Бейімбет Майлиннің сыншылдық, сатиралық бағыттағы публицистикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2014 в 16:19, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Тума талант Бейімбет Майлиннің есімі кемелденген ұлттық әдебиетіміздің парақтарына алтын әріппен жазылды. Ол сол әдебиеттің ірге тасын қаласып, мазмұн-маңызын, көркемдік дәрежесін биікке көтерісті. Аласапыран заманның, соқтықпалы кезеңнің кедір-бұдырлы, соқпақсыз жолымен жүріп, туған әдебиетінің бар ауыртпалығын көтірісті, қаламгерлігін асқан іскерлікпен абыройлы атқарды. Ондағы ойы - қараңғылық, бақытсыздық күй кешкен, еңсесі езілген халқының озат ел санатына қосылуына, көкірек-көзін оятуға, өнер-біліммен сусындауына, сөйтіп бақытты, еркін өмір сүретін күнге жеткізуге, қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да, қаламымен өз көмек-жәрдемін беру. Аңсаған арман, өмір нысанасы - осы.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................

1 ЖАЗУШЫ СЫНШЫЛДЫҒЫНЫҢ БАСТАУЫ, ӨРІС АЛУЫ ЖӘНЕ ЖАНРЛЫҚ АУҚЫМЫ

2 БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ СЫНШЫЛДЫҚ, САТИРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ: ТАҚЫРЫП ЖӘНЕ ПРОБЛЕМА

3 Б.МАЙЛИННІҢ СЫНШЫЛДЫҚ, САТИРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

беймбет кыскар.docx

— 314.58 Кб (Скачать документ)

Ал қазақ тіліне мән бермеушілікті Б.Майлин «Әйет» совхозын аралағанда» очеркінде көрсетуі күлкі де, ыза да шақырады. Сол совхоздың екінші фермасында кездескен мына эпизодты алайық: «Жұмыс қызу. Жазылып жатқан қағаздардың бәрі орысша.

  • Эй, «тюполке» деп жазайын ба, «телонке» деп жазайын ба? - деді біреуі екіншісіне.
  • Бес Бугей, 84 сауын кәрөві... - деп бір қазақ бала шот қағып отыр.

- Сонау қырдағы малдарыңды басқарушылар кімдер?   - деп сұрадым.

- «Көртопыракты»   айтасыз ба? Бәрі де қазақ.

- Оқыған жігіттер ме? Мына орысша жазғандарыңа олар түсіне ме?

  • Жоқ.
  • Оларға да бұйрықты орысша жазасыңдар ма?
  • Енді қайтушы ек?   - деп әлгі бала бетіме бадырая қарады».

Осы диалогтен алған әсеріміз қандай? Күлесің бе, жылайсың ба? «Тюпелке», «Телонке», «бугей», «кәрөві», «көртопырақ» деп жүрген қазақтарға, әрине, күлесің. Бірақ, орысша дұрыс айта алмайтын сорлылығына ішің ашиды. Ал қазақтың орыс болып бара жатқанына, тіліміздің шұбарлануына жыларман боласың. Кінәлі кім осыған? - деген ойға қамаласың. Міне Бейімбет шебер қолданған әдісінің күші, әсері қандай? Мұнда да ол кейіпкерлер сөзін әсірелеп, өңдеп, кырнап жатпаған, оларды сөйлеткенде аузына өздерінін үйреншікті сөздерін салып, тілдің шұбарлануын сол қалпында берген.

Сөз қашан да жазушының мақсатты ойына, оқырман көзін жеткізер идеясына негізделеді. З.Қабдоловтың «Ал, стиль -адам!.. Ал, образ - адам!» [1] дегенін ескерсек, жазушы өз мақсатына ең алдымен кейіпкер бейнесін суреттеу, образын ашу арқылы жете алады. Сөз қасиеті, құдіреті осы тұста өте-мөте ашылады.

Б.Майлин сөз арқылы алуан түрлі образдар жасады. Бейімбет фельетондарындағы стильдік ерекшеліктерінің бірі - кейіпкерлер бейнесін шебер суреттегендігі. Олар ішкі есеп, арамза пиғыл,   қулық   ой жағынан бір-біріне ұқсас келгенмен, мінезі, әрекеті, сырт келбеті, қимыл-қозғалысы, сөз саптауы, сөйлеу мәнері   бөлек,   ерекше бейнеленеді.   Кейде салыстыра, қатарластыра суреттеу де ұшырасады.   Олардың бірі жөн-жосықсыз қимылымен масқара болса, енді біреуі шарт-шұрт, ұр да жық мінезімен жек көрінішті жағдайға ұшырайды. Әрине, бұл жазушының образ жасау шеберлігіне байланысты. Профессор Т.Қожакеев «Оның фельетондары қазақтың неше алуан бейнелері мен типтеріне, қазақ даласының пейзаждары мен қазақ өмірінің картиналарына тым бай» деп жазды [47]. Б.Майлин фельетондарында,     очерктерінде   кескін-кейпі,   мінез-құлқы бір-біріне ұқсамайтын ұнамсыз кейіпкерлер мол-ақ. Аңқаулығымен, сенгіштігімен, қараңғылығымен, дәрменсіздігімен алданып қалатын, не нәрсенің де байыбына өресі жете бермейтін, соққы жейтін, сөзге еретін, сөйтіп өзін күлкіге қалдыратын, діттеген ойын жүзеге асыра алмай жер қауып қалатын аңғал бейнелер де жетерлік. Мәселен, Б.Майлиннің «Бұл сол еді» оқшауына зер салайықшы. Басты кейіпкер - Жармұқан бай. Әкесі Ыбырай - он жыл болыс болған адам. Енді «әкесінің жолын» қуып, орнын басып Шабар болысының төрағасы боп жүрген Жармұқан астамшыл, рақымы, аярлығы жоқ бейнеде суреттеледі. Өзінің «мың жылқысы» тұрып Қарқымбайдың жалғыз көк шолағын ылауға мінуі - соның дәлелі. «Әкесі Ыбырай көрден тіріліп келсе де, мына боранда апара алмаймын» деп әуелде бас асаулық танытқан Қарқынбайды «түлкі ішіктің өңірі жерді сызған» Жармұқан сызданып келіп, ақыра сөйлеп, «желкеге теуіп», «желкелеумен үйден алып шығып» көкшолақты жеккізеді. «Ойбай-ай, қазақ баласы емес пе едің, жаман ағаңның бір жолғы айыбын кешсең, не ететін еді?!» - деген қатыны Қалиманың сөзін құлағына да қыстырмайды. Қарқымбай сол кеткеннен ай жарым жүріп, «қол-аяғын үсітіп, жалғыз аттың өлімтігін далада қалдырып», үйіне оралса, қызы мен қатыны «аштықтың қанды тырнағына ілігіп» қаңғып кеткен екен.

Сюжетке құрылған оқшаудан, ондағы басқа кейіпкерлердің ащы тілінен Жармұқанның зорлық ісі шектен асқан екені көрінеді.

«Көп асқанға-бір тосқан» дегендей, көп жылдардан кейін болыстық аткомын сайлау жиналысына уәкіл боп келген Қарқымбай төрде отырған Жармұқанды көреді. «Әлде неге сұрланып, ентелей басып ілгері келген» Қарқымбай «арызын» айтып сөйлейді. Жармұқанның «елге қандай жәбір бергенін, өзінің көрген қорлығын қалдырмай айтты», жұрт алдында әшкере жасады, «мүмкіндігі болса, осы жиылыстан оны қуып шығуға болмас па екен?!» деп сыпайы сөйледі. Соңында мойнына су құйылған адамдай Жармұқан «Бұл сол кісі екен ғой», - деп Қарқымбайды есіне түсіреді.

Жазушы Жармұқанның жер-жебіріне жетіп, тілдеп, сынап жатпайды. Қарқымбай айтқан оның елге көрсеткен жәбірін, өзіне жасаған зорлығын да тізіп   бермейді.

«Жұрт алақанды соғып жібереді. Үйдің іші жаң-жұң.

  • Шықсын!
  • Қарасы батсын!..

Дауысқа салғанда өкіл біткен «шықсын» деп қол көтереді» - деген шағын детальмен, жұрттың қарапайым сөздерімен Жармұқанның әшкереленгенін білдіреді. Артынша оның сүмірейіп шығып бара жатқанын көреміз. «Қиянат қашанда алдынан шығады», «Көп асқанға - бір тосқан» дегенді осылай ұтымды айта білген жазушы. Кейіпкер астамшылық, кеудемсоқтық мінезінен ақыры сүмірейген қалыпқа түседі.

«Жол үстінде» фельетонындағы Мертайдың бейнесі басқа кейіпкерлерге мүлдем ұқсамайды. Біраз жол жүргеннен кейін еш дыбыс болмаған соң ат айдаушы Ысқақ:

«- Сіз ұйықтап кеттіңіз бе?» - деп артына бұрылады. Сол кезде барып «Қапсыра ораған   қасқыр   ішіктің  жағасының   ішінде бірдеңе қозғалған секілді болады. Бұл сайлауға шыққан Мертайдың басы еді. Мертайдың басы толған қиял» деген жолдардан оның ой құшағына берілгенін байқайсың. Бастың «бірдеңе қозғалған секілді болды» деп көрсетілуі кейіпкердің күлерлік жағдайын бір әжуалап өтсе, «басы толған қиял» деп елең еткізеді. Ел-жұрттың қамын ойлап қиялдап отыр ма дейсің. Міне, осы жерден бастап қаламгер Мертайға күлуін, оны кекетіп сықақтауын үдете түседі.

Оның басын торлаған қиял мынау екен: сайлау өткізуге жүрер алдында замандастарымен жиналып ішкендері, Ыбырай деген қулау жігіттен қауіптенетіні, одан әйелі Марешті қызғанатыны, Марештің мінезінің сүйкімділігі, сондықтан оны жамандыққа қимайтындығы, бұдан бұрынғы сайлаудың қалай өткендігі, басқа бір елдің атын жегіп алып кеткені, ол жердегі бір қыздың оны ұнатып, көзінің астымен қарағаны. «Жылы ішіктің ішінде бұйығып, кернеген қиял нені іздемейді», - деп Бейімбет бір келеке етіп қояды. Ал Мертайдың қиялы - жаңағы, түкке тұрғысыз. Автор оны «басы толған қиял» деп кекеткен. Мертайдың әйелін қалай сүйетініне де күледі. Ол үшін «Марештің келіншек болып түскендегі суреті Мертайдың қарынды қара папкесінде. Қонған, түстенген жерінде, қошаметінде жүрген мырзаларға: «Мынау біздің үйдегі келінің болады», - деп Мертай талай көрсеткен... Сағымбайдың қонақ үйінде оңаша жатқанда Мареш есіне түсіп кетіп, жалма-жан папкесін тырмалап ашып, суретті алып қараңғыда сүйген де болар...» - деген деталь кіргізеді Бейімбет. Оғаш қылық, мақтаншақ мінезге еріксіз езу тартасың.   Мертайдың күлкілі   жағдайға  ұшыраған бейнесі қоюлана түскен. Орыстың белгілі жазушысы М.Е.Кольцов «Егер оқырман ең құрығанда бір рет күлсе, онда фельетонның жақсы, ал екі рет күлсе, өте жақсы болғаны» [48, 139 б.] дейді. Міне, Бейімбеттің фельетоны осы деңгейден бағалануға тиіс. Мертайдың өзгеше мінез-қылығына бір емес, әлде неше рет күлесің. Парықсыздығына тіпті ызаң да келеді.

Бейімбет «Жасасын Мұсабай!» [49] фельетонындағы Мұсабайды мазақ етіп, күлкілі бейнеде суреттеген. Оның іс-әрекетіне жымиып емес, қарқылдап күлуің мүмкін. Қимылына, қылығына қарасаң, Талтаңбайдан, Желдібайдан, Тай баласынан кем емес, ол жұртқа жасаған зияны да, жақсылығы да жоқ, қуыс кеуде адам. Өзі - кедейден шыққан белсенді, ауыл коммунисі. Бірақ, істің жөнін, ретін білмейтін адам болып әуелде күлкіге қалса, артынан масқарасы шығып, жұртты жиіркендіреді. Міне, соны жазушы қандай әдіспен көрсете білді, мәселе сонда.

Мұсабайдың сауаты шала, өзі сөзге үйір. Соған қарамай ол өзінен басқаға құлақ аспайтын адам. Мақтасаң, жауырынын күжірейтіп, көзін ежірейтіп, артын жел көтерген қайықтай қопаңдап қалады екен. Ешкімнен қаймықпайды, тек болкомнан ғана тайқиды. Бұл - жалпылама таныстыру. Еркіншілік болыстық атқару комитетінің төбе ағасы болып сайлануын Мұсабай «бағым көтерілді» деп түйді. Бұл ол үшін «көктен түскен бақпен бір есеп». Кедейлігін, коммунистігін ескеріп сайлады деп ойламайды. Енді қадамын бақ қонды деп, аруақты айтып, аймаққа өзін танытудан бастамақшы. Бұл ескі тоғышарлық ой, сана-сезім қараңғылығы. Ол өзін тізгіндеп шығартпай отырған сауатты, істі білетін хатшысының қалаға кеткен сәтін   пайдаланып әмірін жүргізіп кеп жібереді.   Үш атты парлатып жер қарада шанаға жеккізеді. Төріне қоқиып өзі отырады. «Құр аттар қара терге малмандай шомылып бұлқынып тартқанда шананың ізінен шаң   борап, тау-тасқа, бұтаға соғып, олай бір,   бұлай бір ырғиды».   Мұсабайдың асып-тасып айтары: «Айда! Ұр! Өлгені - өлген жерде, қалғаны - қалған жерінде қалсын!». Мұсабайды желпінтіп отырған нәрсе - төбе ағалықтың буы. Дәл бейнелейтін сөзбен Бейімбеттің ашып бергені - билікке қолы жетсе, төбесі көкке жеткендей мастанып, шектен тыс аласұрып, еліріп кететін Мұсабайдың қазақи мінезі. Дені сау ма, әумесер ме деп те қаласың. Әйтпесе жазда шана жеккенді кім көрген. Бұл - күлкілі іс-әрекет. Мұсабайдың болмысын ашу үшін осы штрихті алып, жазушы оны елге күлкі етіп, масқаралап отыр. Мұсабайдың «ызғарынан» ел секем алады, әсіресе, ұлық пен әкімнің алдында жусаннан аласа, бетегеден биік болып құрақ ұшатын байлар сасқалақтайды. Бай Мұхамедрахым ақ отауын оңаша тігіп, бордақысын белдеуге байлап, арақ-шарабын дайындап, алдынан жігіттерін жіберіп, болысты хан көтергендей араби кілемге салып алдыртады. Масайрап, көңілі тасыған Мұсабай: «Жасасын Шортанбайұлы Мұхамедрахым! Жасасын Мұсабай болыс! Жасасын интернационал, нөмір тыри! Жасасын қызыл мелетсе!» - деп айғайлап аузына келгенді көкиді. Әкімнің, белсендінің түрі осы. Бейімбет Мұсабайдың өз сөзімен өзін әшкерелеп көрсетті. Мұндай адам қайтіп ел басқарады. Халыққа жасаған бір түйір жақсылығы жоқ. «Мүлгіп, тынып тұрған ауыл селт етіп басын бір көтереді, әлдекімдер ыржиып күледі, әлдекімдер ауыр күрсініп, теріс айналып кетеді» - деген жазушы сөзінің астарында жұрттың Мұсабайдан күдер үзгендігі жатыр. Олардың бойында жек көру сезімі туды. Сәтін келтіргенде Еркіншілік аудан болады да Мұсабай тайдырылады, онымен бірге әкімдігі де, жер жарған даңқы да күл боп көкке ұшады. Кейіпкердің ісін, дақпыртқұмар қылығын жақтырмаған жазушы оның масқарасын шығарып, фельетонын «Жасамасын Мұсабай сияқтылар!» - деп ызалы мысқылмен аяқтайды.

«Бұл сол еді» оқшауындағы Жармұқан - жалақор, рақымсыз, астамшыл, «Әлекемнің аяқ алысы» оқшауындағы Әлмағамбет - адам баласын менсінбейтін, ешбір жанды бетіне қаратпайтын ашушаң, содыр, «Бидіш, шалабек занит» оқшауындағы Оспан - креслоның буына бөккен бюрократ, «Көкала бие» оқшауындағы Тай баласы - безбүйрек, басбұзар, қисық мінезді адам, «Жасасын Мұсабай!» фельетонындағы Мұсабай - мақтаншақ, өр кеуде, елірме, даңққұмар, әрі надан, «Тірі өгіз терісі төрт жарым сом» оқшауындағы Ғали мен Жүсіп, «Тереңөзек төрелері» фельетонындағы Бекен - жұртты алдағыш алаяқ қулар, «Жырым жегендер» фельетонындағы Ыбырай - жемқор, алдампаз, «Жігітшілік» фельетонындағы Қанапия - жалақор, басбұзар, кердең, есерсоқ, «Ұл туса, Мәнкеден тусын» фельетонындағы Мырзағали - жылпос, пысық, бірақ жемқор, «Бәйбіше байда, тоқал қайда?», «Қос прокурор, бір судья» фельетонындағылар - біреудің отбасын бұзған моральдық азғындағандар болып бейнеленген.

Б.Майлиннің атқамінер төрелердің әділетсіздігін ашқан сындары Ә.Бөкейхановтың ой-пікірімен үндес келеді. «Жұрттың берекесі кетуге түптеп себеп болған нәрсе - қазақта бірліктің жоқтығы... Бұрынғы хан болсын, билер болсын, әділдіктен жырақ болған, дәл осы күнгі атқа мінген өздеріңдей. ...Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды. Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар, қысты күні үңгірде жатып өз аяғын сорған аю масылында ғой, қанша қомағайланса да, сорғаны өз аяғы» [50, 121 б.] - дейді Әлихан. Бейімбет бейнелеген байлардың, болыс-ауылнайлардың, кеңес өкіметінің белсенді өкілдерінің істерін салыстырып көрсек, екеуінің ойы бір жерден шығып жатыр. 1913 жылы Ә.Бөкейханов: «Үш жылда бір сайлау сайын жұрт өрт шыққандай, жау шапқандай, жанталасып әбігер болады. Әке баладан, аға ініден, туған туысқаннан айырылып, бірі атқа, бірі асқа сатылып сандалады. Өстіп жұрт бүлініп іздегендегісі не? Болыстық, билік, ауылнайлық, елубасылық», [50, 127-128 бб.] - деп жазған болатын. Осы бір дүрлігу, елді әбігер ету жиырмасыншы жылдарда да қалмаған. Ол туралы С.Сейфуллин де үн қатпай кетпеген. Б.Майлиннің болыстық сайлау кезіндегі талас-тартыс, алдап-арбау туралы жазылған фельетондарының стилі, бағыт-бағдары С.Сейфуллиннің «Күшігім-күшігім» десе, күшік ауыз жалайды» деген мақаласындағы мына сөзімен мазмұндас: «Күшін бұзықтыққа, арамдыққа жұмсайтын қулардың кейбіреулері жігіт жиып топтап, үйірлеп мал айдап ұрлық қыла бастаған көрінеді, кейбіреулері «болыстыққа» таласа бастаған көрінеді, - деп жазды Сәкен. - Кейбіреулері болыстыққа таласу партиясын қоздырып, тұтатып, бір жағының шашпауын көтеpiп, жемсауын толтыруда көрінеді. Кейбір болыс болып алғандары әртүрлі елге түскен шығынды пайдаланып, елді борсықша соруда көрінеді. Әлі басқа да талай сұмдықтарды істеп жатқан көрінеді» [51, 219-220 бб.]. Міне, жұрт арасында жайлаған сондай сорақылықтарды әшкере етіп көрсету үшін Б.Майлин де суреткерлік, публицистік қабілетін мейлінше жұмсаған.

Жазушы ойымен ұштасып, қабысып жататын, стильді құрайтын әдістің бірі - теңеу. Бейімбет публицистикасында да теңеулер мол кездеседі. Бірақ, олар тым асыра, үстемелеп жіберетін емес, кейіпкерлер бейнесін ашуға алынған нақты да дәл теңеулер. Олар кекесін, мысқыл, әжуа болып келеді. Мысалы, жазушы өз қара басының жайын ойлап, қиялға шомып шанада шалқия отырған төрені «Мертай жағаны азырақ қайыра түсіп, «іннен қылтылдаған суыр құсап, басын қылтитып қарады», («Жол үстінде» фельетоны) - деп қағытады. Болыстығынан айырылып, кәмпескеге түскен Әлімді «Ұры иттей жылмаңдап, кішірейіп мүжілген» («Әлім болыс» оқшауы) адамға теңейді. «Әлидің хатындағы» Әли де - ұры ит. Қартайған, бәйбіше болған әйелдерді «Ертеректе алған екі қатыны кәрі інгендей мыжырайып, көзге қораш көрінеді» («Зәуре қыздың некесі» оқшауы) деген сөзінен аңғарамыз. «Жалпыға келген жұт Өңгелбайды да ақ сирақ қылып кеткен» («Өңгелбай» оқшауы) - мұнда Бейімбет бұрынғы байды «ақ сирақ» болып қалды деп, малынан айрылғандығын, сөйтіп кедейлер қатарына қосылғандығын меңзейді. Жұттың аласапыранына аласұрған сол Өңгелбайды «жынынан айрылған бақсыға» теңеген. Үйленген жігітті «намазда тұрған адамша мүлгіді» («Ағаш атқа - жіп құйысқан» оқшауы) деген теңеумен оның әдет-ғұрыптың талабына мойын ұсынғандығын бейнелеген.

«Парақор сұмдар, ел бүлдіргіш жауыздар қаудыр тонның астына қашанғы жасырынар дейсің» («Қаудыр тон» оқшауы) сөйлеміндегі теңеулерден кімдердің әшкере етілгенін түсіну қиынға соқпайды. Бейімбеттің ашумен түйреп алатын кездері аз емес. Ол - әбден жаны қатты күйзеліп, шектен тыс ызаға булыққан сәттерінің салдары. Ол Абылай мен Аралбай сияқты байларды «шүйде желке шонжарлар», олардың тұқымдары Шаймерден мен Жантөрені «екі дау қуғандар» («Шаймерден мен Жантөре» оқшауы) дейді. Өзін «Азулы алты қарыс арыстанға» теңеген Жантөре әшкереленді. «Азу шонжар», «шынжыр қадам» тұқым («Кім ұры?» оқшауы) теңеулері де кездеседі. Жұртты бір шыбықпен айдаған «көкжалдар»   да бар.  («Баймолда» оқшауы).

Өз құлқын ойлап, ел байлығын талап, жемтікке айналдырған неше түрлі қулар мен сұмдарға да лайық теңеулер де мол. Мысалы, кооператив мүліктерін талапайлап жегендерді Бейімбет «пысықтар» деп келемеждеп, «сұмырайлар» деп («Қақаң мен Жәкең» оқшауы) сүмірейткен.   Әр түрлі затқа айырбастау үшін ел ішіне алып шыққан астықты жекжат-жұрағатына таратып жіберген агентті шарлатанға, талап алған оның ағайындарын кілең қу, ит-құсқа («Шайтанның шарлатаны» фельетоны) теңейді Бейімбет. Ал алыпсатарларды жалдаптар («Серый ме?.. Карешнеби ме?..» фельетоны, «Сый тарақ» оқшауы) деп атаған. Жоғарыдағы теңеулерде ирониялық келемеждеу сезіледі.

Кедейлер жөнінде «шұнақ құл», «құл-құтан» сияқты теңеулер кездеседі. Ол сөздер, негізінен, байлардың немесе олардың әйелдерінің аузынан шығады. Жалшы-батырақтарға Бейімбеттің қаншалықты бүйрегі бұрып отырса да, ондай теңеулерді кіргізбесе, ол ақиқаттан алшақтаған болар еді. Байлыққа бөккен адуынды Әлмағамбеттің «Ойбай-ай, сорлы шұнақ құлдың ісін-ай!» - деп қалш-қалш етіп, көзі шатынап ұясынан шығуы («Әлекемнің аяқ алысы» оқшауы), Әлім болыстың сұлу бәйбішесі Ағжанның «Немене құл-құтанды үйір қылып жібергенің?... Үйдің маңына ондайларды келтірме деп әлгі жігіттерге неге айтып қоймайсың?..» («Әлім болыс» оқшауы) деуі олардың кедейлерді кемсіткенін, менсінбейтінін білдіреді. «Біздей сор маңдайларға қолының ұшын беретін жан бар ма екен?» - деп өкситін жалшылардың зарын олар, әрине, құлағына да ілмейді, керісінше жер-жебіріне жетеді. Ендеше олардың кемсіте сөйлеуі нанымды. Жазушы кейіпкерлердің образын беруде теңеулерді сәтті қолданған.

Информация о работе Бейімбет Майлиннің сыншылдық, сатиралық бағыттағы публицистикасы