Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2015 в 09:56, реферат
Ұлы перзент, ұлы дүние, жалпы ұлылық туралы, әсіресе ұлағатты, артына өшпес дүние қалдырған дүлдүл ақын жайлы сөз қозғау алдында Қадыр Мырза-Әлидің «әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тіреген күмбез, сұлулық сарайы деп есептесек, сен соның талантты тас қалаушыларының бірі едің» деп Мұқағалиға баға бере сөйлеген сөзімен нақтылап қазық орнатып алғанымыз жөн болар. Тәуелсіздіктің көк байрағы төрімізде желбіреп көктегі күнге қол бұлғап жайқала түскен уақыттан көп ұзамай Мұқағали Мақатаев мұрасына жаңаша көзқарас қалыптасты.
Кіріспе.................................................................................................................
3
1 М. Мақатаев поэмаларының идеялық-көркемдік сипаты.........................
6
2 М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға ...
33
Қорытынды .......................................................................................................
61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................
64
Шошымай шолжаң өскен батырларың,
Ана отырған шыршаға жақындады.
Көзі тұнған бейбағың тап аққуға,
Білмей ұалды мылтықтың атылғанын.
Көздің алды көк түтін, ақыл жарым,
Білмей отыр жаңағы тыныштықтың
Сүт ұйыған тегешін сапырғанын...
Сыңар қанат сынық құс байлауда тұр
Тағы бірі айдында жайрап жатыр.
Қан аралас қалқыған мамығымен,
Жетім көлдің толқыны ойнап жатыр.
Қасиетке оқ атып жойған пақыр,
Қалай алып кетерін біле алмастан,
Сүле-сапа жағада ойлауда құр.
Ақ төсек – аппақ айдын, аққу-бала,
Жаралы аққу секілді жаттың ба ана?..
... Мына жатқан жетім көл, мына аққуды
Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...
Оқиға қисыны қарапайым: Ана баласының жанын алып қалу үшін, тәуіптің ауыр науқаста жатқан баласын аққумен аластау керек дегені үшін «Жалғыз ұлдан жалған артық па, Балам өлсе бақыттың керегі не?! Топан су басып кетсін қалғандарын», – деп Ана жүрек аққуды көзі қиып атады. Табиғаттың мұндай ісем, сұлу, киелі ханшайымына зала келтіргені үшін соның қарғысы мен наласына ұшырадым ба деп күйініп-күңіренеді. Ал шошынған аққулар Жетім көлде көрінбей кетеді. Бұл тұста автор халық санасындағы наным, сенім, сұлулыққа деген қастерлі сезімді асқақтата көтере жырлайды. Шығарма классикалық лирикалық шығармалар дәстүрінде туған әдемі сазды туындылар қатарында ұзақ сақталғандығы, оқырмандардың талай-талай толқындарының рухани талғамын қанағаттандыратындығы ақиқат.
«Сонымен осындай ауыр трагедиямен аяқталатын
поэманың сюжеті баяндау түрінің даму
процесін қарастырғанда, оның жанр ретінде
ауқымды философиялық тұрғыда дүниеге
келген туындының бір мысалына осы
М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда»
поэмасын атауға болады. «Поэма дегеніміз
ғасырдың және тарихи уақыт ағымындағы
адам орнының философиялық проблемалары
туралы образды ойлау» [2], – дейді
И. Абашидзе. Осы тұрғыдан келгенде қазіргі
таңда поэмаға екі нәрсе – терең психологизм
мен философия қажет. Мұндай мысалға А.
Кулешовтың «Цунами», Д. Кугультдиновтың
«Ой жарылысы» («Бунт разума») сияқты поэмаларын
атауға болады. Мұнда («Цунами») мәңгілік
құбылыс махаббат пен ерлік, ар-ұят алдында
шығарма кейіпкерлері ақыр аяғында ең
қатал трагедиялық сынға тап болады: алапат
цунами толқынын тудырған атом жарылысы
олардың болашақ ұлдарына жарық дүниеге
келместен бұрын-ақ зардабын тигізеді.
Бұл – ұлы алапат күшінен сақтандыру үні
секілді шығарма. «Цугами» (1968) атты шығарма
поэманың философиялық жанр ретіндегі
концепциялық ұғымға құрылған.
Д. Кугультдиновтегі психологиялық талдау сәт сайын жақындап келе жатқан ауқымды символдық образдың тууына ықпал етеді. Ақын «түбірімен жағып жіберу» идеясымен, жалын атқан «от деревня» образын өзінше ерекше жолмен дамыта түсті. Көз алдымызға күлге айналған Хиросиманың «от желінің» алдында тұрған «от қаланың» адам шошырлық көрініс келеді.
Психологизмнің тереңдей түсуі – поэтикалық эпоста жиі көрінетін процесс. Ол поэманың барлық түрлері мен формаларына қатысты. Ойлылық ерекше рухани атмосфераны қажет етеді. Мұндай атмосфераны, біздің ойымызша, терең психологизм тудыра алады. Рас, «аққулар ұйықтағанда» поэмасында А. Кулешов, Д. Кугультдинов поэмаларындағыдай халықаралық проблеманы қамтымайды. М. Мақатаев поэмасындағы психологизм – адам санасындағы ұғым, түсінік туралы сезім арпалысы.
«Аққулар ұйықтағанда» тақырыптық жағынан
дүлдүл ақын
С. Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» атты
поэмасымен үндес.
С. Сейфуллин поэмасында мерген оғынан
бірі мерт болған, бірі серт байласқан
сыңарын тастап кете алмай, шарқ ұрған қос аққудың
арасындағы таза да құдіретті махаббат
жырланады. Кейіпкері – аққуды атқан мерген,
оны көріп отырған ақын ғана. Мұнда М. Мақатаев
поэмасындағыдай психологиялық арпалыс
жоқ. Алайда, екі поэма тақырыптық жағынан
ұқсас болғанымен, ішкі мазмұн, авторлық
идея тұрғысынан мүлде екі басқа дүниелер.
С. Сейфуллин шығармасының идеялық ерекшелігі
туралы профессор С. Қирабаев былай деп
жазды: «Адам достық, шын махаббат туралы
осы аңызды оқып отырғанда оқушының көз
алдына ұнамсыз бір образ тағы көрінеді.
Ол талайдан белгілі екі таза жандар махаббатының
арасына тікенек болып қадалып, соның
аяғын трагедиямен бітіруге себепкер
болатын ұнамсыз адам кейпі. Сәкен поэмасында
бұл аңшы күйінде берілген. Екі аққудың
ғашықтық, көркем суреттеріне ден қойған,
одан ала алмай жатқан ақынға осы әсемдікті
бұзған мерген де жат. Көл жағасынан оқ
бұрқ еткенде ол «көлді жарған суық жүрек
шіркін кім екен» – деп ойлайды. Гуманист,
ізгі жүрек ақын адал махаббатты бұзушыға
бар ниетімен жиіркеніш білдіреді» [3,
25 б.]. Ал М. Мақатаевтағы идеялық мақсат
– адам санасындағы ұғымды сынға салу.
Сәкенде киелі құсты мерт қылу – қызық
қуып жүріп, аңғырттықпен істелінген әрекет
болса, Мұқағали ғазиз ана жүрегіндегі
екіұдай сезімді таластыру арқылы оқырманның
өзін ойлантып, шешімін іздеткендей болады.
Өмір мен өлім, күн мен түн, табиғат пен
адам арасындағы арпалысты аңғарту сияқты
ойлар жатыр. Бәрі де адам тіршілігі, рухы
үшін қажет деген идея бар.
Екі ақынға да тән ортақ жай: аққу құсқа тән адалдық, сұлулық, киелілік, нәзіктік шығарманың идеялық сипатынан анық байқалады. Екі поэмадағы аққу құстың сұлулық кейпін сипаттайтын әсерлі бейнелеу ішкі мәнерімен әдемі үйлесім тапқан. «Аққудың айырылуында»:
Күміс суды жұмсақ сызып
Екі сұлу сыланды.
Сылдыратып моншақ тізіп,
Ақ көбікке бұланды.
Дөңгеленіп, сәнін түзеп,
Айна көлге қаранды.
Екі сұлу әнін түзеп,
Жуынды да таранды, –
боп келсе, «Аққулар ұйықтаған» поэмасында:
... Аққулар ...
Аққу мойын, сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап.
немесе
Ақ қанатын сабалап, асыр салып,
Бірде суға сүңгиді басын малып, –
дейді. М. Мақатаевтың Сәкен шығармасымен мұндай үйлесімі поэзиядағы үндестікті, дәстүр сабақтастығын байқатса керек. Көркемдік шешімі нанымды әрі тағылымды «Аққулар ұйықтағанда» поэмасында ақын тілінің бояуын байқататын мынадай мысалға назар аударайық. Екі мысал, екі көрініс. «Жетім көлдің» базаралы, бақытты кезіндегі айдынында ойнақтаған ерке құстың келбетіне көз салайық:
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Бір мамығы майысса ауырсынып,
Тарақ етіп тұмсығын тарайды кеп,
Тарайды кеп, тарайды қауырсынын,
Құм тұрса да бір түйір ауырсынып,
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Таңғажайып сұлулық тәңірісі көркем тіл, әсем нақыш, әсерлі бояумен өрнек тапқан. Ақын талантына тәнті боласың. Ал енді осы тылсым тыныштықтың шырқы бұзылып, ананың аққуларға еріксіз оқ атып, жаңағы тыныштықтың сүт ұйыған тегешін сапырған сәттегі сөзбен салынған суретке зер салыңыз:
Ию-қию көл маңы астан-кестең,
Жер айналып, тау құлап, аспан көшкен.
Жаңғырығып жар салып, жартастар тұр,
«Жетім көлдің» қайғысын бастан кешкен.
Көріп-біліп таныпты тастарда өлген
Алып аспан астына сыя алмай жүр.
Айдын көлін аққулар қия алмай жүр.
Мөлдіреген «Жетім көл» көкке қарап,
Мөлтілдеген көз жасын тия алмай тұр.
Айдын көлін аққулар қия алмай жүр.
Түйіндеп айтқанда, М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы қазақ оқырманының жан дүниесіне етене жақын ұлттық шығарма және өз кезеңіндегі әдеби үрдіс тынсының мектебін танытады.
М. Мақатаев эпикалық жанрдағы мазмұны мен көркемдігі тұщымды 20-ға жуық поэма, толғаулары барын ескерсек, оның бұл жанрда да құлашын кең сермеп, өнімді еңбек еткенін көреміз.
М. Мақатаев көп жыл бойы тынымсыз шығармашылық еңбек үстінде болды. Соның нәтижесінде ақын қаламынан идеялық ізденіс көркемдігі жоғары бірнеше поэмалар дүниеге келді.
Қазақ поэзиясында поэма жанрының өсіп, өркендеуіне әрі дамып, көркемдік жағынан баюына цезерлік дәрежеде әсер еткені оқушы қауымға әлдеқашаннан аян. Ақын туындылары тек қана аян емес, қазақ поэзиясында бүгінгі замандас бейнесін жасаудағы көркемдік табыстарға еріскен эпикалық поэмалар қатарына жатады. Ақын поэмаларына әр кезде азды-көпті пікір айтқан әдеби сыншы, ғалымдарға Ә. Нарымбетов, Б. Сарбалаев, А. Нысаналин, С. Жұмабеков, Х. Әбдібаев, Қ. Алпысбаев, Н. Үркімбаева, тағы басқаларды айтуға болады.
Бұл әдебиетші-сыншы ғалымдар Мұқали поэмаларының идеялық-көркемдігі туралы аракідік тоқтап, әр кездерде күнделікті басылымдарда өз пікірлерін білдіргендері болмаса, ақынның эпикалық туындылары бойынша ғылыми тұрғыдан терең зерттеліп, жеке кітап болып шыққан көлемді еңбек жоқ. Мақатаев поэмаларының көркемдік ерекшеліктеріне, көркем образ жасаудағы ақындық шеберлігіне өмір шындығының көркем шындыққа айналуына тоқтамас бұрын, қазіргі қазақ поэзиясындағы поэмалардың түрлеріне көңіл аудармақпыз. Себебі, қазір қазақ поэзиясы әдебиеттің түрлі жанрлары бойынша дамып, биік деңгейде туысқан халықтар әдебиетімен, шетел халықтары әдебиетінің классикалық шығармаларымен теңдей дәрежеде өсіп, әлем халықтарының назарына ілігіп, ұлттық колоритті сақтап, белгілі деңгейде өзінің идеялық көркемдік жағынан үлкен табыстарға жетіп, танымал болғаны бүгінгі күнде сыр емес.
