Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2015 в 09:56, реферат
Ұлы перзент, ұлы дүние, жалпы ұлылық туралы, әсіресе ұлағатты, артына өшпес дүние қалдырған дүлдүл ақын жайлы сөз қозғау алдында Қадыр Мырза-Әлидің «әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тіреген күмбез, сұлулық сарайы деп есептесек, сен соның талантты тас қалаушыларының бірі едің» деп Мұқағалиға баға бере сөйлеген сөзімен нақтылап қазық орнатып алғанымыз жөн болар. Тәуелсіздіктің көк байрағы төрімізде желбіреп көктегі күнге қол бұлғап жайқала түскен уақыттан көп ұзамай Мұқағали Мақатаев мұрасына жаңаша көзқарас қалыптасты.
Кіріспе.................................................................................................................
3
1 М. Мақатаев поэмаларының идеялық-көркемдік сипаты.........................
6
2 М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға ...
33
Қорытынды .......................................................................................................
61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................
64
Көңілін халық бірақ суытпайды.
Егерде халық өзін ұмытпаса,
Бақыл бол, халқың сені ұмытпайды! [22, 367 б.].
Бұл жерде ақын кейіпкерімен қоштаса отырып, оның халқы барда атының өшпейтіндігіне, ұмытылмайтынына сендіреді. Бұл дұрыс, ал осы сөздің астарлы мағынасында Мұқағалидың өзінің де сом тұлғасымен айтар идеясы сезіліп тқр. Өзінің халқы барда мәңгілік жасайтындығына кәміл сенетінін байқау қиынға соқпайды. Бұдан басқа да «Жесірлер үні», «Жетімдер үні», «Бесік жыры» тарауларындағы жесірлер мен жетімдердің жүрек шерін, ішкі психологиясын дәлме-дәл беруде «Бесік жырындағы» жер деген алып бесікті сан қырынан суреттеп адамның өмірге деген құштарлығын, өлімге деген аянышты, азалы мұңды қазақ поэзиясында бұрын-соңды болмаған поэтикалық тыныста ақ қағазға түсіргенін көреміз.
М. Мақатаевтың поэмаларының басты ерекшелігі – қандай оқиғаны алса да автор тек қана алған тақырыбының төңірегінде шектеліп қалмай, өзінің ақындық күміс қанатын кере жазып, қияға, биік шыңдарға қарап қанат қағады, әрі заманның, қоғамның жылыстап аққан уақыттың шексіз де шетсіз кеңістігіне үңіліп, бүкіл дүниеге ақындық түйсікпен барлау жасайды. Сондықтан да Мұқалидың әрбір өлеңінде немесе поэмаларында сомдаған көркем тұлғалар, қалың оқырман қауымның жүрегінен жол тауып, ақынның ақжарқын, биік адамгершілік көзқарасымен кәдімгі өмірде бар достарша сырласып отырады.
Қорыта айтқанда, қазіргі қазақ поэмасының ішкі жанрлық жағынан, сан алуан тақырыптық-идеялық дамуына, жетілісуіне М. Мақатаевтың эпикалық туындылары молынан үлес қосты. Поэмаларының сюжеттік желісінде көркем образ жасаудағы ақындық шеберлігімен де ақын біраз алға ілгерілеп, эпикалық типтік қаһармандар жасады. Оны оқырман қауым да өзінің ескі танысындай жатырқамастан қабылдап, жақсы кейіпкерлер санатына қосты.
Біз, осы тарауымыздың басында ақын М. Мақатаевтың жиырмаға жуық поэма, толғаулары бар дедік. Бірақ біз жұмысымыздың көлеміне, ретіне қарай отырып, жоғарыда көрсетілген санаулы ғана поэмаларына тоқтап, оларға өз әлімізше көзқарасымызды білдіріп, ақынның адам образдарын жасау шеберлігіне, көркемдік шындығына талдау жасадық.
2 М. МАҚАТАЕВ ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ
ЛИРИКАЛЫҚ КЕЙІПКЕР ЖӘНЕ
Эпик ақын Қалижан Бекхожин қазақ поэмалары туралы сын мақаласында Мұқағали Мақатаевтың айқын азаматтық дауыспен, өткір саяси әуенмен келгенін зор сүйінішпен атап, “Ильич” поэмасы туралы: “Жас ақын данышпан көсем жайында әрбір сөзін, әрбір өлең жолын салмақтап пайыммен, парасатпен толғайды, белгілі жәйттерді, мәлім фактілерді баян етсе де, кемеңгер көсемге лайық өзінше ойлы нақыш, сырлы сипат іздейді, әр шумақта тебіреніп, пікір тастап отырады” деген сөздері ақын шығармасына деген терең танымын, ізгі тілегін байқатады. Әйтсе де Қалижан ақынның: "Мұқағали дастандарында болған тарихи жәйттер жайында, ұлы адамдардың өмірі жайында жақсы сөзбен толғану бар да, өзінше жаңа көрініс, тың штрих жоқ. Ұлы адам өміріндегі маңызды ғана бір оқиғаны жырлап, өзінше түйіндеу жоқ", – деп мін тағуы – делелсіз, бір жақты, поэманың жанрлық ерекшелігін ескермеуден, жаңару процесін байқамаудан барып айтылған пікір. Поэмадағы тарихи тұлғаның бейнесі, адамдармен қарым-қатынасы, қуаныш-сүйініші, қайғы-мұңы, өмірге, адамға көзқарасы шынайы да тартымды берілуі мұндай пікірлерді жоққа шығарса керек.
Көктемде,
Бойында Волганың.
Кім еді жыр еткен нәресте?
Дүние сездің бе?
Ол - жаның,
Ол – сенің жүрегің емес пе?
Пролетариат көсемі атанған тұлғаның дүниеге келуін толғайтын осы шумақ өзіндік әсерге толы. Әлемге өз атынан жар салған ақын "Дүние сездің бе? Ол – жаның, ол – сенің жүрегің емес пе?" дейтін екі сөзбен-ақ болашақ тарихи тұлғаның құдіретін танытуға тырысқан. Поэмада мұндай соны штрихтар көп кездеседі. Лениннің Шушадағы өмірінің қиямет кезеңдеріндегі ұлы еңбекке деген құштарлығын:
Отырған кім бас көтермей іске еніп,
Талмай күтіп таң нұрын? ...
Россия ұйықтап жатыр түс көріп,
Осы адамға табыс етіп тағдырын, –
деп бейнелейтін ұтымды суреттер ақындық ойдың алғырлығын танытады.
"Ильич" поэмасы "Ғасырлар перзенті", "Жыр жалғасы", "Аппасионата", "Соңғы минуттар" атты төрт бөлімнен тұрады. Ол тарихи тұлға өмірінің өнегелі беттері. "Ғасырлар перзенті" бөлімінде ұлы адамның дүниеге келуін, заманалар бойы ұлы перзентке жерік болған ғасыр-ана кейпін ақын сыршылдықпен асқақ толғайды. Ал бұл арман әлі де жоғалған жоқтығын ескерсек, ақынның образ жасау шеберлігіне, асқақ арман қанатына отыра тебіренуіне кінә артуға болмас.
Ғасырлар – Аналар
Әлдилеп сәбиін тербеген.
Қатыгез күн туса паналар,
Ер тұлға жерік боп шөлдеген.
Ғасыр-уақытты ана бейнесінде алуы да ақынның тапқырлығы. Бар қиянат атаулыға қабырғасы қайысып, қарсы тұратын да, бар ізгілікке жанымен шаттанатын да Ана атты ұлы адам.
Ғасырлар – аналар
Сан рет босанып, толғатқан.
Ол туған бейбастақ балалар,
Өмірге қамшысын ойнатқан.
Қоғам өміріндегі зорлық-зомбылық, қатыгез атаулы осылай бейнеленеді. Осындай кер заманға тән жат та жиіркенішті әрекеттерге жан дүниесімен қарсы лирикалық кейіпкер:
Ол сенің садағаң,
Оларга толғатпа!
Төсінде шыр еткен жаңадан,
Волгалық сәбиді ардақта, –
деп көрінеді. Заманалар бойы қайғы-қасірет құрсанған ғасырлар көшін дертті ана бейнесінде алса, дүниеге жаңа келген сәбиді – болашақ ұлы көсем бейнесін дүниені қайғы-қасіреттен арылтар, дерттен айықтырар:
Волгалық ер-Ана сабырлы,
Ғасырлар перзентін әпердің
Замана дерттенді, ауырды
Сен оған дәрігер әкелдің, –
деп әсірелей суреттейді. Ал, Ленинді дәріптеу поэма жазылған кездің талап-тілегі екенін ескерсек, социалистік реализм әдісін ауытқымауға тиіс ақын позициясын қаралай алмаймыз. Мәселе оның ақындық қуаты мен образ жасау шеберлігінде. Халықгық ауыз әдебиетімен үндес келетін мұндай әсірелей суреттеу әдісін ақын көсем бейнесін жасауда көптеп қолданады. Ұлы адамның дүниеге келуін паш ететін бұл циклда мұндай фольклорлық сарындар басым. Батырлар жырындағы ел қорғаны болашақ қаһармандардың ерекше тұлғалануы: он жасында ел ұстап, атса оқ, шапса қылыш өтпейтін, отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын Алпамыс бейнесі, немесе "қайыры көп халқына, жаулар күйіп, тас жанған, елбендеген зарпына" дейтін алты жасар Қобыланды бейнесі образ жасаудағы фольклорлық озық үлгі. Көсем бейнесін жасаған ақын поэмасында да ауыз әдебиетіндегі осы әдістердің ықпалы байқалады. Бұл талантты ақынның көне мұрамыздың асылдарын жаңа әдебиетке жаңғыртып өзіндік нақышпен әрлей білуі. А.А. Смородиннің В. Маяковский творчествосына байланысты мына бір пікірін М. Мақатаев поэмаларына да айтуға болады. Политические идеи, ... раскрылись в его поэзии во всем их захватывающей красоте и, приобретая под его пером качества истенной лирики, с естественностью вводились в круг самых сокровенных интересов личности, в круг интимных человеческих переживаний".
"Ильич" поэмасында бас қаһарман ретінде В.И. Ленин және халық көрінеді. В.И. Ленин "Ғасырлар толғатып" дүниеге келтірген халықтың арманы, көсемі ретінде баяндалады. Көсем маңына тығыз топтаскан халық одан нұр алып қана қоймай, өздерінің "ақыл-күшімен" оны мықтай түсті, өсіре түсті. Ленин идеяларының жеңіске жетуін қамтамасыз еткен тарихтың ең басты, шешуші күші халық туралы ой поэманың өр бетінде байқалып отырады. Бұл тұрғыда халық – поэма қаһарманы. В.И. Ленин образы шығармада орталық образ болып табылады. Мұқағали Мақатаев алғашқы тарауда тек көсемнің дүниеге келуін жырлап қана қоймай, осынау тұлғаның тұтас сымбатын, тарихи тұлғаның күрескерлік құдіретін, ғасырлар, заманаларды бастан кешіріп келе жатқан "жұмыр жер" туралы толғаныстарды астастыра ала отырып, үлкен бір тұтастықга жырлаған. Қалижан Бекхожин айтқан "логикалық байланыс, динамикалық ойды" ақын Ленинге байланысты оқиғалардан іздемей, Ленин сынды тұлға туралы тебіренуден, көсем келбетін оның сәбилік шағы, есейген революционер шағы деп бөліп қарамай Ленин – Ғасыр перзенті, тарихи тұлға ретінде бірлікте қараудан, шалқыта биік дауыспен, өршіл азаматтық дауыспен жыр толғаудан іздеген сияқты. Бұлайша тұтастықта қарау, лирикалық ой-сезімдерін ұштастыра отыру лирико-публицистикалық поэманың басты сипаттарының бірі. Ақын – бүгінгі заманның ақыны. Ол өткенді, көсемнің дүниеге келген сәтін көз алдына елестете отырып тебіренеді, жыр толғайды, Мүқағали Мақатаев "Ильич" поэмасында Ленин бейнесін эпика мен лирикалық толғаныстарды жарыстыра, биік пафоспен шалқыта, шарықтата жырлаған.
Лениннің Шушадағы өмір кезеңдері суреттелген бөлім "Жыр жағасында" ұлы мақсатқа ден қойған Лениннің келбетінен айқын көрініс береді. Оның Шушадағы қарапайым шаруа адамдарымен қарым-қатынасы, анасына, жарына деген сүйіспеншілігі, туған халқына арналған ақаусыз адал махаббаты поэмада әдемі өрнек тапқан.
Он тоғызыншы алтын ғасыр,
Азабынан арылып
Амалсыз жер жастанады.
Дауыл қуған жалындай,
Біздің ғасыр "Ленин" деп басталады, –
деп ұлы көсемді жаңа ғасырмен тағдырлас алып жырлайды. Қалай десек те, Ленинді мадақтау не даттау тұрғысынан болса да өткен Лениннің тарихи төңкерісімен басталғаны шындық. Бұл үшін бүгінгі таңда Мұқағалиды мансұқ ете алмаймыз. Әлемді қасірет торында құрсаулаған ғасырлар әкелген азапты дауыл қуған жалындай өзінің тарихи ұлын ала келген жаңа ғасыр тұңғиыққа батырып келмеске кетірердей. Ақын толғауынан осы ойды айқын аңғарамыз. Поэманың бірінші тарауында қарт Сібірге асқақ үн қатқан лирикалық кейіпкер туған жерден шалғай шетке келген көсем жан дүниесіндегі тебіреністі өз атынан толғайды:
Қатал Сібір!
Есіңде ме,
Қаба шапшып қарағаның?
Есінде ме,
Құрбан болған балаларың?
Қойның толы байлығыңнан
Неге оларға қимадың?
...Азап шеккен қайғы-мұңнан
Ұлдарыңның өлімтігін жинадың.
Бұл зұлымдық пен қатігездіктің құрбандары жазықсыз жандардың азабына куә болған табиғат қаталдығына деген лирикалық кейіпкердің наразылығы. Лирикалық кейіпкердің осы тебіренісі кейіпкер бойындағы ізгілік болмысын паш еткендей.
Ильичтің өз ойын, тарихи еңбегін ақ қағаз бетіне түсіріп жатқан жауынгер ой ұлы еңбегін жазудағы сәттерін де ақын шеберлікпен бере білген. Капитализм қасіреті жайлаған Россияны, қаламымен қағазға үңілген көсем бейнесін ақын:
...Күндер, айлар өтті арада,
Уақытгы реттеп.
Ульянов дертті Анаға,
Жазып отыр рецепт, –
деп суреттейді.
Шушадағы ескі өмір келбетіне табиғат көріністерінен ұқсастық тауып заман мен табиғатты астастыра суреттейді.
Ауру адам тамырындай тым баяу,
Жалқау Шуша әзерге ағып барады.
Жас жанары бірде қалғып, бірде ояу,
Аймалайды жағаны.
Осындай дерт жайлаған жалқау да бейқам тірліктің бір сәттегі куәсі Лениннің де көңілі пәс тартқандай:
Ульянов әлдеқандай ойда отыр
Аясында бәкене өскен шыршаның.
"Бәкене өскен шыршаның" деген сөздерде айшықты сурет бар. Бұл жерде ақынның айтпағы шырша туралы емес, кейіпкерінің көңіл-күйінің қандай дәрежеде екенін аңғарту. Ұтымды деталь деген де осы.
Тарихи тұлға қарапайым орыс шаруаларымен ара қатынасындағы ұлылыққа тән кішіпейілділігін, шаруа бойындағы ескі өмір мен етене қараңғылықгы ақын шеберлікпен ашып көрсетеді. Ильичтің орыс қартымен бүкіл орыс шаруаларының бойындағы дағдарысты, қараңғылық қалдықтарын көрсетеді.
Бунтарь ұлдың бірі ме деп, тұр шалың,
Ұшыраған патша ағзам кәріне.
Бұл орыс қартының Ильичті көргендегі сезімі. Енді екіұдай ойда тұрған қартқа Ильич:
- Солай-ды, әке, солай-ды,
Жасырар сізден сыр бар ма?
Бунтарь болмай болмайды,
Патша-ағзам тұрғанда...
деп жауап қатады. Төбесінде Исус қарап тұрғандай шошынған қартқа бұл сөз жай оғындай әсер етеді:
Тәңірім-ай, қайтпексіз бұл халықгы,
Өзінді де танудан жұрт қалыпты.
Жұмыр басты пенделерің жынданып,
Барса келмес тамұққа бет алыпты.
Бунтарь болып патша-ағзамға қарсы келу жаратқан тәңірге қарсы болумен бірдей. Халықтың тағдыр-тауқыметі қарт шаруаның ойынша жаратқанның қолында. Ендеше бар қатігездікпен кдтар күллі ізгілік атаулыны да ол теңірінен күтеді:
Деді де қарт қете барды жолымен,
Пәтуасыз шым-шытырық бір ойда.
Бірге ілесіп бара жатты онымен,
Патша-дағы пайғамбар да, құдай да.
"Апассионата" бөлімінде көсемнің музыка патшасы Бетховеннің "Апассионата" атты сонатасын тындағандағы көңіл күйі, орыс императоры дарға асқан ағасы Александр қазасына деген қайғы-мұңы, әдемі өрнек тапқан. Бетховеннің құдіретті музыкасын тыңдағандағы көсем жан дүниесінің өнерге деген құштарлығын бейнелеуі – тарихи тұлға характерін тұлғаландыра түскен.
– О, өмір, Жан-өмір, нұр-өмір!
Ән-өмір, күй-өмір, жыр-өмір!
О, сорлы табиғат, шіркін-ай
Адамға қисашы мың өмір.
Бұл ақын өлең тіліне аударған ұлы музыка күйінен ескен леп, яғни музыкаға деген кейіпкер сезімі. Волга жағасындағы жаздың ғажайып шақтарын, Ильичтің осы табиғат аясында жүріп жүрегін мазалаған әр қилы ойларын, ағасы Александрдың қате қадамына деген орны толмас өкінішін, туыстық ыстық сезімі мен сағынышын ақын өз атынан көркем толғайды. Ұлы адамның да кей сәтте жылап, кей сәтте шаттанатын қарапайым жан дүниесін ағасы Александрдың қайғылы қазасына деген мұң-күйзелісінен айқын аңғарамыз.
...Эх, Саша жаңылдың, жаңылдың!
Артыңа қалдырдың ауыр мұң.
Өзіңмен өткізген күндерді,
Сағындым, амал не, сағындым...
Амал не, ақылды ең, зерделі ең,
Арыма идеал сен деп ем.
Жаныңнан ұшқындап тұратын,
Жалынды сан рет көрген ем.
Бұл бөлімде Қазан университетінен қуылып, он жеті-ақ жасында жаза алып, жат жерде айдауда, азап өмірде жүрсе де жігері жасып, қуаты сарқылмаған адамның ажалды тежеген асқақтығын толғайды.
Тағдырдың талқысы жиі ұрған,
Бас тартты ол тапталған шиырдан.
Жастығы айдауда жоғалып,
Некесі айдауда қиылған.
Әйтсе де өр өмір төсінде,
Еместі ол күрестен тиылған.
Халқы үшін өмірінің ең қымбат шақтарын құрбан еткісі келген көсемнің халқына деген махаббатын ақын өнеге алар сипатта бейнелеген. Осы бөлімде ежелгі астана Питер жайлы баяндалатын ақын толғауы да әсерге толы. Халық бостандығы үшін ұлы еңбектер жазған ұлы демократтар Радищев, Пестель, Чернышевский, Пушкиндердің мекені болған қарт Питерді ақын:
Информация о работе М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға