Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 20:14, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетінің тарихында ең бір шоқтығы биік, белесі мол кезең - кеңес дәуірі әдебиеті. Осы кеңес дәуірі әдебиетін дәуірлеу мен сол дәуір әдебиетінің айтулы тұлғаларының шығармалары туралы ғалымдардың еңбектері аз емес. Кеңес дәуіріндегі әдебиет тарихы қайта жазылып жатқан қазіргі заманда осы уақытқа дейін өз мәнін жоймаған еңбектерді саралап, ой елегінен өткізудің үлкен маңызы бар.
КІРІСПЕ ..............3
1 ҚАЗАҚ КЕҢЕС ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУЫ.......................
1.1 Қазақ кеңес әдебиетінің зерттелуі ...............................................................
1.2 Б.Кенжебаев – кеңес дәуір әдебиетін алғашқы зерттеуші
2 КЕҢЕС ДӘУІР ӘДЕБИЕТІН ДӘУІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖАҢАША ПАЙЫМДАУ..............................................................................................................
2.1 1930 жылдардағы қазақ әдебиеті
2.2 Сұрапыл соғыс әсерінен туған әдебиет немесе жауынгерлік тақырыбы
2.3 Жаңғыру кезіндегі әдебиет
2.4 Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуірі
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................65
Бұл жағдайлар еліміздегі әдебиет дамуына әсер етпей қоймады. Жазушылар бірде партия саясатына бейімделе, бірде оны елемеген боп, өздерінің күнделікті творчестволық жұмысын жалғастырды. Қаламгерлер қатары майданнан өмір сынынан өтіп келген жастар есебінен толықты. Еліміздің саяси-қоғамдық өміріндегі осындай қиыншылықтарға қарамастан, қазақ қаламгерлері өзінің шығармашылық қызметін жалғастыра берді. Бұл тұстағы әдебиет кадрлары майданнан қайтқан, өмір тәжірибесін өтіп келген ақын-жазушылармен қатар бірсыпыра жас таланттар есебінен толықты. С.Шәймерденов, А.Шамкенов, Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, З.Қабдолов, М.Әлімбаев, Т.Бердияров, Қ.Шаңғытбаев, Ғ.Қайырбеков, І.Мәмбетов т.б. осы кезде әдебиетке келіп, өздерінің болашағын таныта білді.
1954 жылы қыркүйекте Қазақстан жазушылары өздерінің Үшінші съезін өткізді. Онда 1939 — 1954 жылдар аралығындағы әдебиеттің тәжірибесі, көркемдік табысы мен кемшіліктері талданды. Съезден кейін 1955 жылдың қаңтарынан бастап соғыс кезінде тоқтап қалған «Қазақ әдебиеті» газеті кайтадан шыға бастады. Қазақ әдебиеті дамуының кейінгі жағдайларына бұл съезд де, одан кейін (1954 ж., желтоқсан) өткен Одақ жазушыларының екінші съезі де пайдалы ықпал жасады. Оларда өмірді тереңірек зерттеу, көркемдікке жету, әдебиеттегі түр мен стиль мәселелеріне бірсыпыра көңіл бөлінді.
Отызыншы жылдардан
басталған қазақ әдебиетінің
қарқынды дамуға ұмтылысы бұл кезде
есейіп, идеялық-көркемдік мектебінен
өкен еді. Әдебиеттің тұтқасын ұстаған
аға таланттар ұрпағы қалыптасты.
Осылардың творчестволық
Бүгін әлемде танылған «Абай жолы» роман-эпопеясының «Абай» деген атпен шыққан алғашқы екі кітабының өзі әуелде солай жоспарланған тұтас туынды болатын. Онда жазушы болашақ ұлы ақынның жастық кезі мен ақындығының оянып, жетілуін суреттеген. Жас Абай тәрбие алған ортаны, оның жүрегін тебірентіп, асыл сезімдерін оятқан дала табиғатын, халкының өнері мен әдебиетін, арманы мен жарқын үмітін, достығы мен тұңғыш ма-хаббатын кең ашу арқылы жазушы бірінші кітап бойында оны ақындыққа дайындады. Осы ортада романтикаға бөленген жас Абайдың біртіндеп әмірдегі талас-тартысты сезінуі, Тоғжаннан айырылуы, Қодар мен Қамқа өлімі сияқты сұмдықты көруі, суынуы, толғануы да нанымды. Ал екінші кітапта ол шығармашық сезімге ауысады, білімін кеңейтеді, орыс әдебиетінің, достарының көмегімен ой-өрісін толықтырып, халық өміріндегі әдебиеттің зор маңызын ұғу дәрежесіне көтеріледі. Оның осы кездегі өмірге, оның күрделі жағдайларына деген көзқарасы ақын өлеңдерінде кең көрінеді. Жазушы оның шығармашылығына сүйене отырып, Абайды толғантқан қоғам дамуы, адамдардың аракатынасы, адамгершілік, гуманистік мінез-құлықтар мәселелерін қозғайды. Сол арқылы қазақ қоғамының ақынмен тұстас кезеңінің барлық жағдайларын, халық өмірінің терең жасалған көркем суретін береді. Халықтың жақсы арман-тілегі Абай бейнесі арқылы жинақталып көрсетілді. Академик Қ.Сәтпаевтың «Абай» романын «XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің өмір тіршілігі мен болмыс-тұрмысын бар қырынан жан-жақты суреттейтін энциклопедиясы» деп атауы да осыдан.
Романдағы ең бір үлкен тақырып — Абай творчествосының халықтығы. Жазушы оны халық адамдарымен бірлікте, түсіністікте суреттейді. Халықтың даналық, бұқарашылдық мәдениетінен мол сусындаған Абай қоғамдық тартыстардан түңілген, әкесімен, ортасымен айырылысқан тұста пікірлес достар іздеп, сол халқына барады, Дәркембай, Базаралы сияқты азаматтарға арқа сүйейді. Еңбекші бұқараның өміріне жаны ашиды. Сонымен бірге XIX ғасырда қазақ даласына кірген мәдениет жаңалықтары, орыстың және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері, гуманистік идеялар Абай тарапынан қолдау тауып, халыққа жетеді. Мұның бәрі ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын дәуірдің аса маңызды тарихи оқиғаларымен ұштастыра суреттей білген жазушының көрегендігі еді.
«Абай» романының соңғы беттерін жазушы «алда — өмір тартыс. Сол тартыста бұл жалғыз. Шынға келсе, жапа-жалғыз рас, оның бір қуаты, бір үміті бар екені рас. Қуаты — ақындық, я үміті — халық», - деген сөздермен аяқтаған еді. Соңғы романда Абайдың ақындығының халыққа жетіп, мойындалуы, оның жолын ұстап шыққан жастардың көбеюі, өзінің азаттық жолындағы жақсы арман-мұраты үшін күресіне халықтың Абай жолын ту қып ұстауға жетуі суреттеледі. Бұл тұста Абай әбден толысып халқына басшы, қамқор болған, оның мүддесі үшін батыл күреске шығатын қайраткер дәрежесіне көтеріледі. Елінің тағдыры жайында ойланған ақынның халықтың әрқилы тобының ортасында болып, олармен табысуы романда кең суреттеледі. Бұл кездегі тартыс та жаңа адамдарға, ескішіліктің туын ұстаған Тәкежан, Жиренше, Оразбайларға, кертартпа дін жолын ұстаушыларға, патша әкімшілігінің өкілдеріне ауысады. Халықшыл Михайловтың орнын күрескер Павлов басады. Абай жолын ұстаған Әбіш, Дәрмен сияқты жас таланттар аренаға шығады. Ақынның қала жұмысшыларымен, орыс шаруаларымен, жалпы бұқара халық өкілдерімен кездесуі, байланысы оның өрісін кеңейте түседі. Осының бәрінде Абай ақын ғана емес, үлкен парасат иесі, өмір сырын терең толғаған философ боп көрінеді. Оның даналығы ашылады.
Романда суреттелетін өмір шындығының эпикалык кеңдігі ондағы характерлер байлығымен тұтасып жатады. Онда ойлы, ақылды, мінезі де күрделі Құнанбайдан бастап, оның жолын ұстаған екінші, үшінші ұрпақтың өкілдері, ру басшылары, ел ақсақалдары, Абайдың әжесі Зере мен анасы Ұлжан бастаған әйелдер өкілдері, ақын арманын арқалаған жас таланттар әр қырынан даралана көрсетілген. Бәрін де жазушы заман шындығына, қоғамдық тартыс, күрес фонында, психологиялық терендікпен, даму-диалектикалық заңдылығымен шебер жасалған бейне дәрежесіне көтерді.
Төрт томдық роман-эпопеяның композициялық құрылымы, стилі де, жазушының тілі мен суреткерлік шеберлігі де келісімді тұтастықта көрінеді. Жазушының шындықты сезінуі мен суреттеуінде үлкен ойшылдық бар. Ол өмірге Абай көзімен қарап, Абайша сезінуден туған. Роман осы қасиеттерімен орыс тілі арқылы дүние жүзінің көп тілдеріне аударылып, биік бағаға ие болды. Оған тұтас күйінде 1959 жылы Лениндік сыйлық берілді.
«Сырдария» мен «Миллионер» соғыстан кейінгі өмірдегі еңбектің рөлін, еңбек адамдарының жаңа бейнесін жасаған елеулі туындылар болды. Дәуір сипаты мен өзгешеліктерін зерттей отырып, авторлар адам бойында өмірге, әлеуметтік іске жаңа көзқарастың тууын, сапалық өзгерістерді аша білді. Ой еңбегі мен дене еңбегінің жақындасуын көрсетті. Бұл романдардың басты кейіпкерлері — жаңалықтың жетекшілері. Отанға, елге, халыққа деген сүйіспеншілік, аянбай еңбек ету — олардың бойындағы ерекше белгілері. Ғабиден қазақ ауылының болашағын Жомарт тәрізді маман басшылардың көрегендігімен байланыстырса, Сәбит Сыр суын бөгеп, халық игілігіне жаратушы адамдардың еңбегін паш етеді. Әсіресе халықтың диханшылық өнерін бойына сіңірген Сырбай қарттың бейнесін нанымды жасайды.
Соғыс тәжірибесін жинақтауда, халық ерлігінің рухани мазмұны және оның қайнар көзін ашуда «Қазақ солдаты» романының орны үлкен. Онда жаңа заман батырының тәрбиелену, өсу жолы кең бейнеленген. Қайрошты өсіріп, жеткізген қоғамдық орта мен ондағы өзгерістер жарасымды суреттеледі. Қайрош батырлығы ескі ұғымдағы көзсіз ерлік емес, қарапайым адамның отан алдындағы борышын абыроймен орындау міндетінен туады.
Кеңес дәуірінде Қарағанды өндірісінің қайта ашылуы мен дамуы, оған қатысқан адамдар тағдыры «Қарағанды» романының негізгі мазмұнын құрайды. Кеңес тақырыбына жазылған басқа да шығармалар тәрізді, Ғабиден де бұл істердің басы-қасында болып, ұйымдастыру ісін жүргізген партия қызметкерін, басқа жақтан келіп өндірісті білгірлікпен басқара білген (бұл романда Донбасстан келген) орыс адамының бейнесін басты кейіпкерлер ретінде көрсетеді. Кеңес әдебиетінде партия басшысы мен халықтар достығын бейнелейтін мұндай кейіпкерлер кезінде штампқа айналып та кетіп еді, бұл жағдайдан Ғабиден де бұлтара алған жоқ. Соның өзінде жазушы Мейрам мен Щербаков бейнесін схемалық күйден жанды адамға, өмірінің қуанышы мен реніші араласа жүретін, халықпен қарым-қатынаста қарапайым, пендешілік мінездерден құр емес, нақты адамға айналдырып көрсете алды. Жаңа Қарағандыны жасау жолында өсіп жетілген техникалық интеллигенция өкілдерін (Ермек, Жанәбіл т.б) де сәтті бейнеледі. Романдағы тартысты, өндірісті өркендетудің қиындықтарын «халық жауларының» мойнына аудару сияқты жасандылықтың ізі де романда кездесті. Бұл, әрине, сол дәуірдің ұғымынан туған.
«Оянған өлке» Қарағанды тақырыбына арналғанмен, XIX ғасырдың екінші жартысында мұнда көмір өндірісінің ашылуы, жұмысшылардың алғашқы ұрпағының шығу кезеңі шындығын қамтиды. Роман атынан көрініп тұрғандай, автор сол негізде казақ өлкесінің оянуын, оған келген адамдарды көрсетуді көздейді. Ол қазақтың көшпелі феодалдық тіршілігі мен жаңа туып келе жатқан капиталистік қарым-қатынастың қақтығысын бейнелейді. Өмір шындығының жан-жақты кең суреттелген көріністерімен, адамдар тағдырының шындығымен, өмір ағысы мен сыры жайлы кең толғамды мазмұнымен, байсалды реализмімен «Оянған өлке» осы дәуірдегі қазақ әдебиетінің өскелең бағытының куәсі тәрізді болды. Онда қазақ даласындағы экономикалық жаңа қарым-қатынасқа икемделген жаңа бай Игілік, көшпелі дәуірдегі қазақ байының типі Жұман, жаңа ашылған өндіріс орнынан өзінің келешегін тапқан Бұланбай, қазақ даласын аш қасқырдай кезіп жүріп, оның байлығын алуға ұмтылған Ушаков, Рязанов, орыс демократиялық қоғамының өкілдері Елизавета Сергеевна, Шило сияқты кесек бейнелер жасалған.
Қазақ драматургиясы
саласындағы ізденістердің
Осы дәуірдегі драматургиялық дамуға белсенді үлес қосқан жазушы — Әлжаппар Әбішев (1907 ж. туған). Әдебиетке отызыншы жылдардың орта тұсында келіп, проза мен драматургияда қатар жұмыс істеген ол ұлттық драматургияның кейінгі дамуында көрнекті рөл атқарды. Өзінің ең тәуір пьесаларын ол осы кезде жазды.
Соғыс салған жара, соғыс ауыртпашылығы жазушының «Кім менің әкем?» пьесасына да негіз болған. Мұнда соғыстан жапа шеккен жар сезімі мен әке мейірімін аңсаған бала тағдыры сөз болады. Соғыстан кейінгі дәуірде ауыл шаруашылығын көтеру, ондағы еңбекті жаңаша ұйымдастыру, бұл жолда ескі әдістерді өзгертіп, шаруашылық жүргізудің тиімді жолдарын қолдау бірқатар пьесаларда көтерілді. Мұның өзі заманның талап етіп отырған проблемасы еді. Соғыс салған жараны тез жазу, халық шаруашылығын қалпына келтіру үшін заман жаңа амалдарды керек етті. Осы тақырыпқа жазылған Ғ.Мұстафиннің «Миллионер», Ә.Тәжібаевтың «Гүлден дала» пьесалары осындай екі түрлі көзқарастың тартысын бейнелейді. Екі пьесада да колхоз басшылары Жақып пен Телқара қолы жеткен табыстармен шектелген, ілгері қарауға өресі жетпейтін адамдар болып суреттеледі. Бірақ олар ұнамсыз бейнелер емес. Колхоз құрылысына көп еңбек сіңірген, колхозды осы күйге көтерген адал адамдар. Алайда заман ілгерілеп барады. Ауыл шаруашылығына техника күшін кіргізу, мал тұқымын асылдандыру, өнімді молайтудың жаңа жолын іздеу, ауыл мәдениетін көтеру сияқты идеялар туады.
Заманның қиыншылықтарына қарамастан қазақ қаламгерлерінің таңдалы туындылары осы дәуірде қазақ әдебиетін одақты оқушыларға, шетелге танымал еткені, оның байсалды ізденісі кезеңнің басты ерекшелігі ретінде аталуы орынды.
2.3 Жаңғыру кезіндегі әдебиет
Әдебиет дамуының келесі кезеңі 50-жылдардың орта тұсынан (1956-1964) басталады. Партияның XX съезі (1956) саяси-қоғамдық өмірдегі жаңа бастамаларға мұрындық болғаны мәлім. Онда И. В. Сталин тұсындағы демократиялық нормаладың бұзылуы, адамғы сенімсіздікпен қарау, көрші елдермен ылғи қарғиқабақ болу, дүние жүзілік мәдениет пен эканомика дамуынан оқшау ұстау саясаты сыналады. Мұның әдебиет пен өнердің дамуына, творчествоға әсер болды. Әдебиет дамуындағы “тартыссыздық теориясы”, “уақыт дистанциясы”, “шындықты сыртын жылтыратып бейнелеу” сияқты жалғыз теориялар мен ұғымдар әшкереленді. Жазушылардың өмірмен байланысын арттыру мәселесі көтерілді. Творчестволық ынталылыққа жол ашылып, жазушыға деген сенімсіздік жойылды. Мұның өзі өмір талабынан туындаған еді. Оның бірталай белгілері өмір мен әдебиетте 50-жылдардың бас кезенде-ақ белгі берді де, И.В.Сталин өлгеннен кейін мойындала бастады. Елімізде демократиялық нормалардың бұзылуы мен қызықсыз адамдарды құдалауды орыс жазушысы Л. Леонов (“Орыс орманы”) батыл суреттеді. В. Овечкиннің, В. Тендряковтың, А. Калининнің шығармаларында қоғам дамуының қайшылықтары, аул шаруашылығының артта қалуы, жауырды жаба тоқу фактілері өткір қойылды. Партияның XX съезі жаңа көзқарасты орнықтырды. Съезд шешімдеріне сәйкес 1937 жылы жазықсыз қараланған жазушылар (С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, т.б ақталды. Партияның идеология саласындағы қаулыларында кеткен қателіктер біртіндеп түзеле бастады. Қазақстанда да осы бағытта жұмыстар жүргізіліп, мәдени мұра жөнінде үлкен конференция (1959) өтті. Осылардың бәрі қаламгерлердің ынта-ықыласын оятып, тың ізденістерге жол ашты.
1946 — 1948 жылдар ішіндегі
партияның идеология