Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2015 в 12:17, курсовая работа
Диплом жұмысының өзектілігі. Ғылыми бағыттың өміршеңдігі уақытпен өлшенеді. Ғалымның ғылыми тұжырымдары мен бағыттары көзі тірісінде қолдау тауып немесе келіспеушіліктерге кездессе, ғалым дүниеден өткеннен кейін оның ғылыми бағыты өзінің негізгі сынағы – уақыт сынағынан өтеді. Бітіру жұмысында академик Нығмет Сауранбаевтың лингвистикалық мұраларына, атап айтқанда, алфавит пен орфография, терминология, тіл тарихы, диалектология, морфология мен құрмалас сөйлемдерге қатысты еңбектері жинақталып, оларға талдау жасалды.
1. Н.Т.Сауранбаевтың қазақ тілі оқулықтарын жазудағы және теориялық негіздеудегі қызметі
1.1. Қазақ алфавиті мен орфографиясының дамуындағы ұстанған бағыты.
1.2. Терминология мәселесіне қосқан үлесі
1.3. Оқулықтар мен программалар жазудағы қазақ тіл біліміне сіңірген еңбектері
2. Н.Т.Сауранбаевтың іргелі ғылыми зерттеу еңбектері
2.1. Тіл тарихы мен әдеби тіл жайындағы көзқарасы
2.2. Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен қызметі жайлы еңбегі
2.3. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі жайлы еңбегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3) Жаңа сөздердің шығуы. Шаруашылық пен әлеуметтік құрылыстың, өндіріс пен мәдениеттің өзгеріп, дамып отыруы үздіксіз жаңа сөздер туғызып отырады (мысалы, тілші, темір жол т.б.).
Сөздік құрам сөздік қорға қарағанда әлдеқайда бай да орамды келеді. Ол – ғылыми техникалық, саяси-шаруашылық терминдері арқылы қорлана түскен, мәдениет пен искусство саласында жұмсалатын әр алуан сөздерді игере білген зор қазына. Онда көптеген жаңа сөздер мен соны мағынаға ие болған байырғы сөздердің сарқылмас қайнар бұлағы, аршылған көзі жатыр. Сөздік құрам негізгі сөздік қордың семантикалық дамуы арқылы байып отырады. Ол жаңа сөздердің есебінен әрдайым жаңғырып, есейіп, толысып тұрады. Жаңа сөздер семантикалық заңдылықтар мен сөз тудыру тәсілдерінің арқасында іске асады. Сөз құрамының дамуы мен баю каналдары деп Н.Т.Сауранбаев мынадай жолдарды көрсетеді:
Сөз құрамының бұдан басқа баю жолдары мен даму кестелері де бар болу керек. Н.Т.Сауранбаевтың ойы, шамасы, оның барлығын тізіп, түгел зерттеу емес, келешек зерттеу жұмыстарына бағыт беріп, жол сілтеу мақсатында ма деп ойлаймыз. Қазақ лексикасының қилы-қилы мәселелерін зерттеп шешуді Н.Т.Сауранбаев әсте негізгі міндет етіп алдына қойған емес. Сондықтан ол бұл тақырыпқа қайтып оралған да жоқ. Негізгі мақалаларының басты мақсаты, біздің ойымызша – қазақ тілінің сөздік қорының құрамы мен құрылысын, өзіндік сипаттамалары мен қорлану қасиеттерін жан-жақты терең зерттеуді қазақ тіл білімінің күн тәртібіне қоя білу.
Лексикография саласында Н.Т.Сауранбаев мектеп жасындағы балалар үшін «Орысша – қазақша сөздік» жасады (1942 ж.). Терминологиялық (1950 ж.), орфографиялық (1941 ж.) сөздіктердің редакциясын қарады. Екі томдық «Орысша-қазақша сөздіктің» (1954 ж.) жалпы редакциясын басқарды. Оларға жазған алғы сөздерінде Н.Т.Сауранбаев сөздік түзудің өзіндік ерекшеліктерін, сөз таңдап алудың, оларды морфологиялық құрылысы жағынан суреттеп берудің жол-жобасын айқындап берді [16. 135-168б].
1.3. Оқулықтар мен программалар жазудағы қазақ тіл біліміне сіңірген еңбектері
Н.Т.Сауранбаевтың аса бір жемісті еңбек еткен саласы қазақ тілін оқытуға байланысты оқулықтар мен оқу құралдарын жазу болды. Республикамыздың күнделікті өміріне қызу араласқан кезеңінің өзі де ғалымнан осы бағытта сұғына жұмыс істеуді талап етті. Мәдениет майданында еңбекші халықты түгелдей сауаттандыру міндеті тұрды. Оқулықтар мен оқу программаларын жазу, методикалық нұсқаулар мен консультациялық құралдар беру сол кездегі мамандардың төл ісі болып табылады. Бірсыпыра міндеттер оның үлесіне тиді. Ол мектеп оқушыларына арналған оқулықтар бастап, жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін жазылған ғылыми курстарға дейін өз қолынан өткізді. 1939 жылы С.Аманжоловпен қосылып мектеп оқушыларына арналған «Қазақ тілінің грамматикасын» жазды («Синтаксис» бөлімі). 1945 жылы Ғ.Бегалиевпен қосылып «Қазақ тілінің грамматикасы» деген оқулық жазып шығарды. 1944 жылы педагогикалық училищелердің студенттері үшін «Қазақ тілі грамматикасы» кітап жариялады. Педучилище оқушылары менбастауыш мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу құралы есебінде бұл кітап 1948 жылы қайта басылып шықты. 1953 жылы педагогикалық училищелерге арналған «Қазақ тілі» деген оқулық тағы жарық көрді. Мектеп оқулықтарына қарағанда, мұнда, училище үшін арналып жазылған оқулықтарда, қазақ тілінің материалдары әлдеқайда жоғарғы дәрежеде, ғылыми деректерге негізделіп, көлемді де дәйекті түрде баяндалып отырды. Көптеген мәселелердің ол кезде басы ашылмай, әр алуан аспектіде айтылып жүргенін еске алсақ, дұрыс шешімін тауып, өз орнына ұсынылып отырған Н.Т.Сауранбаев қағидаларының ақиқаттығы айқындала түседі. Қазақ тіл білімінің өзіне дейінгі және өз кезіндегі барлық табыстары мен игілікті жетістіктерін жете меңгеріп, сарқа пайдалана отырып, ғылымның өзі де ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Солардың түпкі жиынтығын, істелген іс пен жасалған жұмыстар қорытындысының нәрі мен сөлін әкеліп оқулық беттеріне түсіріп берді. 1954 жылы педагогикалық институттар мен университеттің филология факультеттеріне арналып жазылған «Қазіргі қазақ тілі» деген ғылыми курс жазуға қатысты («Құрмалас сөйлемнің синтаксисі» деген бөлімді жазды) [17. 4-5б].
Орыс мектептерінің оқушылары, V класс оқып үйрену үшін жазылған «Қазақ тілі» деген тұрақты оқулықтардың авторы да - Н.Т.Сауранбаев. 1938 жылы жазылған бұл оқулықтың 1950 жылы 5 – баспасы жарыққа шықты. 1940 жылы ересектерге арнап «Қазақ тілінің программасын» жасаса, 1941 жылы қалың көпшілік оқытушылар үшін «Ана тілін оқыту туралы» деген методикалық нұсқаулар мен кеңестер берді.
Қай кітабын жазса да, Н.Т.Сауранбаев жас буын жеткіншектер мен қарапайым совет азаматтарының сауатын ашып, білімін жетілдіру мақсатын көздеді, ана тіліне, қазақ тіліне деген олардың сүйіспеншілігін арттырып, ынтасын көтерді. Мұғалімдердің практикалық сабақ беру жұмысын ғылыммен ұштастырды, тілді оқыту ісінің теориялық негізін қалады. Ол ғылымды педагогикамен жалғастырды. Республикамыздағы ғылыми мекемелерде болып жатқан жаңалықтар мен толып жатқан табыстарды мектеп пен училище, институт пен жұртшылық арасына таратып, қазақ тіл біліміндегі алдыңғы қатарлы ой-пікірдің жаршысы болды. Ол – жас пен кәрі шәкірттердің ұстазы, мұғалімдердің ақылшысы де серігі рәуішті. Н.Т.Сауранбаев жоғарғы оқу орындарында оқыған лекцияларының өзі – бір төбе. Олар әлі жарияланған жоқ. Қолжазба күйінде сақтаулы (Қазақ ССР Ғылым академиясының архивінде) [18.233-259б ].
