Бейімбет Майлиннің сыншылдық, сатиралық бағыттағы публицистикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2014 в 16:19, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Тума талант Бейімбет Майлиннің есімі кемелденген ұлттық әдебиетіміздің парақтарына алтын әріппен жазылды. Ол сол әдебиеттің ірге тасын қаласып, мазмұн-маңызын, көркемдік дәрежесін биікке көтерісті. Аласапыран заманның, соқтықпалы кезеңнің кедір-бұдырлы, соқпақсыз жолымен жүріп, туған әдебиетінің бар ауыртпалығын көтірісті, қаламгерлігін асқан іскерлікпен абыройлы атқарды. Ондағы ойы - қараңғылық, бақытсыздық күй кешкен, еңсесі езілген халқының озат ел санатына қосылуына, көкірек-көзін оятуға, өнер-біліммен сусындауына, сөйтіп бақытты, еркін өмір сүретін күнге жеткізуге, қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да, қаламымен өз көмек-жәрдемін беру. Аңсаған арман, өмір нысанасы - осы.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................

1 ЖАЗУШЫ СЫНШЫЛДЫҒЫНЫҢ БАСТАУЫ, ӨРІС АЛУЫ ЖӘНЕ ЖАНРЛЫҚ АУҚЫМЫ

2 БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ СЫНШЫЛДЫҚ, САТИРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ: ТАҚЫРЫП ЖӘНЕ ПРОБЛЕМА

3 Б.МАЙЛИННІҢ СЫНШЫЛДЫҚ, САТИРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

беймбет кыскар.docx

— 314.58 Кб (Скачать документ)

«Ауыл тілі» газетінде жарияланған фельетондары біршама: «Бидіш, шалабек занит», «Оңай олжа», «Рахиланың көк тұсағы», «Не деді екен?», «Әрі молда, әрі тәуіп», «Әрі першіл, әрі бақсы», «Қалың мал соты», «Оташы отап жатыр», «Тоғыз бөтелке, бір шампан», «Ұры құртып барады», «Әлім болыс», «Қол тимейді», «Қопабай жеңді», «Сый-тарақ» оқшауларында да Бейімбет әр алуан мәселелерді көтерген.

Ілияс Жансүгіровқа жазған мына хаты Бейімбеттің «Сыр бойы» газетінде фельетоншы болғанынан хабардар етеді. «Қызылордада газет шыққалы жатыр, - дейді ол 1929 жылғы 12 маусымда жазған хатында.   - Бірінші саны июньнің  20-сы  күні шығады, Аты «Сыр бойы». Жазушылары толып жатыр. Белсенді адамдары - Мансур, Әбдірахман (Мұстафаның), Тәтіжан, оқшау жазушы - мен. Сырт өсегі бұл газет «Еңбекші қазақтан» асып түсер деседі. Кім білсін. Қайткенде де санын алып оқуға асыққаның жөн» [25]. Бұл газетте Бейімбеттің «Тереңөзек маманы», «10 пұт бидайдың 10 қаұлысы», «Мардымды мәжілістер», «Бишараға обал ғой» оқшаулары басылған.

Сондай-ақ оның фельетондары «Лениншіл жас», «Жаңа арқа», «Жұмыскер тілі» газеттерінде, «Жаршы» журналында көптеп жарияланды. Әсіресе, сын-сықақ шығармалары бірінен соң бірі басылған екі газетті ерекше атар едік, ол – «Ауыл» және «Еңбекші қазақ».

Талантына   еңбекқорлығы ұштасқан Б.Майлиннің оқшау жазуға әбден машықтанып қалам   сілтегеніне   төмендегі хаттар да айғақ.

