Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 16:32, реферат
«Криминология» термині «crimen» деген латын және грек «logos» сөздерінен құралған: біріншінің мағынасы «қылмыс» болса, екіншінің «ғылым», сонда «қылмыс туралы ғылым». Егерде қылмыстық құқық заңды мінездемелікте және құқықты қолдану тәжірибеде қылмысты, жауапкершілікті, жәбірлеуді зерттесе, криминология қылмыстық себептері мен шарттарын, қылмыскердің жеке тұлғасын және қылмыстардың алдын алуды кең тараған әлеуметтік құбылыс ретінде зерттейді. Криминология осы құбылыстарды сараптай отырып, жүйелі ғылыми концепцияны құрып, әр тарихи формациялардағы қылмыстарға заңдылық сипаттама беріп, қылмыстардың табиғи себептерін, шарттарын, жою жолдарын анықтайды.
Арнайы және жалпы рецидивтің қатынасы бойынша, көрініс қылмыс түрлеріне байланысты өзгереді. Осылайша, арнайы рецидив бөлігі алаяқтық жасау, бұзақылық жасау, тонау, қасақана жасалған зорлау, қаңғыру рецидивінікінен жоғары болады.
Рецидивтік
қылмыстың ішкі құрылымымен қатар
рецидивистердің әр түрлі қылмыс
түрлерінде қатысу көрсеткіштері де
едәуір орынды алады. Осындай қатысушылықтың
ең маңызды көрсеткіштері
7. Рецидивті қылмыс жасау деңгейі, оның қоғамға деген зияны төмендеген. Азаматтық соғыс кезінде және одан кейінгі жылдары рецидивті қылмыс жасау кең етек жайған және ол көп жағдайларда контрреволюциялық іс-әрекетпен байланыста болған. Рецидивистердің тізімін сол кезде кәсіптік қылмыскерлер және, кулактар, саудагерлер және жеке меншігі бар қоғам арасында мықты байланыстарға және көптеген қылмыстық ұяларға, ұрланған затты сату орындарына арқа сүйеген, декластанған элементтер құраған. Рецидивтің құрамында бандитизмнің, контрабанданың, ауыр зорлық және ұрлық саны көп болған. Әлеуметтік құрылыс табыстарының негізінде рецидивті қылмыс жасаумен күрестің нәтижесінде 20 жылдардың аяғында — 30 жылдардың басында осы қылмыс түрінің санының, ауыр қылмыс бөлігінің, онда кәсіптік қылмыскерлер мен декластанған элементтердің қатысуының азаюына әкелді. 40-шы жылдары кәсіптік және декластанған элементтердің қылмыстары жойыла бастады да, рецидивтің санын өте азайтты. Ұлы Отан соғысы кезінде және одан кейінгі бірінші жылдары жағдайдың уақытша күрделенуі осы бағыттың өзгеруіне әкелді. Алайда, арнайы және көп реттік рецидивтің саны, рецидивистердің кейбір ауыр қылмыстарда қатысуының саны, қасақана қылмыскерлік «кәсіп» және рецидивистердің қарулануының саны төмендеп келеді. Осы жағдай рецидивті қылмыспен күресудің маңызының төмендеуін білдірмейді, әсіресе егер оның ерекшеліктері мен қылмыскерлікке деген әсерін және рецидивистер топтарының жалпы қаупін ескерсек.
§ 2. Рецидивті қылмыскердің жеке тұлғасының криминалдық мінездемесі
1. Рецидивистер
қылмыс жолына көбінесе
Рецидивистер қатарында
2. Рецидивистердің
көбісі позитивті
3. Қажеттілік
пен қызығушылық өрісінің
4.Уақытын
бос өткізуі әрдайым
5. Рецидивист тұлғаларға тән ерекшелігі әлеуметтік қоршалу сезімінен айырылу, басқалардан ерекше өмір сүру (осыған рецидивистердің өзінің тұрақты мекен-жайынан айырылу қоса), қылмыстық әлемнің сонымен қатар сол әлемнің ішіндегі иерархия мен топтық ережелерін, салт-дәстүрлерін елге көрсетіп тұрып сақтау. Рецидивистер жаргонға мен «ұрлық романтика» стиліндегі өлеңдерге, алғыр татуировкаларға бейім келеді. Өзін-өзі таныту мен өзін-өзі ақтаудың психологиялық бір әдістері- «жұмыскерлерге» және «мұжықтарға» деген жек көру сезімдерін көрсету, «өзінің» тобын ерекшелету, және сол топта ғана достық пен парыздың алғырлық түсініктері таралуы. Бұл позиция қылмыстық әрекетін жалғастыру себебінде көрінеді, сонымен қатар, еңбек-түзеу мекемелерінің жұмысына нұсқау келтіру қылмысының себебінде, олардың ішіндегі қаскүнемдік тәртіп бұзушылығында, қылмыстық орта дәстүрлерін сақтамаған адамдарға қатысты зорлық әрекеттерінде, қылмыстық және антиқоғамдық әрекеттерге кәмелетке толмаған жастарды қатыстыруында көрінеді. Осылайша кәмелетке толмаған жастарды қатыстыратындардың екінің бірі сотталған адамдардың қатарына жатады.
6. Рецидивистердің эмоциялық сипаттамаларына әр түрлі дәрежедегі ызалағандық тән (тіпті бұл сезім мінездің негізгі сипаттамасы болуы да мүмкін); басқыншылық пен мейірімсіздік (күнделікті және демалыстағы дауларда), салмақсыздық, барабарлықсыздық пен эмоциялық реакцияларының примитивтілігі. Рецидивистердің белгілі бір (бірақ кішкентай) бөлігінде қылмыс әрекеттерін жалғастыру себептерінің бірі енжарлық, ерік –жігер күшінің аздығы, кері адамдармен араласу мен өзін-өзі ұстау стереотиптер әдептерінің кесірлі шеңберін кесуге деген қабілетсіздігі.
Рецидивистер
қатарындағы психикалық
7. Әр түрлі таңдамалы зерттеулер рецидивистер қатарында мүмкін болатын зардаптары туралы мүлде ойламағандардың(60—65%) және де тәукелдің нақты дәрежесін бағаламағандардың (тағы 30% ) жақын үлес мөлшерлерін көрсетеді. Рецидивистердің бестің үшеуінде жазадан қорқыныш сезімі аса үлкен, және де сотталу санының көбейу сайын бұл үлес арта түседі. Өздерінің еңбек-түзеу мекемелеріндегі мерзімін психологиялық тұрғыдан уақытша санайды.
Сонымен адам құндылықтарының
деформациясы ғана байқалмайды, бұл
тек қылмыысты алғаш рет
Осының барлығы рецидивистерді түзету мен қайта тәрбиелеудің мүмкіндігінің бар болғанымен бұл мәселе өте ауыр екенін дәлелдейді. Осы мәселе шешілмегенше, сипатталған тұлға ерекшеліктерінің жиынтығы мінез-құлығына, өзін-өзі ұстауына басымдық әсер етеді. Осының бәрі қылмыстық және профилактикалық саясатта саналуы тиіс.
§ 3. Қайталанатын қылмыстардың себептері мен шарттары
1. Рецидивтік
қылмыстың бар болуы мен
2. Рецидив себептерімен мен шарттарын талдау барысында келесі орын алған құбылыс пен үрдістерін ажырату жөн:
1) алғаш рет сотталуға дейін немесе ауыстырылатын (бірақ болып жатқан немесе одан кейін жалғастырылатын)шаралар қолдануына дейін;
2) негізінде жаза өтеу
барысында (ауыстырылатын
Рецидив көбінесе бұрыңғы контактілерін жалғастыру немесе күнделікті және демалыс кезінде жаңа контактілерін табу барысында жасалады:
а) құқық бұзушылыққа бейім адамдармен, басқа да әлеуметтік жағынан тұрақсыз адамдармен;
б) қылмыс жасайтын адамдармен;
в) рецидивист болып кеткен адамдармен. Бірінщі жағдайда қылмыстық механизм қажеттілік пен қызығушылық кері өзгеру процесінің қайта басталуымен, бұрын қылмысқа апарған өзін-өзі ұстау стереотиптері мен жағдайларымен байланысты. Екінші жағдайда мысал немесе ұсыныс әсерінен қылмыс жасауға деген тікелей ниет құралады. Үшінші жағдайда бұл тарту тәжірибелі қылмыскердің әсерімен, оның қылмыстық дәстүр мен әдептеріне сүйенуімен тездетіледі. Еңбекпен түзеу мекемелерінде көбінесе жазаға тартылғандардың ароасында өзара қылмыстық «жұғу» оларда байқалатын қажеттіліктер мен қызығушылықтардың кері өзгеруін өзара қолдау және қылмыстық ортада орын алатын салт дәстүрлерін тарату, олардың иерархия сақтауы арқасында орын алады. Және де бұл құбылыс сотталғандар арасында ерекше орын алуға ұмтылу барысында адамдардың мақсатты іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады.
3. Рецидивистердің қылмыстық іс-әрекет жасауды жалғастыру анық мүмкіндіктерін жазасыздық немесе берілген адамның келесі қылмыс жасамайтындай сәйкес жазаны колданылмағандық береді. Рецидив жолына енді түскен адамдар үшін өзіндік және көрінетін жазасыздық қылмысқа дайын болу мен қылмысты жалғастырудың маңызды элементі болып келеді.
Сол сияқты қылмыстық жазаның (оны ауыстыратын шараларын) толығымен өтемеуінің криминогенді әсері де сипатталады:
а) мерзімсіз шартты - мерзімінен бұрын, шартты босату, амнистияның негізсіз қолдану;
б) сотталғандардың тузету мен қайта тәрбиелеудің қарқыны мен дифференциалдығы жеткіліксіз болуы.
в) қылмыстық әдеп пен ұстанымдарын әлсірету мақсатында, және де қылмыс жасаудың пайдасыз екендігін көз жеткізу, адамды қоғамға қауіпсіз өзін-өзі ұстау әдебін үйрету мақсатында жасалынатын қылмыстық-құқықтық шараларды жеткіліксіз қолдану;
г) босатылуға дайындықтың бір жақтылығы- сотталғанның назары өзінің істерімен қоршаған адамдарға түзетілгенін көрсетуінде емес тек қызметкерлер мен еңбек ұжымының оған қатысты міндеттемелерінде (бұл бір жақтылық босатылған адамның рецидивтің өзіне деген «жаман» қараушылықпен өзін-өзі ақталуға психологиялық негіз береді).
Информация о работе Қылмыстың көптігінің түсінігі мен белгілері