Н.Т.Сауранбаев өзі жазған еңбектеріне үлкен жауапкершілікпен қараушы еді. Әрдайым қайта қарап, оларды өскен өмір талабымен қалыптастырып отыратын. Әсіресе, оқулықтар мен ғылыми курстарын барынша байыптап, жаңа материалдармен толықтырып, жан-жақты жаңартып, қадағалап қайта бастыратын. Мысалы, ол «Редакцияға хат» (1951 ж.) деген мақаласында академик Н.Я.Марр теориясының азды-көпті ықпалы тиген «Қазақ тілі грамматикасының» педучилищелерге арналған курсын кейінірек уақыттарда Н.Я.Марр ілімінің әсерінен тазалап, қайта жаңғыртып жазып шыққанын айтады. Осы мақаласында автор өз еңбектерінен орын алып келген кейбір кемшіліктердің бетін ашып, оларды түзетудің жолын қарастырады. Мысалы, ол «Қазақ тіліндегі түбір сөздердің өзара омоним болып келуі – тіл дамуының аморфтық стадиясынан қалған ескіліктің нышаны», - деп қарайды («Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен функциялары» деген еңбекте). Мұндай жағдайда қазақ тілі осыкүнгі агглюнативтік құрылысқа ауыспай тұрып, аморфтық (ешқандай грамматикалық көрсеткіші жоқ қалыпта қолданушылық) стадияны басынан кешірген болып шығады. Бұл - әрине, Марр оқуының стадиялық («секіртпелі даму») теориясының әсерінен туған жаңсақ пікір. Қазақ тілі о бастағы табиғатында жалғамалы (агглютинативті) тіл болып жаратылған. Бұл еңбекте тілдің таптық характері мен диалектінің негізгі анықтамалары туралы айтылған ойлар да бар. Олар сол уақыттағы совет тіл біліміндегі кейбір ағымдарға байланысты жазылған. Қазақ тіл білімінің даму тарихы үшін ол ойлардың қажеті шамалы болар, бірақ бұл жерде айрықша еске алатын нәрсе - Н.Т.Сауранбаевтың өз жұмыстарына соншалықты ұқыпты қарап, оларды дер кезінде сынай білетіндігі. Мінелген еңбек сындарлы шықпақ.
Н.Т.Сауранбаев ешқандай сын мен рецензия жазған автор емес (қызмет бабымен жазылған, бірақ жарияланбаған рецензияларын есепке алмағанда). Тек осы мақаласында ғана «Н.Я.Марр ілімінің әсерінен айыға алмай жүр» деп кейбір ғалымдардың адресіне бағыштап сын айтады. Онысы да – сол кездегі жалпы тіл білімінің саяси бағытына байланысты айтылған сөз. Осы күнгі тіл мамандары үшін бұл жағдайлардың мәнісі айқын болса керек. Библиография саласына байланысты С.Е.Малов туралы жазған «Тюркология ғылымының ірі қайраткері» (1945 ж.) деген мақаласы мен «Совет ғалымдарының тюркологиялық еңбектері» (1948 ж.) деген информациялық хабары жарияланды. Соңғы мақала да, негізінен алғанда, С.Е.Маловтың шығармашылық табыстарын паш етуге арналған [19.70 -73б ].
Н.Т.Сауранбаев көп жылдар бойы басшылық қызметтерінде істеді. Қазақ ССР Ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімінде академик секретарь (1946-1951 ж.), осы академияның вице-президенті (1951-1956 ж.) болып жүрген кездерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар қоғамдық-ұйымдастыру істерімен қатты шұғылданды. Гуманитарлық ғылымдардың жалпы даму жолдарын бағдарлап, сол кездегі жағдайын өз назарынан тыс қалдырмай отырды. Мамандар күшін іріктеп, келелі мәселелрдің дер кезінде шешіліп отыруы үшін үлкен күш жұмсады. Перспективалық жоспардың негізін қалап, ғылыми мекемелер мен ғалымдар алдына тиісті міндеттер қоя білді. Қоғамдық ғылыми қызметтеріне лайықты бірнеше мақалалар жазып, әр алуан жиналыстарда ұйымдастырып, көлемді де көрнекті баяндамалар жасады. Қазақ ССР Ғылым академиясы ұйымдасқан алғашқы уақыттардың өзінде «Қоғамдық ғылымдар бөлімі және оның міндеттері» (1947 ж.), «Совет ғылымынң жаңа жеңістеріне қарай» (1947 ж.), «Қазақстандағы қоғамдық ғылымдардың дамуы» (1947 ж.) деген бірнеше мақалалар жариялады. Онда автор жаңа құрылған жас бөлімнің (Қоғамдық ғылымдар бөлімінің) айбынды міндеттерін атап көрсетіп, сол міндеттерді орындау жолында ғалымдар қауымына жігер беріп отырды.
Қазақ ССР Ғылым академиясы Қоғамдық ғылымдар бөлімінің жыл сайын өтетін традицялық сессияларында әрдайым сөйлеп, республикамыздағы қоғамдық ой-пікірдің даму барысы туралы хабарлап отырды. Ол сөздерінің біразы кезінде жарияланып та жүрді (1948, 1951 ж. т.б.). «Қазақ ССР Ғылым академиясындағы қоғамдық ғылымдардың жағдайы мен одан әрі дамыта түсудің міндеттері» (1951 ж.) деген мақаласын автор гуманитарлық ғылымдардың жан-жақты жедел дамуы үшін жүргізіліп жатқан күреске мұрындық болу үшін жазған.
Н.Т.Сауранбаев үнемі тарих пен этнографияның, археология мен әдебиеттану ғылымының, құқық мен философияның, экономикалық ғылымдар мен искусствоның хал-жағдайы мен болашақ барысын тамыршыдай бақылап алақанында ұстады. Бірақ ол қазақ тіл білімінің күнделікті тұрмысынан еш уақытта қол үзіп көрген емес. «Қазақстандағы тіл білімі ғылымын одан әрі өркендете түсу үшін» (1952) деген еңбегі – осының айғағы. Автор мұнда совет тіл білімінде болып жатқан ғылыми-теориялық өзгерістер тұрғысынан қарап, қазақ тіл білімінің алдында жаңа міндеттер мен үлкен талаптар қояды.
Н.Т.Сауранбаев талантты лектор, жетілген үгітші еді. Ғалым табыстарын қалың көпшілік арасына таратып, қарапайым оқушылар қатарына жеткізіп отыратын. Нағыз ғылыми тұрғыдан жазылған еңбектерін кейде оқушы көпшілікке арнап, қарапайым тұрғыдан баяндалған мақалалары республикалық баспасөз беттерінен жиі-жиі ұшырайтын. Ол Қазақ ССР-ның саяси және ғылыми білімдер тарату қоғамының толық мүшесі болды. «Карл Макс және тіл білімінің кейбір мәселелері» (1958 ж. Ж.Болатовпен бірігіп жазған), «Ломоносов және орыс тілі» (1948 ж.), «Үгітшінің тіл мәдениеті» (1958 ж. Ж.Болатовпен бірігіп жазған), «Ескі дүние елдерінің өмірінен. Индия» (1949 ж.) тәрізді шығармалары – қарапайым оқушы қауымының білім дәрежесін көтере түсу мақсатымен жазылған дүниелер.
Қоғамдық-әлеуметтік тақырыптар да оның өмірінен үлкен орын алып отырды. М.Ғабдуллин туралы ол «Совет Одағының Батыры және ғалым» (1947 ж.) деген мақала жазды. Амангелдінің өмірі мен оның қазақ тарихындағы ролі туралы пікірлер айтты. Жеңіс күніне арнап, социалистік құрылыстың жетістіктерін мадақтап бірнеше публицистикалық заметкалар мен зарисовкалар жариялады. Дүние жүзіндегі бейбітшілік сақтау ұранына үн қосып отырды. Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік өзгерістер жөнінде әрдайым жазып жүрді [20.12-13б ].
2. Н.Т.САУРАНБАЕВТЫҢ ІРГЕЛІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕКТЕРІ
2.1. Тіл тарихы мен әдеби тіл жайындағы көзқарасы
Халықтық тілдің жасалу тарихына байланысты 1948 ж. Н. Т. Сауранбаев Қазақ ССР Ғылым академиясының Жалпы жиналысында баяндама жасады (22 — 23 ноябрьде). Кейінірек ол баяндама жеке мақала есебінде «Көне қыпшақ тінің кейбip сипаттамалары» деген тақырыппен басылып шықты (орыс тілінде). Ең алдымен мынаны айту керек. Қазақ тілінің жасалу тарихы мен қалыптасу дәуірін автор бүкіл қыпшақ тілдерімен тағдырлас қарайды, бip тамырдан өpбiтiп, бipгe тексереді. Оларды бір негізден таратады. Қaзipгi қыпшақ тілдерінің немесе қaзipгi қыпшақ тілдерінің әpбip жеке өкілдерінің (мысалы, айталық, қазақ тілінің, қарақалпақ, қарапайым, башқыр, татар, қарашай-балқар, құмық, ноғай тілдерінің) о бастағы нeгiзi болып табылатын диалектілер өзі қолданылып отырған ортаның ықпалына қарай, яғни белгілі бip қоғамның характері мен формасына қарай қалыптасады. Н. Т. Сауранбаев «Редакцияға хат» деген мақаласында («Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабаршысына» жазған) Қaзipгi қыпшақ тілдерінің нeгiзi болған диалектілер бұрынғы болған тайпалық одақтардың құрамында өмір сүрген деп топшылайды. Үйсін, қаңлы тайпалары мен Батыс түрік қағанаты, феодалдық қыпшақ мемлекеттері тұсында Қaзipгi қыпшақ тілдеріне ортақ белгілі бip нeгiзгi тілдің (ата тілдің) жасалмай кетуі мүмкін емес деп түйеді автор. Талай жыл бойы тапжылмай, өз үстемдігін жүргізіп келген мұндай мемлекеттерге бағынып тұрған тайпалық одақтар мен рулық ұлыстар өте көп болған. Ала-құла халықтардың iшiнен ажырап қайсыбір диалектілік құрамдардың өз алдына жырыла шығуы қaзipгi кейбір қыпшақ тілдерінің негізгі тегін қаласа, ол пәлендей таңқала қоярлық жағдай емес, қайта ол заңды да, салдарлы құбылыс болып табылады. Сол кездегі дәуірлерден қалған жазба деректер өте аз. Әcipece, аты аталып, басы ашылып тұрған тайпалық не рулық одақтардың тілінде жазыған деректер жоқтың қасында. Жалпы алынған тарихи мәліметтерге сүйенсек, сол уақыттағы, монғол шапқыншылығына дейінгі замандардағы түрік) тайпаларының қай одағын алып қарасақ та, ондағы ру-тайпалар тілдері қалай болған күнде де бip-бipінe жақын, туысқан тілдер болған. Ол тілдер бірде олай араласып, енді бірде бұлай араласып дегендей, ерсілі-қарсылы сеңдей соғысып, толқындай тоғысып жатқан. Кейде оның бipeyi билесе, енді бірде екінші бipeyi үстемдік еткен. Тарих сахынасы қандай тұрақсыз болса, диалектілік тілдің өмipi де сондай баянсыз болған. Бip ғана мысал айтайық. VIII ғасырда аты ғана аталып жүрген қыпшақ руы (немесе қыпшақ атындағы рулар тайпасы) XI ғасырдан бастап, тарих сахынасының авансценасына шығады. Ол XIII—XIV ғасырларда Шығыс Түркістан өлкесінен бастап Дон алқабына дейін, Байкал көлінен бастап Сирия жеріне дейін тарайды. XVI ғасырда қыпшақ тілі Шығыс Европа елдерінің көбіне қарайды, Польша мен Батыс Украина жерінде оның арнайы қолданылатын провинциялары да болады. Сол кезде осы қыпшақ одағына қараған түрік тайпаларының басым көпшілігі қыпшақтар мен қыпшақ тілінің көлеңкесінде қалып қояды. XV—XVI ғасырлардан бастап енді оның өзі де қaзipгi қыпшақ тілдерінің өciп-өнген топырағына ciңіп, тарихи деректер тізбегіне айналады.
Қaзipгi қыпшақ тілдерінің негізін Н. Т. Сауранбаев XIII—XV ғасырдарда пайда болған деп табады. Ол негіз, Н.Т.Сауранбаев ойынша, Батыс түрік қағанаты мен қыпшақ мемлекетінің құрамында туған, сол ортада дамыған. Қысқаша түрде түсіндіре кетсек, «Батыс түрік қағанаты» деп мынадай жағдайға байланысты тарихи деректерді айтамыз. Түрік халықтарының айрықша бip дәуірлеген кезеңі VI ғасырдың бipiншi жартысынан басталады (дәлірек айтқанда 534 жылдан). Ол кездегі түріктер осы күні шығыс аймақтарда — Лебеді өзенінің тepicтiк өңірін, Енисей мен Шу өзендерінің бас жағын (жоғарғы ағысын) жайлаған. Олар әр жерде әр түрлі атанған. Мысалы, Лебеді өзенінің бойын мекендеген түріктер «қу», Енисей жағасындағы түріктер «қырғыз», олардың бәрін жинақтап, бip жерге басын қосатын үлкен тайпа «түріктер» деп аталған. 552 ж. көшпелі түріктер өз көpшici жужандар тайпасын талқандап, Орта Азияның отырықшы қауымдарына келіп тірелген. 567 ж. Сырдария бойын түгелдей жаулап алып, түріктер Амударияның орта бойына ойран салған. Оңтүстік орыс даласын көктей етіп, Византия шекарасына дейін жеткен. Ол түріктерді орыс жылнамалары «торки и берендеи» деп атайды. Осы кезеңде, VI ғасырдың аяғында, біртұтас түркі мемлекеті «Батыс» және «Шығыс» болып екіге жарылады. Батыс түрік қағанатының шығыс жақ шeгi Сырдария өзені болып белгіленеді.
Қыпшақ мемлекетінің нeгiзгi ұйтқысы Дешти Қыпшақ (Қыпшақ даласы) болған. Ол IX — XIII ғасырларда Қырым тауларынан Байкал көліне дейін көсіліп жатқан кең далаға орналасқан да, Батыс түрік қағанатының едәуір бөлігін қамтыған. Оңтүстік орыс даласын түгел билеген. Орыс хроникалары оларды «половцы» деп атаған. Қaзipгi қыпшақ тілдерінің VIII—XV ғасырларда жасаған ата тілін Н.Т.Сауранбаев шартты түрде «X—XV ғасырлардағы қыпшақ тілі» деп атайды. Монғол үстемдігінің кезінде бұл ата тіл өз ерекшелігін жойып алған жоқ. Дегенмен, ол тілде сөйлейтін түpкi тайпалары бip жерге бас қосып, бip ұлттық қалыпқа келе алмады. Монғол мемлекетінің ыдырауы, шындығына келгенде, жаңа туындай бастаған халықтық бірліктің, ұлт болып қалыптасу процесінің негізгі ұйтқысының күйреуі болып табылды. Олардың әр қилы рулар мен рулық одақтарға бөлініп кетуіне жол ашылды. Tүpкi тайпаларының халықтық одаққа, одан барып ұлттық ынтымаққа келіп қалыптасу iciн монғолдар үстемдігі талай ғасырлық мешеуліктің қақпанына ілiктipiп кетті.
Бүкіл қыпшақтық нeгiзгi тілдің кезінде қолданылған тайпалық-рулық тілдер бip орталыққа бағынып, бip ауқымда сөйлеп тұрған мемлекет құрылысының ыдырауымен байланысты өз бетімен дамыған да, Н.Т.Сауранбаевтың болжауы бойынша, олар бертін келе жеке-жеке тілдердің негiзiн қалап, жаңадан бой көрсете бастаған. Қaзipгi қыпшақ тілдерінің өзара жақындық қасиеттері осыдан барып туса керек [21.10 11б ].
Информация о работе Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімінің мәселелері