Қылмыстың көптігінің түсінігі мен белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 16:32, реферат

Краткое описание

«Криминология» термині «crimen» деген латын және грек «logos» сөздерінен құралған: біріншінің мағынасы «қылмыс» болса, екіншінің «ғылым», сонда «қылмыс туралы ғылым». Егерде қылмыстық құқық заңды мінездемелікте және құқықты қолдану тәжірибеде қылмысты, жауапкершілікті, жәбірлеуді зерттесе, криминология қылмыстық себептері мен шарттарын, қылмыскердің жеке тұлғасын және қылмыстардың алдын алуды кең тараған әлеуметтік құбылыс ретінде зерттейді. Криминология осы құбылыстарды сараптай отырып, жүйелі ғылыми концепцияны құрып, әр тарихи формациялардағы қылмыстарға заңдылық сипаттама беріп, қылмыстардың табиғи себептерін, шарттарын, жою жолдарын анықтайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

криминология перевод.doc

— 543.00 Кб (Скачать документ)

4. Рецидивистердің  әр 10 қылмыстың алты-жетеуі еңбекпен  түзету мекемелерден босатылғаннан  кейінгі бірінші жылы жасалынады, ал бостандықтан айырылумен байланысты  емес жазаға тартылғандар- түзету  жұмыстарының немесе сынау мерзімінің бірінші  жылында. Рецидивтік қылмыстың осы бөлігінде босатудан немесе сынау сотталудан кейінгі бірінші күндері, не жұмалары жасалған рецидивтің үлесі зор. Бұл көрініс сынау сотталғандар мен еңбекпен түзету мекемелерінен босатылып шыққандар үшін қоғамдық бейімделуге жағдай жасайтын шаралардың мезгілсіздігі мен жеткіліксіздігінен пайда болады.   Мысалы осындай адамдарға әлеуметтік көмек тек бір реттік кеңес пен жұмысқа жолдамамен   шектеледі, ал шын мәнінде осындай адамдарға жаңа жағдайларға бейімделу уақыты бойынша олардың өзін-өзі ұстауына, уақытын өткізулеріне, байланыстарына қарқынды әлеуметтік бақылау қажет. 

5. Рецидивтік  қылмыстың алдын-алу үшін алғаш  рет қылмыс жасаған адамның  рецидивистке айналуына, рецидивистің  қылмыстық әрекет жасауының жалғастыруына, және қайталама рецидивиситке айналуына себеп пен жағдайларын айырудың маңызы зор. Қылмыстық іс-әрекетке қайту қажырлылықтың өсу барысында ортаның кері әсері мен жағдайлары емес, тұлға ұстанымдары маңызды рөл атқарады; соған сәйкес рецидив себептері мен жағдайларында осы ортаға әлеуметтік бақылаудың жеткіліксіздігі үлкен әсерін тигізеді.

§ 4. Рецидивті қылмыстарды алдын-алу

1. Жоғарыда  сипатталған рецидивті қылмыстардың  себептері мен жағдайларына сәйкес  рецидивті алдын-алу арнайы шараларын бөлуге болады, олар алдын ала  тергеу жұмыстары мен сот қарастыруымен, қылмыстық жазалармен (оларды ауыстыратын шаралармен) және олардың жүйесімен, жазаларды орындаумен, рецидивті-қауіпті контингентпен, күнделікті және демалыс ортаныы жақсарту жұмыстарымен байланысты.

2. Алдын-ала тергеу мен сот қарастыру келесі жағдайларды қамтамасыз етуі шарт:

а) қылмыскерлердің  нақтылы жазасы;

б)  қылмыскер  тұлғасына, қылмыс себебіне сәйкес келуін қамтамасыз ететін негізгі мәлеметтер;

в) қылмыстық  іс-әрекет жасауының жалғастыруды кесетін шаралар таңдау. Іс мәліметтері бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу өте маңызды, бұл жұмыс келесі бағыттарда істелінеді: қылмыстық ұялардың жұмыстарын тоқтатуда, құқық бұзушылыққа бейім топтарды айыру, өзінің әрекетсіздігімен рецидивистерге қолайлы жағдай жасайтын адамдарды   қылмыстық жауапкершілікке тарту.

3. Қылмыстық   жазаларға және олардың  жүйесіне шаралардың қадамдық дифференциациясы мен жекелеуді іске асыру қажет. Қылмыстық заңның 1987 жылғы өзгертулер осы маңдағы өзара  байланысқан  үш мәселені шешті:

а) қарқынды бақылауды  қамтамасыз ететін  бас бостандығынан  айырудың артығын шаралардың кеңеюіне  байланысты алып тастау ;  осы жолмен сотталғандарды бостандықтан айрылу мекемелерде  де, сыртында да  криминогенді «жұқтыру» қарқынын  азайту

б) рецидивтермен  күресу  үшін қылмыстық-құқықтық шаралардың күшейуі(жазасын тарту мерзімінде қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін қылмыстық  жауапкершілік енгізу, сонымен қатар, еңбекпен түзету мекемелердің жұмысына кедергі жасайтын әрекеттерге, сонымен қатар сол мекемелердің әкімшілігінің талаптарына құлақ аспау кезінде) шартты –мерзімнен бұрын және шартты босатуды рецидивті қауіпті адамдарды қадағалауды күшейту;көбінесе рецидивистер жасайтын  кейбір қылмыс түрлеріне қолданылатын жаза шараларын күшейту;

в) басқа адамдардың жеке қаржыларына қол сұғатын  тұлғаларға қылмыстық құқықтық мүмкіндіктерінің қатарын кеңейту, осы тұлғалар рецидивті  қылмыс жасауға бейім болып келеді.

4. Қылмыстық  жазаларды(және оларды ауыстыратын  шаралар) іске асыру үшін келесі шаралар қолданылады:

а) сотталғандарды орналастыру барысында олардың  деморализациялық деңгейін ескеріледі;

б) сотталғандардың  қатынастарына тәртіптік бақылау  алу, осы бақылау аса қатерлі  қылмыскерлер арасында  қоғамға  қарсы немесе топтар құрылуын, қару жарақ жасалудың, алкогольді сусындар, нашахор тасымалдауын алдын алу үшін жасалынады;

в) қылмыс жасаймын деген ниет білдірген немесе қылмыстық  ортаның дәстүрлерін басқаларға күштеп міндеттеген адамдарды бақылауға  алу;  мақсатты орналастыру сотталғандар ортасында аса қатерлі қылмыскерлерімен иерархия мен криминогендік алдын алып, жойып тастау үшін кеңінен қолданылады;

 г) саяси-тәрбиелік   жұмыстың тақырыбына қосылу, осы  тақырып қылмыстық ортаның салт  дәстүрлерін ашып қана қоймай, қылмыскерлердің қоғам алдындағы өз күнәлары мен міндеттерін мойындап, оларды басқалардың алдында түзеуге итереді;  

 д) Сотталғандардың  қылмыстық іс-әрекеттті істеу  кезіндегі қылмыстық-құқықтық шараларды  қолдану.

е) тәртіптің  қоғамға қауіпсіз болжауы дәлелденсе, оған шартты-мерзімнен бұрын  және шартты  түрде босату қолданылады.

ж) бас бостандығынан  айыру мекемесінен шартты түрде  шыққан  тұлғаларға  арнайы комендаттура  міндетті түрде еңбекке тарту  шараларын жүргізеді.

5. Тұлғаларды  үй және еңбекке орналастыру,  өз жазасын өтеген,  сонымен қатар шартты түрде шыққан,  жазадан орындау мерзімі кейінге қалдырылған сотталғандарға  түзету жұмыстарды  халық депутаттар , және  оның  ішкі істер бөлімі, бақылау коммисиясы  бақылайды және ұымдастырады, ал кәмелетік жасқа толмағандарға қатысты жұмыстарды кәмелет жасқа толмаған  істер бойынша коммисия қарастырады.

Бұл жұмыс  түзету-еңбек мекемелерінен  түскен ақпарат арқылы жүзеге асырылады. (шартты түрде босатылған бірақ жұмысқа  міндетті түрде тартылған немесе  шартты түрде жазадан босатылған жұмыстың міндетті мерзімінің аяқталуы) шартты түріндегі жаза,  қаулының мерзімі ұзартылған  сотталғандар соттың қаулысы бойынша жібіріледі. Осы тұлғалардың  жағынан рецедивистік қылмыстың  ісуіне алдын –алу шарасы ретінде оларды  арнай осы мәселеге байланысты  тәжірибесі мол тәрбиелік – профилактикалық жұмыстар жүргізетін кәсіпорындарға орналастыру. Қоғамдық өмірге,  оқуға, еңбекке, үй жағынан көмек тарту.

6.  Арнайы  рецедивисті алдын-алу шарасы  ретінде  мынадай жазалар қолдануда,  белгілі бір қызметпен айналысу  немесе  кейбір  қызметті  алуға рұқсат етілмейді. (Мысалы,   материалдық немесе ақша қаражаттың бөлуі аса қауіпті транспорттарды  жүргізу).

7.      Ішкі істер органы рецедиві  жоғары деңгейдегі  қаупі бар  сотталған тұлғаларға әкімшілік  бақылау тағайындалады. Бас бостандығынан айыру жерлерінен шыққандарға заңда көрсетілген болса:

а) аса қауіпті  рецидивистер;

б) ауыр қылмыс бойынша жазасын өтеген тұлғалар;

в) әдейі қылмысты  екі немесе одан да көп істеген  сотталғандар;

г)  шартты немесе шартты-мерзімді жазадан босаттылған, жаңадан қылмыс істеуі. Әкімшілік бақылау  профилактикалық шара қатарына жатады.

Бөлім XIV. Мас күнемдікпен қылымыс арасындағы криминологиялық сипаттындағы байланыс.

&1. Қылмыстағы себеп пен жайдай жүйесіндегі маскүнемдіктің орны.

Маскүнемдік және ішімдікке салыну – криминогендігі жоғары   қоғамдағы келіңсіз құбылыстар.

Маскүнемдік -  спирттік ішімдіктерді шеттен тыс  пайдаллану және тұлғаның белгілі бір  әлеуметтік – психологиялық деградациясымен  байланысты.

Алкогализм  – шектен асыра пайдалануға дерттік әуестік түрінде көрінеді,ол  тұлғаның әлеуметтік деградациясымен, сондай-ақ пахмелья синдромасымен бірге жүретін, тұлғаның спирттік ішімдіктерден физиологиялық және психологиялық тәуелділігімен сипатталады. Орташа есеппен әрбір  он алтыншы маскүнем, яғни ересек адамдар арасынан алкогольдік ішімдікке әуестік пайда болады. Яғни спирттік ішімдіктерге салынады.

Спирттік  ішімдікке салуныдың шеттен шығу деңгейіне байланысты мынадай жас  мөлшері бойынша топқа бөлінеді: 30-39 жас (маскүнемдік( және 40-49 (ішімдікке салынған). Шеттен шыққан ішімдікке салынған әйелдер ерлерден 4-4,5 есе кем, бірақ олардың саны өсуде.

Жұмыскерлердің  ішінде көбінде квалификациясы жоқ  спирттік ішімдіктерді шеттен аса пайдалану  басым. Олар Квалификациясы жоғары жұмысшылардан 2,5 есе көп жғдайда медециналық айықтырғышқа түседі.

Барлық кәсіп-орындар  арасындағы кәсіби ауыр және зиянды мекелерде  жұмыс істейтін тұлғалар 1,7 есе көп  мөлшерде спирттік ішімдікке дертті әуестікте болады.

Маскүнемдік және ішмдікке салыну қылмыс туындауының басты себептері. Маскүнемдік жағдайда жасалған қылмыс жартысын құраса, ал оның ішіндегі бұзақылық және тұлғаға қарсы қасақана қылмыс 90% құрайды.

Алкогольдің әсерінен қылмыстардың төртінен үшеуі  тону болса, оның біреуі қарақшылық, оның жартысынан астамы жеке мүлікті ұрлау болса, оның қалған жартысы автокөлікпен байланысты қылмыстар.

Қылмыскерлердің спиртке салыну 4 есе жоғары, заңды  сақтаушы тұлғаларға қарағанда.

Жағдайдың көбінде  қылмыстың істелуі, жәбірленушінің мас күйінде болуына  байланысты болады. Олар зорлауда, тұрмысттық қылмыстарда, бұзақылық пен автокөліктерге байлансыты қылмыстарда көп кездеседі.

Автокөлікке байланысты қылмыстарды жәбірленушінің әрбір үшіншісі мас күйде болды.

Спирттік  ішімдіктермен асыра шектен пайдаланушу  тұлғалар ортасында, «ішу» дәстүрлері, мүдде және ниет қылмыстарды жасаудағы себептер болып көбінде пайдалану  кемдік, зорлық қызығушылық және тағы басқа өзара әрекеттескенде болады. Сонымен қатар, қатаң маскүнемшілерде және алкогольдік ішімдіктерге салынған адамдарға даминанатты болып алкогольдік қызығушылық орын алады, алайда өзінің криминогендік қызығушылығының әрекеттесуі де сақталады. Ал тұрмыстық маскүнемділік кезінде ішу қызығушылығы және мүдде біріншіден психофизиологиялық жағдайлары рөлін атқарады, олар позитивті  стериотипінің мінез құлқын алатын немесе кемітеді және криминогенді қызығушылықтың көрсетілуін ынталандырады. Маскінем тұлғалардың көбісі  ішімдік салдарынан апат жағдайларға және дұрыс  шешім қабылдау алмауы: жол жүрідегі  кешугі және спирттік ішімдіктің қанда болуымен байланысты. 12-18 сағаттан кейін  ғана ағзадан спирттік ішімдік жойылады.

 

& 2. Маскүнемдіктің себеп және жағдайының тарихи түбірі.

 

Маскүнемдік және ішімдікке ссалынудың жағдайы  мен себептері жалпы қылмыс пен  маскүнемдік арасындағы криминоглогиялық сипаттындағы сұрақ ретніде қарастырылады. Эскплуатация,  әлеуметтік бұлыңғыр келешек, еттеңгі  күшің алдындағы  қорқымен және жалғыздық, адамгершілікке жат өмірлік жағдайлары, мәдениет жетістіктернің қол  жетілісіздігі – бұның барлығы жұмыскерлердің басты бөлігін «ұмыту», «естен шығару» құралы ретінде алкогольдік және спирттік ішімдіктер шектен асыра пайдалануға  әкеледі. Өз кезегінде имансыз өмір, эскплуататорлық класстар өкілдерін де маскүнемдікке әкеледі.

Спирттік  ішімдіктердің үлкен табысты бизнес саласында маманданған, кәсіпкерлер  жағынан тұтунушыға, әсерлі әрі табанды тармалар арқылы ұстауы да бұл жағдайды нашарлатады. (Мысалы, АҚШ-та бұл саладағы табыс жылына 44 млрд. Долларға дейін жетеді.)

Біздің қоғамда  бұл құбылыс табанды ішу дәстүрлерімен, әдептерімен, және тұрмыстағы өмір сүру тәртібінің стериотипімен байланысты, ол ғасырлармен біздің қоғамда орын алып әлі адамдар тобының  және кейбір адамдардың индивидуалдық саласында сақталған.

Сондай-ақ оның сақталуына маскүнемділік пен алкогольдік әуестікпен күрестегі еңбекті ұйымдастырудағы және мәдени – тәрбиелік жұмыстардың кемшіліктер мен  ол қылықтар да әсерін тигізеді.

XV ТАРАУ.

БҰЗАҚЫЛЫҚ ПЕН  ЗОРЛЫҚПЕН ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТАРҒА  КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

 

$ 1. Бұзақылық  пен зорлықпен жасалатын қылмыстардың жағдайы мен құрылымы .

 

Қылмыстық озбырлықтардан жеке басты қорғау, қылмыстылықты  жоюдың маңызды жүргізушісі –  қоғамдық күзет болып табылады. Бұл  қылмыстар тек қана жәбірленуші  мен оның жақындарына зиянын келтірмейді, сонымен қатар жұмыспен, қоғамдық демалыс орталығын, азаматтардың қоғамдағы қауіпсіздігіне әсерін тигізеді. Осындай қылмыстың элементі бір топтағы маңызды бірлестігі жеке басқа зорлық, криминологиялық жіктеу болып табылады. Зорлық - өмірге қарсы қылмыстардың әрекеті, жүргізуші элементі сияқты өмірде қарастырылған қылмыстар тығыз байланысты. (адам өлтіру, бұзақылық, дене мүшесіне ауыр зиян келтіру)

Зорлықпен жасалатын  қылмыстардың маңызды түрлері – 

    • алдын ала ұйымдастырылып адам өлтіру;
    • дене зақымына ауыр зиян келтіру;

Зорлау – қылмыстылықтық құрылымға қатысты кішкене үлесін құрастырады. Адам өлтірудің беймәлімділігі, дене зақымына ауыр зиян келтіру, зорлау қылмыстылықты ауырлататын жәйттердің ең қысқасы.

Зорлық пен бұзақылықтан басқа түрлеріне қатысты қылмыстарға, көп беймәлімділік. Себебі, жәбірленушілер құқық қорғау органдарына жолықпайды. 8-9 адам өлтіру және аса ауыр дене мүшесіне зиян келтіру оннан бірі ғана  жағдайға байланысты сипатталады, көбінесе ұсақ-түйек ұрыстардан пайда болады, әр-түрлі жанжалдардан пайда болады. Көбінесе ересек адамдар тобында, жан-ұялық жанжалдар көбееді. Осылардың көбі зорлықпен жасалған қылмыстылық ниет. 5-ң ішінде 4 жәбірленуші қылмыскердің танысы немесе туысы болып табылады. Осылардың көбі өздерінің қылмыстарына байланысты қылмыстылық жағдай тудырады.

Информация о работе Қылмыстың көптігінің түсінігі мен белгілері