Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2015 в 12:17, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Ғылыми бағыттың өміршеңдігі уақытпен өлшенеді. Ғалымның ғылыми тұжырымдары мен бағыттары көзі тірісінде қолдау тауып немесе келіспеушіліктерге кездессе, ғалым дүниеден өткеннен кейін оның ғылыми бағыты өзінің негізгі сынағы – уақыт сынағынан өтеді. Бітіру жұмысында академик Нығмет Сауранбаевтың лингвистикалық мұраларына, атап айтқанда, алфавит пен орфография, терминология, тіл тарихы, диалектология, морфология мен құрмалас сөйлемдерге қатысты еңбектері жинақталып, оларға талдау жасалды.

Содержание

1. Н.Т.Сауранбаевтың қазақ тілі оқулықтарын жазудағы және теориялық негіздеудегі қызметі
1.1. Қазақ алфавиті мен орфографиясының дамуындағы ұстанған бағыты.
1.2. Терминология мәселесіне қосқан үлесі
1.3. Оқулықтар мен программалар жазудағы қазақ тіл біліміне сіңірген еңбектері
2. Н.Т.Сауранбаевтың іргелі ғылыми зерттеу еңбектері
2.1. Тіл тарихы мен әдеби тіл жайындағы көзқарасы
2.2. Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен қызметі жайлы еңбегі
2.3. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі жайлы еңбегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сауранбаев Н.doc

— 829.50 Кб (Скачать документ)

Салыстыра отырып қарағанда, қaзipгi қыпшақ тілдерінің бip-бipiнен aiiйырмасы тек кейбір дыбыстардың қолданылу ерекшелігінде ғана. Әрине, сөз қолдану тәсілі мен грамматикалық форманттардың тұлғаланып келуі жағынан да азын-аулақ айырмашылықтар кездестіруге болады, бipaқ олар айта қаларлықтай үлкен өзгешеліктердің қатарына жатпайды. Мысалы, қaзipгi қазақ, тіліндегі бас, тау, кел, жол сөздері басқа қыпшақ тілдерінде баш, тағ, дағ, гел, кил, джол, йол, йул болып, тек фонетикалық жағынан ғана түрленіп келеді.

Жалпы қыпшақ тілдерінің басқа түрлі топтардағы (мысалы, оғыз группасындағы, немесе шағатай, ұйғыр тобындағы) тілдерден өзгеше айырмашылығы деп Н.Т.Сауранбаев мынадай ерекшеліктерді көрсетеді.

1)   й дыбысының орнына ж/дж дыбысын қолдану (яғни басқа түркі тілдерінде й дыбысы айтылатын жерде қыпшақ тілдерінің ж/жд дыбыстарын қолдануы): жаз-ждаз (паз дегеннің орнына), жыл-джил (пыл деудің орнына), жылан-джилан (йылан) т. б.

2)    Сөз соңындағы ғ (г) дыбысының орнына у қолдану: ту, дәлірек таңбаласақ, тұу (туғ деудің орнына), тау (тағ дегеннің орнына).

  1. Сөз аяғындағы ш дыбысының орнына с дыбысының айтылуы: тас (таш емес), құс (құш емес).
  2. Сөз басында ұяң дауыссыз дыбыстардың орнына қатаң дауыссыздардың қолданылуы: күн (гүн емес), төрт (дөрт емес), тұр (дур емес).

Әрине, бұл келтірілген мысалдар барлық қыпшақ тілдеріне бірдей тән емес. Мысалы, татар, башқыр және ноғай тілдерінде көбінесе й дыбысы қолданылады: йаз (жаз), йұлдыз   (жұлдыз) т. т. Бipaқ басқа мәселелер жөнінен олар қaзipгi қыпшақ тілдерімен, олардың осы аталып отырған ерекшеліктерімен үлкен үйлесім табады. Сонымен бipгe, қaзipгi қыпшақ тілдері ч дыбысының орнына ш, б дыбысының орнына м, у (ү) дыбысының орнына ы(і), д мен з дыбыстарының орнына й дыбысын қолданады. Оларда қач емес қаш; бен емес мен, мин; тоғуз емес тоғыз; адақ, азақ емес айақ (аяқ). Бұл icпeттec сөздердің көпшілік түркі  тілдерінде мағыналық ұғымы бірдей, айырмашылық—олардың дыбыстау қалпында. Басқа түркі тілдерінен гөpi қaзipгi қыпшақ тілдерін өз алдына топ құрып, бөлек ұстап тұратын фонетикалық ерекшеліктер деп, сонымен қатар автор ж (дж), с, у және сөз басында келетін т, қ, к, п дыбыстарын айтады.

Қaзipгi қыпшақ тілдері, осы аталып өткендей, «өзіне тән грамматикалық ерекшелштерді қайдан алды?» деген сұрауға Н.Т.Сауранбаев оларды «көне қыпшақ тілінен алды» деп жауап береді. Қазіргі қыпшақ тілдері мен көне қыпшақ тілдерінің арақатынасын ашу үшін автор «көне қыпшақ тілі деп нені ұғамыз деген мәселеге тоқталады. Көне қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштер мен қaзipгi қыпшақ тілдерінің өзара тарихи байланысы жөнінде, олар арасындағы дәстүрлі қарым-қатынас туралы әркімдер-ақ пікір айтқан болатын. Бұл өзі — ешқандай күмән келтірмейтін ақиқат нәрсе. Әcipece, С.Е.Малов 1940 жылы 1 ноябрьде Қазақ ССР-нің 20жылдық мерекесіне арналып шақырылған СССР Ғылым академиясының Жалпы жиналысында жасаған баяндамасында осы мәселенің басын айқын ашып берді. Ол баяндама кейінірек «Қазақ тілінің тарихына» деген атпен басылып шықты (1940 ж.). Н.Т.Сауранбаевтың «көне қыпшақ тілі» жөнінде келтірген мәліметтері мен анықтамаларын сипаттай кетуіміз керек.

М. Қашқари   (1072 ж.) XI ғасырда жеке қолданылған «қыпшақ тілі» болғандығын атап көрсетеді. Сонымен қатар, ол «қырғыз, қыпшақ, гуз, тухси, яғма, жикл, ағрақ, йаруқ тайпалары — бәрі бірдей түрікше бір тілде сөйлейді» деп жазады. Демек, бұл аталған тайпалар тілдері өзара бірігіп кетіп, бірегей тілге айналған да, ортасынан бір топтап қыпшақ тлін шығарған.

М. Қашқари түркі тілдерінің лексикалық жағынан өзара ұқсастық жақтарын айта отырып, олардың дыбысталу жүйесінде кездесетін кейбір айырмашылықтарына баса назар аударады, соларды талдап, түркі тілдерінің бірінен-бірінің айырмашылық сапасын ашып береді. Қыпшақ тілінің ерекшелігі деп мынадай фонетикалық құбылыстарды көрсетеді. Көне қыпшақ тілінің өзіндік сипаттамаларын түзуде Н.Т.Сауранбаев соған сүйенеді.

й дыбысының орнына дж (ж) дыбысын қолданады: йанджу емес джанджу (шуда).

ш дыбысының орнына с дыбысын айту: талыс, қысыр.

д дыбысының орнына т дыбысын қолдану: дәуә емес тәуә (түйе), бүгде емес бүкте (қанжар).

д дыбысының орнына й дыбысын қолдану: қадың емес қайың.

г дыбысының айтылмай түсіп қалуы: чумғақ емес чумуқ (шымшық торғай, қара торғай), тамғақ емес тамақ.

Демек, XI ғасырдың ортасында қолданылған қыпшақ тілінің фонетикалық негізгі көрсеткіші— дж (ж), с, т, й дыбыстарының қолданылуы мен ғ (г) дыбысының айтылмай түсіп қалуы болып табылады. Н.Т.Сауранбаев осылай түйеді. Дәл осындай ерекшеліктерді біз қазіргі қыпшақ тілдерінен де кездестіреміз.

Көне қыпшақ тілінің басты бір ескерткіші деп Н.Т.Сауранбаев XIV ғасырдың басында ғана жазылған «Кодекс куманикуста» көрсетеді. Мамлюк қыпшақтарының тілінде жазылған бір грамматика мен 1245 ж. жазылған «Түрікше-арабша сөздіктің» тілінде с мен ш дыбыстарының өзара алмасып келетін ерекшеліктерін айтады да,  с дыбысымен айтылатын варианттар қазіргі қыпшақ тілдерін құраған диалектінің негізі деп көрсетеді. С мен ш дыбыстарының өзара алмаса жүріп қолданылатын ерекшелігі өте ертеден басталады. Орхон-енисей жазуының ескерткіштерінде (V—VIII ғ.) кісі — кіші, болмыс — болмыш, соғысмыс — соғысмыш формалары жиі кездеседі.

