырқыншы жылдардан басталады. Осы аталып отырған синтаксис мамандарының қатарына енді А. Ысқақов, Ғ. Бегалиев сияқты зерттеушілер қосылады. Н. Т. Сауранбаев ең бір жемісті еңбек еткен жылдары да осы шамада болды. Кейінірек, елуінші жылдардан бастап, синтаксис мәселелерімен бірге құрмалас сөйлемдер жүйесін зерттеушілердің саны молыға түседі. Т. Қордабаев, О. Төлегенов, А. Әбілқаев, Ғ. Әбуханов,           Ә. Хасенов, М. Томанов, Г. Байтоғаева, Х. Арғынов тәрізді жас мамандар шығып, қатарға қосылады. Қазіргі қазақ тіл білімінің құрмалас сөйлемдер жүйесін танып-білуде жеткен табыстары – сөз жоқ, осы аталған зерттеушілер сияқты толып жатқан ғалымдар еңбегінің жиынтық нәтижесі. Құрмалас сөйлемдерге байланысты негізгі мәселелер түйініне олар ортақ болып, бір шешісті. Ал енді үйірлі мүшелер тобының ролін айқындауға келгенде басты-басты мамандар екі бөлінді. Синтаксис мамандарының пікіріне қарағанда,              Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев және Н. Сауранбаевтар үйірлі мүшесі бар конструкцияны құрмалас сөйлемдер қатарына жатқызады да, екінші топ құрушы С. Аманжолов, М. Балақаев, Т. Қордабаев және Қ. Есеновтер оны жай сөйлем аясында қарайтын көрінеді. Ғылым таласы, әрине, бола береді. Әр қилы мәселелерді шешуге келгенде пікір үйлесімдігімен қатар, ой алалығы әрдайым орын алып отыратыны даусыз. Дегенмен, Т. Р. Қордабаев айтқандай, «Қ. Жұбанов пен С. Жиенбаев бір топта, С. Аманжолов екінші топта, ал                      Н. Сауранбаев көшпелі аралқ топта» деген шешімнің иіні келе бермейтін сияқты. Синтаксис мамандарына қалай да топтап көрсету қажет болатын болса, онда жоғарыда біз айтып өткен топтау орынды сияқты. Ол топтау – Қ. Есенов жолдастың еңбегіне сүйеніп жасалған топтай. Кейінгі буын, жас маман                   Қ. Есенов жолдастың Н. Т. Сауранбаев творчествосына берген мынадай бағасына біз де қосыламыз: «1940 жылдарда құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелуіне айта қаларлықтай үлес қосқан, осы жайында бірнеше ғылыми еңбектер жазған адам – проф. Н. Сауранбаев болды. ...қазақ тілі синтаксистің осы күрделі саласында бұл кісі ерекше орын алады» [2.182-198б]            

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Н.Т.Сауранбаев ғылыми-зерттеу жұмыстарына нағыз беріліп істейтін шын мәніндегі ғалым еді. А.К.Боровков оны «Қазақтың таланты лингвисі» деп бекер айтпаған болса керек.

Қазақ тіл білімінде Нығмет Тінәліұлы 8 монография, 2 брошюра, 60 ғылыми мақала, 7 баяндама, 1 программа, 7 оқулық жазып, 2 сөздік түзіп шықты. Редакциялық жұмыстары мен саяси-әлеуметтік тақырыпқа жазған еңбектері, әрине, өз алдына.

Қазіргі қазақ тіл біліміне байланысты барынша көп   жазып,   баса   назар   аударған   бөлімі синтаксис,   оның   ішінде   құрмалас   сөйлемдер жүйесі. Қырқыншы жылдарға дейін бұл салада тиіп-қашып айтылған бірді-екілі ғана жеке пікірлер болмаса, бұрын-соңды жазылған байыпты ой мен қорытылған тұжырымдар жоқ еді. Н.Т.Сауранбаев құрмалас сөйлемдер жүйесін терең зерттеп, оның бар табиғатын танытып берді. Құрмалас сөйлемдерді   өзара   топтастырып,    жік-жігімен саралап, жүйе-жүйеге бөліп көрсетті. Олардың теориялық негізін ашып, ішкі-сыртқы   құрылысын тексерді. Сөйлемдегі сөздердің   өзара   құрмаласып келгенде қандай жолдар мен тәсілдер арқылы байланысатын сырларын айқындап берді. Құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемдермен, сөз тіркестерімен салыстырғанда қандай   айырмасы бар екендігін анықтады, олардың синтаксис системасындағы орнын белгілеп, сөз қатынасына деген байланысын бағдарлады.   Проблемалық үлкен мәні бар осы бір мәселеге арнап автор бірнеше мақалалар да жазды.

