Қылмыстың көптігінің түсінігі мен белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 16:32, реферат

Краткое описание

«Криминология» термині «crimen» деген латын және грек «logos» сөздерінен құралған: біріншінің мағынасы «қылмыс» болса, екіншінің «ғылым», сонда «қылмыс туралы ғылым». Егерде қылмыстық құқық заңды мінездемелікте және құқықты қолдану тәжірибеде қылмысты, жауапкершілікті, жәбірлеуді зерттесе, криминология қылмыстық себептері мен шарттарын, қылмыскердің жеке тұлғасын және қылмыстардың алдын алуды кең тараған әлеуметтік құбылыс ретінде зерттейді. Криминология осы құбылыстарды сараптай отырып, жүйелі ғылыми концепцияны құрып, әр тарихи формациялардағы қылмыстарға заңдылық сипаттама беріп, қылмыстардың табиғи себептерін, шарттарын, жою жолдарын анықтайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

криминология перевод.doc

— 543.00 Кб (Скачать документ)

          1 БӨЛІМ Ұғым, әдіснама, жүйе және криминологиялық міндеттері.

 

  1. Криминологияның жүйесі мен пәні.
  2. Кез- келген ғылым мен пәнді зерттеудей, криминологиямен танысар алдында, оның ең алдымен зерттейтін объектілері жөнінде, басқа ғылымдардың жүйесіндегі рөлі туралы және өзіндік жеке жүйесі туралы түсінік алған жөн.

«Криминология» термині  «crimen» деген латын және грек «logos» сөздерінен құралған: біріншінің мағынасы «қылмыс» болса, екіншінің «ғылым», сонда «қылмыс туралы ғылым». Егерде қылмыстық құқық заңды мінездемелікте және құқықты қолдану тәжірибеде қылмысты, жауапкершілікті, жәбірлеуді зерттесе, криминология қылмыстық себептері мен шарттарын, қылмыскердің жеке тұлғасын және қылмыстардың алдын алуды кең тараған әлеуметтік құбылыс ретінде зерттейді. Криминология осы құбылыстарды сараптай отырып, жүйелі ғылыми концепцияны құрып, әр тарихи формациялардағы қылмыстарға заңдылық сипаттама беріп, қылмыстардың табиғи себептерін, шарттарын, жою жолдарын анықтайды.

  1. Сондықтан, криминология дегеніміз - әлеуметтік- құқықтық ғылым, қылмысты, қылмыскердің тұла бойын, қылмыстың себептері мен шарттарын және сол қылмыстардың алдын алу жолдары мен тәсілдерін, жою тәсілдерін зерттейді. Әлеуметтік ғылым ретінде криминология теориялық білімді жүйелей отырып, құбылыстар мен процестерді суреттеп, түсіндіріп, болжап, олардың пайда болу, тарау, өзгеру жөнінде заңдылық өзгерістерді қалыптастырады. Үлкен көлемін де алынған қылмыстар саны, реттеу жөнінде ұқсастық көрсетеді. Криминология теориялық білімді тек жинастырып қоймай, қылмыстардың алдын алу және жою жолдарын қарастырады. Осы жұмыстарға белсене қатысу үшін, ғылымда өзгеруге тиіс. Қазіргі заман талабы- ғылыми идеялар қашанда озық болу қажет, өйтпегенде артта қалар қауып төнеді.
  2. Криминология пән ретінде мазмұнына сай 4 негізгі бөліктерді құрайды, әлеуметтік құбылыстарды зерттейтін 4 топ:

а) қылмыс тарихи әлеуметтік және қылмыстық- құқықтық өзгерілетін құбылыс ретінде берілген мемлекетте белгілі уақыт ішінде жасалған қылмыстар түрінде. Ол сапалық- сандық көрсеткіштермен белгіленеді: деңгей, құрылыс және динамика. Қылмысқа жатпайтын заң- бұзушылықтар (ішімдік, нашақорлық, жұмыстан бас тарту) өте тығыз байланыста болғандықтан негізгі қылмыстарға, криминологияда қылмыстардың себептерін, шарттарын, алдын алу шараларын сараптағанда қаралады. Бірақ, осы құбылыстарды зерттеу, олармен күресі өзекті мәселелері толық көлемінде криминология пәніне кірмейді.

ә) әлеуметтік- рөльдік, әлеуметтік- психологиялық, әлеуметтік- демографиялық сипаттамалар бойынша қылмыстық субъект ретінде қылмыскердің тұлғасы. Қылмыскер жөніндегі мәлімет және қылмыстардың түрлері қылмыстардың себептері жөнінде хабарламаларды толықтырады. Жеке тұлғаны зерттеу жаңа қылмыстардың алдын алу үшін де жүргізіледі (рецедив).

б) криминогендік детерминанттар, немесе қылмыстың себептері және шарттары көптеген құбылыстардың қылмыстық туындылыларыннан құрылады. Олар: әлеуметтік- негативтік экономикалық, идеологиялық, әлеуметтік- психологиялық, ұйымдастыру- меңгерушілік. Қылмыстық себептер мен шарттар көптүрлі мазмұны, табиғаты, механизмына байланысты түрлі деңгейлерде зерттеледі: жалпы қылмыстық себептер мен ишарттар, жекелеген топтық қылмыстар, жеке қылмыс.

в) мемлекеттік және әлеуметтік шаралар жүйесі ретінде қылмыстың алдын алу, себептер мен шарттарды жою, әлсірету және қылмысқа бейім адамдарға коррекциялық жұмыстар жүргізу деп табылады. Қылмыстардың алдын алу жүйесінің бөлінуі: мазмұны, субъекттер, қимыл механизміне, бағытына қарай.

       Криминологияның  4 бөлігі де өте тығыз байланыста.Бірінші  үшеуінің  зерттеуі (қылмыстық, қылмыскердің тұлғасы, қылмыстықтың себептері мен шарттары) қылмыстардың алдын алу туралы ғылымның негізі болып табылады.

Криминология қоғамдық ғылымға жатады, қоғамтанудың бір  бөлігін құрайды. Қоғамдық ғылымдардың  ішінде ол әлеуметтану мен құқықтанулардың қиылысында орналасқан.

       Криминология  құқықтануға жату себебі- оның  зерттейтін құбылыстар қылмысты- құқықтық сипаттамаларға тән:  қылмыс, қылмыскер, административтік- құқықтық ұғым. Алдын алу жүйеге  де, шараларда да құқықтық негізбар, ал қылмыстықтың себептері мен шарттары, қылмыскердің қалыптасуы құқықтық сана сезімге, психологиялық құқықпен байланысты. Сонымен қатар, қылмыстардың алдын алу тек қана құқықтық сипаттаманы емес, әлеуметтік сараптаманы қажет етеді. Сондықтан, криминалистика әлеуметтік- құқықтық ғылым және оқулық пән.

Қылмыстық заң криминологиямен  тығыз байланыста. Заң қылмыстарға, қылмыскерлерге сипаттама береді. Ал криминология ғылым ретінде қылмыстық  заңға қылмыстық деңгей жөнінде  мәліметтер бере отырып, болжау жасауға, алдын алу, жазалау, жазалауды ауыстыру, істерді қылмыстық деп ажыратуда көптеген көмек көрсетеді. Қылмыскермен күресте осы 2 ғылымның байланысы зор.

Қылмыстық процесс және прокурорлық қадағалау ғылымдары  криминология мен байланыста. Біріккен істер құқықтық қарым- қатынастарда білінеді. Қылмыстықты анықтау, істі жүргізу, дәлелдеу, жәбірлеу, соттау, жазалау қылмыстардың себептері мен шарттарды анықтап жоюдағы шараларда.

Криминалистика қылмыстардың себептері мен шарттарын анықтау, адамдармен заттарды осы қылмыстардан қорғау жөнінде әдіснама құрайды (мысалы үшін сигнал, блокировка әдістері). Сонымен қатар, осы қорғану істерінде криминология негізгі бағыттарын көрсетіп, қылмыстардың құрылысы, бір келкілігі, криминогендік жағдайлар туралы, алдын алу шаоалар жөнінде ұсыныстар жасайды.

Түзету- еңбектің құқық және криминология тығыз байланыста қылмыстық рецедивпен, жазалаудардың орындалуы мен  күресте көрінеді. Жазалаудың ретін  бақылайтын түзету- еңбектік құқық  болса, криминология қылмыстардың себептерімен шарттарын, олардың жою жолдарын анықтайды. Осы екі ғылым жәбірленушінің түзелу, қайта тәрбиелену, қылмыстардың алдын алу, жазаны басқа шаралармен ауыстыруда ұсыныстар жасайды.

Қылмыстық- құқықтық статистиканың  көрсеткіштері криминология кеңінен  пайдаланады, өйткені ол топтық құбылыстарды, көптеген қылмыстарды, себептер мен шарттарды, қылмыскердің тұла бойын, көпсалалы қылмыстардың алдын алу жүйесін зерттейді. Статистикалық әдіс үлкен мүмкіндікті береді. Қылмыстық  статистика істеліп- жатқан шаралардың дұрыстығын дәлелдейді.

Үкімет және административтік құқық ғылым ретінде криминологияға керекті мәліметтер бере отырып, ақаулықтар кейін қылмысқа айналуы мүмкіндігіндәлелдейді. Ал криминология үкімет және қоғамдық ұйымдардың жұмыстарының мазмұнын, міндеттерін, нәтижелігін қылмыстардың алдын алу жөнінде зерттейді.

Азаматтық және жанұялық, неке құқығы криминологияға қылмыстар жөнінде  жанұылық қарама- қайшылық туралы, ажырасу  туралы мәліметтер береді.Олар жанұяны  қорғау, ана мен баланы қорғау, тұрмыстық  қылмыстардың алдын алу, кәмелетке  толмағандармен жұмыс істеуде көмек көрсетеді.

Криминологиялық сараптамада қызметтік  қылмыстарды ашу үшін экономиялық  статистиканы және саясаттық экономиканы  білу қажет.

Қылмыскердің мінезін зерттеуде  криминологияда әлеуметтік психологияның  рөлі өте зор. Кәмелетке толмағандардың қылмыстарын зерттеуде, тұрмыстық қылмыстар, рецедивті ашуда психологияны білу керек.

Педогогика және криминология тығыз  байланыста, өйткені оқыту, тәрбиелеу  саласындағы көкейтесті мәселелер  қылмыскерлерді, қылмыстарды ажыратуда, олардың алдын алу шараларын ұйымдастыруда септігін тигізеді.

Қорытындай келе, криминология көптеген ғылымдармен тығыз байланыста, әлеуметтік- құқықтық табиғаты анық. Осыған қарамай, криминология өзіне тән ұғымымы  мен, міндеттер мен әдіснамасы мен  айрықшаланады.

Криминология екі негіздерден құралады: зерттеу заты және ғылыми- практикалық мәліметтерді жалпылау деңгейі бойынша.

Зерттеу заты бойынша 4 негізгі көкейтесті мәселелер құралады: қылмыс, қылмыскердің тұлғасы, себептермен шарттар қылмысқа әкелген, қылмыстар мен жеке қылмыстың алдын алу шаралары.

Жалпылау деңгейі бойынша мәлімет  жалпы бөлімге және айрықша бөлімге  бөлінеді. Жалпы бөлімде қылмыстар  жалпылама түрінде беріледі, арнайы, жеке түрлеріне бөлінбейді. Айрықша  бөлімінде криминологиялық сипаттама  жекелеген қылмыстардың түрлері бойынша беріледі, мазмұндарына қарай (жеке пайда, күш пайдалану, т.б.) қылмыскердің ерекшеліктері бойынша (кәмелетке толмағандар, рецедивтік қылмыс және т.б.)

Кеңестік криминология өз пәні және табиғаты бойынша буржуазиялық криминологиядан принципиалды түрде ерекшеленеді.Буржуазиялық криминологияға мәселенің нақты еместігі, әртүрлі елдерде әртүрлі авторлардың криминологияның зерттеу пәнін түсінуден біртұтастықтың болмауы тән. Буржуазиялық криминологияға тән: антилегалистік тұғырнама, немесе криминологияға құқықтық пәндерді, ең бірінші кезекте қылмыстың құқығына қарсықоюшылық. Сондықтан капиталистік елдерде криминология заңдық емес, әлеуметтік деңгейде медицина қызметкерлеріне, биологтарға оқылады, ал заң қызметкерлеріне сирек оқылады.

Америкалық криминологтар оқулықтарына басбостандықтан айыру орындары туралы бөлімдер еңгізсе, франциялық авторлар биологияға, соттық және жалпы психиатрияға көп көңіл бөлуде. Американдық ағылшын кітаптарында маңызды деп қылмыстардың сипаттамасы саналса, француз, итальяндықтарда қылмыскерге, оның тұла бойына көп назар аударады. Буржуазиялық криминологтардың жұмыстарында қылмыстардың себептері жөніндегі бөлімін аз қамтылған, жалпы бөлімінің мәліметтері жүйелі түрде қамтылмаған қылмыстар мен қылмыскерлер туралы сұрақтар жүйелі түрінде байланыс таппаған және қылмыстардың алдын алу шаралары жөнінде анық айтылмаған.

 

Криминологиялық міндеттері мен әдіснамасы.

 

1.Криминологияның базасы басқа да ғылымдардікі сияқты зерттеулердің ғылыми дәлелі мен олардың нәтижелерін анықтайды.

  Әлеуметтік құбылыстардың кезөкелген  терең,жан-жақты және нағыз танымдық  маркстік-лениндік,диалектикалық және  теориялық-практикалық іс-әрекеттің  жалпы әдіснамасы ретінде тарихи  материализм қамтпмасыз етеді.

  Тарихи қағидаларға,құбылыстардың  жалпылама қатынастары, топтық көзқарас,материалистік диалектиканың негізгі категорияларына сүйене отырып,құбылыстардың  әрекеттесуініңдиалектикалық сипаты мен материалистік мәнін ескере отырып, кеңестік криминология қылмыстық пайда болуының заңдылығын,болуын,өзгеруін,алдын алуын және оның себептері мен жағдаяттарын көрсетеді,яғни қылмыстың алдын алу мен жойылуына ықпал етуді мақсат етеді.

   КОКП бағдарламасында былай  делінген: «Социалистік қоғамның  обьективті  қарама-қайшылықтарының  ғылыми талдауы,оларға рұқсат етілуі туралы негізделген ұсыныстардың жасалуы- қазіргі қоғамның дамуы кезеңіндегі қоғамдық ғылымның кезек күттірмес міндеті». Криминологиялық зерттеулерде сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге айналу,қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі және терістеуді терістеу заңдарының сан мен сапа категорияларын зерттеу,ішкі мен сыртқы,мазмұны мен формасы,мән мен құбылыс,ерекше мен жалпы,мүмкін мен нақты таным категориялары қолданылады т.б.

2.Тарихилық қағидасы өткеннен  осы күнге, одан болашаққа дамудың  криминологиялық құбылыстардың талдамасы мен криминогенді және антикриминогенді тенденцияларын міндеттейді. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, мән мен құбылыс, қажеттілік пен кездейсоқтық, мүмкіндік пен нақтылық категорияларын қолданып, кеңестік криминология қылмыстық өзгеруінің ғылыми-практикалық болжамына, оның себептері мен шарттарына, алдын алу әсеріне көп көңіл бөледі. Құбылыстардың өзара байланысы қағидасы қылмыс пен қылмыс жасаудың себептері мен шарттарының негізінде жатыр. Әлеуметтік құбылыстарды зерттеудегі  топтық көзқарас қағидасы қылмысжасаудың мәні мен табиғаты, оның себептері мен шарттарын қарастырады.

   Диалектика заңдары, қарама- қарсылықтардың категориялары қазіргі  қоғамдағы қылмыс жасаудың себептері  мен шарттарының криминологиялық  талдауының негізінде жатыр. Ескінің жаңамен күресі диалектикасының зерттеулері қылмыс пен оны жасау профилактикасының ғылыми ұсыныстарына негіз болады.

   Диалектиканың мән мен  құбылысы, жалпы және ерекше, қажеттілік  және кездейсоқтық сияқты категориялары  қылмыс жасаудың жалпы қатынасы, олардың себептері мен шарттары арасындағы қатынасты, қылмыскер тұлғасының криминологиялық сипаты арасындағы қатынасты талдау кезінде қажет.

   Криминологиялық зерттеулерде  негізгі рөлге жүйелі әдіс  негіз болып отыр. Ол криминологиялық  құбылыстарды жүйе ретінде қарастыруды ұсынады, яғни бұл жүйенің ішкі және сыртқы элементтер мен жүйешелер көптігімен анықталады.

3. Кеңестік криминология буржуазиялықтан айтарлықтай өзгешелігі мен ерекшеленеді. Буржуазиялық криминологияға клюрализм әдістері (көптік) тән. Онда әдіснама криминологиялық құбылыстарды зерттеудің әдістері мен қағидаларының жүйесі ретіндегі түсіндемелер кең тараған, яғни нақты амалдардың, криминологиялық зерттеулерді жүргізу құралының жиынтығы. Тарихи емес көзқарас та бар, ол бойынша қылмыс жасау «мәңгілік» құбылыс деп қарастыру.

Информация о работе Қылмыстың көптігінің түсінігі мен белгілері