й дыбысының орнына дж (ж) дыбысын айту процесі де ертеден бері келе жатқан болса керек. А.Н.Бернштам «Орта Азия түркі тілдеріндегі дж-мен сөйлеудің ескілікті іздері туралы» деген мақаласында (1939 ж.). Батыс түркі қағанатына қарасты түріктердің VI ғасырдың аяғында дж дыбысымен сөйлейтінін анықтап берген болатын. Қазіргі ж-мен сөйлейтін халықтар, соның ішінде қазақ халқы да, сол кездегі дж дыбысын қолданған белгілі бір диалектінің тарихи мирасқорлары болып танылуға тиісті. Бұл тәріздес мысалдарға қарағанда, қазіргі қыпшақ тілдерінің кейбір элементтері көне қыпшақ тілінен әлдеқайда бұрын шығып, бірте-бірте жиналып, бір арнаға топтала бастаған. Сөйтіп, XI ғасырда, қыпшақ мемлекетнің тұсында, қазіргі ұлт тілдерінің негізі қаланған, жобасы салынып, сындарлы бір кейіпке түскен. Қыпшақ мемлекетінің құрамына енген қилы-қилы рулар (мысалы, қыпшақ, керей, үйсін, дулат, қаңлы, арғын, қарлұқ, оғыз, қоңырат, найман, жалайыр т. т.) өзара мидай араласып кеткен де, бірге жүріп, бір тілде сөйлеген. Олардың арасында соғдалықтар мен монғолдар да болған. Ол тіл тарихта үстем рудың атымен «қыпшақ тілі» болып аталып кеткен. Бірнеше тілдің (рулық болсын, тайналық болсын) қосыла жүріп, араласа келе бір жасауы тарихта бола береді. Ондай процестің жүзеге асуы марксизм-ленинизм классиктерінің теориялық қағидаларына қарсы келмейді. Мысалы, Ф.Энгельстің айтуына қарағанда, кейбір ұлт тілдері (роман тілдері мен герман тілдері) дайын тұрған материалдар негізінде жасалған да, енді бір тілдер (ағылшын тілі) ұлттар мен ұлттардың өзара аралас отырып, қосылып кетуінің арқасында пайда болған. Қайсыбір тілдер сонымен бірге әр алуан диалектілердің бір бағытта топталып, бір жерге жинақтала келуінен, саяси-экономикалық жағдайдың бір орталыққа бағынып, бір ыңғайда жұмсалуынан барып шығады. Н.Т.Сауранбаевтың «көне қыпшақ» тілі әр қилы рулар мен тайпалар тілінің жиынтығы еді деп отырғаны Ф. Энгельстің осы тұжырымына сүйенгендік еді. XI—XV ғасырларда жасалып, өмір сүрген, қазіргі қыпшақ тілдеріне негіз қалап, осы күнгі ұлт тілдерінің дәрежесіне дейін өсіп-дамыған көне қыпшақ тілі өзінше берік те өміршең болған. Ол IX—XIV ғасырларда үстемдік еткен араб-парсы тілдері мен XIII—XIV ғасырларда билеп тұрған монғол тілі кезінде ассимиляцияға ұшырап, жойылып кету былай тұрсын, монолиттік қалпы мен «қыпшақтық» қасиетін тіпті де өзгерткен жоқ. Өз бетімен дами берді. Ақыр соңында осы аталған тілдердің барлығын да жеңіп шықты: жаңа сапаға ауысып, жасара берді, жаңғыра дамыды. Н.Т.Сауранбаевтың сөзімен айтқанда: «Қазіргі қазақ тілі—көне қыпшақ тілінің жаңа (соңғы) заман кезіндегі жаңа жағдайға байланысты өсіп, өзгерген түрі. Қазақ халқының бір тұлғалы (монолитті) тілі X ғасырға дейін де, көне қыпшақ тілінде сөйлеген халықтың «қазақ» болып аталу дәуіріне дейін де өмір сүріп келген» [22.62 -63б ].

Қазақ тілінің тарихына арналған ендігі бір еңбегі — Н.Т.Сауранбаевтың шығыстанушылардың Лондонда өткен бүкіл дүниежүзілік XXIII конгресінде жасаған баяндамасы. Ол баяндама «Қазақ тілінің жасалуы туралы мәселеге» деген атпен орыс және ағылшын тілінде басылып шықты (1954 ж.). Қазақ тілінің о бастағы тамырын Н.Т.Сауранбаев біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырда өмір сүрген үйсіндер мен гундердің тайпалық одақтарымен байланыстырады. VI—VIII ғасырларда үстемдік еткен Батыс түрік қағанаты мен VIII—X ғасырларда жасаған қарлұқтар мен тургештер бастаған ру-тайпалық одақтар тарихымен қазақ тілінің тарихы ілектес келеді деген пікір айтады автор. Ол кісінің ойынша, Қазақстан территориясындағы феодалдық қатынастардың етек алып, орныға бастауы X ғасырдың бірінші жартысында басталады. XV ғасырдан бастап «қазақ» деген сөз этникалық мағынада жұмсалады. Осы уақыттан бастап қазіргі қазақ тілі өз ерекшеліктерімен түгелдей дүниеге келеді. Ол бұрынғы түркі тілдершінің ішіндегі ж-мен, с-мен сөйлейтін диалектілердің ішінен өсіп-өніп шығады.

XV ғасырға дейін өмір сүрген қазақ тайпаларының тілі жалпы түркі тілдерінің бөлшектенуі (дифференциялануы) арқылы жасалған наречие болып табылады. Ф. Энгельстің қағидаларына сүйене отырып, белгілі бір тілдерде сөйлейтін тайпалардың ыдырай келе, кең алқапқа жайылып, тарқатыла жүре әр алуан топтарға бөлініп кететіні тарихи оқиғалардан белгілі болатын деп жазады Н. Т. Сауранбаев. X ғасырға дейінгі түркі халықтары бірнеше топтарға бөлінген. Қазіргі Қазақстанның солтүстік-батыс аймағын осы күнгі қырғыз бен хакастың, алтайлықтар мен тувалықтардың, якуттер мен сол сияқты басқа халықтардың ата-тегі болып саналатын түркі тайпалары жайлаған. Шығыс Түркестан өңірін ұйғырлар, батыс жақ бағытын оғыз тайпалары мен татарлар, башқырттар мен чуваштар мекен еткен. XI ғасырдың ортасында осы аталған түркі халықтарының көпшілігі-ақ мәлім болған.

Қазақ тілінің негізгі сөздік қорына жататын көптеген сөздерді Н.Т.Сауранбаев VI—VIII ғасырлардан бері (Орхон ескерткіштерінің заманынан бері) баз-баяғы қалпынан бір өзгермей, о бастағы мағынасында қолданылып келе жатқан ескі қор деп суреттейді: көк, күн, түн, ай, торы, боз, аз, көп, ел, іні, біл, мен, сен, ол, өн, бол, бөрі, ілгері т. т. Бұл іспеттес сөздерді еселей түсуге болады. XI ғасырда жазылған М.Қашғари еңбегінде Қазіргі қазақ тіліне тән көптеген сөздер   бар: ой, атыз,ұтыс, алыс, ұрық, азу, ішік, шыбыш, елік, аш, ұя, ерлік, еркеш, сыбызғы, қызғыш, қысыр, бұтақ, бура, қысқаш т.б.

Қазіргі қазақ тілінің ескі түркі тілдерімен, соның ішінде көне қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштердің тілімен өзара ұқсастық табатын ерекшеліктері, Н. Т. Сауранбаев келтірген материалдарға қарағанда, грамматикалық тұлғалар жүйесінен де табылады. Мысалы, XIV ғасырдағы көне қыпшақ тілі мен қазіргі қазақ тіліндегі септік жалғаулары бірдей болып келеді.   Айырма тек ілік жалғауы мен табыс септік жалғауында ғана: ескі жазу нұсқаларында -ның-нің және -ны/-ні. Дауыссыз дыбыстардың ықпал заңына байланысты олар қазіргі қазақ тілінде әр қилы түрленіп келеді: бала-ның, ат-тың, бала-ны, ат-ты, нан-ды. Қазіргі қазақ тілінде ықпал заңы   көне қыпшақ тіліне қарағанда әлдеқайда мол дамып, кең өріс алған. Сол сияқты, «Кодекс куманикус»   тілінде бұйрық рай мен жедел өткен шақ формалары қазіргі қазақ тіліндегідей -дым (-дім), -дың (-дің), -ды (-ді) және -ғай (-гей) жалғаулары арқылы жасалады.  Еді  көмекші етістігі арқылы  жасалатын шақ формалары да көне қыпшақ тілі мен қазіргі қазақ тілінде бірдей: ескі тілде аңлар едім, аңлар едің, аңлар еді; аңласам еді, аңласаң еді, аңласа еді; аңлағай едім, аңлағай едің, аңлағай еді. [23.102-146б ].

Н.Т.Сауранбаевтың зерттеулері бойынша, қазақ тілінің лексикалық құрамында азды-көпті із қалдырған араб тілі мен парсы тілінің, монғол тілі мен орыс тілінің элементтері — осындай тарихи қарым-қатынастар нәтижесі.

Қазіргі қазақ тілінің ұлт тілі болып қалыптасып, жалпыхалықтық әдеби тіл ретінде қарыштап дами бастаған дәуірін Н.Т.Сауранбаев Октябрь революциясынан кейін болды деп түйеді.

Сонымен, қазақтың халықтық тіл тарихын зерттеу үстінде Н.Т.Сауранбаев қазақ тілінің басқа тілдерден (ескі түркі тілдері мен тірі түркі тілдерінен) айырмашылық сипаттамаларын ашты да, ол сипаттамалардың жазба ескерткіш тілдерімен, соның ішінде көне қыпшақ тілінің нұсқаларымен өзара байланысын бағдарлап берді. Ол өз пікірлерін нақтылы мысалдар талдау арқылы дәлелдеуге тырысты, басқа түрлі зерттеушілер жазған мәліметтерді, әсіресе М. Қашғари айтқан анықтамаларды еске алып отырды. Ол қазақ тілінің кейбір белгілері өте ертеден (үйсін, қаңлы және гундер заманынан) бастап-ақ шыға бастаған деп шешеді, XI—XV ғасырларда өмір сүрген көне қыпшақ тілінің бір тармағы есебінде қазіргі қазақ тілі XV—XVI ғасырларда халықтық тіл болып қалыптасқан деп қорытады. Халық тілінің қалыптасу барысында бұрынғы кезде өмір сүрген ру-тайпалық диалектілердің ролі туралы мәселеге де Н.Т.Сауранбаев баса назар аударған. Ол туралы біз диалектологияға байланысты   әңгіме  етеміз.

Н.Т.Сауранбаевтың ойынша, халықтық тілдің кезінде диалектілік ерекшеліктер өзара жойылып кетеді де, олардың кейбір рудиментарлық белгісі мен жобалары ғана сақталады. Н.Т.Сауранбавтың халық тілі туралы жазған негізгі қағидалары осындай.

Қазақ тілінің тарихын зерттеп білу үшін, Н.Т.Сауранбаев көрсетіп отырған мәліметтер, әрине, барынша жеткіліксіз: олар небәрі М. Қашқаридың «Диван луғатит тюрк» кітабы, «Кодекс куманикус», мамлюк қыпшақтарының тілінде жазылған бір грамматика мен бір сөздік (автор олардың атын келтірмейді). Автордың С.Е.Маловқа жасаған ссылкаларына қарағанда, олардың бірі XV ғасырда араб тілінде жазылған «Алкаванин ал-куллиа фи-л-луғат ат-туркия» («Түркі тілінің толық грамматикасы») деген еңбек болу керек. Оның авторы белгісіз, 1928 ж. Стамбулда басылып шыққан. Бастырушы Килисли Муаллим Рифат. Түрік тіліндегі алғы сөзін жазған Фуад Кепрулу. Грамматикалық материалдарын зерттеп шыққан және соның негізінде қыпшақша-немісше сөздік түзген—С.Телегди (1937 ж. неміс тілінде). Бұл еңбектің тілінде ч мен ш дыбыстары өзара алмасып келеді: үш—уч (ұш), кеш—кеч (кеш, кешу), шық—чық (шық, шығу), аш—ач (аш, ашу), ағаш—ағач (ағаш), балшық—балчық (балшық), ақша—ақча (ақша) т. б. Екіншісі 1245 ж. Египетте (немесе Сирияда) жазылған «Түрікше-арабша сөздік» болу керек. Оның да авторы белгісіз. 1894 ж. Голландия ғалымы М.Хоутсма неміс тіліне аударып басқан. Мұның тілінен де ч мен ш дыбыстарының жарыса жүріп, қатар қолданылғандығын көреміз: чері—шері (әскер, «шеру тартып келеді» деген тіркестегі шеру сөзінің мағынасын салыстыр), бақырчы — бақыршы («бақыршы бала» дегендегі бақыршы сөзінің мағынасын салыстыр) т.б. Көне қыпшақ тілдерінен қалған мұраларды қазіргі қазақ тілімен табыстыратын көрсеткіш бұл тәрізді мысалдар құрамында, С.Е.Маловтың айтуы бойынша, ч дыбысының орнына ш-ның айтылуы. Бұл өзі — қазақ тіліне тән негізгі фонетикалық ерекшеліктердің бірі.

