Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2015 в 12:17, курсовая работа
Диплом жұмысының өзектілігі. Ғылыми бағыттың өміршеңдігі уақытпен өлшенеді. Ғалымның ғылыми тұжырымдары мен бағыттары көзі тірісінде қолдау тауып немесе келіспеушіліктерге кездессе, ғалым дүниеден өткеннен кейін оның ғылыми бағыты өзінің негізгі сынағы – уақыт сынағынан өтеді. Бітіру жұмысында академик Нығмет Сауранбаевтың лингвистикалық мұраларына, атап айтқанда, алфавит пен орфография, терминология, тіл тарихы, диалектология, морфология мен құрмалас сөйлемдерге қатысты еңбектері жинақталып, оларға талдау жасалды.
1. Н.Т.Сауранбаевтың қазақ тілі оқулықтарын жазудағы және теориялық негіздеудегі қызметі
1.1. Қазақ алфавиті мен орфографиясының дамуындағы ұстанған бағыты.
1.2. Терминология мәселесіне қосқан үлесі
1.3. Оқулықтар мен программалар жазудағы қазақ тіл біліміне сіңірген еңбектері
2. Н.Т.Сауранбаевтың іргелі ғылыми зерттеу еңбектері
2.1. Тіл тарихы мен әдеби тіл жайындағы көзқарасы
2.2. Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен қызметі жайлы еңбегі
2.3. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі жайлы еңбегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бүкіл совет халықтарының алфавит жүйесін унификациялау мәселесімен байланысты, қазақ тіл мамандарының алдында орыс графикасының негізінде жасалған жаңа алфавит жасау мақсаты тұрды. 1940 ж. бұл алфавит түзіліп, icкe қосылды. Жаңа алфавитпен байланысты жасалған орфографиялық ережелерде бұған дейін орын алып келген кем-кетік, қателіктердің бәрі де еске алынды, қайта қаралды. Жазу ережелерінің нормалары бip iзгe түсіп, тұрақты түрге ауысты. Бұрынғы фонетикалық принциптің орнына енді сөздер фонетикалық және морфологиялық принциптер бойынша жазылатын болып белгіленді. Орыс тілінен, болмаса орыс тілі арқылы ауысқан сөздер орыс тілінде жазылатын қалпында өзгермей бepiлетін болды (бұл да морфологиялық принципке жатады). «Қазақ тіл білімпаздары жасап шығарған қазіргі қазақ алфавиті мен орфографиясы (дұрыс жазу нормалары), — деп жазады Н. Т. Сауранбаев, — өткен уақыттардың ic тәжірибелерін есептей отырып, қазақ тілінің келешек даму перспективаларының мақсатына құрылған. Олар барынша жетіліп, жеңіл қолданылатын болғандықтан көпшілік бұқараның арасына кең тарап, терең сіңіп кетті» [8.192 -194б ].
1941 ж. жаңа жазу ережелері бойынша жасалған орфографиялық сөздікті редакциялап, Н.Т. Сауранбаев өз ойларын осы сөздікті жасау үстінде ic жүзіне асырып отырды. Арнайы бірнеше мақалалар жазды. «Жаңа әліппе» (1941 ж.) [9.4б ], «Орыс тілінен енген сөздердің емлесі туралы» (1941 ж.) [10.9б ], «Орыс тілінен енген сөздердің орфографиясы» (1941 ж.) [11.8б ] деген туындылары жаңа жасалған ережелердің негізгі принциптерін түсіндіріп, насихаттай түсу мақсатын көздеген.
Алфавит пен орфография қағидаларын одан әpi жетілдіре беру мәселесі Н.Т.Сауранбаевтың назарынан еш уақытта тыс қалып көрген емес. Ол осы мәселеге арнап, оқтын-оқтын пікір алысу ретінде мақалалар жазып тұрды. «Әдеби тілдің ал әліппесі мен емлесін жетілдіру мәселелеріне» (1950 ж.), «Қазіргі Қазақ алфавитін рационализациялау мен унификациялаудың жолдары жайлы» (1950 ж.) және «Қазақ тілі алфавиті мен орфографиясы туралы» (1953 ж.) деген жазбалары қазақ алфавиті мен орфографиясын шыңдаудың әр алуан мәселелеріне арналған. Осы күні қолданылып жүрген алфавит халық сауатын арттыра түсу icтe үлкен қызмет көрсетті, орыс мәдениеті мен қоян-қолтық араласып, халықаралық қатынастар саласын ұлғайтуға ат салысты. Алайда, өскен ел мен өркендеген мәдениеттің күнделікті өміріне байланысты өзгеру мен өзге міндеттер тумай тұрмайды. Н. Т. Сауранбаевтың ойынша, мысалы, қазақ алфавитіндегі таңбалар (әріптер) саны тіпті көп — 41 (орыс тілінде —32, басқа тілдерде — 36). Қазақ тілінің өз ерекшелігіне тән дыбыстарды беретін әpiптep саны да баршылық — 9 (ә, ө, ұ, ү, і, қ, ғ, ң, һ). Пікір алысу ретінде ол қазақ алфавитіндегі ә, ө, ү, ұ әріптерінің орнына я, о, у, ё таңбаларын жазсақ қайтеді деген пікір ұсынды (мысалы, дән — дян, cipә — сіря, жөн — жён, күн — кюн).
Оның үстіне қосымша һ таңбасын әдеттегі а, не х әріптерімен алмастыратын болсақ (мысалы, жаһан – жаан, уһ – ух), қазақ алфавитіндегі 41 әріптің орнына 36 әріп қалады екен. Н.Т.Сауранбаев жоғарыда аталған «Қазіргі қазақ алфавитін рационализациялау мен унификациялау жолдары жайлы» деген мақаласында қазақ әріптерін (ә, ө, ү, ұ, һ) орыс әріптерімен берудің әдістерін айтып, ол әдістердің практикалық қолайлы жақтарын талдайды. Осы әріптердің позициялық қолданылу ерекшеліктерін әңгіме етеді.
Бір кездерде қазақ тілінің өзіне ғана тән болып саналатын қолтума дыбыстардың таңбалары (і, қ, ң, ғ, ү, ұ, ө, ә, һ) өз алдына топталып, алфавиттің ең соңында тұратын. Н.Т.Сауранбаев алфавит жүйесіндегі осы тәртіпке қарсы шығып еді. Осы күнгі алфавитте қолтума дыбыс таңбалары орыс әріптерімен қатар келіп, аралас беріліп жүр. Бұл жағдай оқушы көпшілікке түсінікті болса керек. Сөйтіп, Н.Т.Сауранбаев алфавит пен орфография мәселелерін зерттеу саласында әрдайым жаңаның жаршысы болып, жазу жүйесін жеңілдете түсуге белсене атсалысты [12.36 -52б ].
Н.Т.Сауранбаев өзінің «Қазақ тіл білімінің проблемалары» атты еңбегінің «әдебиет тілінің әліппесі мен емлесін жетілдіру мәселелері» бөлімінде мынадай өзіндік пікірін ұсынады: «Қазіргі алфавитімізге осы тарихи тұрғыдан қарасақ, оның тіліміздің қaзipгi шын қалпын айнытпай көрсете алатыны айқын. Мұның бұлай болатын ceбeбi — алфавит дұрыс жүйемен тiзiлгeн. Біріншіден, қазақ тіліндегі ескілі — жаңалы жеке фонемалар дербес әpiптермен таңбаланатын, екіншіден, әріптерді жамау-жасқау өте аз, үшіншіден, әріптердің тұлғасы өзінің орысша қалпынан алыстап кетпеген. Tiптi, қазақ тіліндегі ерекше дыбыстарды таңбалау үшін алынған қосымша ә, ө, қ ғ, ң,ү, ұ,әріптері өзінің негізгі түрінен қашық емес. Тек орысша түрінен бip ғана айырмашылық i әрпінде. Бұл алфавиттің сиқын бұзып тұрған жоқ, ол ұлт тілінің өзiнe тән ерекшелігін көрсетеді.
Ал қaзipгi алфавитімізді eкiншi тұрғыдан, басқа "тілдердің алфавитімен салыстырсақ, оның тағы артықшылығы байқалады. Мәселен, қазақ тіліндегі қ, ғ, ң, ә сияқты ерекше дыбыстарды кейбір көршілес халықтар не мүлдем таңбаламайды (мәселен, қырғыздар, татарлар), не олардың әрқайсысын қос әріппен таңбалайды, мәселен, -кь-қ, гь-ғ, нь-ң деген сияқты. Қазақ алфавитімен жинақты, бірыңғай жазылатын, жеңіл оқылатын қызыл, таң сияқты ортақ сөздер оларда кзыл, танг деп жазылады.
Сөйтіп, қaзipгi қазақ алфавиті барлық жағынан қолайлы, толық, орамды алфавит деп есептелінеді. Мұны еліміздің белгілі тіл ғалымдары да мойындап отыр. Сондықтан, қaзipгi алфавитті түбірінен өзгерту туралы пікірлер артық пiкip болып шығады. Бip кезде осы мақаланың авторы да осы алфавитті мінеп, түзеу бағытында болған. Бұл пікірдің мезгілсіз екендігін мойындауға тура келеді.
Алфавит қысқартып, ықшамдау туралы пікірлердің шығу ceбeбi кейбір тіл мамандарының, интеллигенттердің түсінуінше қазақ алфавитіндегі әріптердің саны тым көп сияқты көрінетін. Мұның өзi, олардың ойлауынша, біріншіден, баспа шығынын көбейтеді де, экономия жағынан тіліміз болады, екіншіден, қазақ алфавиті орыс алфавитінен және басқа халықтардың алфавитінен алшақ кетеді деген пікірден туған.
Қазақ алфавитінде халықаралық, интернационалдық сөздерді бірыңғай таңбалаумен байланысты, орыс алфавитіндей әріптердің түгел алынуы, сол сияқты қазақ тілінің өзіне тән ерекше дыбыстардың толық таңбалануы әрiперiмiздің санын көбейтіңкіреп отыр. Бірақ, бұл көбею өте орынды. Оның тарихи астары қалың. Баспа техникасына, оның кейбір аздаған артық шығынына бола әріптерді қысқартамыз десек, онда біз кейбір сөздерді орынсыз бұзып жазуға дейін барған болар едік. Сол сияқты әріптің санын қысқартамыз деп қазақ тілінің өзіне тән ерекше дыбыстарын таңбаламау тіпті тағы да мүмкін болмайды.
Ал алфавит сан, сапа жағынан орыс алфавитінен алшақ деген пікір де дұрыс емес. Қaзipгi қазақ алфавиті орыс алфавитіне өте жақын және ұқсас.
Қазақ алфавитіне күнделік өмip тілегінің тұрғысынан қарайды. Бұл жағынан қарағанда, алфавиттің тізбегінде жөнделінетін бip-eкi шағын нәрсе бар. Одан жазуымыз өзгермейді, жөнделеді. Ол У дыбысының таңбасы мен алфавиттегі әріптердің рет тәpтiбi жөнінде болып отыр.
Тәжірибе нені көрсетті? Тәжірибеде У әрпінің үстiнe көлденең қойылатын сызықша баспада түсіп қала беретіндігі айқын болды. Оның түсіп қалуынан сөздің мағынасы бұрмаланды. Мәселен, ұлы, ұшы, сұлы, бұра сияқты сөздерде үcтiнгi қосымша сызық түciп қалудан ол сөздер тepic, қате мағына бepiп келді. Қосымша көлденең сызық у әрпінің тұлғасына тиісіп қабыспай, бөлек теріледі, яғни қалыптан тыс тұрады. Сондықтан баспа процесінде ол ұшып кетеді. И әріптің үcтіндегі қосымшаның, сол сияқты ң, ғ әpiптepiндегi көлденең сызықтың түспейтін ceбeбi, олар әpiптің нeгiзгi тұлғасына жапсырылған, нeгiзгi әpiптiң ортасына батырыла орнатылған. Сондықтан бұлар бекем, түспейді.
Сондықтан баспасөз қызметкерлері мен баспахана адамдары да, пікір алысу ретінде өткізілген кейбір мәжілістерде сөйлеген жолдастар да у әрпінің үcтіндегі сызықшаны жөндеудің, оны бекемдеп қиыстырудың қажеттігін мақұлдайды. Көпшіліктің пікірі — көлденең сызықшаны ү әрпінің беліне көлденең тартып орналастыруға тоқталып отыр. Қосымша сызықты осылай етіп, ү әрпіне белбеу етіп алғанда ол бекем болады, ешқашан ұшып түспейді. Сонда қосымшасыз у әpпi орыс тіліндегі және қазақ тіліндегі epiндік толық у дыбысының таңбасы болып қала береді.
Екінші бip мәселе. Қaзipгi қазақ алфавитіндегі әріптердің рет тәртібі дұрыс емес. Әріптер әуелі орысша тәртіппен келеді де, қазақ тілінің ерекше дыбыстарының таңбалары оларға ретсіз тіркеле салынған. Мұның ғылым жағынан да, тәжірибе жағынан да дұрыс еместігі жұртқа мәлім. Әcipece, балаларға әліппені үйреткенде, әліппе тәртібімен сөздік жасағанда бұл тіртіп үлкен қиыншылыққа қосымша таңбалары орыс алфавитіндегі нeгiзгi әріптерге ұқсастығына қарай қатарлас, көршілес орналасуы керек. Мәселен: Аа, Әә, Гг, Ff, Кк, Ққ, Нн, Ңң, Өө, Уу, Yү, Ыы, Іі, h сияқты болып, осындай тәртіппен тізілуі қажет. Совет Одағында орыс алфавитіне кешкен елдің барлығы да осылай еткен. Бұл әбден жүйелі, бірыңғай тәртіп. Сондықтан қазақ алфавитіндегі әріптердің тәртібі де осы көпке бipдe-бip дағдылы болған тәртіпте болуы жөн.
Қaзipгi алфавитімізге осы екі жөндеу ендіруді көпшілік қуаттайды. Бізше бұл екі жөндеу өте қажет, бұл екеуі жұртты қайта үйретерліктей қиындық келтірмейді де.
Осы сияқты жөнделуге, дәлденуге тиісті кейбір мәселелер орфографияда бар. Бipaқ орфографияны әлсірететіндей бip тepic әдетке бой ұрушылық та кездеседі. Кейбір жолдастар орфографияны толық үйреніп, оның ережелеріне машықтанбайды, оны құнт кылмайды, шала біледі, я тіпті білмейді де. Білудің, машықтанудың орнына сол жолдастар жеке ережелерге мін тағуға тырысады. Мұндай адамдар тіл мамандарына былай дейді: пәлен принцип, түген принцип дейсіздер, одан гөpi осы қазақ қалай сөйлесе, неге солай жаздырмайсыздар,— дейді. Осыны айтқандардың жазған хаттарын да көріп байқадық. Олардың бip жолдағы сөзінен екі-үштен қате кездесіп отырады. Емлені толық үйренуді құнт кылмайтын, сөйте тұра, емлені дұрыстау керек деп сәуегейлік жасайтын мұндай жолдастар шаруашылық, кеңсе кызметіндегі адамдар арасында кездеседі. Шаруашылық мекемелерінің тәжірибесінде ана тілінің емлесі өте елеусіз бip нәрсе деп саналып жүр. Мәселен, мекемелердің, өндіріс, сауда орындарының қазақша аттарын олардың дағдысында қазақ емлесі былай тұрсын, қазақ тілін білмейтін адамдар жазады. Шаруашылық, әкімшілік жұмысындағы кейбір азаматтар ана тілін бағаламайды. Мұндай жолдастардың бұл кемшілігі әcipece қазақша баяндама жасағанда, радиомен сөйлегенде айқын көрінеді. Қазақша газеттерді, кітаптарды құнттап оқуға көңіл қоймаған, көзін үйретпеген азаматтap қазақша окығанда булығып, сөйлегенде cүpiнiп тұрады, болмаса сыр білдірмеу үшін сөйлемдегі сөз тіркестepiн орынсыз бөліп, орынсыз екпінмен оқып, жатық тілін көргілеп тұрады.
Біздің әдеби тіліміздің орфографиясын, оның ережелерін баянды eтiп, мәдени салтқа айналдыру жөніндегі айтайық деген пiкipiмiз — ана тілін, оның жазу ережелерін жұртшылық бағаласа екен, соған машықтанса екен дейміз. Сонда орфографиямыз дағдыға айналады. Орфографияның тұрақты ережелерін тұрақсыздау eтiп жүрген бip жағдай — сөздердің әдеби тілдегі қалыптасқан түрін, олардың сөйлеу тілінде қарапайым түрімен шатастыру. Мәселен, кейбір жолдастар дейін, жүз, және, әбден, тайпы, төрт, теңіз, диірмен сияқты әдеби тілде қалыптасқан сөздерді — шейін, шекейін, дүз, жаңа, әптән, тәйә, дөрт, деңіз, дермен деп жазады. Мұндайда әpбip азамат сол сөздің өз аулындағы айтылуын дұрыс дейді. Егерде барлық жердікі өзінше дұрыс болса, бірыңғай әдеби тіл түpi жасалмаған болар еді. Бізше, мұндай айтылуы құбылмалы сөздің қайсысы газетте, журналда, тарихи документтерде,ғылыми саяси шығармаларда көп қолданылса, қалыптасса сол заңды, әдеби түpi болып есептелуі керек. Оның үшін әрине күнделік әдебиетін оқып отыру керек. Ол қиын болса, қазақ тілінің емле сөздігіне қарау керек.
Емле ережелерінің дыбыс жүйелі, тұрақты принципін солқылдататын тағы бip жағдай бар. Ол — адам аттарының, фамилияларының жазылуында кездеседі. Қазақ тілінің емле ережесі бойынша жалпы есімдер сияқты жалқы есімдер де бастапқы тұлғасы сақталып жазылуы керек. Бipaқ көптеген адамдардың фамилиялары мен аттары 1940 жылға дейінгі ескі емленің дыбыс жүйелі принципі бойынша барлық документтерінде естілуінше, айтылуынша жазылып кеткен. Мәселен: Қожаахмет, Әлқожа, Есенкелді, Құлаахмет, Сартбаев, Жұмағазы сияқты бipiккeн жалқы есімдер Қожахмет, Әлқожа, Есенгелді, Құлахмет, Сартпаев, Жұмақазы болып жазылған. Бұлай ресми документтерге жазылып, дағдыланып кеткен кici аттары мен фамилияларды қайта өзгepтiп, бастапқы қалпына келтіру мүмкін емес және қажеттілігі де шамалы. Осыған қарап, кейбіреулер туыс жүйелі принцип бұзылады дейді. Бiзше, бұл былай болу керек. Адам мен фамилиялары ереже заңы бойынша бұдан былай туыс жүйелі принцип бойынша бастапқы тұлғалары сақталып жазылуы керек. Мұны әpбip жеке азаматтар, сол сияқты ресми документтер беретін мекемелер, азаматтық жайды тipкey бөлімдері, паспорт орны, түрлі ұйымдар, есеп-санақ бөлімдері және басқалары мықтап есінде сақтауы керек. Шынын айту керек, мұндай мекемелер, жеке азаматтар бұған бүгінге дейін өте салақ қарап келді.
Ал бұрыннан ресми түрде қалыптасып кеткен бipiккен жалқы есімдерді (адам аттары мен фамилияларды) қайта қопармай-ақ, сол дардыланған түрінде жазу керек. Сонда орфографиямыздың негізгі туыс жуйелі принципі ешбір мүлткісіз қолданылады. Мәселен: наркескен, отряд, сегізкөз, бесжылдық тағы басқалары сияқты. Шындығында барлық есімдердің жазылуын мүлтіксіз бір ғана заңға бағындыру өте қиын, сондықтан ашудас, желбау, жанбас, жамбас, Ащысай, Балхаш, қамыт, доға, балғурай сияқты деформациоланған сөздердің түп тегі қуылмай-ақ, осы қалпында жазылғаны дұрыс. Бірақ мұндай сөздерге арнап орфографияда ереже берілмей, олар емле сөздігінде көрсетілуі керек.
Кейінгі 10 жыл ішінде ана тілінің, оның әдеби түрінің даму процесіне байланысты бірнеше жаңа құбылыстар пайда болды. Олар туралы Қaзipгi орфографияда арнаулы ереже жоқ. Мәселен, халықаралық терминдерге, шет тілдерден кірген сөздерге қазақша қосымшаларды жалғау тәсілі, қысқарған сөздерге жалғанатын қосымшалардың, тырнақшаға алынатын сөздердің қосымшалары туралы. Қазір полк, педагог, парк, гудок сияқты сөздерге қосымшалар жуан да, жіңішке де болып жалғанып жүр. Бұл — әрине тepic нәрсе. Бұл, бізше, былай нормалану керек. Термин сөздерге қазақша жалғау, жұрнақтар соңғы дауыссыз дыбыстың жуан, жіңішкелігіне қарай емес, соңғы буынның жуан, жіңішкелігіне қарай жалғану керек. Мысалы: педальге емес, педальға, дизельға емес, дизельге. Қазақ тілінің негізгі заңында қосымшалар сөздің соңғы буынына қарай жалғанады. Олай болса, термин сөздерге қосылатын қосымшаларды да осы негізгі заңға бағындыруымыз керек. Бipaқ қазақ тілінде к, г барлық дауыссыздардың ішінде тек жіңішке (қ, ғ -лардың тек жуандығы сияқты); яғни қазақ тілінің дыбысталу артикуляциясында қ, ғ келген сөздер жіңішке болмайды. Сондықтан соны к, г-лерге біткен терминдерге қазақша қосымша (зорламаса) жуан жалғанбайды. Мәселен, паркқа, педагогқа емес — паркке, педагогке болады. Осыған байланысты аяғы қ, г-лерге біткен терминдерге қазақша қосымшалар жіңішке түрінде жалғануы керек. Мәселен, полк-ке, геолог-тің сияқты соңындағы қатаң к дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, қазақ тіліндегі заң бойынша ұяң г-ге айналады. Мәселен, гудок-гудегіне, ток-тогін, механик-механигін сияқты. Бүгінге дейін қысқарған сөздерге қосылатын қосымшалар олардың қасына дефиссіз кіші әріппен жазылатын. Мәселен, MTC-тің болып келеді. Іс жүзінде бұл ыңғайсыз болып шықты. Сондықтан да республиканың газет, журналдары, баспа орындары мұның орнына басқа дұрыс тәсіл тауып, соған машықтанып кетті. Ол тәсіл бойынша қысқарған сөз бен оның қосымшасының арасына дефис қойылып жазылады. Мәселен, МТС-тің сияқты. Бұл өте ыңғайлы. Сондықтан бұл ереженің орфографияға енгені әбден дұрыс. Сонымен қатар, қосымша жалғау тырнақшаның ішіне алынады (мәселен, «Правданың»).
Информация о работе Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері