М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2015 в 09:56, реферат

Краткое описание

Ұлы перзент, ұлы дүние, жалпы ұлылық туралы, әсіресе ұлағатты, артына өшпес дүние қалдырған дүлдүл ақын жайлы сөз қозғау алдында Қадыр Мырза-Әлидің «әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тіреген күмбез, сұлулық сарайы деп есептесек, сен соның талантты тас қалаушыларының бірі едің» деп Мұқағалиға баға бере сөйлеген сөзімен нақтылап қазық орнатып алғанымыз жөн болар. Тәуелсіздіктің көк байрағы төрімізде желбіреп көктегі күнге қол бұлғап жайқала түскен уақыттан көп ұзамай Мұқағали Мақатаев мұрасына жаңаша көзқарас қалыптасты.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................
3

1 М. Мақатаев поэмаларының идеялық-көркемдік сипаты.........................

6

2 М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға ...

33


Қорытынды .......................................................................................................


61


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................


64

Прикрепленные файлы: 1 файл

Изимкулова А.doc

— 331.00 Кб (Скачать документ)

М. Мақатаевтың «Чили – шуағым менің» поэмасын тұтас алғанда ақын шығармашылығынығ сәтті жемісі деп тану мақұл, әрі орынды.

Ақынның «Райымбек! Райымбек!» атты поэмасы – тарихи тақырыпқа, ерлікке, ел қорғауға арналған көлемді де кесек туынды. Бұл поэма ертеректе, анығырағы 1970 жылы жазылса да, баспадан жарыққа кешеуілдеп шықты. Турасын айтсақ, «Лениншіл жас» газетінің 1981 жылғы 26-28 қараша күндеріндегі үш санында қатарынан жарияланды. Оған себеп Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуының 250 жылдық мерекесі қарсаңында «Ғаасырлар асқарынан асқан достық» айдарымен жарияланған еді. Өйткені, ғасырлар бойы қалыптасқан достықты айта отырып, бұл мәселеге байланысты тарихи оқиғаларды, тарихта болған адамдарды еске түсіріп, олардың халық үшін істеген іс-әрекеттерін, үлкен қызметтерін, ерен еңбектерін халыққа таныту, оған көңіл бөлу тиіс болды. Міне, сондықтан ақиық ақын Мұқағалидың бұрын жазылса да әлі оқушысына таныс емес «Райымбек! Райымбек!» тарихи поэмасын тарих ғылымдарының докторлары Х. Арғынбаев, К. Нұрпейісов алғы сөзін жазып жариялаған болатын. Себебі, ақынның «Райымбек! Райымбек!» поэмасы Қазақстанның Россияға қосылуы қарсаңындағы, поэманың бас қаһарманы Райымбектің халықты сыртқы жаулардан қорғау үшін көрсеткен ерлігі мен халықтың басындағы ауыр кезеңінің ащы шындығы суреттелген.

Мақатаевтың поэмасын жариялап, алғы сөз жазған тарихшылар: «...поэманың басты кейіпкері Райымбек және осы шығармада аты аталатын Ханкелді батыр тарихта болған адамдар. Ханкелді ХVІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде жоңғар басқыншыларына қарсы күресте аты шығып, 1733 жылы Төле би, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Россия патшасы Анна Ионовнаға Ұлы жүз қазақтарын өзінің қоластына алу жөнінде хат жолдаса, оның немересі Райымбек халық арманы – сол достық жолын одан әрі жалғастыра түскен.

Райымбек пен Ханкелді батырлар жайындағы қысқаша мәліметтер Қазақ Совет энциклопеясының 9 және 11 томдарында бар. Ал, Ұлы жүз қазақтарын Россия қоластына алу туралы Ханкелдінің қолы қойылған өтініш хат 1961 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының баспасынан жарық көрген «Казахско-русское отношение в ХVІ-ХVІІІ вв» деген документтер жинағында жарияланған» [13] – деп жазды.

