М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2015 в 09:56, реферат

Краткое описание

Ұлы перзент, ұлы дүние, жалпы ұлылық туралы, әсіресе ұлағатты, артына өшпес дүние қалдырған дүлдүл ақын жайлы сөз қозғау алдында Қадыр Мырза-Әлидің «әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тіреген күмбез, сұлулық сарайы деп есептесек, сен соның талантты тас қалаушыларының бірі едің» деп Мұқағалиға баға бере сөйлеген сөзімен нақтылап қазық орнатып алғанымыз жөн болар. Тәуелсіздіктің көк байрағы төрімізде желбіреп көктегі күнге қол бұлғап жайқала түскен уақыттан көп ұзамай Мұқағали Мақатаев мұрасына жаңаша көзқарас қалыптасты.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................
3

1 М. Мақатаев поэмаларының идеялық-көркемдік сипаты.........................

6

2 М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға ...

33


Қорытынды .......................................................................................................


61


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................


64

Прикрепленные файлы: 1 файл

Изимкулова А.doc

— 331.00 Кб (Скачать документ)

Дара стиль болсын, әдеби стиль болсын олардың негізгі тілдік материалы – ауызекі сөйлеу жанры. Мұқағали осы жанрды тереңдеткен, оның барлық бояу-үнін ашуға күш жұмсаған бірегей ақын. Оның алғаш «қарлығашым, келдің бе?!» жыр жинағы дәл осы мәселеден басталған.

 

  • Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?
  • Сені іздеймен мәңгілік өтер едім.
  • Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
  • Күл боп соңынан бірге кетер едім.
  • Бұлдырасам сағымдай, не етер едің?
  • Жел боп қуып, ақыры жетер едім.
  • Қайғы әкелсем басыңа, не етер едің?
  • Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.

 

Ақын шеберлік патшалығын бірден жаулағаны көріп отырмыз. Ол онда ұлттық тіл, ұлттық болмыспен түбегейлі тамырласып жатыр. Бұл өлең жолдар тек қана тапқырлықтың, шеберліктің табысы емес. Сұңғыла ойдың, түпсіз сезімнің, ерен ерліктің сұлу көрінісі. Мұқағалидың күллі жырының арқауы, бітімі архитектоникамен өрілуі тегін емес. Оның жеке таланты осы нүктені жетілдірді. Жоғарыдағы жолдардың айтыстық пішімін жазба әдебиетке бұрып, көркемдік сырды да осы жерден түйді.

 

      • Не керек осы адамға?

Бүгін бе, болашақ па?

 

деген философиялық сауалды ақын аңғарсақ, осы тәсілмен қояды. «О, өмір неткен өзің сиқыр едің? Қалай-қалай соғады құйты желің?» деген жеп-жеңіл жолдар – осы тәсілдің көркемдік биігі. Күрделі ойларын оқырман жүрегі мен санасына бірден жеткізеді. Өнердің адамға қызмет ететін тетігі осында жатыр. Мұқағали өз өмірінен туған драматизмді тіпті композициялық сәттерін де осы тәсілмен армансыз жеткізеді.

 

Қасқа бұлақ басынан неге кеттім?

Не деген жел айдаған көбелекпін.

Еркіндік, еркелікті місе тұтпай,

Тасқа әкеп өзімді өзім шегелеппін.

Пай, пай, пай,

Сағындым-ау, сағындым-ау!

Талықсып тар төсекте таңылдым-ау!

 

Бұл өлеңнен гөрі драма тілі. Немесе, өлең тіліндегі драма, трагедия. Сондықтан Мұқағали тіліндегі шешендік – көсемдік, ақындық пафос басқа сапаға ауысады. Ақын жанының қасіретін айнытпай жеткізеді. Бұл да – жазба поэзияда көп үрдіс алып кеткен сала емес. Бұл дәстүрде неше алуан сахналық дүние тудыру мүмкіндігі бой көрсетеді. Әр ақын көркем өнер жолын осылай ашса, қазақ әдебиетінің жазба дәстүрі әлемдік салтанат сарайына именбей енер еді.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі қазақ поэзиясының эстетикалық байлығы мол, көкжиегі кең. Ал қазақ ақындарының әрқайсысы, шын мәніндегі талант ретінде, қайталанбас творчестволық тұлға ретінде дара-дара. Сондай дара таланттардың бірі – Мұқағали Мақатаев.

