М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2015 в 09:56, реферат

Краткое описание

Ұлы перзент, ұлы дүние, жалпы ұлылық туралы, әсіресе ұлағатты, артына өшпес дүние қалдырған дүлдүл ақын жайлы сөз қозғау алдында Қадыр Мырза-Әлидің «әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тіреген күмбез, сұлулық сарайы деп есептесек, сен соның талантты тас қалаушыларының бірі едің» деп Мұқағалиға баға бере сөйлеген сөзімен нақтылап қазық орнатып алғанымыз жөн болар. Тәуелсіздіктің көк байрағы төрімізде желбіреп көктегі күнге қол бұлғап жайқала түскен уақыттан көп ұзамай Мұқағали Мақатаев мұрасына жаңаша көзқарас қалыптасты.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................
3

1 М. Мақатаев поэмаларының идеялық-көркемдік сипаты.........................

6

2 М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға ...

33


Қорытынды .......................................................................................................


61


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................


64

Прикрепленные файлы: 1 файл

Изимкулова А.doc

— 331.00 Кб (Скачать документ)

 

Питерде, Питерде барлығы,

Питерден жаралған таң нұры.

Питерде тоғысқан Русьтің 

Арманы, ашуы, тағдыры, –

 

деп халық тарихының тірі куәсі ретінде бейнелейді. Осындай кемеңгер ұлдардың ісін жалғастырушы, бостандық жыршысы Ильичті аман сақтаған Питерді ақын асқақ шабытпен жырлайды.

 

Айдынын аймалап Неваның

Қатыгез күндерге көне алдың.

Октябрь дүбірі келгенде,

Жасардың, сілкіне дем алдың?

 

Поэма соңында тарихи тұлғаның идеясы жүзеге асып, жаңа өмірді жасаған халық жасампаздығы, бейбіт еңбекке деген еңбекші елдің жігер қарқыны, ұлы көсеміне деген теңдессіз сүйіспеншілігі жырланады. Поэма жазылған дәуір тынысы, заман ағымы, қоғам талабы осылай жырлауды   ғана керек ететін еді.

Ақындық қуат та сол мүддеден шыға білуге ұмтылған. Ол үшін Мұқағалиды кінәлай алмайсыз.

"Соңғы минуттарда" тарихи  тұлғаның өмірінің соңғы кезеңдері суреттеледі. Ильичтің ауыр сырқатынан аз уақытқа айығуы, еңбекші халықтың көл-көсір қуанышын, ауыр сырқат қайта меңдегендігі, оның өмірге құштарлығын, Ильич дүниеден қайтқанда халық көңіліндегі қайғы-мұңын ақын қоспасыз шындықпен жырлайды.

Кремльдегі жиында Ильичтің сырқатынан айыққанын хабарлаған Калининнің сүйінші хабарын естігендегі кең залды кернеген халық шаттығы тартымды бейнеленеді. Кремльден шыққан осы хабар жан-жаққа қуаныш нұрын себеді:

 

Лондонда, Парижде, Берлинде,

Прага, Варшава, Кольнде.

Ильичтей бостандық көсемін,

Аңсап-ақ қалыпты ел мүлде.

 

Әсіресе бұл ұлы қуанышты хабарды естіген қырдағы қойшы шаттығында шек жоқ.

 

  • Жол болсын, жолаушым кім едің?

Жүресің тым суыт білемін...

  • Сүйінші, бауырым, сүйінші!

Айықгы, жазылды Ленин!

 

Атын ол бір тартты борбайға,

Қазекең тұрсын ба ондайда.

Құйын боп құйылып барады,

Аңдамай жар қайда, ор қайда.

 

Бақыт құсындай ұшып келген шаттық хабарынан ұлы астана Москва да құлпырып кеткендей:

 

Москва өзені, қаласы,

Сәбидей мәз боп тұр қарашы!

Қарашы!

Ақсия күліп тұр,

Шығыс пен батыстың арасы.

Миллиондаған жүректің Ильичке деген ғаламат сүйіспеншілігі ақын жүрегін де бей-жай қалдырмайды. Ақын да қуаныш тасқынын шын жүрегімен ақтарады:

Өмірге Ильичтей ұл туған

Дүние, айналдым ғұрпыңнан!

Жаңарған, жасарған нұр тұлғаң

Екен ғой Ильичтей құлпырған,

Дүние, айналдым ғұрпыңнан!

 

Бұл сол дәуірдің шындығы еді, халық сенімі, қабылдауы, көңілі осылай еді. Бұл тұста да сөз образдың дәлдігі, заман шындығының айна қатесіз көрініс табуы, оны шынайы бейнелеу шеберлігі жайында. Ал ақын болса, сол халықгың тәрбиесінен шыққан сол қоғамның аясында ер жеткен перзент. Поэманың соңғы тарауларында жеңбек болып мендеген сырқат дерті, ұлы кеудедегі сарқылмай бара жатқан дана ой, өмірге қимас сезімдегі көзқарасы көңілге мұң ұялатар әсермен жырланған. Мынау әлемнің сөніп бара жатқан жарық күніндей болып санаға сіңген адамның отты жүрегінің айықпас дертін сезген ақын жаны:

 

Барым да, байлығым да мақтаным,

Батпашы, шуақ Күн, батпағын!

Осынау алып ел үстінде

Мәңгілік борышыңды ақтағын!

Асықпа, аялда, батпа күн! –

 

деп бебеу қағады. Ильич те адам. Демі біткен күні ол да өледі. Міне сол дәуірдегі оған деген халық ықыласының ерекше сипатын Мүқағали ақын дәл суреттеп, айқын көрінісін жеткізе білген.

 

Горько, сен налыма тұнжырап

Секілді жапырақсыз мұңлы бақ.

Көтер бас! Налыма!

Сен маған,

Батады, сөнбейді күн бірақ!

 

Ақын өзінің ақындық даусына, стиліне тән, ақынның өз табиғатымен шыншыл да батыл, азаматтық дауыспен адал көңілден ақтарыла жырлайды. Ақын шығарманы жазу үшін мұқият дайындықпен, сәулелі сезімді алдымен өз жүрегіне сіңіріп келгендігін көрсетеді.

Алайда М. Мақатаевтың бұл туындысы кемшілік атаулыдан аулақ деген қорытынды шығармақ емеспіз. Кем келіп, артық кетіп жатқан тұстары бар. Ақынның кейбір шумақтарға мән беруге, кейбір жыр жолдарын қайта қарауға аз уақыт бөлген сәттері кездесіп қалады.

Мысалы:

Сүйдің бе? – деп сұрағанға

Жоқ, – деп айту бір айып.

Жас адамға, ұлы адамға,

Жар сүю де лайық.

 

немесе,

 

Ақ ваннаға малып қойып бөксесін

Отыр село,

Тері шығып мандайдан, –

 

деген тәрізді даулы, екіұшты ұғым тудыратын жекелеген жыр жолдары аракідік ұшырасып отырады. Мұндай жеңіл жөндеуді керек етіп тұрған тұстар поэманың құндылығына, идеялық, көркемдік жетістіктеріне айтарлықтай әсер ете қоймайды. "Ильич" поэмасы туралы профессор  
Х. Сүйіншәлиевтің "Ильич" поэмасы көсем келбетін өзгеше қырынан елестетерлік көркем туынды. Көсемнің дүниеге келуі – тарихи заңдылық деп түйеді ақын. "Ғасырлар – әкелер, сенімді мұрагер көрмеген" деп халықтың ең жақсы дәстүрлерін жалғастыратын ардагерге ел зәру заман туған еді. "Бостандық, бақытты әперген, перзентке зәру боп шөлдеген... елдің тілегі", – деген пікірінің мәні зор.

Поэманың өн бойында тапқыр, татымды шымыр шумақтар образға оранған ақындық ойды, атой салған өміршіл сезімді, ақынның азаматтық дауысын еркін жеткізеді.

Лирикалық геройдың сан қырлылығы, оның дүниетанымының күрделілігі мен байлығы, ойы мен сүйініш-күйініштері өз дәуіріндегі адамдардың көңіл-күйі мен ойларының көрінісі іспетті. Өмірдің қожасы, жасампаз өзгерістердің авторы, адамдық қарым-қатынастарда жаңа бір сипат әлемін дүниеге әкелуші адамның қалыптасуы, өмірден орнын алуы – казақ поэзиясының осы заманғы ең басты тақырып нысанасы. Поэманың кең ауқымды, дәуірлік сипаты бар, терең мағыналы оқиғаларды бейнелеуге ұмтылудан туатынын 60-70-жылдардағы қазақ поэмаларынан көруге болады.

Соғыс зардабы ел мен жерді тұтас қамтиды. Ол туралы көп жазылды да. Ал, бірақ осы тақырыпқа арналған Т. Бердияровтың "Оқ және гүл",  
М. Мақатаевтың "Өмір-дастан", Т. Молдағалиевтің "Хаттар, хаттар", "Жеңеше", Ж. Нежімеденовтің "Келін" сияқты лирикалық-толғау үлгісіңдегі поэмаларының айшықгы айырмашылығы, өзіндік өзгешелігі сол, қаншама қайталанып айтылып, таптаурын болған тақырыптың өзінше жаңа қырынан келіп, суреткерге тән сезімталдықпен, ең бастысы жүрегінді шым еткізер шыншылдықпен меңгеруінде жатыр.

Бір кезеңге ортақ тақырыпқа, Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылғандықган Ж. Нәжімеденов, Т. Молдағалиев, Т. Бердияров,  
М. Мақатаев поэмаларын қатар алып талдауды жөн көрдік.

Бұл шығармалар туралы сөз еткенде Л.К. Швецованың мына бір пікірін еске алуға болады. "Своими антивоенными и антифашистскими произведениями советская многонациональная поэзия вносит большой вклад в дело борьбы за мир, за светлые будущее человечества, дружбу между народами и утверждение реального гуманизма".

Тоқаш Бердияровтың "Оқ және гүл" поэмасында соғысқа деген қарғыс пен қарсылық соғыс өртінің ішінде, оқтық өтінде жастық өмірін өткізіп, сұрапыл кезеңді көзімен көрген лирикалық кейіпкердің жан күйзелісі арқылы беріледі. Өткен өмір мен бүгінгі дәуірді тұтастыққа алып суреттей отырып, ақын оқ пен гүлді қатар қою арқылы өлім мен өмір арпалысын бейнелейді.

 

Оқ – ажал, Гүл – өмір!

Снаряд сауытын көтеріп,

Алдыңғы шепте де өсті гүл,..

...Жер үйдің үстінде 

Пулемет қасында,

Батырлар қабірі басында

Өсті гүл қасқаның астында!

 

деп жырлаған ақын поэманың бір тұсында оқырманға тікелей тіл қатып, уақытқа, заманға, тіршілік әлеміне үндеу тастайды.

 

0, менің қиқар Ғасырым,

Соғыс дүниесін қоқсытпа,

Тірі өмірге оқ сұқпа!

 

Поэмада патриоттық сезім, отансүйгіштік идея асқақ пафос, зор шабытпен сипатталады.

Т. Бердияров поэмасында деректік негіздер мен фактілер қатар өріліп, айшықгы теңеулермен өрнектеледі. Ақынның сөз қолданысы, бейнелі образы, тапқырлығы ерекше. Ол өлеңдік құрылымда ырғақпен, логикамен ұтуға ұмтылады. Буын ырғақтарының өзі баурап алатын шумақтар поэма көркін ажарландыра түскен. Жүрегіндегі шабытты поэзияға арқау етіп лирикалық толғаныс арқылы ғарыш заманымен қабаттастыра толғап сұрапыл жылдар есесін көз алдымызға әкеледі.

Жұмекен Нәжімеденов өз поэмасына халық басына түскен қасіреттің қара бұлты төнген қиын кезеңдегі келіннің тағдырын арқау еткен. Келін – қазақ халқы қасиеттеп, қастерлеген ұлтгық ұғым. Келісті келін – әдептілік пен әдеміліктің, ізгілік пен нәзіктіліктің символы. Көздің нұры, көңілдің қуанышы. Қазақта солай қалыптасқан. Поэманың кейіпкерлері Сұлтан атай мен Ұлпа шешейдің келіні – тағдыр талайына соғыс тауқыметі тап келген жас жар.

Поэманың лирикалық сипаты оқиға желісіне автор қатысуына байланысты анықталып отыр. Шығарманың басталуындағы авторлық толғаныс лирикалық кейіпкер бейнесінде сюжеттік арнаның дамуына тікелей араласып, уақыт шындығын тарих көзімен екшеп көрсетеді. Сұрапыл жылдар бейнесін ақын былайша толғайды:

 

Сонау жылдар еді бұл...

Күзетті аспан күңіренген ел үнін.

Ел күзетті әкесі жоқ баланы,

Шал күзетті жесір қалған келінін...

Елестетсем қара жылды, көз жасын,

Әлі күнге шыдамаймын өз басым.

Соғыс күлі көміп кеткен денені

Көктем гүлі қайта көктеп түледі...

Қасиетінді білу үшін аяулы ел,

Қасиетіңді есіме алғым келеді.

 

Мұнда ауыр күндер елесін суреттеп берумен қатар сол кезеңді басынан кешкен ақынның өз үні, ол туралы ой тебіренісі жатыр. Шал-кемпірдің жалғыз ұлы Айдар майданға аттанып кете барады.

 

Сұлтан атай ерттеп қалса сары атын,

Ұлпа шешей айыр алып баратын.

Келін үйден көпшік алып шығатын,

Сөйтіп бәрі бір ат ерттеп тұратын.

 

Міне, осылайша қорғасындай ауыр мұңға толы қоңыркдй тірлік кешіп жатқан шағын шаңырақгың тұтқасы да, тірегі де – осы келін. Алау жүзді албыраған арудың айықпас мұңы, оңашада ошақ түбіндегі "күлге тамған" көз жасы ақын жүрегін сыздатады, оқырманын да ойландырмай қоймайды. Немересін әнмен әлдилеп ұйықтататын, кейде өзі бұрын ұйықтап кететін, қандай күн туса да "құдайға шүкір " деп отыратын әзиз әже мен "солай ғой бұл тірлік" деп "қарамайтын ештеңеге таң қалып" қарияның мінезі поэмада шынайы берілген. Сол жылдардың қайғылы келбетін ақын өлең тілімен былайша өреді.

 

Сол бір жылы жүдеп, тозып болды алап,

Үзім нанды қолдар жүрді қолдан ап,

Көкірегін күрсінумен күйдірді ел,

Ақ жүректі қара қайғы бомбалап.

 

Көңіл алаң – нені күтсе, соны ойлап,

Қонып жатты бетке әжім, самайға ақ.

Қиын болды жұбандырар сөз табу,

Жылататын хабар айту оңайлап.

 

Тарихи шындық қарымды ақынның құдіретті қаламының күшімен осылайша келісімді кестеленеді. Осынау көркемдік қуат, сезім     соқтығыстары, шыншылдық пен сыршылдық поэманың тұла бойында тулаған қан тамырдай. Күндердің бір күнінде:

 

"Қара қағаз" қара  жерді тепкілеп,

Сұлтекеңнің үйіне де жетті кеп.

 

Жүректерге шындықтың найзасындай шаншылған қаралы хабар тәтті үмітті талшық етіп жүрген қос қарияның шаңырағын шалқайтып-ақ кетті. Көкейлерді шоқ болып қарыған, көмейлерге кептеліп қалған соғыстың сол уын тата отырып жыртық көңілді жетім-жесірлер өмір көшін өрге тарта береді. Бірлі-жарлы адамның емес, жалпақ елдің басына түскен жойқын қайғының бір үзік көрінісін ақын жанымен сезе, жүрегінен өткізе отырып жырлайды. Шал мен кемпір қуанышымен алданып, соны дәтке қуат етіп, өмір өз арнасымен ағып жатады. Ал, жарынан жастай қалған, жаныңда жібімес мұз-мұңы бар келіннің жайы қандай. Ол поэмада былайша психологиялық дәлдікпен беріледі.

 

Түні бойы жесір болып ойлап ол,

Келін болып оянатын күн шыға.

Ақ босағаға адалдық. Тағдыр тауқыметін талай тартса да азаматы аттанып кеткен ақ отауды айырбастамау, алғаш келін боп түскен ыстық ұяны бұзбау – адалдық пен адамдық жолы, махаббат дерті. Ақынды тәнті еткен де, тебірентіп толғантқан да сол бір ғаламат рухани күш. Жылдар жылысып өтсе де, жан жаралары жазылса да, өмір мен өңір өзгерсе де тазалығынан тайынбай, кісілік пен кішілік жолынан жазбай, жаңылмай жалғастыра берген оның атын ешкім білмейді. Тек келін деп атап кеткен. Қазақы қарапайым ұғымның қасиетін арттыратын сол тұрақтылық, сезім тазалығы, ар алдындағы адалдық. Ақынның мұраты да осындай жан жайсаңдығын, адамгершілік асыл қасиетті паш ету.

Т. Молдағалиевтың "Хаттар, хаттар", "Жеңеше" поэмаларында лирикалық кейіпкердің шегініс арқылы баяндалатын жан толғанысы суреттеледі. Лирикалық кейіпкердің сонау сұрапыл соғыс жылдарында өткен балалық шағы, оның майданда жүрген ағасын, тағдыр тауқыметіне шыдамай шуақты шаңырағын тастап кеткен жеңгесін ойлағандағы сағынышты сыры сол дәуірді айқын бояумен елестетер өрнекпен суреттеледі.

"Хаттар, хаттарда" бала психологиясы  поэманың өн бойында негізгі  өзек болады. Майданға кеткен  аға мен ауылда қалған бала, ата-ана, сүйген жар арасындағы қарым-қатынас олардың бір-біріне жазысқан хаттары арқылы көрініс тапқан. Хаттарда сан қилы адамдар образы, олардың жақсылы-жаманды қасиеттері бейнеленген. Аға мен інінің мөлдір махаббаты, өмір көрген қарт әкенің ақыл парасаты, қалада өскен тікбақай келіннің тауқыметі нанымды қалыпта көрінеді.

Информация о работе М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға