Кеңес дәуір әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 20:14, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетінің тарихында ең бір шоқтығы биік, белесі мол кезең - кеңес дәуірі әдебиеті. Осы кеңес дәуірі әдебиетін дәуірлеу мен сол дәуір әдебиетінің айтулы тұлғаларының шығармалары туралы ғалымдардың еңбектері аз емес. Кеңес дәуіріндегі әдебиет тарихы қайта жазылып жатқан қазіргі заманда осы уақытқа дейін өз мәнін жоймаған еңбектерді саралап, ой елегінен өткізудің үлкен маңызы бар.

Содержание

КІРІСПЕ ..............3
1 ҚАЗАҚ КЕҢЕС ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУЫ.......................
1.1 Қазақ кеңес әдебиетінің зерттелуі ...............................................................
1.2 Б.Кенжебаев – кеңес дәуір әдебиетін алғашқы зерттеуші
2 КЕҢЕС ДӘУІР ӘДЕБИЕТІН ДӘУІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖАҢАША ПАЙЫМДАУ..............................................................................................................
2.1 1930 жылдардағы қазақ әдебиеті
2.2 Сұрапыл соғыс әсерінен туған әдебиет немесе жауынгерлік тақырыбы
2.3 Жаңғыру кезіндегі әдебиет
2.4 Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуірі
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................65

Прикрепленные файлы: 1 файл

кенес дәуір.doc

— 581.00 Кб (Скачать документ)

Бүгін социалистік қоғам  жоқ. Бірақ адам әрқашан ілгері қарап, өзінің тәуелсіздігі, жақсы өмір үшін күресінен жаңылмайды. Сондықтан әдебиет те жақсылық жолындағы ізденісін өркендете бермек. Адамның осы жолдағы еңбегі мен күресін жырламақ. Қазіргі қазақ әдебиеті осындай жол айрығында түр. Кеңестік әдебиет дәстүрі оған белгілі дәрежеде сабақ болары да даусыз. Жақсысынан үйреніп, жаманынан жирену үшін де оның өткен жолын білу, құндылықтарды танып алып пайдалану қажет.    

 

           тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің тарихы.  

"Қазақ әдебиеті тарихының" бұл соңғы оныншы томы 1991-2001  жылдардағы әдебиетке ғылыми сыпаттама беруге арналған. Атап айтқанда тәуелсіздік кезеңінің бастапқы он жылы ауқымындағы әдеби дамудың ерекшеліктері мен өркен жайып қалыптасуға айналған заңдылықтарын зерттеуді көздейді. Кітап алғы сөз, кіріспеден және көркем туындыларды жанр-жанрымен қарастырған монографиялық тараулардан тұрады. Томға Қазақстан халықтарының әдебиеті, қазақ әдебиетінің аталған дәуірдегі халықаралық байланыстары туралы зерттеулер, әдеби өмір шежіресі және библиографиялық көрсеткіш берілді.

Бүгiнгi дербес Қазақстан - егемен мемлекет болуымен қатар,  демократияшыл қоғам құрылысына кiрiскен ел. Бодандық қапасынан босанып, өз тағдырының кiлтiн өз қолында ұстау, еркiн тыныстап, ерiктi сезiну қай халық үшiн де - ұлы оқиға, қайталанбас  дәурен, ғажайып құбылыс. Ежелден еркiндiк аңсаған қазақ қауымы үшiн бұдан өткен бақыт, қуаныш болмасқа керек. Әрқашан халқымен  бiте қайнасқан көркем өнер өлкесiнiң өрендерi  елiмен бiрге шаттық шабытына бөленiп,   жасампаз творчествоға жұмыла бет қойды. Ұлы уақыт пафосы, ұлт өмiрiн  жаңғырту рухы егілген көркем туындыларын үстi-үстiне толассыз жамыратып, әдебиетiмiздiң  жаңа тарихын бастап та кеттi.

Қазақ әдебиеті тарихының соңғы оныншы томы құрылымы жағынан негізінен бұған дейінгі томдардың ізін басады. Өткендегідей әдеби даму процесінің бел-белестерін талдауды жіктеудің жанрлық принціпін басшылыққа ала отырып жүргізеді. Әдеби кезең шығармаларын тақырып-тақырып бойынша тексереді. Өзгешелігі, бұл кітапта жеке жазушылардың өмір жолы мен шығармагерлігі туралы монографиялық очерк беру қажет деп табылмады. Себебі тәуелсіздік кезеңі әдебиеттің идеялық-эстетикалық һәм стильдік жаңалықтарына шешуші ықпал  жасаған жазушылар легі әлі толық түзіліп болған жоқ. Оның бер жағында кезеңнің өзі де әлі толысу үстінде. Құбылыс ретінде түпкілікті қалыптасып үлгіре қойған жоқ.

Бұл томды жазу iсiне  сақа әдебиеттанушылармен қатар, орта буын, жас зерттеушiлер қатыстырылды. Олардың iшiнде атап айтқанда, филология ғылымдарының докторы, профессор  Ш.Елеукенов ("Алғы сөз", "Кiрiспе", "Роман", "Повесть, хикаяттар"), жазушы, сыншы, "Қазақ әдебиетi" газетiнiң бөлiм меңгерушiсi Д. Рамазан ("Әңгiме"), филология ғылымдарының кандидаты С.Байжанов, әдебиетшi К.Бейсенбiқызы ("Деректi әдебиет"), филология ғылымдарының докторы А.Мархабаев ("Фантастика"), жазушы, оқытушы ғалым Ү.Уәйдаұлы ("Сатира"), филология ғылымдарының кандидаты Ә.Қайырбеков ("Лирика"), филология ғылымдарының докторы, профессор Ә.Нарымбетов ("Поэма", "Әдеби өмiр шежiресi", "Әдебиет көрсеткiшi" - 1991-1997 жылдар), ғылыми қызметкер А.Қалиасқарова ("Әдебиет көрсеткіші" - 1998-2001 жылдар), профессор Ә.Сығаев ("Драматургия"), филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Мамраев, филология ғылымдарының кандидаты С.Ананьева ("Қазақстан халықтары әдебиетi"),  филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Тұрысбек ("Әдебиеттану"), филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Әбдезұлы ("Әдеби көркем сын"), филология ғылымдарының докторы, профессор М.Маданова ("Қазақ әдебиетiнiң халықаралық байланыстары")  секiлдi зерттеушiлер бар.  

  

  

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Әуезов М.  Әдебиет тарихы. Алматы: «Ана тілі» 1991ж 339 б.

2 Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы: «Ана тілі» 1991ж 287 б.

3 Сүйінбай Аронұлы. Ақиық. Алматы: «Жазушы» 1975ж. 138 б.                                  

           

 4 С.Негимов  Ақын- жыраулар поэзиясы: Генезис. Стилистика. Поэтика. Оқу құралы. А. ,2001.406 б.

5  Далгат У. Б. Литература и фольклор. М., 1981.  С. 8 

6  М. Дүйсенов Әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі. А., 1962, 158 б.

7  М. Базарбаев Өлең -  сөздің патшасы, сөз сарасы. А.,1973, 356 б.

8  Келімбетов М. Көркемдік дәстүр жалғастығы. Астана, 2000, 68б.

9  Жармұхамедұлы М. Айтыс өнерінің арғы тегі мен дамуы. Алматы, 2001.311 б.

10  Бердібай Р. Ғасырлар толғауы. Алматы, 1977. 98 б.

11 Бердібай Р. Айтыс әлемі. Түркістан, 2000. 144 б.

12  Бердібай Р. Ел боламыз десек... Алматы, 2000. 58б.

13  М. Әуезов Қазақ әдебиетінің тарихы Алматы қ./1964, 388 б.

14  Н. Төреқұлов Дастан ата, Жамбыл Жабаев Алматы қ./1989ж 4 б.

15  Энциклопедия Казақ Совет Энциклопедиясы Алматы қ./1977  166 б.

16  Е. Ысмаилов. Ақындар. Алматы қ. 1956 ж. 105б.

17  Ж. Жабаев Үш томдық шығармалар жинағы1955 ж Алматы қ. 30 б.

18  Қ. Жармағамбетов Ж. Жабаевтың өмірі мен творчествасы Алматы қ. 1944 ж. 30 б.

19 Т. Жароков Воспоминания о Джамбуле Г. Алматы  1956 г. 115 стр.

20  М. Қаратаев Ақындар ақсақалы Жамбыл Алматы қ. 1958ж133 б.

21  Сүйіншалиев Х.Қазақ әдебиетінің тарихы.Оқулық.А.1986.501 б.

22  Сүйіншалиев Х.19 ғасыр әдебиеті. Оқулық.А.1991.366 б.

23  Үш ғасыр жырлайды. Хрестоматия.(Құрастырған Қыраубаева А, А., 1991.401 б.

24  Келімбетов Н, Қанафин Ә.19 ғасыр әдебиеті.Оқулық-хрестоматия.А.,1996.201 б.

25  Қыраубаева А.Ғасырлар мұрасы.Зерттеу.А.,1998.287 б.

26  Келімбетов Н.Қазақ әдебиеті бастаулары.Зерттеу.А.,1998.115 б.

27  Айдаров Ғ. Бес ғасыр жырлайды. А.,1986.152 б.

28  Жолдасбеков М.Асыл арналар.А.,1986.198 б.

29  19 ғасыр әдебиеті туралы зерттеу.А.,1983.304 б.

30  Қазақ ССР тарихы.1-том.А.,1980. 99 б.

31  Жұмалиев Қ. 18-19 ғасырлардағы қазақ әдебиеті.А.,1985.121 б.

32  Ахметов З.Әдебиеттану терминдерінің сөздігі.А.,1996.257 б.

33  Әуезов М.Әдебиет тарихы.А.,1991.431 б.

34 Байтұрсынов А.Әдебиет танытқыш.Шығармалары.А.,1989.225 б.

35 Бейсенбайұлы Ж.Қазақ шежіресі.А.,1994.305 б.

36 Бердібаев Р.Дәстүр тағылымы.А., 1973. 97 б.

37 Бердібай Р.Эпос—ел қазынасы.А.,1995. 177 б.

38 Бекхожин Қ.Дәстүр және жаңашылдық.А.,1969. 55

39 А. Байтұрсвынов. Шығармалары, Алматы, 1989, 227- б.

40 Мүсірепов  Ғ. Суреткер парызы. А., 1970. 441б.

 

                           

 

 

        

 

 

 

 

 

   

     

 

 

 

 

 

           

 

 

            

       




Информация о работе Кеңес дәуір әдебиеті