М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2015 в 09:56, реферат

Краткое описание

Ұлы перзент, ұлы дүние, жалпы ұлылық туралы, әсіресе ұлағатты, артына өшпес дүние қалдырған дүлдүл ақын жайлы сөз қозғау алдында Қадыр Мырза-Әлидің «әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тіреген күмбез, сұлулық сарайы деп есептесек, сен соның талантты тас қалаушыларының бірі едің» деп Мұқағалиға баға бере сөйлеген сөзімен нақтылап қазық орнатып алғанымыз жөн болар. Тәуелсіздіктің көк байрағы төрімізде желбіреп көктегі күнге қол бұлғап жайқала түскен уақыттан көп ұзамай Мұқағали Мақатаев мұрасына жаңаша көзқарас қалыптасты.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................
3

1 М. Мақатаев поэмаларының идеялық-көркемдік сипаты.........................

6

2 М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға ...

33


Қорытынды .......................................................................................................


61


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................


64

Прикрепленные файлы: 1 файл

Изимкулова А.doc

— 331.00 Кб (Скачать документ)

Ал, бұл деректің дұрыстығына көз жіберсек, поэмадағы бас кейіпкер Райымбек батыр 1705-1780 жылдары жасағаны бізге анық, ендеше бұл мәліметтегі Қабай жырау 1839-1924 жылдары болған ақын делінген. Міне, қараңыз, бұл екі мәліметтің сәйкес келмеуін, поэмадағы Райымбек он үш жасында Қабай жыраумен тілдескенде ол ақсақалды қария күйінде суреттеледі. Бұдан шығатын қорытынды Қабай жырау мен Қабай ақын екі кісі болуы мүмкін немесе олар туралы берілген деректерде алжасық бар деп ойлаймыз.

Егер де Қабай жырау біз айтқан ақын болмаған күннің өзінде, Мұқали өз болжамымен Қабай атты жырау да болған, себебі халықта қай кезде де сөз бастар, халық қостар атақты жыраулар болған деп Мұқали сол үшін елге танымал, халық аузында сақталған Қабай ақынның атымен Қабай жыраудың көркем бейнесін, көркемдік шындықпен өрнектеп, Қабай жыраудың типтік образын жасаған дәуірін білмеуі мүмкін емес. Не болғанда да бұл поэма Қабай жыраудың көркем образы өте нанымды, әсерлі бейнеде сомдалған. Ақынның халқымыздың ерлігін, ауыр халын жырлауда, ондағы кейіпкерлердің мінез-құлқын, адамгершілікті жан дүниесін көркемдік компоненттердің әр түрінен қолданып шебер суреттегені айқын байқалады.

Әсіресе, қара жау елді шауып, табанға салып тапап кеткенде жалғыз қалған Қабай жыраудың қан жылаған қасіретін, көңіл күйін, жан дүние толғанысын естіп, оған адам шыдау мүмкін емес  дәрежеде, қара тастан да ауыр қайғыны тілдің құдіретімен ақын реалистік тұрғыда шебер суреттеген:

 

... Байқап еді өліктің  қозғап бәрін,

Бәрі де өлік, бірі де сөз қатпады.

Қабай жырау басы ауған жаққа кетті,

Құзғындарға қалдырып боздақтарын!..

Кете барған, артына бұрылмаған,

Аят оқып, ішінен сыбырлаған.

Қозыкеш жер қырғыннан ұзағанда,

Құлын-дауыс естілді шырылдаған.

... Сен ғанасың, құлыным, сен ғанасың,

Мен де көпке бармаспын, сен қаласың.

Ойран болған ордаңның орнына кеп,

Отау тігіп, оттарын сен жағасың! [6, 395 б.].

 

Бұл ащы шындық, ащы болса да тура шындық. Бұл жерде қырылған халықты ойлап бір егілсең, екінші Қабай жыраудың бүкіл дүниеде бір өзі жетім қалғандай, шырылдаған аянышты хәлі жаныңды жегідей жейді. Осы көкжиек алыста, қараңғы тастай түнекте жылт-жылт еткен жарық сәуленің ұшқыны секілді, бүкіл бір ұлттың өмірін бір тал қылдай нәзік жалғастырушы, үміті болған бала шырылын естігенде жүрегің бордай езілмес пе? Бұл дәрежеде оқырман қауымның жүрегін елжіретіп, көзіне жас, көңіліне мұң, аянышты сезм оятушы қандай құдірет, қандай күш деген сұрақ туады. Бұл әлде болған дәуірдің, сол кезеңнің халық басындағы ауыр халын, өмір шындығын дәлдікпен берген ақындық болмыспен сөз құдіретін жетік білгендіктен, сезім мен ойдың бір жерден бірігіп шығып, шеберлікпен суреттелгені ме деп қаласың.

Шындығында бұл жерде болған оқиғаның трагедиялық ауыр халі әрі ақынның соны табиғи күйінде нақты жанды суреттермен беріп, адам образдарын жасаудағы шеберлігінде деп те қарау керек.

Сондай-ақ поэмадағы адам образын беруде өзге көркем компоненттермен қатар, кейіпкер монологының атқаратын рөлі де ерекше. Ақын бейнелеген Қабай жыраудың мына монолог-зарынан-ақ сол кездің, сол сәттің сондай сұмдық оқиғасын терең білумен бірге Қабай жыраудың бар болмысын, бар арманын, өзін қинаған жан дүниесін, туған халқына деген махаббатын, елін қорғайтын ер туа ма деген ізгі ниетін көркем суреттейді:

 

Елінің есін кіргізер,

Жерінен малын өргізер,

Жауына зауал төнгізер.

Қырық пышақ хандарды

Қылығына көнгізер,

Дегеніне сенгізер,

Соңынан жұртын ергізер,

Бар қазақтан – бір қазақ

Тумас па екен, әулие?! [6, 397 б.].

 

  Осы шағын монолог-зарда  Қабайдың жан дүниесінің аласапыран  қалтарыстарымен халықтың есін кіргізер, жеріне мал толтырар, қырық пышақ алауыз хандарды ақылға да, күшке де салып, айтқанына жүргізер, бар халықтан бір азамат ердің дүниеге келуін армандағаны әрі оны әруақты жерде шын көңілден тілеуі де өте нанымды. Осы Қабай жыраудың күңіренген зары да ақынның өрен жүйрік қаламының қарымдылығын, шеберлігін танытады.

Қорыта келгенде, М. Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» атты поэмасы бұрыннан қазақ халық ауыз әдебиетінің өзекті саласы эпостық батырлар жырының дәстүрі, жалғасы іспетті. Батырлар жырының бәріне ортақ идея – ел қорғау, жер қорғаумен әрі елін сүйген, елінің қорғаны болып, сыртқы басқыншы дұшпандарына деген ерен ерлік істеген халық батырларының сом тұлғасын, нақты портретін, көркем образын жасау тән болса, Мұқалидың бұл поэмасында қазақ халқының сыртқы басқыншы жаулардан мезі болып титықтаған ең қиын ауыр халі, ел басындағы трагедияның кульминациялық шарықтау шегіне жеткен кездегі аянышты, сұрықсыз көрінісін беріп, халықты бірлікке, елдікке, дұшпанға қарсы тұруға шақырып ел билеген, қол бастаған халық батырларының бірі Райымбектің тарихи сом тұлғасын жасау арқылы оның көркем бейнесін халық тұрмысы, қоғамдық тыныс-тіршілігімен тығыз байланыста белгілі бір дәуірдің көркем шежіресін жүйелі баяндап, толыққанды түрда адам жүрегінің лүпілі мен табиғат тынысын біріктіре шеберлікпен поэтикалық жетік үлгіде суреттеген.

Мұқағали Мақатаевтың эпикалық туындыларының ішінде кең құлашты, көркемдігі жағынан ерекше, көлемі жағынан шағын, мазмұны жағынан құнды, әрі күрделі шығармасы – «Моцарт. Жан азасы» (Реквием) элегиялық поэмасы. Ақын бұл эпикалық туындысын австриялық ұлы композитор Моцарт Вольфгант Амадейдің (1756-1791 жж.) хормен, оркестрмен айтылатын «Реквиемі» «Жан азасы» атты әйгілі музыкасының желісіне немесе сол музыканың мәтіні есебінде арнап ішкі жан дүниесінің тоқынысын, терең сезіммен жыр жолдарына түсірген.