1928 жылғы 8 қыркүйекте Пішпектен Ілиясқа жазған хатында: «Түске шейін қыдырып, обедтің артынан ұйықтап едім. Жаңа тұрып мына бір-екі оқшау жазып тастадым. Алысымен кешіктірмей жіберерсің. Қарындашпен жазылғанды баспахана алмайды, деп естіп едім. Көшіруге тура келсе, бала, қата көшіріп жүрмессің, сақ болғайсың» [26] - дейді. Бейімбеттің Қостанайдың Меңдіқара жағынан Ілиясқа былай деп жазғаны бар: «Жаршыға» бірсыпыра күлкі жазып жіберсем қайтеді деп ойлап едім, күлкім келмегенге ме, ешнәрсе аузыма түспеді. Сосын ол мәселені кейінге «отложить» етуге тура келді» [27]. Тағы бір хатында «Пуртекел» деген нәрсе жазып Сараға жібердім. «Әйел теңдігіне» басылар деймін. Басылмаса, Сарадан алып оқы. Ұнатсаң, «Жаршыға» жіберерсің, әрине, ерінбесең дегенім ғой» [28].

1928-1929 жылдарға дейінгі  фельетондары Б.Майлиннің жинақтарына енгізіле бастады. Әңгіме дегендерінің ішіндегі «Өңгелбай», «Құлақ» және «Серттескендер» туындыларын оқшау қатарына жатқызып жүрміз. Бұл дүниелердің көлемі шағын болып келіп, мысқылдық әзіл-оспағы оқшауға жақын екендігін аңғартады. Тегі Бейімбеттің мақала түрінде жазғандарын да әңгімеге жатқызып, жанрын аша алмай жүрген жайымыз да бар.

1927 жылы шыққан Б.Майлиннің сегіз кітабына (бес поэзиялық, екі драмалық, бір прозалық) ешбір оқшау, фельетоны енген жоқ. Ал 1928 жылы шығарған «Құрақ» және «Сойқанды содырлар» кітаптарының екіншісі тек оқшау сөздерінен құрастырылды. «Еңбекші қазақ» кітапханасы айдарымен шыққан «Сойқанды содырлар» жинағына енген отыз оқшау одан кейінгі кітаптарына қосылмай, көпшілік жұртқа белгісіз болып келді. Тек 1994 жылы шығарылған «Ел сыры» жинағына толық енгізілді. Отыз оқшаудың бәрі – «Еңбекші қазаққа» келген оқырман мен тілшілер хаттары бойынша жазылып, осы газетте жарияланғандар.

1929 жылы «Ұсақ оқшаулардан» деген айдармен Қазақ жаңа әліппе кіндік комитеті Б.Майлиннің «Кесінділер» атты жинағын шығарды. Ол он жеті оқшаудан тұрады, олар көпшілікке осы кезге дейін жетпей, беймәлім болып келді.

Ұлағатты ғалым Т.Нұртазин «Содырлы сойқандар», «Кесінділер» жинақтарының «халықтық сатираға ірге болып қадағанын» айта келіп, «үлкен кітап құрарлық фельетондары әлі де архив қазынасында» екеніне назар аудартты [6, 43 б.]. Бұл істе С.Ордалиевтің еңбегін ерекше атап кету ләзім. Ол «От басында» (1926) жинағынан, «Еңбекші қазақ» газетінен он шақты, «Кесінділер» жинағындағы, «Сойқанды содырлар» жинағындағы оқшауларын өзі құрастырған «Ел сыры» (1994) жинағына қосты. Сондай-ақ бұдан бұрын құрастырған «Қызыл жалау» (1979) жинағында Б.Майлиннің он бес фельетонын берді. Одан кейінгі жерде зерттеуші С.Байменшин Бейімбеттің беймәлім болып келген деген әңгіме, очерк,фельетон, мақалаларынан құрастырып «Тұңғыш құрбан» (1994) жинағын шығарды. Оның ішінде жазушының жиырмаға тарта оқшауы бар. Олардың біразы С.Ордалиевтің құрастырмаларында да жарық көрген болатын.

Бейімбеттің фельетондарында тек шартты фактілер мен құбылыстар емес, өз көзімен көрген, елден естіген, редакцияға келген хаттардан көңіліне түйген кеселдер, кертартпа әрекеттер мен қылықтар, аяққа оралып, шырмауықтай шырмалған іс-қызметтегі, сана-сезімдегі ескінің сарқыншақтары, адамгершілік-парасаттылық, моральдық-эстетикалық құнды қасиеттерді аяққа таптаушылық өткір сынға, күлкі-әжуаға алынды. Сатира тілімен келеңсіз, зиянды құбылыстарды, әдет-қылықтарды түйреп отырды. Сол кездегі қоғамдық, әлеуметтік, саяси-шаруашылық мәселелерді қозғады. Ол екіжүзділік, арамдық, қатыгездік, арсыздық, надандық дегеннің бет пердесін ашып, масқаралап отырды.

Б.Майлин фельетондарының ықпалы аз болмаған сияқты. Бұл туралы Б.Майлинді жақсы білетін, бірнеше газетте қызметтес болған Ш.Қожахметов «Байдан еңбекақысын ала алмай жүрген жалшылар өздері газет басқармасын іздеп келіп, мұңын «Ауыл тілі» газетіне шағына айтатын болды. Бұлардың ауыздай айтқан шағымдарын Бейімбет екеуіміз бірде фельетон, бірде әңгіме түрінде газетке жариялап отырдық. «Ауыл тілі» газетінің дабылы бойынша көптеген жалшылар ол кезде байлардан теңдігін алды» [29] - деп жазған еді.

Журналистиканың бұл жанрында Бейімбеттің жазғаны өте мол екені анық. Олардың ішінде қоғамдық-саяси, экономикалық-әлеуметтік мәселелердің жүзеге асырылуы кезіндегі кемшіліктердің, қателіктердің сыналуы аз ұшыраспайды, керек десеңіз, сын проблемалық-аналитикалық очерктерінде де кездеседі.

Б.Майлин - очерк жанрының да шебері әрі оны алғаш әдебиетіміз бен журналистикамызға енгізіп, берік орнықтырушылардың бірі. С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов оның майталман очеркші болғанын ешқандай бүкпесіз мойындаған. Ғалымдар Т.Нұртазин, Б.Наурызбаев, Р.Бердібаев, Т.Қожакеев, С.Ордалиев, С.Байменшин, белгілі әдебиетші-журналист Т.Ыдырысов очерк жанрын дамытуға да үлкен үлес қосқан Б.Майлинді эталон, үлгі-өнеге етіп көрсетті. Жиырмасыншы, отызыншы жылдарда бұл жауынгер жанрдың қалыптасуына I.Жансүгіров, С.Мұқанов, М. Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Ерубаев тағы басқалардың да қосқан үлестері аз емес, Әйтсе де очерк туралы сөз етсек, алдымен Бейімбет есімі ауызға алынады.

Жазушының очерк жазудағы үш ерекшелігін байқаймыз. Біріншіден, оның жан-жақты дарындылығы, қабілетінің күштілігі, ерінбейтін еңбеккерлігі, көкірегін кернеген, жүрегін тебіренткен ағыл-тегіл ой ұшқындары басқа жанрларда өндірте жазуымен шектелмей очеркті де көсілте жазуға ұмтылдырды. Сондықтан ол бұл салада да батыл қадам жасады.

Екіншіден, қазақ даласындағы өзгерістердің, құбылыстардың шынайы қалпын, адамдардың әрекетін, істеріндегі, санасындағы жаңа көріністерді, ел өміріндегі, тіршілігіндегі жаңалықтарды да, жаман әдет-қылықтарды да, қырсыздықтарды да тез жазып, баспасөз беттерінде шапшаң-шұғыл көрсетіп отыруға очеркті де оңтайлы көрді.

Үшіншіден, очерктер жазу сол уақыттағы заман келбетін айшықтай көрсететін көлемді көркем шығармалар беруге жол салғандығы, дайындық жасағандығы деп білеміз. Ол үшін Ғ.Мүсіреповтың сөзімен айтқанда «очерк - әдебиеттің өзге жанрына баратын керуен жолы» болды.

Б.Майлин - очеркті негізінде 1926 жылдан бастап жазған. Оны әсіресе, көп жазған кезі - 1933 жыл. Сол тұста ол кең өлкемізді, ірі өнеркәсіп орындарын аралады. Ұзақ сапарынан туған очерктері ең алдымен «Социалды Қазақстан», «Қарағанды пролетариата», «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінде, «Әдебиет майданы» журналында ізі суымай, бірінен соң бірі жарияланып жатты. Ол туындылары жинақталып, «Алыптарды аралағанда» (1934), «Социалды түлік» (ұжымдық, 1934) жинақтарына енгізілді. Алғашқысы Б.Майлиннің өз туындыларынан құралған жинақ, оған оның сегіз очеркі енді. Ал «Колхозшылардың қызыл кітабы» аталған «Социалды түлік» жинағында басқа авторларға да орын берілген. Мұнда Бейімбеттің он бір очеркі басылған. Мазмұны мен оқиғасы нақты адам өмірінен алынған, әңгімедегідей көркем тілмен, сюжетті, оқиғалы етіп жазылған «Қойшыбай» атты туындысын очеркке теліп отырмыз.Ал Бейімбеттің сыншылдығы очерктерінен де көрінеді.

Б.Майлин мақала, корреспонденция және хат-хабарларды да бұрқырата жазып, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдениет мәселелелерін көтеріп, мәні үлкен оқиғалардың зиянды жақтарын,   түрлі проблемаларды көрсете отырып өмірге белсене араласқан. Жазылғаны өте көп, маңызы зор сол дүниелерінен де оның сыншылдығы айқын аңғарылады. Олардың басы құралып шығарылмаған соң, басылымдардың беттерінде тарыдай шашылып жатқандықтан біз сын белгілері барларын тауып пайдаландық.

Б.Майлиннің мақалалары қай жағынан алсақ та әңгімелері мен фельетондарынан асып түспесе, кем соқпайды. Бұл жанрда да өндірте жазған әрі сыншылдық көзқарасынан, бағытынан ауытқымаған. Мақалаларында ол үн қоспаған, публицистік, азаматтық позициясын білдірмеген сол кезеңдердің оқиғалары мен құбылыстары кем де кем.

Оларда, біріншіден, қожа-молдалардың, би-болыстардың, бай-манаптардың кертартпа қимыл-әрекеттері, надандық, әділетсіздік, озбырлық, арамтамақтық, істегі құлық пен қырсыздық, парақорлық, өрескел әкімшілік сияқты зияны шаш етектен келетін әдеттер мен қылықтар өткір сынға алынды.

Екіншіден, ауыл шаруашылығындағы, мәдениеттегі, сауатсыздықты жою мен оқу мәселесіндегі, мекемелер мен ұйымдардың басшыларының ісіндегі кемшіліктер, коллективтендіру кезіндегі орашолақтар көрсетіледі.

Үшіншіден, заңсыз істері үшін жауапқа тартылып, жаза-сын алғандардың жоғары мансапқа ұмтылып, қайта жаза басып, бұрынғы әуеніне басқандар жайында хабарлап отырылады.

Төртіншіден, әдебиет пен журналистиканың дамуына жанашырлық жасалып, соған орай әр түрлі мәселелер көтеріледі.

Мақалаларындағы сыншылдық мотивтер, негізінен, осылай топтастырып қарасақ та қомақты, салмағы ауыр саналады.

Жазушы публицистикасы хат түрінде де көрініс   тапқан. Оны ол мақала, хат жазғандарға, талап-тілек етушілерге жауап беру, қаламдастарына ақ ниет, адал тілек білдіру, әдебиет қайраткерлері туралы пікір айту ретінде қолданды. Олар да - құнды дүниелер. Атап айтар болсақ, олар «Мен қалай жаздым», «Екі оқушыға жауабым», «Іскер, байсалды сын керек», «Мирзоян жолдасқа» (бірнеше жазушы қол қойған), «Қазақстан большевиктерінің сүйікті басшысы жолдас Мирзоянға» (бірнеше жазушы қол қойған), Қ.Әбдіқадыровқа «Қалам батыры Қалқаман», С.Сейфуллинге «Сәкен» мақала-хаттары, 1928-1935 жылдары I.Жансүгіровке, жиырмасыншы жылдары Е.Өмірзақовқа, Б.Кенжебаевқа, Ж.Сыздықовқа және әр кезде тілшілерге жазған жауаптары мен хаттары.

Сондай-ақ Бейімбеттің әр жерде сөйлеген сөздері, айтқан ойлары бар. Мысалы, 1933 жылы 30 қазанда Б.Майлиннің алып өндірістерді аралау сапарынан оралуына орай «Социалиста Қазақстан» газетінің редакциясы ұйымдастырған кеште сөйлеген сөзіндегі, 1933 жылғы көктемде Қарағандыда болғанда өткен кездесу кешінде сөйлегеніндегі, Ғ.Мүсірепов, М.Қаратаев, Д.Әбілов, Қ.Бадыров, Ө.Тұрманжанов естеліктеріндегі Бейімбеттің әдебиет пен мәдениетімізге деген жанашырлық қамқорлығы туралы пікірлер әсерлі сезіледі. Оны жазушы нақты ісімен де, сынап-мінеген сөзімен де дәлелдеген.

Бірінші тарауды қорытар болсақ, сын сүрлеуімен жүріп өткен Б.Майлин жиырмасыншы жылдан кейінгі кезеңде сатира жазуды, әсіресе фельетонды, жалғастыра отырып, сыншылдықтың арнасын кеңейте түсті. Ұйымдастырылған газет, журналдарды барынша пайдаланып, сыни материалдарын жариялатуда алдыда жүрді. Публицистік туындыларды Бейімбеттен көп жазған ешкім жоқ. Сыни публицистикасы да басқа қаламгерлерден әлде қайда артып түседі, ол оны, әсіресе, жиырмасыншы жылдарда құлшына жазып, өндіртіп жіберді. Ол үшін әр түрлі жанрды молынан қолданды. Сықақшылар қатарының алдыңғы сапында болып, Б.Майлин сатирик жазушы ретінде де елге кең танылды. Оның публицистикасындағы сыншылдығы негізгі үш арнадан - фельетон, очерк, мақаладан табылады. Олардың сыртында хаттарынан да, сұрақтарға қайтарған жауаптарынан да, сөйлеген оөздерінен де, әр жерде айтқан ой-пікірлерінен де байқай аламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Б.МАЙЛИННІҢ СЫНИ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ: ТАҚЫРЫП   ЖӘНЕ ПРОБЛЕМА

 

Б.Майлин публицистикасындағы сын-сықақ ең алдымен адамдардың іс-әрекетіндегі, жан-дүниесіндегі кінәраттарға қарсы жұмсалды. Оның публицистикасын оқығанда кезінде ел басқарған адамдардын, билік жүргізген төрелердін кім екендігі көз алдыңа келіп отырады. Ол ынтымақ бірлігі жоқ, халық қамынан гөрі, өз қамын көбірек ойлайтын қуларды, арам ниетті пасықтарды, шенеунік бюрократтарды, басқаларға өктемдік еткен байлар мен болыстарды, тағы басқа ел-жұртқа пайдасынан гөрі, зияны көп тиген жандарды әшкере етті.

«Жол үстінде» фельетонындағы [10] Мертайды алайық. «Сары дала ақ кебінді» қар жамылған. Соққан ызғырақ жел майда қарды үрлеп, қырдан асырып жатыр. Жол үстінде - итбектеп келе жатқан жалғыз ат жеккен шана. Шұңқырға шана соғылып қалады. Ат айдаушы Ысқақ мимырт жүрісті қысқартып ұзақ әңгіме соғады. Осының бәрін елемеген, сезбеген болып артта «қасқыр ішіктің жағасын түріп жіберіп біреу... шалқайып отыр». Бұл - сайлау өткізуге шыққан өкіл, елдің қамын ойлайтын, қорғансыздарға қамқор болатын адам. Аты – Мертай. Айдаушысының шағымына құлақ асып отырған ол жоқ.

Өзімен-өзі болған Мертайдың ауылнайдан көрген Ысқақ кедейдің азабында шаруасы жоқ. Кешегі сайлау жиналысында «Ауылнай, болыстарыңнан жәбір көрсеңдер,   олардың бұзық ісін сезсеңдер осы жерде айтыңдар, ондайды кеңеске өткізбейміз» - деп мақтанып, таңдайы тақылдаған өкіл бүгін өзгеріп қапты. Оңашада көрген жәбірін айтпақ оймен Мертайдың көшірі болып шығуға келіскен Ысқақтың «Әй, отағасы-ай! Дауда неңіз бар, дау сіздің қолыңыз емес қой» - деп бетін қайтарады. Сөз осымен тынады. Ысқақтың таудай үміті тасқа шағылады. Ал Мертайдың осындай образы тағы бір эпизодпен толықтырылып, нүкте қойылады.

Бұл қылығына ызаң келеді, күлмейсің, ашуға бұлығасың, төре адамдардан қайыр жоқ екен деп түйесің. Сонымен, өкіл-боркемік адам, өз күйін күйттеген, сөзі мен ісінде береке жоқ, қолынан ештеме келмейтін белсендісымақ, халі мүшкіл мақтаншақ, ең сорақылығы қарапайым адамдардың жайына немқұрайды қарайтын, оларға менсінбей, менменси ақылгөйлік жасайтын, қызмет билігін иемденіп текке жүрген жан. Мертайдың сондай сүреңсіз бейнесі жан-жақты ашылған.

 Әлім болыстың образы, тағдыры басқаларға қарағанда өзгеше берілген. Арғы тегінде ел басқарып, тізе батырған әке, ағасы болған соң, ол да бір сайлауда болыс болып шыға келеді. Өзі бай, енді болыстық қолына тиді. Алайда, ол ешкімді ұрып-соғып жатпайды, ешкімнің ештеңесін тартып алмайды, алдап-арбап байлығын асырмайды. Бейімбет басқа бай-болыстардың іс-әрекетінде   болатын ондай мінездерін тәппіштеп көрсетпейді. Оның қалай болыс болып сайланғанына көбірек көңіл бөлген Бейімбет «Әлім болыс» оқшауында [10] басқа туындыларындағы бай, болыс, ауылнай тағы басқа ел тізгінін ұстаған атқамінерлерді сынағандай Әлімнің жұртқа жасаған зорлық-зомбылық, қиянатшылдығын бірер детальмен бере салады. Әлім қит етсе, «кедеймін» дегенді шығарып алыпты бұл жұрт. Неғыл дейді екен? Малын тартып алған біреу бар ма екен?» - дейді. Бұл жерде оның сан жетпейтін малын аш-жалаңаш жүріп, бағып-қағып өсірген жалшыларды кекету, менсінбеу пиғылы ашылып отыр. Ал байдан таяқ жеп, басы жарылып, үсті-басы қан-қан болып келген бір жалшыны ол «- Шық, шық!.. Кім шақырды сені?!» - деп қуып жібереді. Міне, осы екі деталь Әлім болыстың қайырымсыз, байлығына табынған мейірімсіз, көпке күл шашқан адам екендігін көз алдыңа келтіреді.

Информация о работе Бейімбет Майлиннің сыншылдық, сатиралық бағыттағы публицистикасы