Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2015 в 12:17, курсовая работа
Диплом жұмысының өзектілігі. Ғылыми бағыттың өміршеңдігі уақытпен өлшенеді. Ғалымның ғылыми тұжырымдары мен бағыттары көзі тірісінде қолдау тауып немесе келіспеушіліктерге кездессе, ғалым дүниеден өткеннен кейін оның ғылыми бағыты өзінің негізгі сынағы – уақыт сынағынан өтеді. Бітіру жұмысында академик Нығмет Сауранбаевтың лингвистикалық мұраларына, атап айтқанда, алфавит пен орфография, терминология, тіл тарихы, диалектология, морфология мен құрмалас сөйлемдерге қатысты еңбектері жинақталып, оларға талдау жасалды.
1. Н.Т.Сауранбаевтың қазақ тілі оқулықтарын жазудағы және теориялық негіздеудегі қызметі
1.1. Қазақ алфавиті мен орфографиясының дамуындағы ұстанған бағыты.
1.2. Терминология мәселесіне қосқан үлесі
1.3. Оқулықтар мен программалар жазудағы қазақ тіл біліміне сіңірген еңбектері
2. Н.Т.Сауранбаевтың іргелі ғылыми зерттеу еңбектері
2.1. Тіл тарихы мен әдеби тіл жайындағы көзқарасы
2.2. Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен қызметі жайлы еңбегі
2.3. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі жайлы еңбегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Орфография (емле) жөніндегі бұл айтылғандар — өзгерту емес, өмірден туған жаңалықтар, заңды жөндеулер. Олар сөз, емле ережелеріне енуі керек. Емле ережесі жөнінде тағы бip мәселе бар. Ол — и дыбысының жуан (ый) түрінде де, жіңішке (и) түріне де бip ғана и әрпін жазайық деген пікір. Бұл шындығында ережені біраз өзгерту болады. Сөйтсе де, қосақты ы мен и орнына бip ғана жалаң и қолдану оңай, тиімді, жинақты сияқты. Жуаныңа да, жіңішкесіне де и жазудан сөздің мағынасы бұзылмайды, қайта ый жазылатын сөздердің жазылуы бірыңғайланып жеңілденеді. Мәселен, ыйьқ, қый, сыйыр, қыя, сия, шалқия сияқты сөздерді шұбаландатпай иык,, қи, сиыр, қия, сия, шалқия деп анық, ықшамдап жазуға болмай ма? Бізше, көпшіліктің пікірі дұрыс, ый қосағының орнына и әрпін қолдану керек. Бip дыбысты қос әріппен таңбалау дұрыс емес деп отырып, өзіміздің оған баруымыз бірізділік болмайды», - дейді [13.245 -301б ].
1.2. Н.Сауранбаевтың «Терминология мәселесіне қосқан үлесі
Академик Н.Сауранбаевтың қазақ тіл білімі туралы ғылымға қосқан үлесінің бірі – терминология жайындағы еңбектері.
Н.Сауранбаев 1939-1944 жылдары Қазақ ССР-інің Халық комиссарлар советі жанындағы Терминология комиссиясының ғылыми хатшысы болып жүрген кезінен бастап, өмірінің соңына дейін терминология мәселелерінен қол үзген емес.
Терминология комиссиясының ғылыми хатшысы бола жүріп Н.Сауранбаев терминдердің қолданылуына байланысты көптеген мақала жазды, терминологиялық сөздіктер түзуге қатысты, олардың редакциясын басқарды.
Мысалы мектеп жасындағы балалар үшін «орысша-қазақша сөздік» жасады (1942 ж.), «терминологиялық» (1950 ж.), «орфографиялық» (1941 ж.) сөздіктердің редакциясын қарады. Екі томдық «орысша-қазақша сөздіктің» (1946 ж.) жауапты редакторы болды. Москва баспасы жарыққа шығарған үлкен бір томдық «орысша-қазақша сөздіктің» (1954 ж.) жалпы редакциясын басқарды.
Оларға жазған алғы сөздерінде Н.Т. Сауранбаев сөздік түзудің өзіндік ерекшеліктерін, сөз таңдап, алудың, оларды морфологиялық құрлысы жағынан суреттеп берудің жол-жобасын айқындап берді.
Сөз мағыналарының басты қасиеттері мен ауыспалы жүйелерін аударудың тиімді принциптерін ашты. Қазақ тілінің құрлысы жөнінде, оның даму тарихы мен байлығы жайында, маңызы мен рөлі туралы қысқаша болса да тартымды-тартымды мағлұматтар келтірді. Сөздік жауаптың жақсы үлгілерін көрсетті.
Сөйтіп, жас буын жеткіншектерге арнап Н.Т.Сауранбаев әр алуан оқулықтармен қатар түрлі-түрлі сөздіктер де жазып берді.
Орысша-қазақша сөздіктер жасауға ұдайы қатысып, барынша ат салысып отырды. Терминологиялық сөздіктер жасаудың негізгі принциптерін талдай отырып, ондағы сөздіктердің әдеби тілімізді жетілдіре түсетін нақтылы қасиеттерін көрсетті. Тіл байлығымыздың молая, көркейе түсетін көздерін зерттеді. Н.Т.Сауранбаев түзген және оның редакторлық етуімен жарық көрген сөздіктер – қазіргі кезге дейін құнын жоймаған, өз алдына бір зерттеуге жүк боларлық дүниелер.
Адамның рухани өмірінің ең құдіреттісі, өмірге ең қажеттісі – тіл. Тіл – қоғамдық құбылыс. Қоғам қашанда қозғалысқа, өзгеріске, дамуға бейім. Тілдің қоғамдық қызметі арта түсті, дамыды деп ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеге жетсек, осыны айтқызатын алдымен терминологиялық лексика. Ендеше осы жөнінде Н.Т.Сауранбаев терминология мәселелеріне арнап «Қазақ әдебиет тілі және оның терминологиясын жасау туралы» (1941 ж) деген мақала жазды.
Автор өзінің мақаласында: «Жалпы тіл құрлысындағы жұмыстарды жақсарту, жөндеу көп жағдайға байланысты. Сол көп жағдайдың бірі - әдебиет тілінің терминологиясын жасау.
Терминология жасау - өте керекті мәдениет, қоғам үшін пайдалы ғылыми жұмыс. Терминология жасау арқылы біздің өсімпаз тұрмысымызға лайықты әдебиет тіліміздің сөздік қорын байыта аламыз» - деп атап көрсетеді.
Сөздік қоры толығуының негізгі жолы – сөз тудыру тәсілі. Қазақ тілінде сөз тудырудың ежелден келе жатқан екі негізгі тәсілі бар:
Бүгінгі таңда осы тәсілдер негізінде техника ғылымында жаңа атаулар пайда болуда. Мәселен: машина жасау саласында бұрама (винт), бұрандама (болт), боршалау (демонтаж), қырғыш (шабер), құмтүрпі (абразив), автотиеуіш (автопагрузчик), таскендір (асбест), тезжүргіштік (быстроходность), дірілбергіш (вибродатчик), мойынтірек (подшипник), кемпірауыз (клещ), тағы сол сияқты сөздер осы жолдармен жасалған [14. 80-82б].
Қазақ тіліндегі байырғы сөздердің Н.Т.Сауранбаев көрсеткен мынадай семантикалық заңдылықтары бар.
С е м а н т и к а з а ң ы н ы ң м ы н а л а р ы :
Мұнда алғашқы заттың, я бұйымның аты оның жаңа түрлерін атауға қатысып отырғандығы білінеді. Аяққап— ыдыс-аяқ салынатын қап, уыққап — көшкенде уықтың бунағына кигізілетін қап, қолқап — қолға киілетін киім.
Бауыр — алғаш адамның бауыры — одан кейін бip туған iнi, аға (туыс жақындығы), қанат — ұшатын қанат, одан кейін үйдің қанаты, Шопан — бұрын қойдың құты, қазір шопан түрінде қойшы т. б. [...] Қазақша болыскей — Польшадан шығатып заттың аты. Сондықтан Польское (серебро) дегеннен болыскей көп аталып кеткен. Мұнда елдің аты жаңа затқа қойылған. Keйбip жерлерде шашқа тағатын шолпыны сөлкебай деп те атайды. Бұрын орыс тілінде бip сомдық күмicтi цельковые деген. Шолпыны, я сөлкебайды қазақ даласында осындай бip сомдық, я елу тиындык күмістен жасайтын, сондықтан мұнда бұрынғы сомның аты eндi әшекейлік бұйымға ауысқан.
Алғашқы заттың, құбылыстың, құралдың я бұйымның ecкi аты оның жаңа түрлеріне ауысып отырады. Мұны семантикалық ат ауысу заңы деп атайды. Мұндай ат ауысу ecкi мен жаңаның арасындағы не ұқсастыққа, не қызметтестікке, не табиғи жақындығына байланысты болады.
4. Бөлшектік тұтастану заңы. Бұл заң бойынша кейбір зат, құбылыс туралы ұғымдар бөлшектің тұтастану заңы арқылы аталады. Мәселен, қозы, лақ, бұзау, бота, құлын сияқты дара, бөлшек мәнді атаулардан жалпы мәнді тұтас ұғымдар пайда болған: (қой) қоздау, (ешкі) лақтау, (сиыр) бұзаулау, (түйе) боталау, (бие) құлындау сияқты сөздер.
Бұлар – құлын, қозы сияқты дара бөлшек ұғымдармен ұласқан тұтас ұғымдар. Құлақшын, төсқалта, жанқалта, тілмар сияқты сөздер де осы жүйеде жасалған.
Енді қазақ тілінің негізгі сөздік қорының мағыналық түрін сипаттауымыз керек.
Қазақ тілінің негізгі сөздік қорындағы байырғы түбірлері мен байырғы туындылардың мағыналарын, яғни олардың білдіретін ұғымдарды адамның өндірістік ісінен, оның неше алуан саласынан бөліп қарауға болмайды. Өйткені тіл – ойлаудың көрінісі, оның ақиқаттық формасы. Ал ойлаудың өзі объективтык шындықтың адам есіндегі сәулесі. Олай болса, сөздік қордағы зат, іс, сапа, құбылыс туралы ұғымдар адам қоғамының тарихындағы мәдени, шаруашылық өмірге бірден және тікелей байланысты болады. Мұны қазақ тілінің қорындағы байырғы түбірлер мен байырғы туындылардың мағыналық сапасынан, мағына түрлерінен анық көруге болады.
Н.Т.Сауранбаев қазақ тілінің байырғы сөздері мағына түрлеріне қарай мынадай топтарға бөледі.
1. Жалпы құбылысқа байланысты сөздер: шуақ, қыстау, көктеу, жайлау, күздеу, қырбақ, қылау, шық, бұлақ, қайнар, тоспа, құдық, нөсер, сел, ақ жауын, бұршақ, түбек, күнгей, теріскей, шағыл, т.б.
2. Тұрмысқа байланысты сөздер: орақ, қылыш, найза, уық, кереге, шаңырақ, табалдырық, таяныш, мосы, қасық, шөміш, саптыаяқ, ожау, торсық, саба, мес, құр, басқұр, құрт, дөдеге, түңлік, таңғыш, белдеу, желбеу, тон, жейде, шекпен, тұмақ, кимешек, сәлде, тері, көн, жарғақ, піспек, шуда, түбіт, қыл, бөстек, сырмақ, текемет, тұс киіз, абдыра, жағлан, т.б.
3. Анатомиялық атаулар және аурулардың аттары.
Бас, құлақ, көз, мұрын, ерін, тіс, тіл, таңдай, азу, күрек тіс, атасақал, шүйде, тусырт, мықын, тірсек, қатпаршақ, жұмыршақ, шарбы, сүбе, құйыршық, бұғана, көк ет, жүрек қап, сүзек, тұмау, безгек, құрт ауру, қояншық, сақина (мигрень), қылтамақ (рак), жөтел, көк жөтел, алапес, құлғана, мерез, мешел, шешек, қотыр, ұшық, ауыздық, басыр, құрқұлақ, іш ауру, жел ауру, жамандаты (жылқыда), қарасан (түйеде), топлаң (қойда, сиырда), кебенек, қыршаңқы, қышыма, т.б.
4.Тұрмыс-салт және туысқандық атауларға байланысты сөздер: ас, қырқынан шығару (туғанда), қырқын беру (өлгенде), тұсауын кесу (жүре бастағанда), алтыбақа, ақсүйек, бастаңғы, сырқат, киіт кигізу, аза салу, көкпар, сайыс, аударыспақ, сәре, дәйекші, шабандоз (көкпаршыл), қалжа, соғым, апа, бауыр, бажа, жиен, нағашы, құда, құдағи, құда бала, құдаша, жек-жат, ағайын, немере, шөбере, жеті ата, жесір, жесір дау, тұңғыш, ортаншы, кенже, т.б.
5. Шаруашылыққа байланысты сөздер. Қазақ халқы ежелгі кәсібі мал шаруашылығымен бірге, егін шаруашылығымен де айналысқан. Сөздік қордағы байырғы сөздердің дені осы шаруашылықтар мен кәсіптерге байланысты пайда болған. Мәселен, құлын, тай, жабағы, құнан, дөнен, бесті, құнажын, байтал, дөнежін т.б. Толып жатқан сөздер мен осы шаруашылықпен байланысты түрлі әрекет, іс, қимылдарды да және одан шығатын нәтиже – заттарды білдіреді. Мәселен, мал бағу, егін егі, жер жырту, ұн тарту, жер суғару т.б. Мұндай әрекетті, істі, қимылды білдіретін сөздер көне заманда жеке қолданылмаған, олар істің затын, нәтижесін білдіретін сөздермен (яғни объектімен) бірге айтылған. Істің, қимылдың, әрекеттің қандай затпен, объектімен, нәтижесімен байланысты екендігі сол іске байланысты заттан білінетін болған. Мәселен, айда сөзінің мал айдау ма, я жер айдау ма, я айдаған жер ме? Алдыңғы мал, жер сөздерінен айқындалады.
Қазақ тілінің сөздік қорындағы бір айқын көрнекті нәрсе – ондағы түс атаулары. Славян тілінде басқа европалықтар тіліндегі сияқты түс атаулар түрлі бұйымның, заттардың түсіне байланысты. Ал қазақ тіліндегі атаулары көбінесе малдың түр-түсіне байланысты болады. Жоғарыда малдың тек түріне байланысты сөздер айтылды. Мәселен, құла, торы, қоңыр, жирен, боз, қылаң, күрең, кер, тарлан, шұбар сияқты сөздер негізгі түсті білдіреді. Бұлар бірі-бірімен тіркесе айтылып, жалпы түстердің аралас түрін білдіреді. Мәселен, қара торы, қарагер, құлагер, көксұр, қаракүрең, сарықызыл, көк тарлан, бозтарлан, қарашұбар, ақшұбар, саршұбар, аққасқа, көкқасқа, жирен қасқа, сарықасқа т.б. Бұл түс атауларының бір өзгешелігі бар.
Кейбір түс атаулары тек бір малға ғана айтылады да, кейбіреулері барлық малға да айтылады. Мәселен, күрең, жирен, кер, тарлан, боз, құла сияқтылар тек жылқыға айтылады. Ал қызыл сөзі сиыр мен жылқыға айтылады. Малдың барлық түріне бірдей қолданылатын түс атаулары – көк.
6. Өсімдік, жәндік (флора, фауна) атаулары. Байырғы сөздердің ден көпшілігі өсімдік, жәндік атаулары. Мәселен, жыңғыл, тораңғы, күреңсе, май жапырақ, жаужапырақ, түйежапырақ, қарасора, атқұлақ, қалақай, алабота, меңдуана, сиырқұйрық, көкбас, балдырған, малжусан, адыраспан, кекіре, көкемарал, балықкөз, сарғалдақ, сарандыз, жуа, жаужұмыр, қой жуа, жауқазын, аққурай, ақмамық, миа, селеу, алмұрт, алша, балқурай, баялыш, жалбыз, ермен т.б. Сол сияқты үй жәндіктерінен басқа аң аттары да аз емес. Мәселен, тау ешкі, қарақұйрық, елік, сасықкүзен сияқты аң аттары: шымшық, тұйғын, ителігі, кезқұйрық, дуалақ, ұзақ, көк кептер, құрқылтай сияқты құс аттары; балық атаулары – табан, жайын, сазан, итбалық, бекіре т.б.
7. Жер-су аттары. Халық өзінің мекен еткен жерін, ондағы болған оқиғаларға, ол жерлердің табиғи қасиетіне, көрініс белгілеріне қарай атайды. Мұндай топонимдер де сөздік қордың бір тарауы болып саналады.
Топонимиканың екі түрі бар, бірі ескі түрлері, екіншісі – жаңа түрлері. Ескі түрлеріне социалистік революциядан бұрын пайда болған топанимикалар жатады. Бұған: Жосалы, Жезқазған, Сарыарқа, Саржазық, Сарыжайпақ, Шарбақты сияқтылар жатады. Жаңа түрінде Талапкер, Екпінді, Қызылжұлдыз, Еңбек, Бесжылдық, Алға сияқты атаулар жатады. Бұлар Социалистік Октябрь революциясынан кейін пайда болған. Топонимикалық бұл екі түрінің жалпы жағы бар да, айырмашылық жағы бар. Жалпы жағы – бұлардың қайсысы да қоғам тарихында болған оқиға мен я сол жердің негізгі қасиетіне, табиғи белгісіне қарай қойылады. Мәселен, Жезқазғанды, бұрын мекен еткен ел сол жерден оның жезін ақзып алып пайдаланған. Жердің аты осыған байланысты қойылғанға ұқсайды. Жетісу жеті өзеннің (Аякөз, Қаратал, Лепсі, Ақсу, Көксу, Іле, Шу) алқабы деген мағынада қойылған.
Информация о работе Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері