М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2015 в 09:56, реферат

Краткое описание

Ұлы перзент, ұлы дүние, жалпы ұлылық туралы, әсіресе ұлағатты, артына өшпес дүние қалдырған дүлдүл ақын жайлы сөз қозғау алдында Қадыр Мырза-Әлидің «әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тіреген күмбез, сұлулық сарайы деп есептесек, сен соның талантты тас қалаушыларының бірі едің» деп Мұқағалиға баға бере сөйлеген сөзімен нақтылап қазық орнатып алғанымыз жөн болар. Тәуелсіздіктің көк байрағы төрімізде желбіреп көктегі күнге қол бұлғап жайқала түскен уақыттан көп ұзамай Мұқағали Мақатаев мұрасына жаңаша көзқарас қалыптасты.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................
3

1 М. Мақатаев поэмаларының идеялық-көркемдік сипаты.........................

6

2 М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға ...

33


Қорытынды .......................................................................................................


61


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................


64

Прикрепленные файлы: 1 файл

Изимкулова А.doc

— 331.00 Кб (Скачать документ)


МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе.................................................................................................................

3

 

1 М. Мақатаев  поэмаларының  идеялық-көркемдік сипаты.........................

 

6

 

2 М. Мақатаев поэмаларындағы  лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға ...

 

33

 

 

Қорытынды .......................................................................................................

 

 

61

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................

 

 

64


 

 

 

КІРІСПЕ

 

Ұлы перзент, ұлы дүние, жалпы ұлылық туралы, әсіресе ұлағатты, артына өшпес дүние қалдырған дүлдүл ақын жайлы сөз қозғау алдында Қадыр Мырза-Әлидің «әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тіреген күмбез, сұлулық сарайы деп есептесек, сен соның талантты тас қалаушыларының бірі едің» деп Мұқағалиға баға бере сөйлеген сөзімен нақтылап қазық орнатып алғанымыз жөн болар. Тәуелсіздіктің көк байрағы төрімізде желбіреп көктегі күнге қол бұлғап жайқала түскен уақыттан көп ұзамай Мұқағали Мақатаев мұрасына жаңаша көзқарас қалыптасты. Оның ақындығы, ақындық мұрасы, шығармалары өзі көзі тірісінде емес, осы уақыттарда ғана Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығымен бағаланды.

Мұқағали өлеңдері ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігін, жаппай аероцентристік ағымға ойысқан заманда қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірі артып, бұрынғыдан да толысып, кемелдене түскендігінің куәсі. Ол қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстанды, оны түрлендіре байытты да, сонысымен қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашты. Сонымен қатар ақын қазақ лирикасын және поэзияның классикалық, реалистік сарынын ХХ ғасыр әдебиетінің озық дәстүрлерімен талантты түрде құнарландырды. Білікті, парасатты ақын ретінде өз заманының ірі мәселелеріне қалам толғаса, соның өзінде қазақ өлеңі мен ана тілінің ғасырлар қойнауынан нәр жинаған аталы дәстүрін бұзбай жарасымды табиғи дамытты. «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын» дегенде де ақын өзінің суреткерлік сырын алға тартқан. Оқырманын бірде қақаған аяз, боран құшағына, бірде аспан жерге жабысқан аптап ыстық құрсауына, бірде жапырағын желден басқа жан желпімеген жаратылыс жанатты жазира жайлау жасыл аймаққа алма-кезек алмастырып, өмірдің нәрін көңілдің аңсары мен кәусарына айналдыратын поэзияның иір-иір бұтақтарынан жамырап бүр ашқан, таңғажайып тәтті әлеміне жетелейді. Ғарыш кемесімен таласа ұшқан қазақ жырының сырлы өлкесінен орын тепкен Мұқағали Мақатаевтың саңлақ үні халық санасының тереңіне сіңіп, шыншыл, сыршыл қоңыр даусы әдебиет әлеміне орнығып, күздегі жайқалған, тасынған ақын жүрек сан миллион жүректі адамгершілік, суреткерлік тегімен жайнатып келеді. Оқушының жанына, жүрегіне қозғау салмаған, бірде толқытып, бірде тебірентпеген өлең – өнер емес. Мақатаев жырлары  – азаматтық жан дүние сырлары. Кәдімгі жұмыр басты пенденің күнделікті тұрмыс-күйінен туындап жататын жан тебіреністері, ақын жүрегінің бұлқыныстары.

Сондай-ақ қазақ әдебиетінде М. Мақатаев шығармаларын өздерінің ғылыми жұмыстарында, көлемді монографиялық еңбектерінде, немесе шығармашылығымен салыстырып, арасында жеке мақала күйінде де жазып пікір білдіріп жүрген қаламгерлер де баршылық.

Сонымен қатар қазақ ақындарының творчествосындағы жанрлық, стильдік, көркем шеберлік қасиеттерін жан-жақты ғылыми жүйемен зерттеп келе жатқан да ғалымдар аз емес. Олардың барлығын тізбесек те, мына кісілерді айта кеткен жөн. Олар: С. Қирабаев, М. Дүйсенов, Ә. Шәрипов,  
Ә. Нарымбетов, Т. Әбдірахманова, К. Сейітова, Х. Күрленбай, Б. Бегманова, тағы басқалар.

Зерттеудің дерек көздері. Біз бұл аты аталған ғылыми еңбектерге көзқарасымызды білдіріп, түгел талдадық деп айтудан аулақпыз. Дегенмен, К. Сейітова, Х. Күрленбай, Б. Бегмановалардың ғылыми жұмыстарын жұмысымызда басшылыққа алғанымыз хақ (жоғарыда айтылған ғалымдардың барлығының еңбектерін біздің жұмысымыздың көлемі де, характері де талап етпейді. Әрине, оларда әр ақынның өз қолтаңбасына, ақындық талантына, стильдік ерекшеліктеріне қарай біртекті ұқсастық немесе бір-біріне қарама-қайшы пікірлер де, дәлелдеулер де болуы мүмкін). Олармен қатар М. Мақатаев шығармашылығы жайында әр жылдарда ғылыми пікір білдірген М. Базарбаев, З. Қабдолов, З. Ахметов, М. Қаратаев, С. Қирабаев, Ә. Тәжібаев, Х. Әдібаев, Ә. Нарымбетов, К. Сейітова,  
А. Әбдіхалиқов, Қ. Алпысбаев, Б. Кәрібаева, А. Егеубаев сынды ғалымдардың еңбектері де жұмысқа пайдаланылды, тағы қоса кететін бірер еңбектер мен арқау болған құнды мақалаларды, 2006 жылдан бастап шығыр келе жатқан «Мұқағали» атты журналда жарық көрген ой-пікірлер мен естелік, еске алулардан қоса кеттік.

Зерттеу жұмысының мақсаты. ХХ ғасыр әдебиетінің  
60-70-жылдардағы көрнекті сөз зергерлерінің бірі, классик ақын Мұқағали Мақатаевтың қазақ поэзиясында, поэма жанрында қосқан мол мұрасын, яғни тырнақалды поэмасы «Ильичтен» басталып, «Ақ қайың әні», «Ару ана», «Мұзбалақ», «Мавр», «аққулар ұйықтағанда», «Райымбек! Райымбек!», «Қырандар қош болыңдар», «Жер үстінен репортаж», «Қашқын», «Шекарада», «Чили – шуағым менің», «Большевиктер» сынды лирикалық, сюжетті-эпикалық тұрғыда жазылған, қазіргі таңда да, болашақта да поэзия шыңындағы ақ қардай (таза, пәк), асқақтықты арғымақ қып мінген мәңгі өлмес ғұмырлық поэмаларындағы көркемдік ерекшелігін, әдебиет теориясының қағидаларына ғылыми-теориялық жақтан сүйене отырып құбылтудың, әрі айшықтаудың тобына жататын көркемдегіш құралдарын қолданудағы ақындық шеберлігі мен «Күпі киген қазақтың қара өлеңінен» өзіндік дара стиль бекінісін қалаған ақын жанының ішкі әлемінің есігін қағып, құпия сырларын ашуды өз халімізше жан-жақты нақты мысалдар мен үзінділер арқылы талдауды негізгі мақсат етіп алдық.

Зерттеудің теориялық пәні, практикалық негіздері. Біз бұл бітіру жұмысында қазақ әдебиеттану ғылымының негіздеріне сүйене отырып, Мұқағали Мақатаев поэмаларындағы идеялық-көркемдік ерекшелігі мен жанрлық құрылымына, сондай-ақ стиль даралығын қарастырдық.

Зерттеу жұмысында айтылған ғылыми пікірлерді, ой-тұжырымдарды, басқа да еңбек жазуға қолдануға, тереңірек пайдалануға болады.

Зерттеу әдісі: салыстырмалы және сипаттама әдісін қолдандық. Неге десеңіз, біздің жұмыс барысында ақын поэмаларын Сәкен («Аққудың айырылуы»), Қасым («Ақын өлімі») поэмаларымен салыстыра зерттегендерімізге көз жеткізесіз.

Әрине, көркем шығарманың құндылығы, сапасы оның көлемімен өлшенбейтінін ескерсек, ақынның бағасы жоқ мол мұрасы – формасы, өзінше жаңалығы жағынан қазақ поэзиясы үшін еңсесі биік көк тіреген алып шың немесе сол таудан аққан мөлдір бұлақ. Таудағы алып шыңды кәрі де, жас та алыстан көре алады емес пе, сондай-ақ мөлдір бұлақтан кәрі де, жас та сусындап, рахатқа бөлене алады. Сол тақылетті М. Мақатаевтың отты лирикалы, терең мазмұнды поэмаларын оқып, жыр сүйер қауым жырға деген шөлін басып, сусындап рахатқа бөленгенін ғылыми тұрғыдан талдау, зерттеу – біздің жұмысымыздың негізгі өзегі.

Жұмыстың құрылымы: кіріспе, 2 тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 М. МАҚАТАЕВ ПОЭМАЛАРЫНЫҢ  ИДЕЯЛЫҚ-КӨРКЕМДІК СИПАТЫ

 

Қазақ әдебиеті тарихына әріден көз жібертсек лиро-эпостық, эпостық, батырлар жырын, қисса-дастандарды айтпағанда, поэма жанры ұлы Абайдан басталды десек, оның дәстүрін одан әрі жалғастырушы кешегі күндерде эпикалық поэманың майталманы атанған С. Торайғыровты,  
І. Жансүгіровті, С. Сейфуллинді, Қ. Аманжоловты мақтанышпен айта аламыз.

Мұқали Мақатаев поэма жанрында да ерекше қолтаңбасымен дараланады. Қазақ тарихының құбылысты мәселелеріне барумен бірге өзі өмір сүрген кезең шындығына да қалам толғады. Саяси-әлеуметтік, қоғамдық-саяси сарындағы поэмаларының өзінде шынайы көңіл шамырқаныстарына толы көркем шындықты бейнелейді.

Ол поэма жанрын тақырыптық жағынан байыпты, жанрлық-стильдік тұрғыдан жаңғырта түсті. Дастан, поэмаларында лирикалыұ сарындар, азаматтық-әлеуметтік тыныс, тарихи арна барынша жеке-дара оқшауланып көрінді. Саяси тақырыптарға да барып бірнеше талантты поэмалар қалдырды.

«Ильич», «Ақ қайың әні», «Ару ана», «Мұзбалақ», «Мавр», «Райымбек», «Аққулар ұйықтағанда», «Дариға жүрек», «Арман», «Досыма хат», «Алтай-Атырау», «Қырандар, қош болыңдар», «Жер үстінен репортаж», «Қашқын», «Шекарада», «Чили – шуағым менің», «Большевиктер» поэмалары әдебиет тарихында елеулі орны бар, көркемдігі кемел, психологиялық талдауларға ден қойған, қазақ еліндегі әр кезеңдегі ахуалын, ұлттың жан дүниесін терең ашып көрсеткен туындылар.

Ақынның алғаш оқырман қауымға ұсынып, баспа табалдырығынан асыға алашқа тараған поэмасы – «Ильич» поэмасы. Бұл поэма жазылу жағынан циклді поэмаға жатады. Поэма туралы күнделікті басылымдарда бірлі-жарым әдеби сыншылар мен ғалымдардың поэманың көркемдік жетістігі мен кемшілігі көрсетіліп мақалалары жарияланды. Ғалым  
Ә. Нарымбетов «М. Мақатаевтың «Ильич» атты циклді поэмасы қазіргі ұлттық поэзиямыздың кең тынысын, биік мәртебесін танытатын елеулі көркемдік табыс» [1] екен айтып, тиісті әділ бағасын берді. Шындығында Мұқалидің бұл поэманы жазған кезінде біз социалистік идеологияның жетегінде коммунистік партияның басшылығында В.И. Ленин идеясын мәңгі өлмейтұғын идея деп танып, оған көңілімізде қандай жақсылық, тілімізде қандай жақсы сөз болса барлығын соған арнадық. Ал бүгінгі таңда Ленинді сонша көркем бейнелеп, жырға қостың деп кінәлау бекер. Ақын – сол дәуірдің перзенті. Сондықтан қандай да болса әрбір ақынның өз дәуіріне деген сенімі, ұғымы, көзқарасы сол өзі жасаған мемлекеттің саяси идеялогиясымен қабысып, тығыз байланыста болатыны тарихи заңдылық.

Демек, солай екен, онда М. Мақатаев қазақ поэзиясына циклді поэмалары «Ильичпен» қосқан өзінше жаңалығын, көркемдік жақтан соны бейне жасаудағы сәтті табыстарын бекерлеуге болмайды. Бұл туындыны жазарда ақынның жаны төзбей көп ізденіп, көп үйренгені, көптеген кітаптарды ақтарғаны, әрі өзінің лирикалық өлеңдерімен бірге эпикалық шығарма жазуға құлашын кең сермеп, бұл жанрда өзінің ақындық талантын жан-жақты байқап сынағаны да көзге түсерлік дәрежеде екенін сеземіз. Бұдан біз М. Мақатаевтың көлемді эпикалық поэма жазуда да өзінің ақындық алғырлығын, сезімнің шексіздігін, шабыттың шалқарын, ойының түпсіз тереңдігін, көңілінің кең әлемнен де кеңдігін, әрі жарықтың жылдамдығындай көңілінің жүйріктігін байқаймыз да қуанамыз.

Ақынның циклді поэма тұрғыда жазылған «Чили – шуағым менің», «Ару-ана», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек!», т.б. да поэмаларын оқығанда да оның поэмаларына өмірдегі объектив оқиғаларды танудағы, сюжетті поэма жазудағы, ондағы кейіпкер образын жасаудағы тарихи шындық пен көркем шындықтың ара жігін білдірмей байланыстыра отырып, өмірдің құдды өзіндей табиғат құбылыстарын әрі сан түрлі бояуларын өз күйінде шеберлікпен суреттегенін көріп те осындай сезімге ие боламыз.

1973 жылы мерзімді баспасөзде  жарияланып, кейін кітаптарында  жарық көрген «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы – ақынның шығармашылық өмірінің ерекше бір шоқтықты биігі. Поэма кезінде әдеби үрдісте де соны серпін әкелгендей болды. Негізінде Мұқалидың поэма, дастан секілді ірі жанрлардағы шығармалары көркемдік табиғаты жағынан лиро-эпикалық сипаты басым болып келеді. Лирикалық жырдың шебері, оның ішінде адам баласының ішкі психологиялық иірімдеріне сергек көңілмен тереңдеп баратын ақындық қасиет дастандарында да ерекше көрініс беріп қалады. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының көркемдік бітімін алдымен осы ыңғайда түйсінуге болар еді.

 

Өзінде жоқ сыймаған арнасына

Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,

Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға,

Жалғыздықтан жамандық бар ма сірә?! –

 

деген сынды ашық та сыршыл сөзбен басталатын поэма әсерлі суреттерін біртіндеп қоюландыра түседі. Таста тұнған тамшы мен тау басындағы көлдің шендестірілуі, сол көлдің өзінің шыңға, қарға мөлдіреп қарауын кейіптеу, жарасымды ақындық синтаксис щығарманың жоғары эстетикалық танымдық, талғам биігін бірден айқындап береді. «Жетім көлдің» тұнық суреті, мөлдір сұлулығы мөлдірете жырланады.

 

Әлдилеп ақ төсінде бермей тыным,

Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын.

Бұл көлге мылтық алған саятшы емес,

Тірі жан аяқ басып келмейтұғын.

Аққулар аман-есен қайтқанынша,

Суына «Жетім көлдің» шөлдейтұғын

(Суымен сырқаттарды  емдейтұғын).

 

Сыршыл сұлу көріністер мен тебіреністі эпизодтар алма-кезек ауысып, поэзияның өзіне ғана тән сымбатты түзілімімен баурап алады. Сындарлы сыршыл лириканың ұшқын атқан саздары поэманың эпикалық тынысына тыныс қосқандай.

 

Аққулар...

Аққу мойын, сүмбе қанат,

Алаңсыз тарануда күнге қарап.

Айдынның еркелері, білмей тұрмын,

Етермін тағдырыңды кімге аманат?!

 

Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!

Бір мамығы майысса ауырсынып,

Тарақ етіп тұмсығын тарайды кеп,

Тарайды кеп, тарайды қауырсынын,

Құм тұрса да бір түйір ауырсынып,

Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!

 

Ақ қанатын сабалап асыр салып,

Бірде суға сүңгиді басын малып.

... Ойнасыншы, ойнасын ерке  құстар,

Тыныштығын олардың қашырмалық.

Мерген отыр жағада

Ей, ақша бұлт,

Жаулығыңмен оларды жасыр барып.

 

Поэманың сындарлы сымбаты сөйтіп сұлу сырлы суреттерден, терең сезім тебіреністерден түзіледі. Сюжеті қарапайым, поэмаға тән кесек бейнелеулер де жоққа тән. Лирика барынша айшықтала, кең қанаттана орын алған. Кейіпкерлердің кейіптелуінде де әлдебір шарттылық қылаңдайды.

 

Бас бағады шыршаның қалқасынан

Қаруына қолында қан сасыған

Ал аққулар

Аққулар тарануда

Сусып түсіп су моншақ арқасынан.

Қарайды ана шыршаның қалқасынан...

Информация о работе М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға