Кеңес дәуір әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 20:14, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетінің тарихында ең бір шоқтығы биік, белесі мол кезең - кеңес дәуірі әдебиеті. Осы кеңес дәуірі әдебиетін дәуірлеу мен сол дәуір әдебиетінің айтулы тұлғаларының шығармалары туралы ғалымдардың еңбектері аз емес. Кеңес дәуіріндегі әдебиет тарихы қайта жазылып жатқан қазіргі заманда осы уақытқа дейін өз мәнін жоймаған еңбектерді саралап, ой елегінен өткізудің үлкен маңызы бар.

Содержание

КІРІСПЕ ..............3
1 ҚАЗАҚ КЕҢЕС ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУЫ.......................
1.1 Қазақ кеңес әдебиетінің зерттелуі ...............................................................
1.2 Б.Кенжебаев – кеңес дәуір әдебиетін алғашқы зерттеуші
2 КЕҢЕС ДӘУІР ӘДЕБИЕТІН ДӘУІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖАҢАША ПАЙЫМДАУ..............................................................................................................
2.1 1930 жылдардағы қазақ әдебиеті
2.2 Сұрапыл соғыс әсерінен туған әдебиет немесе жауынгерлік тақырыбы
2.3 Жаңғыру кезіндегі әдебиет
2.4 Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуірі
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................65

Прикрепленные файлы: 1 файл

кенес дәуір.doc

— 581.00 Кб (Скачать документ)

Мұның барлығының түп-төркіні  әдебиеттің партиялық идеологияның шылауында болуы қажеттігі В.И.Ленин  ұсынған әдебиеттің партиялығы теориясының салдары еді. Бүкіл әдеби процесс, әдеби туындылар, жеке жазушылардың көзқарасы осы өлшеммен өлшенді. Көркем әдебиет қоғам міндеттерімен тікелей байланыстырылды. Сондықтан онда науқаншылық өріс алды, адамзат игілігіне ортақ мәселелер көтерілмеді. Бұл әдебиетті өзінің табиғатынан, заңдылықтарынан  айырылды. Кеңес дәуіріндегі әдебиет тарихын қайта қараудың қажеттігі осындай зәруліктен туады. Бірақ кеңес өкіметі, кеңестік идеология қулады деп, ол дәуірде туған жарамды әдебиет туындыларын жаппай жамандаудан сақ болуымыз керек. Кеңес өкіметі өмір сүрген 70 жылдан артық мерзім - біздің бастан кешкен тарихымыз. Жоғарыда айтылғандай, онда қайшылықтармен бірге пайдалы нәрселер де жасалды. Жасырмай айтсақ, біздің бүгінгі кәсіби (профессионалды), әлемдегі таныған әдебиетіміз - сол жылдардың жемісі. Әдебиет жанрларын байытып, жетілдірді, заманның ырқына кете бермей, оның қайшылықтарына сын көзімен қараған, адамзатқа ортақ мұра қалдырған жазушыларымыз аз емес. Сондықтан барды барша, жоқты жоқша дәл айту, әр құбылысты диалектикалық қайшылығымен, даму, өзгеру үстінде көру, зерттеу - біздің басты міндетіміз. Қанша дегенмен, әдебиет - өмір айнасы. Өмірдегі болған қоғамдық шындық тудырған жайттар мен олардың әдебиеттегі көрінісі де тарихтан өз бағасын алуға тиіс. Қазан төңкерісіне көзқарас бүгін өзгергенмен, жалпы төңкерліс атаулыға, халықтың азаттық әділдік іздеген көресіне көзқарас өзгере қоймайды. Әділеттік қоғам аңсау, ол үшін ұмытылу - адам баласының ғасырлар бойғы арманы. Барлық халықты теңдікке жеткізу, жұрттың өмір сүру жағдайларың жақсарту, біреудің еңбегін беру біреу жей алмайтын қоғам құру, құдықтан құтқару - ұлы мақсат қой. Осы ұлы мақсат жолында күресе жүріп, жалаң ұранға түсіп кету, адасу-үлкен трагедия. Бұған жеке тұлғалар емес, заман, партиялық саясаттың бір жақтылығы кінәлі. Олай болса, қазақ халқының төңкеріс кезіндегі ізденістері де, осыны жырлаған ақындар да өз болмысының бар шындығымен, қайшылығымен тиісті бағасын алғаны жөн. Ал, бостандық үшін күрес тап тартысына, елдің ішкі жағдайынын аласапыран күйіне ауысып кетсе, оған сын көзімен қарау керек.

20-жылдардағы қазақ  әдебиеті қызықты ізденістермен  басталғаны белгілі. Патша цензурасы  тыйым салып, ой-пікірін ашық  айталмаған қаламгерлердің бірқатары  осы тұста сөз еркіндігі пайдаланды. Әдебиет дамиуының  бағдары, міндеттері жайында кең көлемде пікірлесу орын алды. Ақын-жазушылар да қалған, жанына жақын тақырыпқа шығармалар жазды. Алайда, 1925 жылғы партияның көркем әдебиет саласындағы саясатты туралы қаулының шығуы, әдебиеттің партия ықпалына түсуі мындай еркіндікке тез тұсау салды. Осы тұстағы әдебиеттік ой пікірлерде, бұрын айтылмай келген, не теріс бағаланған шығармалар да бүгін жаңаша бажайлауды керек етілді. Осылардың бәріне біз бүгінгі талаптар, елдің егемендігі мен ұлт мүддесі тұрғысынан қарауға тиіспіз. Сол тұстағы партиялық саясаткерлер, КазААП-тың сынаржақ сыншылары таққан таңбалар мен штамптар да бүгін шынайы бағасын алуы қажет.

Кеңес әдебиеті, бұрынғы  Одақ тұрғысынан қарасақ, бір қатар  тәжірибе жинап, ұлт әдебиеттеріне  ортақ жаңа сапалар, өлшемдер кіргізді. Олардың ішінде Адамды, оның күресін, еңбегін қоса, әдебиеттің негізгі кейіпкері етіп жариялау, өмірдің қоғамдық шындықты бекіте түсетін күндей жағын көбірек алып сүреттеу, өнегелі туғаны бейнелеу, оны дәуірдің ұнамды кейіпкері ретінде жариялау сияқты нәрселер бар. Бұлардың бәрі де бүгін сын көзімен қарауды қажет етеді. Тарихтың жақсы тәжірибесі кейінгі даму үшін әр қашан пайдалы. Еңдеше, кезінде одақтық әдебиет жеткен кейбір үлгілер өзінің жалғасын табады деп ойлаймыз. Адам қашан да әдебиеттің басты кейіпкері боп қалды. Бірақ Адам адам болған үшін ғана емес, қоғамға елге пайдалы күресімен, еңбегімен көрінсе, құбақұп. Адам тұлғасын биіктететің де оның күрескерлігі, еңбекшілігі. Ал, өмір шындығын бір жақты, оның күндегей бетін ғана көрсету, шынында, кеңес әдебиетің сыңаржақтыққа ұрындырды. Өмір шындығы екі жақты суреттелсе, социализм ұрандап жатқан жаңа құбылыстармен соның құрбаны болған халық трагедиясы қатар суреттелсе, біз өмір шындығын әдебиеттен-ақтаныған болар едік. Сорымызға қарай, әдебиет ол тақырыпқа бара алмай, біз шындықты бүгін тарихтан ғана танып отырмыз. Социалистік реализмінің сынаржақтығын да осыдан деп түсінуіміз керек.

Социалистік реализм - өз дәуірінің міндетін ақтарған, өмірді бекітуге қызмет еткен шығармашылық әдіс. Ол социалистік өмір фактыларына сүйенеді. Жалпы реализмге социалистік сипат берді. Өмірді біржақты суреттеуіне қоса, ол әдебиет арқылы жаңа адамды тәрбиелеу міндетін мойынына алды. Сондықтан да кеңес әдебиеті суреткерліктен гөрі үгіттік  міндеттерге көбірек ойысты. Бүгінгі заман тақырыбын жырлау арқылы социалистік қоғамның “артықшылығын” көрсетуге, дәлдеуге тырысты. Бұл да біздің айыра қарайтын нәрсеміз.

Кеңес әдебиетін дәуірлеу туралы қалыптасқан пікірлер бар. Бүгін  оған да сын көзімен қарап, жаңа дәуірлеу үлгісін ұсынып жүргендер жоқ емес. Орыс зерттеушілері бұкіл ХХ ғасырды тұсап алып қарау қажеттігі туралы пікір айтуда. Бұл бір жағынан, 1917 жылғы әлеуметтік төңкерлістін саяси-қоғамдық күшін әлсірету, оны екі дәуірдегі әдебиет дамуынын шекарасы есебінде мойындамау идеясынан туған. 1917 жылғы Қазан төңкерісі, қанша дегенмен, екі кезенге шекара боп қалатыны даусыз. Бұрын ұлттық демократтық бағытта дамыған әдебиет 1917 жылдан бастап, жаңа қоғамдық  құрылыстың  әсерімен өзгеше бағытта дами бастағаны аян. Осы жағдайларды ескеріп, біз бұрынғы қазақ кеңес әдебиеті туралы зерттеулерде берілген дәуірлеу принципін қолдаймыз. Олар сол кезіндерде туған әдебиетін, әдеби процесстің қоғам, Адам өмірінен үндестігімен есептесе отырып жасалған. Ендеше қысқаша сол кезендердегі әдебиеттің даму жағдайлары мен әдеби процесстің ерекшеліктерін еске алып көрейік.

“20 - жылдардағы қазақ  әдебиеті” атты дәуір 1917 жылғы Қазан  төңкерісінен бастау алып, жиырмасыншы  жылдардың аяғына шейінгі мезгілді қамтиды. Социалистік төңкерлістің женуі, сол бағыттағы жаңа принципті әдебиеттің туа бастауы, бұрынғы демократтік әдебиетпен күрес, ауылда тап тартысының өрістеруі, аяғы байларды тап есебінде жойып, олардың идеологтары саналып келген “ұлтшыл” жазушыларды аластау-бұл дәуірдегі саяси қозғалыстың басты-басты кезеңдері осылар.Әдебиет те  осы өмірдің айнасы болды.

1917 жылғы төңкеріске  де көз қарас біркелді емес. Ақпан төңкерісін, патшаның тақтан  қалауын қазақ халқы зор қуаныш  сезіммен қарсы алды. Патшаның  отаршылдық саясатының асқындауы, еңбекші халықтың шектен тыс езгіге ұшырауы, 1916 жылғы қазақтан майданынын қара жұмысына жігіт алу мен оған қарсы шыққандарды аяусыз жазалау шаралары қазақ халқының патшаға деген өшпенділігін арттырып жіберіп еді. ХХ ғасыр басында 1905 жылғы орыс төңкерісінің әсерімен Қазақстанда саяси бостандық мәселесі күн тәртібіне қойылды да, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сияқты оқыған, зиялы азаматтар елді ұйқыдан оятып, олардың саяси санасын көтеруге қызмет етті. Әдебиет надандықты, ескі көрсоқырлықты сынай отырып, елді оқу-білімге шақырды. Осындай жағдайда патшанын тақтан құлауы отар елдердін құлдықтан босанып, азат тәртіпке көшуіне жол ашқандай болды. Ақпан төңкерісінен кейін туған С.Дөнентаевтың, М.Дулатовтың, Ш.Құдайбердиевтің, С.Торайғыровтың, Б.Майлинынің, С.Сейфулиннің бостандық туралы өлендері осы сезімді суреттеді. Бөлек ел болуыдын жолын бірліктен, бай-кедей боп бөлінбеуден іздеген Бейімбет:

Бұрынғыдай байын, жарлын шашылма,

Бірліпенен жұмыс атқар  басыл да.

Азын-аулақ миын болса  басында,

Партия, штат, дау-дамайды қой, қазақ! –

деп жазды. Кеңес әдебиеті осы өлендерден басталады. Олар отаршылдық пен ұлттық езгінін астында екі  жақты қаналған еңбекші халықтың бостандықты азат күнді ансаған  көңіл-күйін танытты.

Патша құлағаннан кейін  Қазақстан Уақытша үкіметтің қарамағына көшті. Оның пәрмені бойынша, жер-жерде қазақ комитеттері құрыла басталды. Бірақ уақытша үкімет пен оның жергілікті органдары еңбекші қазақ елінің мүддесіне қызмет ете алмады. Ендігі жер Ресей құрамына автономия болып көретін бөлек ел болудын жоспары туды. Бұл жағдай-“Алаш” партиясы (1917 шілде) мен Алашорда үкіметінін (1917 желтоқсан) құрылуына алып келді. Ұлтжанды қазақ ақындары мұны қолдап, өлендер жазды. Сұлтанмахмұд, Сәбит Дөнентаев, Жүсіпбек, Мағжан т.б. елдік ерлік дәстүрлерді, түрік ынтымағын еске алды.

Алайда 1917 жылғы Қазан  төңкерісі кезінде өкіметтің  большевиктер қолына отуі жағдайды өзгертіп жіберді. Екі жылдай Кеңес өкіметімен қатарласа өмір сүргенмен, Алашорда кең қанат жая жұмыс істей  алмады. Оның жұмысына елдегі Азамат соғысы, уақытша билікті қолына алған Сібір үкіметі де көп кедергі жасады. Большевиктер Алашорданы мойындамауға тырысты. Керісінше, қазақ халқына большевиктердің бағдарламасына сәйкес,  таптық жіктелуге негізделген автономия беруге дайын екендіктерін білдірді. Ақыры Кеңес өкіметі орныққан кезде Алашорданы таратып жіберді.    

Ресейдегі ақпан төңкерісін шын пейілмен қабылдаған қазақ қаламгерлері жаңа төңкерісті ықылассыз қарсы  алды. Олардың көбі саяси жағдайды  түсіне алмады және қазақтың мойнына  отаршылдықтың қамыты қайта киілуіне қауіптенді. “Қазақтарға ақпан төңкерісі қаншылықты түсінікті болса, - деп жазды 1919 жылы Ахмет Байтұрсынов, - Қазан социалистік төңкерісі соншалықты түсініксіз көрінді. Бірінші төңкерісті қандай қуанышпен қарсы алса, екінші төңкерісті соншама үреймен қарсы алуға тиіс болды. Төңкерістің алғашқы кезінде билікке ие болғандар тарапынан жүргізілген күштеу, зорлық оның үстіне 1920-1921 жылдары халық бастан кешкен аштық, жоқшылық жаңа өкімет жүргізген  шараларға сенім туғыза қоймады. Дегенмен, олар күштеу арқылы билікті мықты ұстап, жер-жерде өз саясатын жүргізе бастады.

Кеңес өкіметінің орнығуы, коммунистік партияның езілгендер мен қаналғандары жақтауы елдің  кедей шаруалары тарапынан қолдау тапты. Теңдік. әділдік ұрандары елді сендіре бастады. Қазақ қаламгерлерінің бір бөлігі осы идеяны мадақтап жырлар туғызды. Олардың басында Омбыда оқып, орыс большевиктерімен тұрақты байланыс жасап келген қазақ ақыны Сәкен Сейфуллин болды. Кедейдің теңдік алуы, әйелдердің құқын қорғау, кеңес саясатын мадақтау Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ш.Иманбаев, А.Тоқмағанбетов сияқты қаламгерлердің шығармашылық беталысын айқындады.

1920 жылы Ресей Федерациясының  құрамында Қазақ автономиялық  республикасының құрылуы да қазақ  халқының бетін Кеңес өкіметіне  бұрудың жолы еді. Оның астанасы болып Орынбор қаласы таңдалды. Бұрын батыс облыстардағы қазақтарды басқару әкімшілігінің орталығы болған қала Қазақстанды билеу жөнінде де сол саясатты жалғастырды. Астананы қазақ ортасына жібермеудің өзінде де сенімсіздіктің салқыны жоқ емес-ті. Республика аумағынан тыс жерден нұсқау беріп, Коммунистік партия мен Кеңес Өкіметі  ел ішінде өз шараларын жүргізді. Алайда, автономия алудың ұлттық мәдениетті дамытуға пайдасы болмай қалған жоқ. Қазақ тілінде баспа ашылып, кітаптар басылды, газет-журналдар көбейді. Олардың бетінде жаңа өмірге тілек қосқан әдебиет жасала бастады.

Жаңа құрылған Қазақ  автономиясы Қазақстан жерін түгел біріктіріп үлгермеген еді. Сырдария, Жетісу облыстары Түркістан Республикасының құрамында қалып қойды. Орынбор билігінен пана таппағандар осында, Ташкентке жиналды. Түркістан басшыларының демократтығын, ұлт мүддесіне тілектестігін пайдаланып, М.Жұмабаев өз өлендерін осында бастырды. А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов Орынбор жүргізген саясатпен келісе алмай, қызметтерінен алынып партиядан қуылған соң Ташкентке келді. Ташкент демократтық бағытта шығармашылығын жалғастырған, кеңес өкіметінің жеңілдіктерін ұлт мүддесіне пайдалануға тырысқан қазақ зиялыларының орталығына айналды. Осы жылдары шыққан баспасөзден Орынбор, Ташкент арасында көзқарастың алшақтығын, әсіресе қызылшылдық пен демократтық ой-пікірдің таласын тануға әбден болатын еді. Бұл таласқа да партия  “төрелік” айтты. Ақыры Ташкентте шығатын “Ақ жол” газетін жауып, 1924 жылы Түркістандағы қазақ облыстарын Қазақстанға қосты. Астана Қызылордаға көшірілді.

1925 жылы 18 маусымда Коммунистік  партияның орталық комитеті “Партияның  көркем әдебиет саласындағы саясаты  туралы” қаулы қабылдады. Бұл  қаулы саяси билікте пролетариат  диктатурасын орнатқан елдің  мәдениетін де пролетариат мүддесіне ыңғайлау саясатын ұстанды. Қаулы бойынша, жер-жерлерде пролетариат жазушыларының ассоциациялары құрыла бастады. Қазақстанда КазАПП құрылды. Қазақстанда пролетариаттың тап есебіне қалыптасып үлгермегенін, оның ішінен шыққан жазушылар жоғын сылтау етіп, Ташкентте тұрған ақын-жазушылар тобы “Алқа” атты ұйымның (“Қазақтын бұқарашыл жазушыларының ұйымы”) жобасын жасады. Бірақ ол өтпей қалды. Міне, осыдан бастап, қазақ әдебиетінде таптық көзқарас үстем болып, қазақ қоғамын бай мен кедейге бөліп, кедейді іш тартып, жаңа заманның қаһарманы етіп бейнелеп, оған қарсылар мен ауқаттыларды тап дұшпандары етіп суреттеу орын алды. Қазақтың тұтастығын көздеген оқыған зиялылар да төңкеріс дұшпаны саналды. Қазақ әдебиетінің жаңа күштері  осы бағытта тәрбиеленді. Әдебиет пен мәдениеттің дамуын партия қадағалап отырды. Ескішіл деген жазушылар КазАПП-тан тыс жұмыс істеді. Бой тасалап, М.Жұмабаев Мәскеуге, М.Әуезов Ленинградқа оқуға кетті. Ж.Аймауытов Шымкентте шығармашылық жұмыстарын жалғастырды. А.Байтұрсынов жоғары мектепте сабақ беріп, М.Дулатов журналистік жұмыста болды. 1928 жылы байлардың дүние-мүлкін тартып алып, жер аударғаннан кейін, олардың “идеологтары” саналған “ұлтшылә жазушылар да қамауға алынып, жазаланды.

Саясатта осындай екі  түрлі бағыт ұстана отырып, қазақ қаламгерлері әдебиетті өркендету ісіне едәуір үлес қосты. Олар жаңа жанрларды игерді. Бұрын поэзиясы ғана үстем әдебиетте проза, драматургия, сын жанрлары туды. Көркемдік тұрғыдағы ізденістер де байқалды. Мәдени мұраны игеру (таптық тұрғыда) күн тәртібіне қойылды. Әдебиетке жаңа тлқын жастар (Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов, Ө.Тұрманжанов, т.б.) келді.

Бұл жылдардағы қазақ  поэзиясының дамуын сөз еткенде, ондағы төңкерісшіл, солшыл бағыттың үстем  блоғанын атау орынды. Оларды заман қорғады, жағдай жасады. Бұл бағыттың топ бастаушысы Сәкен Сейфуллин – Кеңес өкіметін орнату жолында күреске қатысқан. 1918-1919 жылдары ақгвардияшыл атаман Анненковтың қолында, Колчактың тұтқын лагерінде жаза өтеген адам. Ескішіл күштерге өшпенділікпен қарауда да ақынға осы жайлар әсер еткен болуы керек.

Сәкенге бүгін қайшылықты көзқарастар бар. Заман тудырған әдебиеттің басында болып, оған іргелі үлес қосқан ақын шығармашылығын жоққа  шығару, әрине, әділетті емес. Оның үстіне Сәкен Коммунистік партия мен Кеңес өкіметі жолына адал ниетпен сенді, оны идея деп қабылдады. Ал, осы идеяның бұзылған тұстарында бой тасалап қалған ақын емес. Оның көп шығармалары (“Қызыл ат”, “Біздің тұрмыс”, “Отарбаның жұмсақ вагонында”, “Кеңес баласы”, “Азия”, т.б.)саясаттың алдамшы тұстарына наразылық айтқан адал сезімді ақынның көңіл-күцінен туған. Қазақтың ұлттық мүддесін белінен басқан орысшылдық саясатқа да ол талай қарсы шыққан. Бұл жөнінде Т.Кәкішевтің, менің мақалаларымда талай айтылған. Ал, ұлттық әдебиетке қосқан үлесі тұрғысынан қарағанда, оның азаттық, теңдік аңсаған, сол үшін күрескен жаңа адамның бейнесін жасаған жырлары қазақ әдебиеті үшін жаңалық болып табылады. Оның жігерлі қаһарманы азаттықты қарсы алу үшін “асығып, тез аттанып”, “түрмеден қашып шығып”, күрес жырын айтады. Қиындыққа төзімділік танытады. Оның өмір сүйгіштігі басым. Ол қоғам дамуының жеделдігін, өзгерістердің өктем күшін жүйрік пойызбен салыстырды. Қазақ өлеңінің ырғағын сол пойыз жүрісіне ыңғайлауға ұмтылды.

Информация о работе Кеңес дәуір әдебиеті