Мұқали Мақатаев бұл поэмасын қазақ халқының басынан өткен, небір ауыр қанқұйлы кезеңі «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» тәрізді тарихи болған оқиғаның ел аузында сақталған деректерін, тарихи мәліметтерді жинақтап, өте шеберлікпен сол кездің, сол дәуірдің есте қаларлық оқиғаларын кең ауқымда нанымды суреттеген.

Сондықтан да ақын бұл туындысын қазақ әдебиетіндегі тарихи өлеңдердің ең алғашқы үлгілерінің бірі ақтабан шұбырынды оқиғасынан басталатынын ескеріп, осы ауыр сәттің сұмдық көрінісін, халыққа кең тараған «Елім-ай» өлеңінің мәтінімен бастайды. Бұл өте дұрыс та сәтті басталған, себебі бірден оқушысын баурап, сол сұрапыл оқиғаның, көріністің жетегіне тартып, жанын күйзелтіп, көкірегін шерге бөлеп, қабырғасын қайыстырып, терең ойға, ауыр мұңға батырып толғандырады:

 

Қаратаудың басынан көш келеді,

Қара жорға шайқалып, бос келеді.

Қара күнді жамылып қара қазақ

Қара күнді басынан кешкен еді.

Қара қайғы көрсетпей ештеңені,

Қара жауы қанатын кескен еді.

Шұлғау болып қыздардың кестелері,

Талай қара шаңырақ қшкен еді.

«Қаратаудың басынан кқш келеді!» [6, 393 б.].

Міне, көрдіңіз бе? Ақын қара сөзін осы тоғыз жолда қанша құбылтып, мағынасын тереңдетіп, салмағын қорғасындай ауырлатып, үдетіп, таудан аққан селдей бастырмалатып, төпеп кеп жібереді емес пе?

Бұл поэма туралы сыншы Б. Сарбалаев юылайша толғанып: «Қаратаудың басынан көш келеді». Жаудан қашқан, туған жерден босқан, қарындасынан айырылып, қара көзден жас мөлтілдетіп «қара жорға шайқалып бос келе жатқан» көш. Сондықтан да жаралы, қаралы көш. Қаралы көш. Көш қана қара ма? Көштегі көңіл, көштегі өмір, тағдыр қара. Көшпелі ел де, «ердің қанаты ат» болған ел де сал мінер, сарбаз мінер қара жорғаның шайқалып бос жатқанынан өтер қасірет бар ма? Қайғы бар ма? Алайда «Елім-айда» көшкен сайын бір тайлақ бос келеді емес пе еді. Иә, солай-тын.

Бірақ көшкен елде тайлақтан гөрі жорғаның керегі мол, қадірі басым. Қаражорға – аттың жалындағы, түйенің қомындағы тіршіліктің тікелей тірек-тұтқасы. Ендеше әйгілі әндегі аталмыш жолды күшейте түсуге болады. Ақынның «Елім-айдағы» бұл жолды «Қара жорға шайқалып бос келедімен» ауыстыруында осындай мән бар. Ақын нысанасы халқымыздың он сегізінші ғасырдың басындағы қысталаң сұрапыл өмірмен мейлінше бетпе-бет келіп, оған терең үңілген. Ат төресі қара жорға шайқалып бос келе жатқанда боз тайлақтар ереуіл арғымақтардың ертоқымсыз «жетім» келе жатары өзінен-өзі түсінікті ғой. Бұл енді – шарболаттай шамырқанған, шыңғырған шындық. Бұл ғана ма! Мұқали Мақатаев қаны сорғалаған қара шындықтарды, талай-талай тұздай ащы, топырақтай ауыр ақиқаттарды ашқан. Ашынып айтқан. Қара шаңырақтарды, қайғылы ақиқаттарды өзі түстес, іспеттес қара бояу ғана жеткізе алса керек. М. Мақатаев сол себепті де қара сөзін қадала, қарымды қолданған болса керек... Қаратау – қасиетті тау! Қара жорға – қалаулы жылқы. Қара орман аман болса, қара Орда дүрілдеп тұрса қара қазаққа одан артық не керек? Бірақ сол кезде жағдай дәл осындай болып тұр ма? Ақ күн қара күнге айналып, қанатын қара жау кесіп, қара қазақ тайғанақ, тар тағдырдың қара түннің аясында, қара қайғының панасында қаңырап қалған жоқ па?

Аналар аңырап, баладан ес кетіп, бабалардан ақыл қашқан жоқ па? Қыз-келіншек қанжығаға байланып, боздақтардың желкесі қыршынынан қиылған. Жай қайғының өзі жеңіл емес. Төбеден де, табаннан да қара қайғы төнген соң не болсын! Қара жұртта бықсып шала қалды. Батырдың да, пақырдың да қара қанын қара дала сылқытып жұтып жатыр.

Сонда да ақынның арманы асқақ. Қара қазақ келешектен күдер үзбейді [14, 86-87 бб.] – деп пікір айтқан болатын. Бұл жерде сыншы поэманы талдауда ақынның айтқан идеясын, алға қойған мұратын, позициясын дәл басып, әділ сынын, әділ бағасын берген.

Ақиқатында М. Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» дастаны –тақырыбы мен идеясы көркемдік тұрғыдан, сюжеті мен мазмұны терең пішінмен композициялық құрылысы нақты, тарихи дәуірдегі халықтың тыныс-тіршілігін, өткен жаугершілік замандағы халықтың басындағы ауыр қайғыны ақындық шалқар шабытпен, жан-тәнімен беріле қазақ халқына, ата-бабасына жаны ашып, елжіреп, егіліп отырып жазылған туынды.

Поэмадағы елді жау шауып кеткеннен кейінгі қалған шағын көштің ізінен тағы да жауы қуып келіп, халықты қырып салған сәттегі соншалықты өліктен тірі жан таба алмай, шырқырап жүрегі езіліп, қабырғасы сөгіліп, жылап жүрген Қабай жыраудың қасіретті, аянышты көркем бейнесі, сол дәуірге сәйкес шынайы, нақты болып келеді. Ақын Қабай жыраудың мінез-құлқын жан-жақты ашып, ақындық шеберлікпен сәтті өрнектейді. Поэманың әр тармағын, әр шумағын тебіренбей, толғанбай оқу кімге де болса мүмкін емес.

Небәрі алты жүз сексен сегіз жолдан тұратын, кішкене үш тараудан құрылған бұл поэманың өткен тарихты оқырманға таныстыруда, оларға әсерлі сезім берудегі рөлі, бірнеше томдық көркем шығарманың беретін мазмұны мен әсерінен әлдеқайда басым.

Поэманың бас кейіпкері Райымбектің Қабай жыраумен кездескендегі мына сөзін мысалға келтірейік:

 

Ата, біздің өлкені қара жаулар шаппады,

Жауларына біздің ел сәйгүлігін баптады.

Қойын сойып, қолдарын қусырды да сорлылар,

Аяғына бас ұрды, бірі садақ тартпады.

Тартпаған соң олар да әуреленіп жатпады,

Алды-дағы аларын, белімізден аттады.

... Батырлар бұл елде, қатындар бар бұл елде,

Әркім қара басының амандығын тілеуде [6, 398 б.].

 

Осы үзіндіден-ақ біз он үш жасар Түкенің ұлы, Ханкелді батырдың ұрпағы Райымбектің «болар бала бес жасынан» демекші, алдағы уақытта ел қорғар арыстан жүректі, жолбарыс білекті батыр болатындығынан дерек беретін сұмдық сөзін, әрі баланың алға қойған мақсаты мен іштегі дұшпанға деген кектің, жас жүрекке қату болып жабысқанын көреміз, әрі жас та болса баланың сөзіне сенеміз, өзінен келешекте үлкен үміт күтеміз. Сондай-ақ ақын Райымбектің сом тұлғасын жасау үшін әр уақыт өзіне сөз беріп отырады. Мәселен, елде Райымбектің атты бәйгеге қосқанда бірінші болып келетін күреңінің басын тежеп, көп аттың ең соңында өз атын өзі ұрандап келіп, тамашалаушы көпшілік қаумалап Әлмерек бидік аузына қарап таңданған сәттегі Райымбектің жұлқына күреңімен шетке шығып айғайлап айтқан сөзіне тоқталық:

 

Дәрменсіз сорлы кедей-кепшікті бұқтыра,

Күшік тазыдай жылмыңдайсыңдар мықтыға!

Ата жауларың арқаңа бәлем, шықты ма?

Қызыңты сатып, қымызға мас боп жатыңдар.

Халықпысыңдар?!

Қазан аңдыған қатындар!

Қорқау қасқырдай бірісін-бірі талаған,

Бірісін-бірі тонаған, тозған пақырлар! [6, 401-402 бб.] –

 

деп  өз атын өзі ұрандаудан танбады, осылай Райымбек өзін алғаш халыққа танытқан сәті еді. Ақын тапқырлықпен өз кейіпкерінің аузына үлкен-үлкен сөздер салып сөйлетеді, ондағы тәсілі, әдісі кейіпкердің жан дүниесын, мінез-құлқын, характерін, өзі сырттай баяндамайды да, оның өзіне өзінің көркем образды бейнесін жасатады, әрі өзінің айтар идеясы да сезіліп танылады.

Ә. Нарымбетов осы кейіпкер сөзі туралы: «Кейіпкер сөзі – шығармадағы адам бейнесін ашуда көркемдік қызмет атқарады дегенде, ең алдымен, оның негізгі идеялық жүгіне көңіл бөлуге тиіспіз. Байқап отырсақ, қай-қай шығармаларда да кейіпкер сөзі арқылы автордың позициясы білінеді. Автордың, яғни ақынның кейіпкерлерге деген көзқарасы, қарым-қатынасы осы кейіпкер сөзі арқылы да танылып отырады» [15] – деген еді.

Бұл өте дұрыс, біз жоғарыдағы үзіндіден Райымбектің жас та болса жігерлі, ақылды, қайтпас қайсар, өжет, әрі батыл, жүректі жас екенін білумен бірге, оның ішкі жан дүниесінің иірімдерін, жаугершіліктен, жауыздық әлемінен қажыған, торыққан халқына жаны ашып, сол кездегі ел билеген билерге, қол бастаған ержүрек батырларға деген базына наразылығын, албырт жас болса да бүкіл рухани дүниесінің кеңдігін, алысты шолып, ата жауына деген кегін сөз құдіретімен бүкіл халық алдында айбынбастан, тартынбастан жайып салады. Сонымен бірге кейіпкердің сөзінен оның ой-өрісі асқақтығы, сезімінің тереңдігі, адамгершілігінің жан-жақты қырлары ашылып, оқушыларына танылып жатады.

Бұдан соң Райымбек ержетіп, он сегізге келіп, ақылы толысқан кезінде көрші қазақтарды жау шауып жатыр деген хабарды естіп, жаны төзбей, сол қас жауына баруға бас биден рұқсат, Қабай жыраудан ақыл сұрайды. Осы жерде де ақын тапқырлық жасап, Әлмерек бидің Райымбекті басқыншы жауларына жібермес бұрын оған белгілі шарт қойып, соны орындасаң ғана рұқсат беремін дегізеді. Осында да Райымбектің өр тұлғасы, көркем бейнесі таныла бастайды. Мысалы, бидің мынандай шартына:

 

... Топ ішінен таңдаған  атын мініп,

Мына жатқан Ілені кесіп өтсін!

Кесіп өтсін, қайтадан оралсын да,

Дуылдасқан дау-шарды доғарсын да,

Ақ күн тусын алдынан, тарта берсін,

Таңдап-таңдап елінен қол алсын да» [6, 407 б.].

 

Міне, бұл шарт жай айтыла салғанмен, орындауы қиын шарт, мұны қабыл алған Райымбек Іленің иірім тартқан ақ айдынына түскен жанды қақпақыл қағып, бір батырып, бір шығарып бұрқып ағып, жылымына сүңгітіп жіберетін асау Ілені кесіп өтіп жағаға шығып ерен ерлік жасайды, бүкіл халық таңқалып, аруақтарды шақырып, әрі Райымбектің бұл көрсеткен ерлігіне дән риза болғанын мұқали өте шеберлікпен нанымды, қонымды түрде тап өзі сол батырдың, сол жұрттың қасында болып, көзбен көргендей табиғи бояуыменен қоспасыз, нақты суреттейді. Бұл ақынның алған тақырыбын, жасаған кейіпкерінің, алған оқиғасының қалтарыс құпия сырларын жетік білетіндігін танытатын ерекше қасиет, бұл айтқанымыз Мұқалидың тек қана осы поэмасына тиісті пікір емес, қайсы шығармасында да осындай білгірлікті, тапқырлықты, терең ойлылықты, көркем шешімді анық байқауға болады.

Бір кезде ақын «Райымбек! Райымбек!» атты поэмасын жазса да баспаға беруге тартынып жүргенін көршілік халық біле бермейді. Бұл туралы мына деректерге назар салайық: «Райымбек! Райымбек!» деген поэма 1970 жылы күзде жазылған. Сондай «тексерулерден» қорқып, оны өзі тірі кезінде кітаптарға ұсынбады» [16, 12 б.] – дейді ақынның жұбайы Лашын Әзімжанова. Шындығында да бұл жерде Мұқағали өлеңдерін тексеріп, көп қысқартатын немесе өзгертетін, әйтпесе солай-ақ шумақтарын алып тастайтын «тексерулерден» немесе Райымбек батырдың атын атауға тартынсын, қайткенде де осы поэмасын көзі тірісінде еш кітабына ұсынбағаны анық. Міне, кешегі күн атын атауға тартынатын, ақиқатын айтсақ, қорқатын болсақ, бүгінгі күн егеменді ел болып, бүкіл дүниеге танылып отырған дәуірімізде тарихымыздың ашылмаған беттерін ашып, оны халыққа таратып отырмыз. Осы поэманың бас қаһарманы Райымбек бабамыздың атына астанамыз Алматы нақ төрінен үлкен көше беріп, халқымызды қуантты.

Поэмадағы екінші кейіпкер Қабай жырау өмірде жасып, тарихта болған адам. Мұқали осы кейіпкерінің де көркем образын жасауда тарихи шындық пен көркем шындықтың ара айырмасын білдірмей, жымдастырып, үйлесімді түрде келтірген. Бұл дәрежеде М. Мақатаевтың тереңнен толғанып, философиялық ойлары, нәзік сезімімен парасатты жырға қосқан жаңалығына ешкімнің де таласы болмауы керек.

Иә, сонымен Қабай жырау тарихта болған, жасаған адам дедік, ендеше мына дерекке сүйеніп көрейік: «... Мұқағалидың «Райымбек! Райымбек!» атты поэмасының кейіпкері Қабай жырау кім дегенге келсек, бұл кісі Нарынқол ауданыныңғ Қарасаз ауылында дүниеге келіп, барлық өмірін сол туған жерінде өткізген. Кейбір деректерге қарағанда, «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» жайлы дастан жазған делінген. Алайда, ақынның ол туындысы бізге жеткен жоқ» десе, «Қазақ КСР Ғылым академиясы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының сирек қолжазбалар қорында Қабай ақынның бір топ өлеңдері сақталған» [17, 11 б.] – деп жазады ғалым С. Дәуітов.

Информация о работе М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға