Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2015 в 09:56, реферат
Ұлы перзент, ұлы дүние, жалпы ұлылық туралы, әсіресе ұлағатты, артына өшпес дүние қалдырған дүлдүл ақын жайлы сөз қозғау алдында Қадыр Мырза-Әлидің «әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тіреген күмбез, сұлулық сарайы деп есептесек, сен соның талантты тас қалаушыларының бірі едің» деп Мұқағалиға баға бере сөйлеген сөзімен нақтылап қазық орнатып алғанымыз жөн болар. Тәуелсіздіктің көк байрағы төрімізде желбіреп көктегі күнге қол бұлғап жайқала түскен уақыттан көп ұзамай Мұқағали Мақатаев мұрасына жаңаша көзқарас қалыптасты.
Кіріспе.................................................................................................................
3
1 М. Мақатаев поэмаларының идеялық-көркемдік сипаты.........................
6
2 М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға ...
33
Қорытынды .......................................................................................................
61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................
64
"Хаттар, хаттар" поэмасының жалғасы
тәрізді "Жеңеше" поэмасында да
лирикалық кейіпкердің соғыс
кезіндегі куә болған
Ал М. Мақатаевтың соғысқа қарсы пафосқа толы
шығармалардың
бірі – "Өмірдастан" поэмасы. Поэманың
өзегінде соғыс кезіндегі ауыл тіршілігі,
әже, әке, жеңге, балалық дәурені жүрегін
сыздатқан ауыр күнге айырбасталған лирикалық
кейіпкер тағдыры жатыр. Шығармада жеке
тұлғалардың ішкі әлемінің дамуындағы
ұнамды қасиет сияқты актуальды
проблемалар қойылған. Ол – жақсылық пен
жамандық арасындағы күрес, адамдық, адамгершілік
қасиеттер. Бұл құбылыс поэмадағы бейтаныс
жолаушы, қайырымды қарт, Дариға жеңге,
лирикалық кейіпкер
образдары арқылы күрделі лирика-философиялық
жүйеге енеді. "Өмірдастандағы" лирикалық
кейіпкер "Келін", "Хаттар, хаттар",
"Жеңеше" поэмаларындағы лирикалық
кейіпкермен тағдырлас. Солай бола тұрса
да
М. Мақатаев поэмасының ауқымы кең. Онда
философиялық түйін, тереңдік
басым. "Өмірдастандағы" тақырыптық желі – өмір. Шыр етіп өмірге келгеннен бастап, ат жалын тартып мінер азамат болғанға дейінгі адам өмірінің сан қырлы сипатын тамаша жыр жолдарына айналдырған. Ақын бір ғана тақырыпты игеріп қоймай, соғыс, бейбітшілік, өмір, өлім, махаббат, қатыгездік сияқгы жалпылық ұғымдардың сырын ашып, тұңғиығын барлаған. Ақынның бұл ұғымдарды өзінше бейнелеуі, өзінше түйсініп жалғауында философиялық ой жатыр.
Поэма "Бесік балағындағы жылан", "Алдымен көргенім аспан", "Адам ата мен Хауа Ана", "Шаруа һәм жауынгер", "Дариға жүрек", "Қанаттарым менің", "Атамекен" атты циклдардан тұрады. Поэма тақырыбы емір, өмірдегі адалдық, азаматтық. "Бесік балағындағы жыланда" лирикалық кейіпкердің шыр етіп өмірге келуі және оған төнген сұсты қауіптің ауыр сәттері баяндалады. Тал бесігін үлкен қорғаныш тұтып, өзімен-өзі бір өмір маужыраған сәби бейнесі. Күйбеңінен арылмайтын ауылдың қашанғы тірлігі. Таң сәріден қара кешке дейінгі әке мехнаты, бесіктегі сәби мен тыстағы тірліктің арасындагы безек қаққан ана әрекеті, есіл-дертін екі ұлға кезек бөліп, жапан түзде тезек теріп жүрген әже қамқорлығы. Осы бір сүттей ұйыған тірлік қалпын дауыл сапырған теңіздей астан-кестеңін шығарған кесапат иесі қайдан келді?
Ине мұрты шаншылып танауында,
Әлденені мысық жүр қарауылдап.
...Оралып қара шұбар жылан жатыр,
Бас жақга, тал бесіктің балағында.
Аждаһа балаға залал жасаған жоқ. Әжесі аждаһаны үйден ақ тамызып шығарды.
Жақын болса жауым кеп, сүйінер ем,
" Жауым болса жақыным күйінер ем.
Кім екенін білмеймін мен түсімде,
Қарашұбар жыланды жиі көрем.
Алғашқы өмірлік қадамындағы бірінші қатерден лирикалық кейіпкер осылай өтеді. Поэмадағы қаз басқан сәби бейнесі сәбиге тән тәтті қылығымен, пәк тазалығымен, мөлдір адалдығымен тартымды. Көрсем, білсем деген талпыныс сезімдегі сәби көңілі айналадағының бәріне құмар. Сәбилік аңқау әрекет, әз әжесінің күн шұғыласындай жайдары кейпі, төңкерілген көк аспаны мен сағым буған көгілдір таулары суреттен де айқын елес береді. Кейіпкер характерін жасауда ақын шеберлік танытқан. Сәбидің тәтті тілімен айтылған "аспанның шетін" іздеген балғын ойы, әз әженің сәби қылығына кейде күліп, кейде зілсіз кейістік білдіруі сәби мен әже арасындағы диалогтан әдемі өрнек тапқан.
Майдан өтінде соғыс өртіне оранып ажал соқпағында жүрген жауынгер әкеге деген бала сағынышы, соғыс атаулыға қарсы бала көкірегінен тұтанған ашу оты. Маңдай тер, білек күш – адал еңбегімен күнелткен кешегі ауыл шаруасының, оқ бұршақтай жауып, қан селдей аққан қырғында халі не болмақ. Адам түгіл қой бауыздап көрмеген пенде адамға қалай оқ атады. Ізгі сезімдегі бала көңіліне осы бір жайлар еріксіз қозғау салады. Әкеге деген сүйіспеншілігі, оның халіне деген аяныш сезімі аңғарылады. Әкесі сол соғыста мерт болды. Кешегі адамға зияны жоқ момын шаруаны кім өлтірді, қалай өлтірді екен? Бала-көңіл күллі адамзатты әкесі, шешесі сияқгы адал жанды деп түсінетін. Бірін-бірі өлтіріп, бір-біріне оқ атқаны қалай. Бірақ оған кінәлі соғыс деген өмірге қас жауыздық екен. Әкесі арқылы бүкіл адамзат тағдырына аяныш сезімі оянған бала:
Тыныш жатқан бір елге,
бір ел келіп ұрынар.
Қандай ғана әкесінің алынбағын құны бар?!
Қайсы ел соғыс бастаса,
ел емес ол — ұрылар.
Қан майданда басы оның алдымен жұлынар, – деп соғыс атаулыға жан-тәнімен қарсы болады. Лирикалық кейіпкердің басынан өткен қиындықтарының бірі – адам атаулының қайырымсыздығын тұңғыш көруі. Соғыс кезі. Қорек іздеп аштық жетелеген бала қысқы қарлы боранда тау аңғарындағы нағашысының үйін іздеп келеді. Шана жеккен Шұбар атты бір қазақ:
– Мынандай түтеп түрған борасында
Ей, бала, өлейін деп барасың ба? –
деп тұсынан салдырып өте шығады. "Ала кет" деген баланың жалынышты үніне құлақ аспайды.
Сөзіміз осы болды, үндемедің,
Шұбар ат желіп кетті "Шуу" деп едің.
Қайырымсыз кісіні алғаш көрдім,
Қайырымсыз қазақгы білмеп едім.
Бар үміт-арманын шұбар ат жеккен шаналы алып қашқандай. Қанша жүгірсе де шаналы аялдамады, жеткізбеді. Жер әлемді қап-қара құшағына алып түн де келді. Бала бағытынан адасты. Ұлыған боранның өтінде омбы қарға бір түсіп, бір шығып азап шеккен бала шұбар атты жолаушыны, осы күйге әкелген нәлет тағдырды қарғайды. Үміті үзіліп, тұз-дәмі таусылғандай. Айдалада ит-құска жем болардай жаны түршігеді. Бірақ бала іздеген үміт шырағы әлі сөнбепті. Бір сәт оның жан дүниесіне тіршілік нұрын қайта сеуіп алдан қол бұлғап тұрғандай:
Шәй ішіп, буы шығып қыстау жатыр,
Мұржасына түтіні сабақтаған.
Қайырымды қарттың үйінде ыстық мейіріммен қайта қауышқан баланың бал тірлігі қайта жалғасқандай. Бұл циклдағы бейнеленген қайырымсыз кісі мен мейірбан қарттың арасындағы бір-біріне ұштаспайтын конфликт кейіпкер характерлерін жасауда үлкен рөл атқарып тұр. Бір-біріне ұқсамайтын қарама-қарсы екі бояу бірінің ажарын бірі аша түскендей. Бұл – ақынның образ жасаудағы шеберлігі. "Өмірдастан" поэмалары циклына жататын лирикалық поэма "Дариға жүрек", "Аққудай еді", "Жалған", "Намыс пен муза" атты үш тараудан тұрады. Бұнда да лирикалық кейіпкер –
жасөспірім балдырғанның жеңгесіне арналған алаулы тұнық сезімі.
Аққудай пәк, періштедей таза, құралайдай
сұлу, сәби мінезді жеңге бейнесі лирикалық
кейіпкерді тәңіріндей табынтады. Сұрапыл
соғыстан сүйген жары оралмады. Жеңгесі
осындай ауыр қайғыдан, сарғайтқан
сағыныштан арылмаққа бір уақ әсем даусымен
мұңлы әнді шырқайды. Әнін тыңдаған
жетімдер мен жесірлердің көз жасы көл
болады. Дариға жүрек өзі де егіледі. Бірақ
мұңлы әнді қоймайды. Лирикалық кейіпкерге
ол осысымен де қымбат. Сүйгеніне шын берілген
берік те адал. Соғыс қасіреті жанын жаралаған
Дариға-жүрек жаралы аққудай. Сыңарынан
айрылған аққудай сұңқылдап, мұңға батады.
Сұңқардай едім жердегі,
Аққудай едім көлдегі.
Дариға-жүрек шөлдеді,
Дариға-жүрек шөлдеді.
Поэманың бұл тарауында соғыс қасіреті, адамдар трагедиясы осылай бейнеленеді.
– Жеңгелер-ау, жеңешем қайда менің?
– Шомылып жатыр анау сайда, –
деді.
Бір сұмпайы күлкіні қымтап қалды,
Қылымсыған қатынның қаймақ ерні...
Осы бір сұмпайы сөз лирикалық кейіпкер жан дүниесіндегі жеңгесіне деген ізгі сезімнің тұнығын лайлап кеткендей. Айнала әсем де бар көркінен айрылып, жұрдай болып сұрқайланып сала берді. Жеңгесі де көзіне лас кейіптегі құбыжық боп көрінгендей. Сұлулық атаулыны тәрк еткен лирикалық кейіпкердің күйзеліске түскен көңіл күйі бір сәтке жартастар бойындағы қатал сұстылықпен жарасып кеткендей. Сондықган да өмірге, өмірдегі бар құбылысқа жартастар сияқты бір қалыпты сұспен қарағанды қалайды. Лирикалық кейіпкердің ішкі дүниесіндегі толқынысты осылай бейнелеген ақын баяндауға, көп сөзділікке бармайды. Кейіпкерлердің өздерін сөйлету арқылы оның бар болмысын көз алдыңа әкеледі.
Лирикалық кейіпкердің көз алдында бар дүние өзгеріп сала береді. Дариға-жүрек ән салмайды. Оның әнін мынау бой-күйез жау да, бозала бұлт та, гүл көмкерген қырат-белдер де, бал-құрағы жайқалған бұлақ та, жалаңаш кеуделі алып жартастар да аңсап, күтіп қалғандай. Бірақ ендігі әнінің де сәні жоқ. Ол халықтың қасиетті үнін сауыққа айырбастағандай. Киелі тұнық сезімді лайлап кеткендей:
...Осы бір ойлар,
түн сайын мені езеді.
Бойымда қаным –
тулаған таудың өзені,
Жанымды менің
жеңгемнің даусы кезеді.
Жүрегім ұлып, қалғандай жетім сезеді.
Ал, басқа жұрт Дариға-жүректі әнімен бірге "жерлеп" тастаған. Аяулы жеңгесінің атына айтылған былғаныш ғайбат сөздер қанша ауыр тигенмен де сенгісі келмейді. Пәк сезімді лирикалық кейіпкердің ар-ұяты жібермейді. Сезімін сергелдеңге салған лас ойлардан арылып, көңілдің тұнық айдыныңда қайта жүзгендей. Дариға-жүректің жаны мен аққудай әдемілігінен бар әлем ғажайып реңге көшкендей.
Құзар жар тастан
орамал көрдім бұлғаған,
– Қош бол, тентек!..
(Әзілдеп сірә тұр маған).
Көк көйлек көрдім,
Қалықтап құздан зулаған,
- Қош бол! – деп – тентек...
Шуылдап үні тынбаған.
Дариға-жүрек осылай ғайып болды. Лирикалық кейіпкер – болашақ үлкен ақынға әлемдегі ең асылдарды сыйлап кетті. Ол – жан-дүниенің тазалығы, адалдық, азаматтық, әдемілік және мәңгі өлмес қиындық. Лирикалық кейіпкер – ақын өмірге осылай келеді. Поэмада соғыс кезіндегі ауыл өмірі, өмірдің қиын-қыстау кезеңдері суреттеледі. Қаңырап бос қалған дихан қостары мен шабылмай қалған шабындықтар. Енді ғана қолға алынып бітпей қалған мектептің бос қабырғалары. Біреудің әкесі, біреудің бауыры, досы – күллі азамат майданға аттанып қаңырап қалған ауылдың сүреңсіз келбеті. Бәрі де соғыстың салған лаңы. Соғыс балалақ шақгың қызық дәуренін де жойып жібергендей. Балдырғандар ер азаматтардың орнын басып, шешелерімен бірге бидай орып, масақ теруге кетті.
Қайғы мен зардың уытын ерте тартқан лирикалық кейіпкер ерте есейеді. Осы ауыртпалықтар жігерін жаншығанда ойына майданда опат болған әкесі оралады. Жарым көңіл бала асқар таудай сүйенішін аңсайды. Ал үйдегі жесір ана, қос жетімек інілері, қайғыға қарсы қайсарлана тас түйін боп алған кәрі-жас халі балаң жүрекке ауыр мұң артқандай. Әз әже жалғыз ұлын жаманатқа қимайды. Күдік атаулыны серпіп тастап, үміт шырағына телміреді:
"Кебін киіп кетпеген" келеді деп,
Қайраттана өрмекке төнеді кеп.
Осындай қиын сәттерде бойына қуат кұйып, жігерін қайрайтын қос досы қос қанатындай. Қос досының мұнымен жүрегі де бірге соғады.
Екеуінің енгенде ортасына,
Құлазыған көңілім қош болатын.
Ақ көңіл дархан пейілмен қайғы атаулыны ұмыттырып та жіберді.
Құнаныңнан артпаса кем түспейді,
Тайымды алғын!
деп астындағы атына дейін түсіп береді. Лирикалық кейіпкер достықтың осындай өлшеусіз құдіреттілігіне шаттанады.
Ел басына төнген қайғы-қасірет құрсанған сұрапыл күндер де өткінші мезгіл екен. Уақыт көшімен ілесіп кете барды. Бақыт құсындай ұшып жеңіс хабары жетті. Адамдардың шаттығында шек жоқ. Бірақ соғыстан әкесі оралмады. Төсекте ауыр халдегі әже жатыр әлдекімді күткендей. Жалғызынан жақсылық хабар күткен әженің өшпес үміті ғана демін жалғап жатқандай. Осындай ауыр халді сезген көрші шал сырқатқа бір көмегі тиер деп:
Балаң тірі, тірі екен хаты келді,
Қинама енді жаныңды қалжыратпа...
дейді. Әз ананың күтіп жатқаны да осы екен, демі үзіліп кете барады.
Бейбіт өмір қайта оралды. Лирикалық кейіпкер есейді, ер жетті. Өзі қатарлылар көлігін жегіп алысқа оқуға аттануда. Айқаста құнанынан айырылған азаматтың бұт артар көлігі жоқ. Колхоз басшысына барғанда "көлік жоқ" деп тасыған көңілін су сепкендей басты. Жүрекке шер боп қатқан қайғы түйіні көңілін жасытып, көзінен көл болып жас ақты. Әжесін жұбатқан баяғы көрші шал келіп:
Мін мынаны,
Сұраусыз Алла алдында,
Неге келіп айтпайсың, арландың ба?
деп торы атты көлденең тартты. Дархан жандардың ақ пейілі мен дос көңілінен қанаттанған лирикалық кейіпкер арман сапарына аттанады.
Стиль туыстығы мен даралығы. Бұл тамырдастық ақындардың даланы, елін сүюімен шектесіп тұрғандай. Басты мақсат – әке жолын қуу – жазба әдебиетті күшейту.
«Мұқағали Абайды әріден қабылдай отырып өзінің сол балғын, балауса жырларының қанат қағуын қатты қадағалады. Бұл – айқын ақындық позиция құнарлы топырақта көктеген өсімтал дән лезде-ақ қаулап шыға келеді. Өзіне ғана тін, бұрын-соңды сезілмеген жұпарын аңқытты. Иіс майы естен кетпей, елді масайтты. Ақын ел жүрегін елжіретті, өзгеше күйге бөледі. Елімен егіліп сырласудың ерекше кілтін тапты» [23].
Информация о работе М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға