М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2015 в 09:56, реферат

Краткое описание

Ұлы перзент, ұлы дүние, жалпы ұлылық туралы, әсіресе ұлағатты, артына өшпес дүние қалдырған дүлдүл ақын жайлы сөз қозғау алдында Қадыр Мырза-Әлидің «әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тіреген күмбез, сұлулық сарайы деп есептесек, сен соның талантты тас қалаушыларының бірі едің» деп Мұқағалиға баға бере сөйлеген сөзімен нақтылап қазық орнатып алғанымыз жөн болар. Тәуелсіздіктің көк байрағы төрімізде желбіреп көктегі күнге қол бұлғап жайқала түскен уақыттан көп ұзамай Мұқағали Мақатаев мұрасына жаңаша көзқарас қалыптасты.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................
3

1 М. Мақатаев поэмаларының идеялық-көркемдік сипаты.........................

6

2 М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға ...

33


Қорытынды .......................................................................................................


61


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................


64

Прикрепленные файлы: 1 файл

Изимкулова А.doc

— 331.00 Кб (Скачать документ)

Әрине, бұл пікірді К. Камидулаев та қуаттайды: «Бүкіл сұлулық үшін күресте ақынның жаны төзбесі керек десеңіз міз бақпайтын алып тауларды, жаратылыстағы барлық жанды көмекке шақырып, өзінің жастығынан мұң-наласы, арман-тілегін өзімен бірге ала кеткен Дариға жеңгесінің типтік көркем бейнесіне ақын түгілі, біз, оқушы қауым да жанымыз ашып, барлық кінәні сұм соғысқа аударамыз. Ол кездегі некесіз туған, әкесіз өскен балаларды да дүниеге әкелген де, әрі соған себепкер де жексұрын соғыс еді.

Алайда қазақ поэзиясында Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған поэмалардың сюжеттік мазмұны майдандағы жауынгерлердің ерліктері немесе әділетсіз соғысқа қарсы, бейбітшілік үшін күрес әрекеттеріне байланысты тартыс оқиғаларға бейім болып, ондағы адамдардың ерлік көрсеткен образдары әр қырынан шынайы көркемдікпен суреттелсе, Мақатаев поэмасында соғыс уақытының екінші қырынан келіп соғыстағы қаһармандық ерлік туралы емес, сол дәуірдегі болып жатқан адамдар тұрмысын сәтті суреттеп поэма қаһарманының ішкі құпиясын, жасырын сергек сезімін, көңіл күйін, қайғысы мен қуанышты сәттерін реалистік тұрғыдан баса суреттеп, Дариға жеңгесінің дара тұлғасын тасқын шабытпен жырға қосып, өзіндік шеберлікпен нанымды жасап шыққан. Сондықтан да дауылды ақынның бұл поэмасы лирикалы-психологиялық поэмаға жатады.

М. Мақатаевтың «Дариға жүрек» поэмасының негізінде лирика-романтикалық спектакль жазылды. Спектакльді қойған әрі инсцинировкасын жасаған – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Райымбек Сейтметов пен Нұрқанат Жақыпбаев. Осы спектакльден көрермен халық М. Мақатаевтың Отан деп соққан, елім, жерім деп соққан үлкен жүрегінің лүпілін сезіп, қойылымды көріп, одан эстетикалық әсер алып зор қуанышқа бөленгені мәлім.

Сондай-ақ Аян Нысаналин Мұқағалидың осы поэмасы жайында:  
«... Дариға жүрек» – ғұмырға ғашық жанның тебіренісі, талант кемелдігіне куә туынды. Онда уақыттың шамырқандыратын шындығы, көкіректі күйдірген ыстық табы жатыр шыршық атып. Төрт аяғын тең басқан жорға лирик алқынбай, кең құлашты эпиктікке ұласып қалам қарымын көрсетіп, шабытына шалқар айдын ашқан тұсы бұл», – деп жазды.

М. Мақатаев поэзиясы өзінің ішкі мазмұнының тереңдігі, қарапайым сөздерді құбылтып, құлпыртып істеткенде сөздердің құдіреттілігі, бүкіл жаратылыс пен адамзаттың тыныс-тіршілігін қабыстырып, қарыстырып, қиыстырып, біріктіріп бізді қоршаған жанды да жансыз бар дүниеге тіл бітіріп, көктен кеудесіне нұр арқылы жан ендіріп, онымен бізді сырластырып,олардан тылсым сыр ұқтырып, әлем кеңістігін шарлатып, көңілдің көк дөненімен терең ойды, сезіммен жетелетіп, біздің жырға болған іңкәрлігімізді арттырып, бір серпілтіп жан дүниемізді сергітіп, қуанышқа кенелтіп, тамаша рахатқа бөлеу – ақын шығармаларына тән негізгі қасиеттердің бірі. Бұндай идеялық-көркемдік жақтан шеберлікке келуде Мұқалидың ақындық келбеті де, негізгі идеялық айтар ойы да, алға қойған азаматтық позициясы, өмірді тану көзқарасы да өте айқын көрінеді. Сол себептен болар ақынның әрбір лирикасы, поэмасы оқырман жүрегіне жылы жетіп, жылы қабылданады. Бұған біз «Дариға жүрек» поэмасынан-ақ дәлел келтірейік.

Бұл поэма жанры туралы белгілі ғалым-жазушы Ш. Елеукенов: «Поэма секілді күрделі шығарманың құлақ күйін келтіруге кіріскен ақын бұл жанрдың жауапты жайлары мен шарттарына, ерекшеліктеріне әбден қанығып алады деп түсінуіміз керек. Осылардан әсіресе, бір шар дейміз бе, ерекшелік дейміз бе, әйтеуір, автор назарын өзіне аудармай қоймайды. Ол қандай шарт, қандай ерекшелік еді?

Поэма жанрының көркеюіне талай жылдан атсалысып, тер төккен сақа ақындарымыздың бірі – Ғафу Қайырбеков бір өлеңінде:

 

Заулауында киіктің

Кеңдігі бар даланың, –

 

депті. Осы бір философиялық мәні терең жолдардан, меніңше, жоғарыдағы сұраудың жауабын іздестіруге болатын сияқты. Оның поэма ерекшелігінде де авторы – ақынға тікелей қатысы бар. Шынында да Ғафу Қайырбеков сөзін өзгертіп айтсақ, тоқымдай жерді киік жүтки ала ма? Әрине, жоқ. Жүйткімек тұрсын, төбеге ұрғандай тікіректеп қалар еді. Бұл желаяқтың самғауы үшін қазақ даласындай далиған шексіз-шетсіз кеңістік керек. Ақын да солай. Ол бір уақыт ішкі сезім тылсымдарына сүңгіп кетсе, бір уақыт эпикалық кеңістікті аңсайды. Мұндай кеңстік өрісі ұзақ поэма жанрынан табылса, оның авторының да көз жетер жері алыс, шабыты көсіле шабуға тиіс» [5], – деп жазған болатын.

Мұқағали Мақатаев та – 60-70-жылдардағы қазақ поэзиясының поэма жанрындағы эпикалық кеңістікте жоғарыда айтқан киіктей самғап, кең тыныстаған, алысқа шапса алқынбас хас жүйрік ақындардың бірі.

Мұқағали Мақатаевтың шығармаларының ішінде ең шоқтығы биік туындыларының бірі – халықаралық тақырыпқа жазылған «Чили – шуағым менің» поэмасы. Бұл поэма Чилидің ұлы ақыны Пабло Нерудаға арнаған ескерткіш-туынды. Бұл эпикалық туындыны оқып отырып, ақынның ақындық құдіретін, философиялық терең ойларын, азаматтық асқақ кредосын, жүректің түбінен шымырлап атқылап шыққан озық идеясын көреміз. Мұқағали поэмасында Чили халқының фашизмның зұлымдығына деген ыза-кегін ақын Пабло Неруданың образы арқылы, оның халық басындағы қайғыға деген көзқарасы, тереңнен тебіренетін ойлары арқылы суреттейді.

«Чили – шуағым менңғ» поэмасы Мұқалидың әлемдік көзқарастағы, уақыт пен заман жайлы үндес дыр жазуға кемелденгенін көрсететін көркем де, мазмұнды еңбек. Ақын жаны – бүкіл дүниедегі адамзат баласының тыныштықта, бейбіт өмір сүріп, жасауын қалайды. Әлі де жұмыр жер бетіндегі қатыгез, қаталдық пен фашизмнің бас көтерулеріне жаны ауырып, жүрегі сыздап алаңдайды. Себебі, дүниедегі бар ақын бір ананың баласы деп бағалайды:

 

Барлық ақын – баласы бір ананың,

Ақын келсе өмірге қуанамын.

Ақын кетсе өмірден – жылағаным,

Барлық ақын – баласы бір ананың,

Барлық ақын – бауыры тірі адамның!

Тұтандырсам бірінен жыр алауын,

Бірінен қасиетті сыр аламын.

Тәңір деген жоқ қой,

Жоқ!

Бар болса егер,

Ақындарға тиме деп сұранамын [6, 374 б.].

 

Бұл жұмыр жер бетіндегі бар халықтың ұлтына, түріне қарап алаламай бәрін бір адамның баласындай көретін үлкен жүректі гуманист ақынның бүкпесіз ақтарылған жан сыры, ақиқат үні. Бұлай деуге ақынның толық правосы бар, себебі ақынның ақындық қуаты мен білімі, азаматтық кесек дара тұлғасы, ой парасаты осындай заңғар биік шыңдарға жетелейді.

Бірде Мұқағалидың өзі осы поэмасы туралы былай деген еді: «Чили – шуағым менің» 27 ақпанда (1974) «Социалистік Қазақстанда» толық басылды. Жұрттың бәрі бір адамдай жақсы қабылдады. Көргісі келмегендер көрмей-ақ қойсын.

Бір нәрсеге өзіме-өзім дән ырзамын. Ол – өзімнің ақындық болжамым, ақындық интуициям. Пабло туралы менің поэмамнан кейін одақтық баспасөзде көп материалдар жарияланды. Әрине, олардың бірімен де таныс болған емен. Солармен кейін таныса отырып, дәл басып, бұрын білмеген жайыттарымды алдын ала нақ айтқаныма мақтанам. Неруданың сүйегін қабірінен қазып, ұрлап әкетіпті, кітаптарын өртепті. Мен мұны білгем...» [7].

Кейін бұл пікірді еске алған А. Шәріп: «Ұлыларға көріпкелдік етене ... Табиғат Мұқағалиды да құралақан қалдырмапты. «Неруданың сүйегін қабірінен қазып, ұрлап әкетіпті, кітаптарын өртепті. Мен мұны білгем...». Жердің шалғай бір қиырындағы өзі көріп-білмеген жанның тағдырын дәлме-дәл болжауы кісі таңғаларлық-ақ. Әлде, ғылымның «алтыншы сезім» дейтіні осы ма еді? Ал «Бақытым менің алыста» атты өлеңіндегі «Қыс та өтер, қыспен бірге мен де өтермін...» деген жолдар тікелей өзіне қатысты. Бұл дүниенің қашан жазылғанын білмеймін, бірақ ақынның көрегендігіне сенімім кәміл. 1976 жыл, наурыздың 27-сі. Ақынның жарық ғаламмен қоштасқан күні. Ит үріп, үсік шыққан кез. Қырдағы ел ойдағы елмен көріскен шақ. «Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде, қырықтың бесеуінде» – деген Мұқали да тап осы мезгілде келмес сапарға аттаныпты...» [8] – деп таңқалғанын көреміз. Реті келгенде бұған қосымша айта кететін мына деректі қараңыз: «... Сөйтіп, февраль айының алғашқы онкүндігінде Өсірдастанның он данасын (сигналдық) беріп жіберіпті. Марқұм өте қатты қуанды. Алғашқы автографын елден келген бір балаға жазды. «Мұның өмір дастаны енді-енді басталып келеді, сосын ең әуелі жазып отырмын», – дегені есімде. Өзі бара алмайтын болғасын Әбекеңе (Әбілмәжін Жұмабаев) арнап жазған автографын менен беріп жіберді. Жаңа айттым, бұл февраль айының алғашқы онкүндігі болатын, бірақ сол автографтардың бәрінің астына «27 март 1976» жыл деп жазған-ды. Мен байқасам да, неге бұлай жаздың деп сұрамадым. Сөйтсем, марқұмның жүрегі алдын ала сезген екен ғой, дәл 27 март күні қайтыс болды. Қалай ғана дәл білген деп әлі күнге дейін таңданамын. Кейін бұған Әбілмәжін аға да қатты қайран қалған. Лашын апай (Мұқалидың жұбайы) бұдан әрі сөйлемей отырып қалды» [9] – деп жазған болатын. Бұл келтірілген деректерден шығатын қорытынды айдан анық, әрине бұларға сенбеске болмайды.

Жоғарыда айтқанымыздай-ақ арқалы, аруақты ақын тұрғысынан қарасақ, Мұқалидың бұл поэмасы – жер бетіндегі бейбітшілік сақтауға, ол туралы бас қатыратын жауапты адамдарға, былайша айтқанда, бүкіл адамзатқа тыныштықты баянды етуге шақырған ұраны іспетті, әлем кеңістігін түгел қамтыған көркем де, кесек туынды.

Сондықтан да ақынның мұхиттың аржағында Отаны отқа оранып жатқанда өзінің өткір жырларымен халқына рухи жақтан күш беруші Чили ақындары Пабло, Хосе, Лоркаларды өз ақындары сияқты көріп «Саулығын Паблоның біліп қайт деп, Ақындық рухымды аттандырғам» деп толғануы тектен-тек емес, өте орынды-ақ.

Мұқағали поэмасында Пабло Неруданың көркем де, нақты бейнесін жасауда оның өз ойын, өз сөзімен келтіріп, психологиялық мінез-құлқын, бар болмысын шеберлікпен көрсете суреттейді.

Бұл поэмаға пікір білдірген С. Жұмабеков өз ойын айта келіп: Пабло Неруданың көркем бейнесін жасауда оның «Испания жүрегімде» деген атақты өлеңі (орыс тіліне аударған Илья Эренбург) талай антологияларға, талай хрестоматияларға енген. Дүниенің төрт бұрышындағы оқырман атаулы:

 

... И по улицам кровь детей

текла просто, как кровь детей, –

 

деген құйқа шымырлатарлық жолдарды тебіренбей, толқымай оқу мүмкін емес. Мұндағы барлық гәп Пабло Неруданың бала қанына поэтикалық теңеу іздемей-ақ, сол күйінде, қаз қалпында ала салуы образдың бүткіл жүгін, көркемдік қуатын айрықша арттырған. Бұған Мұқали Мақатаев та сүйсінген және сол сүйсінуін «Чили – шуағым менің» поэмасында Пабло Неруда образына қажетті детальдың бірі етіп алған. Мысалы:

 

Бала қаны...

Бала қаны – кәдімгі бала қаны.

Бала қанын теңемей жыр жазады,

Бала қаны дей салып баламаны –

 

деп пайдаланған [10] – деп жазды. Бұл пікірге қосыла отырып айтарымыз, шындығында да әлемдегі әділеттікті жырлаған ұлы таланттар тағдыры, арман-мұраты бір болып, бір сезіммен тыныстайтыны бұл заңды нәрсе деп қабылдауымыз шарт. Сондықтан да лирико-публицистикалық мақамды әдіспен жазылған бұл поэмада Пабло Неруданың азаматтық тұлғасы шебер берілген, нанымды өрнектелген. Оның халық деп соққан жүрегі, жан толқынысы, ауыр тағдыры тапқырлықпен шынайы бейнеленген. Ақынның соңғы сапарға аттанар алдындағы өмірді, халықты, өзінің жан серігі жырының ақырғы шумақтарын жазарға әл-қуаты жоқ болса да, ол мойымайды, өлімнен қорықпайды, тек арманы халқының азаттығын сақтау еді, оған ақыннығ жыр құдіретімен ғана қарсы соққы беруден басқа ылажының жоқтығы жан күйзелтеді:

 

Ақын – халық перзенті қашаннан да,

Халқыменен қартайған, жасарған да.

 

немесе

 

Есіңде ме Марид?

Бала қаны.

(Баламасын сен тапқан  бала қаны

Ақыл сұрап Чили тұр ақын сенен,

Шие-шие қан болып алақаны [6] –

 

деп толғанады, әрі ақынның еңсесін биік көтеріп, оның азаматтық парасатын жоғары қойып, өзіне тән болған ерекшелікпен жырға қосады.

М. Мақатаевтың «Чили – шуағым менің» поэмасына ғалым Х. Әдібаев: «Ақын салған өрнекті жырды жаңғырта оқыған сайын Чилидің адал перзенті Пабло Неруданың азаматтық бейнесі көз алдыңыздан кетпейді – нар кеуделі ақын Мұқалиды да қатар көріп тұрғандаймыз. Жыр қос ағындала тереңдеп, айдыны кеңіп сарқырама нөсерге айналады. Енді ақын Отанын жаяу кезіп, ақ бесікте шырылдаған бөбектерді егіле тербеткендей, көзінің жасымен сәбиін жуған ана атаулыны демеп, сүйеп жұбатып тұрғандай...

Егер М. Мақатаев өзінің жеке басынан өткергендей күй кешпесе, бойында қуатты сезім болмаса, осынша толғанып, ақ жүрегімен ақтарыла алар ма еді?! Адамзат баласын өз бауырындай сезінбейінше, бүкіл дүниежүзілік уақиғаға үн қосуыңыз мүмкін емес қой. Оқушы сезімін шымырлата баурап, алып өмірге жасын жыр әкелген ақын Мұқағалидың құдіреті осы ағынан жарыла ақтарылар табиғатынан, қашан да оқушысымен іштей сырлас, қанжығалас, сол заманымен сапарлас келер сұңқарлығынан ғой деп ойлаймыз. Ақын көңілінде иненің жасуында сыр қалдырмай жырын әрқашанда табиғаттың өзіндей ақтара өрнектейді» [11, 219-220 бб.] – деп жазғанын білеміз. Бұл әділ пікірді мақұлдаймыз да. Себебі, сыршыл поэзия ақжарылған шыншыл жүрнектен туады емес пе? Сондықтан да ақын атаулыны бүкіл адамзат басына түскен ауыр тағдыры алаңдатады.

Міне, шабандоз ақын Мұқалиды да толғантқан халық тағдыры, Чили трагедиясы:

 

Бостандығын халқының қайтарып бер,

Ырза болсын ақынның әруағы!!! [6]  –

 

деп жұмыр жер бетіндегі бүкіл адамзаттан Чили халқының бостандығын сұрап ағынан жарылып тебіренген сәтін көреміз.

«Чили – шуағым менің» поэмасы хақында Қ. Алпысбаев: Жүрегі үлкен, арманы асқақ, ақ ниетті адамның тілегі – бейбітшілік. Барлық бақыттың бастау бұлағы, ендігі күннің ең өзекті, мәнді мәселесі – бейбітшілік. Бұл мүддеден ақын да бейтарап қала алмайды. Үн қосады, адамзатты бейбітшілікті сақтауға бар даусымен шақырады» [12, 184 б.] – деген еді. Бұл айдай ақиқат шындық.

 Задында М. Мақатаев – өзі жасаған ХХ ғасырдың тыныс-тіршілігін толық жүрегінің төрінен өткеріп, шынайы жырмен көркем өрнектеген поэтикалық-эстетикалық талғамы күшті сөз зергері. Мұндай халықаралық тақырыптарға үн қосып оқушысын тұщынтқан ақындар қазақ әдебиетінде кемде-кем. Сондықтан да ақынның «Чили – шуағым менің» поэмасының идеялық-тақырыптық көркемдігі жағынан, тілінің құнарлылығы, образ жасаудағы, оның психологиялық дара адамгершілік мінезін, нақты сезімдермен суреттегенін айтпауға болмайды.

Информация о работе М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға