Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 20:14, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетінің тарихында ең бір шоқтығы биік, белесі мол кезең - кеңес дәуірі әдебиеті. Осы кеңес дәуірі әдебиетін дәуірлеу мен сол дәуір әдебиетінің айтулы тұлғаларының шығармалары туралы ғалымдардың еңбектері аз емес. Кеңес дәуіріндегі әдебиет тарихы қайта жазылып жатқан қазіргі заманда осы уақытқа дейін өз мәнін жоймаған еңбектерді саралап, ой елегінен өткізудің үлкен маңызы бар.
КІРІСПЕ ..............3
1 ҚАЗАҚ КЕҢЕС ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУЫ.......................
1.1 Қазақ кеңес әдебиетінің зерттелуі ...............................................................
1.2 Б.Кенжебаев – кеңес дәуір әдебиетін алғашқы зерттеуші
2 КЕҢЕС ДӘУІР ӘДЕБИЕТІН ДӘУІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖАҢАША ПАЙЫМДАУ..............................................................................................................
2.1 1930 жылдардағы қазақ әдебиеті
2.2 Сұрапыл соғыс әсерінен туған әдебиет немесе жауынгерлік тақырыбы
2.3 Жаңғыру кезіндегі әдебиет
2.4 Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуірі
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................65
Сәкен табиғатты да, адал махаббатты да, өмірдің әсем көріністерін де қызықтаған (“Көкшетау”, “Аққудың айрылуы”, “Ақсақ киік”, т.б.) сезімтал ақын болды. Өмір сырын терең барлаған ойлы лирика (“Сыр сандық”) туғызды. Ол өмірдің шатты, жарқын жақтарын көп көрді, соны қуана жырлады.
Бірақ та 20-жылдары қазақ өмірі тек қуаныштан тұрмаған еді. 20-жылдары қазақ халқы бастан кешкен өмірдің қиыншылықтары мен көшпелі елдің бірден социализмге бет бұруының қайшылықтары да аз болмайтын. Аштық, шаруаларды күштеп ұжымға біріктіру, қуғын-сүргін, қашып-босқан ел тағдыры әдебиет үшін мол материал еді. Алайда кеңестік әдебиет ол тақырыпқа бара алмлды. Кеңес ақындарының осы олқылықтарын Мағжан Жұмабаев қана толықтыра алды. Большевиктер билігін қабылдамаған ол демократтық әдебиет дәстүрін жалғастыра отырып, халық трагедиясын әрқилы көркем суреттер арқылы кең бейнеледі. Коммунистік режимнің ұлттық дәстүр мен мүддеге қатал қарап, күштеу жүргізгенін ақын:
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Батыр хандар, асқан жандар ұмтылды, - деген
жолдармен бейнеледі. Ол
өмірдің мұнлы жағын көп
Ақын өлендерінде жалпы түрік бірлігі, шығысты пір тұту, шығыс елдерінің келешегінен үміт күту сарыны мол байқалады. Бұл – ол кезде еуропалық мәдениетке, жаңалыққа қарсы ұлтшылдық саналатын. Сондықтан оның Тұран тарихы, Шығыс халықтарының батырлық дәстүрі жайлы өлеңдері ылғи сынға ұшырап отырды.
Мағжанның махаббат пен табиғат жырлары-қазақ лирикасының ең бір жарқын беттері. Ол адам сезімін, табиғатпен туыстығын терең суреттеді. Оның лирикалық қаһарманы – сезім құшағында, жүрек тербелісінде мас болған азапты жан, шын сүюді ол азап жолына балайды, оның қуанышы мен өкінішін қатар бейнелейді.
Сәкен мен Мағжан шығармашылығы
20-жылдардағы әдебиеттегі екі ағымның
бейнесі іспетті. Жаңашыл жас
ұрпақ Сәкен маңына топтасты. Осылардың
еңбегімен сол дәуірдің өзінде қазақ
әдебиеті жаңа ізденістерге бет бұрды.
Бүгінгі заман тақырыбын
Қазақ көркем прозасынын туып, қалыптасуында бұл дәуірдін ерекше орыны бар. Төңкерістен бұрын “роман” деп басылған шығармалар (“Қалың мал”, “Қамар сұлу”, “Бақытсыз жамал”) шын мәнінді таза прозадан гөрі өленмен аралас жазылған, көркем суреттері аз, белгілі сюжетті ғана әңгімелеп шығатын схемалық хикаялар еді. Жазу мәдениетінің кешендері көркем прозанын дамуына жол бермей, жатталып айтылып, ауызша тарайтын өлең үлгісін алға тарта берді. Тек төңкерістен кейінгі тарихи оқиғалар дегінін қабаттасуы, адам өмірі мен тағдырының күрделілігі, өлең ауқымына симайтын өзгерістердін молдығы прозаның дамуын жеделдетті. 20-жылдар прозасын жетілдіруде Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, С.Мұқанов елеулі үлес қосты. Жүсіпбектің “Қартқожасы” мен “Ақбілегі” жаңа типті романың туғанын әйгіледі. Және өз дәуірінің кұрделі шындығын терең бейнелеп, жаңа заманның жаңа қаһарманын ашқан туындылар болды. Ал, М.Әуезовтің әңгіме-повестері қазақ прозасынын көркемдік ізденістеріндегі үлкен белес болып табылады. Әсіресе, “Қараш-қараш оқиғасы”, “Қилы заман” повестерінде ол халық өмірінін әлеуметтік арпалыстағы шындығын, отаршылдық саясаттың күштеуіне көнбеген халықтың биік азаматтық рухын өткір бейнеледі. Сол себепті де олар ұзақ уақыт кеңестік идеологиянын қаһарына ұшырады. Жүсіпбек пен Мұхтар қазақ прозасынын жетілдері, еуропалық үлгіге жақындатуда кейінгі әдебиет үшін мектептік рөл атқарды. 20-жылдардағы аул өмірі шындығын бейнелеген Бейімбетін әңгіме-повестері, Сәкеннің “Айшасы” мен “Жер қызғандары”, Сәбиттің “Адасқандары” да бұл дәуір әдебиетінде өзіндік орыны бар туындылар. Тек олар кеңес заманын жырлады деп қарамай, оны қалай суреттеді деп жаңаша түсініп оқу керек. Осы тұлғыдан қарасақ, Бейімбет шығармаларынан өзгерістін сырын, шынын көркем бейнелеу арқылы дәуірінін қайшылықты күйін ашқан талай эпизодтарды көре аламыз. Жаңа тәртіпке көндіге алмай, күштеуге душар болған қазақты ішкі көңіл-күйін түсінеміз. Жаңаны іш тартқанмен, бүгінгі шындықтын берекесіздік жайы оларды толғандырады. Сәкенде осы жағдайдағы адам тағдырына, олардың үлгері ұмтылысына көңіл бөлді. Ал, Сәбиттің кезінде идеялық қате деп саналған “Адасқандар” романы да дәуір шындығын терең суреттей алуын, жастардың адал махаббаты мен оған кедергі болған күштердін, заманның қайшылықты сырын аша білуімен бағалы “Адасқандарды” (“Мөлдір махаббат” емес ) қайта бастырып, тарихи орынына қоюға болады. Алғашқы прозалық шығармаларымен әдебиетке келген Ө.Тұрманжанов, Ғ.Мүсрепов, Ғ.Мұстафин, С.Шәріпов, Ж.Тілепбергенов, С.Сәдуақасов, Е.Бекенов сияқты жастардын ізденістері көркемді жағынан әр қилы болғанмен, дәуірдің өзекті мәселелерін қамтуда, аулды кеңестеру науқанының шындығын түсінуде едәуір маңызды. Оларда да адам бойындағы жаңа моральдық-этикалық сапарлардың қалыптасу қиыншылықтары сөз болды. Мағжанның “Шолпанның күнәсі” Жүсіпбек, Мұхтар бастаған психологиялық прозанын елеулі туындысы қатарына қосылады.
Алғашқы реалистік драманын үлгелері де осы жылдары туды. Жүсіпбек пен Мұхтар пьесалары қазақ аулындағы әлеуметтік өзгерістерге ұшыраған адамның жаңа кейпін ашуда елеулі орынға ие. Сәкен пьесалары төңкересшіл идеяны жырлады. Шағын пьесалармен көрінген Бейімбет аулдағы келімсіз жағдайларды күлкіге айналдыра суреттейді. Ж.Шанинның, Қ.Кемеңгеровтың, Ж.Тілепбергеновтың пьесалары жарық көрді.
Мұнын барлығы әрқилы әлеуметтік көз қарастарға қарамастан, 20-жылдар ішінде қазақ әдебиетінін әлеуметтік үлгілерге бет бұрып, жаңа ізденістер жасағанын көрсетеді. Қанша дегенмен, мұндай өнімді беталысты бұрын ұлт әдебиетінің тарихы көріп білген емес оған азаттық, тәуелсіздік идеясы сөзсіз, зор әсер етеді. Заман талабына сәйкес қаламгерлерді жүкке болмей тұтасып жұмыс істегенде, бұл ізденістін табыстары даму болған болар еді. Заман жазушылардың талантты тобын сыртқа тепті. Кеңестік әдебиетшілердің өзін маңдайынан сипамады. Ф.Голощекин “Қазан төңкерісі қазақ аулының сыртынан құйындай ағып өте шыққан. Аулдың бейнесіне еш қандай өзгеріс жасамаған” деген тезисін И.В.Сталинге мақұлдатып алып, Қазақстанда “Кіші қазан” төңкерісін жасауға кірісті. Елді астан-кестен қалды. “Қазақстанда біртұтас партия ұйымы” болмаған ол жеке-жеке “көсемдер” билеген ұйымдардан ғана құрылған” деген сылтаумен ел билігіндегі оқыған азаматтарды қуғындады. Бұлар әдебиет ісінін дамуына әдәуір кері әсер етті. Осы тұста көркемдік бейнелеу жолымен емес, ұрандал сарынына құрылған туындылар молайды. Бұл жағдайлар қараудың орындылығын байқатады.
Отызыншы жылдары кеңес саясатының өзгеше бір ізденісімен басталады. 20-жылдардың аяғында “Тап жауларымен” күресті аяқтаған соң жаңа өкімет экономикасын жөндеудің қамана кірісті.
Алғашқы бесжылдық жоспар қабылданды. Мұндай жоспарлар әрбір бес жылда қайтадан жасалып, экономиканы көтерудін жаңа бағыттарын белгілеп отырды. Бұл өзгерістер Қазақстан экономикасы мен мәдениетіне де өз үлесін қосты. Қазақ даласында жаңа қалалар, өндірістер салынды. Темір жол құрылысы ұғайды. Шаруаларды зорлаумен жүргізілген колхоздасу, әуелде халықты жүдеушілікке ұшыратқанмен, біртіндеп жөнделе бастады. Жоғары оқу орындары, мәдениет ошақтары ашылды. Республика жазушыларының, мұғалімдерінің, мәдениет қызметкерілерінің, аул тілшілерінің съездері, халық өнерпаздарының слеттері өткізілді. Мәскеуде қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігі өтті. Бұл шаралар халықтың рухани өміріне қызмет ететін қаламгерлер мен өнер адамдарын партия ықпалына көндіре басталды. Партия қаламгерлерді “Партиянын көмекшілері” деп атап оларды жаңа идеологияны насихаттауға жекті, олардың жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасады. Егер 20-жылдарда қазақ аулында таптық күрестің шиеленіскен жағдайында, әдебиет пен өнердің кейбір қызметкерлерінде белгілі дәрежеде толқушылық байқалса, отызыншы жылдарда олар түгелге дерлік партия саясаттын қолдап шықты. Енді өткен дәуірде, таптық күрестін қызу кезінде пролетариат бағытындағы жазушыларды біріктіруге қызмет еткен пролетариат жазушыларының ассоциациалары керексіз бола бастады, олар әдебиет күштін жаңа саясат негізінде бірігуіне кедергі жасады. КазАПП өз қызметінде көп қателіктерге жол берді. Жікшілдік, әдебиетті төрешілдікпен басқаруға тырысу, сынға қысым жасау сияқты қылықтар бүл ұйымды елдік жолынан тайдырды. КазАПП сыны “Сойып салу”, “Әшкерелеу” сыны болды. Осы жағдайда партия “Көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы” (1932) қаулы алып, кеңес жазушыларының бір тұтас одағын құруға шешім қабылдады. Жазушылар съездері өтті. КСРО жазушыларының бірінші съезін (1934) М.Горький “Большевизімнің жеңісі” деп атады. Ендігі жерде Кеңес Одағын мекендейтін халықтардың әдебиеттері мен өнері социалистік реализм белгілеген партиялық режимның шеңберінде қызмет ететің болды. Мұнын қазақ әдебиетіне еткен әсерін осы дәуірдегі әдебиет дамуынан да, жеке жанрлардың ізденісінен де байқауға болатын еді.
Партия мен социалистік реализмнің шектеуіне ең алдымен Қазақ поэзиясы ілікті. Отызыншы жылдардағы қазақ поэзиясының тақырыбы — Социалистік Отан, елді индустрияландыру, ауылды колхоздастыру, жаңа ашылған өндіріс орындары т.б. болды. Адамды жырлау оның еңбегімен ғана байланыстырылды. Оның ойын, сезімін, махаббаты мен табиғатпен байланысын жыр ету саясаттан, күнделікті өмір шындығынан алыстау деп саналды, саяси қате ретінде бағаланды. Сондыктан да поэзия:
Солқылдата соғылсын!..
Бесжылдықтың балғасы» ', -
деп бастап, халықты бесжылдық жоспарды төрт жылда орындауға шақыратын, еңбекке үгіттейтін насихат жырына айналды. С.Сейфуллиннің «Қалаушылар жыры», «Тоқу фабригінде», І.Жансүгіровтің «Алтын қазан», «Екпін күйі», С.Мұқановтың «Қарағанды», «Конвейер» және Магнитогорск туралы өлеңдері, А.Тоқмағамбетовтің «Түрксіб түйіскенде», Т.Жароковтың «Бесжылдықтың балғасы», «Миллион толқын», Қ.Әбдіқадыровтың «Екпін», Ғ.Ормановтың «Шеңбер», «Мыс қала», Ә. Тәжібаевтың «Айнабұлақ» т. б. өлендері — бүкілодақтық социалистік өндірістің даму қарқынына үн қосу үшін жазылған дүниелер. Және көркемдік ізденістеріне қарағанда, осы тақырыпқа жазылған тәп-тәуір өлендер санатына қосылады. Алайда өлеңнің ақынның табиғатынан, ой-сезімінен тумағаны, жазу үшін жазылғаны білінбей қалмайды. Бұл тақырыпқа басқа да көп өлендер туды. Олардың көбінде өндірістің сырын, ондағы адамдар арасындағы қарым-қатынастарды ұғынып жетпегендік байқалады. Адам, негізінен, сыртта қалады, оның есесіне істелген істерді тізбелеу, жаңалықты сырттай тамашалау, техникаға таңырқау көбірек орын алды. Лирикамен қоса, С.Сейфуллиннің «Социалистан», С.Мұқановтың «Көмір - коммунизм», Т.Жароковтың «Нефтьстан» Ә.Тәжібаевтың «Олқылық» сияқты поэмалары да осындай сәтсіздіктерге ұрынды.
Ауыл тақырыбына жазылған өлең-поэмалар шаруаларды социалистік құрылыс жолына үндеу, егінші мен малшыны жаңа табыстарға шақыруға құрылды. Өндіріске қарағанда ауыл өмірінің қазақ ақындары үшін етенелік сыпаты бар еді. Сондықтан олар ауылдың жаңаруы тақырыбына еркіндеу келді. Оны жаңа кеңестік шындықпен байланыстыра жырлауға ұмтылды. Ал бұл тұстағы қазақ ауылында кез қызықтырарлық күй шамалы болатын. Соған қарамастан біздің ақындарымыз жоқты барша, барды мол ғып, романтикалық леппен көтере жырлауға тырысты.
С.Сейфуллиннің «Даладағы жаңа күй», Б.Майлиннің «Коллективтің жырын айт», «Гүлденсе ауыл - гүлденеміз бәріміз», I. Жансүгіровтің «Қойшының ойы», С.Мұқановтың «Малшының мақтанышы» сияқты өлендерде ұлт сарынынан бой тартып, ауылдағы өзгерісті адамның көңіл күйін, сезімін суреттеу арқылы көрсетуге талап жасалды. Бір кезде, еңбектің азапты кезінде, қазақ кедейі безер болған (К.Әзірбаевтың «Бозторғайын» еске алыңыз) қойшылықты Ілияс шығармашылық дәрежесіне көтере жырлады. Оның қойшысы өз еңбегін мақтан тұтып, егінші мен жұмысшының еңбегімен қатар қояды.
Орақ пенен балғаның арасына
Қояйын мен де апарып таяғымды , —
дейді. С.Мұқанов малшы өмірінің жақсарғанын оның рухани өсуінен таниды. Ақын «Колхозды ауыл осындай» поэмасын ауылдың еңбек шуына толы бір күнін суреттеуге арнап, онда егін жинау кезіндегі қауырт қимылды көпшілік іс-әрекетінің сахнасы үлгісінде бейнелейді. Көпті көрген шежіре Кенбай қарттың ой-өрісі, дүниетанымы арқылы санадағы жаңаруды көрсетуді мақ-сат тұтады. Поэмада романтикалық көтеріңкілік те, бейнелі ақындық ізденіс те бар. Оны колхозды ауылдың шат та қызу өміріне ризалық білдірген лирикалық кейіпкердің сезімі мен көзқарасы танытады.
А.Тоқмағамбетовтің «Күзетте», Қ.Әбдіқадыровтың «Гүласыл», Қ.Жұмалиевтің «Жылқышы» поэмалары малшылар еңбегінің қиындығы және оны жеңе білген адамның жігер-күшін суреттеуге арналады.
Ауыл өміріне арналған шығармалар ішінде Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл ат» поэмасын ерекше атау орынды. Бұл — 1931— 1932 жылғы халықтың басынан кешкен аштық, ауылдың жүдеушілігі туралы шығарма. Ақын ауылдың жүдеушілік көргенін, Шаруашылықтың күйзелісін кызыл аттың ақынмен сырласуы түрінде алып, аттың аузынан айтқызады. Ол асыра сілтеушілікті жалған белсенділерден көреді. Белсенділердің зиянкестігін, содан мал басының қырылуын, күтімсіздікті ашады. Оған жол берген кәрі райком (Голощекин) бейнесі көрінеді. Өкімет саясатының қателігін ашық айту мүмкін емес кезде, олардың қулығын сол өкіметтің өкілдері-белсенділер мен кәрі райком арқылы көрсетудің өзі де ерлік еді. Жалпы, Сәкен жаңа заманды жақтаушы болғанмен, партия саясатына бас шұлғи бермей, сын көзімен қараған, оның халық мүддесімен сәйкес келмеген тұсында, оны ашық айтып жүрген ақын. 20-жылдары Орынборда ол елді сырттан келгендердің билеуінен ұлттық мүддені ескермеу етек алып бара жатқанын айтып бас көтерген, партияның жаңа экономикалық саясатына қарсы шыққан. Бұл — ақынның өкімет басшылығынан босауына себеп болған. Ал Голощекин тұсында, онын қателігін Сәкен ауызша да, жазбаша да айтып жүрген. Коммунист ақын «ұлтшыл» деген аттан да құтылмаған. Мұның аяғы 1937 жылы оны халық жауы ретінде тұтқындап, атып жіберумен тынды.
Бұл тұстағы поэзияның көп жырлағаны — Отан тақырыбы болды. Отызыншы жылдардың орта тұсында КСРО-да социализм орнады деп жарияланды. Жаңа Конституция қабылданды. Мұның бәрі халыққа жаңа жұмақ өмірдің орнауы деп түсіндірілді. Кеңес елінің қуаттылығы, Отан сүю, оны мақтан тұту, қорғау әр азаматтың міндетіне кірді. Халықты осыған сендіруге бүкіл идеологиялық аппарат қызмет жасады. Әдебиет те солардың қатарында кеңестік патриотизмді кең насихаттады. Осы тұстағы өлендердің шаттық сезімге, лепті қуанышқа толы келетіні де сондықтан. Ақындар Отан бейнесін танытар жаңа поэтикалық құралдар іздеді. Кеңестік Отан, көбінесе гүл бағына, сәулетті бақшаға теңеліп, жерұйыққа баланып мадақталды. Оларда кеңес елі халықтарының достығы, өкімет пен халықтың бірлігі, мұны нығайтудағы партияның рөлі асырыла суреттелді. Екінші империалистік соғыстың басталуымен байланысты, Отанды қорғау мәселесі айрықша жырланды. Бұл тақырыптарға шығарма жазуға қазақ ақындарының барлық ұрпағы қатысты. Революция тудырған жаңа ұрпақтың бейнесін жасауға «Тасқын» поэмасында Т.Жароков зор ұмтылыс көрсетті. Ол ғасыр басында Алматыда болған тасқын оқиғаларын суреттеп, сонда жетім қалған Қайсар мен Жамалдың кеңес өкіметі тұсында тәрбиеленіп, оқып, білікті маман азамат болып шыққанын суреттеді. Поэма Қайсардың «халық жауларын» әшкерелеуге қатысуы сияқты жалған тартысқа құрылды. Кеңес елінің тарихына арналған Сәкеннің «Альбатрос», Ілиястың «Дала» поэмалары да заман шындығын біржақты суреттеп, жаңа қоғамды мадақтаудан аса алмады.
Бұл жылдардағы қазақ поэзиясының елеулі табысы Ілияс Жансүгіровтың «Күйші», «Қүлагер», Ә. Тәжібаевтың «Оркестр», «Абыл», Қ.Бекхожиннің «Ақсақ құлан», И.Байзақовтың «Акбөпе», «Алтай аясында», Ж.Саинның «Күләнда» сияқты поэмаларынан көрінеді. Алғашқы бес поэма халық өнерінің адам өміріндегі орнын танытуда, беймезгіл заманда өмір кешкен өнер адамдарының тағдырын суреттеуде бағалы орын алды. «Күйшіде» хан қызының қолына түсіп, азаттығынан айырылған жігіттің әр түрлі жастық сезімі, көңіл күйі, бостандық аңсаған өршіл ойы үлкен ақындык шеберлікпен суреттелсе, «Құлагерде» зорлықшыл күштің жәбіріне ұшырап жапа шеккен Ақан зары мен мұңының сыры ашылады. Сюжетті әр құбылыстың қоғамдық әлеуметтік сырына ой жіберер толғаныстар арқылы дамытып, характерлерді терең психологиялық суреттермен сомдауда, ақындық сөз өнерінде Ілияс үздік табыстарға ие болды. Ал И.Байзақов пен Ж.Саин поэмалары қазақ жастарының азаттық, бас бостандығы жолындағы күресі материалдарына сүйеніп жазылды. Оларда сүйіскен жастарды әлеуметтік теңсіздік мерт етеді. Қ.Бекхожин Кенесары-Наурызбай бастаған отаршылдыққа қарсы халық көтерілісі тарихынан «Батыр Науан» деген поэма жазды. Тарихи шығарма-лар бүгінгі заманның тақырыбына жазылған өлең-поэмаларға қарағанда, шектеуге аз-ұшырады. Ақындар талантын бұл тұста еркін таныта алды.
Жазылған өлең-поэмалардың көптігі жағынан отызыншы жылдар бұған дейінгі қазақ әдебиеті тарихында болмаған жағдайға көтерілді. Бас-аяғы он жылдың көлемінде жеке ақындардың 150-ден астам кітабы, отызға жуық ұжымдық жинақтар жарық көрді. Бірақ ол кітаптарға кірген шығармалар қазақ ақындарының бұрынғыдай көкейінен жарып шыққан мөлдір сезімі мен сыры емес, заманның сол кездегі мезгілдік талабынан туғандықтан, өткінші ғана маңызға ие болып қалды. «Аққудың айрылуы», «Ақсақ киік», «Сыр сандық» сияқты сұлу сазды сыршыл лирика жазған С.Сейфуллин, талай екпінді жырлардың авторы І.Жансүгіров, өлең сөздің шебері, тапқыр, «қырғитілді» (М.Әуезов) А.Тоқмағамбетов, сыршыл, ойлы лирик Ә.Тәжібаев, әзі жазған тасқындай арынды Т.Жароков, сезімтал, ойлы шағын өлеңдердің шебері Ғ.Орманов сияқты көпке таныс ақындардың өзінің сәтсіздікке көп ұшырауы, еркін көсіле алмай кібіртіктеуі де осыдан деу орынды. Олардың бәрі «заманның үні» болуға тырысты.
Осындай ізденістер, жақсы-жаман болсын, отызыншы жылдарда саяси лириканың бірсыпыра есейіп, қазақ әдебиетінде орнығуына жеткізді. Ал лириканың басқа түрі кең дами алмады. С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтің, Ә.Тәжібаевтың, Ғ.Ормановтың, Қ.Аманжоловтың жекелеген лирикалық өлендері болмаса табиғат жырлары да, махаббат лирикасы да дами алмады. Көңіл күйін жырлау тіпті мүмкін болмады.
Бұл дәуір поэзиясын сөз еткенде, ондағы түрлі ізденістерді айтпай кетуге болмайды. Өлең ырғағын жаңа заманның даму қарқынына, экспресс жүрісіне, фабрикадағы станоктың қозғалыс ырғағына бейімдеу, сол арқылы орыс поэзиясындағы В.Маяковский тәжірибесін қабылдауға тырысу бұл кездің өлең-поэмаларында жиі кездеседі. 20-жылдары Сәкен осы саладағы бастамаға мұрындық болды да, «Советстан» поэмасы мен жекелеген өлеңдерінде осындай эксперимент жасады. Бұл ізденісін ақын отызыншы жылдары да жалғастырды. Ақын поэзиясында оның жекелеген табыстары да жоқ емес. Алайда ол ұзақ өріс алмады, орнықпады. С.Мұқанов, Т.Жароков сияқты ақындар әуелде Сәкенге еліктеп, артынан өз бетінше ізденіп көрді. Сәбиттің он бір буынды қара өлеңнің буын санын сақтай отырып, жеке тармақтарды интонация негізінде бөлшектеуі, әр сөзге салмақты ой беруге тырысуы кезінде қолдау тауып жүрді. Бұл ерекшелікті Сәбит өз поэзиясында соңғы жылдарға шейін сақтады. Ол Маяковский үлгісін осыдан таныды. 30-жылдар поэзиясында халық ақындарының өзіндік орны болды. Жазба әдебиетпен қатар дамыған ақындық поэзия Жамбыл, Нұрпейіс Байғанин, Иса Байзақов шығармашылығы арқылы жаңа заманға қызмет етуге тырысты. Олар заман алға тартқан тақырыптарды жырлауда белсенділік көрсетті, азаматтық әуенімен, халық поэзиясы қорынан алған бейнелі сөз көркемдігімен, заманды толғай жырлауымен көзге түсті. Бұл салада Жамбыл поэзиясы айрықша танылды.