Морфология саласында Н.Т.Сауранбаев қазақ тіліндегі етістік категориясының жасалу тәсілдері мен тарихи даму жолдары, көсемше тұлғалары мен олардың мағыналары, қазақ тіліндегі көсемшелердің сөйлемдегі синтаксистік қызметі жайында келелі ойлар айтып, ұтымды тұжырымдар жасады.

Қазақ тілі грамматикасының, оның ішінде морфологиясының әрқилы тақырыптарына арнап ғалым бірқыдыру ғылыми мақалалар жариялады. Сөз таптары мен олардың өзара таптастырылу принциптері жөнінде айтқан ойлары қазақ тіл білімінің кейінірек кездердегі даму тарихында үлкен із қалдырды. Мектеп оқулықтарында берілуге тиісті осы саладағы ережелердің қалыптасуына мейлінше пісіп жетілген қағидалар қатарында ықпал жасады. Қазіргі қазақ тіліндегі есімдіктердің, рай, вид категорияларының және шылау сөздердің табиғатын зерттеді.

Орфография мен алфавит мәселелеріне байланысты республика өмірінде болып өткен неше алуан кеңестер мен дискуссияларға белсене қатынасып, Нығмет Тінәліұлы әрдайым өз пікірін ортаға салып отырды. Олардың халық өміріне сай келіп, елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік өзгерістерден кем қалмай, іштей астасып келуін қалады. Оқушы жұртшылықтың сауаттылық дәрежесін үздіксіз арттыра түсетін, олардың практикалық талабын дәл тауып, тез қанағаттандыра білетін орфографиялық ережелерді құптап, оларды мерзімді баспасөз беттерінде насихаттап отырды.

1950   жылдардан   бастап   Н.Т.Сауранбаев қазақ   тілінің   тарихы    мен   диалектологиясы туралы мәселемен шұғылданды. Халықтық тілдің шығу тегі мен жасалу арналарына арнап бірнеше мақалалар жазды. Автор: «қазіргі қазақ тілінің түп-төркінін айқындап,   қайнар   көзін   белгілеу үшін ең алдымен көне қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштердің   тілін   зерттеу   керек», —  деп түйеді. Әдеби тілдің тарихына байланысты жазған еңбектері де бірқыдыру. Октябрь революциясына дейінгі әдеби тіл мен Октябрь   революциясынан кейінгі әдеби тіл жайында олардың өзара тарихи   тамырластығы мен монументтік тұтастығы туралы Н.Т.Сауранбаев талай талай ойлар айтып, ғылыми қорытындылар жасап тастады. Әсіресе Абай творчествосына, Абай шығармаларының тілі мен оның жазба әдебиеттің даму барысындағы маңызы туралы көбірек жазды. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде өткен бел-белестері мен жеткен табыстарын баяндау да оның аса бір зейін қойып айналысқан тақырыбы болды. Қазақ тіліндегі говорлар мәселесін   айқындауға да ол бірнеше зерттеулер арнады. Негізгі фонетилық, лексикалық және морфологиялық ерекшеліктеріне қарағанда, автордың ойынша, қазіргі қазақ тілінде үлкен-үлкен екі говорлар тобы бар: Солтүстік-батыс говорлар тобы және оңтүстік-шығыс говорлар тобы. Н.Т.Сауранбаев   бұл говорлардың әрқайсысын егжей-тегжейіне дейін жете зерттеп, өте мол   материалдар   талдады.

Сонымен бірге ол «әдеби тілдің негізгі ұйтқысы солтүстік-шығыс говоры болды» деген кейбір жолдастарының пікіріне қосылмады.

Ғалым айналысқан игілікті істердің бірі — әр түрлі оқулықтар жазу. Қай тұрғыдан жазса да (оқу программалары болсын, оқулық пен көмекші құрал болсын), әйтеуір оның мақсаты — қалың жұртшылыққа қазақ тілін оқыту болды. Өз кітаптары арқылы Н.Т.Сауранбаев мектеп жасындағы балалардан бастап, өз бетімен оқитын ересектерге дейін тәрбиеледі. Педагогикалық училищелер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап үзбей жазып жүрді. Қазақ тілінің ғылыми курсы мен мұғалімдерге арналған оқулықтардан да ол еш уақытта қол үзіп қалған емес.

Жас буын жеткіншектерге арнап Нығмет Тінәліұлы әр алуан оқулықтармен қатар түрлі-түрлі сөздіктер түзіп берді. Орысша-қазақша (немесе, керісінше, қазақша-орысша) сөздіктер жасауға ұдайы қатысып, оларды қалыптастыра түсуге атсалысып отырды. Терминологиялық сөздіктер жасаудың негізгі принциптерін талдау үстінде ондай сөздіктердің әдеби тілімізді жетілдіре түсетін нақтылы қасиеттерін зерттеді.

Қаламдас жолдастарынан Н.Т.Сауранбаев еш уақытта қолғабыс көмегін аяған емес. Кейде жауапты редактор, кейде жетекші, енді бірде рецензент есебінде ол талай-талай жұмыстардың дер кезінде жарыққа шығып, оқушы қауым қолына тез тиюі үшін жанашырлық жұмыстар жүргізді. Олардың тілектесі болды.

Н.Т.Сауранбаев еңбектері туралы, әсіресе ол жазған оқулықтар жайында бірсыпыра сын мен рецензиялар, библиографиялық справкалар жарияланды. Бірлі-жарымы болмаса, олардың басым көпшілігі ғалымның еңбектерінің ғылыми дәрежесін, теориялық тереңдігін, практикалық пайдасын көрсетіп, олардың творчестволық жетістіктеріне әрдайым ден қойып отырды.

Н.Т.Сауранбаев 20 жыл бойы (1938—1958 ж.) басшылық қызметтерде істеді. Іскерлігімен, көпшілікті жұмылдырып, жұмыстарды ұйымдастыра білетін қабілетімен көзге түсті. Халыққа қызмет етудің үлгісін көрсетті.

Нығмет Тінәліүлы салдарлы аға, салиқалы іні болды. Тұстасымен сыйлас, достарымен тату еді. Қатарына қадірлі жолдас болды. Оның жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Қайдаров А.Т. Нигмет Тналиевич  Сауранбаев. //Советская тюркология. 1980 г., № 4, 6-7 б.

2. Құрышжанов Ә. Академик Сауранбаев Н.Т. Алматы: Ғылым, 1974 ж., 201 б.

3. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тілінің  емлесі туралы. // Төте оқу, 1938, 16 қаңтар, № 2, 4 б.

4. Сауранбаев Н.Т. «і» мен «І»  әріптерінің жазылуы. // Төте оқу, 1938, 3 ақпан, № 4, 3 б.

5. Сауранбаев Н.Т.  «Г», «Х», «V» әріптерінің жазылуы. // Төте оқу, 1938, 15 қаңтар, № 5, 7-8 б.

6. Сауранбаев Н.Т. Қысаң «Ы», «І»  дыбыстарының жазылуы туралы. // Төте  оқу, 1938, 8 наурыз, № 7, 4 б.

7. Сауранбаев Н.Т. Емле жөнінде бірқатар ұсыныстар. // Социалистік Қазақстан, 1938, 26 қараша, 8 б.

8. Әмірова Г. Тіл білімінің тарланбозы. // Жұлдыз, 1996, № 2, 192-195 б.

9. Сауранбаев Н.Т. Жаңа әліппе. // Жас большевик, 1941, № 1, 4-5 б.

10. Сауранбаев Н.Т. Орыс тілінен  енген сөздердің емлесі туралы. // Социалистік Қазақстан, 1941, 11 қаңтар, 8-9 б.

11. Сауранбаев Н.Т. Орыс тілінен  енген сөздердің емлесі туралы. // Халық мұғалімі,  1941, № 10, 7-8 б.

12. Сауранбаев Н.Т. Жемісті жылдар. Алматы: Қайнар, 1981 ж., 390 б.

13. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің  проблемалары. Алматы: Ғылым, 1982 ж., 352 б.

14. Рыскельдиева Г.Д., Тайжанова  А.С. Сауранбаев Н.Т. және терминология  мәселесі. // ҚазҰТУ Хабаршысы 2001, 80-83 б.

15. Жауапты редактор: Смағұлова  Г.С. Академик Н.Сауранбаевтың еңбектері. І-том. Алматы: Кенже пресс 2000 ж., 400 б.

16. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің  қалыптасу, даму жолдары. Алматы: Рауан, 1995 ж.,204б.

17. Сыздықова Р., Сарыбаев Ш. Рухани  дүниеміздің мақтанышы. // Заң газеті,  2000, 31 мамыр, 4-5 б.

18. Программа казахского языка  для взрослых. Алматы, 1940, 268 с.

19. Кеңесбаев І.К., Құрышжанов Ә. Азамат ғалым. // Қазақ ССР ҒА  Хабаршысы, 1970, № 12, 70-73 б.

20. Қуанов А. Академик жерлесімізді  еске түсіру. // Қордай шамшырағы, 1970, 6 маусым, 12-13 б.

21. Құрышжанов Ә. Ескі түркі тілдерінің  кейбір жазу нұсқалары туралы деректер. // Қазақ тілі мен әдебиеті, 1958, № 7, 10-11 б.

22. Балақаев М., Құрышжанов Ә. Қазақ  тіл тарихын зерттеудің жайы  мен міндеттері. // Қазақ ССР ҒА  Хабаршысы 1960, № 10, 62-63 б.

23. Ред. коллегия: Кеңесбаев І.К. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тарихы мен диалектологияның мәселелері. // Қазақ ССР ҒА баспасы. 3-шығуы. Алматы, 1960 ж., 178 б.

24. Сыздықова Р., Сарыбаев Ш. Тіл  білімінің тарланбозы. // Егемен Қазақстан,  1996, 23 мамыр, 5 б.

25. Сауранбаев Н.Т., Болатов Ж. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерін зерттеу. // Социалистік Қазақстан,  1957, 14 наурыз, 8 б.

26. Сауранбаев Н.Т.  Әдеби тілдің  әліппесі мен емлесін жетілдіру  мәселесі. // Социалистік Қазақстан 1950, 26 наурыз, 14-15 б.

27. Жауапты редактор: Сауранбаев  Н.Т. Құнанбаев А. шығармаларының толық жинағы. Алматы, 1948, 205 б.

28. Роль Абая в развитии казахского  литературного языка. ВКН. Жизнь  и  творчество Абая. Алма-ата, 1954, 211 с.

29. Абай тағылымы. Алматы, 1982, 415 б.

30. Мүсірепов Ғ. Оянған өлке. Алматы, 1951, 586 б.

31. Досқараев Ж. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері. Алматы, 1956, 338 б.

32. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі  зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1999, 487 б.

33. Сауранбаев Н.Т. Есімдік // Халық  мұғалімі. 1939, № 23-24, 6 б.

34. Әмірова Г. Академик Н.Т.Сауранбаевтың  еңбектеріндегі қазақ тілі морфологиясының теориялық мәселелері: филология ғыл. Канд. Ғыл. Дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.: 10.02.02. – Қазақ тілі. Алматы, 1997, 164 б.

35. Сауранбаев Н.Т. Көсемшелер туралы. // Халық мұғалімі, 1939, № 17-18, 13 б.

36. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен қызметі. // Халық мұғалімі, 1940, 9 б.

37. Бегалиев Ғ., Сауранбаев Н.Т. Қазақ  тілінің грамматикасы. Алматы, 1944, 248 б.

38. Автореферат. Мелиоранский П.М. синтаксисіндегі  құрылымдық ерекшелігі. 2005, 3 қараша, 23 б.

39. Сауранбаев Н.Т. Құрмалас сөйлем  синтаксисі / Академик Сауранбаев  Н.Т. еңбектері.  2-том. Алматы, 2000.,256б.

40. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тілінің құрмалас сөйлемдер жүйесі. /Академик Сауранбаев Н.Т. еңбектері.  2-том. Алматы, 2000.,396б.

41. Әмірова Г. Н.Т.Сауранбаев мақаласы  хақында бірер сөз. // 1995, № 1.

42. Қазақ тілінің грамматикасы.  ІІ-бөлім. Синтаксис. Алматы, 1967,367б.

Информация о работе Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері