Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2015 в 12:17, курсовая работа
Диплом жұмысының өзектілігі. Ғылыми бағыттың өміршеңдігі уақытпен өлшенеді. Ғалымның ғылыми тұжырымдары мен бағыттары көзі тірісінде қолдау тауып немесе келіспеушіліктерге кездессе, ғалым дүниеден өткеннен кейін оның ғылыми бағыты өзінің негізгі сынағы – уақыт сынағынан өтеді. Бітіру жұмысында академик Нығмет Сауранбаевтың лингвистикалық мұраларына, атап айтқанда, алфавит пен орфография, терминология, тіл тарихы, диалектология, морфология мен құрмалас сөйлемдерге қатысты еңбектері жинақталып, оларға талдау жасалды.
1. Н.Т.Сауранбаевтың қазақ тілі оқулықтарын жазудағы және теориялық негіздеудегі қызметі
1.1. Қазақ алфавиті мен орфографиясының дамуындағы ұстанған бағыты.
1.2. Терминология мәселесіне қосқан үлесі
1.3. Оқулықтар мен программалар жазудағы қазақ тіл біліміне сіңірген еңбектері
2. Н.Т.Сауранбаевтың іргелі ғылыми зерттеу еңбектері
2.1. Тіл тарихы мен әдеби тіл жайындағы көзқарасы
2.2. Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен қызметі жайлы еңбегі
2.3. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі жайлы еңбегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Н.Т.Сауранбаевтың қазақ тілі оқулықтарын жазудағы және теориялық негіздеудегі қызметі
1.1. Қазақ алфавиті мен
1.2. Терминология мәселесіне қосқан үлесі
1.3. Оқулықтар мен программалар жазудағы қазақ тіл біліміне сіңірген еңбектері
2. Н.Т.Сауранбаевтың іргелі ғылыми зерттеу еңбектері
2.1. Тіл тарихы мен әдеби тіл жайындағы көзқарасы
2.2. Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен қызметі жайлы еңбегі
2.3. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі жайлы еңбегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. Ғылыми бағыттың өміршеңдігі уақытпен өлшенеді. Ғалымның ғылыми тұжырымдары мен бағыттары көзі тірісінде қолдау тауып немесе келіспеушіліктерге кездессе, ғалым дүниеден өткеннен кейін оның ғылыми бағыты өзінің негізгі сынағы – уақыт сынағынан өтеді. Бітіру жұмысында академик Нығмет Сауранбаевтың лингвистикалық мұраларына, атап айтқанда, алфавит пен орфография, терминология, тіл тарихы, диалектология, морфология мен құрмалас сөйлемдерге қатысты еңбектері жинақталып, оларға талдау жасалды.
Академик Н.Сауранбаев – қазақ тіл білімінің барлық салаларына қалам тартып, оның негізгі теориялық бағыт-бағдарын анықтап, ірге тасын қалыптастыруға үлес қосқан санаулы ғалымның бірі. Бүгінгі таңда ғалымның есімі тарих қойнауында. Ал Н.Сауранбаевтың зерттеулері қазақ тілінің бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселелерін шешуге әлі де ғылыми теориялық құндылығын жоймаған, жолбасшы ретінде пайдаланып келеді. Бұл – ғалымның теориялық білімінің тереңдігін, өміршеңдігінің, өрістілігінің куәсі.
Қазіргі қазақ тілінің алфавит пен орфография, терминология, тіл тарихы, әдеби тіл, көмекші есімдер мен құрмалас сөйлемдер жүйесінің өткені мен бүгінгі жай-күйін, көкейкесті мәселелерін танып білуде академик Н.Сауранбаевтың теориялық тұжырымдарын зерттеудің маңызы зор.
Н.Сауранбаевтың ғылыми зерттеу еңбектерінің қазіргі таңда, негізгі анықтауда бағдарламалық мәні бар, қазақ тіл білімінің дамуы мен оның өзекті мәселелерін шешуде баға жетпес мұра. Бүгінде ғалымның еңбектері, соның ішінде құрмалас сөйлемдер, көмекші есімдер, терминология мәселесі, әдеби тіл жөнінде зерттеулері ғылыми бағасын әлі де толық алған жоқ. Сондықтан ғалым тұжырымдарының қалыптасуының теориялық негіздерін анықтау, бүгінгі күнгі тұжырымдармен салыстырып, жан-жақты талдау жасап, жинақтау жұмыстың өзектілігін танытады.
Диплом жұмысының нысаны. Н.Сауранбаевтың ғылыми мұралары. Академик Н.Сауранбаевқа қатысты пікірлер мен ізденістері. Қазақ тіл білімінің табиғатын танып білуде Н.Сауранбаевтың тұжырымдарын негізге ала отырып, белгілі қазақ, орыс және түркітанушы ғалымдардың пікірлерін қазіргі қазақ тіл тұрғысынан зерттеу көзделеді.
Диплом жұмысының мақсаты: Диплом жұмысының мақсаты – қазіргі қазақ тілінің қалыптасуына сіңірген еңбегінің мәнін ашу, ғылымда ұстанған ұстанымдарын айқындап, жалпы тіл білімінде қалыптасқан теориялық тұжырымдарына лайықты баға беру.
Диплом жұмысының міндеттері:
― Н.Сауранбаевтың алфавит пен орфография мәселесіне қатысты тұжырымдарының, атап айтқанда, мақалалары, ұсынған пікірлері, ұстанған бағыты жөнінде ғылыми ізденістерінің мәнін ашу;
― Сауранбаевтың терминология мәселесіне қатысты тұжырымдарының ғылыми теориялық деңгейін анықтау;
― Терминологиялық сөздіктің маңыздылығын көрсету;
― Қазақ тіліндегі байырғы сөздердің семантикалық заңдылықтарын анықтау;
― Сөздік қор мен сөздік құрамның баю каналдарын көрсету;
― Н.Сауранбаевтың оқулықтар мен оқу құралдарын жазудағы мектеп және жоғарғы оқу орындарында қолданысын айқындау;
― Н.Сауранбаевтың зерттеуіне қатысты қыпшақ тілін, қазақ тілімен байланыстылығын көрсету;
― Қазақ әдеби тілінің даму, қалыптасу тарихын, жасалу жолдарын және қазақ әдеби тілінің жасалу барысындағы Абайдың рөлін анықтау;
― Н.Сауранбаевтың қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен қызметі жайлы еңбегіндегі қазақ тіліндегі етістік тұлғаларының жасалу жолдарын, көсемшелердің формалары мен мағыналарын, олардың қызметін айқындау;
― Н.Сауранбаевтың салалас құрмалас сөйлемдерге қатысты тұжырымдарының ғылыми-теориялық деңгейін анықтау;
― Сабақтас сөйлемнің теориялық мәселелері: бағыныңқы сөйлемнің грамматикалық сипаттары, құрмаласу жолдары, топтастыру мәселесі т.б. Н.Сауранбаев зерттеулерінде қандай көрініс тапқандығын көрсету.
Диплом жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысының тәжірибелік маңызы: Н.Сауранбаевтың қазақ тіл білімінде өзекті проблемаларын қозғаған ой-пікірлері қазақ тіл білімінде, жалпы тюркологияда күрделі мәселелердің шешімін табуға септігін тигізеді деген ойдамыз. Зерттеу материалдары қазақ тілі құрмалас сөйлем синтаксисі, көсемшелердің семантикасы, әдеби тіл, тіл тарихы, лексикологияны танып білуде тіл мамандарына, дәріс ретінде пайдалануға филология факультетінің студенттеріне қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
1. Н.Т.САУРАНБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҚТАРЫН ЖАЗУДАҒЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕУДЕГІ ҚЫЗМЕТІ
1.1. Сауранбаев Н.Т. Қазақ алфавиті мен орфографиясының дамуындағы ұстанған бағыты
Н.Т. Сауранбаев 1910 жылы июльде (Жамбыл облысының Қордай ауданында) туып, 1958 жылы ноябрь айында (Алматыда) қайтыс болды. Небәрі 48 жас жасаған Н.Т.Сауранбаев өз өмірінің 20 жылын ғылыми-педагогикалық және қоғамдық жұмыстармен айналысуға жұмсады (1938-1958 жж).
Н.Т.Сауранбаев ауыл молдасынан азын-аулақ сауат ашқаннан кейін «Қасық» селосындағы орта мектепте оқыды (1925 жылға дейін). Одан кейін ол Алматыдағы оқу-ағарту институтының дайындық курсында оқып (1925-1928 ж.), Қостанайға көшіп барған сол институттың негізгі (стационарлық) курсын бітіреді (1932 ж.). Москваның Герцен атындағы мемлекеттік педагогика институтының филология факультетінде сырттай оқып жүреді де (1932-1934 ж.), 1935 жылы оның III-курс студенті болып қабылданды. Бірақ, сол жылы Ленинградқа барып, педагогикалық ғылымдар академиясының аспиратурасына түсті. Оның 1938 жылы бітіріп шықты.
22 жасынын бастап Н. Т. Сауранбаев Қазақстан Халық ағарту комиссариатында инспектор болып жұмыс атқарды (1932 - 1934). Енді ол сол комиссариат жанынан жаңадан ұйымдасып жатқан Ғылыми- зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болып тағайындалды . (1938ж.). Келесі жылы Нығмет Тінәліұлы Халық Комиссарлар Советінің жанындағы Терминологиялық комитеттің ғылыми хатшысы болды.
СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалы жанынан 1941 жылы Тіл, әдебиет және тарих институты ұйымдастырылып, соған директор болып бекітілді.
1946 жылы Қазақ ССР Ғылым
Ол өмірінің соңғы жылдары (1956-1958 жж.) Тіл білімі институтында Қазақ тіл тарихы мен диалектология бөлімін басқарды.
Ғалым 1940 жылы «Қазақ тіліндегі көсемшелердің мағынасы мен қызметі» деген тақырыпта кандидаттық (еңбек орыс тілінде жазылған), 1943 жылы докторлық («Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі») диссертациясын қорғады. 1945 жылы Н.Т. Сауранбаев «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері» деген құрметті атақ алды.
1938 жылдан бастап қазақ тілінің белгілі маманы ретінде жоғары оқу орындарында лекция оқыды, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі болып қызмет істеді.
Ғылыми-педагогикалық әр алуан жұмыстарымен қатар бірсыпыра қоғамдық жұмыстарды атқарды. 1950 жылы ол Бүкіл Одақтық бейбітшілікті жақтаушылар комитетінің мүшесі болып сайланды. 1954 жылы шығысты зерттеушілердің бүкіл дүниежүзілік ХХІІІ конгресінде (Лондонда) «Қазақ тілінің қалыптасу мәселесі жайында» деген тақырыпта баяндама жасады. Әр алуан қоғамдық- саяси жұмыстарға байланысты Н.Т.Сауранбаев бірқатар шет елдерде (Иран, Ирак, Индия, Англия, т.б.) болып қайтты.
Ол бірнеше журналдар мен жинақтардың, академиялық басылымдар мен баспасөз органдарының редакторы, редакция алқаларының мүшесі болып та қызмет атқарды.
Ғалым «Құрмет Белгісі» орденімен, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет граммоталарымен наградталған.
1942 жылдан бастап КПСС мүшесі еді.
Қазақ тіл білімінің ол кісі қалам тербемеген саласы кемде-кем. Оның әсіресе зер салып, көп айналысқан тақырыбы – қазіргі қазақ тілінің синтаксисі мен қазақ тілінің (халықтық тіл мен әдеби тілдің) тарихы болды. Әлде де болса бұл салада Н.Т.Сауранбаев еңбектерімен қатар түсетін жұмыстар жоқтың қасында.
Ғалымның өмірі мен қызметі жайында, оның ғылыми еңбектері мен қоғамдық жұмыстары жөнінде әр кезде жазылып та, айтылып та жүр. Мысалы, ол жөнінде ең соңғы уақытта жарияланған Ә,Қайдаровтың мақаласын айтсақ та жеткілікті [1.6 -7б].
Қазақ тіл білімінде Н.Т. Сауранбаев жазып қалдырған мұралар бірнеше салаға бөлінеді. Олар – қазақ алфавиті мен орфографиялық ережелер жөніндегі нақтылы ұсыныстар мен анықтамалар; қазақ тіліндегі лексикалық байлықтың құрамы мен сипаттамалары; әр қилы сөздік жасаудың принциптері мен негіздері туралы тоқтамдар; сөз таптарын өзара жіктеу критерийлері мен олардың ерекшелік қасиеттері; есімдік, етістік, рай категориясы, көсемше тұлғасы және шылау сөздерінің морфологиялық суреттемесі, семантикалық сыры мен синтаксистік қызметі жайындағы толғаулар; жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдер жөніндегі ғылыми зерттеулер; халық тілінің жасалу жолдары мен көздері жөніндегі көкейкесті мәселелер; әдеби тіл тарихының басталу базасы мен даму кезеңдері жайлы айтылған пікірлер; қазақ диалектісінің қалыптасып бітпеген кейбір қағидалары жайында пікір алысу; оқулықтар мен программалар жазудың өрнектері; республикамыздағы қоғамдық ғылымдардың даму барысы туралы болжамдар мен перспективалық жоспарлары; қоғамдық-әлеуметтік және мәдени өмірімізге байланысты жазылған әр алуан мақалалар, шығармалар. Н.Т.Сауранбаевтың ғылыми мұраларын оқи отырып, ең алдымен көзге түсетін нәрсе – оның жан-жақты дамыған дарынды ғалым екендігі. Қай тақырыпты алып, қалай қалам тербетсе де автор майталман болған мамандай толғана тұрып жазады, түбегейлі шешімін толық бергенше ол толастамайды. Н.Т.Сауранбаевтың эрудициялық диапазоны өте кең, тіл білімі туралы арғы-бергі заманның ілімдерін жете меңгерген, теориялық қаруы мен практикалық қабілеті орасан зор. Қазақ тіл білімінің қалыптасу тарихымен бір өсіп, біте қайнаған, барлығын бастан өткізіп, кәнігі болған автордың сындарлы тұлғасына қай тараудан айтса да жарасып жатыр.
Н.Т.Сауранбаев өз творчествосының нағыз шарықтау кезінде синтаксис мәселелерін зерттеумен шұғылданады. 1950 жылы жазған бір есебінде: «Құрмалас сөйлем синтаксисі мен етістік категориялары туралы ғылыми ізденулермен айналысып жүрмін», - деген екен. Ол 1944-1948 жылдары екі монография жариялап (жалпы көлемі 15 баспа табақ), үлкен-үлкен 3 мақала жазыпты (жалпы көлемі 5 баспа табақ). Н.Т.Сауранбаев шығармаларының басты объектісі синтаксис болғандықтан, біз төменде келтірілген шолуымызда осы бөлімге кеңірек тоқтадық. Бірақ соған қарамай, Нығмет Тінәліұлы тек синтаксис маманы ғана емес, шын мәніндегі грамматик, лексикограф, тарихшы, диалектолог және методист болып аталуға толық праволы.
Н.Т.Сауранбаев еңбектері туралы төменде жасалатын шолу мынадай жүйемен берілді:
1. Қазақ жазуы мен қазақ
Алфавит пен орфография.
2. Лексикология және
а) Лексика, терминология.
ә) Сөздіктер.
3. Грамматика саласында:
а) Морфология.
ә) Синтаксис.
4. Тіл тарихы мен диалектология саласында:
а) Халық тілінің тарихы.
ә) Әдеби тілінің тарихы.
б) Диалектология.
5. Оқулықтар мен программалар жазу саласында:
а) Оқулықтар.
ә) Программалар.
б) Методикалық нұсқаулар.
6. Жалпы бөлім:
а) Қоғамдық ғылымдардың даму жолдары мен міндеттері жайында жазылған еңбектер.
ә) Ғылыми және саяси білім табыстарын халық арасына тарату үшін жазылып, қалың көпшілік оқушыға арналған мақалалар.
б) Мәдени, қоғамдық, әлеуметтік, саяси және азаматтық тақырыптарға жазылған публицистикалық шығармалар [2.145 -153б ].
Алфавит пен орфография мәселелеріне байланысты Н.Т.Сауранбаевтың ұстанған негізгі принциптері мыналар болды: жазу ережелерінің жатықтығы, оқушы қауымға түсініктілігі, халық сауатын тез көтеруге, қазақ әдеби тілінің даму заңдылығына бейім келуі. Алфавит жасау мен ережелер түзуге Н.Т.Сауранбаев күнделікті өсіп келе жатқан өмір талабының тұрғысынан қарады. Сол бағытта жұмыс істеді. Қазақ алфавиті мен орфографиясының даму тарихы туралы ойларын, олардың әр кезеңге сәйкес табыстары мен кем-кетік жерлерін Н.Т.Сауранбаев өзінің «Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы және оның келелі мәселелері» (1947, 1948 ж.), «Қазақ әдеби тілінің даму тарихына» (1947 ж.) деген мақалаларында атап көрсеткен болатын. Ғылыми негізге сүйеніп түзілген, шын мәніндегі жалпы халықтық алфавит тек Октябрь революциясынан кейін ғана жасалған еді. Сондықтан оның қазақ әдеби тілінің совет дәуіріндегі даму барысымен қатар қаралғандығы заңды да. Н.Т.Сауранбаевтың бағалауы бойынша, араб алфавитінің негізінде жасалған қазақ жазуы қазақ тілінің дыбыс (фонетикалық) жүйесін айқын таныта алмады. Консонанттық принципке құрылған араб жазуында дауысты дыбыстарды таңбалау үшін үш-ақ әріп қолданылатын еді. Қазақ тіліндегі 9 дауысты дыбыстарды бейнелеу үшін оларды қалай өзгертіп, қалай құбылтқанмен де, ойдағыдай алфавит шықпай қойды. Оның есесіне қазақ тіліндегі кейбір дауыссыз дыбыстар бір емес, бірнеше (екі не үш) таңбамен берілетін болды. Дыбыс пен әріп өзара үйлесім таппай, сөздердің бұзылып жазылуы мен қате оқылуына әкеліп соқты, үндестік заңы сақталмай, сан қилы бұлаңға түсті. Бұрыннан бepi талғамсыз қолданылып келген қазақ жазуына 1924 ж. реформа жүргізілді. Оның өзi де толассыз өciп, қарыштай дамыған қазақ әдеби тілінің барлық талап-тілегін түгел қанағаттандыра алмады. Күн тәртібіне латын алфавитінің негізінде жасалған жаңа жазу жүйесіне көшу міндеті қойылды. Латын алфавитіндегі (1929-1940 жылдар арасында қолданылған) кейбір әріптердің қазақ тiліндегі дыбыстық мазмұны мен олардың жазылу ережелері жөнінде Н. Т. Сауранбаев бip топ мақалалар сериясын жазды. Ол серия «Қазақ тілінің емлесі туралы» деген мақаладан басталады (1938 ж.) [3.4б ]. «V» мен «u» әріптерінің жазылуы», «i» мен «j» әріптерінің жазылуы [4.3б ], «Ю», «х», «v» әріптерінің жазылуы туралы» [5.7б ], Қысаң «ь» «j» әріптерінің жазылуы туралы» [6.4б ], «Емле жөнінде бірқатар ұсыныстар» (1938 ж.) -деген мақалалары мен заметкалары — осыған куә [7.8б ]. Жаңа алфавит пен жаңа жазу емлелері жөнінде болып жатқан күрестің Н. Т. Сауранбаев бел ортасында жүріп, белсене қызмет көрсеткен.
Информация о работе Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері