Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 20:14, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетінің тарихында ең бір шоқтығы биік, белесі мол кезең - кеңес дәуірі әдебиеті. Осы кеңес дәуірі әдебиетін дәуірлеу мен сол дәуір әдебиетінің айтулы тұлғаларының шығармалары туралы ғалымдардың еңбектері аз емес. Кеңес дәуіріндегі әдебиет тарихы қайта жазылып жатқан қазіргі заманда осы уақытқа дейін өз мәнін жоймаған еңбектерді саралап, ой елегінен өткізудің үлкен маңызы бар.
КІРІСПЕ ..............3
1 ҚАЗАҚ КЕҢЕС ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУЫ.......................
1.1 Қазақ кеңес әдебиетінің зерттелуі ...............................................................
1.2 Б.Кенжебаев – кеңес дәуір әдебиетін алғашқы зерттеуші
2 КЕҢЕС ДӘУІР ӘДЕБИЕТІН ДӘУІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖАҢАША ПАЙЫМДАУ..............................................................................................................
2.1 1930 жылдардағы қазақ әдебиеті
2.2 Сұрапыл соғыс әсерінен туған әдебиет немесе жауынгерлік тақырыбы
2.3 Жаңғыру кезіндегі әдебиет
2.4 Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуірі
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................65
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Қорғауға жіберілді
қазақ тілі және әдебиеті
кафедрасының меңгерушісі
ф.ғ.к., доцент А.Т. Тебегенова
"__"_________2011 ж.
050117 -”Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы КЕҢЕС ДӘУІР ӘДЕБИЕТІНЕ ЖАҢАША КӨЗҚАРАС
Орындаған 4 курс күндізгі бөлім Ж.М. Иманкенова
студенті
Ғылыми жетекшісі
аға оқытушы
Нормабақылаушы
ф.ғ.к.
ӨСКЕМЕН, 2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..............3
1 ҚАЗАҚ КЕҢЕС ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП
ДАМУЫ.......................
1.1 Қазақ кеңес әдебиетінің зерттелуі ..............................
1.2 Б.Кенжебаев – кеңес дәуір әдебиетін алғашқы зерттеуші
2 КЕҢЕС ДӘУІР ӘДЕБИЕТІН ДӘУІРЛЕУ ЖӘНЕ
ЖАҢАША ПАЙЫМДАУ......................
2.1 1930 жылдардағы қазақ әдебиеті
2.2 Сұрапыл соғыс әсерінен туған әдебиет немесе жауынгерлік тақырыбы
2.3 Жаңғыру кезіндегі әдебиет
2.4 Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуірі
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетінің тарихында ең бір шоқтығы биік, белесі мол кезең - кеңес дәуірі әдебиеті. Осы кеңес дәуірі әдебиетін дәуірлеу мен сол дәуір әдебиетінің айтулы тұлғаларының шығармалары туралы ғалымдардың еңбектері аз емес. Кеңес дәуіріндегі әдебиет тарихы қайта жазылып жатқан қазіргі заманда осы уақытқа дейін өз мәнін жоймаған еңбектерді саралап, ой елегінен өткізудің үлкен маңызы бар.
Біздің бітіру жұмысымызда белгілі ғалым, сыншылардың кеңес әдебиетіне қатысты зерттеулері, негізгі концепциялары, кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына ақын, жазушылардың тигізген ықпалы қарастырылады.
Кеңес кезеңіндегі алуан жанрлы әдебиет қана емес, сол кезең әдебиеті жайында жазылған зерттеулері де қайтадан сарапқа түсуге тиісті. Кеңестік әдебиет туралы еңбектер, сын мақалалар жазған сыншы-ғалымдардың зерттеулерін қайта сараптап, тұжырымдар мен қорытындыларды бүгінгі күннің қажетіне жарату қажеттілігі сезіледі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Кеңес дәуір әдебиеті әдебиеттің өз уақытына сай жедел дамыған, жаңғыру үрдісі кең, мазмұны барынша бай әдебиет болуымен қатар, кеңес дәуіріндегі әдебиет адамға, мемлекетке және қоғамға қатынасты бейнелейтін әлеуметтік идея түрінде дамуы. Әдебиеттің дамуына идеология мен мемлекеттік саясаттың үлкен ықпалы болды. Кеңес жылдарындағы әдебиет, мемлекеттің түрлі саяси мүдделерін іске асырудың құралы ретінде көрінсе, әдебиетті оқытудың мақсаты анық таптық сипат әлпетінде болып, қоғамдық қатынас өзгерістеріне бейімделгендігін дәлелдеу жұмысымыздың басты мақсаты.
артықтығы
мен ерекшелігін нақты дерек көздерімен дәлелдеу.
Ақындар поэзиясының лексикалық-фразеологиялық
қабатын ақтарып қозғап, олардың халықтың
сөз байлығын, негізгі сөздік қорды пайдалану
шеберлігін анықтап, дәлелдеу;
Зерттеудің дереккөздері. Кеңес дәуір әдебиеті туралы бұрын – соңды айтылған пікірлер көп: С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Б. Кенжебаев, С. Қирабаев, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин, М. Қаратаев, Т. Нұртазин, М. Мырзахметұлы, Ы. Дүйсенбаев, Р. Бердібаев, Ғ. Мүсірепов, М. Базарбаев, М. Жармұхамедов, т.б. ғалым, зерттеушілердің әр жылдарда жазылған еңбектерін, бағалы ойларын атауға болады.
Зерттеу нысаны. Жұмыс барысында кеңес дәуір әдебиетіне арналған әр түрлі ғалымдардың (М.Мырзахметұлы, М.Мағауин, М.Жолдасбеков, И.Нұрахметұлы, Халел Досмұхамедұлы, М.Әуезов) ғылыми зерттеу еңбектер, пікірлер, Б. Кенжебаевтың «Кеңес дәуір әдебиеті», С. Қирабаевтың «Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті» еңбектері мен сол жылдардағы ақын, жазушылардың көркем шығармалары.
Жұмыстың жаңашылдығы. Кеңес үкіметі өзінің бүкіл саясатын тоталитаризм арқылы жүргізсе, дәл сол сияқты социалистік реализмнен басқа бірде-бір әдеби көзқарасты көзге ілмеді, өзге пікірге үрке қарады. Оларды жанталаса теріске шығаруға тырысты. Әдебиеттің теориялық мәселелерін қозғамағанның өзінде оның тарихи жолын көрсетуде тұрпайы социологиялық пайымдау басым болды. Ұлттық мүдделер таразыға түсіп тұрған қазіргі кезеңдегі қазақ жазушыларының, қазақ әдебиетшілерінің бойкүйездігі кім-кімді де таңдандырмай қоймайды..
Қазақ әдебиетінің арғы-бергі тарихын зерттеу, оны дәуір-дәуірге бөлу секілді өзіміздің жоғарыдағы көзқарасымызды баяндай келгендегі мақсатымыз - өткен жолымызға тағы бір сын көзімен қарау. Өткенді түбегейлі түсінбей жатып, жаңа жолды таңдау қиындыққа түсері хақ. Осы әңгімені де өзіміздің ұлттық төл арнамызға түсу жолындағы бір ізденіс деп қабылдауымыз керек.
Ендігі жерде біз өз тарихымызды бұрынғыдай көп ұлтты мемлекеттің құрамында емес, дербес зерттеп, тарихтың ұзақ жолында ұтқанымыз бен ұтылғанымызды, жеткеніміз бен қолымыз жетпеген жайларды кең ашып, бүгінгі егемендікке жетудің заңды жолын көрсетуге тиіспіз. Жалпы ұлтпен, ұлт мәдениетімен бірге қайшылықты жолдан өткен біздің әдебиетіміздің тарихы да осындай талғаммен қайта қарауды қажет етеді. Бұрын жазылған қазақ кеңес әдебиетінің тарихына арналған еңбектер (“Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі”. 1949, 1958. Қазақ әдебиет тарихы, 3 томдық, 6 кітап. Соның 3-томы-5-6 кітаптар, 1967. Тарихтың жеке мәселеріне арналған зерттеулер) бұл күнде ескірді. Ең алдымен, ол еңбектерде қазақ әдебиетінің ұлттық сипаты жеткілікті ашылмай, ол көп ұлтты кеңес әдебиетінің бір бұтағы есебінде ғана қаралды. Тілі ғана бөлектігі болмаса, оның мазмұны түгелдей кеңестік идеологияның ықпалына бағынды. Екіншіден, ол кездін тарихына, біздің ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміздің, тіпті тарихымыздың өзіне жаңа беттер қосқан талантты ақын жазушылар тобы кірмей қалды. Көркем әдебиет қоғам міндеттерімен тікелей байланыстырылды. Сондықтан онда науқаншылық өріс алды, адамзат игілігіне ортақ мәселелер көтерілмеді. Бұл әдебиетті өзінің табиғатынан, заңдылықтарынан айырылды. Кеңес дәуіріндегі әдебиет тарихын қайта қараудың қажеттігі осындай зәруліктен туады. Бірақ кеңес өкіметі, кеңестік идеология қулады деп, ол дәуірде туған жарамды әдебиет туындыларын жаппай жамандаудан сақ болуымыз керек.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚ КЕҢЕС ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУЫ
1.1 Қазақ кеңес әдебиетінің зерттелуі
Қазақ әдебиеті тарихы - әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы. Ол қазақ халқының көркем сөз өнерінің тарихи жолына ерекше назар аударады, қоғамдық сананың бір түрі ретінде туып әдеби процестің даму заңдылықтарын, оның өсіп-өркендеуге үлес қосқан дарындардың өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын зерттейді.
«Ертедегі әдебиет нұсқалары» яғни «Көне дәуір әдебиеті» (VІІ – ХІVғасырлар) «ХV – ХVІІІғасырдағы қазақ поэзиясы» немесе «Қазақ хандығы дәуіріндегі поэзия», «ХІХғасырдағы қазақ әдебиеті», «ХХғасырдың бас кезіндегі әдебиет», «Қазіргі қазақ әдебиеті» (бұрынғы «Қазақ совет әдебиеті») аталатын бай мұра – қазақ елінің шоқтығын биіктетіп тұрған рухани қазына.
Қазақ әдебиетін оқыту әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесімен тығыз байланысты. Әдебиет тарихын дәуірлеу қазақ әдебиетінде ХХ ғасырдың басында Р. Мәрсековтен басталып, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Сәкен Сейфуллаұлы, Мұхтар Әуезов, Бейсенбай Кенжебаев, Мұхтар Мағауин, Рымғали Нұрғали т.б. зерттеулерінде тереңдетіліп, бүгінгі Мекемтас Мырзахметұлы зерттеу-ұстанымдарымен тұжырымдалып та жүр. Арасында осы тақырып төңірегінде пікір білдіріп, зерттеу жүргізгендерімен көпшілігі Б. Кенжебаев тұжырымын негізге алған, М. Мағауин, М. Жолдасбеков т.б. жалғастырып әкеткен тұжырым төңірегіндегі дәуірлеу мәселесін соны таным аясында жүргізілген И. Нұрахметұлы секілді жас зерттеушілердің ізденістері байыта түсуде. Бұл ғалымдар негізінен қазақ әдебиетін дәуірлеуде мынадай үлгілерді ұсынған:
- ежелгі дәуір әдебиеті,
- хандық дәуір әдебиеті
- ХІХ ғасыр әдебиеті
- ХХ ғасыр басындағы әдебиет
- Кеңес дәуірі және қазіргі қазақ әдебиеті
ХІХ ғасыр әдебиетін жоғарғы мектептерде «Суырыпсалма айтыскер ақындар, айтыс ақындары, зар заман ағымы, сыншыл ағартушы-демократтық бағыттағы жаңа жазба әдебиет әнші-ақындар мен сал-серілер шығармашылығы» деп топтастырып оқытады. Кеңес дәуірінде сыншыл-реалистік бағыттағы шығармаларды оқытуға баса көңіл бөлгені де белгілі. Хандық дәуірдегі тәуелсіз әдебиет қазақ рухани мәдениетінің өлшемі болғаны да мәлім. ХІХ ғасырдан бастап, қазақ әдебиетіндегі ортақ сарынның отаршылдыққа қарсы бағытталғандығын басты назарда ұстау қажеттілігі күн өткен сайын айқындала түсуде. Сонда ғана қасаң идеологиялық жүйе тұсаған «жалаң көркемдік» ұғымынан ұзай түсіп, дәуірлеу мен оқытудағы кейінгі танымдық зерттеулерге иек артар едік. Бұл тұрғыда тарихи оқиғалар мен геосаяси мәселелердің әдебиеттегі көрінісін зерттеу негізін әдебиетші ғалым М. Мырзахметұлы жүйелеп жүрген арнаға салсақ қателеспейтін секілдіміз».
Мекемтас Мырзахметұлы дәуірлеу тарихының үш бұрышын (ғұндармен, парсылармен, славяндармен қарым-қатынас) саралай келіп, әдебиет тарихының кезеңдерін былай жіктейді:
1. V –
VІІІ ғасырдағы көне түркі
2. ІХ – ХІІ ғасыр
арасындағы Қараханидтер
3. ХІІІ – ХV ғасырдағы
Алтын Орда дәуіріндегі
4. ХV – ХVІІІ ғасырдағы Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет
5. ХVІІІ – ХХ ғасырдағы
отаршылдық дәуіріндегі
1) ХVІІІ ғасыр басындағы вассалдық дәуірдегі әдебиет.
2) ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет.
а) Кіші жүздегі сұлтан-правительдер билігі кезіндегі әдебиет. (Махамбет бастаған ақындар тобы)
ә) Орта жүздегі аға сұлтандар билігі кезіндегі әдебиет. (Дулат бастаған ақындар тобы).
б) Қоқан хандығы қол астындағы Ұлы жүздегі датқалар билігі дәуіріндегі әдебиет (Жанкісі бастаған ақындар тобы)
3) ХІХ ғасырдың екінші
жартысындағы болыстық билік
дәуіріндегі әдебиет (зар
6. ХХ ғасыр басындағы ояну дәуіріндегі әдебиет.
7. кеңестік билік дәуіріндегі әдебиет.
Кеңес дәуіріндегі әдебиет адамға, мемлекетке және қоғамға қатынасты бейнелейтін әлеуметтік идея түрінде дамыды. Әдебиеттің дамуына идеология мен мемлекеттік саясаттың үлкен ықпалы болды. Кеңес жылдарындағы әдебиет, мемлекеттің түрлі саяси мүдделерін іске асырудың құралы ретінде көрінсе, әдебиетті оқытудың мақсаты анық таптық сипат әлпетінде болып, қоғамдық қатынас өзгерістеріне бейімделді. Елдің саяси дамуындағы әрбір жаңа бетбұрыс әдеби білім жүйесіне реформа жасаумен қатар жүргізілгендіктен әлеуметтік-саяси дағдарыстар әдебиеттің де дағдарысына әкелді.