Ақиқатына келгенде, М. Мақатаев Моцарттың бұл «Реквиемін» жан-тәнімен беріле тыңдап, терең түсіне отырып, музыканың жан тербейтін құдіретті толқынданған теңізінің тереңіне еркін сүңгіп, оның музыкалық бар болмысын жүрегіне толық сіңіріп алған соң масайрап, мастанып, шаттанып, мұңданып, қасірет тартып толғанып, кемерінен асып толысып, әбден кульминациялық биікке жеткен шақта, мұнар таудың аспанға шаншылған алып шыңынан табиғаттың еріксіз күшімен көкке шапшып атылған вулкан іспетті, ақында буырқанған жүрегіндегі «Жан азасын» сөз маржанымен сыртқа шығарып, бүкіл әлемге тегіс шашып жіберген.

Әлбетте, бұндай құдіретті күш тек шынайы талант, ұлы жүректен ғана шығатын табиғи құбылыс, табиғи заңдылық. Міне, сондықтан да ақын бұл туындысын ақындық күш-қуатын, шалқар шабытын сарқа отырып, поэтикалық асқақ шеберлікпен жазған. Ендеше, шығарма жазудағы әдіс-тәсілін ақынның өзіне айтқызсақ: «Мен өлеңді үзіп-жұлқып, орайы келгенде, кезі келгенде жазуға әрекеттенбегем. Жоқ. Поэзия – жан бұлқынысы, бұлқыныс пайда болғанда қаламнан қол үзбей отыру керек. Кімнің қайтетінін қайдан білейін, мен өзім шабыттың бүкіл сөлін сығып алып, құр сүлдерін қалдырғанша орнымнан тұрмаймын» [18] – деген-ді, міне, ақын сөзіне куә да осы «Жан азасы» (Реквиемі) деп айтсақ қателеспейміз, себебі, ақынның эпикалық шығармаларының ең шоқтығы биігі де, бірегейі де осы туындысы.

Бұл поэма жөнінде Қазақстанның халық жазушысы, кемеңгер ақын, үлкен ғалым Ә. Тәжібаев былайша ой тербейді: «Осындай тарихи кезеңде адамдарымыздың да, ұлттарымыздың да іріленген дәуірінде әдебиетімізде Мұқалидың «Реквиемі» тумауы мүмкін емес еді. Ондай поэзия туғыза алмаған қазақ халық та болып жарытпас еді.

 

Өмір дегенге

Тірлікте сірә, жетер ме ой!

Жарық сәуледен

Басқаның бәрі бекер ғой.

Бекер ғой бәрі, бөтен ғой,

Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой.

 

Біз де өзге тілдерде жазылған тамаша Реквиемдерді сан оқығанбыз. Бірақ, дәл мынадай кереметті кездестірген емеспіз.

Өмір туралы азалы жыр айтып отырған ақынның өмірге деген, жарық сәулеге деген махаббаты орасан. Мен Қасымның поэмасын оптимистік трагедия деп атағанмын. Мұқағалидың «Реквиемін « де солай оптимистік трагедия деп атаймын. Біз өмірді сүюді, оны биік поэзияға айналдыруды осы екі ақыннан үйренуіміз керек» [19, 8 б.] – деп ағынан жарылып, жас та болса Мұқалидың талантын да, шығармасын да әділ бағалап, қалың оқырман алдында паш еткенін жақсы білеміз. Бұл Мұқағали шығармаларына берілген әділ бағаның бірі еді.

Бұдан басқа да Мұқалидың «Жан азасына» (Реквиемі) не аракідік болса да ғалым, сыншылардан пікір білдіргендер болды. Олардың бірнешесін әдейі мысалға келтірейік. Ақынның шығармашылық ізденістері жайлы айта келіп, ақын А. Нысаналин: «... Сол көркемдік ізденістердің заңды жалғасы, жемісі болып «Жан азасы» дүниеге келгендей. Ұлы композитор қазақ топырағынан туыстық, үндестік тапқандай. Жұлдыз бен жұлдыз сырласқандай, музыка мен жыр тілі әр түрлі бейнелілік құралдарымен адамның алапат жан әлемін жайып салады. Әлі сиясы кебе қоймаған жүрекжарды жаңа туындысын автор «Лениншіл жас» газетінің әдебиет пен өнер бөліміне: «Аян! Есен-саумысыңдар? Баяғы дертім қайта қозып, баяғы емханада жатырмын. Жуырда операция жасамақшы. Мынау жаңа жазылған дүние. Ұлы адамның қалдырған мұрасына қазақша, ақынша көзқарас, басқа дәнеңе де емес. Хормен, оркестрмен айтылатын Моцарттың «Реквиемін» («Жан азасын») тыңдаған боларсың, соның желісіне құрылған...» деп жазған еді. Шығарма көп ұзамай жастар басылымында алғаш жарық көріп, оқырманның іздеп жүріп оқитын рухани игілігіне айналды.

Былтыр белгілі аудармашы Михаил Курганцев «Реквиемді» орысшаға аударған еді. Москва композиторы Евгений Евсеев аталмыш поэма-элегия ізімен музыкалық шығарма жазып, ол туынды А. Фадеев атындағы әдебиетшілер үйінде зор ықыласпен тыңдалған болатын» [20] –деп поэма жөнінде көптеген мәліметтер берумен бірге, Мұқағалидың өзімен де жақыннан сырлас, сыйластықты қатынаста болғанын да әрі поэма-элегияның орыс тіліне аударылып, өзге тілдегі халықтан да жоғары бағаланғанын мақтанышпен тілге тиек етеді.

Ендеше, ғалым Қ. Алпысбаевтың мына пікірін де тыңдасақ: «Сонымен Мұқали Мақатаев және «Жан азасы». Өлең сөздің өрен жүйрігі және сөз өнерінің інжу-маржандарының бірі. Тағдыр таразысы тарлан талантқа өлшем емес. Шын жүйрікке өрің мен ылдиың да, қашығың мен жақының да, дүбірлі топ пен дүдәмал тобырың да тоқтау бола алмайды. Кешегіден бүгінге жеткен, бүгіннен ертеңге бет түзеген әсемдік пен ақыл-ойдың ұлы керуені адамзат үшін аздық етер, ал ақылға салсақ табиғи заңдылық... Өнер өлшеміне бұл заңдылық таршылық етеді.

Екеуінің рухани үндестігі – сөз бен бөздің тіршілік, тақайырындағы кім едің, кімдерді қуантып, кімдерді жылатып барасың, жарық дүниеге жаттығыңның өтеуі не деп, күңіреніп барып мұңдасуы. Дүние базар тарқауы, өмір философиясының кедір-бұдыр беттеріндей елес пен елес кезектескен тынымсыз сәтке ұласқандай» – десе, одан әрі тағы да: «Бұл күнде ақын творчествосы жайлы, оның «Реквиемі» жайлы таным биігінің бар деңгейінен дерлік пікір айтылды десек, сол тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні осы жолдардағы тәрізді қарапайым шындықтың мәндік болмыс пен мағыналық тұлғаға айналуына саятын тәрізді. «Ақынның қадау-қадау, жекелеген өлеңдерін алып, оның дүниетанымын, көзқарасын, алған бағыты мен азаматтық үнін аңғарам деу қиянат («Қош, махаббат», 192-б.) деп жазған екен Мұқағали өзінің замандасы жайлы. Бұл үлкен шындық, әрине. Мақатаевтың сөз өнеріндегі болмыс-бітімін аңғару үшін «Жан азасының» өзі-ақ жетіп жатыр» [21], –  деп ойын түйіндейді.

Шындығын айтқанда біз мысалға алған үш пікірдің де әділ, әділетті, азаматтық көзқарастан айтылғанын ерекше атауымыз керек. Құр атау да аз, Мұқалидың эпикалық поэмаларының қайсысында болса да уақыт пен кеңістік категориялары ерекше сәулеленеді, көкжиек кеңістігі географиялық орны жақтан да, қамтыған уақыт мерзімі мен философиялық ой тереңдігінен де, поэзия табиғатына тән болған талапты поэтикалық шеберлікте көркем суреттегенін мақтаныш етеміз.

Небәрі екі жүз жиырма үш жол болған ақынның «Жан азасының» ә дегеннен басталуының өзінен-ақ адамды ұлы музыкант Моцарттың қара киімді әруақ пе, әлде адам ба, белгісіз біреудің өтінішімен жаназа күйін, өмір мен өлімнің күйзеліп сырласқан азалы үнімен басталуының өзінде де үлкен құпия сыр бар сияқты. Жыр жолдарының мән-мағынасы өте тереңде жатыр.

Поэма негізінен алғы бастаушы сөзінен басқа «Табыт үні», «Халық үні», «Жесірлер үні», «Бесік жыры» атты тараулардан тұрады. Осы тараулардың қайсысын оқығанда да тақырыптық идеясына қарай адамзат атаулының басында бар өмір мен өлім, жарық сәуле жайлы бұрын ешкім айтпаған жаңаша көзқарастағы тың, кесек философиялық ойлары арқылы қазақ әдебиетіне, оның эпикалық кең серпілісті поэма жанрының дамуына өз үлесін қосты. Мәселен:

 

Қомағай көңіл құмартып өткен әрнеге,

Тірлікте сонау түскемін талай әуреге.

Кешкен өмір де,

Көрген бақыт та – барлығы,

Жетпейді екен ғой,

Бір күндік сенің сәулеңе, [22, 366 б.] –

 

деп тебіренген ақынның жан күйзелісі, тыныс-тіршілігі жарық сәулемен қоштасар алдындағы оптимистік трагедиясын, ой болмысының тазалығы, тұнық тереңдігі арқылы бір күндік немесе бір минуттық жарық сәуленің қадір-қасиетіне жеткен Мұқағалидың жыр жолдарының текстік терең мазмұны Моцарттың әйгілі азалы сазымен үндесіп, табысуы, бұл ұлылар үндестігі немесе өнердегі өрен тұлғалардың өмірмен қоштасардағы өлі адамның мұң-зарын жыр кестесіне түсірген сәті.

«Жан азабы» туындысының негізгі кейіпкері ақынның өзі, ол әрбір толғанысы, тебіренісі, айтқан сөзі арқылы өзінің көркем де әдемі бейнесін жасып отырады. Бұл ақынның бүкіл дүниеге, тіршілікке көзқарасын былайша сұлу келтіреді:

 

Бір күндік сәуле...

Бір күндік жарық мекенім!

Мәңгілік түнек-қапасқа қалай кетемін.

Келмейді-ау тілім...

Өлгеннен сұра дер едім,

Тірі жандарға

Өмір дегеннің не екенін [22, 366 б.].

 

Бұл өмірге деген қимастық сүйіспеншілік махаббаты болса, екіншіден, суық өлімнен адамның тітіркенуінен пайда болған, аянышты, қайғылы мұңы, бірақ бұл жерде ақын кейіпкері пессимизмге салынып отырған жоқ, керісінше, өр рухта оптимистік тұрғыдан өмір, өлім, жарық сәуленің тылсым құпиясына бойлап, оның қадіріне жетік жетіп, терең философиялық-психологиялық ойын нақты тұжырымдап, адамзатқа мәңгі жарық күн тілеп отырғанын көреміз.

Сонымен бірге ақын әр тарауда өзінің кейіпкерлерінің көркем образын әр қырынан көрсетіп, олардың жан тебірентерлік мінез-құлқын ашуда сонау жүректің терең түкпірінен шыққан нәзік сезімдермен дүниеге көзқарасын, ол кейіпкерлердің жай адам байқамайтын жүрек бұлқыныстарының терең құпиясын ерекше білуімен поэтикалық кең масштабта жан-жақты шебер суреткерлікпен бейнелеген. Осы поэманың «Халық үні» тарауындағы мына шумаққа назар қояйық:

 

Әрине, суық қайғы, суық қайғы,

Информация о работе М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға