Кеңес дәуір әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 20:14, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетінің тарихында ең бір шоқтығы биік, белесі мол кезең - кеңес дәуірі әдебиеті. Осы кеңес дәуірі әдебиетін дәуірлеу мен сол дәуір әдебиетінің айтулы тұлғаларының шығармалары туралы ғалымдардың еңбектері аз емес. Кеңес дәуіріндегі әдебиет тарихы қайта жазылып жатқан қазіргі заманда осы уақытқа дейін өз мәнін жоймаған еңбектерді саралап, ой елегінен өткізудің үлкен маңызы бар.

Содержание

КІРІСПЕ ..............3
1 ҚАЗАҚ КЕҢЕС ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУЫ.......................
1.1 Қазақ кеңес әдебиетінің зерттелуі ...............................................................
1.2 Б.Кенжебаев – кеңес дәуір әдебиетін алғашқы зерттеуші
2 КЕҢЕС ДӘУІР ӘДЕБИЕТІН ДӘУІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖАҢАША ПАЙЫМДАУ..............................................................................................................
2.1 1930 жылдардағы қазақ әдебиеті
2.2 Сұрапыл соғыс әсерінен туған әдебиет немесе жауынгерлік тақырыбы
2.3 Жаңғыру кезіндегі әдебиет
2.4 Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуірі
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................65

Прикрепленные файлы: 1 файл

кенес дәуір.doc

— 581.00 Кб (Скачать документ)

Осы жылдардағы көркем әңгімені дамытуға да осы аталған жас жазушылар мол қатынасты. Сонымен қатар әнгіменің атақты шебері Ғабит Мүсірепов те бұл жанрға қайта оралып, біраз әңгімелер жазды. Олардың ішінде жазушының «Сөз жоқ соның іздері» атты әңгімесі көтерген мәселесінің өткірлігімен де, заман рухын, кейіпкер тағдырын терең ашып суреттей білуімен де оқшау тұрады.

Ғабит әңгімесі адамдық борыш, ар-ұждан тазалығын еске алады. Өз басының ғана мансабын ойлап, күншілдік дертіне шалдыққан адамдар тудырған жеке адамға табыну кезінің үрейлі атмосферасы онда шебер берілген. Айдарбектің бейнесі бір кезде адал жандарды жаламен жазықты етіп, өзіне қоғамнан тәуір орын тапқан адамның бүгінгі рухани күйзелісін, құлдырауын танытады. Суреткер жазушы әнгімеде жер бетін кіршіксіз тазалыққа бөлеген алғашқы қарды былапыттай басып, оның бетінде содырлы ізін қалдырып бара жатқан Айдарбектің ізін суреттеу арқылы дәуір сырын, Айдарбектер бой жасаған заман ізін аңғартады. Ізді жазушы астарлы бейнеде алып, оған «теріскейге шығып алып, ұзақ соққан ызғырық дәуірдің ізін» де, «қиядан құлап, батпаққа батып, енді содан шыға алмай қойған әкенің ізін» де сыйғыза ойнатады. Айдарбектер ісі көп тағдырында ұмытылмас із қалдырғаны да тапқыр айтылған. Нәзікен — соның құрбаны. Заман өзгеріп, өмірдің жаңа жолға түскенін Сейіл, Сәуле бейнелерінен көреміз. Бұл әңгіме де әдебиетте бұл кезде адамгершілік, моральдық мәселелердің әлеуметтік мән ала қойылғанының белгісі.

Елімізде жеке адамға табынушылықты сынаумен байланысты идеологиялық шектелушілік пен ой-пікірге  салынған тұсаудан босау қазақ поэзиясының қанатың кең жазуына, ақындық ойды шалқыта еркін жырлауна жол ашты. Бұрын саясатқа құрылған науқандық өлеңдердің үгіттік сипатына көбірек көңіл бөлінсе, енді жалпы адамның рухани тіршілігі, оның қуанышы мен қайғысына, сүйіспеншілік сезімдері мен табиғат пен сырластығын жырлауға мұмкіндік туды. Осындай тұста әдебиетке келген жас ұрпақ тежеу көрмеген қалпымен еркін араласып, поэзияны, әсіресе, лириканы жаңа сапаға көтерді. Олардың ішінде Ғ.Қайырбеков, І.Мәмбетов, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, С.Жиенбаев, М.Мақатаев, Е.Ибрагим, Ш.Мұхамеджанов, Ж.Нәжімедденов, Т.Айбергенов, Тұрсынхан Әбдирахманова, С.Асанов, Ә. Абайділданов, Марфуға Айтқожина, т.б. еді. Бұлардың шығармашылығы шындықтың бетіне жалтақсыз қарап, ойын бүкпесіз анық айтуымен, поэзиядағы әр алуан жазу өрнегін байытуымен, біріне-бір ұқсамайтын стмлдік өзгешеліктерімен көзге түсті. Олардың ақындық “мені” адамзат рухымен, оның байлығымен тұтасып заманның кеңес қоғамына тән сырын оңашаламай, әлемдік ой-пікірдің дәрежесіне көтеруге көмектесті. Ақындық пафостың жоғарылығы, өмірге бейнелі көзбен қарап, оны өлеңге айналдыру мәдениетін көтеруде де бұлар қазақ поэзиясына өз жаңалықтарымен келді.

Ақындық ойдын еркіндігіне  жасалған шығармашылық кеңшілік аға  ақындарды да бей-жай қалдыра  алмады. Бір кезде лирикалық әуендері үшін жазғырылған Ә.Тәжібаев әлі де сезімі мосқал тартпағанын танытты. Ғ.Орманов, С.Мәуленов, М.Әлімбаев, Қ.Шыңғытбаев сияқты өлең шеберлері жаңа, әсем лирика туғызды.

Қазақ лирикасының хас  шеберлерінің бірі Сырбай Мәуленов бұл жылдары көп жазды. Оның өлеңдерінің тақырыптық шеңбері тіпті кең. Ол өзі жүріп өткен майдан даласын еске алып, әскери тақырыпта өткір де ойлы өлеңдер жазды, ел өмірінің бүгінгі шындығына көңіл аударды, жастығын, махаббатын да ұмытқан жоқ. Ақын көріне қалған құбылысты тез қабылдап, одан ой түйіп, жинақты лирика туғызуда едәуір табыстарға ие болды. Оның ойшылдығы, тез қабылдағыштығы, түсінуі — бәрі де жанды бейнеге айналып, ақынның тапқыр да алғыр талантын мойындатады. «Түбірлер» деген өлеңіндегі ормандағы түбірлерді мүгедектерге ұқсатуы осыған мысал бола алады.

Көрінеді

Орманнан түбірлер.

Айрылған

Бұтақ-қолдардан түбірлер.

Мүгедек солдат секілді түбірлер.

Оқ жұлғандай етімді

Жүрегім тулай дүбірлер,

Кезеріп ернім күбірлер.

Соғыс не? Менен біліңдер, —

Деп тұрғандай түбірлер.

Ақын жырларында еліміздің өзі аралаған жерлерінің суреті, әсерлер, табиғаты мен адамдары түгелдей елестеп тұрады. Ол адам мен табиғаттың ішкі байланысын терең түсіне, тани, аша біледі. Оның өлеңдеріндегі бояулар ғажап. Ақын өмір суреттерін бояулардан таниды. Ленинградтың ақ түнін әлемнің әппақ нұрындай елестетеді.

Ақ түн

Әлемнің әппақ адал нұры.

Ақ түн

Қуады қуыстардан

Көлеңке,

Қараңғыны.

Ақ түн —

Жеткен талай жыл  болдырып,

Аталардың ақ арманы.

Ақ түнді — ақ арманды

Тұр қондырып

Ленинград алаңдары,

Нева аралдары,

Кронштад қамалдары,

Смольный жалаулары.

Өлең түріндегі өзгерістер оның мазмұны мен рухына лайық жасалған.

Қазақ лирикасының жаңа ізденісі әлемдік озық поэзия дәстүрімен байланысты көтеріле түсті. Қазақ ақындары олардан үйренгенмен, ешкімді қайталамай, өз шындығына лайық дамытты. Қазақ өлеңінің лирикалық кейіпкері де өз дәуірінің қайшылықтары мен табыстарын бойына жинаған озық ойлы азамат. Өлеңнің түр саласындағы ізденістері де дәуір сыпатынан туды.

Бұл жылдардағы қазақ поэмасы да ұлттық поэзияның өмірмен байланысын, идеялық-тақырыптық кеңеюін танытты. Эпик ақындар да жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тың шығармалар жазды. Т.Жароковтың “Тасқынға тосқыны”, Қ.Бекхожиннің “Тұрлаулы тағдыры”. Х.Ерғалиевтің “Мен – қазақпыны”, Ғ.Қайырбековтің “Дала қоңырауы” – бұл жанрдың елеулі табыстары саналуға лайық.

 «Портреттер» поэмасында Әбділда өмір туралы, уақыт сыры туралы толғаныс жасаған. Уақыт өлшемі етіп ол кеңестік 40 жылды алады да, осы мерзім ішіндегі бір отбасының тағдыры, ұрпақтың ауысуы арқылы уақыт қызметін философиялық тұрғыдан талдайды. Поэмада шытырман оқиға, ширыққан тартыс жоқ. Адамдар тағдыры, характері лирикалық кейіпкердің толғанысы, ойы аркылы ашылады. Ол әкесі, ағасы, қарындасы, өзі туралы әңгімелейді. Өмір, тіршілік үшін таласта аға ұрпақ өліп, жас ұрпақ орнын басып жатады. Уақыт өткенді еске алып, тіршілік күйбеңін жастың мойына артады. Әкеден балаға ауысып қалып жатқан шойын сағат — сол бір тозбайтын тіршіліктің, өлмейтін уақыттың символы.

Поэманың идеялық түйіні: біздің өткен уақытымыз — күрестің белгісі, әкелер мен ағалардың төгілген қанымен келген жеңіс екенін таныту. Сондықтан өмірді бағалау, қадірлеу — әр ұрпақтың міндеті. Портреттер — адамның, әр түрлі ұрпақтың, уақыттың портреттері.

Ж.Молдағалиев, Х.Ерғалиев, Ғ.Қайырбековтің поэмаларында халық тарихы мен тарихи адамдар өмірінің фактылары негізінде ел өмірі мен оның өткен жолы туралы толғаныс танылады.

«Мен қазақпын» — қазақ атынан айтылатын монолог түрінде жазылған. Ақын осы жолмен халық тарихының ұзақ жолын, ауыр, азапты өмірін кең суреттейді. Оның бойындағы ерлік пен ізгілік сезімдерді, патриоттық мінезді паш етеді.

Мен — қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен,

Жылағанда жүрегім —  күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Осы шумақ — бүкіл поэманың лейтмотиві. Әр тараудың мазмұны осыдан өрбіп, қазақ өмірінің қилы кезеңдерін ашады. Оларда халықтың «мың өліп, мың тірілген» тарихы, жөргегінен басталған азапты өмір жолы, жыласа — күн тұтылғандай, күлсе күн түрілгендей көрінетін шынайы сезімі бейнеленеді. Ақын тілінің бейнелілігі, жарқын жасалған суреттер оның аз сөзге көп мағына сыйғызған шеберлігінен көрінеді.

«Құрманғазы» мен «Дала қоңырауы» XIX ғасырда өмір сүрген қазақ композиторы Құрманғазы Сағырбаев пен ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин өмірлеріне арналған. Оларда беймезгіл заманда өмір кешкен таланттардың ауыр тағдыры сөз болады. Олардың қараңғы қауым ортасында ескілікпен, отаршыл саясатпен, ел билеушілермен күресте өткен жалынды өмірі, оның куәсі болып туған шығармашылық өнері аталған поэмалардың мазмұнын құрайды.

Поэмалардың эпикалық кең  алымы оларда жеке адам арқылы халық өмірінің кең суретін жасап, азаматтық, азаттық, прогресс жолындағы ізденістерді танытады.

Қазақ поэзиясының табыстары ақындарымыздың өмірге өктем араласып, дәуірдің әлеуметтік-философиялық мазмұнын ашуында жаңа қадам болды. Онда әр түрлі стиль мен түр ізденістері тоғысты.

Бұл дәуірдегі драматургиядағы  Ә.Тәжібаев пен Ш.Құсайыновтың ізденістері атап айтуға тұрарлық. “Кеше мен бүгін”, “Рабиға”, “Көңілдестер”, “Майра” – бүгін бәріне де жаңаша көзқарас керек. Бәрінде де қабілеті зор қайраткер адамды шектеген заманның қыспағы ашылған. Т.Ахтановтың Сәулесі (“Сәуле”) де ескі шектелушілікті бұза білген кейіп кер. Қ.Мұхамеджановтың, С.Адамбековтің пьесалары комедия, сатира жанрларына бастама болды.

«Кеше мен бүгін» пьесасында Шахмет қазақ ішін жайлап, кеңестік асыра сілтеу науқандары тұсында, бас көтерер адал адамдарды шырмаған жалақорлыққа қарсы үн көтерді. Осындай бір жағдай көрнекті ғалым, үлкен жүректі азамат Марабайдың басынан өтеді. Есіркеп сияқты мансапқорлар мен оның Сабатай, Үдері тәрізді жағымпаздары өмірден жайлы орын табуға Марабай тарапынан кедергі боларын сезіп, оны жаламен қызметінен тайдырмақ болады. Адал Марабай ондай тайғанақ адамдармен жұмыс істесе алмайды. Марабай бейнесі кесек тұлғалы, қабілетті, өз басын ғана емес, қоғамдық үлкен мұратты қорғай алатын адамның сыпатын бойына жинақтай алған. Оның басына қауіп төнген кездегі психологиялық жай-күйі, күйініші мен сүйініші пьесада шынайы көркемдік бояумен суреттеледі. Биік интеллектуалды, адал адамды қорғауды жазушы проблема етіп қояды.

Осындай бір ірі тұлғаны Шахмет «Күншуақта» пьесасында жасады. Ол —колхоз бастығы Байсал. Екі қайтара Еңбек Ері атанған, көп жыл колхозды басқарған, соғыстан кейін жүдеген елді ұйымдастырған құрметті адам. Өзіне кең үй салдырып, күн шуақта өмір сүрген ол кенет ел арасына тараған әңгімелерден секем алады. Ол колхоз бастығының өз басын ойлаңқырап кеткені, ауылдың проблемасы әлі де шешіліп болмағаны, әсіресе малшылардың күйі жақсартуды қажет етіп отырғаны туралы естиді. Кенет ұяты оянған ол үйін балалар бақшасына өткізіп, бойына сіңе бастаған тоғышарлыққа қарсы күреседі, одан арылады. Осы жолдағы үй ішінің, өзін қоршай бастаған жағымпаздар мен қолын жылы суға малмақ болғандардың психологиясына тойтарыс береді. Шахмет пьесасы тартыстың кейбір жасанды жақтарына қарамастан, адамның биік мораль үшін күресін бейнелеуде едәуір маңыз алады.

«Есірткен Ерке», «Нұрлы тас» пьесаларымен ол балалар драматургиясын дамытуға үлес қосты.

Бұл жылдары Әбділда Тәжібаев (1909—1998) «Көңілдестер», «Жалғыз ағаш орман емес», «Майра», «Той боларда» сияқты пьесалар жазды. «Жалғыз ағаш орман емес» — «Гүлден дала» пьесасының жаңартылған, жетілдірілген нұсқасы еді. Ал «Көңілдестер» — біздің бүгінгі өмірімізді құрт аурудай жайлаған көңілдестік, тамыр-таныстық, жағыну жолымен өсуді көздейтін мансапқорлықты әшкерелейтін психологиялық драма. Мұндағы тартыс қоғамның адал, ойлы, принципті мүшесі Мәлік пен оның күйеу баласы Дәурен және оның сыбайластары арасында өрбиді. Дәурен министр болуды армандайды, оның бұрын министр болып түсіп қалған досы Сапар соған сүйеніп қайта көтерілгісі келеді, осылармен байланысына арқа сүйеп, ғалымсымақ Келтек Ғылым Академиясына мүше болып өтпек болады. Мүдделері бірдей осы адамдардың характерлері бір-біріне ұқсамайды, әрқайсының өзіндік айла-амалы, тілі бар. Мәлік қоғамды жайлаған осы дертті көріп шошынады. Дәуренге әлі оның министр болуға дайын еместігін, шикілігін айтып, бетіне басады. Өз ойын тиісті орындарға жеткізеді. Бұдан көп бұрын (1963) жазылған пьеса бүгінгі біздің дәуіріміз үшін әлі де актуалды.

«Той боларда» — комедиялық пьеса. Сүйіскен екі жастың (Нартай мен Айбала) тағдырын ортаға ала отырып, автор олардың үйленуі тұсында өз құлқынын көздеген адамдардың пайдакүнемдігін, дүниеқорлығын, содан туындайтын пасық ой-пікір, іс-әрекетті күлкіге айналдырады. Олардың қатарында Айбаланың өгей анасы Ұрқия, сүймеген қызды малға, ақшаға сатып алғысы келетін қу Қалабай мен оның жылпос шешесі Қалима, нағашысы Айдар т. б. ерекше көзге түседі. Қыз әкесі Байбол — әділ, таза адам. Ол қызының сүйгеніне баруын қалайды. Пьеса қазақ ортасының осындай бір ескілік салттан құтыла алмай отырғанына көңіл аудартып, оны жақтаушыларды әшкерелеуге арналады. Пьесаның шұрайлы, тапқыр тілі, ұтымды диалогтар оны көркейте түседі. Бұл жайлар аталған дәуірде қазақ драматургиясының іздену үстінде болғанын байқатады. Жанр едәуір тәуір шығармалармен толықты. Сонымен бірге ізденіс жолы ұзақ екенін, әлі де классикалық үлгі боларлық туындылардың жоқтығы байқалмай қалған жоқ.

Бұл дәуір орыс әдебиетінде  “Жылымық” (И.Эренбургтің повесінің  повесінің аты) атанып, партияның  қатаң режимінің бірсыпыра басағанын  танытты. Ол қазақ әдебиетінің де жаңаша қарқын алуына себепкер болды. Аға жазушыларға ілесе, Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, Ә.Әлімжанов, О.Сүлейменов шығармалары шетелге таныла бастады. Қазақ әдебиетінің дүниежүзі әдебиеттерімен байланысы артты.

Әдеби процестің ұлғаюы, жаңа туындылардың көбеюі — оны  зерттеп, ғылыми бағалап отыратын әдебиет  сыны мен әдебиет туралы ғылымының  баюына да мол материал беріп, оның дамуын тездетті. Бұл саладағы еңбектің өнімді болғанын таныту үшін 1956 — 1966 жыл аралығындағы он жылда жүз елуден астам сын және зерттеу кітаптарының жарық көргенін айтудың өзі жеткілікті. Мұндай өнімділік бұрынғы әдебиет дамуы кезеңдерінің ешбірінде болған емес. Жеке зерттеулер мен әдебиетші ғалымдардың сыншылдық ойларын қорыту түрінде 6 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1960 — 1967) жасалды. Онда қазақ ауыз әдебиеті мен әдебиет тарихы, кеңестік дәуірдегі әдебиеттің даму жолы белгілі жүйеге түсіп, жинақталды. Орта және жоғары мектептерге арналған әдебиет оқулықтарында ауыз әдебиеті мен ақындар шығармаларының мәтіндері көптеп басыла бастады.

Қазақ әдебиеті сыны мен әдебиеттану ғылымының осы дәуірде қарқынды дамуы, ең алдымен қоғамдық ой-пікірде еркіндік тууымен байланысты болды. КОКП XX съезінен кейін бір кезде жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылар мұрасы халыққа қайтарылды. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров ақталып, олардың кітаптары қайта басыла бастады. 1957 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің «Қазақ халқының әдеби-поэзиялық және музыка мұрасын зерттеудің, сын тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы және оны жақсарту шаралары туралы» қаулысы шықты. 1959 жылы қазақ халқының әдеби мұрасына арналған ғылыми-теориялық конференция өтті. Бұл қаулы мен конференция шешімдері әдеби мұраны пайдалану мәселесін түбегейлі шешпегенмен, бұл саладағы іске бөгет болып келген көптеген жағдайлардың бетін ашып, ауыз әдебиеті мен әдебиет тарихына арналған жаңа зерттеулер жазуға мүмкіндік туғызды. Бүгінгі әдеби процесс пен тарихи әдебиетке қатысты әр кезде пікір айтып, ақыл-кеңестерімен көмектескен, тіпті зерттеулер жасауға қатысқан аға жазушылардың еңбектері бұл саладағы іске мұрындық болды десек, артық емес.

Информация о работе Кеңес дәуір әдебиеті