Бейімбет Майлиннің сыншылдық, сатиралық бағыттағы публицистикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2014 в 16:19, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Тума талант Бейімбет Майлиннің есімі кемелденген ұлттық әдебиетіміздің парақтарына алтын әріппен жазылды. Ол сол әдебиеттің ірге тасын қаласып, мазмұн-маңызын, көркемдік дәрежесін биікке көтерісті. Аласапыран заманның, соқтықпалы кезеңнің кедір-бұдырлы, соқпақсыз жолымен жүріп, туған әдебиетінің бар ауыртпалығын көтірісті, қаламгерлігін асқан іскерлікпен абыройлы атқарды. Ондағы ойы - қараңғылық, бақытсыздық күй кешкен, еңсесі езілген халқының озат ел санатына қосылуына, көкірек-көзін оятуға, өнер-біліммен сусындауына, сөйтіп бақытты, еркін өмір сүретін күнге жеткізуге, қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да, қаламымен өз көмек-жәрдемін беру. Аңсаған арман, өмір нысанасы - осы.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................

1 ЖАЗУШЫ СЫНШЫЛДЫҒЫНЫҢ БАСТАУЫ, ӨРІС АЛУЫ ЖӘНЕ ЖАНРЛЫҚ АУҚЫМЫ

2 БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ СЫНШЫЛДЫҚ, САТИРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ: ТАҚЫРЫП ЖӘНЕ ПРОБЛЕМА

3 Б.МАЙЛИННІҢ СЫНШЫЛДЫҚ, САТИРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

беймбет кыскар.docx

— 314.58 Кб (Скачать документ)

Б.Майлиннің фельетондарында, очерктерінде ескі заманның, яғни қазақ төңкерісінен бұрынғы уақыттың кей тұстарын алып қазіргі өмірмен салыстыра отырып жазу кездеседі. Ол әдіс көбіне бай-шонжарлардың, қожа-молдалардың өмірін, істерін суреттегенде, әйел тұрмысын, оның құқығын көрсеткенде қолданылады. Салыстыру нәтижесінде кімнің кім екендігі ашылып, кейіпкер бейнесі оқшаулана шығады. Тоғызыншы ерекшелік - осы Оныншы ерекшелігіне табиғат құбылыстарын, суреттерін үндестіріп кіргізетіні жатады. Ондайда кейіпкердің образын, оқиғаның боларын, шарықтауын көрсетер кезде табиғат өзгерістерін беру арқылы бір масқаралықтың, әшкере болудың сәтін сездіреді.

Бейімбет фельетонды, очеркті бір сарында, бір қалыпта жаза бермейді. Әр түрлі қып құрады. Ол үшін тартымды, әсерлі элементтерді пайдаланады. Бір туындысында кейіпкерінің бейнесін бірден сурегтеуден бастаса, енді бірінде өзі көргендерін баяндау арқылы өрбітеді. Бірде кейіпкерінің күйзеліп, күйінгенін алға тартса, келесіде оқушысына бет бұрып, сырласып отырғандай болады. Тағы бірде айтысып-тартысу, ұстасу арқылы оқиғаны өрістетіп алып келіп, аяғында кінәлі кейіпкерінің мойнына су құйылғанын немесе жазасын тартқанын береді, ал жазаланбай жатса тиісті орындар аяқсыз қалдырмас немесе қалдырмасын дегендей сілтеме жасайды. Әсіресе кейіпкерлерінің бір-біріне ұқсамайтын сөз саптауларына, мінез-қылығындағы ерекшеліктеріне, ішкі қулық-пиғылдарындағы беймәлім иірімдеріне мән береді. Кейде оқиғаны кейіпкеріне баяндатады немесе автор өзі баяндай отырып қызықтырады. Сюжет, штрих, деталь, фактілер мол кездеседі. Қатар суреттеу, жарыстыра баяндау жымдасып тұрады.

Міне, Б.Майлиннің публицистикалық шығармашылығындағы шыншылдық мотивтерін талдап-таратудан туындаған, біз тұжырымдап жүйелеген ерекшеліктер осындай.

Күрес жайлаған өмір болмысын, қалтарыс-бұралаңын, жан-жүйкеңді толқытар алуан құбылысын қаз-қалпында алдыңа тартқан суреткер мұрасының, оның ішінде публицистикасының, бағыт-бағдарына, өзекті арнасына, әсіресе, өзінің жүрек құпиясына, кереғар дәуір тіршілігін әсірелемей бейнелеу сырына емін-еркін еніп, егжей-тегжейлі танып-біліп, жан-жақты саралап тап басып айту - бүгінгі де, болашақтағы да ұрпақ парызы. Ол үшін қаламгер ұлылығының парқын пайымдап, қадірін аша түсуіміз керек, біле беруіміз керек. Егер әдебиет ар ісі деп білетін болсақ, Б.Майлиннің арлы тұлғасын, жауһар мұрасын сыпсың жел сөзден, бұра тартатын бұралқы пікірден әлі арылтып ала алмай жүрген, жанының іштей толқып, күйзелгенін, қоғамдағы барлық іс-әрекеттермен келіспегенін шығармаларында айта білген ерлік кескін-келбетін ашып көрсетпей келген біздерге сын. Соған азды-көпті жауап - осы диплом жұмысы болар деп білерміз.

Б.Майлиннің публицистік мұрасының сан-саналы қырларын талдау барысында бүгінге дейін мәні түспейтін сыншылдығын айқындау мақсатын көздедік. Бұрыннан таныс, бірақ маңызы толық ашылмай келген шығармаларына ғана емес, өзіміз тауып зерттеген, архив қойнауында жұртқа белгісіз болып жатқан дүниелеріне де жүгіндік.

Байқағанымызды жинақтап айтарымыз мынау:

Б.Майлин - өз дәуірінің перзенті, ол да өзі өмір сүрген қоғамнан тыс бола алмады. Сол қоғамның аяқ алысын, даму барысын, өзгерістерін, адамдарға еткен әсер-ықпалын жазуға тиіс еді. Жұмысымызда бұған үлкен орын берілді.

Публицистикасына зер сала отырып, Б. Майлиннің сыншыл көзқарасы шындыққа негізделгеніне, әрі публицистикасында тұнып тұрған сын бар екендігіне көз жеткіздік. Заман сырына үңіліп, болашағына көз жіберу, соны нәзік сезіммен, жан жүрегімен түйсіну туындап жатқан құбылыстарды, ұлттық психологиядағы зиянды қалдықтарды аңғарып, дұрыс-бұрысына жұрттың назарын аудару - Б.Майлиннің публицистикасының басты мақсаты. Бейімбеттің сын-сықағына ілінген қоғам қайшылықтары, адамдар қаракетіндегі, психологиясындағы биік сана, жоғары эстетикалық болмыстан ауылы алыс кереғарлықтар аз емес. Бейімбет публицистикасының құндылығы - өмірдің көлеңкелі жақтарын да шынайы қалпында, әділ сын талабы тұрғысынан жазғандығында. Зерттеуде осы жағын жүйе-жүйемен, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін талдап, дәлелдеуге тырыстық. Бүгінгі күнгі таным-талабына байланысты қарастырдық. Сөйтіп, Б.Майлинді сыншыл публицист деп таныдық.

Ал Б.Майлин қаламгерлігімен халқына көмектесті. Сынағаны - жақсы көргендігінен, сүйгендігінен. Сол үшін де ол «халық жауы» атанып,   жазықсыз құрбан болды. Сонымен ұлылардың ұлылығы ешқашанда бір кезеңнің шеңберіне сыймайды, олардың ғажап бір қасиеті - мәңгілік мән-мағынасы, сыр-сипаты бар, құндылығы өшіп-сембейтін, тозбайтын мәселелерді алға тартатындығында. Өйткені Бейімбет шығармалары бүкіл бір дәуірдің - жиырмасыншы, отызыншы жылдардың аумалы-төкпелі, аласапыран кезінің түр-тұрпатын айна қатесіз суреттеп беруі, әдебиет ғана емес, тарих үшін де айрықша құнды. Қазақтың төңкерістен кейінгі ой-санасы, мінез-құлқы, іс-әрекеті, жалпы психологиялық өзгерісі жазушы туындыларында көрініс тапқан.

Б.Майлин - халқының азабы мен қуанышын бөліскен, ілтипатына бөленген сол сезімін публицистикасында кең көрсетіп,   тербеген мәртебесі биік бірегей перзенті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Қабдолов  З. Арна. - Алматы: Жазушы, 1988. - 296 б.

2 Қирабаев С. Өнер өрісі. - Алматы: Жазушы, 1971. - 412 б.

3 Қирабаев С. Шыншыл жазушы // Қазақ әдебиеті, 1994, 11 наурыз.

4 Қоңыратбаев Ә.Сыр бойынан нәр алған // Ленин жолы, 1984, 15 желтоқсан.

5 Ахтанов Т. Ұстаз. Кітапта: Сөзстан, - Алматы: Жалын, 1987. - 365 б.

6 Нұртазин Т. Бейімбет Майлин творчествосы. - Алматы: Жазушы, 1966. - 343 б.

7 Сарбалаев Б. Бейімбет Майлин. -Алматы: Мектеп,1988. - 469 б.

8 Майлин Б. Мен  қалай жаздым // Жаңа әдебиет, 1931, № 6-7.

9 Рахымбаев Н. Қаламымыз мұқалған жоқ // Коммунизм таңы, 1973, 1 қыркүйрек

10 Майлин Б.   Алыптарды аралағанда.   - Алматы: 1934. – 268 б.

11 Эльсберг Я. Вопросы теории сатиры. - М.: 1957.  – 527 с.

12 Николаев Д. Смех - оружие сатиры. - М.: 1962. - 430 с.

13 Гуральник У. Смех - оружие сильных. - М.: 1961. – 345 с.

14 Қабдолов 3. Жебе. - Алматы: Жазушы, 1977. - 385 б.

15 Қожакеев Т. Бейімбет Майлиннің сатиралық мұрасы // Коммунизм таңы, 1960, 15 қаңтар.

16 Ордалиев С. Бейімбет Майлин творчествосы. Оқу құралы. - Алматы: 1990. - 184 б.

17 Қожакеев  Т. Сатира және юмор. - Алматы: Жазушы, 1977. – 295 б.

18  Жансүгіров I. Қазақстан Кеңес жазушыларының тұңғыш съезі. 1934-жыл, 12-18 маусым. - ҚКӘБ. 1934.

19 Бекхожин  X.   Қазақ  баспасөзінің    даму    жолдары (1860-1930 жылдар). - Алматы: Қазмембасп., 1964. – 269 б.

20 Жұмалиев Қ. Бізге үлгілі, өнерлі жазушылар  керек // Қазақ әдебиеті,   1934,   23 шілде.

21 Қожахметов  Ш. Бейімбет және «Ауыл тілі» // Тың өлкесі, 1965, 9 шілде.

22 Кенжебаев Б. Жиырмасыншы  жылдардағы қазақ совет әдебиеті. - Алматы: 1961. – 215 б.

23 Қожакеев Т. Сатира және дәстүр. - Алматы: 1976. - 414 б.

24 Байменшин С. Майлының Бейімбеті. - Алматы: Білім, 1994. - 274 б.

25 Бейісқұлов Т.   Бейімбет   хаттары.   -   Халық   кеңесі, 1994,  2 сәуір.

26 Майлин Б. Ілиясқа жазған хаттары // Лениншіл жас, 1965, 18 қараша

27 Майлин Б. Ілиясқа жазған хаттары // Қазақ әдебиеті, 1984,  1 маусым, 

28 Майлин Б. Ілиясқа жазған хаттары // Қазақ әдебиеті, 1985,  12 шілде

29 Қожахметов  Ш. Бейімбет және «Ауыл тілі» // Тың өлкесі, 1965, 9 шілде.

30 Майлин Б. Таңдамалы шығармалар. Құрастырған және алғы сөз жазған Жармағамбетов Қ. - Алматы: ҚМКЭБ, 1958. - 713 б.

31 Майлин Б. Сойқанды содырлар. - Қызылорда: 1928. – 258 б.

32 Майлин Б. Кесінділер. - Қызылорда: 1929. – 215 б.

33 Майлин Б. Қызыл жалау. Роман, повесть, әңгіме, пьеса, фельетон, очерктер. Құрастырған және алғы сөзін жазған Ордалиев С. - Алматы: Жазушы, 1979. – 383 б.

34 Майлин Б. Ел сыры. Повестер, әңгімелер, өлеңдер, фельетондар. Құрастырған және алғы сөз жазған Ордалиев С. - Алматы: Жазушы, 1994. - 350 б.

35 Майлин Б. Тұңғыш құрбан. Құрастырған және алғы сөз жазған Байменшин С. - Алматы: Рауан, 1994. - 253 б.

36 Еңбекші қазақ, 1925, 24 желтоқсан.

37 Ауыл, 1926, 22 шілде.

38 Еңбекші Қазақ, 1927, 21 қазан

39 Майлин Б. Екі оқушыға жауабым// Социалды Қазақстан, 1934, 12 маусым.

40 Сыр бойы, 1929, 1 шілде

41 Байменшин С. Майлының Бейімбеті. - Алматы: Білім, 1994. - 160 б.

42 Белинский В.Г. Үш томдық жинақ. Т.3. - М: 1948. - 805 б.

43 Оразаев Ф. Замана қаһарманы. - Алматы: Жазушы, 1981. - 250 б.

44 Мұқанов С.   Қазақ поэзиясының халы және  келешектегі міндеттері.   Кітапта:   Қазақстан  кеңес жазушыларының тұңғыш съезі (1934 жыл, 12-18 июнь). - ҚКӘБ, 1934. - 395 б.

45 Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. - Алматы: Жазушы, 1966. - 242 б.

46 Казахстанская правда,   1934, 12 июня; Қазақ әдебиеті, 1958,   23 мамыр.]

47 Қожакеев Т. Уытты сатира // Оңтүстік Қазақстан, 1965, 20 маусым.

48 Кольцов   М.Е.   Писатель   в    газете.     Выступления, статьи, заметки. М.: Советский писатель, 1961, с. 339.

49 Бөкейханов  Ә. Шығармалар. - Алматы: Қазақстан, 1994. – 245 б.

50 Сейфуллин С. Бес томдық шығармалар жинағы. Т.5. Мақала, публицистика. - Алматы: Жазушы, 1988. – 378 б.

51 Кітапта:   Майлин Б. Әдебиеттердің көрсеткіші. - Алматы: Қазақстан, 1968. – 125 б.

52 Байменшин С. Бейімбет Майлиннің журналистік шығармашылығы. Филология ғылымының қандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. - Алматы, 1995. - 25 б.

 

 

 


Информация о работе Бейімбет Майлиннің сыншылдық, сатиралық бағыттағы публицистикасы