Ол – біздің ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ поэзиясының шоқтығын биік көтерген дарын. Әдебиет есігін алғаш ашқан жылдардан-ақ жыр әлеміне үлкен дайындығын танытқан, халқымыздың ауыз әдебиетінің бай мұраларынан терең сусындап, шабытына талмас қанат байлай келген ақын. Ұлы Абайды пір тұтып, өлең-жырдың тылсым құдіретіне бас иген, оның игі дәстүрін терең түйсікпен қабылдап, ақындық өнегесін бойына мейлінше сіңіре келді. Өзіне дейінгі қазақ ақындарының, сонымен қатар орыс және туысқан халықтар әдебиетінің де классикалық жақсы үлгілерінен тәлім алып, өзі өмір сүрген дәуірдің өзекті шындығын көркем игеріп, шыншыл да шынайы суреттеуде өз қолтаң3басын ғана емес, шын мәніндегі шеберлігін танытты.

Халықтың рухани бай әдеби мұрасынан күш-қуат алған Мұқағали Мақатаевтың қазақ әдебиетіне, қазақ поэзиясына шалқар шабытпен, тегеурінді серпінмен, қаламдас достарының ішінен ерекше өз үнімен оқшау келгені баршаға белгілі. Ақын әлемдегі бар шындықты, ақиқатты өз жырына қосып, қазіргі заман мен тұрмыс сабақтарынан алған ақындық түйсік сезімін тартынбастан тереңнен толғанып, мүмкіндігінше оқушысының жүрегінен орын тебетіндей дәрежеде жазып, қазақ поэзиясында өзіне тән поэзияның сұлу сарайын тұрғызды. Ақынның екі өмірі бар десек, ақынның екінші мәңгі өмірі өзі жазып қалдырған әдкби мұрасында болмақ. Олай болса М. Мақатаевтың асқа жырлары өзі туған халқының жүрегінде жыл өткен сайын жасарып, жадырап өмір сүре бермек.

1960-70 жылдардағы қазақ поэзиясын  сөз еткенде М. Мақатаевтың жалынды да сыршыл, мұңды, әділ де ащы өмір шындығын жырлаған лирикасын айтпай өту талантты ақынға жасаған жәбір болар еді. Бүгінгі таңда М. Мақатаевтың шығармалары өз оқушыларын тапты. Оның әр жылдардағы шыққан өлең жинақтарын және соңғы шыққан «Соғады жүрек» екі томдығы, «Шолпан», «Жырлайды жүрекә таңдамалысы мен ақынның 60 жылдық торқалы тойына байланысты шыққан кейінгі 3 томдық кітаптарын ідеп табу, қиынның қиыны.

Әр дәуір өз ақынын туғызады десек, 60-70-жылдардағы Мұқағали шығармалары сол жылдардың көркем тілменен жазылған тұтыс бір шежіресі секілді, көз алдыңа үлкен бір көркем сурет галереясын жайып салады. Атап айтқанда, қазақтың қара өлеңінің құдіретін, терең сырын, бір ғана ақын меңгерген болса, арқалы ақын Мұқағали игерді десек қателеспейміз.

Ақынның «Ақымын деп қалай мен айта аламын, Халқымның өзі айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын...» деп бар даусымен мойындап, әділ бағасын өзі айтқаны бекер емес. Себебі, ақын поэзия әлеміндегі әсем де, нәзік сезім құдіретін, ақындық музаны осы қара өлеңнен іздеді. Әрі өз шығармаларында жан-жақты жүрек тебіренісімен, өз үні, өз даусы, өз соны соқпағымен, қайталанбас өз ерекшелігімен көркем де шыншыл отты сөзбен образ жасап, жыр кестелерін жасады. Ақын шығармаларының тақырыбы әр алуан, бірақ оның ерекшеліктері өзгеге ұқсамас сыры мен қырында жатыр. Ол өз шығармаларында өмірдің қалтарыс жан сырын, ешкімге сезіле бермейтін жүрек түкпірінен шымырлап қайнап пісіп шыққан нәзік сезіммен жырлады. Ақынның тұрмыста көрген, есіткен нәрселерді қалай болса солай суреттеуге жаны қас, өзімен замандас қаламгерлердей әр тақырыбы әр көрініс беріп, бірімен-бірі байланыспай, өзінше жырлауынан Мұқағали шығармалары көш ілгері алда, одан мүлдем аулақ. Ақын творчествосын түгелдей оқып, оған терең ой жіберіп қарасақ, онда ақынның бүкіл шығармаларында бір тұтастық, бірінің-бірі жалғасы іспетті сабақтастық барын байқауға болады.

Жыр әлемінде өз ойын, өмір шындығын, көркемтілде ақындық биік тұрғыдан тұтас шеберлікпен жырлау екінің бірінің қолынан келе беретін нәрсе емес, бұл тек жұлдызы жоғары, өзін жыр жолына арнаған үлкен таланттың қолынан келеді. Ақынның сыршыл ыстық лирикасы өз оқушыларының жүрегіне жол тауып, оларды жақсы жырдың эстетикалық жанға ләззат рухымен, өзінің менімен бүкіл адамзатқа ортақ ақиқатты асқақтата жырлап, қалың оқырманның жан-жүрегін байрап алады.

Қазіргі қазақ әдебиетінде поэма саласы жан-жақты дамып, өзіндік орны бар көркем дүниеге айналды. Осы қазақ поэзиясының кең арнасына Мұқағали өзінің санаулы эпикалық туындыларынмен оны идеялық-тақырыптық тұрғыдан әрі көркем образдарды, нақты шеберлікпен жасауы жағынан да үлкен үлес қосып дамытты. Олардан: «Аққулар ұйықтағанда», «Дариға жүрек», «Чилм – шуағым менің», «Бала шақтан – болашаққа» (Өмірдастан), «Райымбек! Райымбек!», «Моцарт «Жан азасы» (Реквиемі) тағы басқа поэмалары қазақ әдебиетінде ерекше орны бар, қадау-қадау құнды көркем дүниелер болып есептеледі.

Ақынның эпикалық кең тынысты, өрісі кең поэмаларына тоқтап, ондағы көркемдік-эстетикалық, жетістігімен кейіпкерлердің көркем образын жасап сомдаудағы тарихи шындық пен көркемдік шындығына терең ой жіберіп талдағанымызда, бұл салада да ақын ойының озықтығын, сезімінің шексіздігін, көңілінің кеңдігін, білімінің тереңдігін, қиял-санасының алғырлығын, эпикалық құлашының кеңдігі, өмірді, адам психологиясын, табиғаттың тылсым құбылысын, әсем көрінісін жетік білетіндігін қайсы поэмасын оқып қарағанда да, талдап көргенде де анық байқауға болады. Оның поэмаларындағы тарихи болған адамдардың типтік сом тұлғасын, көркем бейнесін нақты жасауда қандай тапқырлық, шеберлік танытса, ал өмірде болмаған, бірақ тұрмыста сондай адамдар болған деген ұғыммен қияли санадан туған адам образын тап өмірде болған жандардай шынайы түрде көркем бейнесін жасаған. Өмірде, тарихта болған адамның бейнесін тарихи шындықпен мінез-құлқын, психологиясын терең ашып бергеніне риясыз сенген оқырман оның көркемдік шындықпен жасаған типтік образына да соншалықты сенеді. Тек сеніп қана қоймай, сол кейіпкердің қуаныш, қайғысымен ортақтасып, сырласып жадына сақтап жүреді. Мұқали секілді алып тұлға, сөз зергерінің бірнеше ғасырларда қайталанатын жыр әлеміндегі ерекше құбылыс есептелетін, хас шебердің сөз құдіретімен, ақындық болмысымен жазылған көркем дүниесінің тылсым құпия сыры мен қуаты.

Сондай-ақ біз бұл жұмыста ақынның творчестволық лабораториясына толық еніп, ақындық тілі, сөз қолданудағы ерекшеліктерімен әдеби тілдің әсемдігі әрі әсерлілігі үшін қажетті тәсіл көркемдегіш троп пен фигуралардың түрлерін қолдануындағы тапқырлығын ашып, нақты мысалдар келтіріп талдау үстінде оның даралығын, ақындық шебірлігін, ешкімге ұқсамайтын өзіндік дара ерекшеліктерін айқындадық.

М. Мақатаев шығармаларында ұлттық көзқарас басым болғанымен ұлттық бейнелеу арқылы интернационалдықты, халықтар достығын, Отан сүйгіштік патриоттықты, керек десеңіз, Одақ көлемінде де қалып қоймай, бүкіл дүниежүзілік халықаралық тақырыпқа да туындылар жазып, өзінің бүкіл адамзат алдындағы азаматтық борышын өтеп, жырға қосқан ақындық диапозоны кең алып тұлға екенін ғылыми тұжырыммен дәлелдеуге тырыстық.

Жинақтап айтсақ, дарынды ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше еленіп, ғасырдан ғасырға тарих көшімен бірге ілесіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып мәңгі жасай бермек. Сондықтан біздің бұл еңбегімізбен Мұқағали Мақатаевтың творчестволық зерттеліп болды деуден аулақпыз, ақын шығармашылығы – әлі де сан қырынан зерттелетін күрделі объект.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Нарымбетов Ә. Айқын үн, айшықты  мәнер // Жетісу. – 1980. – 20 мамыр.

2 Абашидзе И.  Поэтическое мастерство // Литературное обозрение. – 1979. – №11. – 56 б.

3 Қирабаев С. С. Сейфуллин. – Алматы: Жазушы, 1974. – 205 б.

4 Үркімбаева Н. “Дариға-жүрек”  нұрлары // Парасат. – 1990. – №3. –  
56-64 бб.

5 Елеукенов Ш. Жаңа жолдан (әдеби зерттеу). – Алматы, 1989. – 251 б.

6 Мақатаев М. Жырлайды жүрек. –  Алматы, 1989. – 504 б.

7 Мақатаев М. Күнделік. – Алматы, 1991. – 21 б.

8 Шәріп А. Менің Мұқалиым (М. Мақатаевтың  туғаны 60 жыл толу қарсаңында) // Лениншіл  жас. – 1991. – 7 ақпан.

9 Оралбаев Ө. Айтып өткен ақында арман бар ма... // Советтік шекара. – 1981. – 15 қаңтар.

10 Жұмабеков С. ... Адамға және  адамзатқа // Қазақ әдебиеті. – 1983. –  
7 қазан.

11 Әдібаев Х. Даланың бояуымен  өлең жазған // Жұлдыз. – 1981. – №3. – 219-220 бб.

12 Алпысбаев Қ. Поэма парасаты // Жұлдыз. – 1985. – №12. – 184 б.

13 Арғынбаев Х., Нұрпейісов К. Ғасырлар  асқарынан асқан достық. – Лениншіл  жас. – 1981. – 26 қараша.

14 Сарбалаев Б. Қызыл алма. –  Алматы, 1981. – 259 б.

15 Нарымбетов Ә. Қазіргі қазақ  поэмасы. – Алматы, 1982. – 256 б.

16 Әзімжанова Л. Ол өмірді сүйіп  өтті // Парасат. – 1991. – №3. – 12 б.

17 Дәуітов С. Қабай ақын (1839-1924) // Парасат. – 1991. – №2. – 11 б.

18 Мақатаева Ш.М. Махабаттан –  парасатқа (М. Мақатаевтың күнделігінен, 16 февраль, 1976) // Лениншіл жас. – 1988. – 22 қаңтар.

19 Тәжібаев Ә. Поэзия – жүрек  тілі / Кітапта: М. Мақатаев. Соғады жүрек. – Алматы, 1982. – Т.І. – 8 б.

20 Нысаналин А. Жауһар жырдың  марқасқасы // Қазақ әдебиеті. – 1981. – 13 ақпан.

21 Алпысбаев Қ. Сыры бар замандаспен  мұңдасамын // Лениншіл жас. – 1991. – 1 мамыр

22 Мақатаев М. Соғады жүрек. –  Алматы, 1982. – Т.ІІ. – 428 б.

23 Кәрібаева Б. Қара өлең және  лирика.

24 Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы, 1973. – 273 б.

25 Алпыбаев К. Проблемы жанров  современной казахской поэмы. – Алматы, 1986. – 164 с.

26 Алпысбаев Қ. Поэма және сюжет. – Алматы, 1992. – 243 б.

27 Ақатаев С. Сом құбылыс (М. Мақатаевтың  творчествосына шолу) // Лениншіл  жас. – 1984. – 12 қыркүйек.

28 Асқар О. Ақынмен алғашқы кездесуім // Жетісу. – 1991. – 2 наурыз.

29 Әбдірашев Ж. Ақындық шабыт  және ізденіс (Т. Айбергенов пен  М. Мақатаевтың творчествосы жайлы. – Алматы, 1970. – 273 б.

30 Әшімбаев С. Армысыңдар, достарым // Жұлдыз. – 1967. – №8. –  
58-67 бб.

31 Әшімбаев С. Талант пен талап // Қазақ әдебиеті. – 1974. – 26 шілде.

32 Қабдолов З. Жанр сыры. – Алматы, 1964. – 256 б.

33 Егеубаев А. Сөз жүйесі. – Алматы, 1985. – 173 б.

34 Оңғарсынова Ф. Аққу жырлар (М. Мақатаев творчествосы жайында) // Лениншіл жас.  – 1981. – 2 шілде.

35 Сеитова К. Поэтические наследние Мукагали Макатаева: Автореф. канд. филол. наук. – Алматы, 1991. – 34 с.

36 Мақатаев М. Армысыңдар, достарым. Өлеңдер мен поэма. – Алматы, 1966. – 249 б.

37 Мақатаев М. Аққулар ұйықтағанда. Өлеңдер мен поэма. – Алматы,  
1974. – 175 б.

38 Мақатаев М. Шуағым менің. Өлеңдер мен поэма. – Алматы, 1975. –  
217 б.

39 Мақатаев М. Өмір – өзен. –  Өлеңдер мен поэма-толғаулар. –  Алматы, 1979. – 148 б.

40 Ібітанов Е. Дара үн, дарқан  ой // Жетісу. – 1976. – 22 маусым.

 

 


Информация о работе М. Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға