Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 20:14, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетінің тарихында ең бір шоқтығы биік, белесі мол кезең - кеңес дәуірі әдебиеті. Осы кеңес дәуірі әдебиетін дәуірлеу мен сол дәуір әдебиетінің айтулы тұлғаларының шығармалары туралы ғалымдардың еңбектері аз емес. Кеңес дәуіріндегі әдебиет тарихы қайта жазылып жатқан қазіргі заманда осы уақытқа дейін өз мәнін жоймаған еңбектерді саралап, ой елегінен өткізудің үлкен маңызы бар.
КІРІСПЕ ..............3
1 ҚАЗАҚ КЕҢЕС ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУЫ.......................
1.1 Қазақ кеңес әдебиетінің зерттелуі ...............................................................
1.2 Б.Кенжебаев – кеңес дәуір әдебиетін алғашқы зерттеуші
2 КЕҢЕС ДӘУІР ӘДЕБИЕТІН ДӘУІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖАҢАША ПАЙЫМДАУ..............................................................................................................
2.1 1930 жылдардағы қазақ әдебиеті
2.2 Сұрапыл соғыс әсерінен туған әдебиет немесе жауынгерлік тақырыбы
2.3 Жаңғыру кезіндегі әдебиет
2.4 Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуірі
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................65
Кеңес Одағының құрамындағы Қазақстан бұл тұста фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы соғысқа белсене қатысты. Болшевиктер өзінің тәуелсіздігін қорғап қалу ұрысына барлық халықтарды тартып, үлкен соғыстың апатына салды. Бүкіл республика соғыс кезінің жұмыс режиміне көшті. Оған Кеңес Одағының еуропалық бөлігінен көптеген зауыттар мен оқу орындары, соғысқа жарамсыз халық көшірілді. Оның үстіне өкімет сенімсіздік көрсеткен біраз халықтар (чешен, неміс, Кавказдағы мұсылмандар, т.б.) жер аударылып, осында келді. Бұлар ел ішіндегі жағдайды ауырлатып, халықтың күн-көрісіне әсер етті. Ерлер майданға кетіп, жұмыстың ауыртпашылығын әйелдер мен жас балалар көтерді. Соған қарамастан Коммунистік партияның үгітінің күштілігіменодан бұрын да жылдар бойы адам санасына сіңірілген социалистік отанды қорғау идеясы елді тік көтеріп, жеңіс жолындағы іске жұмылдырды. Халықтың энтузиазмнің күштілігі сондай, көп жерлерде (әсіресе, ауылдарда) жұмыс еңбекақы төленбей атқарылды. Халық уақытпен есептеспеді. Бейбіт құрылыс ісітоқтап, елдің бүкіл эканомикасы соғыс қажеттеріне ыңғайланып, қайта құрылды. Осыған орай әдебиет те өзінің негізгі жұмысын халықтың отаншылдығын, бірлігін, соғыстағы ерлік пен тылдағы жанқиярлық еңбекті бейнелер үгітке құрды, партияның саяси үгітшісі қызметін атқарды. Олар, әрине, әдебиеттің көркемдік бағытына бірсыпыра нұқсан келтірді. Қаламгерлердің көбі бұрын жазып жүрген, зерттеген етене тақырыптарын тоқтатып, төтен талапқа құлақ асуға мәжбүр болды. Соған қарамастан, қазақ әдебиеті қоғам мен дәуір талабынан шығуға ұмтылды.
Жауынгерлік тақырыбы қазақ әдебиетіне бұрыннан да жат емес еді. Қаһармандық эпос пен әр кездегі жаулаушылыққа қарсы күрес жыры бұрын да болған. Бірақ мынандай төтен соғысты халық басынан кешірмеген-ді. Сондықтан жаңа дүниежүзілік соғыс жағдайында әдебиетті дамыту, оған жаңа мазмұн, жаңа сапа беру бағытында ізденістерге мұрындық болды.
Соғыстың алғашқы күнінен бастап халықтың Отан алдындағы борышын еске салуда поэзия ұшқырлық танытты. Ел басына түскен ауыр күнді ескертіп, жауды талқандауға шақырған үгіттік өлеңдер күнделікті баспасөз бетінде көптеп жарияланды, радиодан оқылды. Сонымен қатар жаудың басып алған жерлердегі қатыгездік мінезін әшкерелеуді нақты факт, детальдар арқылы суреттеуге ұмтылған саяси өткір лирика үлгілері пайда болды. Ғ.Орманов жау қылығын қара күйік қала мен қанды қолдың жолақ-жолақ ізінен («Жау ізі») таныса, Қ. Аманжолов Гитлер дирижерлық жасаған өлім музыкасын («Мазасыз музыка») естігендей әсер алады. Ә. Тәжібаев «Қос қарлығаш», Т.Жароков «Жапанда жалғыз қарағай» өлеңдерінде қарлығаштың ұясын бұзып, табиғатты оқ астында қалдырған зұлым жауға жек көрушілік сезімін тудырады.
Соғыстың алғашқы күнінен майданға аттанып, ел тілегін арқалаған солдатты, оның сезім күйін суреттеу қазақ ақындарының негізгі тақырыбына айналды. Бейбіт еңбекті үзіп, отан қорғауға аттанған солдат — көп өлеңдердің каһарманы. Тайыр Жароковтың кейіпкері үстіне сұр шинель киіп, «ең әуелі әскермін» («Киемін сұр шинельді») дегенді айтса, Ә.Тәжібаевтың «Ақын батыры» жазып жатқан поэмасын аяқтап үлгермей, майданға аттанады. Д.Әбілов өлеңінің кейіпкері әскери комиссариатқа барып, соғысқа жіберуді өзі тілейді («Өзімнен-өзім жүріп жай»).
Бұл тұрғыдан бірқатар сәтті ізденістер қазақ поэзиясы мен прозасының шағын жанрларында байқалды. Жауға қарсы өшпенділікті оятатын, оларды әшкерелеуге құрылған үгіттік өлеңдерге қоса соғыстағы солдаттың жан сезімін, күйзелісін, ерлігін суреттейтін лирика туды, әңгімелер, очерктер, публицистикалық еңбектер жазылды. Майдан батырларына арналған поэмалар (Қ.Аманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңыз”, т.б.) мен повестер (Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ батыры”) жарық көрді. Драматургтер де шама-шарқынша майдан тақырыбына үн қосты.
Қазақ солдатының соғыстағы өмірін суреттейтін өлеңдер негізінде екі түрлі үлгіде жазылды. Бірі — жалпы жауынгерге тән сипаттарды біріктірген жиынтық бейне болса, екіншісі нақты бір аты белгілі қаһарманның ерлігін көрсетуге арналады. Бұлардың қайсысында болса да, жауынгерлердің ерлік тұлғасын ашу соғыс өмірінің шындығын бейнелеу негізінде туады. Майдандағы қазақ жауынгерлерінің ерлігін мадақтауға арналған алғашқы өлендердің бірін «Гвардеец бауырларға» деген атпен С.Мұқанов жазды. Ол 1941 жылдың қараша айында Мәскеуді қорғауда ерекше көзге түсіп, панфиловшы-гвардияшылар атағына ие болған қазақ жауынгерлерін құттықтады, олардың ерлігіне ризашылық білдірді. Сол жауынгерлердің сыры, ойы, сезімі Ә.Тәжібаевтың «Майданнан хат», «Жас қазақ», Ғ.Ормановтың «Блиндаждағы әңгіме», «Қаһармандар кескіні», Қ. Аманжоловтың «Елге хат», Д.Әбіловтің «Шылым» т.б. өлендерде жаңаша бейнеленді. Бұларда солдаттың ерлігі елге жазған хат арқылы да, блиндаждағы әңгіме үстінде де суреттеледі. Олардың бойынан әділетсіз жауға деген кекті мінез, сұсты кейіп те танылады.
Солдаттың бірде қатал,
бірде сезімтал ішкі сырын әр жағынан
көрсетуде Қасым Аманжолов өлең
Түссем де отқа, суға майыр емен,
Солдаттың етігіндей жаным сірі, —
дейді ол «Елге хат» өлеңінде. «Сәбитке», «Ғабдолға», «Ғалиға», «Ағайға», «Қалқаманға», «Қапанға» тәрізді елге жолдаған хат түріндегі өлендерінде солдат-ақын сезімінің байлығын көреміз. Жас өмірлерді «Қыршын асап жатқан» апатпен арпалысып жүрген солдаттың айтар сыры да, жүрегін шарпыған мұңы да молдығы көрінеді. «Сескену, қорқу дегенді ұмытқан», «От шайнаған тентек» ұлдың ішінде «Жанар таудай жалын» бар. «Үстімде сұр шинелім», «Жылқыайдар» сияқты өлендерде немістің дегеніне көнбей, оны өз еркіне бағындырған қазақ солдатының ерлік тұлғасы елестейді.
Д.Әбілов өлендерінде майдандағы солдат
сезімінің шындалу жолының
Мынау бір соңғы суретім
Бетіңді тигіз бетіме.
«Болмаймын, — деп, — мен жетім»
Жазып қой, құлыным, шетіне —
дейді ол «Балама хат» өлеңінде. «Шылым» атты өлеңнен ата-анасы сүйген жарын, балаларын аңсаған солдаттың сағыныш сезімін темекінің ащы түтінімен басып, жауға кектеніп отырғанын байқаймыз. Жеңіспен оралған солдаттың елге деген отаншылдық сезімін суреттейтін жырлар да Диханда мол.
Соғыс кезінде қазақ поэзиясында
жырланған өмірдің бір саласы—
Халықты күреске, ерлікке
үндеу мен майдангерлердің қаһа
Соғыс жылдарында туған прозаның үлкен үлгілері ішінде М.Әуезовтің «Абай» атты тарихи романының бірінші кітабы, Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ батыры» повесі, Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ», Ә.Әбішевтің «Жас түлектер», Ғ.Слановтың «Жанартау» атты романдары болды.
«Абай» кейін жалғасы жазылып, төрт томдық роман-эпопеяға ұласты. Ал қалған шығармалар соғыс дәуірі шындығын жеделдікпен суреттеуге арналған еді. «Қазақ батыры» — Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтың майдандағы ерлігіне сүйенсе, «Шығанақ» — соғыс жылдары тарыдан мол өнім алған қарт диханшы Шығанақ Берсиевтің өмірі негізінде жазылды. «Жас түлектер» мен «Жанартауда» жас ұрпақтың соғыс кезіндегі өмірі суреттелді. «Қазақ батырын» Ғабит «Қазақ солдаты» атты романға айналдырып, кейін қайта жазды. Ә.Әбішев өз романы оқиғаларын «Достық пен махаббат» атты пьесасында пайдаланды.
Халықтың майдан мен тылдағы екі жақты өмірін суреттеп, сол арқылы көрерменді патриоттық идеяға баулуда драматургия да елеулі қызмет етті. Бұл тақырыптағы алғашқы шағын шығармалар колхоз, совхоз театрларының, көркемөнер үйірмелерінің сахналарында қойылды. Олардың ішінде Ш.Құсайыновтың, Ә.Әбішевтің, Ғ.Мұстафиннің шағын пьесалары бар еді. Кешікпей көп актылы пьесалар туды. М.Әуезовтің «Сын сағатта», М.Әуезов пен Ғ.Мүсіреповтің «Қынаптан қылыш», М.Әуезов пен Ә.Әбішевтің «Намыс гвардиясы», Ә.Тәжібаев пен Ш.Құсайыновтың «Мәншүк», С.Мұқановтың «Жеңіс жыры», «Гвардия алға!», Ә.Әбішевтің «Қырағылық» сияқты пьесалары түгелдей дәуір талабына жауап беру үшін жазылды. Партияның әдебиетті таза үгітшілік қызметке пайдалану саясатынан туындаған сәтсіз ізденістер бұл дәуірде аз болған жоқ. Бұл әдебиеттің, әр жанрда да бой көрсетті. Әдебиеттік зерттеулерде олар жайлы да ашық айтып, жазуға болады.
Сөйтіп, соғыс кезіндегі қазақ әдебиеті, негізінен, дәуір талабына қызмет ету міндетін атқарды. Осы салада өз тәжірибесін жаңа ізденістермен толықтырып, сапалық, азаматтық жағынан шыңдалып шықты. Дүниежүзілік екінші империалистік соғысқа қатысқан, катыспаған елдер әдебиеттерімен бірге соғыс философиясын зерттеп, оған өз қатынасын білдірді. Бұл — басқыншылық соғысқа қарсылық, соғыс атаулыға қарғыс айту философиясы еді.
Соғыстан кейінгі дәуірдің (1946-1959) міндетін де партия көрсетіп берді. Қоғамдық әлеуметтік салада ол соғыс бұзып талқандап кеткен халық шаруашылығын қалпына келтіру міндеттерін алға қоюдан көрінсе, әдебиетті де соғыс ауыртпашылықтарын көтерген халықтың бейбіт құрылыстағы еңбегін жырлауға жұмылдырды. Бұл да оңай міндет емес еді. Алапат соғысты басынан өткеріп келіп, бейбіт еңбекке кіріскен қаһарманның ішкі сыры мен қалыптасу жолы күрделі болатын. Соғыстан жеңіп шыққанмен, оның ойында да, бойында да соғыс жарақатының зардабы аз емес-ті. Ол соғыста құрбан болған жас тағдырлар мен жетім қалған балалардың, жесірқалған жарлардың, қираған қала мен селоның қайғысын арқалады. Мұның бәрі соғыстан соңғы адамның ішкі сезім дүниесін байытты, оны өмірдің үлкен мектебінен өткізді. Қоғам мен адам арасындағы осындай күрделі қайшылықты қатынастарды зерттеу, жазу қаламгерден әлеуметтік-философиялық көрегендікті, ой-пікір батылдығын, суреткерлік сезімталдықты талап етті.
Жазушыларды осы міндеттерді атқаруға “дайындау” мақсатымен Коммунистік партия өзінің идеологиялық саясатын бірсыпыра қатайтып, соғыс кезіндегі әдебиет пен өнерде орын алған “бұра тартуларды” түзетуге көңіл бөлді. Осы мақсатпен ол 1946-1948 жылдар арасында “Звезда” және”Ленинград” журналдары туралы”, “Драма театрларының репертуры және оны жақсарту шаралары туралы”, “Ұлы өмір” кинофильмі туралы” “В.Мураделидің “Ұлы достық” операсы туралы” деген қаулылар қабылдады. Оларда әдебиет пен өнерде орын алған “кеңес шындығын бұрмалап көрсету”, “кеңес адамдарына жала жабу”, “театр сахналарында “идеясыз”, “ұстамсыз” пьесалардың қойылуы, музыкадағы “формалистік элементтер” сынға алынды. Осы қаулылар негізінде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “Қазақ КСР Ғылым академиясының тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел қателіктер туралы” (1947) қаулы алып, ескі мәдени мұраға сын көзімен қарамағаны, бүгінгі заман тақырыбына жазылған шығармалардың аздығы, қазақ халқы тарихын “бұрмалағаны” үшін көптеген жазушылар мен ғылымдарды қатты сынады. Мұндай қаулылар Қазақстан Жазушылар одағының жұмысы жайлы да, мектеп оқулықтарының жайы туралы да алынды. Мұның артынша “Правда” газеті “Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыда баяндалсын” (1950) деген мақала басып, “ұлтшылдық” қателері үшін көптеген тарихшыларға шүйілді. Бұл сындардың арты көптеген адамдарды қуғындауға әкеп соқты. Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Қ.Мұхамедхановтар, жау есебінде ұсталып сотталды. К.Сәтбаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Жұбанов, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, Ә.Қоңыратбаев, Т.Нұртазин, Ә.Мәметова қызметтеріне қуылды. Мұндай асыра сілтеулер Коммунистік партияның жергілікті ұлттарға сенбеуінен, олардың ұлттық мүдделерімен есептеспей, күштеп ұстау саясатынан туындаған еді. Ұлттық интеллигенцияға артында бақылаушы барын мезгіл-мезгіл ескертіп қойып, қорқытып ұстауды партия әдетке айналдырды. 1937 жылдың қанды қырғынынан есін енді жия бастаған халықты соғыс апатына салып, одан шыққан кезде тағы да “ұлтшылдығын” көрсетіп көзге шұқыды. Бұл қаулылардың шектен тыс әпербақандығын, ондағы творчество адамын қудалаудың жөнсіздігін кейін Орталық комитет өзі көрді. Н.С.Хрущевтің қолымен “Ұлы достық”, “Богдан Хмельницкий” және “Шын жүректен” операларын бағалауда жіберілген қателіктерді түзетіп (1958), М.С.Горбачевтің қолымен “Звезда”, “Ленинград” журналдары туралы” қаулының күшін жойды (1988). Бұл айтылғандар сол кездегі партия басшыларының демократтығынан емес, билікке алғаш келген кездегі елге жақсы көрінуге тырысуынан еді. Н.С.Хрущев Қазақстандағы “ұлтшылдықты” жоюға орталықтан кісілер (П.К.Пономаренко, Л.И.Брежнев) жіберіп, тың көтеру сылтауымен Ресейден, Украинадан, тағы басқа жерлерден жаппай кісі тасымалдады. Бұл республикада өзінің тұрғын халықтары үлесінің азаюына әкеліп соқты.