Бейімбет Майлиннің сыншылдық, сатиралық бағыттағы публицистикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2014 в 16:19, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Тума талант Бейімбет Майлиннің есімі кемелденген ұлттық әдебиетіміздің парақтарына алтын әріппен жазылды. Ол сол әдебиеттің ірге тасын қаласып, мазмұн-маңызын, көркемдік дәрежесін биікке көтерісті. Аласапыран заманның, соқтықпалы кезеңнің кедір-бұдырлы, соқпақсыз жолымен жүріп, туған әдебиетінің бар ауыртпалығын көтірісті, қаламгерлігін асқан іскерлікпен абыройлы атқарды. Ондағы ойы - қараңғылық, бақытсыздық күй кешкен, еңсесі езілген халқының озат ел санатына қосылуына, көкірек-көзін оятуға, өнер-біліммен сусындауына, сөйтіп бақытты, еркін өмір сүретін күнге жеткізуге, қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да, қаламымен өз көмек-жәрдемін беру. Аңсаған арман, өмір нысанасы - осы.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................

1 ЖАЗУШЫ СЫНШЫЛДЫҒЫНЫҢ БАСТАУЫ, ӨРІС АЛУЫ ЖӘНЕ ЖАНРЛЫҚ АУҚЫМЫ

2 БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ СЫНШЫЛДЫҚ, САТИРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ: ТАҚЫРЫП ЖӘНЕ ПРОБЛЕМА

3 Б.МАЙЛИННІҢ СЫНШЫЛДЫҚ, САТИРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

беймбет кыскар.docx

— 314.58 Кб (Скачать документ)

Оның мәнісі мынада екен. Жоғарыдан түскен нұсқау бойынша егіс көлемін арттыру керек. Жоғары деген - үкімет аппаратында отырған бастықтар. Ол нұсқауды жүзеге асыру үшін маман адам керек. Ол жетіспейді, не мүлдем жоқ. Мұндайда қулардың шыға келетіні бар емес пе. Маман іздегенде «Мен маманмын» деп Березин деген табыла қалады. Ол шын маман ба, жоқ па, тексеріп, көз жеткізіп жатқан ешкім жоқ. Бейімбет «Тереңөзек мекемелері табарыш Березиннің маңдайынан сипап, арқасынан қағып, мамандығына ден қояды. Айтқанын екі етпей орындамақшы болады» - деп бір іліп кетеді. Орыс сөзін пайдалануда кекесін бар. Сол Березин жаздық бидайдың орнына күздік бидай сепкізіп, ағаш сапты кетменмен алты ай ала жаздай еңбек еткен еңбекші диханды сан соқтырып, тақырға отырғызып кетеді. Біріншіден, бәрін алдаған Березинді, екіншіден, алданған аңқау жұртты көреміз. «Аңқау елге арамза молда» дегеннің кері келеді. Ол кезде Березин сияқты ойына келгенін істеген жалған мамандар әр жерде болған, сірә. Міне, қаламгер содан сақтандырады, ондайларға сене бермей, тиым салу қажеттігін аңғартады. Содан барып су және еңбек ресурстарына немкетті қарауға болмайды деген қорытындыға келеді.

Б.Майлин ағашты жөнсіз шауып, ит-рәсуа жасап жатқандарға наразылық ретінде «Ағашты сақтаңдар» мақаласын [40] жазған. «Соңғы жылдың ішінде жұрт ағашқа балтаны сілтеңкіреп жіберді, - дейді Бейімбет «хөз» деген бүркеншік атын  қойған бұл мақаласында. - Бұрынғы кезде ағашы қалың жерлердің осы кезде жалаңаштанып қалғаны бар... Ағашсыз шаруаның күйі жоқ. Бүгін керек ағаш ертең де керек, биыл керек ағаш ендігі жылы да керек... Жеріңде ағаш болмаса, керегіңді қайдан аласың? Ағашты қорғау, сақтау керек. Өстіп, гүлденіп тұрған ағашты кесіп алу қиын емес, бірақ қайтадан сондай ағашты өсіріп алуға 60-70 жыл керек... Ағашты ретсіз кесу мен қырқу - надандықтың белгісі... Міне, Бейімбет осыны маңызды мәселе етіп көтеріп, ағашты кесуге болашақ көзімен қарамай, бір күнгі, бір жылғы мақсат үшін бетімен кесіп, сұлатуды надандық деп бағалайды. Табиғат байлығын, әсіресе ағашты қорғау, әрі мәңгі, әрі актуальды проблема екенін Бейімбет айқын түсінген.

Ағашты қорып, бақылау жасаушылардың берекесіз істері, өз биліктерімен ағаш сатып рәсуә етуі «Ағаш қараушылардың ісі жолды ма, жолсыз ба» [38] «Аманқарағайдың ағаш бақылаушыларында қателіктер толып жатыр» [38] деген мақалаларында сыналады.

Шаруаны ұйымдастыруға қырсыз, ретін тауып істете алмайтын коммунистер мен еңбекшілердің сауатын көтеру ісіне олақ партия ұйымдары да сынға ұшырамай қалған жоқ. Партия жұмысында да олқылықтарға жол берілгені Б.Майлиннің мақалаларында кездеседі.   Мысалы,   «Партия жұмысы нашар» мақаласында [38] 334 ірі қара мал совхозында қағаз жүзінде саяси оқу үйірмесі бар деп есептелінгенмен, оқып жүрген коммунистердің жоқ екені ескертілген, сондықтан олардың сауатсыз екеніне назар аударылған. Ал сауатсыздарды оқыту мектебі ұйымдастырылғанмен ол жұмыс істемейді екен. Егіске дайындық жұмысы нашар, тұқым уақытында дайындалмаған, соқа-сайман да әзір емес. Осы кемшіліктерді болдырмауға совхоз партия ұйымы еш шара қолданбаған. Әрине, мақала жалпылама жазылған, бірақ партия жұмысы кемшіліксіз емес деген мәселе көтерілген.

Еңбек ақы ала алмаушылыққа да,   аш-жалаңаштыққа да көңіл бөлді   суреткер.   «Еңбек ақысын алды» мақаласында [34] ол кей жерлерде ақыны бермейтіндердің әлі көп екенін тілге тиек ете отырып,   адамгершілігі бар кейбір қызметкерлердің жәрдем беріп жүргенін сөз етеді.   Дәлел ретінде бір мысалды  алады. Орда ауданының Бесқұм деген жерінде тұратын Ажығалиұлы деген жетім бала Бейбалиұлы Айтқалиға жалда  жұмыс   істеп  жүрген. Бірақ, тиісті ақысын ала алмаған. Елге келген Бөкей аудандық еңбек бөлімінің бастығы Шүкіршеұлы соны білген   соң,   балаға еңбек ақысын алып береді.   Мұны Бейімбет жақсы нышан деп біледі. Мақала бір жағынан Айтқалиға  тиіп  жатса,   екіншіден, ақысын қолына тигізе алмай жүргендерге қайда, кімге арыз-шағым жасауға болатынын меңзейді.

«Аш-жалаңаш» мақаласында [35] аты-жөні, лауазымы көрсетілген, бейнесі суреттелген образ жоқ. Оның кейіпкері, - мақаланың атынан да көрініп тұрғандай аш балалар. Оларды қандай күйде көрді, сол қалпында авторлық сөзімен береді. Соның өзінде сезіміңді сілкілеп, жаныңды күйзелткендей әсер етеді. Қорғаны жоқ, суықтан тоңып, аштықтан іші ұлып жатқан, үйі жоқ, күйі жоқ балаларға неге ешкім қол созып, жәрдем бермейді деген мәселе көтерілген мақалада. Балаларға көз қырын салатын мекеме орындары қайда? Партия, кеңес ұйымдары қайда? Тіпті үкімет қайда? Міне, әркімнің ойында осындай сү-рақтар туа қалмай ма? 1917 жылғы төңкерістен бері он жыл өтсе де, басқаларды қойып, балалардың жағдайы әлгідей болғанда, кеңес үкіметінен адам не жақсылық күте алады?

Б.Майлин Қызылордадағы уездік әйелдер бөлімі осы жұмыспен шұғылдана бастағанынан хабар береді де саналы азаматтарды, мейірімді ата-аналарды «қорғансыз балаларға қарас» деп жәрдем беруге шақырады.

Б.Майлин публицистикасында сынға ілінген мәселенін бірі - әдебиет жайы. Бұл салада да көптеген кемшіліктердің етек алғаны ашылады. Әдебиетке байланысты пікір-лебіздерінен Бейімбеттің азаматтық позициясы, қаламгерлік принципі айқын байқалады. Өйткені ол жазушы, журналист жөнінде, олардың жұмыс істеу тәсілі, атқаратын рөлі, жай-күйі, еңбегінің бағалануы туралы түйген ой-пікірін бүкпесіз айтып та, жазып та жүрген.

Өмірден алынбаған нәрсе шығарма нәрі бола алмайды деген пікірін Б.Майлин алғаш Байбатыр Ержанұлының «Есенбай» пьесасы туралы айтқанда білдірген. Зерттеушілер осы пьесаға байланысты оның ойына көбірек жүгінеді. Онда Бейімбет «Есенбай» кітабы маған Байбатырды дұрыс таныстырмады. Оның кітабы жұрттың ынтасын   тарту  үшін тұрмыстан алынған айна болу керек. Тұрмыста болмаған нәрсе, көзге сорақы болып көрініп, қараушы жұрт жиреніп, ойнаушының еңбегі желге кетеді. «Есенбай осы жағынан ақсайды: тұрмыстан  алынбаған жерлері көп [41] -деп  сыни  көзқарасын   білдіреді. Сонда  Б.Майлин   ойы жазатын, жазған дүниең өмірде   болмаған   құбылыс жайында   болса, еңбегің еш кетеді дегенге саяды.   «Келтірілген үзіндіден, дейді Т.Нұртазин,   - Б.Майлиннің көркем шығарма реалды  өмір оқиғаларына негізделуі   басты  шарт  деп қарайтынын көреміз. Шығарманың көңілге қонымдылығы да, тартымдылығы да, қызықтылығы  да өмірдің өзінен алынуына байланысты деп таниды»  [6]. Осы принцип Бейімбеттің бүкіл шығармашылығына тән. «Мен жете таныспаған нәрселерімді   жазуға  тым  шорқақпын» [41] деуі де сондықтан.

«Қорғасын зауытында» [36] очеркінде жазушыларды іліп, жанай сынап өтеді. Зауыттағы еңбек қарқынын, құрылысты тамсана жаза келіп: «Мынау құрылысы, мынау еңбек тілсіз сақауыңа тіл бітіретін емес пе. Біздің көбіміз осы құрылысты пойыздың терезесінен ғана сығалап көріп, «түтін будақтатып», «мұз құстырып» жүрміз ғой. Қандай оңды шықсын-ау» - дейді Бейімбет. Ал «Екі оқушыға жауабым» деген мақаласында «Өндіріс туралы бұл күнге дейін қалам тартқандардың көбі құр «түтін бұрқылдатып жүр» дегені және бар. Өндіріс жөнінде әлі ешкім жақсы туынды жазбағанына алаңдаушылық аңғартады. «Біздің Қазақстанда өнеркәсіп алыптары салынып жатыр ғой; ол жайлы біздің бергеніміз де, білгеніміз де шамалы» - деп «Іскер, байсалды сын керек» [36] деген мақаласында күйзеліс білдіреді. Бұл - әдебиет ісіне, қаламгер шығармашылығы мен өресіне сыншылдықпен қарағандық.

Одан әрі сол кездегі газет-журналдардың беттері шұбарланған өлеңдерге, дәм-тұзы татымсыз ұзын-сонар поэмаларға толғанын, ұрандап жазылған өлең болмаса басылмайтынын, жас таланттарды баулу ісі жүргізілмейтінін жазып күйзеледі. Мұнда туған әдебиетіміздің болашағына немқұрайды қарай алмайтын жанашырлық ниеттің иісі бар. Бірақ, сыншылардан алдағы кезде үміт күтеді, сенім артады. Сондықтан да Б.Майлин КСРО жазушыларының бірінші съезі қарсаңында жазған «Іскер, байсалды сын керек» деген мақаласында ащы болса да бүкпей, бүгежектемей жазды. «Көп жазасың, көп үңілесің. Баршамыз да солаймыз. Өйткені үйрене беруіміз керек, әлі балдырғанбыз ғой. - деді Бейімбет. - Ал бізді үйретер іскер, байсалды сын болса, әлі жоқ. Анығына келгенде, бізде көбіне көп сын емес, жеке басының авторға қатынасын білдіретін рецензия ғана баршылық. Жақсы көрсең, жер-көкке сыйғызбай мақтайсың; жек көрсең, жер-жебіріне жетіп даттайсың. Терең де байсалды сынға зәруміз. Ол бізге өте қат. Біз оған сусап отырмыз. Менің ойымша, съезд бұл мәселеге тиісті серпіліс жасар» [36]. Қатал да батыра айтылған шындық. Бейімбет әдебиет сынының беті өзгеріп, дұрыс арнаға, әділ жолға түскенін қалады.

Көзді бақырайтып қойып, бетке айтқан сын-ескертпе кімге ұнай қойсын. Сол газетте істейтін, өзімен шамалас, білетін адамы Әбдірахман Айсарин шығармалары туралы былай деген екен: «Жап-жақсы талантың мен жүрдектеу қаламыңды «Жүректің жұмбағы» тәріздіге қор қыларсың ба? Ол ұсақ дүние, ұсақ мещандық обывательщина ғой. Азамат соғысының жауынгері Әбдірахман Айсарин қоғамдық мәні бар тақырыпқа тебіренбес пе?» [36] Бұл сөзге ашуланып, бірдеме демек боп орнынан атып тұрса да Ә.Айсарин лезде сабасына түсіп, орнына отыра кетеді. Қаттырақ айтса да жамандық ойлап айтпағанын түсінсе керек. Бейімбеттің С.Ерубаевқа берген кеңесі, сын-ескертпесі оған да күшті әсер еткен болуы керек. Саттар «Менің құрдастарым» атты киноновелла жазған екен. 1933 жылы көктемде Б.Майлин Қарағандыға келгенде соны талқылауға қатысады. «Шығармаң үлкен тартысқа құрылған, ұлттық ажары бар, образы, композициясы, тілі тартымды.   Әттең  драматургиясы тартымсыз! Фантастикалық бояу көп. Шұбалаңқы. Схемаға ұрынғансың. Егер осыны сценарий етіп, қайта бір қарап, романға айналдырса, сөз жоқ, «Менің құрдастарым» темпераменті күшті, эстетикалық әсері мол тамаша туынды болып шығар еді.Тегі сөйткейсің» [36] - деп Бейімбет кемшілігін көрсетіп, ақыл береді. Әуелі бұлғалақтаған Саттар кейін сол шығармасын романға айналдырады. Жас та, жасамыс та құмартып оқыған «Менің құрдастарым» шығармасы солай туған.

Б.Майлин публицистикасындағы сын нысанасының бірі - мәдениеттегі орашолақ іс-қимылдар. 1929 жылдың соңы мен 1930 жылдың басында Б.Майлин «Еңбекші Қазақ» газетінің тілшісі ретінде Семей өңірін аралайды. Бұл сапар кезінде өз көзімен көргендерінен бірнеше әңгіме, очерк және мақала жазады. Соларда мәдениет, оқу, сауда салаларындағы ұшырасқан кемшіліктерді көрсетіп отырған. Мәселен, «Қара жолдың үстінде» мақаласында [37] Аягөздегі кооператив дүкенінде қатарлап тізген орысша кітаптардың ішінде бірен-саран қазақшаларының барын,   оның өзі де өтпей  тұрғанын, соңғы жылдары шыққан қазақ кітаптарының жоқ екендігін сынаған. Ақшәулі ауылында да кітап саудасы осыған ұқсас күйде екен. Қарағанды сапарынан жазған очерктерінде де келеңсіздіктерді айтпай, айналып өте алмаған. «Әннің де естісі бар, есері бар» деп Абай айтқандай, оның орындаушысы да сай келгені жөн. Осындай пікірді дәлелдемек болып Б.Майлин «Қайла қайралды» атты очеркінде [37] Қарағанды шахтерлерінің конференциясы кезінде радиодан қазақ әнін домбырасын дарылдатып, барлыққан дауыспен орындаған адамды жақтырмай сынады: «сексендегі шалдай күркілдеп жатқан біреу!» дейді. Сол сабаздың «Даусымда мін жоқ, қарағым. Әміреңнен де жақсы айтам», -деп бөсетінін қайтерсің. Қарағанды пүрлетариаты шахтыдан басқаны сүймейді десек, қаталасамыз-ау, - деп Бейімбет шахтерлердің мәдениетке де ынталы екенін білдіріп, сөзін былай сабақтайды. - Мәдениеттің туын тігетін жері осы емес пе? Радио, театр жұмысын басқаратын біздің Қазақстанда мекеме бар ма, осы? Бар болса, сол отағасыға дүғай-дұғай сәлем: Қарағандыға осы да жарар деп одан қашқан, бұдан қашқанның ойыншығы қылмаңыз». Ыза, ашу бар осы сөзінде.

 «Ескерілетін екі хат» оқшауында [34] Б.Майлин ауыл тілшілеріне араша түседі. Газеттерге сын мақала жазып жүрген екі тілші - Семей губерниясы, Өскемен уезі Ұлан болысынан Оразбайұлы Жағыпар мен Ақмола уезі Азат болысынан Нұрымұлы Хамит жікшіл, ел сөзіне, партия ісіне араласады деген пәле-жалаға қалып, сайлау құқығынан айырылады. Оларға жапқан күйе дұрыс па, жсқ па, соның байыбына барып тексеріп, көз жеткізбейінше кіналаудың жөні жоқ дегенге саяды оқшаудағы негізгі пікір. Сол талапты редакцияға жолдаған хаттарында тілшілер де қояды. Сондықтан екеуінің «жікшілдігі», «ел ісіне араласатындығы» әлі де болса жете тексерілуі керектігіне көңіл бөлінген. Оқшаудың соңын Бейімбет «Тілшілер жұмысы ауыр жұмыс деп жоғарыда айттым. Тілшілердің жауы көп. Өш алу үшін, кек алу үшін «жаптым бәле, жақтым күйе» қылатын зұлымдар әлі көп. Осы жағына мықты болмай анығына жету өте қиын» - деп түйіндейді. Тілшілерге бүйрегі бұрып, басқаларға сын-ескертпе жасаған. Тілшілерге сеніммен қарап, бағалай білген жазушы олардың жазған хат-хабарынан көптеген фельетон мен мақала тудырған ғой.

1926 жылы Б.Майлиннің «Мәдениет мұралары» деген мақаласы [34] жарық көрді. Бұл туынды кейін бірнеше жинақтарына енді. Мақалаға Б.Майлин «Ескі заманның мәдениетінен мәжнүн, есалаңдар ғана безеді...» деген К.Маркстің сөзін эпиграф етіп алады. Осының өзімен-ақ ол оқырманын елең еткізеді. Heнi айтпақ болып отырғанына бірден назар аударту үшін мақаласын былай бастайды: «Мәдениеттіліктің негізгі белгілерінің бірі - өткен заманның мәдениетін тауыса зерттеу. Ескі замандардан қалған мәдениет белгілерін, мәдениет мұраларын қорғап аман сақтау. Мәдениет мұраларын аман сақтау - ғылым үшін керек нәрсе. Ғылым бұл мұралар арқасында әлде қашан болып жоғалған мәдениеттің құрылысын, жолын зерттеп тарих шығарады, жаңа мәдениет жұмысына оңай жол табады...». Мақалада жазушы мәдениетімізді зерттемесең, мәдениетті бола алмайсың деп отыр. Мәдениет мұраларын сақтау ғылым үшін, тарихымызды ашып, білу үшін керек екендігін де дәлелдеді. Жиырмасыншы жылдардағы сол мұраларды анықтау,   зерттеу, қорғау істеріне көңілі толмаған қаламгер «Осы  күнге   дейін Қазақстан үкіметі,   оқу комиссариаты қазақ даласындағы 10-15 мұралар туралы хабардар.   Дұрысында қазақ даласында мыңдаған мәдениет мұралары бар» деп  сын айтып өтеді. Мәдениет мұраларын бұзу, қирату әрекеттеріне жаны күйзеле отырып, ыза кернеп Б.Майлин тағы да былай деп жазады: «Қазақ даласы толған мола, үй-қаланың орны, арық, қамал, қорған... бірақ біреуі де зерттелмеген... біреуі туралы да орталықта мағлұмат жоқ. Ел, қойшы-қойманшы бұзып жатыр. Темірлан салдырған Қожа Ахмет Яссауидің мешіті бұзылғалы тұр. Байтақ атаның моласын қазақтар бұзып бес тас алады. Тағы осындайлар. Қысқасы жаңадан мәдениет орнату жұмысына бір қолымызбен кірісіп жатып, екінші қолымызбен ескі мәдениет муұраларын бұзып жатырмыз. Бұл - зор күнә, зор қылмыс. Бұл - ғылымның кілтін бұзып, мүлкін ұрлау». Бейімбет оларды қорғау жолында ештеңе істелмей жатқаны туралы ой қозғап, намысты жаниды. Шырқырап шыққан жан айқайы, шындықты бетке айтқан сыны. Бәріне - ел-жұртына, билік ұстаған қызметкерлерге қүлақ қағыс ете келе жеті тілегін алға тартады да, 13 мәдениет мұрасын тізімдеп келтіреді. Оларды «алдымен қорғайтын, не күйде тұрғанын жазып білдіретін» мұралар деп біледі. «Барлық саналы азаматтарды мәдениет мұраларын сақтауға, қорғауға үндейміз» деп аяқтайды мақаланы. Бейімбеттің осы мәселені көтеруі - жаңа іске мұрындық болғандығының көрінісі.

Б.Майлиннің публицистикасында көтерген үлкен әрі мән-мағынасы аса құнды тақырыптарының бірі - ана тіліміздін жайы. Мәдениетіміздің, әдебиетіміздің өркендеуі, ұлттық тегіміздің сақталуы тілімізге байланысты. Тіл сақталмаса, халық барлық қасиетінен айырылады, тіпті аты да жоғалады. Сол себепті Б.Майлиннің «Олай емес, «Казахский язык!» деген оқшауын [83] «Қазақ ұлты - Кеңестер одағындағы тең құқықты ұлттың бірі. Қазақ тілі де тең құқықты тіл. Бұрын қазақ тілін елемейтіндер, қазақ тілімен сөйлеуді ар көретіндер, осы күні тілі жаңа шығып келе жатқан баладай, балдыр-бұлдыр сөйлейтін болып жүр», - деп мақтанышпен, ризалықпен бастайды. Ауылдық, облыстық кеңестердің жұмысы таза қазақша жүретін болғанын, қазақ болыстарына бұйрық-жарлықтар қазақ тілінде жіберіле бастағанын, қазақша жаза-сыза білген адамдар кеңсе жұмысына алынатынын да тілге тиек етіп кетеді. Оқшаудың екінші жартысында жақсы істерге тыжырына қарайтындарды, аяқтан шалып, кері тартатын кейбір кертартпаларды сынап өтеді. Бір мысалға Сырдария губернелік әкімшілік бөліміндегі хатшылық қызметін атқаратын Киселевтің әрекетін алады. Ол болыстық кеңселерден қазақша жазылған қағаз келсе, өшіккен адамдай, бүктеп-бүктеп үстелінің қуысына тыға салады екен. Оның «бас асаулығын», өзге ұлт тіліне мұрын шүйіре қарайтынын, ішінде шемен болып қатып жатқан шовинистік пиғылын сықақтап, сынға алады.

Информация о работе Бейімбет Майлиннің сыншылдық, сатиралық бағыттағы публицистикасы