Кеңес дәуір әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 20:14, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетінің тарихында ең бір шоқтығы биік, белесі мол кезең - кеңес дәуірі әдебиеті. Осы кеңес дәуірі әдебиетін дәуірлеу мен сол дәуір әдебиетінің айтулы тұлғаларының шығармалары туралы ғалымдардың еңбектері аз емес. Кеңес дәуіріндегі әдебиет тарихы қайта жазылып жатқан қазіргі заманда осы уақытқа дейін өз мәнін жоймаған еңбектерді саралап, ой елегінен өткізудің үлкен маңызы бар.

Содержание

КІРІСПЕ ..............3
1 ҚАЗАҚ КЕҢЕС ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУЫ.......................
1.1 Қазақ кеңес әдебиетінің зерттелуі ...............................................................
1.2 Б.Кенжебаев – кеңес дәуір әдебиетін алғашқы зерттеуші
2 КЕҢЕС ДӘУІР ӘДЕБИЕТІН ДӘУІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖАҢАША ПАЙЫМДАУ..............................................................................................................
2.1 1930 жылдардағы қазақ әдебиеті
2.2 Сұрапыл соғыс әсерінен туған әдебиет немесе жауынгерлік тақырыбы
2.3 Жаңғыру кезіндегі әдебиет
2.4 Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуірі
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................65

Прикрепленные файлы: 1 файл

кенес дәуір.doc

— 581.00 Кб (Скачать документ)

Бұл тұста қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ісімен Қажым Жұмалиев (1907 — 1968) тұрақты шұғылданды. Оның «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері» (1958), «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі» (1960) атты екі томдық еңбегі ғалымның бұл саладағы зерттеулерін жинақтады. Бірінші кітапқа Қажым қазақ эпосы туралы ұзақ жылдар жүргізген зерттеулерін кіргізіп, XVIII —XIX ғасыр ақындары Бұқар жырау, Махамбет, Шернияз, Алмажан Азамат қызының ақындық жолына талдау берді. Ал екінші кітап XIX ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылық-демократтық әдебиетке арналды. Онда Шоқанның әдебиеттік еңбегі, Ыбырай Алтынсаринмен Абайдың шығармашылығы қарастырылды. Сонымен бірге оған «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» (1946 жылы докторлық диссертация есебінде қорғалып, 1948 жылы жеке кітап болып басылған) атты монографиясы кірді. Қажым осы жылдары мектеп оқулықтары көлемінде алғаш Дулат, Шортанбай, Мұрат сияқты кезінде кертартпа саналған ақындар шығармашылығы жайлы жаңа еңбектер жазды. Олар орта мектептің 8-сынып оқулығына енді. Бұл ақындардың шығармашылық жолын зерттеу қажеттігі 1959 жылғы конференцияда да көтерілді. Бірақ жарияланған азын-аулақ еңбектерде олар жайлы ойлар жұқарып, там-тұмдап айтылды, негізінен оларға Қазакстанның Ресейге қосылуына қарсы болған кертартпа ақындар ретінде баға берілді.

Бұл дәуірдегі бірталай бағалы зерттеулер демократтық-ағартушылық әдебиетке арналды. С.Мұқановтың Шоқан туралы, Б.Сүлейменов пен Ә.Дербісалиннің Ыбырай туралы еңбектері жарық көрді. Абай өмірі мен еңбегін зерттеуге көп ғалым-әдебиетшілер қатысты. М.Әуезовтің «Абай Құнанбаев» атты монографиясы («Әр жылдар ойлары» кітабында — 1959), Қ.Жұмалиевтің жоғарыда аталған еңбегі, М.С.Сильченконың «Творческая биография Абая» (1957), 3. Ахметовтің «Лермонтов и Абай» (1954), Х.Сүйіншалиевтің «Абайдың қара сөздері» (1956), А.Нұрқатовтың «Абайдың ақындық дәстүрі» (1966), Қ.Мұхамедхановтың «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» (1959) атты кітаптары мен көптеген мақалалар жарық көрді. Абайды зерттеу мәселесі әсіресе 1954 жылы аталып өткен ақынның қайтыс болуының 50 жылдығы тұсында кеңірек қойылды. Сол жылы «Абайдың өмірі мен творчествосы» атты мақалалар жинағы басылды. Абайдың қоғамдық-саяси тағы басқа көзқарастарын қарастырып, оның ұлылығын дәлелдеген Т.Тәжібаевтың, Қ.Бейсембиевтің, М.Ақынжановтың, Ә.Жиреншиннің зерттеулері ақын жайлы еңбектерді толықтырды.

Ең соңында қазақ әдебиетінің тарихына байланысты еңбектерді қорытып, әдебиет тарихына жаңа баға беріп, оны жүйеге түсірген «Қазақ әдебиеті тарихының» екінші томын (бірінші кітабы — 1961) атау орынды. Онда XVIII ғасырдан бергі әдебиет тарихы ғылыми жүйеге түсіп, Бұқар жырау, Дулат, Махамбет, Шернияз, Шортанбай, Алмажан, Сүйінбай, Біржан, Шоқан, Ыбырай, Абай, Ақан сері, Мағауия, Ақылбай, Шәңгерей, Әсет сияқты ақындар шығармашылығына талдау берілді. Бұл көлемдегі ақындар еңбегі бұрын зерттеуге іліккен емес еді. Томның екінші кітабы 1965 жылы жарық көріп, онда XX ғасырдың басында өмір сүрген Жаяу Мұса, Мұсабек Байзақов, Әріп Тәңірбергенов, Балуан Шолақ, Мұхамеджан Сералин, Ығылман Шөреков, Спандияр Көбеев, Тұрмағанбет Ізтілеуов, Бекет Өтетілеуов, Сұлтанмахмұт, Бернияз Күлеев, Сәбит Дөнентаев тәрізді ақындар еңбегі кең талданды. Бұл ақындардың да көпшілігі бұрын мұндай ғылыми талдауға ілікпеген болатын. Осылармен қатар XX ғасыр басындағы әдебиет өкілдері жайлы жеке зерттеулер жасалды. Бұлардың ішінен Б. Кенжебаевтың «Журналист Мұхамеджан Сералин» (1957), «Сұлтанмахмұт Торайғыров» (1958), «Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары» (1958), С.Қирабаевтың «Спандияр Көбеев» (1958), Т. Әбдірахмановтың «Орыс әдебиетін қазақ тіліне аудару дәстүрі және Бекет Өтетілеуов» (1960), Ә. Дербісалиннің «Қазақтың октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті» (1966) атты монографияларын атауға болады.

Бұл жылдардағы зерттеу еңбектердің негізгі саласы кеңестік дәуірдегі әдебиетке арналды. Партия әдебиет зерттеушілердің назарын осы дәуір әдебиетіне бұрып, солардың негізінде кеңестік заманның артықшылығын, осы мезгілдегі әдебиет дамуының жетістіктерін баса айтуға бағыттады. Шындығында да, жалпы әдеби істің ілгерілеуінде, әдебиет жанрларының тууы мен баюында. әдебиеттің қоғам ісіне батыл араласуында, ақын-жазушылар қатарының өсуі мен әдебиеттің тақырыптық арнасының кеңеюінде бұл дәуір әдебиеті аса үлкен орын алатын еді. Сондықтан күнделікті әдеби сыннан басқа бұл дәуір әдебиетіне келелі зерттеулер жасалды.

Жалпы алғанда, бұл дәуір қазақ әдебиетінің жаңа қарқынмен дамыған кезеңі болды. Қазақ әдебиетінің тәуір туындылары дүние жүзіне таныла түсті. М.Әуезовтен кейін С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің, Ғ.Мұстафиннің, Т.Ахтановтың, Ә.Нұрпейісовтың, Ә.Әлімжановтың, О.Сүлейменовтің шығармалары шет тілдерге аударылып таралды. «Алтын отау» атты қазақ фольклорының жинағы Германияда шықты. Абай мен Жамбыл жырлары Шығыс Еуропа халықтарының бірқатар тілдеріне аударылды. Қазақ әдебиеті мен жазушылары туралы Л.Арагон, А.Стиль, М.Борис, В.Баум, А.Куреллан, А.Вюрмсер, П.Филибер т. б. шетел әдебиетшілері пікірлер айтты. Қазақ жазушылары әлем әдебиетімен қарым-қатынасқа түсіп, шет елдердің тәуір туындыларын қазақ тіліне аударуға жәрдемдесті. Халықаралық жазушылар қатынасына араласты. Мұның бәрі қазақ әдебиетінің интернационалдық негізінің нығайып, оның кемелдене түсуінің белгісі еді.

 

 

2.4 Кеңестік қазақ әдебиетінің  соңғы дәуірі

 

Алпысыншы жылдардың  орта тұсынан әдебиет дамуының жаңа кезеңі басталды. Бұл кезең ширек ғасырға жуық созылып, кеңес өкіметінің құлауымен аяқталады. Осынша Ұзақ мерзімінің бір дәуір ретінде қаралуы ондағы саяси-қоғамдық жағдайлар мен әдеби процесс дамуының тұрақтылығынан деп қарау орынды. Алайда, қоғам дамуы мен ой-пікірдің алмасуы жағынан ол да біртекті емес. Жеке адамға табыну саясаты сыналғаннан кейін қоғамдық ой-пікірде болған “жылымдық” бұл тұста біраз тежеуге түсті де, идеология саласында партиялылық қайтадан бұрауын қатайтуға тырысты. Л.И.Брежнев тұсында бұл саясатты құптамаушылар біраз қуғынға ұшырап, әдебиет пен өнердің кейбір қайраткерлері шетелге кетуге мәжбүр болды. Дегенмен, бір адамның билеуіне құрылған қоғамның И.В.Сталин өлгеннен кейінгі жағдайы жөнделе қоймады. Социализм экономикасы құлдырауға түсті. Жамап-жасқауға тырысқан М.С.Горбачевтің “қайта құру” бағыты да оған пайдалы ықпал ете алмады. Мұның аяғы 90-жылдардың басында КСРО-ның тарауына әкеліп соқты.

Әдебиет бұл дәуірде  осындай күрделі қоғам шындығын бастан кеше отырып дамыды. Дегенмен, ол билеуші партия ықпалынан шығып кете алған жоқ. Коммунистік партия бұрынғыша әдеби процеске басшылық жасауға тырысты. Бұл дәуірде өткен партия съездері (ХХІҮ, ХХҮ, ХХҮІ, ХХҮІІ) әдебиеттің партиялығын жалғастыру міндетін қойды. Оны Қазақстан Компартиясы мен жазушылар ұйымдарының съездері де қолдады. Оларда көркемдік творчество үшін жауапкершілікті арттыру, әдеби шығарманың идеялық дәрежесін көтеру айрықша аталды. Әдебиет, негізінен, партия белгілеген міндеттерге сүйеніп, Дәуір үні болуға ұмтылды. Бірақ халық өмірінің айнасы болуға тырысқан әдебиет пен партиялық саясаттың қайшы келетін тұстары да көзге шалынбай қалмады.

1967 жылы КСРО-ның 50-жылдығына  байланысты алынған Орталық Кометиттің  қаулысында: “КСРО-да социализм  мен коммунизм орнату жылдарында адамдардың тарихи жаңа қауымы – совет халқы пайда болды. Ол өндіріс құрал-жабдығына қоғамдық меншік, экономикалық, әлеуметтік саяси және мәдени өмірдің бірлігі, маркстік-лениндік идеология, жұмысшы табының мүдделері мен коммунистік мұраттары бірлігі негізінде құрылды” деген тезис қабылданды. Ал, 50 жылдыққа арналған салтанатты жиналыста Л.И.Брежнев соңғы жылдар ішінде болған түбірлі өзгерістердің нәтижесінде “кемелденген социалистік қоғам құрылды” деп жарияланды. Бұл – И.В. Сталин құрған социализмнің тігісі сөгіле бастаған тұста, оның атын өзгертіп сақтаудың амалы еді. “Кеңес халқы” деген ұғым кеңес халықтарының ұлттық өзгешеліктерін мойындамау, олардың ұлттық мүддесі, психологиясымен санаспау, бәріне бір көзбен қараудың көрінісі болды. Осы негізде партия “бір тұтас мәдениет” туралы пікір кіргізді. Бұлар партия саясаты мен ұлт әдебиетінің, ұлт мәдениетінің сыйыспайтың тұсы еді. Саяси-қоғамдық ғылымдар бұл идеяны уағыздағанмен, әдебиет пен өнер өзінің ұлттық сипатынан айырылып кете алмады. Бұл жағдайларды партия сезбеді деу ағаттық болар еді. Олар әдебиеттегі ұлтшылдықты мезгіл-мезгіл сөз еткенде осыдан сескенді. Әдебиеттің бетін бүгінгі заман тақырыбына бұрып, тарихи тақырыптан алыс ұстауға тырысты. Тарихи тақырыптың басып бара жатқаны партияның ХХҮІІ съезінде, одақтық жазушылардың ҮІ съезінде баса айтылды. Горбачев оны “ұлттық томаға – тұйықтыққа, жергілікшілдікке ұмтылушылық” деп айтады.

Қазақ халқының ұлттық ой-санасынан  жүдеп бара жатқанын көрген зиялы  азаматтар 60-70 жылдардан бастап, халық  тарихының өқиғалары негізінде ұлттық сананы оятып тәрбиелеуге көркем әдебиетті пайдалану мақсатын қойды. Ол үшін М.Әуезов негізін салған тарихи роман жанрын жалғастыру қажет болды. Бұл алғаш “жылымық” жылдары басталып, әрі қарай сақтықпен дамыды. Сол арқылы қазақ тарихының әрқилы беттері жаңаша бажайланып, Көркем бейнеде жарық көре бастады. І.Есенберлиннің, С.Сматаевтың, Ә.Кекілбаевтың, М.Мағауиннің, Ш.Мұртазаның, С.Жүнісовтың, Ә.Әлімжановтің тарихи романдары осылай туды.

“Социализмнің қайшылықтарын  жамап-жасқап “қайта құруды” ұсынған М.С.Горбачевтің пікірлерінде әдеби дамуға жаңаша ой салатын тұстары да болды. Ол кеңес әдебиетінде шындықтың сыңаржақ алынып, өмірдің бірыңғай күнгей жағын суреттеу әдетке айналғанын көрсете отырып, “шындық жалпылама емес, нақты түсінік.Ол халықтың жасампаз істері мен қоғам дамуының қайшылықтарында, еңбекпен өткен күндердің қаһармандылығы мен үйреншіктілігінде, жеңістер мен сәтсіздіктерде, оның бүкіл алуан қырлылығында, драматизмі мен ұлылығында”- деді.

Бұл пікірдің әдебиет  үшін жаңалығы – шындықты тек халықтың жасампаз істерінен ғана емес, қоғам дамуының қайшылықтарынан, сәтсіздіктерден, өмірдің драматизмінен іздеу қажеттігі туралы ойлары. Мұндай талаптар бүрын әдебиетке қойылмайтын, қайта әдебиетке қоғам дамуының қайшылықтарын айналып өту, одан жалтару әдетке айналған еді.

Бұл жағдайлар біздің қаламгерлерімізге ой салды. Бұдан кейінгі кезеңде кеңес қоғамының дамуы жолында қазақ халқы бастан кешкен қиыншылықтарға, аштық, халықтың қырылуы, жер аууы уақиғаларына көңіл аударыла бастады. Кеңестік бюрократтық жүйе сыналды. Адамдардың табиғатына осы жүйенің жетпіс жыл бойында күштеуі мен зорлауының қалай әсер еткені ойландырды. Мұндай сарындар Ә.Тәжібаев пен Х.Ерғалиевтің өлеңдерінде, С.Елубаевтың “Ақбоз үй”, “Мінажат”, Б.Қыдырбекұлының “Алатау” романдарында, С.Жүнісовтің “Аманай мен Заманай” повесінде, тағы басқа соңғы жылдары жазылған шығармаларда көрініс берді.

Қазақ прозасының бұл кезеңіндегі ірі табыстарын роман жанрынан көруге болады. Ол өзінің бұрынғы озық дәстүрін жалғастырды.

1984 жылы ұзақ үзілістен кейін Ғабит Мүсірепов «Оянған өлкенің» екінші кітабын «Жат қолында» деген атпен жариялады. Оның негізгі оқиғасы бұрынғыша Қарағанды жерінде, өндірістің шетел капиталының қолына өтуі оқиғаларына құрыла суреттелді. Кейіпкерлері де негізінен бұрынғы таныс адамдар, жаңа кейіпкерлер ішінен дараланып көрінген — Игілік бидің баласы Кенжеғара. Жазушы шетелдік алыпсатарлардың байлыққа құмартқан пиғылын, амал-айласын көз алдыңыздан өткізеді. Ескінің тозып, жаңаның өніп келе жатқанын бейнелейтін күреске Кенжеғара араласады. Жас жігіт әділет жолын іздейді, тарих тағылымынан кеш қалған елін алға сүйреуді мақсат етеді. Роман ескі өмірдің күйреуімен, шетелдіктердің Қарағандыны тастай қашуымен аяқталады. Халық алға үмітпен қарайды. Осынша тарихты бастан кешіп, дүрбелеңге түскен даланың бейнесі — жазғы шапақты күні мен қысқы бораны, жайлауы мен жайлы шуақ түні үлкен суреткердің қолымен жарқын суреттеліп, романға өн берген.

Бұл дәуірде негізінен  тарихи роман өзгеше тездікпен дамыды. Ол басқа жанрлардың бәрінің алдына шықты. Халықтың өткен тарих пен оның негізгі оқиғалары, ел болу дәстүрі, бостандық, азаттық идеяларының таралуы, сол бір тұстарда ел басқарған, ел намысын қорғаған азаматтар жайында білуге құмарлығы артты. Ұлттық сананың оянып, қазақтардың елдің салты жайында ойлана бастауы да коммунистік режимнің жібі босай бастағанының белгісі еді. Тарихи роман жанрындағы М.Әуезов дәстүрін жалғастыра отырып, қазақ романшылары осыған ұқсас әлемнің озық әдебиетінен сабақ алды. Тарих үлгісін өз дәстүріне сүйене отырып дамытты. Осы бір тұстағы тарихи роман жанрының жедел өсіп. ондағы қазақ халқы елдігін, арғы-бергі тарихын кең толғап, көркем талдауда І.Есенберлин, М. Мағауин, Ә.Кекілбаев, С.Мұқанов, Ә.Әлімжанов, С.Жүнісов, Д.Әбілов, С.Сматаев, Ш. Мұртаза, З.Ақышов, Ж.Молдағалиев, Д.Досжанов т. б. жазушылар белсенді еңбек етті. Қазақ тарихына жұрт назарын аударуда әдебиеттің жетекші рөл атқарып, қоғамдық ой-пікірдің басқа салаларына ықпал етуі осы авторлар еңбектерімен тікелей байланысты.

Елуінші жылдардың бас  кезіндегі қазақ тарихына байланысты талқылаулар, көрнекті тарихшылар мен ғалымдардың қуғындалуы әдебиет алдында тарихи тақырыпты біржола жауып тастағандай еді. Орыс халқымен достықты жазған жекелеген шығармалар болмаса, қазақ тарихының көптеген күрделі мәсе-лелері жабық жатты. Әсіресе Кенесары қозғалысының кертартпа-реакциялық тұрғыдан бағалануы халық тарихындағы азаттық идеясын көтеруге тыйым болды. Осындай ұзақ үнсіздікті алдымен, алпысыншы жылдардың аяғында I. Есенберлин бұзды. Оның ең бір даулы, қиын тарих беттеріне арнаған «Қаһар» (1969) романы әуелде көп адамды шошытты, әрі таңғалдырды. Әуелгі әсер біртіндеп басылды, роман оқылды, орнықты. Көп дауға түскен жоқ. Бұған бірінші себеп — қоғамдағы идеологиялық бақылаудың әлсірей бастағаны болса, екіншіден, жазушының Кенесары қозғалысын бағалаудағы екі жақты көзқарасы болды. Патша отаршылдығының күшейіп, халықтың тұрмыс-тіршілігінің ауырлауы жағдайында көтерілген Кенесары қозғалысының алғашқыда халықтық сыпат алғанын, тілектес жұрттың оның соңынан ергенін көрсете отырып, Ілияс Кенесарының хан көтерілгенінен кейін көтерілістің халықтық сыпаты әлсіреп, жеке бастың хандық мүддесі үстем бола бастағанын суреттеді. Кенесары соңынан ергендердің одан қол үзіп, айрыла бастауы да осыған байланысты. Мұндай концепция билеуші идеология саясатына онша қиғаш та келмейтін еді. Олар көтерілістің осылай бағалануына келіскендік білдірді. Негізінен, Кенесары қозғалысының екі жақты сыпаты жайлы осындай пікір ұстана отырып, Ілияс партияның отаршылдық саясатының қазақ халқының өмірін ауырлатып жібергені, Кенесары көтерілісінің туу заңдылықтары, Кененің жеке басының әскери басқарушылық таланты жайлы жазды. Онда халық адамдарының арман-мұраты мен өкініші, күйініш-сүйініші, олармен тілектес ел басшыларының (Кене және оның айналасы) бейнесі жаңаша ұғым-түсінікте жасалды. Бұрын хан, би, жырау сияқты ел билігіне араласқан адамдар тек үстем тап адамы есебінде теріс бағаланып келсе, Ілияс бірінші рет қазақ әдебиетінде олардың ісі, арман-тілегі, ой-пікірі халық тағдырымен байланысты болғанын ашты. Романда Кенесарыға қоса оның батыр інісі Наурызбайдың, сарбаздары Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Бұқарбайдың тағы басқалардың ерлік бейнелері жасалған. Жазушы қозғалыстың қайшылығын, жеңілу себептерін де жасырмай, жақсы-жаманды айыра көрсетеді. Кененің өзін көтере көрсе-туге тырысуын, кейде өзін қызықтап кететін мінін де, қатыгездігін де ашық айтады.

Сөйтіп, «Қаһар» тарихты  қайта қозғаудың басы болған, халықтың отаршылдыққа қарсы азаттық күрестері жайлы елдің есіне салып, оның санасын оятуға көмектескен шығарма боп тарихка кірді. Қазақ халқының XV ғасырдан бергі тарихы жайлы жаңа романдар («Алмас қылыш», «Жанталас») жазған Ілияс кейін «Қаһарды» осы серияның үшінші кітабы етіп қосты. Бәрі бірігіп, «Көшпенділер» деген трилогияны құрады.

Информация о работе Кеңес дәуір әдебиеті