Бұл шеберлік нені көрсетеді? Бұл дәл ақиқат М. Мақатаевтың табиғи тума талант, шынайы ақын өмірге тек жыр үшін келгендігін, ақын кеудесінің жыр күмбезі екенін әрі ұлтымыздың сөз құдіретіне ана тіліне деген шексіз махаббатының бір ғана ақын жүрегінде берік орын тепкенін, соның ішінде ақынның бүкіл жан-тәнімен поэзияға, жырға өзінің қысқа өмірін бағыштап, өмірден көрген, білген, сезген бар құбылысты өз өмірімен көркемдік жақтан тығыз байланыстырып, тұтас бір мәңгілік әрі әсем, сәулетті де биік жыр күмбезін тұрғызып кеткенін көрсетеді.
Ақынның «Дариға жүрек» лирикалық поэмасындағы тұнып тұрған сезім құдіретіне оқыған сайын тамсанып, таңырқап, шөлдеп, кейде сусындап, сезім айдынында шомыласың, шомыласың да рақатқа бөленесің, көкірек көңілі марқайып, рухани азық аласың, ақынның Дариға жеңгесінің бүкіл әйел қауымының ішіндегі сұлулықтың символы етіп идеялық-көркемдік жағынан шеберлікпен, ақындық үлкен шабыт үстінде жеңгесінің таза болмысын терең түсінген күйде бір деммен, бір ырғақ, бір әуенмен жыр өрнегіне қосқанының куәсі боласың.
Дариға жүрек кім еді?
Тасылмай қалған өзені,
Ашылмай қалған өзегі,
Келмей бір кеткен кезегі,
Керемет бір жанның өзі еді.
Айтылмай қалған сөз еді,
Ашылмай жүрген сыр еді,
Басылмай жүрген жыр еді,
Дариға жүрек кім еді?
... расында Ұлы отан соғысы
жылдарындағы қазақ
Шын мәнісінде ақын өзінің балалық пәк көңілімен өте сұлу жеңгесінің істеген қылықтарына сүйсіне жүріп, кейін өсек-аяңға ілігіп, әйелдер сөз еткенде де оған сенсе де жеңгесін бірден жаманатқа қимай, оны өзгелер сияқты айыптауға бала көңіл аулақ еді. Өйткені ақын жеңгесінің мінез-құлқын, бар болмысын терең түсінеді. Осы тұста Мұқағали соғыс жылдарындағы ауыл тұрмысын, тыныс-тіршілігін өмірдің өзінен ойып алған тәрізді дәлдікпен, шындықпен суреттеп, Дариға-жүрек бейнесінде сол кездегі талай жанның басындағы бар жағдайды көркем суреттеп, типтік бейне, дара тұлға жасағандығын көреміз.
Поэма тарихи поэмалар қатарына жатады. Себебі, поэма қазір сонау аласапыран сұрапыл соғыс кезіндегі ауылдағы әрбір адам бойындағы күйкі тірлік пен адамдар арасындағы қарым-қатынасты айқын баяндап, нақты көрсетіп тұр. Мұндай тағдыр теліген теңі қайтпаған Дариғаның тартқан азабын, көңіл күйі, басынан кешкен мұң мен зарын ақын жырға қосып, оған кінәлі тауқыметтің әмір-төрешісі соғысқа лағынат айтып отырған жоқ па?
Шөп шабыс еді,
Қосымыз тұрған шатқалды,
Ұйқыдан қауым
жаңадан тұрып жатқанда.
Дариға жүрек,
ботадай келіп боздады,
Бозарып тұрып,
бозарып атқан ақ таңда.
Тыңдаған жан жоқ,
өзінше жұрттар дүрбелең,
Кімдері сөйлеп,
кімдері ұрсысып кімменен.
(Қауымның мұндай
қатігездігін білмеп ем).
Айғай мен хайбар,
айналам тегіс гүлдеген.
Осы үзінді хақында Н. Үркембаева: «Кеңістіктегі біздің шартты тіршілігіміздің нағыз көрінісі осы болар. Талайымыздың «Өмір шындығы деген – міне осы» деп қалыптастырып алған ұғымымыздың жаңсақтығын осындайда ғана түсінгендейміз. Дариға жүректің жан ышқынысын естіместен, парықсыздық апатынан сақтануға шақырған ақынның азаматтық үніне құлақ түрместен, «Өмір деген – күрес!» деп өзара жалғасып баққан тырбаң тіршілігімізді малданып, шынайы ғұмыр үшін күрестің не екенін білместен сенделісті күн кешеміз-ау. Ендеше Дариға-жүрек бұған қалай шыдасын» [4], – деп жазды.
Информация о работе М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға