Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 16:32, реферат
«Криминология» термині «crimen» деген латын және грек «logos» сөздерінен құралған: біріншінің мағынасы «қылмыс» болса, екіншінің «ғылым», сонда «қылмыс туралы ғылым». Егерде қылмыстық құқық заңды мінездемелікте және құқықты қолдану тәжірибеде қылмысты, жауапкершілікті, жәбірлеуді зерттесе, криминология қылмыстық себептері мен шарттарын, қылмыскердің жеке тұлғасын және қылмыстардың алдын алуды кең тараған әлеуметтік құбылыс ретінде зерттейді. Криминология осы құбылыстарды сараптай отырып, жүйелі ғылыми концепцияны құрып, әр тарихи формациялардағы қылмыстарға заңдылық сипаттама беріп, қылмыстардың табиғи себептерін, шарттарын, жою жолдарын анықтайды.