Қыпшақ тілінің азды-көпті материалдары жазылып қалған мұралар өте көп. Олар уақыт жағынан алып қарағанда XI—XVI ғасырларды түгел қамтиды. Қыпшақтардың жүрген жері мен отырған ортасына қарай таңылған бірнеше атаулары бар. «Половец» қыпшақтарының тіл элементтері орыс жылнамалары мен хроникаларында, Шығыс Европа елдерінің жер-су аттарында, аномастикалық (кісі аттарында) сөз құрамында сақталып қалған. «Куман» қыпшақтарының тілі— белгілі «Кодекс куманикус» ескерткіші жазылған тіл. Мамлюк қыпшақтарының тілінде жазылған грамматикалық оқулықтар мен сөздіктер оншақты бар да, ол тілде жазылған көркем әдебиет шығармалары (көбінесе аударма туындылар) санаулы ғана. Армян қыпшақтарының тілінде жазылған еңбектер — кеңсе қағаздары, іс документтері, сот протоколдары. Алтын Орда қыпшақтарының тілінде жазылған шығармалар— көркем әдебиет туындылары. Орта Азия (Хорезм) қыпшақтарының тілінде жазылып қалған еңбектер де көркем әдебиет шығармаларының қатарына жатады. Олардың бірі таза қыпшақ тілінде жазылса, енді бірі түркі-қыпшақ тілінде, бағзы біреулері оғыз-қыпшақ тілінде, т.б. аралас тілдерде жазылған болып танылып жүр. Әрине, мұндай жорамалдардың барлығы да барынша ат үсті айтыла салған ойлар ғана. Олар әлі тексеріліп, негізгі жеріне жеткен жоқ. Ол туралы (көне қыпшақ тілі жөнінде) өз алдына ой толғап, шешім айтар кез әлі де болса алда. Ең әуелі әрбір ескерткіш тілін жеке тексеріп, жіті біліп алу керек, сонан соң барып ой қорыту қиындыққа түспейді.

Н.Т.Сауранбаев мақала жазған кезде бұл аталып отырған топтардағы ескерткіштердің көпшілігі беймәлім болатын. Олар кейінгі кездерде ғана ұшпаққа шығып, тюркологтар талқысына түсіп отыр. Онда да, көбінесе, шетелдерде. Зерттеу объектісінің молдығы Н.Т.Сауранбаев еңбектерңнің құнына нұқсан келтірмейді, қайта олардың дәлелді мүмкіншіліктерін жандандырып, толықтыра түседі. Әрине, біз қазақ тілінің қалыптасу тарихына байланысты барлық проблемалық мәселелерді Н.Т.Сауранбаев шешіп берді деген тоқтамға тоқырап отырғанымыз жоқ. Н.Т.Сауранбаев тюркология ғылымының сол кездегі дәрежесіне сай еңбек етті. Одан асып кете алмады. Қыпшақ тілін зерттеуге байланысты болсын немесе қазақ тілінің тарихи тамырларын ашып білуге байланысты болсын уақыт талабы қазір де өзгеше. Ғылым болса дамып барады. Зерттелуге тиісті проблема аумағы кеңейіп, объектілер молая түсті. Теориялық ойлар өрістеп, тарихи заңдылықтар туды. Мәселеге деген көзқараста өзгерді. Әңгіме бірақ мұнда емес. Басты мәселе мынада: қазақ тілінің тарихын зерттеу бағытында алғаш рет ой толғап, қалам тебіренткен ғалымдардың бірі есебінде .Т.Сауранбаев өзінен кейін істелер бірсыпыра істердің бағытын сілтеп кетті. Біздің міндетіміз—осы мақсатты көздеп еңбек жазу, іске кірісу. Дәл Н.Т.Сауранбаев жазған әдіспен әлі де ешкім жазған жоқ. Одан гөрі ұтымдыла әдіс ұсынылып та көрген жоқ. Қазақт ілінің тегін іздеу, көне қыпшақ тілінің сипатын ашу мәселесі Н.Т.Сауранбаев заманынан бері қозғалмай жатыр [24.5б].

Информация о работе Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері