Кеңес дәуір әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 20:14, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетінің тарихында ең бір шоқтығы биік, белесі мол кезең - кеңес дәуірі әдебиеті. Осы кеңес дәуірі әдебиетін дәуірлеу мен сол дәуір әдебиетінің айтулы тұлғаларының шығармалары туралы ғалымдардың еңбектері аз емес. Кеңес дәуіріндегі әдебиет тарихы қайта жазылып жатқан қазіргі заманда осы уақытқа дейін өз мәнін жоймаған еңбектерді саралап, ой елегінен өткізудің үлкен маңызы бар.

Содержание

КІРІСПЕ ..............3
1 ҚАЗАҚ КЕҢЕС ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУЫ.......................
1.1 Қазақ кеңес әдебиетінің зерттелуі ...............................................................
1.2 Б.Кенжебаев – кеңес дәуір әдебиетін алғашқы зерттеуші
2 КЕҢЕС ДӘУІР ӘДЕБИЕТІН ДӘУІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖАҢАША ПАЙЫМДАУ..............................................................................................................
2.1 1930 жылдардағы қазақ әдебиеті
2.2 Сұрапыл соғыс әсерінен туған әдебиет немесе жауынгерлік тақырыбы
2.3 Жаңғыру кезіндегі әдебиет
2.4 Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуірі
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................65

Прикрепленные файлы: 1 файл

кенес дәуір.doc

— 581.00 Кб (Скачать документ)

Қазақ әдебиетінің тарихын  бес дәуірге жіктеген ғалым енді жоғарыда аталған еңбекте қазақ  совет әдебиетінің тарихын бірнеше  дәуірге бөліп, жіктей қарастырады. Ғалымның дәуірлеу жүйесі төмендегідей:

«Бірінші дәуір – 1917-1930 жылдар арасы (Ұлы Октябрь революциясы, азамат соғысы мен шаруашылықты қалпына келтіру жылдары), екінші дәуір – 1930-1941 жылдар арасы елімізді индустрияландыру, колхоздастыру дәуірі; үшінші дәуірі – 1941-1946 жылдар арасы (Ұлы Отан соғысы кезі); төртінші дәуірі – 1946 жылдан бергі, Отан соғысынан кейінгі кезі» [3, 296 б.].

М.Әуезов пен С.Мұқанов  сынды академиктердің басқаруымен  Қазақ ССР Ғылым академиясының  тіл мен әдебиет институты  дайындап шығарған «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» [4] атты (алғы сөзін жазған М.Базарбаев) монографиялық еңбекті оқып отырғанда кеңес әдебиеті туралы жоғарыдағыдай нақты жүйелеу жоқ, алайда «Қазақ совет әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі» (13-36 беттер), «Соғысқа дейінгі бесжылдықтар дәуіріндегі әдебиет» (36-70 беттер), «Ұлы Отан соғысы кезіндегі әдебиет» (70-87 беттер) және «Соғыстан кейінгі жылдардағы әдебиет» (87-139 беттер) деп бөлінетін төрт тарау Б.Кенжебаев бөлген төрт дәуірмен  толықтай сәйкес келетініне көз жеткізуге болады. Әр тараудың қамтыған мәселелері, сыр-сипаттары, тіпті жыл көрсеткіштері де Б.Кенжебаев жүйелеуінен ауытқи қоймайды.

Дәуір әдебиетін сөз  еткенде академиктер М.Қаратаев, Т.Нұртазин, С.Қирабаев жазған, әлденеше рет қайта басылып шыққан, мектеп және жоғары оқу орындарына оқулық ретінде қызмет еткен «Қазақ совет әдебиетінің» де орны бөлек.

Бұл еңбекте авторлар қазақ кеңес әдебиетін былайша  жүйелейді:

  1. Азамат соғысы мен халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарындағы қазақ совет әдебиеті (1917-1929 жылдар)
  2. Бесжылдықтар дәуіріндегі қазақ совет әдебиеті (1930-1941 жылдар)
  3. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ совет әдебиеті (1941-1945 жылдар)
  4. Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірдегі қазақ совет әдебиеті (1946-1955 жылдар)
  5. Қазіргі дәуірдегі қазақ совет әдебиеті (1956-1980 жылдар) [5, 8 б.].

Бұл жүйелеу де Б.Кенжебаев ұстанымдарымен толықтай сәйкес келеді деуге болады. Атап айтқанда, Кенжебаев көрсеткен 1917-1930 жылдар арасы 1917-1929 жыл болып сәл ғана өзгерген, сонымен қатар Ұлы Октябрь революциясы деген анықтама түсіп қалған. Біздің пікірімізше, Б.Кенжебаев ұсынған «Ұлы Октябрь революциясы» атауы да жайдан жай алына салған емес. Революция 1917 жылы болып өткенімен, оның қазақ жеріндегі жаңғырығы беріге дейін естіліп жатты, алуан-алуан шығармалар жазылды.

Екінші дәуірдің жылдары  толығымен сәйкес келеді, бірақ ғалым ұсынған елімізді индустрияландыру, колхоздастыру деген нақты атау, дәлелдемелер – «бесжылдықтар дәуіріндегі» болып, жалпы атауға ауысқан, ал бесжылдықтар өте көп болды, оның шет-жағасы 80-жылдарға дейін жетті.

Қалған үшінші, төртінші дәуірлер кейбір жыл көрсеткіштері болмаса толығымен сәйкес келеді деуге болады, сонымен қатар Бейсембай Кенжебаевтың дәуірлеу жүйесінде көрсетілмеген бесінші – қазіргі дәуірдегі қазақ кеңес әдебиеті (1956-1980) беріректе жазылған.

Бұл салыстыруларды толығымен, бүге-шігесіне дейін тиянақтап келтіріп жатқанымыздың бірнеше себебі бар, олар:

  • Б.Кенжебаевтың кеңес әдебиетін  дәуірлеуінің ғылымилығына, логикалық жүйесінің мықтылығына, дәуір атауларының дәлдігіне дейін көзімізді жеткізе түсу.
  • Б.Кенжебаевқа дейін, одан кейін де жарық көрген монографиялық еңбектердің қай-қайсы болса да зерттеушінің дәуірлеуін басшылыққа алып отырғанын, қазақ кеңес әдебиеті туралы еңбек еткен атақты ғалымдардың рухтас, тілектес, көзқарастары тым алшақ болмағанын аңғарту болды.
  • қазақ әдебиетінің тарихын көне дәуірден бастап зерттеп, дәуірлеп жүрген білгір ғалымның кеңес әдебиетіне келгенде де жүрісінен жаңылыспай, қазақ совет әдебиетін дәуірлеу, жүйелеу барысында да талай рет үлгі болғанын дәлелдеу болды.

Әрине, сол еңбектер жазылған кеңестік кезең, еңбектерде сөз болған кеңестік дәуір әдебиеті тарих беттері болып қалды, яғни әдебиет тарихына айналды, демек бұл кезең туралы да топтап, түгелдеп пікір айтатын азат, ХХІ ғасыр да келіп жетті. Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғалымдары дайындаған «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихында» сол дәуір әдебиеті туралы жаңа концепция ұсынылған. Ол концепция, дәуірлеу үлгісі төмендегідей: «Қазақ кеңес әдебиетінің тарихын жүйелей шолған уақытта үш дәуірдің межесі байқалады. Әдебиеттану ғылымында бұл күрделі мәселе талқыға түсіп, шешімі әлі табыла қойған жоқ.

Біздің байқауымызша 1917-1937 жылдардың аралығын бір дәуір  деуге негіз бар. Бұл кезеңде  қазақ әдебиеті өзінің көркемдік  дамуында профессионалды әдебиетке  тән жанрларды қалыптастырып үлгірді.

Екінші дәуір – 1937-1956 жылдар аралығы. «Құрсаулы әдебиет  дәуірі» деп атаса да болғандай.

Ал үшінші дәуірі – 1957-1985 жылдар аралығындағы тоқырау кезеңі» [6, Б.185-186].

Біздің алдымыздағы  міндет те кезінде қалтқысыз қызмет еткен еңбектерді бүгінгі уақыт пен жаңаша ойлау жүйесінің талабымен бағалау, тану. Тарих мерзімінен алғанда кеңес әдебиеті қысқа ғана ғұмыр кешті, алайда, «үздіксіз өсіп, жаңа шығармалармен байып, идеялық, көркемдік жағынан шыңдалып отырған әдебиеттің зерттеуге лайық творчестволық, теориялық мәселелері көп» [7, 219 б.] болатын. Осы мәселелерге ең алғашқылардың бірі болып Б.Кенжебаев барды, теориялық тұрғыдан өзіндік байлам жасап, жанрлардың қалыптасуы жөнінде талдау жасады.

Әрине еңбек дүниеге  келген уақытта кеңес үкіметінің үстемдігіне 40 жылдан асып, әдебиеттің де кемелденіп, талай-талай қуғын-сүргіннен енді есін жия бастаған кезеңі еді. Соңғы жылдары қазақ кеңес әдебиетінің тарихы, жеке өкілдері туралы бірсыпыра көлемді кітаптар мен еңбектердің шыққанын, әсіресе «Қазақ совет әдебиеті тарихының очерктері», «Қазақ совет әдебиетінің мәселелері» атты кітаптар мен жинақтардың, сол сияқты  М.Әуезов, Қ.Жармағамбетов, С.Сейітов, Т.Кәкішұлының жарық көрген еңбектерінде қазақ әдебиетінің даму кезеңдері, озат идеялы, көп жанрлы, жоғары сапалы әдебиетке айналғаны туралы жазылды деп атап көрсетіледі, ең бастысы бүкіл Кеңес Одағына, сол арқылы жер жүзіне мәлім болғанын қуана баяндайды, мақтаныш етеді. Еңбектің назар аудартатын тағы бір ерекшелігі, қазақ кеңес әдебиетінің өзі жіктеген алғашқы дәуірін (1917-1930) ғалым одан әрі тағы іштей жіктей түседі, яғни үш кезеңге, үш тарауға жіктейді, атап айтқанда: «кіріспесі мен қорытындысынан басқа, қазақтың 1917-20 жылдардағы, 1920-1925 жылдардағы, 1925-1930 жылдардағы әдебиеті деген тараулардан құрылды» [3, 297-298 б.] деп жазды Б.Кенжебаев. Бұлайша бір кезеңнің өзін үшке бөлуін түсіндірсек, біздің ойымызша, ғалым жай ғана жыл ерекшелігін, ыңғайлап бөлу үшін ғана үш кезең етпеген тәрізді.

Біріншіден, әдебиетті  тек ірі дарындар ғана жасамайды. «Кіші» дарындардың да үлесі болады. Соны ескеру жөн.

Екіншіден,  Б.Кенжебаев  әдеби процесті біртұтас жүйемен  зерттейтін (концепция) ғалым. Зерттеушінің концепциясы – белгілі бір  объектіні зерттеу нысанасына алғанда  ешбір әдеби фактыны назардан тыс қалдырмауға тырысады. Өйткені, әдеби процес – тұтас жүйе.

Бұл кезең әдебиетінің (1920-1925) ірі өкілдері ретінде көрсетілген  осы ақын-жазушылардың дені қазақ  кеңес әдебиетінің тарихында  аты аталып, шығармалары түгелдене  бермейтіні рас. Осылардың ішінде шығармашылық мұралары кеңірек сөз болатын Иса Байзақов, Өтебай Тұрманжанов, Асқар Тоқмағамбетовтерді ғана атауға болады. Өтебай, Асқар сынды ақындар берірекке дейін өмір сүрді. Ал басқа ақын-жазушылардың (халық ақыны Қайыптан басқа) дені қысқа ғана ғұмыр кешіп, әдебиетке де, халыққа да берерін түгел бере алмай кеткен аяулы жандар, небәрі 23 жас жасаған Шолпанды, қайраткерлік пен әдебиетшілдікті қатар ұстаған Садуақасовтардың (33 жыл ғана өмір кешкен) әдебиет тарихындағы орнын белгілеп, ел жадынан ұмытылмас игі тілекте болғанын аңғарамыз. Сыншы Кенжебаев осы кезең аралығында қазақ әдебиетін өркендетуге өлшеусіз үлес қосқан қазақтың аяулы қыздарының шығармашылық өнері туралы да айтуды ұмытпайды. «Шолпан құйрықты жұлдыз тәрізді, жарқырап көрініп, жалп етіп сөнді. Ақындықпен тек бес-алты жыл ғана айналысты. Сол аз уақыт ішінде небәрі, ірілі-ұсақты, қырық-отыз өлең жазды. Шолпанның бостандық алуына, баспасөз бетінде көрінуіне көмектескен Нәзипа Құлжанова, Шолпанды, Абай айтқан «самородный сары алтын еді» дегенін «ол орынды баға» деп көрсетеді. Шолпан сынды аяулы жанды бостандыққа шығарып, «самородный сары алтын» деп баға беріп жүрген жан туралы ғалым: «Нәзипа Құлжанова әуелі әдебиетші ретінде көрінді. 1914 жылы, Семейде ұлы ағартушы ақын Абайдың қайтыс болғанына 10 жыл толуына байланысты, Нәзипа Абай туралы тамаша баяндама жасаған. Нәзипаның ол баяндамасын сол кездегі қазақ баспасөздері қуанып, зор үмітпен хабарлаған» [3, 332 б.] деп жазады, сілтемеде бұл хабарламаның «Қазақ» газеті (51 сан, 21 февраль, 1917 жыл) бетінде жарияланғанын атап көрсетеді.

Бұл жазбалардан аңғарылатын  жайт ең алдымен, кеңес дәуірінің  алғашқы жылдарында жазба әдебиет  әлеміне қазақ қыздарының қосқан үлесін айтады.

Екіншіден, осы аталған  қыздардың өз еңбектеріне лайық  әдебиет тарихынан орын ала берсе  деген ниетін байқауға болады.

Үшіншіден, Нәзипа Құлжанованы  айта отырып абайтанудың бір белесін, ол белесті айту үшін Ахмет Байтұрсынов  негізін қалаған «Қазақ» газетін  сілтеме түрінде болса да көрсетіп өтеді, бұл да алпысыншы жылдар үшін үлкен ерлік, жүректілік: А.Байтұрсынұлының атын өшіруге біржолата көшкен кеңестік  кезде, ол шығарған газетті айтып өту нағыз адамгершілік, көрегендік. Қазақтың қарапайым ғана әдебиетші қызының тағдырын ұлы Абаймен байланыстырып, одан әрі «Қазақ» газетін айтуы ұтымды тапқырлық.

Төртіншіден, ғалым Нәзипа туралы ойын да «ол артында жұрт күткендей еңбек қалдыра алмады»  деп өкініш білдіреді. Иә, Шолпан да, Нәзипа да қып-қысқа ғұмырларында, аласапыран, алмағайып кезеңдерге душар болып  бойындағы барын беріп үлгере алмады, барды беруге уақыт та, мүмкіндік те болмады, алайда аз ғана еңбектерімен-ақ көп үміт күттірген, осы еңбектерінің өзі халықтың бір керегіне жарап жатқан қыздарды өзі де ұмытпай, елге де ұмыттырмауды мақсат еткен.

Сонымен, қысқаша түйін  жасайтын болсақ, біз байқаған кейбір жайттарды аңғаруға болады, ең алдымен автор түйініне назар аударайық: «Қазақ совет әдебиеті 1920-1925 жылдары өзінің кадры жағынан да, тақырып, идеясы, әдісі жағынан да, жанры, көркемдігі жағынан да едәуір ілгері дамыды, өсіп жетіле түсті. Ол жауын-шашыннан кейінгі күн шуақты көктемгі дала тәрізді гүл жайнады» [3, 348 б.]. Ең алдымен, бұл жылдары әдебиет, қай жағынан болса да, ғалым айтқандай «кадр» жағынан да, «жанр» жағынан да өсті. Ғалымның тарауды сондай әдемі, әдеби көркем, көктем даласына теңеп аяқтауында да үлкен мән бар.

Ғалым Кенжебаев сол  кездегі әдеби процесті, сол әдеби  процеске шама-шарқынша үлес қосқан үлкенді-кішілі тұлғалардың бәрін айтуға күш  жұмсаған. Б.Кенжебаевтың бұл зерттеулерінің құндылығы екі бағытта деп  білеміз:

  • «кіші» дарындардың әдеби процестегі орнын анықтап, әдебиет тарихына енгізуі – ғылыми әдептілігі, сыншы ретіндегі турашылдығы.
  • кейінгі ұрпаққа «кіші» дарындар әдеби мұрасын жеткізу, зерттеуге шақыру, ой салу.

Б.Кенжебаевтың «Жиырмасыншы жылдардағы қазақ совет әдебиеті» еңбегі, біріншіден, 1917-30 жылдардағы әдеби процесті талдаған алғашқы еңбек болуымен құнды.

Екіншіден – кезең  әдебиетін тұтастай алып қарастыруымен, содан соң еліміздегі тарихи оқиғаларды алға тарта отырып, әрбір 5 жылдың әдеби  процесін жеке дара талдауымен ерекшеленеді. Өйткені, кезең әдебиеті отандық әдебиеттануда көп уақыт жалпылай сөз болып келді.

Үшіншіден – кезең (1917-30) әдеби процесін тұңғыш рет әдеби, ғылыми жүйелеуге түсірді.

Төртіншіден – қазақ  кеңес әдебиетінің «жыртысын  жыртқан» болып отырып, кезең әдебиетіне объективті көзқарас білдіріп отырды. Әдеби мұра назардан тыс қалғаны айтылады. Жаңаның «ескіні» негізге ала отырып жасалуы керектігі ескерілмегені сыналады. Білімі толысып жетпеген, әсіресе саяси лепірмелікпен желігіп жүрген жастардың Алашорда өкілдерін әдеби аренадан ығыстырып шығарғаны жөнінде астарлап ишарамен өкіне айтылды.

Дегенмен де ғалым  дәуір әдебиетінің қайшылығын, ақтаңдағын айқындап көрсете алмады. Алашорда өкілдері еңбегінсіз кезең әдеби  процесін жан-жақты талдап көрсету қиын еді. Бұл ғалымның білмей жіберген қателігі емес. Зерттеушінің оны айтуына кеңестік заман мүмкіндік бермеді. Сыналап болса да кіргізген беттерінің өзі сызылып тасталды. Ғалым-сыншы қолжазбасында айтылатын Ж.Аймауытов, М.Дулатов есімдері өшірілді. Смағұл Сәдуақасов аты ғана қалып, шығармашылық тағдырына арналған тарау алынып тасталған. Астарлай айтылған ойдың кейбірі ғана қалған.

Кеңес дәуіріндегі әдебиеттің алғашқы кезеңін зерттеуге Б.Кенжебаевпен қатар Е.Ысмайылов, Т.Кәкішев, М.Дүйсенов, С.Қирабаев,  Р.Бердібаев та көп  еңбек сіңірді.

 

 

 

 

 

 

 

         2 КЕҢЕС ДӘУІР ӘДЕБИЕТІН ДӘУІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖАҢАША ПАЙЫМДАУ

         2.1 1930 жылдардағы қазақ әдебиеті

Қазақстанның егеменді, тәуелсіз ел болуы – біздің жаңа тарихымыздың басы. Ендігі жерде біз  өз тарихымызды бұрынғыдай көп ұлтты  мемлекеттің құрамында емес, дербес зерттеп, тарихтың ұзақ жолында ұтқанымыз бен ұтылғанымызды, жеткеніміз бен қолымыз жетпеген жайларды кең ашып, бүгінгі егемендікке жетудің заңды жолын көрсетуге тиіспіз. Жалпы ұлтпен, ұлт мәдениетімен бірге қайшылықты жолдан өткен біздің әдебиетіміздің тарихы да осындай талғаммен қайта қарауды қажет етеді. Бұрын жазылған қазақ кеңес әдебиетінің тарихына арналған еңбектер (“Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі”. 1949, 1958. Қазақ әдебиет тарихы, 3 томдық, 6 кітап. Соның 3-томы-5-6 кітаптар, 1967. Тарихтың жеке мәселеріне арналған зерттеулер) бұл күнде ескірді. Ең алдымен, ол еңбектерде қазақ әдебиетінің ұлттық сипаты жеткілікті ашылмай, ол көп ұлтты кеңес әдебиетінің бір бұтағы есебінде ғана қаралды. Тілі ғана бөлектігі болмаса, оның мазмұны түгелдей кеңестік идеологияның ықпалына бағынды. Екіншіден, ол кездін тарихына, біздің ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміздің, тіпті тарихымыздың өзіне жаңа беттер қосқан талантты ақын жазушылар тобы кірмей қалды. Олардың аттары да аталмады. Бұл, алдымен, “алашордашыл” ақын-жазушылар А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, тағы басқалар есіміне байланысты. Бұларды сөз етпеудің нәтижесіне, ХХ ғасырдың басындағы әдебиетте Абай дәстүрінің дамуы, ағартушылық идеяның халықтың азаттығы жолындағы күреске ұласуы сияқты маңызды мәселелер тарихта дұрыс шешімің таба алмады. Кеңес әдебиеті өзінің алдындағы дәстүрлерінен үзіліп зерттелді. Үшіншіден, кеңестік атаулының бәрі көркемдік ізденістерінен бөлініп алынып, тақырыбы жағынан қаралды, жадағай мақталды. Жазушылар мен шығармаларды бағалауда талғампаздық жете бермеді. Ал, кеңес идеологиясына қайшы деген туындылар мен олардың авторлары қуғынға түсті.

Информация о работе Кеңес дәуір әдебиеті